Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар Педагогтың жеке тұлғасы


Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар
Педагогтың жеке тұлғасы
Posted on 02. 03. 2014 by Жакупов Нурсултан
Педагогтың жеке тұлғасы
Жоспар:
Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар.
Мақсаты:
Осы дәріс арқылы студенттердің бойында еріктік, эмоционалды-бағалы қасиеттерінің қалыптасуына жол беру. Барлық жағдай жасау.
Педагогтың қоғамда алатын орнының маңыздылығын жеткізу. Өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту. Мұғалімге деген түзу көзқарасын қалыптастыру.
Педагогтың жеке басының жағымды жақтарын өз бойына сіңіру. Педагогқа қойылатын талаптарды ең алдымен өзіне қоюын үйрету.
1. Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде
Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.
Педагог позициясы - интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан - педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.
Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.
Л. Б. Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:
Егер ол талап, норма, көзқараспен т. б. ғана шектелсе, онда ол - ақпаратшы.
Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол - жолдас.
Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол - диктатор.
Егер ол осторожное уговариваниені пайдаланса, онда ол - кеңесші.
Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол - сұраушы.
Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол - вдохновитель.
Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты
жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.
2. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.
Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:
жалпы азаматтық сапа,
мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,
мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.
Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық
қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В. А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.
А. И. Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:
жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),
жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),
коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),
өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу) .
Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.
Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.
Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.
Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.
Осындай сапалар ішінен п едагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді.
Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің самоотверженность болып табылады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А. С. Макаренко мен В. А. Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.
Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.
Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.
Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделінен көрінеді.
Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz