Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі
Түркістан – 2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 IIСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Психодиагностиканың даму тарихы және ғылыми әдебиеттердегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
1.2 Психологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі
негізгі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Практикалық диагностика ұғымы және психодиагностика
әдістерінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНАТЫН ПСИХО- ДИАГНОСТИКАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Тұлғаның дара-психологиялыќ ќасиеттерін диагностикалау ... ... ...
2.2 Студенттердің жекелік қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің мәні...
2.3 Студенттердің когнититвті процестерін зерттеу әдістемелерін пайдалану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік жедел жаңаруында
Қазақстан Республикасының Қазақстан – 2050 даму стратегиясы бағытына
сәйкес әрбір ұрпақ жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тірбиенің шешуші
факторы болуы заңдылық [1].
Бүгінгі ұрпақтың жеке тұғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы
қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік,
әдеп-иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу
қасиетін дарыту – олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің
бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен
тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге
асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің
қатарына кіру стратегиясы жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін
көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын
қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени
жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.
Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да
сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім
кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы
білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін
өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілеті
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса,
Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке
тұлғаны қалыптастыру деп атап көрсетілген
Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік
және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы
жетістіктердің негізгі күші – адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі
табандылы-ғы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі
болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты
ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын зерттеп жүрген
ммамандар, психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін айтады.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге
келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман
ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне
үлесімізді қосуымыз қажет.
Қазақстандық белгілі психолог-педагог ғалымдар Ә.Алдамұратов,
Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев зерттеулерінде оқыту үрдісіндегі жеке
тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері
туралы құнды ой-пікірлер айтылған [2,3,4].
Ресейлік психолог-ғалымдар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов
т.б. жеке тұлғаныі психолоиялық іс-әрекетінің қалыптасу теориясы мен
ұстанымдары туралы ой-пікірлер түйіндеген [4,5].
Тұлғаны қалптастыру өте күрделі үрдіс. Бұл шет ел ғалымдары Х.Дейкер,
З.Фрейд еңбектерінде көрніс тауып, теориялық және әдістемелік тұрғыда
зерттелген [6].
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың
І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен
психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам
туралы психологиялық эмпирикалық білім болады. Талдауда және оны
қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен
негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын
ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік
дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және
невроз себептері қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа
клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз
басқару нәтижесін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика
әдісінің бақылау, сұрау құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады.
Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта
алмаймыз. Өйткені мұнда тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және
бірдей әдіспен қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер
көзқарасы, ой қорытындысы бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика
әдістемелері тек сандық жағынан сипатталатынын көрсетеді.
Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ
жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың
жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы
ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар
қолдана бастады. Диагностика оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды,
іскерлікті тексеру ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан
ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні
ғана көрсетеді.
Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге
талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни
педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол
нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса,
білім жүйесіндегі өзгеріс, біздің алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол
міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді. Осы қойылған міндеттерді
шешу мақсатында біз, тақырыбымызды Педагогикалық-психологиялық
диагностикалау-тұлғаны зерттеудің негізі деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің тұлғасын зерттеу мақсатында
психологиялық диагностикалауды теориялық және практикалық түрде негіздеу;
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: Тұлғаны зерттеу диагностикасының теориясы мен практикасы
Зерттеу міндеттері:
- психологиялық диагностиканы теориялық тұрғыда негіздеу;
- психологиялық диагностика ұғымына сипаттама беру;
- диагностикалаудың ЖОО практикасында қолдану барысына талдау жасап, оны
өз тәжірибемізде қолдану.
Диплом жұмысы екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
I Психологиялық диагностиканың теориялық негіздері
1.1 Психодиагностиканың даму тарихы және ғылыми әдебиеттердегі көрінісі
Ғылыми диагностиканың қалыптасуы ең алдымен психологиялық ғылымда
эксперименттің, жаңа идеялардың пайда болуымен байланысты. Психологиялық
зерттеулер туралы ойлар ХІХ ғ. 30 ж. жарыққа шықты. Ең бірінші бұл туралы
неміс зерттеушісі Вольф болды. Ол психометрия ұғымын енгізді. Бірақ сол
кездегі философтардың төккен қан мен тері ғасыр өткеннен кейін ғана өз
нәтижесін берді. Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофизика бойынша бастаған
жұмыстарында, яғни психикалық көріністердің салыстыру туралы ойлардың
шындыққа енуі сол кездегі экспериментальді психологияның ізденістеріндегі
негізгі бағытты анықтап берді. Осы кездестірген жайттардың ішіндегі
қызықтысы, индивидтің айқындалуын зерттеп оқуда оқымысты ғалымдар
психологияға, физиологияға және медицинаға жақын болғандар.
Ментальды хронометриядан маңызды бағдар көрсетуде еңбек сіңірген
Галланд ғалымы әрі физиологы Ф. Дондерс (1818-1889) болды. Ол бірнеше
реакция түрлерін бөліп көрсетті. А реакциясы – тәжірибе жасалынып жатқан
қандай нәрсе әсер ететінін және оған қалай жауап беру керек екенін біледі.
В реакциясы – зерттелуші әр әсерге әр түрлі жауап береді. С реакциясы –
барлық жасалғандардың ішінде тек қана біреуіне ғана жауап береді.
Бұл зерттеулер экспериментті зерттеулердің маңызды бір бөлігі ретінде
қарастырылды.
Ќазіргі заман психодиагностиканыњ тарихы ХІХ ғасырдың І-ші
жартысынан басталады, яғни сол уақыттан бастап, ең алдымен психологиялық
білімнің дамуының клиникалық кезеңі басталды. Бұл кезең адам туралы
психологиялық эмпирикалық білімді талдауда және оны қолдануда шешуші рольді
дәрігерлердің орындауымен сипатталады. Ал бұған дейін мұнымен негізінен
философтар мен жазушылар шұғылданған. Дәрігерлерді емделуі қиын аурулар
және аурудың неден пайда болғандығы туралы, сондай-ақ сол жылдары әлемнің
дамыған елдерінде етек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар жєне
невроз себептері қатты қызықтырды.
Психиатр дєрігерлер Европа клиникаларында ауруға жүйелі түрде
бақылау жүргізе бастайды және өз бақылау нәтижелерін талдап жазып отырды.
Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау, құжаттарды талдау
сияқты әдістері жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай
толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені, мұнда тек дәрігерлердің бір ауру
түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылануы, олардың зерттеу
нәтижелері дәрігерлердің көзқарастары, ой қорытындылары бойынша ғана
жасалады. Бұл кезеңде психодиагностика әдістері тек сапалық жағынан ғана
сипатталатынын көрсетеді.
Психодиагностика әдістерінің сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ
ғасырдың ІІ-ші жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс
психологы В.Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік лаборатория
ашылды.[7] Мұнда психодиагностикалау мақсаттарында әр түрлі құралдар мен
жабдықтар қолданыла бастады. Психологиялық және физикалық құбылыстың өзара
сандық байланысын қөрсететін “негізгі психофизикалық заңдылықтың” ашылуы
сәйкес келіп, ол сандыќ психодиагностикада әдістерінің тезірек қалыптасуына
үлес қосты. Негізгі психофизикалық заңдылық психологиялық құбылыстарды
өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және бұл ашылу түйсікті өлшеуге арналған
шкаланың пайда болуына әкелді.
Осыған сәйкес ХІХ ғасыр соңына дейін психодиагностика негізінен
адамныњ түйсіну дєрежесін өлшеумен ғана шектеліп отырды. Негізгі
психологиялық процестерге қатысты адамның қасиеттері мен жағдайын зерттеуге
арналған психодиагностика әдістерінің түрлері ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басында қалыптасып дами бастады. Осы кезде өте белсенді түрде және
психолог мамандардың қатысуынсыз “ықтималдылық теориясы”, “математикалық
статистикалық бағалаулар” психодиагностиканың ғылыми сандық әдістемелеріне
араласып кетті. Бірақ математикалық статистика әдісін психологиядан бұрын
математика, биология, экономика, медицина т.б. ғылымдар пайдаланып келді.
Ең бірінші арнайы психометриялық мекеме Англияда ағылшынның Ұлы
психологы Гальтонның басшылығымен құрылды[8]. Ол 1814 жылы адам қабілеті
көрсеткішінің статистикалық мәліметтерін алуға арналған антропометрикалық
лаборатория ашты. Өздерінің қабілетін аныќтау үшін осы лабораториялық
зерттеуге он мың шамасында адамдар келді.
Статистиканы психологияда қолдануды ұсынған Гальтон еді. Ол
бірлесіп жұмыс жасау үшін Пирсон, Фишер сияқты математик ғалымдарды
шақырды. Спирменнің 1904 жылы “Объективті анықталған және өлшенген жалпы
интеллект” деген еңбегі жарыққа шықты.
Индивидуалды өлшегіштерді зерттеудің ғылыми негізін қалаған және оны
өлшеу құралы ретінде пайдалану тестісін енгізген ағылшын Френсис Гальтон
(1822-1911) еді. Ф.Гальтон адамның тұқым қуалаушылық арқылы берілетін
өлшеуді мақсат етті.
Бұл мәселе ғалымды көптен қызықтырған еді. Адамзат несілі азғындауға
ұшырайтындығы мен мақсатты іріктеу жолымен жақсартуға зәру болатындығына
сене отырып,ол адамдарды сұрыптау үшін қабілеттерін өлшеу әдісін жасауға
ұмтылды. Психометрия нақты айтқанда ақыл-ой (mind) операциясының саны мен
және өлшеумен қамти алатын өнер-мысалы,әр түрлі адамджардың реакциясының
уақытытн анықтау.Қандай да бір білім саласының феномені өлшеу мен санға
бағынбаса,онда олар ғылымда статусқа және абыройға жете алмайды дейді
Ф.Гaльтон.
Дж.Локктың философиялық іліміне және өзінің бақылауына сүйене
отырып,Ф.Гальтон сенсорлық айырмашылықтың көмегімен адамның ақыл-ойын
бағалауға болады деп жоламалдады.Ф.Гальтон сезімталдық табалдырығын,
жауап беру ұзақтығын анықтаудың тәжірибелік психологиядағы тәсілін
жетілдіріп,жаңа түрлерін де ендіреді.Олардың бірі дыбыс ұзақтығын
қабылдауға арналған ысқырық болса,екінші ұзындықтың айырмашылығын көруге
арналған сызғыштық.Бұлар осы кезеңге дейін Гальтонның тапқырлық қасиетін
танытып отыр.
Ф.Гальтонның зерттеулері.оның тестілері әр түрлі елдердің
ғалым- психологтарының назарырн аударды,оның шәкірттері мен ізбасарлары
пайда болды.Ф.Гальтонның индивидуалды ерекшеліктер өлшемі мен әдістеріне
біршама әуестенушілердің бірі американдық ғалым Джеймс Мак Кин Кэттел (1860-
1944) болды.
Г.Айзенг пен Р.Кэттел Тұлғалық қасиеттерді зерттеу үшін факторлық
анализді пайдаланды. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А.Биненің
статистикаға негізделген интеллект тестісі жарыққа шықты. Ол француз ғалымы
Т.Симонмен бірге осы тестті аяқтап, нәтижесінде өмірге Бине-Симон тесті
келді.
Индивидуалды ерекшеліктер мәселелерді қабылдамау тән. Вундтың
эксперименті психологиядан түңіле отырып, Дж.Кэттел Ф.Гальтонның арқасында
әрекет ету уақытын зерттеуден ақыл-ойды өлшеуге ойысты. Ол Ф.Гальтонда
қонақта болып,АҚШ-қа қайтқан соң тестілерді белсене насихаттауға кірісті.
Кэттел Раймонд Бернард (1905-1998) Американдық психолог, Иллиной
университетінің, сондай-ақ Стенли Холл мен Кларк университеттерінің
профессоры. өзін-өзі жүзеге асыру және мораль негізін зерттеу бойынша
Институт негіздеді. Ғылыми жұмыстары тұлға құрылымы, дамудың
тұқымқуалаушылық және мәдени факторлары, психологиядағы факторлы талдау
әдістері, мотивациялық процестерді математикалық дәлелдеу, психологиялық
конфликтілерді оқып, меңгеру мәселелерімен байланысты. Оның психологиялық
диагностика аумағындағы біршама маңызды үлесі факторлы анализдің
таксономикалық әдістері, мотивация диагностикасының әдістемелері, интеллект
тестілерін жасап шығаруы болып табылады.
1890 жылы Дж.Кэттел Mind атты журналында психодиагностика
саласындағы әйгілі еңбегін жариялайды,онда қай зерттеуші болса да
индивидуалды ересектер мәселелеріне назар аудармай,оның жетістікке жете
алмайтынын айтты. Бұл Умственные тесты измерение (ақыл –ой тестілері және
оның өлшемі – Mental Test and Measurement) атты мақаласы, оның соңғы сөзін
Ф.Гальтон өзі жазды. Ақыл-ой тестілері индивидуалды ерекшеліктерді меңгеру
және өлшеуге деген талпыныста болған психологтар арасында mental test –
ақыл тесті деген ұғым көпшілікке белгілі болды және психологияның бір
саласының символына айналып тез арада танымал бола бастады.
Егер психология экспериментсіз және өлшеусіз өтетін болса, ол
функциялық ғылым тәрізді айқындалған және дәлме-дәл бола алмайды. Бұл
бағыттың бірінші қадамы ақыл-ой тестілерінің сериясын қолдану көмегімен
психикалық процестердің тұрақтылығын, өзара тәуелділігі мен әр түрлі
жағдайдағы өзгерістерді көрсетуде. Олардың нәтижелері ғылыми құндылығында
деп жазды Дж. Кэттел.[9]
Дж. Кэттел белгілі адамдар санына тестілер мен статистикалық (сандық)
талдауды қолдануды жаңа психологияның кепілі ретінде қалыптастыра отырып,
оның дәлдік білімдерге сүйенуі туралы айтты. Жоғарыда айталған мақалада ол
сондай-ақ бір кездері пайдаланған тестілердің елу тізімінің ішінен оны
іріктеп алады. Олар танымал тестілер:
- механикалық күшті өлшейтін (динамометрия),
- анықталған арақашықтыққа қолдың қозғалысы үшін
жұмсалған уақыты (диапазон движения),
- сезімталдық зонасы (зона чувствительности),
- ең аз түйсінетін салмақ айырмашылығы (наименее ощутимая разница в
весе),
- дыбысқа деген реакция уақыты (время реакция на звук),
- түстерді айыру реакциясы (время распознования цветов),
- елу сантиметрлі сызықтың екі есе қосарлануы (удвоение 50 сантиметровой
линий),
- он секундтық уақыт мерзімін ажырату (размышление 10-секундного отрезка
времени),
- әрі қатарын бір ізгілік жаңғырту (последовательность воспроизведения
буквенного ряда).
Осы тестілерді Дж.Кэттел ақыл өлшеуіндегі ең қарапайым психикалық
функциялар деп санай отыра мақаласының аяғында: Ф.Гальтон осы ұсынысымды
қолдайды деген үміт артамын деп аяқталған. Бірақ мэтр өзінің соңғы сөзінде
керісінше, сол ауыспалы тестілер нәтижелерін салыстыру маңыздылығының
тәуелсіз емес өзгерістер екендігін еске алмаған үшін Дж.Кеттеллдің ойын –
сынға алды. (басқа сөзбен айтқанда Ф.Гальтон бұл жерде тест жарамдылығына
назар аударды). Өзінің шәкіртін төмендетпей Кэттелдің тест жүйесіне қосу
үшін Ф.Гальтон өзінің жасаған бірнеше жаңа тестілерін ұсынды.
Психодиагностикалық зерттеулерде дәстүрлі түрде белгілі әдістер лидер бола
бастады. 1951 мақала, Герман Роршах тестіне байланысты 1219 мақала,
Стэнфорд-Бине шкаласына сай 493 мақала, ал Векслер-Белльвюге сәйкес 371
мақала жарияланды.
Көптеген зерттеулер ТАТ және ММРІ-мен байланысты болды. Сонымен бірге
кейбір әдістерге қызығушылық төмендеді. 1953 ж. Бурос 793 тесті туралы
хабарлайды, яғни олардың саны он жылда 250-ге өскен екен. 1955ж. Векслер-
Белльвю құрылымына ұқсас ересектердің (ақыл-ойын) интеллектісін өлшеуге
арналған Векслер шкаласы пайда болды. [10] Шкала 16 жастан 64 жас
аралығындағы екі жыныстан 1700 адамнан құралған іріктелген стнадарттаумен
анықталған. Бұл іріктеуге географиялық тұрағы мен қалалық немесе ауылдық
жерде тұратындығы есепке алынып, әр түрлі кәсібі мен білімі бар адамдар
теңде қатысты.
Жеке тұлғалық өлшеулер саласында ілгерушілік байқалады. 50 жылдар-
факторлық сауалнама деп аталатын жаңа типтік тұлғалық сауалнамалардың
дамуымен ерекшеленеді. Осы бағыттағы зерттеулердің жүргізушілері Раймонд
Кэттел болды, ол тұлға қасиеттерін айқындайтын сөздік, тұрмыстық атаулардан
жалпыланған тұлғалық факторлардыанықтай отырып және факторлық анализді
қолдана отырып тұлғаны сипаттаудың кең шамада болуын біршама азайтады.
Дж.Гилфордтан өзгешелігі ол үшін факторлық талдау тұлғаны терең
айқындаудың әдісі негізі болып табылады. [11] Алғаш рет 1950 жылдары жарық
көріп және барлық әлем психологтарының арасында танымал болған 16 тұлғалық
факторлар сауалнамасы немесе 16 РҒ-Кетелдің және оның әріптесерінің
зерттеулерінің салмақты нәтижесі.
1921жылы Роршах психодиагностика терминін енгізді. [12] Қазір
психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Білімін жетілдіру клиникалық кезеңінде ашылған. Бұл кезде адамдар жайлы
эмпирикалық психологиялық білімдерді талдау жасауда негізгі шешуші рөлді
дәрігерлер алады. Бұған дейін бұл мәселелермен философтар және жазушылар
айналысқан. Сол жылдары дәрігерлерді әлемде кең тараған ауруды емдейтін
невроз және жан ауруларына шалдыққан адамдардың ауруының шығу тегі және
себептерін табу қызықтырды. Дәрігер психиатрлар Европа клиникаларында
ауруларға жүйелі бақылау жасап, оның нәтижесін талдай бастады. Сол кезде
психодиагностикада бақылау, сұрақтама, құжаттарды талдау сияқты әдістер
шыға бастады.
Психодиагностиканың сандық әдістері XIX ғасырдың екінші жартысында
шыққан деп есептеуге болады. Сол кезде алғаш рет неміс психологы В.Вундттың
басшылығымен бірінші рет эксперименталдық психологиялық лабаратория
ашылды. Онда техникалық құралдар қолданыла бастады. Негізгі психологиялық
процестерге байланысты адамның жағдайының құрылысы қазіргі
психодиагностикалық әдістердің негізінде жүргізіледі. Бұл кездерде
математикалық мүмкіндік теориясы аймағында психодиагностикалық әдістер
қолданыла басталды. Бірінші және екінші статистикалық өңдеуден өткен
эксперименталды мағлұматтар дәл осы жылы шыға бастады. Кейіннен факторлық
анализ қолданылады. Ол алғашқыда психодиагностикада жеке тұлғаның
ерекшелігі келбеті мен интелектуалды жетелеу деңгейімен байланысты болды.
1905-1907жылдары француз ғалымы А. Бине ең алғаш рет интелектінің
статистикалық қалыптасқан тестерін жасап шығарды.[13] Кейіннен Симон
бұл тестті жетілдіріп, психодиагностикаға Бине –Симон тесті ретінде
енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында әр түрлі процестерді, қасиеттерді
зерттейтін тесттер шыға бастады. Олар әлеуметтік зерттеулермен байланысты
болды. Бұдан кейін психологияда үлкен дағдарыс болып соған байланысты
әдістемелер саны арта түсті.
1955 жылы АҚШ-та Д.Келлидің Тұлғалық конструктілер психологиясы
атты кітабы жарыққа шықты[14]. Сондай-ақ тұлғалық зерттеудің жаңа
рецептуралық торлар әдістемесі жарияланды. Бұл әдістеме семантикалық
дифференциалмен және классификацияның әдістемелері мен ұқсас әрі әмбебап
және өзгергіш, икемді болып келеді. Бұл матрицаны сыналушы немесе
айқындаушы толтырады. Матрицаның бағаналарына зерттеушіні қызықтыратын
адамдар, ұғымдар, дыбыстар, түстер түрінде көрінетін элементтердің белгілі
тобына сәйкес болады.
Жаңа көзқарастар деген атпен белгілі перцептивті және ұлғалық
фактор арасындағы өзара байланысты зерттеу бағыты өте нәтижелі болып және
өрісті бағыныштының параметрлерін айқындауға көмектесті, әрі индивидтің
қызметтің әр түрлі деңгейінде көрінуіне стильдік сипаттама берді.
1954 ж. Г.Виткин ұсынған бүркешеленген фигуралар тестісі біршама
танымал бола бастады. Бүркешеленген халатриялық фигуралады сыналушы табуы
керек еді және оның жасалған күрделі фигураны анықтауға сызықтарды
пайдалануға болатын еді.
Проективті әдістемелер тізімін балаларды тексеру үшін Рене Заззо
жасап шығарған ерекше тесті Зверинец (1950) толықтырады. 1950 ж.
ортасында психодиагностикада бәрінен бұрын американдық диагностикалау
барысындағы шығармашылықты өлшеудегі негізгі бағыт қалыптасады. Бұған
керактивтілікті айқындауда жаңашыл деп танылған, интеллектуалдық даму
деңгейінанықтау тестілеріне деген көңіл толмаушылық себеп болды.
Керактивтілік тестілерді жасауға біршама үлес қосқан оңтүстік Калифорния.
Қабілеттерді зерттеу бағдарламасы шеңберінде Дж.Гильфордтың және оның
әріптестерінің жұмыстарын айтуға болады.
Психологтардың этикалық стандарты 1953 жылы АРА-ны қабылдау үлкен
мәнге ие болды. Осы құжаттың үлкен бөлімі тестілерді тарату мен пайдалану
мәселелеріне арналды. Ұлттық комитеттің қатысуымен, тестілерді шығарумен
және олардың қолдануымен айналысатындар үшін психикалық тестілер мен
диагностикалық әдістемелер үшін техникалық нұсқау (1954) деген кітап жарық
көрді. Осы құжаттан бастап психологтардың диагностикалық қызметтері
реттеледі, оның нормативтік құқықтық негізі анықталады.
2. Психологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі
негізгі мәселелері
Психологияда Психодиагностика сөзі екі негізгі мағынаны білдіреді.
Бірі психологиялық білімді қолданудың спецификалық аймағын көрсетсе,
екіншісі сол аймақтағы психологиялық біліммен зерттеуден тұрады.
Психодиагностика саласына ғылыми зерттеу әдістерінің принциптері және
қолдану түрлері жатады.
Қазіргі заман психологиясында психодиагностика әдістерінің көптеген
түрлері қолданылады, бірақ олардың барлығын ғылыми негіздеген деп айтуға
болмайды. Сондай-ақ, олардың арасында зерттеу әдістері және өзіндік
психодиагностика әдістері бар. Психодиагностика әдістері бағалау мақсатында
жүргізілетін әдістер тобына жатады, яғни зерттелетін психологиялық
қасиеттердің нақты сандық және сапалық сипаттамаларын алуға мүмкіндік
береді. Ал мұндай мақсат көздемейтін және психологиялық процестерді
зерттеуге ғана арналған әдістер зерттеу деп аталады. Олар негізінен
эмперикалық және эстерикалық ғылыми зерттеу жұмыстарында нақты білім алу
мақсатында қолданылады. Осы екі түрлі әдістердің айырмашылығын қөрсететін
мысалдар келтірейік:
1 мысал. Тұлғаны психодиагностикалау әдісі
Бұл Р.Кеттельдің 16 факторлы тесті. Ол 16 шкалаға бөлінген, 187
пікірден тұратын стандартты сауалнама. Әр шкала бойынша Тұлғаның қандай да
бір қасиеті бағаланады, баға стандартты балл бойынша қойылады. Осы тестке
ендірілген пікір және қолдану ережелері, нәтижелерді өңдеу, алу тәсілдері,
сондай-ақ қорытындылар, олардың барлығы өзгертілмейтін болып табылады және
тесттілеудің барлық түрлеріне бірдей.
2 мысал. Тұлғаны зерттеу әдісі
Адамның қандай да бір мінезінің түрін ерекше жағдайларда бақылай
отырып, зерттеуге бағытталған эксперимент жасауда деп түсінейік. Мұндай
эксперимент былай құрылады: зерттеушіні қызықтыратын мінез-құлықтың
берілген формасымен байланысты адамның Тұлғалық ерекшеліктері бүге-шегесіне
дейін оқып білу мүмкін болатындай түрде. Зерттеуші осы мақсатты көздеген
экспериментін жүргізеді, оған қатысушылардың мінез-құлқын бақылайды және
зерттелінетін ерекшеліктерін, оған сәйкес келетін мінез-құлық формаларының
ерекшеліктері туралы қорытынды жасайды.
Зерттеуші эксперимент түріне, мысалы жеке тұлғамен жүргізілетін
бақылау әдісі немесе олардың мінез-құлқын ерекше эксперименттік жағдайда
бақылау мүмкіндігін беретін психологиялық-педагогикалық эксперимент жатады.
Психодиагностикалық бұл әдістер психологияның әр түрлі салаларында
және адамзат іс-әрекетінің әр түрлі сферасында қолданылады. Ғылыми
психологияда олар әдетте зерттеуші экспериментерді жүргізу процесінде
қолданылады. Ал практикалық психологияда психологиялық кеңестерді,
психологиялық коррекциялауда, сонымен бірге кәсіби психологтың іс-
әрекетінің басқа салаларында мысалы мамандық таңдау, мамандыққа дайындық
бағытында қолданылады.
Дұрыс ұйымдастырылған экспериментті зерттелінушілердің даму деңгейін
немесе басқа психологиялық қасиеттерінің экспериментке дейін және одан
кейін әрқашан дәл бағалау қажет. Ол жүргізілген эксперимент осы
қасиеттердің өзгеруіне ықпалын анықтау үшін қажет. Бұл айтылғандар
психологиялық кеңеске және психологиялық коррекцияға да қатысты болады.
Кеңес жүргізе отырып практикалық психолог клиенттің әр түрлі психологиялық
ерекшеліктерін даму дәрежесін бағалап отыруы тиіс. Бұл жағдайда оның жұмысы
ауруды анықтап және оны емдеу әдісін айтпай тұрып, науқасқа міндетті түрде
диагностика жасайтын дәрігердің еңбегін еске түсіреді.
Психологқа дәл осылай жасауға тура келеді, яғни ол клиенттің
жағдайына психологиялық диагноз қоятын диагносттың роліне енеді, кеңес
берумен немесе түзетумен шұғылданады.
Бір қатар мамандықтар адамның мінез-құлқына және психологияға ерекше
талаптар қояды. Сонымен қатар, бұл жерде адамның кәсіби жарамдылығын
анықтайтын, әр түрлі психологиялық мінез-құлықтың санаға дәл диагностика
жасау қажет. Бұл жағдайда психодиагностикалық әдістерді қолдану адамдарды
мамандық таңдау және мамандыққа дайындығымен байланысты болады. Қоғамда
психодиагностикалық мыңнан аса әдістері тіркелген және бағдар беретін
қандай да бір схема болмаса, оларды түсініп практикалық ұғыну мүмкін емес.
Психодиагностикалық әдістердің классификациясының мұндай жалпы схемасын
ұсынуға болады және ол мына түрде көрініс табады:
1. Бақылауға негізделген психодиагностика әдістері.
2. Сұрақнамалық психодиагностика әдістері.
3. Адамның мінез-құлықтың әсерімен еңбегінің нәтижесін есепке ала отырып
және анализ жасайтын объективті психодиагностикалық әдістер.
4. Психодиагностикалық эксперименті әдістері.
1. Бақылауға негізделген әдістер тобы – психодиагностикалық
қорытындысында міндетті түрде бақылауды жүргізілуін және оның нәтижесін
қолдану ережесі бойынша нені бақылайтынын, қалай бақылайтынын, бақылауды
қалай қорытындылайтынын, оларды қалай бағалайтынын, қалай өңдеп, соның
негізінде қалай қорытынды шығару керектігін дәл анықтайтын арнайы схемалар
мен жағдайлар енгізіледі. Психодиагностиканың барлық талаптарына жауап
беретін бақылауды- стандартты бақылау деп атаймыз. Осындай бақылау түріне
мысал келтірейік.
Топ мүшелерінің қандай да бір тапсырманы орындау кезіндегі әрекетін
бақылауда Р.Бейлстың Бақылау схемасы қолдану.
1. Жағдайды жақсартады
2. Шешу жолдарын ұсынады
3. Сұрақтарға жауап береді
4. Ақпараттандырады
5. Түсіндіреді
6. Көмегін ұсынады
7. Көмек сұрайды
8. Түсіндіруін өтінеді
9. Хабарлауды өтінеді
10. Сұрақтарға жауап беруді өтінеді
11. Шешу жолдарын ұсынуды сұрайды
12. Жағдайды шиеленістіреді
Топ мүшелерінің өзара әрекет процесін бақылау категориясы
( Р.Бейлс)
Бұл схема және көрсетілген категориялар топ мүшелерінің бірлескен
жұмыс әрекетіндегі өзара қарым-қатынасын бақылауға арналған. Берілген
категориялар топ мүшелері әрекеті мен реакциясы бойынша топтастырылады.
Схеманың жоғары жақ бөлігінде топтық тапсырманы орындау кезіндегі топтық
белсенді әрекетімен эмоционалды реакциясын қөрсететін, ал төменгі жағына
бірлескен ізденіс әрекетіндегі енжар әрекетпен пассивті эмоционалды
реакцияны қөрсететін категория берілген. Схемада 12 түрлі мінез-құлық типі
көрсетілген, оның жартысы жағымды, жартысы жағымсыз.
Осы схеманы қолданған психолог, бақылау процесінде әрбір топ мүшесінің
әрекетін (қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі, реакциясы, т.б.) бақылап,
схемадағы көрсетілген категориялардың біріне жатқызады. Бақылау соңында топ
бойынша және әрбір мүшесінің жеке-жеке категорияларға сәйкес әрекеттер саны
саналады. Осының негізінде әрбір қатысушының және топтың өзара әрекеттестік
профилі, мінез-құлық типінің жағымды, жағымсыз жақтары анықталады.
2. Психодиагностикалық сұрақнамалық әдістері- адамның психологиялық
ерекшеліктері туралы қажетті мәліметтерді арнайы дайындалған стандартталған
сұрақтарға жазбаша және ауызша берілген жауаптарын анализдеу арқылы да
алуға болады. Бұл топтағы әдістердің бірнеше түрлері бар: анкета,
сауалнама, интервью.
Анкетада – зерттелуші тек берілген сұрақтарға ғана жауап бермей,
сонымен қатар кейбір өзі туралы әлеуметтік-демографиялық мәліметтерді де
береді. Мысалы, өзінің жасы, мамандығы, білім деңгейі, жұмыс орны, қызметі,
отбасы жағдайы, т.б.
Сауалнама деп- зерттелушіге берілген жазбаша сұрақтар қатарын
айтамыз. Мұндай сұрақтар жабық және ашық түрде болады.
Жабық сауалнамада сұрақтар ия, жоқ, білмеймін, келісемін,
келіспеймін, айтуға қиналамын деген жауаптардың өз пікіріне сәйкес
келгенін белгілейді.
Ал ашық сауалнамада зерттелінушіге жауап беру еркіндігі беріледі.
Мұндай сауалнама нәтижесінде негізінен сандық емес, сапалық жаұынан
анализ жасалады.
Психодиагностикалық сауалнама сұрақтары бұдан басқа тура және жанама
болып бөлінеді. Тура сұрақтарға зерттелінуші өзінің психологиялық
қасиеттерін өзі сипаттайды. Ал жанама сұрақтар бойынша зерттелінушінің
қасиеттері нақты бағаланбайды, дегенмен де жанама түрде оның психологиялық
даму деңгейін талқылауға болады.
Енді сауалнаманың осы түрлеріне мысалдар келтірейік. Сұрақ Тұлғаның
қобалжуын, мазасыздануын, күйзелісін диагностикалауға арналған.
1. Ашық сұрақ – Өзіңізді қатты мазасыздандыратын жағдай туралы
айтыңызшы?
2. Жабық сұрақ – Сіз жиі мазасызданасыз ба?
Ия
Жоқ
Кейде
Білмеймін
3. Тура сұрақ – Сізде қобалжу, мазасыздану сияқты Тұлғалық қасиеттер
бар ма?
4. Жанама сұрақ – Сізде емтихан кезінде мазасыздық жағдайы бола ма?
Интервью кезінде сұрақты психолог өзі ауызша қояды. Ол сұрақтар алдын-
ала дайындалуда, жағдайға қарай сол мезетте туған сұрақтар да болуы мүмкін.
Немесе сауалнама сұрақтарын пайдалануға да болады. Жауаптарын өзі белгілеп,
жазып отырады.
1. Психодиагностикалық эксперимент әдісінің ерекшелігі –
зерттелінушінің қандай да бір қасиетін бағалау үшін арнайы
психодиагностикалық эксперимент қойылады және жүргізіледі. Айталық,
зерттеушіні Тұлғалық қобалжуы қызықтырады делік. Ол үшін
экспериментатор зерттелінушіні әр түрлі жағдайларға араластырады,
емтихан-сынақ кезін немесе аз уақыт ішінде күрделі тапсырма
орындауын ұсынады. Осы кезеңде зерттелінушінің қимылында, мінез-
құлқында мазасыздану, қобалжу белгілері көп көрінсе, онда ол адамда
қобалжу сезімі жоғары деп, ал мұндай белгілер мүлдем болмаса, онда
ол адамда қобалжу сезімі жоқ деп қорытындылауға болады. Ал егер ол
белгілер айтарлықтай дәрежеде болса, қобалжу сезімі орташа дәрежеде
деуге болады.
Қорыта келгенде, психодиагностика әдістерінің ерекшеліктерімен,
түрлерімен, жақсы таныс кезкелген тәжірибелі педагог оқушылармен зерттеу
сұрақтар нәтижелі жүргізе алады.
ЖОО келген студенттің қабілетін, психикалық ерекшеліктерін зерттеу
үшін, ол туралы мәлімет жинау үшін оқытушы психологиялық-педагогиаклық
зерттеулерді жүргізеді, олар диагностика деп аталады. Жас студенттің
психикалық әрекеттерін белгілі бір мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы
белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді.
Психодиагностика – қазақша мағынасы психологиялық диагноз қою дегенді
білдіреді. Педагогкалық психологияда бұ , әрбір студент жайлы зерттеу
арқылы әртүрлі мәліметтер жинақтауды білдіреді. Студенттердің психологиялық
зерттеу әдістемелері:
Студент аудиторияға келген кезде оның оқуға психологиялық дайындығын
және осы топтарда оқығанда оның психологиялық дамуы жүйелі және комплексті
түрде зерттеледі.
Психологиялық зерттеу кешеніне:
1. Студенттің жалпы көзқарасын анықтау.
2. Оқуға деген көзқарасы.
3. Зейін.
4. Қабылдау.
5. Ес.
6. Ойлау.
7. Сөйлеу.
8. Жеке тұлғалық қасиеттер.
9. Аудиториядағы қарым-қатынастар.
Бұл кешендегі берілген әдістемелер арқылы студенттің қабілеттерін
тұлғалық қасиеттерін, оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын анықтауға
болады. ЖОО практикасында жүргізілген психодиагностика нәтижелері қосымшада
берілген.
Осыған байланысты психодиагностикаға және психодиагнозға бірқатар
әлеуметтік – этикалық талаптар қойылады. Осы талаптарды психодиагностика
принциптері ретінде қарастырып көрейік:
Психодиагностикалық құпияны сақтау принципі. Жүргізілген диагностиканың
нәтижесін клиент келісімісіз жария етуге болмайды. Бұл принцип әсіресе
кәмелет жасқа толған адамдарға қатысты. Ал егер кәмелет жасына
толмағандарды айтатын болсақ, балаларды психодиагностикалағанда оның
нәтижесін жариялау үшін ата – анасының немесе сол кісілердің орнындағы
адамдардың келісімін алу керек. Тек қана егер психодиагностика ғылыми
мақсатта жүргізілсе ғана бұған рұқсат етіледі. Онда да ереже бойынша
зерттелушінің аты – жөні аталынбайды.
Психодиагностика ғылымының негізгі принциптері. Нәтижесіне толық сенім
білдіре алатындай сенімді өкілдердің болуын талап етеді.
Зиян келтірмеу принципі. Психодиагностика нәтижесі ешқашан ол адамға
зиянын тигізбеуді қарастырады.
Объективті қорытындылау принципі. Тестілеудің ғылыми негіздері сенімді
өкілдің болуын оның нәтижесінің нақты интерпритациялануын талап етеді.
Ұсыныстардың тиімділік принципі. Бұл берілген нұсқау ұсыныстардың ол
адам үшін міндетті түрде пайдалы болуын қарастырады. Адамға теріс кеңес
беруге немесе нәтижесі ол адамға зиян келтіретіндей ұсыныстар жасауға тиым
салынады.
Диагностиканың негізгі міндеттері мен принциптері
Педагогикалық диагностиканың өзіндік мақсат, міндеттерінің бар болғанымен,
әдістерді психологиялық диагностикадан алған. Педагогикалық диагностика
қазіргі таңда қалыптасқан ғылыми пән.
Педагогикалық диагностиканың принциптері:
- Жүйелілігі
- Объективтілігі
- Беріктілігі
- Көрнекіліг,
Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің ,
көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.
Педагогикалық диагностиканың қызметтері мен әдістері
Педагогикалық диагностиканың қызметі:
-Талдамалы қызмет
-Жеке диагностикалық қызмет
-Бағалаушылық қызмет
-Коррекционалдық қызмет
-Бағытталған қызмет
-Ақпараттық қызмет
Педагогикалық диагностиканың әдістері:
- Ауызша сұрау
- Жазбаша сұрау
- Компьютерлік тексеру
- Сынақ-емтихан
Педагогикалық диагностиканың әдістері
Педагогикалық диагностиканың түрлері:
* алдын-ала – *ағымдық -* мерзімдік – * тақырыптық – * қорытынды – *
өтілген материалдардың ізімен.
Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.
3. Практикалық диагностика ұғымы және психодиагностика әдістерінің жалпы
сипаттамасы
XX ғасырдың 80-90 жылдары В.И.Каган, В.М.Максимова, И.П.Подласый,
П.И.Пидкасистый еңбектерінде дәстүрлі білім дағды, іскерлікті тексеру
ұғымымен қатар диагностика термині қолданыла бастады [15,16].
Диагностика грек. диа- мөлдір, таза, гнозис-білім, ғылым –
объект немесе үрдістер жайында мәліметтерді алдын-ала алу тәсілі.
С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша диагностика-бұл диагнозды оқытудың
тәсілі. [17] Диагностика ұғымы медицинада ежелден пайдаланып келе
жатқандықтан медицина ғылымымен тығыз байланыста қарастыруға болады. Егер
аурудың себеп-салдарын дәл, уақытында анықтайтын болсақ, одан жазылып
кетуге үміттенуге болады. Сол сияқты егер біз педагогикалық диагностиканың
негіздерін білсек, шәкірттеріміздің оқу үлгеріміндегі немесе тәрбие
үрдісіндегі ақаулықтарды дер кезінде анықтап, сол қателіктерді шешудің
жолын да, яғни қажетті әдіс-тәсілдерді қолдана аламыз.
Білім сапасын диагностикалау – білім беру үрдісінің маңызды бір
компоненті. Оның мақсаты – дидактикалық үрдістің нақты нәтижесін анықтау,
бағалау және оған талдау жасау, түзету, оқыту әдістемесінің тиімділігін
айқындау. Оның нысаны – адамның саналы бақылауында болатын жүйе.
Оқытушының диагностикалық әрекеті оның кәсіби мамандығымен тікелей
байланысты. Психологиялық диагностика, біріншіден, жекелей оқыту үрдісінің
тиімділігін арттыру, екіншіден, оқытудың нәтижесін дұрыс анықтауды
ұйымдастыруға бағыттауда қолданылады. Осындай нәтижеге жету арқылы, бір
жағынан, жеке адамның үлгерімін жақсартудың алғышарттары жасалады, екінші
жағынан оқу үрдісін, таным әрекетін жоспарлы жүргізудің жолдары
айқындалады.
Диагностика оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды, іскерлікті
тексеру ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды.
Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана
көрсетеді.

міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді.
Қазiргi уақытта “үйрену үшiн бағалау (тестiлеу) ” ұғымы бұрынғы
нәтижелердi өлшеу үшiн бағалау (тестiлеу)” ұғымын алмастырып отыр.
Нәтижеге бағдарланған бiлiм беру жағдайындағы “бiлiм нәтижелерi”
күтiлетiн нәтижелер ретiнде қарастырылатын мақсаттар жүйесi екенi белгiлi.
Бұл мақсаттар мемлекеттiк деңгейдегi (базалық компетенциялар), бiлiм
салалары деңгейiндегi (түйiндi компетенттiлiктер) және пәндiк деңгейдегi
оқу жетiстiктерi (пәндiк компетенттiлiктер). Осы жағдайда бiлiм, бiлiк
және дағдыларды әртүрлi жағдайда кешендi қолданудың табыстылығы өлшенедi,
әрбiр күтiлетiн нәтижелер негiзiнде студенттердің оқу жетiстiктерi
бағаланады.
Студенттердің бiлiмi мен бiлiктерiн бақылаудың, тексерудiң, бағалаудың
отандық және шетелдiк дидактикада нақты анықтамалары жоқ. Мұның iшiнде
бақылау студенттердің бiлiмi мен бiлiктерiн өлшеу мен бағалау тұрғысында
оқыту процесiнiң құрамдас бөлiгi ретiндегi жалпы ұғым. Оның негiзгi
функциялары:
- оқу мақсатына жету дәрежесi жөнiнде объективтi ақпарат алу;
- студенттердің даму деңгейiн айқындау;
- студенттер мен оқытушы арасындағы керi байланысты қамтамасыз ету;
- оқу материалын игертуде кеткен кемшiлiктердi өз уақытында айқындау.
Көптеген еуропалық елдерде және АҚШ-та соңғы жылдары бақылаудың
дидактикалық қызметiне мына параметрлердi енгiзу тенденциялары байқалуда:
- қоршаған өмiрдегi әртүрлi проблемаларды шешеуге дайындығы, өмiрлiк
проблемаларды тұжырымдауға өз бiлiмi мен тәжiрибесiн бағыттау
бiлiктiлiгiнiң қалыптасуы, ол проблеманы шешу жолдарын анықтау және
жоспарлау жөнiнде объективтi ақпарат алу;
- қажеттi тұлғалық сапаларды қалыптасуының деңгейiн айқындау.
Тексеру мақсаты - студенттердің оқытылуының деңгейi мен сапасын және
олардың еңбектерiнiң көлемiн анықтау. Тексерудiң негiзгi қызметi – бiлiмдi
айқындау және өлшеу.
Шетел педагогикасында тексеру әдiстерiнiң iшiнде ең көп тарағандары:
бақылау, тестiлеу (жетiстiктер тестiлерi), практикалық жұмыс; жазбаша
тексеру ауызша тексеруге қарағанда өте үнемдi, объективтi және тиiмдi болып
саналады. Ауызша тексеруге қарсы шығушылар:
- өзi шектеулi уақыттың тиiмсiз пайдаланылуы (тек екi-үш студенттен
ғана сұрауға мүмкiндiк туады, ал басқа студенттер бос отыруы мүмкiн);
- эмоциялық күш тиiмсiз шығындалады (әлi сұралмаған студенттер күтуден
әбден шаршайды);
- мұнда тек адам жадысысына ғана сүйенуге болады, белсендiлiк пен
шығармашылық танытуға мүмкiндiк бола бермейдi;
- барынша жоғары реттегi ойлау дағдыларын тексеруге оқытушы
бiлiктiлiгiнiң жетiспеушiлiгi;
- студенттің ойлау әрекетiне қысымдылықтың жасалуы;
- педагогикалық субъективизмнiң орын алуы сияқты аргументтер келтiредi.
Оқу үлгерiмiн диагностикалау мен бақылаудың маңызды принциптерi:
объективтiлiк, жүйелiлiк және көрнекiлiк.
Объективтiлiк: белгiленген критерийлерге сәйкес бiлiм, бiлiктi бақылау;
бақылау әдiстерi мен құралдарына және диагностикалаушы педагогтардың
қатынасына тәуелсiз қойылған бағалардың бiр-бiрiне сәйкес келуi.
Жүйелiлiк: бiлiмнiң студенттің қабылдауынан бастап оны практикада
қолдануына дейiн диагностикалануы мен бақылануы.
Көрнекiлiк: бiрдей критерий бойынша сынақтан өткiзу, диагностикалау мен
бақылау нәтижелерiн хабарлау, оларды талқылау және талдау.
Бақылау тексеруден бөлек бағалау (процесс ретiнде) мен бағаны (тексеру
нәтижесi ретiндегi) қамтиды. Бағалауды анықтауда әртүрлi пiкiрлер мына
мәселенiң айналасында топталады: бағалау – үлгерiм сапасының индикаторы ма,
әлде қандай да бiр оқыту жүйесiнiң артықшылығы мен кемшiлiгiнiң көрсеткiшi
ме? Бағалау критерийi де жеткiлiктi деңгейде жасалмаған.
ЖОО-дағы бағалаудың осындай қарама-қайшылықты сипатын атап өте отырып,
шетелдiк педагогтар оны қоюдың негiзгi критерийлерiн айқындады:
- формализмнiң болмауы;
- оқытушылық бағыттылығы;
- дамытушылық бағыттылығы;
- өзiн-өзi тексеруге мүмкiндiк жасауы;
- студенттің өзiне қажеттiлiгi, пайдалылығы және т.б.
Назар тек фактiлердi есте сақтауға ғана аударылмай, жаңалықты
айқындауға аударылса, жоғарғы деңгейдегi ойлау дағдыларын дамыту
қабiлеттiлiгi, ортаға шығып сөйлеп, өз ойын айту дағдыларын дамыту
қабiлеттiлiгi, когнитивтi емес дағдыларды (мысалы, эстетикалық қабылдауы)
дамыту қабiлеттiлiгi, нақты мағынаны жеткiзуi, проблеманы шеше алуы
бағаланса, сонымен бiрге бағалау процесiнiң жүйелiлiгi, үздiксiздiгi, жан-
жақтылығы, тереңдiгi, объективтiлiгi, саралануы сақталса ғана баға белгiлi
бiр күшке ие бола алады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, оқушылардың оқу жетiстiктерiнiң
өлшеуiштерi ретiндегi оқу тапсырмаларының құрылымы мен мазмұнының сипатын
бағамдауға болады. Ал ондай тапсырмалардың басты ерекшелiгi оның
жүйелiлiгi. Осыған орай оқу тапсырмаларын жүйлеудiң негiзгi басты
бағдарлаушысы ретiнде жалпыланған басты дидактикалық принциптермен бiрге
қосымша принциптер анықталуы қажет.
Әлемнiң көптеген елдерiнде студент бiлiмiн бағалау бойынша екi
тенденция бар.
Студенттердің дайындық деңгейiн бағалау үшiн негiз болып табылатын
халықаралық және ұлттық стандарттарға бағдарлану.
АҚШ-та, Австралияда және көптеген еуропалық елдерде оқыту нәтижесiнде
студенттерден күтiлетiн бiлiм мен бiлiктердi анықтайтын нақты тұжырымдалған
нұсқаулар бар. Сонымен бiрге әлем елдерiнде студенттердің мобилдiлiгiн
бейнелейтiн және олардың үлгерiмiн салыстыруға мүмкiндiк беретiн
стандарттарды бiр iзге салуға ұмтылыстар жасалуда (ТIМSS, РISА және т.б.).
Соған сәйкес студенттердің ЖОО бағдарламасы бойынша бiлiмдi қалай
меңгергенiн емес, оны нақты өмiрде қалай қолдана алатындығы тұрғысындғы
мүмкiндiктерiн бағалауды көздейтiн Жоғары студенттердің бiлiмiн
халықаралық бағалау бағдарламасы (PISA) мазмұнына терең талдау жасалды. Бұл
студенттердің оқу жетiстiктерi өлшеуiштерiнiң мазмұнын анықтауға мүмкiндiк
жасайды.
Педагогикалық өлшеу тәсiлдерiнiң iшiнде ең көп тарағандары бақылау,
бiлiмдi ауызша тексеру формасы, бiлiмдi тексерудiң жазбаша формасы,
интервью түрiндегi әңгiмелесу, тестiлеу. Кейбiр авторлар сауалдаманы да оқу
үлгерiмiн тексеру тәсiлi ретiнде қарастырып жүр. Бiрақ оны диагностикалау
саласына емес, тексеру саласына жатқызған орынды сияқты. Сонымен бiрге
нәтижеге бағдарланған бiлiм беру жағдайында оқу пәндерiн оқытудың әрбiр
кезеңiнде оқу еңбегiнiң нәтижелерiн бақылауды жетiлдiру мақсатында
дәстүрлi бақылау жүйесi мен педагогикалық өлшеу мазмұнына салыстырмалы
талдау жасалды (1-кесте).
Сондай-ақ, бағалаудың жаңа әдiстерiн таңдауда және олардың
артықшылықтарын негiздеуде қазiрге дейiн қызмет етiп отырған өлшеу
теориясының ғылыми жетiстiктерiне, оның iшiнде педагогикалық өлшеуiштер
сапасының критерийлерiн ретiмен ескеру қажет. Олардың iшiндегi ең
маңыздылары - объективтiлiк, сенiмдiлiк, негiздiлiгi немесе болмысқа
сәйкестiгi (валидность) және дәлдiлiк.
Ендi осылардың әрқайсысына сипаттама берейiк.
Объективтiлiк – субъективтiлiкке қарағанда өзiнiң ырықсыздығымен,
болжанбайтындығымен, қате түсiнiкке ықпалымен және т.с.с. ерекшеленедi.
Негiзiнде қандай да объективтi педагогикалық өлшеуiш оны өткiзетiн
адамның жағдайына, жеке мiнез құлқына және оның санына тәуелсiз нәтиже
бередi.
Өлшеу ретiнiң объективтiлiгi оған қатысушылардың барлығына бiрдей
жағдай жасалғанда ғана жүзеге асады. Соған сәйкес бағалау процесi барынша
стандартталуы қажет. Бұл рет алынған нәтижелердi объективтi түрде
өңдеумен, алынған нәтижелердi объективтi талдаумен толықтырылады.
Өлшеу әдiстерiнiң сенiмдiлiгi нәтижелердiң орнықтылығының деңгейiмен,
қосымша өлшеулер барысындағы олардың қайталанатындығымен анықталады.
Әдiстiң сенiмдiлiгiң дәрежесi сенiмдiлiк коэффициентiнiң көмегiмен
анықталады. Сенiмдiлiк коэффициентi бiрдей жағдайда бiрдей әдiспен алынған
нәтижелердiң арасындағы корреяция коэффициентiне тең. Ол бiрдей жағдайда
өткiзiлген өлшеулер нәтижелерiнiң сәйкес келу деңгейiмен сандық тұрғыда
сипатталады. Сенiмдiлiк дәрежесi әдiстiң, өлшеу тәсiлдерi параметрлерiнiң
объективтiлiгiне, өлшенетiн сипаттамалардың тұрақтылығына тәуелдi.
Негiздiлiк немесе болмысқа сәйкестiк (валидность) - өлшеудiң
кешендi күрделi сипаттамасы. Өлшеудiң негiздiлiгi немесе болмысқа
сәйкестiгi (валидность) педагогтың шынымен оқушы бiлiмiнiң өлшенiп
жатқандығына сенiмдiлiгiнiң мiндеттi алғышарты. Өлшеу әдiстерiнiң
негiздiлiгi немесе болмысқа сәйкестiгi нақтыланған сайын алынған
мәлiметтер дәлдене түседi.
Көптеген педагогикалық өлшеуiштер үшiн әдiстiң негiздiлiгi немесе
болмысқа сәйкестiгi мазмұнның негiздiлiгiмен немесе болмысқа сәйкестiгiмен;
сәйкестiлiкпен және болжау сияқты барынша та мағынадағы критериялық
белгiлермен сипатталады.
Кесте -1 Дәстүрлі бағалау жүйесі мен педагогикалық өлшеуге жасалған
салыстырмалы талдау нәтижесі
Дәстүрлi бағалау жүйесi Педагогикалық өлшеу
Студенттердің оқу жетiстiктерiн сапалы Студенттердің оқу
бағалау жетiстiктерiнiң деңгейiнiң
сандық көрсеткiштерiн алу
Артықшылықтары Кемшiлiктерi Артықшылықтары
Студент пен 1 Компетенттiлiк 1 Компетенттiлiк тұрғыда
педагогтың өзара тұрғыда оқытуға қатыстыоқытуға қатысты бақылау
әрекеттестiгiне бақылау құралдарының құралдарының жеткiлiктiлiгi
негiзделедi, яғни жеткiлiксiздiгi 2 Оқыту сапасын бағалау
студенттердің 2 Педагогикалық өлшеу квалиметриялық (сандық)
коммуникативтiк элементтерiнiң тұрғыда негiзделедi, яғни
қабiлеттерi кейбiреуiнiң көрiнiс студенттің пәндiк
дамытылады бергенiмен, олар (пәнаралық) дайындығы
2 Тәсiлдердiң студенттердің сипатындағы өлшенетiн
қарапайымдылығы бағаланатын айнымалының теңестiрiлетiн
3 Нәтижелердi алудыңқасиеттерiнiң сапалы сандық эквиваленттер
шапшаңдылығы эквиваленттерiн сандық алынады
өлшеудi емес, оларды 3 Әсiресе “ ЖОО (жоғары оқу
бағалауды мақсат етедi,орны)” кезеңiнде
сондықтан мұндай бақылау-бағалау жүйесiне
бақылау нәтижелерiн жаңа негiз қалайды
бiр-бiрiмен салыстыруға4 Педагогикалық процесс
болмайды барысы, әрбiр студенттің
3 Педагогтар тарапынан оқу жетiстiктерi жөнiнде
субъективизмнiң көрiнiсақпарат алып отыруға болады
беруi 5 Оқыту барысына және оның
4 Бағалаудың бiрыңғай нәтижесiне әсер ететiн
шкаласы мен қандай да болмасын
критерийлерiнiң болмауыфакторлардың ықпалын
5 Оқу әрекетi айқындауға болады
нәтижелерiн өзiндiк 6 Объективтiлiктiң толық
бағалау мен өзiндiк көрiнiс беру
түзету жасауға толық
мүмкiндiк бермейтiндiгi
Дәстүрлi бақылау Компетенттiлiкке берiлген тапсырмалар мен
құралдары стандартталған тесттер
Кемшiлiктерi Артықшылықтары
1 Оқытушылық 1 Оқытушылық потенциалының жоғары болуы
потенциалының төмен 2 Оқытудың инновациялық әдiстерiнiң дамуына
болуы мүмкiндiк жасауы
2 Оқытудың 3 Өзiндiк бақылау мен өзiн-өзi басқару үшiн қажеттi
инновациялық жағдаймен қамтамасыз етуi
әдiстерiнiң дамуын 4 Саралау қабiлеттiлiгi
тежеуi
3 Өзiндiк бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz