ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ– КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС – ӘРЕКЕТ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ– КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС –
ӘРЕКЕТ

Жоспар:
Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде
Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет
Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары
Педагогикалық қызметтің мәні мен құрлымы
Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивті бейімділік,
жергілікті үлгіленген, жүйелі-үйгіленгшен, қызмет пен мінез-құлық

Негізгі ұғымдар: педагогикалық қызмет, кәсіби педагогикалық қызмет,
кәсіби шеберлік, кәсіби қызмет құрлымы.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік
ерекшеліктері мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшеліктері
оның баламен үнемі қарым- қатынаста болуымен және рухани араласуымен
сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғарғыдәрежеде
болуы оның интелектуалдық мүмкіндігі, ой- өрісінің кеңдігі, рухани байлығы
ұстазды қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Баланың тұнғыш ұстазы- оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда
күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің
ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асыратыны айқын.
Мысалы, оңайдан қыйынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы
ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес
ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге
жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет-оқушыларды біліммен
қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және
тәрбиелеу.
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы деген мағынада оқушының бойына
шынайы білім, білік, дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін
тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге
жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, білімнің
тереңдігі мен жанжақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған
адам ұстаза саналады. Екінші сөзбен айтқанда ұстаз адамдардың көз қарасын,
сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге
комектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын
төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол адамдардың өмірінің дұрыс
бағытта дамып, коркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып
табылады.
Сондықтан мұғаліммен жан-жақты терң ғылыми білім, жоғарғы ұстаздық
шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік жігерлі, парасатты
мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім- мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші,
адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызметтің басқа мамандықтан
ерекшелігі оның сауаттылығында, көргендігінде және баланы сауаттандырып,
Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеуде. Басқа мамандық иелерін мұғалімнің
айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып,
тереңдетуге айрықша қабілетті болуды талап етеді. Ғылыми материалмен жұмыс
істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елігінен өткізуге
тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету
жағын ойлайды.
Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана
мамандық емес, ол тұлға қалыптастыпушы, адамды адамретінде тәрбиелейтін
мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы қажет:
Жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
Балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жыуын сыйлауға деген
қажеттілігі мен қабілетінің болуы
Шынайы зиялық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген
ұмтылысының және іскерлігінің болуы
Жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың иновациялық
стилі, жаңа құндықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға
дайындық
Үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге жіне өзін-өзі жетілдіруге деген
қажеттілігі мен дайындығының болуы
Психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға
қабілеттілігі және т.б.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі.
Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық
үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалык іс-әрекеттің
ұйымдастырылуы мен оның мазмұнын тиімді кұрастыруға ықпал етеді. Мұғалім
шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді.
Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау
іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы
мұғалім тұлғаға ыкпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына
жағдай жасайды. Карым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мұғалім тұлгасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек
беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлга қалыптасыру процесіне әсер
етпейді, сонымен бірге оньң жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды.
Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам
жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім
мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар
аударуы керек.
Мұғалім - қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп,
мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң- мұқтажын жоқтайды,
болашағын ойлайды, соған кызмет етеді. Басқа саладағы қызмет түрлерімен
салыстырғанда, педагогикалық қызмет - әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі.
Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге,
олардың тұлға дамуына жағдай тудыру және оларды қоғамда белгілі бір
әлеуметтік рөлі орындау үшін дайындауға бағьпталған. Бұл қызметті
педагогтармен қатар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары,
өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бірақ, педагогтар
мұнда кәсіби қызмет атқарады. Педагогикалық іс- әрекет кәсіби қызмет
ретінде арнайы ұйымдастырлған білім беру орындарында жүргізіледі.
Педагогикалық қызметінің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу
қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет нәтижесі бірлігінен тұрады.
Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің максаты
оқушының тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс,
әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс ретінде мақсат, адалдық, рухани
және табиғи мүмкіншілігін есепке ала отырып, оған бір жағынан әлеуметтік
және этикалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның
қажеттілігімен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық кызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде
тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілердің әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және
тәрбиелеушілердің жеке ерекшеліктерін бейнелейді.
Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны
қалыптастыру, тәрбиеленушілердгң әрекетін ұйымдастыру, тәрбиеленуші ұжымды
тудыру. Тұлғаның даралығын дамыту сияқты міндеттерді шешумен байланысты.
Педагогикалық кызметтің барлық қасиеттерін анықтайтын негізгі функцияналды
(бірлігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің танымы. Мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен танымдық формасында көрінеді. Өзіндегі
бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде )іс әрскетінің құралдарын,
пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндеттерді психологиялық
тұрғыдан өз шешімін тауып практикалық өзгерістерге айналады. Мүғалімнің іс-
әрекеті түрлі деңгейлердегі міндеттерді шешу процесі. Педагогикалық
міндеттердің спецификалық ерекшелігі олардың шешімін табуда. Педагогикалық
қызметтің объектісі - адам.
Педагогикалық қызмет бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын
тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына
бағытталады. Педагогикалық қызметтің мақсаты тұлғаны жан-жақты және
үйлесімді тәрбиелеу. Сондай- ақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз
тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Педагогикалық қызметтің мазмұны оқушылардыңоқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі.
Педагогикалық қызметтіц құралдары - білім оқулықтарымен, оқу
бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және
техникалық қүралдар. Педагогикалық қызметтің әдістері сөздік көрнекілік
және практикалық әдістер тобы, педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы
тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Педагог деп білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру
бағдарламаларын іске асыратын басқада ұйымдарда білім алушылар мен
тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен
айналысатын кызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын білім,
іскерлік, дағыдылардың жиынтығы мен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық
міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын
педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық кызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты
болып табылады. Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады,
яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа
беруге бағытталады, оларды қоғамдагы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді
меңгеруге дайындайды.
Педагог педагогикалық процесс субьектісі ретінде өз жүмысын
оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында
тәрбиелік ыкпалга негізделген ұжымшылдық байланыс қалыптастыруга багыттауы
керек.
Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі-оның іс-әрекетімен ойлау
бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық мамандықты баска
мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты борыш пен жауапкершілікпен
сезіну аркылы анықталады. Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада:
гуманистік сипаты; ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
шығармашылық сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мүғалім түлғасының
үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік)
сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мүғалім адаптивті
(бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты
ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты
талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі
бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырган талаптарына
үйретеді. Ал гуманистік максаты оқушының жеке түлғасын дамытып,
шығармашылық дербестігін шыңдауга мүмкіндік жасау. Мүғалім мамандығы бір
уақытта жеке түлғаны калыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып
табылады. Оньң басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту
болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын
басқарып, оньң рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мүғалім мамандығының
бір ерекшелігі ол адам-адам жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде
жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне
тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлганың
калыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім
мамандығы ұжымдык бастау алады. Мұғалім кызметінің шығармашылық сипаты-
педагогикалық қызмет кез-келген кызмет сияқты тек сандық мөлшерге емес,
сонымен қатар сапалық касиеттерге ие. Мұғалім еңбегі мен мазмұны ұйымдасқан
тек оның кызметіне деген шыгармашылық катынас деңгейін анықтау аркылы дұрыс
бағалауға болады.
Педагог тұлганың шыгармашылық потенңиалы оның әлеуметтік тәжірибиесі
психологиялық, педагогикалық және пәндік білім қоры дұрыс шешім қабылдауға
мүмкіндік беретін жаңа идеялар іскерлік пен дағдылары жаңа формалар мен
әдістер кезінде қалыптасады.
Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық
міндеттерді шешумен ғана болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлганың
танымдық, эмоционалдық, еріктік және мотиваңиялық қажеттілік
компоненттерінің бірлігінде бейімделеді.
Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды
да қамтиды: тәрбие жұмыстарын және оқыту үрдісін үйымдастыру. Тәрбие непзгі
мақсат болгандықтан, мұгалімнің жеке тұлгасы оқушыга барлық жагынан үлгі
болуы керек. Осыдан мұгалімнің әлеуметтік ұстанымы (өз мамандыгына
багыттылыгы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық
одеп-мәнерін сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсітпік
ұстанымы (азаматтық белсенділігі, балага деген еүйіспеншілік, рухани
дүниесінің байлыгы, гылыми-педагогикалық ойлауыньщ қалыптасуы, шыгармашылық-
жаңашылдық көзқарасы, копшілдігі, физиологиялық-психикалық тұргыдан денінің
саулыгы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б) айкындалады.
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңыздьт іс-
орекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-
әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі суретте педагогикалық іс-орекеттің
бірнеше түрлері көрсетілген.
Ендеше іс-әрекеттің бір-екі түріне ғана тоқтала кетейік:
Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған
әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық
сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттүрі. Тәрбиелеу
іс-әрекеті педғоғ қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім,
іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға
бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс- әрекет түрі.
Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғандықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін университет магистратурасының білім беру жүйесін қалыптастыру
Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктері Педaгогикaлық бедел мен имидж
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Пәндер