ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ ДАМЫТУ ҮДЕРІСІ


ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ ДАМЫТУ ҮДЕРІСІ
«Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім экономикада басты назар материалды тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интеллектуалды білім беру жүйелерінің даму барысы да додаға салынады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап оқыту арқылы жұмыс күшінің интелллектуалды компонентін арттыру - бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жаңа әлемде білім берудегі бәсекеге қабілетіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына айрықша ден қойыла бастады.
Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін орта мектептердегі білім берудің басты мақсаты - мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру және мектеп ісін басқарудың тиімді жолдарын қарастырып, педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.
Білім беру мекемелерінің мұндағы мақсаты-білім беру процесінде педагогтың, адамның дара тұлға ретінде қалыптасуына ерекше педагогикалық, психологиялық жағдай туғызу. Бұл жалпы білім беретін мектептердегі басқарудың әдіс-тәсілдерінің бәріне, мұғалім мен оқушының тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыруға, оның бейімділігін анықтауға бағыттайды.
Сапалы білім мен саналы ұрпақты қалыптастырушы, әрине, ол - ұстаз. Ал ұстаздың анықтамсын дана Әл-Фараби былай деп көрсеткен: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дихрем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әдептілік және әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да, әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Нағыз педагог деп оқушы жүрегіне жол таба білген адамды айтамыз. Ендеше қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Жаңа формация мұғалімі кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі - кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни, ол ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам. Мұғалім өзі құзіретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай.
«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі - педагогтардың құзіреттлігін үздіксіз дамыту. Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай міндеттер жүктеліп отыр.
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы.
2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі
5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Педагогтың кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады.
І. Кәсіби қасиеті:
- ұйымдастыру қабілеті ;
- білімнің тереңдігі;
- ғылыми білімі;
- дарындылығы;
- шығармашылығы;
-интеллектуалдық қасиеттері.
ІІ. Моральдық -этикалық
- қарапайымдылығы.
-ақиқатқа құштарлығы;
- мейірімділігі;
-адамгершілігі.
ІІІ. Психологиялық даярлығы:
- сыртқы келбеті;
- сөйлеу мәдениеті;
- киім киісі;
- әдептілігі.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, бір сөзбен айтқанда кәсіби құзіретті ұстаздың қалыптасуын үздіксіз дамытуды қажет етеді. .
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық - қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», -деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстары аралығында кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Қоғамның сұранысын қанағаттандыру мұғалімнен жоғары мәдени адами құндылықтар мен сенімдердің қалыптасқан жүйесін, кәсіби белсенділік пен өзін- өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысты талап етеді. Осыған байланысты мұғалім тұлғасын үнемі шыңдап отыру қажет. Міне, біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі міндеті осыдан туындайды: ол маманның кәсіби құзіреттілігін тұлғалық қасиеттерімен үйлесімді дамыту болып табылады. Еркін әрі белсенді ойлауға, оқу тәрбие үрдісін моделдеуге, жаңа идеяларды өзі туындатып, іске асыруға қабілетті мүғалімнің кәсіби құзіреттілігінің деңгейін көтеру проблемасы- қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайға өзекті проблемалардың бірі болып табылады.
Біріншіден, кәсіби құзіретті мұғалім оқу тәрбие жұмысы барысында шығармашыл оқушыны қалыптастыруға жағымды ықпал ете алады, екіншіден, өзінің кәсібінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алады, үшіншіден, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алады.
Кәсіби құзіреттілікті екі аспектіде қарастыратынын байқауға болады: кәсіптік дайындықты көтеруге арналған білімнің мақсаты; өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асырушы мұғалімнің жай күйін бейнелейтін аралық нәтиже. Педагогтің кәсіби құзіреттілігінің дамуын зерттеушілер маманның кәсіби қалыптасуының бастапқы кезеңінде бұл үрдіс салыстырмалы түрде дербес болатынын, біртіндеп, толыққанды біртұтас кәсіби мәнді сапаға айналатынын айтады. Құзіреттілік - әлеуеметтік мәселе, сондықтан тек кәсіби емес, педагогтің жеке қасиеттері де белгілі бір мәнге ие болғандықтан, кәсіби тұлғалық құзіреттілік деп атау орынды сияқты. Дегенмен, кез келген мұғалімді кәсіптік шеберліктің жоғары деңгейіне қол жеткізген маман ретінде қарастыруға болмайтыны белгілі. Солай бола тұра, ол кәсіптік тұрғыда өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін құралдарды меңгеруі тиіс. Басқаша айтсақ, біліктілік арттыру ұйымында мұғалімнің болашақта кәсіби - тұлғалық құзіреттіліктің жоғары деңгейіне өтуіне ықпал ететін жұмыс түрлері ұйымдастырылуы тиіс. Бүгінгі таңда құзіретті маман қалыптастыруға арналған нақты бір амал айқындалмаған. Әдебиетте бірнеше негізгі амалдардың сипаттамалары кездеседі. Соның түйінділерінің бірі Н. Кузьмина ұсынған тұжырымдама деуге болады. Ол құзіреттілікті педагогке қажетті қабілеттер аясы арқылы анықтайды. Қалай дегенде де, құзіреттіліктің негізгі мәнін адамның кәсіптік әрекетте, кәсіптік қатынаста, кәсіби қалыптасуда пісіп жетілуі, өзіндік дербес қолтаңбасының пайда болуымен байланыстыруға болады.
Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz