Педагогикалық эксперимент туралы ұғымдар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім

Педагогикалық эксперимент
1. Педагогикалық эксперимент туралы ұғым
2. Педагогикалық эксперимент түрлері
3. Эксперимент жүргізудің негізгі кезеңдері
4. Экспериментті жүргізуде ұсынылатын тәжірибелік кеңестер

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Педагогикалық эксперимент туралы ұғымы.
Эксперимент сөзі лат. Experimentum - сынама, тәжірибе, сынақ
дегенді білдіреді.
Педагогикалық эксперимент ұғымының көптеген анықтамасы бар.
Педагогикалық эксперимент - педагогикалық құбылыстар, деректер мен
тәжірибелерді зерттейтін таным әдісі.
Педагогикалық эксперимент - алдын ала жасалған болжамдарды тексеру және
негіздеу мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің педогогикалық қызметті
арнайы ұйымдастыруы. (И.Ф. Харламов)
Педагогикалық эксперимент - тәжірибедегі заңдылықтар мен өзгерістерді
ашу мақсатында зерттелетін педогогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді
араласуы. (Ю.З. Кушнер)
Педагогикалық эксперимент - нақты жағдайдағы педогогикалық үрдісті
түрлендіруге арналған ғылыми тәжірибе. (И.П. Подласый)
Педагогикалық эксперимент ұғымының бұл анықтамаларының барлығы,
біздің ойымызша, өмір сүруге құқылы, себебі барлығының негізгі ойы бір,
яғни педогогикалық сынақ алдын ала жасалған болжамдарды тексеру және
негіздеуге, жаңа педогогикалық білімді ашуға бағытталған педагогикалық
үрдістің ғылыми негізделген және дұрыс ойластырылған жүйесі екендігі
түсіндірілген. Ол педагогиканың өзге әдістерімен салыстырғанда,
педагогикалық үрдіс құрылымындағы әр түрлі факторлардың мәнін салыстыруға,
оқыту - тәрбилеу саласындағы жаңашылдықтың тиімділігін тереңірек ұғынуға
мүмкіндік береді. Эксперимент педагогикалық құбылыстар арасындағы
қайталанатын, тұрақты, қажетті маңызды байланыстарды анықтауға, яғни
педагогикалық үрдіске тэн заңдылықтарды зерттейді. (Ю.К. Бабанский).
Педагогикалық құбылыстарды үйреншікті жағдайда зерттеумен
салыстырғанда, эксперимент, зерттелетін құбылысты басқаларынан жасанды
түрде айырып, сыналушыларға педагогикалық ықпал етуді мақсатты түрде
өзгерте алады.
Педагогикалық эксперимент зерттеушіден жоғары әдіснамалық
мәдениеттілікті, оқыту - тәрбие үрдісінің тиімділігін тіркейтін критериалық
аппаратты және эксперимент бағдарламасын мұқият жасауды талап етеді.
Сонымен, зерттеушінің педагогикалық үрдіске белсенді араласуы
эксперименттің негізгі мәні болып табылады. Экспериментте бақылау, сұхбат,
әңгімелесу және т.б. әдістердің жиынтығы қолданылады. И.П. Павлов
эксперименттің артықшылығын айта отырып, бақылау алдында: Бақылау
табиғаттың ұсынғанын алады, ал тәжірибе табиғаттан қалағанын алады деп
пайымдады. Зерттеуші эксперимент барысында өз еркімен алдын ала анықталған,
әртүрлі жағдайда (бұл жағдайлар да оның ықпалына тэуелді болады), қандайда
бір психологиялық - педагогикалық құбылысты іске асырады. Эксперимент
зерттелуші үрдістерге ықпал ететін деректерді түрлендіруге мүмкіндік
береді. Оның нақты жадайларда жаңа тәжірибе жасауға мүмкіндік беруі басты
артықшылығы болып табылады.
Педагогикалық эксперимент келесідей міндеттер тізбегін шешеді:
• зерттеушінің ықпалы мен алынған нәтиженнің арасындағы кездейсоқ
емес өзара байланысты анықтау;
• педагогикалық - психологиялық ықпал етудің екі немесе одан да көп
нұсқасының табыстылығын салыстыру және келесі критериялар:
нәтижелігі, жұмсалған күш пен уақыт, қолданылған әдіс -тәсілдер
бойынша оңтайлысын таңдау;
• құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық, заңды байланыстарды
анықтау, оларды сандық және сапалық түрде ұсыну;

2. Педагогикалық эксперимент түрлері
Педагогикада эксперименттің бірнеше негізгі түрлері бар. Ең алдымен
табиғи және лабораториялық түрлері ажыратылады. Табиғи эксперимент,
сыналушы үшін шынайы жағдайда өткізіледі, бірақ зерттелуі тиісті құбылыс
арнайы жасалады. Сынақтың бұл түрі сыналушы үшін әдеттегі жағдайда
өтетіндіктен, оның мазмұны мен мақсатын бүркемелей отырып мәнін сақтауға
мүмкіндік береді. Осылай, сынақтың алғашқы сатысында зерттеуші іс-
әрекеттің бастапқы күйін - оқушылардың мінез-құлқының, білімінің,
дағдысының, іскерлігінің немесе басқада сипаттамалардың қалыптасуын
зерттейді. Одан кейін зерттеуші жалғыз немесе әріптестерімен бірігіп,
зерттелетін іс-әрекеттің мазмұнына, формасына, әдіс-тәсіліне немесе
құралдарына қасақана өзгерістер енгізеді. Енгізілген өзгерістерден кейін ,
мысалы, тәрбиелік, даму деңгейі немесе оқытудың тиімділігі қайтадан
зерттеліп, табиғи жағдайда қолданылатын шаралардың тиімділігі жайында
қорытынды жасалады
Лабораториялық эксперимент жағдайында оқушылар ұжымынан сыналушы топ
алынады. Зерттеуші әңгімелесу, тестілеу, жеке және топтық оқыту сияқты
зерттеудің арнайы әдістерін пайдалана отырып, өз іс-әрекетінің тиімділігін
бақылайды. Экспериментті аяқтағаннан кейін бұрынғы нәтижелер жаңа алынған
нәтижемен салыстырылады.
Педагогикалық зерттеуде, сондай-ақ тұрақтандырушы және қалыптастырушы
эксперимент ажыратылады. Бірінші жағдайда зерттеуші экспериментальді жолмен
педагогикалық жүйенің күйін анықтайды, құбылыстар арасындағы тэуелділікті,
себеп-салдарлық байланыстың болуын тіркейді. Алынған мәліметтер қалыптасқан
және қайталанатын жағдайды бейнелеу үшін, немесе педагогикалық қызметтің
сапасын, тұлғаның қандайда бір қасиетінің қалыптасуының негізі ретінде
пайдаланылуы мүмкін. Бұл зерттелетін қасиеттің, сапаның, сипаттаманың
дамуын болжайтын зерттеу құруға негіз болады. Зерттеуші сыналушының бойында
белгілі тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған арнайы шараларды
қолданған жағдайда, қалыптастырушы эксперимент туралы сөз қозғауға болады.
Соңғысы іс-әрекетті орындау жағдайына зерттеушінің белсенді ықпал ету
үрдісінде қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстардың немесе
психологиялық қасиеттердің даму жылдамдығын зерттеуге бағытталған.
Сонымен, зерттеушінің зерттелуші құбылысқа белсенді және жағымды ықпал
ете алуы, қалыптастырушы эксперименттің негізгі ерекшелігі болып табылады.
Бұнда эксперименттің, тәжірибенің және теорияның бірлігі қағидасын жүзеге
асыратын ғылым ретінде педагогиканың белсенді рөлі, ғалымның өмірлік
ұстанымы байқалады.
Атап өтілген педагогикалық эксперимент түрлерімен қатар, оларды
жіктеудің басқада жолы бар. В.И. Загвязинский барлаушы және тексеруші
экспериментті ажыратуды ұсынады. Біріншісі міндеті бойынша тұрақтандырушы
сынаққа жақын, ал екіншісі ұсыныстарды, жеке болжамдарды тексеруді
жорамалдайды. Эксперименттің басқа түрлерінің ішінде ол салыстырмалы және
қиылысты эксперимент түрін ажыратады. Салыстырмалы эксперимент туралы
зерттеуші педагогикалық қызметтің едэуір қолайлы жағдайларын және
құралдарын таңдағанда, бақыланушы және сынаушы нысандарды өзара салыстырған
жағдайда айтылады. Бұндай нысандардың қатарында білім алушы немесе
тәрбиеленуші топтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда сыналушы топта, зерттеушінің
пікірінше, жағымды нәтижелерге алып келетін арнайы педагогикалық өзгерістер
ұйымдастырылады. Бақыланушы топта бұндай өзгерістер болмайды. Бұл жағдайда
алынған нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік болады. Салыстырмалы
педогогикалық экспериментті жүргізудің басқа жолы, яғни бақылаушы нысан
болмаған жағдайда, ең мықтыны таңдау үшін бірнеше экспериментальды нұсқалар
салыстырылады. Қиылысты эксперимент зерттеушінің бақыланушы және сыналушы
топ құрамын теңестіруге мүмкіндік болмаған жағдайда жүргізіледі. Бұдан
шығудың жолы -бақыланушы және сыналушы топтардың орнын эксперименттің әр
кейінгі серияларында ауыстырып отыру. Әр түрлі құрамдағы сыналушы топтан
жағымды нәтиже алынса, бұл зерттеушінің пайдаланған жаңашылдығының
тиімділігінің көрінісі.
Қисынды құрылымы жағынан В.П. Давыдов2 педагогикалық сынаудың екі
негізгі түрін - классикалық және көп факторлы педагогикалық сынақты
ұсынады.
Классикалық эксперимент - біріншіден, зерттелетін құбылысты жанама
құбылыстардан аластауды, яғни оны таза күйде зерттеу, екіншіден қатаң
тіркелген, есеп-қисапқа келетін үрдістің көп ретті іске асуын, үшіншіден,
күтіліп отырған нәтижені алу мақсатында әр түрлі жағдайды қиыстыру,
түрлендіру, жоспарлы өзгертуді қарастырады.
Классикалық эксперименттің мәні және оның негізгі қызметі педагогикалық-
психологиялық ықпал етудің жеке факторлары және оның нәтижесі арасындағы
өзара байланыс туралы болжамдарды, оның себептік-салдарлық қатынастарын
тексеру болып табылады. Сынақ өткізуші зерттеу үрдісіне қатысатын негізгі
факторларды анықтайды. Ол енгізілген өзгерістердің алып келетін салдарын
анықтау үшін, шарттарды өзгертіп, оның соңғы нәтижеге ықпалын қарастырады.
Жаңадан енгізілетін жағдайлар тэуелсіз ауыспалы, ал өзгертілген факторлар
-тэуелді ауыспалы болып аталады. Енгізілген өзгертулердің тиімділігі соңғы
нәтижемен бағаланады.
Классикалық экспериментте бақыланушы және сыналушы топ қалыптасқаннан
кейін, соңғысы жаңа фактордың ықпалына ұшырайды немесе керісінше, қандайда
бір фактордың ықпалынан алыстайды. Бұл ретте, бақыланушы және сыналушы
топтарға ықпал етуші өзге факторлардың өзгеріссіз қалуы маңызды. Бұнымен
сынақтың тазалығына қол жеткізуге болады. Тәжірибеде бүған қол жеткізу
едэуір қиын, себебі қандайда бір фактор зерттеу үрдісінде әрқашан
түрленеді. Сондықтан эксперимент барысында алынған нәтиженің кездейсоқ емес
екендігін дәлелдеу үшін, оны арнайы есептік әдістерді пайдалану арқылы
жоспарлайды.
Математикалық теория эксперименттың мүмкіндігін кеңейтеді, оған талдау-
синтездеу сипатын береді. Бұл жағдайда эксперимент классикалық пен
салыстырғанда көпфакторлы болады. Қазіргі педагогикалық- психологиялық
теория мен тәжірибеде құрылымын тікелей зерттеуге келмейтін үрдістер орын
алады. Мұнда көпфакторлы эксперимент қажет. Бұл жағдайда педагогикалық
үрдіс тэуелді болатын көп факторды түрлендіру арқылы, зерттеуші мәселені
эмпирикалық тұрғыда шешеді. Ол өзінің көзқарасы тұрғысынан үрдістің өтуіне
қолайлы жағдай туғызуға тырысады. Бұл кезде математикалық есептің қазіргі
әдістерін кең қолдану қарастырылады.

3. Экспериментті жүргізудің негізгі кезеңдері
Педагогикалық экспериментті жүргізуде негізгі үш кезең ұсынылады.
Бірінші кезең - экспериментті жүргізуге дайындық. Бұл кезең
экспериментті жоспарлауды көздейді. Оның міндеттері: эксперименттің
мақсаты, міндетін анықтау, болжамды тұжырымдау. Эксперименттің нысандары
(оқушылар, сыныптар, мектептер), бақыланушы және сыналушы топ таңдалып
алынады. Эксперименттің зерттеу пәні белгіленеді (мысалы, төменгі сынып
оқушыларының жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру). Педагогикалық ықпалдың
әсерінен болған өзгерістерді талдайтын белгілер қарастырылады. Осы
өзгерістерді, зерттеліп отырған объектінің бастапқы күйін анықтаудың нақты
әдістемесі ( сауалнама, интервью) таңдалып алынады. Эксперименттің ұзақтығы
анықталып, оны өткізу әдістемесі жасалады. Эксперименттің нәтижесін
тіркеудің формасы анықталады.
Екінші кезең- экспериментті жүргізу. Бұл кезеңнің нақты үш сатысы
белгілі:
Бірінші сатының мақсаты - экспериментте қаралатын барлық факторлар мен
қасиеттердің бастапқы деңгейін анықтау.Тұрақтандырушы экспериментте істің
нақты жағдайы, зерттеліп отырған нысанның бастапқы күйі зерттеледі,
тұлғаның зерттелетін қасиетінің бар-жоқтығы анықталады, балаларды және т.б.
тіркеледі. Бұл үшін оқушыларды зерттеудің бағдарламасы жасалады, жеке
тұлғаның қасиеттерінің қалыптасу деңгейін анықтайтын көрсеткіштер мен
өлшемдер ойластырылып, сипатталады.
Бастапқы деңгейді осылай сипаттаудан кейін, эксперименттың екінші
сатысына өтуге болады. Қалыптастырушы эксперимент педагогикалық зерттеуде
маңызды орын алады. Бұнда балалардың тұлғалық қасиетін, білімі мен
тәрбиелілігінің деңгейін, танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған
шаралар жүйесі жүзеге асырылады.Сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Ғылыми шындық, шатасу және таңға қайыптылық
Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогикалық бақылау
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Педагогика ғылымының салалары
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер