Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 210 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Губайдуллина Г. Н.

Педагогиканы оқыту әдістемесі

Оқу құралы

Өскемен, 2012

ӘӨЖ 37. 01(075. 8)

КБЖ 74. 00я73

Г 91

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған № 8 хаттама 11 шілде 2011ж.

Пікір жазғандар:

Хайрулин Г. Т., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Берикханова А. Е., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Колумбаева Ш. Ж., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Г 91 Г. Н. Губайдуллина

Педагогиканы оқыту әдістемесі: оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 244 бет.

ISBN 978-601-7303-73-0

Берілген оқу құралының негізгі мақсаты педагогиканы оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілерін баяндау болып табылады.

Оқу құралында педагогиканы оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздері, педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері, мазмұны мен құрылымы, педагогика мазмұнын жетілдіру және құрастыру сұрақтары, педагогика бойынша лекция, семинар, практикалық және зертханалық сабақтарына дайындалу мен өткізудің дидактикалық талаптары қарастырылады. Педагогиканы оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары және формалары, оқыту технологиялары сипатталады. Студенттердің өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері көрсетіліді.

Оқу құралы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша студенттеріне арналған.

ӘӨЖ 37. 01(075. 8)

КБЖ 74. 00я73

ISBN 978-601-7303-73-0

© Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2012

© Губайдуллина Г. Н., 2012

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-6

1 бөлім Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы . . . 7-43

1. 1 Педагогика ғылым ретінде . . . 7-19

1. 2 Педагогика оқу пәні ретінде . . . 19-25

1. 3 Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері . . . 26-37

1. 4 Педагогиканы оқыту әдістемесінің нысаны, пәні, міндеттері . . . 37-40

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 40-42

Әдебиеттер . . . 42-43

2 бөлім Педагогика курсының мазмұны мен құрылымы . . . 44-67

2. 1 Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде . . . 44-51

2. 2 Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау . . . 51-59

2. 3 Педагогика курсының мазмұнын жетілдіру . . . 59-65

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 65-66

Әдебиеттер . . . 66-67

3 бөлім Педагогиканы оқыту технологиясы . . . 68-87

3. 1 Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде . . . 68-70

3. 2 Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері . . . 70-74

3. 3 Педагогиканы оқыту үдерісінің ерекшеліктері . . . 75-83

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 84-87

Әдебиеттер . . . 87

4 Педагогиканы оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары . . . 88-122

4. 1 Педагогиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері . . . 88-107

4. 2 Педагогиканы оқыту құралдары . . . 107-112

4. 3 Педагогиканы оқыту үдерісіндегі ақпараттық технологиялар . . . 112-120

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 120-121

Әдебиеттер . . . 121-122

5 бөлім Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары . . . 123-151

5. 1 Педагогиканы оқыту формалары: мәні, қызметі, жіктелуі . . . 123-124

5. 2 Педагогика пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру, оқу сабақтарының түрлері және студенттердің өзіндік жұмыстары . . . 125-137

5. 3 Педагогика бойынша студенттердің өзіндік жұмысы . . . 138-149

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 150

Әдебиеттер . . . 150-151

6 бөлім Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау . . . 152-168

6. 1 «Диагностика», «оқыту нәтижелерінің диагностикасы» және «бақылау» ұғымдарының мәні . . . 152-153

6. 2 Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде . . . 153-156

6. 3 Педагогика бойынша бақылау жүргізудің түрлері, әдістері мен формалары . . . 157-167

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 167-168

Әдебиеттер . . . 168

7 бөлім Педагогика бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасы . . . 169-201

7. 1 «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің әдістемелік сипаттамасы . . . 169-179

7. 2 «Тәрбие теориясы» бөлімінің әдістемелік сипаттамасы . . . 179-186

7. 3 «Дидактика» бөлімінің әдістемелік сипаты . . . 186-197

7. 4 «Мектептану» бөлімінің әдістемелік сипаттамасы . . . 197-199

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар . . . 199-200

Әдебиеттер . . . 201

Әдебиеттер тізімі . . . 202-207

Қосымша A . . . 208-220

Қосымша B . . . 221-224

Қосымша C . . . 225-243

Кіріспе

«Педагогиканы оқыту әдістемесі» «Педагогика және психология» мамандығы бакалавриатының студенттеріне оқылатын міндетті курс болып табылады. Жоғары оқу орнын бітірген соң педагогика мен психологиядан сабақ беруге құқық беретін бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Сол себепті аталған оқу пәні студенттерді кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке даярлауды міндет етеді.

Бүгінгі таңда педагогикалық білімнің аясы біршама кеңейе түсті. Педагогика міндетті және элективті курс ретінде «Адам-Адам» жүйесі негізінде кәсіби жұмыс істейтін, мамандар даярлауды жүзеге асыратын әр түрлі оқу орындарында оқытылады. Осыдан келіп педагогикалық білімге ғана емес, оны оқыту әдістемесіне де сұраныс арта түсуде.

Педагогиканы оқыту әдістемесін жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерін оқытудың әдістемесі аясында қарастырған жөн. Мұндай жұмыстар бұрыннан пайда болған және олар И. Г. Автухов, И. Т. Огородников, И. Т. Хант (1933 ж. ), А. П. Минаков (1946 ж. ), М. В. Остроградский, А. Блюм (1955 ж. ), Т. Т. Тәжібаев (1958 ж. ), С. М. Василевский (1959 ж. ), Р. Г. Лемберг (1960 ж. ), С. И. Архангельский (1974, 1980 жж. ), С. И. Зиновьев (1975 ж. ) және т. б. есімдерімен байланысты.

Жоғары мектепте пәнді оқытудың жекелеген аспектілерін оқытудың әр түрлі технологияларын қолдану арқылы А. А. Вербицкий (1988 ж. ), М. М. Левина (2001 ж. ), Д. В. Чернилевский (2002 ж. ), С. Д. Смирнов (2003 ж. ), М. Я. Виленский, П. И. Образцов, А. И Уман (2004 ж. ), Ю. Г. Фокин (2008 ж. ) және т. б. ғалымдар зерттеген. Тұтасымен алғанда қолымызда бар теориялық және әдістемелік әзірлемелер бай әрі құнды материал болып табылады, оқытушылар оны оқып, пайдаланады.

Жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беретін мекемелердегі педагогиканы оқыту әдістемесіне арналған жұмыстардың біршамасы көпшілік назарын аудартып отыр. Атап айтсақ, Н. В. Савиннің «Методика преподавания педагогики» (1987 ж. ) ; Т. А. Стефановскаяның «Система и методика преподавания педагогических дисциплин в вузе» (1992 ж. ) ; Н. Д. Хмель «Теория и технология реализации целостного педагогического процесса» (2002 ж. ) ; Л. А. Косолапованың «Экспериментально-аналитическое обучение студентов педагогике» (2010 ж. ) және т. б.

Педагогиканы оқыту әдістемесінің кейбір өзекті мәселелері отандық «Қазақстандағы педагогикалық ғылымдар академиясының хабаршысы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Ұлт тағылымы», «Ізденіс» және т. б. және шетелдік журналдарда «Педагогическое образование и наука», «Педагогика», «Высшее образование в России», «Вестник Московского университета. Серия: «Педагогическое образование» және т. б. жарық көруде. Аталған журналдар беттерінде жоғары оқу орындары пәндерін оқыту әдістемесінің мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы жарияланады және олар көбінде эмпирикалық сипатқа ие, өйткені олар көп жағдайда оқытушылардың жеке тәжірибесін талдап қорыту арқылы қалыптасқан.

Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде педагогикалық мамандықтар үшін базалық болып саналғанымен, оны оқытудың әдістемесі әлі де толықтыруларды қажет етеді.

Аталған еңбектерді басшылыққа ала отырып, біз педагогиканы оқыту әдістемесінің құрылымы мен мазмұнына өзіндік амалымызды ұсындық.

Біріншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі біз үшін педагогикалық білім саласы болып қаралады.

Екіншіден, біз педагогиканы оқытудың әдіснамалық негізін салуға тырыстық, өйткені әдіснамалық негіздерді ұғынып алмайынша аталған ғылым саласы бойынша білім мәнін, практикалық қолданылуын, ондағы таным үдерісінің ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Осыдан педагогика мазмұнын меңгеру философияның теориялық және әдіснамалық негіздерімен атап айтсақ, гносеология, тұлға мен іс-әрекет теорияларымен тығыз байланысты екендігі шығады.

Үшіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі - теория мен тәжірибенің бірлестігі болғандықтан, оның теориялық және әдістемелік негіздерін жиынтықта қарастырдық. Бұл жол білім алушыларға оқу пәнін тұтасымен қабылдауға, теория мен практика арасындағы өзара байланысты көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға көмектеседі.

Төртіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі педагогика мен дидактиканың түйіскен жерінде қаралады, сондықтан педагогиканы оқытудың формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау жалпы педагогикалық және негізгі дидактикалық ережелерге сүйенеді.

Жоғары айтылғандардан аталған оқу құралдың мақсаты ретінде педагогиканы оқыту әдістемесінің теориялық және әдіснамалық аспектілерін баяндау туындап отыр.

«Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы» деп аталатын бірінші бөлімде педагогика ғылым ретінде де оқу пәні ретінде де қаралып, оның дамуының негізгі кезеңдері сипатталады. Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы диалектілік философия, гносеология, қисын мен әлеуметтанудың негізгі ойларымен, білім беру мен тәрбиелеудің, дамыту мен оқытудың педагогикалық теорияларымен (концепцияларымен), оқу пәнін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістерімен қаланған. Дидактика мен әдістеме, әдістеме мен психология, әдістеме мен қисын қатынасы мен өзара байланысы көрсетілген. Педагогиканы оқыту әдістемесінің ғылыми мәртебесін дәлелдейтін пәнді оқытудағы заманауи концепциялар қарастырылған. Педагогиканы оқыту әдістемесінің мәні ашылып, оның нысаны, пәні, міндеттері және категориялық аппараты таңдалынып алынған.

«Педагогика курсының құрылымы мен мазмұны» деп аталатын екінші бөлімде «білім беру мазмұны», «педагогика мазмұны» ұғымдарының мәні анықталған; педагогикалық білім беру мазмұнының компоненттері мен деңгейлері, педагогика мазмұнын қалыптастыру теорияларының, концепцияларының, парадигмаларының мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі дамытудың негізгі тенденцияларының білім беру саласының халықаралық интеграциясы аясында, нақтылай айтсақ Болон үдерісіне қосылу мәселесі бойынша педагогикалық білім беру мазмұнын жетілдіру факторлары талданады. Педагогикалық білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттарға сипаттама беріліп, педагогика бойынша бағдарламаларды құру тәсілдері қарастырылған.

«Педагогиканы оқыту технологиясы» атты үшінші бөлім педагогиканы оқытудың маңызына, негізгі сипаттарына, қызметтеріне, заңдылықтарына, принциптері мен ережелеріне арналған. Педагогиканы оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы ретінде педагогикалық пәндер интеграциясы қарастырылған.

Бұл бөлімде білім алушылардың педагогиканы оқыту барысындағы уәжін арттыруға көп көңіл бөліне отырып, педагогикалық білімдерді игеру үдерісі сипатталған, болашақ педагог бойындағы педагогикалық білім, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру шарттары мен тәсілдері қаралған. Педагогика пәні оқытушысының студенттердің бойындағы танымдық қажеттіліктер мен қызығушылықтарын қалыптастырудағы рөлі ерекшеленеді.

«Педагогиканы оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдары» деген төртінші бөлімде педагогиканы оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары туралы толық сипаттама жасалған. Оқытудың белсенді әдістері кеңінен қарастырылып, оларды педагогиканы оқыту практикасында қолданудың нұсқаулары берілген. Бөлімде оқытудың ақпараттық технологиялары, әсіресе, компьютерлік оқыту технологиясы туралы деректерге де ерекше назар аударылған.

«Педагогиканы оқытудың ұйымдастырушылық формалары» деген бесінші бөлім «оқытудың ұйымдастырушылық формалары» деген ұғымның мәнін толығымен ашып көрсетеді. Бұл бөлімде дәріс, семинар, зертханалық сабақтар және т. б. оқытудың ұйымдастырушылық формалары туралы сипатталады; дәрістерді, семинар сабақтары мен зертханалық жұмыстарға дайындалудың, ұйымдастырып өткізудің дидактикалық талаптары да қарастырылады.

Кредиттік оқыту технологиясы негізінде студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) көлемі арта түсетіндігі белгілі. Сол себепті аталған бөлімде студенттердің өзіндік жұмыстарына ерекше назар аударылып, «өзіндік жұмыс» ұғымының эволюциясы мен мәні анықталды. Педагогика бойынша өзіндік жұмыстардың жіктемесіне шолу жасалынып, студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқаулар берілді.

«Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау» деп аталатын алтыншы бөлімде бақылау педагогиканы оқыту үдерісін ынталандырады деген ойға жетелейді. Сонымен қатар, диагностика, оның тұлғаға бағытталған сипаты, оның білімділік деңгейін обьективті әрі жан-жақты бағалауға ерекшеліктері ашылып көрсетілген. Бақылау оқыту үдерісінің нақты бір бөлігі ретінде педагогиканы оқыту үдерісіне ерекше орын бөлінеді, бақылаудың қызметтері, түрлері, әдістері мен формалары кеңінен қаралады. Кредиттік оқыту технологиясы тестік және рейтингтік бақылауды кеңінен қолданатын болғандықтан, бөлімде аталған технология, оның ерекшеліктері, педагогиканы оқытуды ұйымдастырудағы маңызы туралы мәселелер қарастырылған.

«Педагогика бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасы» деп аталатын жетінші бөлімде педагогиканың барлық бөлімдері заманауи білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымның даму тенденцияларын негізге ала отыра толық сипатталған.

Әрбір бөлім студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілген бақылау тапсырмалары мен сұрақтарынан аяқталады.

Қосымшада студенттердің дәріс және семинар сабақтарына дайындалуға және педагогика пәні бойынша әр түрлі жұмыстарын жазуға арналған нұсқаулар, педагогика бойынша оқу сабақтарын талдау жаднамасы және өзін-өзі бақылау үшін тест тапсырмалары берілген.

Оқу құралдың мазмұны «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына және «Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқу типтік бағдармасына сай келеді.

Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарының және колледждердің студентттеріне арналған.

Бірінші бөлім Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы

Ғылым шындықтың көрінісі

Ф. Бэкон

1. 1 Педагогика ғылым ретінде

Эпистемологияда (ғылыми таным теориясы) «ғылым» ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Олардың біразына тоқталайық.

Ғылым - әлемнің ғылыми картасының негізінде тексерілген, дәлелденген білімдер жүйесі; ғылыми білімнің жекелеген салалары [ 1, 190-бет] .

Ғылым - білімді өндіруге байланысты туындайтын іс-әрекеттер (ғалымдардың білімділігі мен қабілеттері, ғылыми біліктілігі мен тәжірибесі; ғылыми еңбекті бөлу және кооперациялау, ғылыми мекемелер мен оның құрал-жабдықтары) ; ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері; ғылыми түсініктер мен категориялар; ғылыми ақпарат жүйесі және ғылыми өндірістің негізі немесе құралы немесе нәтижесі ретінде көрінетін білімдер жиынтығы [2, 278-бет] .

Ғылым төрт аспектіден тұрады:

-жеке-ғылыми (ғылым білімді алу көзі ретінде) ;

-әлеуметтік мәдени (ғылым әлеуметтік институт ретінде) ;

-пәндік (ғылым ғылыми пәндер үйлесімділігі ретінде) ;

-іс-әрекеттік (ғылым адамның іс-әрекеті ретінде) .

Ғылымды мынандай белгілері ерекшелейді:

1) әлеуметтік, мұндай белгіде ғылымның дамуына қоғамның қажеттіліктері негіз болады;

2) жүйелілік, яғни ғылым - өзара байланысқан нысан мен пән, өзіндік категориялық аппарат, теория мен болжам, әдістер мен фактілер сияқты элементтерден құралған жүйелі феномен;

3) серпінділік , ғылым эмпирикалық тексерілген және теориялық негізделген дәлелді білімдермен үздіксіз толықтырылып отырады [2, 278-бет] .

Сондықтан, кез келген ғылым - бұл тек білім ғана емес, сонымен қатар білімді өндірудің үдерісі; пән ретінде әрекеттегі білім саласы болып табылатын адамның практикалық іс-әрекетінің бір түрі. Педагогика ғылым ретінде жоғарыда аталған аспектілер мен белгілерге сүйенеді және еш күмәнсіз жеке ғылымдар жүйесіне жатқызылады.

Педагогика - педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым.

Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері ретінде қаралатындар : нысан, пән, категориялы-түсініктілік аппарат, теория, болжау, әдістер мен фактілер. Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтерін қарастырайық (1-сурет) .

1-сурет. Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері

Ғылым нысаны жалпы түсінікте нақтылы ғылым зерттейтін шындықтың саласын, бөлігін қамтиды.

Педагогика нысаны ретінде кең мағынасында білім беруді танимыз, яғни тұтас педагогикалық үдерістегі адамның дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен тәрбиеленуі.

Ғылым нысаны көпқырлы, көп аспектілі феномен, сондықтан оның ғылым пәні ретінде қызмет ететін нақтылы жақтары ғана алынады.

Педагогика пәні ретінде тұтас педагогикалық үдерісі саналады, оған оқыту мен тәрбие үдерістері кіреді [3, 78-бет] .

Кез келген ғылым өзінің категориялық-түсініктілік аппараты негізінде танылады. Осыған байланысты «термин», «ұғым» және «категория» сөздерінің мәнін ашып алу керек.

Термин (лат. terminus - шек, шекара) - шындық нысанын айқын бейнелейтін және жеке сала аясында басқа ұғымдармен қатынас орнататын сөздер мен сөз тіркестері.

Категория (грек. kategoria - анықтама) - шынайылықтың қатынасы мен заңдылықтарын, қасиеттерін, ұғымдарын бейнелейтін және ғылыми-теориялық ойлау сипатын анықтайтын жалпы және нақтылы ұғым.

Ұғым - белгілі бір мазмұндағы сөз бен сөз тіркестігі [3, 88-бет] .

Педагогикада негізгі категорияларға жататындар: білім беру, тәрбие, оқыту, педагогикалық үдеріс, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу. Бұл категориялардың анықтамасына тоқталайық.

Білім беру - білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т. б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы.

Тәрбие - тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.

Оқыту - арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.

Педагогикалық үдеріс - тұлғаның білім алуы мен дамуы, оқуы мен тәрбиеленуі туралы міндеттер шешілетін арнайы ұйымдастырылған педагогтар мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі.

«Білім беру» мен «тәрбие» ұғымдарынан «өздігінен білім алу» және «өзін-өзі тәрбиелеу» деген сөздер туындайды.

Өздігінен білім алу - білімді іздеу мен игеру жолындағы адамның мақсатты әрекеті мен нысаналы бағытталған жұмысы.

Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзіне қажетті мінез-құлық сапаларын қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саналы жұмыс түрі.

Кез келген ғылым теория және фундаментальді білім жүйесінен тұрады.

Педагогикалық теория - сипаттау, түсіндіру, болжалдау және сәйкес келетін педагогикалық шынайылықты қайта құрайтын педагогикалық нысандардың обьективті және заңнамалық қасиеттері мен байланыстары туралы ретке келтірілген білімдер жүйесі [4, 188-бет] .

Фундаментальді және жеке педагогикалық теорияларды ажыратқан дұрыс. Фундаментальді теория ретінде оқыту теориясы (дидактика) мен тәрбие теориясы танылып жүр. Жеке педагогикалық теорияға білім алушылардың танымдық іс-әрекетін арттыру теориясы (Г. И. Щукина және т. б. ), проблемалық оқыту теориясы (М. И. Махмутов және т. б. ), дамыта оқыту теориясы (Л. В. Занков, В. В. Давыдов және т. б. ), педагогикалық жүйелерді басқару теориясы (М. М. Поташник және т. б. ), тұтас педагогикалық үдеріс теориясы (Н. Д. Хмель және т. б. ) жатады.

Теорияны қалыптастыру алдында болжам жасалады. Болжам - теориялық қалыптасқан болжалдар жиынтығы, оның шынайылығы тәжірибе жүзінде тексеріледі.

Педагогикалық болжам - ешбір ғылыми фактілермен, әдістермен, заңдармен түсіндірілмеген және анықтауды қажет ететін педагогикалық шынайылық құбылыстарына қатысты теориялық болжам.

Кез келген педагогикалық болжам белгілі бір тәсілдер мен амалдар жүйесімен тексеріледі, оларды әдістер деп атайды. Әдіс (грек. metohodos - жол, зерттеу жолы) мәселелерді шешу тәсілін білдіреді.

Педагогикалық ғылым әдістері:

-теориялық (интерпретация, түсіну, анализ, синтез, модельдеу, аналогия, индукция, дедукция, салыстыру, талдап қорыту, рангілеу, жіктеу, монографиялық әдіс және т. б. ) ;

-эмпирикалық (бақылау, контент-анализ, тәжірибемен танысу, эксперимент, сауалнама және т. б. ) ;

-социометрикалық (рейтинг, шәкілдеу (шкалирование ) , полярлық сала әдісі, тестер және т. б. ) .

Кез келген ғылым шынайылыққа, практикаға нақты сәйкес келетін білім элементі болып саналатын фактілерді зерттейді. «Факт» термині қарапайым түсініктемеде болған, орындалған жайт дегенді білдіреді.

Педагогикалық теориялар негізінде эмпирикалық материал ретінде қаралатын фактілер жатыр.

Педагогикалық факт - педагогикалық қатынас. Оның негізінде көбінесе адамды өзгертуге деген құлшыныс жатады, оның ішкі позициясын, іс-әрекеті мен мінез-құлқын, сонымен қатар тұлғаны қалыптастыруға жетекшілік жасайды [5, 139-бет] .

Педагогикалық практика көп мөлшердегі педагогикалық фактілерді туындатады. Педагогикалық фактілердің формалары бойынша сапалық және сапалық-сандық, жай және күрделі, жағдай фактісі, жағдаят фактісі (үдерістері) болып бөлінеді. Педагогикалық фактілер талдап қорыту деңгейіне қарай жекелік және көпшілік, бірлікті және жалпы деп жіктеледі. Фактілер тіркелген байланыстардың қайталануларына қарай динамикалық және статистикалық деп бөлінуі мүмкін.

Фактілер ғылыми бақылаулардың мәліметтері болып табылады. Олар педагогикалық құбылыстардың мәнін және олардың арасындағы заңдылық байланыстарын анықтау үшін қажет. Әрбір педагогикалық факт бақыланып зерттеледі, оның басқа фактілермен байланысы анықталады. Содан кейін олар талдап қорытылады, жүйеленеді, белгілі бір теория тұрғысынан дәлелденеді, содан кейін ғана ғылыми білімнің құрамдас бөлігі болып қалыптасады.

Осылайша, педагогикалық ғылым өзара байланысқан құрылымдық элементтерден тұрады және оның тұтастығын қамтамасыз етеді.

Педагогика ғылым ретінде мынандай сапалық қасиеттерге ие:

- инновациялық (жаңашылдық) - педагогикалық ғылым қажеттіліктерін өтейді, онда барлығы жаңарып отырады, оларға педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері, құндылық бағдарлары, оқыту мен тәрбиеге жаңа нұсқаулар, педагогикалық қарым-қатынас формалары мен әдістері жатады. Барлық жаңалықтар білім беру мен тәрбиенің мақсаттарымен байланысты, олар педагогикалық еңбекті жоғары шығармашылық деңгейге көтереді;

- тұлғалық бағыттылық - кез келген педагогикалық жүйенің ортасында тұлғаның МЕН - концепциясы орналасқан;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Халықтық педагогика ұғымы
9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі
Химиялық ұғымдарды оқыту
Педагогика ғылымы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz