Педагогиканың дәрістері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ

Глоссарий

Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін
мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие – тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар
мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен
тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің процесі.
Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін
қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің
процес.
Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.
Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру
процесі.
Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып
қалыптасу процесі.
 Педагогикалық көзқарастар  -  жалпы және өзіндік тұжырымдарға
жатпайтын педагогикалық құбылыстар бойынша ой-пікірлер.
 Педагогикалық идеялар -  ойлар ғылыми теорияның негізі болып табылады.
 Идея – бұл ой, зат не құбылыс туралы жалпы ұғым, ол түсінік және анықтау
жүйесінде көрінеді.
 Педагогикалық  теория (грек. - бақылау, зерттеу) – педагогикалық
тәжірибенің, практиканың, тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны;
педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың ғылыми түсіндірмесі және мақсат,
міндет, мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті іске асыру әдістері.
 Педагогикалық жүйе  (грек. - бөліктерден құралған, қосылған) -
 белгілі бір педагогикалық тұжырым және оны шынайы  педагогикалық
практикада жүзеге асыратын тәжірибені қамтитын кең педагогикалық ұғым.

Модуль 1. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

1. Тақырып Педагогика адам тәрбиесі жөніндегі ғылым.

Мақсаты: Педагогика пәнініңі маңызы мен мәні және мазмұны, басқа
пәндермен байланысы, әдіснамалық негіздері туралы білім беру.

Жоспар:
1. Педагогика ғылымының даму кезеңдері.
2. Педагогиканың объектісі.
3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
4. Педагогиканың қазіргі кездегі проблемалары.
5. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогика өзінің даму кезеңінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы
ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы
негздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы –дидактика, т.б.
жатады.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әр дамуына байланысты педагогика
ғылымының түрлі салалары: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы,
педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-
техникалық білім беру педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы, әскери
педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек
педагогикасы пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика үйелмендегі, балалар-бақшасындағы, демек,
мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы кіші, орта және жоғары жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқытудың мақсатттары мен міндеттерін, әдістері мен
принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
Педагогика тарихы-педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы.
Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту
үшін өткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп,
шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ
ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен
байланыстыра шешетін болады.
Дефектология- педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру,
есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды
оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға
бөлінеді: сурдопедагогика-саңырау, мылқау және керең балаларға,
тифлопедагогика-соқыр балаларға, олигофренопедагогика-ақыл-ойы кеміс
балаларға, логопедия-тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру
проблемаларын зерттейді.
Әрбір ғылым өзнің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың еркшеліктеріне сәйкес қолданады.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау,
әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б.
жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып
жүрген әдістерінің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық
құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар
бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі,
жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде
шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижесі болуына игі
әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және
шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі
зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғарғы
дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау –бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына
қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу тәрбие
процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі
пайдаланылады. Жеке мәселелерді зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі
қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды,
кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды,
киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау
материалдарды арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтетрін әңгіме әдісі арқылы түскен
материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар
жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың
әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және
графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі
тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында
жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы
жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасы мен
қатынасын, олардың теориялық және дайындықтарын, осыған орай,
мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар.
1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
2. Тәрбие дегеніміз не? Тәрбиені кең және тар мағнада қалай түсінуге
болады?
3. Педагогиканың дамуы және басты міндеттері.
4. Педагогика ғылымының жүйесі жайында не айтар едіңіз?
5. Тәрбие және оқу мәселелерін тиімді зерттеу үшін педагогика қандай
ғылымдармен тікелей байланыста болуы қажет?
6. Ғылыми бақылау және ғылыми әңгіме әдістерін қандай мақсаттармен
қолдануға болады?
7. Мектеп құжаттары және оқушылардың щығармашылық жұмыстарын зерттеудің
маңызы мен алатын орны?
8. Эксперименттің түрлері және оларды ғылыми-зерттеу жұмысында қолданудың
басқа әдістерге қарағанда ерекшеліктері.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы. 8-том (орыс тілінде), 1950.
2. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалар. Алматы. Мектеп,
1973.
3. Макаренко А.С. Сочинение, 5-том (орыс тілінде), М., 1951.
4. Валиханов Ч. Сбор.соч. В Пяти томах, 1 том, Алматы, 1999.
5. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, Рауан, 1991.
6. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы. Ғылым, 1955.
7. Құнанбаев А. Шығармалары, 2 томдық. 1,2 том. Алматы, Жазушы, 1968.
8. Торайғыров С. Шығармалары, 2 томдық. 1,2 том. Алматы, Жазушы, 1966.
9. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1988.
10. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1980.
11. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1991.
12. Аймаутов Ж. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1989.
13. Жумабаев М. Таңдамалы шығармалары. Алматы, Ғылым, 1992.

2. Тақырып Жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы, тәрбиесі.

Жоспар:
Мақсаты: Жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы, тәрбиесі жайлы білім беру.
1. Жеке тұлға, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру.
2. Жеке тұлғаны қалыптастырудың факторлары.
3. Іс-әрекет пен қарым-қатынас-жеке тұлғаның даму бұлағы.
4. Жеке тұлғаның даму тұжырымдамасы.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек
философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр
белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл
болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың
пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы
болып туатын сияқты.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын
жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-
1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше
батареясы, ондағы гена саймандары өзгермейді, олар баланың дене
қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз
ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп
тұжырымдайды.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік
орта, тәрбие т.б. жатады.

Модуль 2. Тұтас педагогикалық үрдістің теориясы және практикасы
3. Тақырып Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі.

Мақсаты: Тұтас педагогикалық үрдістің теориясы және практикасы туралы білім
беру.

Жоспар:
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
4. Тәрбие процесінің мәні
5. Тәрбие үрдісінің мәні, оның мақсаты және мазмұны.
Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатқа бағыттау үрдісі. Жалпы азаматтылық,
үлттық жэне жеке дара түлғаның құндылықтардың өзара байланысы. Тәрбиенің
мақсаты, мазмұны және әдістері, педагог заңдылықтары ретіндегі өзара
байланысы.
Тәрбие мақсатының тарихи және объективті сипаты. Жеке түлғаның жан-
жақты және үйлесімді дамуының эволюция идеялары. Оқушы тәрбие субъектісі.
Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу. Мұғалім жұмысындағы тәрбие мақсатының
реализмі. Қазіргі кезеңдегі мектептегі тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін
жүзеге асуы.
Оқушылардың тәрбие мазмұны. Қазақстан Республикасының білім беру
мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасы. Ғылыми көзқарасты
қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық-құқық және ұлттық тәрбиесі. Жалпы
азаматтылық құндылығының басымдылығы және адамгершілік тәрбиесі.
Эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру. Салауатты өмір сүруді
қалыптастыру және еңбек тәрбиесі. Экологиялық тәрбие. Тәрбие мазмұнын және
нарықтың қатынас жүйесіндегі өмірге оқушыларды дайындау.

Тәрбие зандылыктары мен принциптері.

Жоспар:
1. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері.
2. Тәрбие процесі, заңдылықтары, принциптері, олардың өзара байланысы.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жұмыстары.
4. Мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың формалары мен әдістері.
Принцип дегеніміз- адамның іс- әрекетінде басшылыққа алатын алғы
шарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-
тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар.
Тәрбие заңдылықтары: тәрбиенің қоғамдық мұқтаждық пен талаптарға
үйлесімділігі, тәрбие, оқыту, білім беру жэне жеке дамуы үрдістерінің іс-
әрекеттің анықтаушы ролі, тэрбиелеушінің жас және өзара ерекшеліктеріне
тәрбиенің тәуелділігі, тәрбие үрдісіндегі ұжым мен жеке бастың өзара
байланысы, тұтас тәрбие үрдісіндегі мақсат, мазмұн, әдістер мен тәрбие
түрлерінің бір-біріне тәуелділігі.
Тәрбие принципі тәрбие үрдісі зандылығының бейнесі.
Тәрбие принциптерінің негіздері:
* тәрбиенің тұтастығы және мақсатқа бағыттылығы;
* тәрбиенің өмірмен байланыстылығы;
* сана мен мінез-құлық бірлігі, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу
педагогикалық басшылықтың оқушылар инициативасы және
дербестілігі мен үйлесімділігі, орынды талап қоя отырып, баланың
жеке басына құрметпен қарау;
* тәрбие жеке дара келу, тәрбиеден сабақтастық;
- мектеп пен отбасының педагогикалық талаптарының бірлігі.
Біртұтас теория үрдісіндегі тәрбие принциптері арасындағы бірлік пен
өзара байланыс. Тәрбие принциптерінің гуманизмі.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар.
1. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қалай түсінесіз?
2. тәрбие процесі, заңдылықтары, принциптері олардың өзара байланысын
дәлелдеңіз.
3. өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жұмыстарын мектепте
ұйымдастырудың нысандары, әдістерін ата.
4. тәрбие баланың дамуында қандай жағдайларда баст рөл атқарады?
5. жеке адамды жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан
мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы жоспарының негізгі бағыттарына
талдау жасаңыздар?
6. Ақыл-ой тәрбиесін, политехникалық және еңбекке баулудағы
адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін жүзеге асырудағы
мектептің міндеттері туралы әңгімелеп беріңіздер?
7. тәрбие процесінің мәні туралы алдыңғы білімге сүйене отырып,
тәрбиені басшылыққа алатындай етіп, тәрбиенің принципі немесе оның
негізгі қағидаларын жасаңыздар?
Әдебиеттер:
1. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика.-Алматы, 1999.
3. С.Қалиев, Ш. Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. оқушылардың
тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері.-Алматы,
2001.
4. А.С. Макаренко. Тәрбие мақсаты.-М, 1958.
5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырымдамасы.-Алматы, 1995.

5.Тақырып ТПҮ-тегі тәрбие түрі, әдістері, құралдары.

Мақсаты:ТПҮ-тегі тәрбие түрі, әдістері, құралдары туралы білім беру.

Жоспар:
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру
әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау оған
қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері
Тәрбие әдістері туралы ұғым. Тәрбие әдістерінің, тәрбиенің
мақсаттарына, принциптеріне, мазмұнына, оқушылар ерекшеліктерімен ұжым
дамуының деңгейіне тәуелділігі.
Тәрбие әдістерін жіктеуге әр тұрғыдан қарау. Адамгершілік (түсінігін,
пікірін, нанымын, баға беру қабілетін) қалыптастыру әдістері. Лекция,
әңгімелесу пікір-талас. Үлгінің тәрбиедегі ролі, оның түрлері мен қызметі.
Қоғамдық мінез-құлық әрекеті және тәжірибені қалыптастыруды
ұйымдастыру әдістері. Педагогикалық талап, қоғамдық пікір - ұжымдық
талаптың түрі.
Үйрету, жаттығу, тәрбиелеушілік ситуациялар туғызу.
Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері. Жарыс, мадақтау,
жазалау, тәрбие әдістерін қадағалау әдістері. Тәрбие әдістерін қолайлы
тандау мен тиімді пайдалану шарттары.
Мектепте тәрбие әдістерін жетілдіру - қазіргі замандағы мектептердің
міндеттерінің бірі. Тәрбие әдістерін қолдануға творчестволық көзқарас.
Педагогикалық техника және оның тәрбиедегі мәні. Педагогика
техникасын тәрбие әдістерінің әсерін жоғарлатуда қолдану.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар.
1. Әр түрлі оқулықтар мен оқу құралдарынан тәрбие әдістерінің
анықтамасын жазып алып талдаңдар.
2. Тәрбие әдісінің тарихына көңіл аударыңыз.
3. Тәрбие әдістерінде іс-әрекеттің негізі жатыр. Ол әсіресе
мұғалімнің жеке басына және тәрбиеленушілерге арналып жасалған.
4. Тәрбие әдістерінің жеке түрлерін зерттеңіз.
5. Әдіс таңдаудың тәрбиелеу тиімділігін арттыруға әсері бар ма?
6. Тәрбие әдістері туралы әр түрлі ұғымдар бар. Мұны сіз қалай
түсінесіз?
7. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін сипаттаңыз?
8. Тәрбие әдістерінің жіктелуі жөнінде әр түрлі көзқарастар туралы не
айтар едіңіз?
9. Мәдениетті мінез-құлық, гигиеналық дағдылар мен әдеттерін
қалыптастыру үшін бірнеше ойын түрін таңдаңыз.
10. Әр түрлі тәрбие әдістерінің өзара байланысын сипаттаңыз.
Әдебиеттер:
1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы.-Алматы, 1991.
2. А.О. Пинт. Ата-аналар сіздер үшін.-Алматы, 1990.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.-Алматы, 1994.
4. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі.-Алматы, 1995.
5. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2004.
Оқушылардың дүниетанымын калыптастыру.

Жоспар:
1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары
3. Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесі.

Жоспар:
1. Ы. Алтынсарин, әл-Фараби, т.б ұлы ғалымдар мен педагогтардың
адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
3. Діни рухтық тәрбие.
4. Қыз бала тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
Адамгершілік тәрбиесінің, тәрбие жүйесіндегі орыны, адамгершілік
тәрбиесінің міндеттері және жалпы азаматтылық құндылығы. Адамгершілік
тәрбиесінің мазмұны. Адамгершілік қасиеттерді: сенім, көзқарас және дағды
бірлігін қалыптастыру. Мектептегі адамгершілік тәрбиесінің әдістері,
құралдары және жолдары. Оқушыларды адамгершілікке шақыру. Біріккен іс-
әрекетте және қарым-қатынаста, ұжым өмірінде адамгершілік тәжірибені
қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің оқушылардың жасына, жеке
ерекшеліктеріне тәуелділігі. Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесінің критерийлері.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар.
1. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз не?
2. Ұлы адамдар әл-Фараби, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаевтың адамгершілік
тәрбиесі жөніндегі көзқарастарын талда.
3. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі бағыттары мен мазмұнын атаңыз.
4. Абайдың жастарды отбасы өміріне даярлау жөніндегі көзқарастарына
тоқталыңыз.
Әдебиеттер:
1. Т.А. Ильина. Педагогика.-Алматы, 1997.
2. Қ.Б. Сейталиев. Тәрбие теориясы.-Алматы, 1976.
3. И.А. Қайров. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі.-Алматы, 1980.
4. К.А. Оразбекова. Иман және инабат.-Алматы, 1993.
5. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдың көзі.-А., 1980.
6. А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы.-Алматы, 1954.
7. Ш. Құдайбердиев шығармалары.-Алматы, 1988.
8. Ы. Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.
9. Ыбырай тағлымы.-Алматы, 1995.
10. А.Байтұрсынов. Ақ жол.-Алматы, 1991.
11. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік.-Алматы, 1986.
12. А.Көбесов. Әл-Фараби.-Алматы, 1971.
13. А.Э. Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық
педагогикасы.-Москва, 1991.
14. Ғылыми практикалық конференция материалдары.-Алматы, 1992.
15. Ел аузынан.-Алматы, 1989.
16. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы Қазақстан мұғалімі 5 ақпан, 1993.
17. М.М. Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір
мәселелері.-Орал, 1992.
18. В.А. Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу.-Алматы,
1984.
19. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. –Алматы, 1976.
20. В.А. Сухомлинский. Коллективтің құдіретті күші.-А.: Мектеп,
1979.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар.
1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдептілік негіздері – дәстүрлер мен ғұрып – салттар
Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы
Қазақ халқының дәстүрлері, адамгершілік әрбиесі
Жәңгір ханның өмірбаяны
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Халықтық педагогика - тәрбие бастауы
Қазақта Баланы жастан
Пәндер