Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру,тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты
міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері
жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да,
мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмүнын шәкірт бойына сіңіру. Жаңа
материалды шеберлікпен түсіндіре білу. Қазіргі жаһандану заманында білім
саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір Мұғалімнен жаңаша жүмыс істеуді,батыл
шығармашылдық ізденісті талап етеді.
XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: Сабақ беру-үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деген. ұстаздық өмірдегі
тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым-баланы субьект ретінде
оқу ісіне өзінше қызықтыратын,оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу,
ойлау дағдыларын жетілдіру. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қабілетін
дамыту-негізгі үстанымым. Ондағы мақсатым:оқушылардың дүниетанымын кеңейту
және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу,
қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шүғылдануға машықтандыру, бойындағы
қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, өз жүмысының нәтижесін көріп, өз-
өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік
беру. Бүгінгі күнде қоғам алға қойып отырған талаптардың бірі, міне, осы
ығаршылық адамын тәрбиелеу. Ендеше, осындай шығармашылыққа баулу,
қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Сондықтан, бұл процестіжаңаша
технологиямен ұйымдастырудың аңызы өте зор.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қабілет - олардың белгілі бір іс-
әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір
іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан
қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан, оқушылардың бейімділіктерін дер
кезінде көре біліп,олармен өз қабілеттеріне орай жұмыс істеу біздің
міндетті борышымыз.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы әбден
мүмкін.Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін
ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаган
шығармашылық жүмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Баланың қабілеті мен талантын ашуды неғұрым ертерек бастаса, соғұрлым оның
қабілеті толық ашылуы мүмкін
Қазіргі уақыт талабына сай мектепте шет тілі пәнін практикалықмақсатта
оқытып үйретудің қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Сондықтан да шет тілін
мектеп оқушыларына оқытып, үйретуде менің алға қойған мақсатымгбағдарламаға
сәйкес белгіленген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде окушылардың
шет тілінде өз ойын еркін жеткізе білуі, қосымша әдебиеттерді пайдалана
отырып, мәтінді оқу немесе тыңдап түсінуге бейімдеу, мәтіннің кейбір
тұстарын аудара білу. Одан түйгенін қысқаша түрде әссе, шағын хабарлар
жазуға немесе әңгімелеуге, өз ойын еркін айтып,баға бере білу әрекеттерін
қалыптастыруға және оқушыларды өз бетімен жүмыс істеуге баулып,игерген
білім икемділіктері мен дағдыларын кез-келген жағдайда шығармашылықпен
қолдана білуге дағдыландыру.
Осы мақсат оқушыларға шет тілін практикалық тұрғыда меңгертудің негізін
қалап, бүкіл оқыту барысында коммуникативтік бағдар бере отырып,щқытуға
негіз қалайды, яғни оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлей алу қабілетін
дамытуга негіз болады.
Менің алдыма қойып отырған мақсатым осы еді. Осы мақсатымды жүзеге
асыру үшін ағылшын тілін тереңдетіп оқитын жоғары сынып оқушыларымен
бірлесе отырып жүмыс істеуді жөн көрдім. Осылайша жоғары сынып оқушыларымен
Дөңгелек столөткізіп, оқушыларды проблемалалық тақырыппен таныстырып,оның
шешу жолдарын анықтап, оқушылардың ой-пІкірлерін тыңдап,қызу пікірталас
жүргіздік.
Нәтижесінде тақырыпты қүрамдас бөліктерге бөле отырып, әр сынып
оқушыларының қабілеттеріне қарай,мысалы, сурет салу, жазушылық, іздене
білу,аудармашылық және де басқа да қабілеттеріне қарай шағын шығармашылық
зерттеу топтарын қүрып, әр топтың жүмыс істеу жоспарын қүрдық.
Әр топ мүшелері өздеріне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындау
мақсатында ақпарат көздерімен танысып, өз жүмыстарын жоспарлап, сабақтан
тыс уақытта өз білімдерін басқаларға үйретіп, олардың ой-пікірлерімен
бөлісе отырып ай сайын сыныпоқушылары мен Мұғалім алдында атқарған
жүмыстары жөнінде есеп беріп отырды.
Осылайша оқушылардың жұмыстары талқыланып,бағаланып,әрі қарай жұмыс
істеуіне бағыт-бағдар белгіленіп отырды.
Әр пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерін түрлендіру
қажет.
Бұл тұрғыдан табысқа жету, көбінесе ұстаздың оқытуқұралы. Әдіс-тәсілдің
жалпы сабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық технологиясын кәсіби шеберлікпен
меңгерумен айқындалады әрі мұның ішінш дегі ең бастысы мұғалім сөзі болып
табылады. Соңғы жылдары педагогикалық ғылымын оқып үйренуде Мұғалім сөзінің
қүдіреттілігін айқындайтын жаңа тіркестер пайда болды. Оқыту
тілі (Л.Кленберг), Сөйлеу шеберлігі (Л.Чыхаев) Оқу педагогикалық
тіл.т.б. Педагогика ғылымдарында бүл мәселеге ерекше көңіл бөледі және
басты назарда адам түрады. Өйткені, адам-тілдің сақтаушысы, әрі ойлап
табушысы. Ал,Ушинскийдің дидактикалық жүйесінде білімді кім қанша бойына
көбірек сіңірсе, ол сонша ақыл-ойға бай әрі дамуы да жоғары болады дейді.
Сондықтан да Мұғалім оқушының қабілетін,еркін ойлау жүйесіндабылдау
зерделілігін дөп басып, осы қасиеттерін жетілдіре түсуде үлкен мәнге ие.
Мұғалім сөзі оқулық мазмүнын тек түсіндіріп қана қоймай,
оқушының шығармашылықпен жүмыс істеуіне, оқып білгенін терең түйсінуге және
психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Себеб, сөз сезінуден
ойлануға, жалқыдан жалпыға, рақтылықтан шынайылыққа алмасу үрдісіндегі
аралық буын болып табылады.
Мұғалім сөзі деп сабақ кезіндегі және еркінжүмыс кезіндегі үстаздың
шәкірт сұрақтарына жауап беруін,сондай-ақсұхбат, дәріс, әңгіме өткізу,сабақ
түсіндіру деп түсінеміз.Үстаздың дәрістегі шағын мәтіндерінің қай-қайсысы
да дидактикалық оқыту циклінің барлық буындарына кіреді. Сабақ өту кезінде
оқу танымдық үрдісінің бәрінде қолданылады,сондай-ақ жаңа тақырыпты
хабарлағанда, білімді бекітіп,окушы үлгерімін бақылағанда,үй жүмысы мен
оның орындалуын қадалағанда жүзеге асырылады.
Сабақты тындата білудің тиімділігіне жету үшін түсінбеуден түсінуге
бару жолдарын және негізгі механизмдердің бұзуына әкеп соғатын кедергілерді
анықтап білу.
Бірінші кедергі-тыңдатуға көңіл бөлудің жоқтығы.Оқушының назарын
Мұғалімнің аударта алуы айрықша орын алады.Оқушыны бұған тәрбиелеу-щқыту
тиімділігінің алғы шарт. Ол үшін оның тыңдау қабілетін
жетілдіріп,сабақты ұғынуды қалыптастыруға жағдай жасау керек.Оқушының бүкіл
назарын мұғалім өзіне және өтіп жатқан дәрісінің мәтініне бағыттай білуі
тиіс.
Екінші кедергі-дауысты хабарламаны дауыстата қабылдата
білуді игермеу салдары.Тыңдата білу жағынан тіл құралы-сөйлеу
мәнері арқылы түсіндіріп қабылдатуды,екінші жағынан сөзбен
жеткізілген сабақ мазмұны ойланып-толғантуды талап етуді. Барлық
фонологиялық тіл құралын қабылдату қабілеттері мен сөз саптау ерекшеліктері
сөйлеу бейімділігі деп қарастырылады. Оқушы
айтылған сөздің мәнісін ұғып қана қоймай,одан өзіндіп ой тудырып
қорытуға міндетті екенін білеміз.Мұғалімнің өтілетін сабақты толық меңгеруі
тындатудың басты дидактикалық шарты болып табылады. Мұндағы
негізгі көрсеткіштер: ойлау қабілеттілігі мен айқындылығы, мақсаттылығы,
көрнекілігі, өмірмен байланыстылығы. Тыңдатудың тағы бір дидактикалық шарты
тақырыптың мазмұндылығы мен жаңашылдығы.
Егер дәріс мазмүндылығы жағынан оқушылар сүранымен анағаттандырмаса,
қызығуын оятпаса, жаңашылдығымен рекшеленбесе, олар тыңдауды қояды. Осыган
байланысты дидактикалық үшінші шарт-оқулықтағы тақырып мазмұнын мұғалімнің
байыптап, ерекшелендіру, білуі. А.Занков оқулық тақьфыбы мен.мұғалім
сөзінің инварианттік дидактикасын негізге ала отырып, оқушылардьщ сауалнама
жауаптарын талдаған. Нәтижесінде мынадай қорытындыға келеді. Оқушылар
оқулықтағы үй жұмыстарын жеңілдететін дәрісті мұғалімнен тыңдауды қалайды.
Мұнда тақырыпты түсіндіруге мұғалімнің сөйлеу мәнерінің ерекше орны бар.
Мұғалім сөзі оқушы үшін тақырыпты ашып беруде,оны игеруде бірден-бір әсер
ететін педагогикалық құрал болып саналады. Римнің ірі ойшыл өкілі Мини
Квинринаның Мұғалім даусы әрбір оқушыға күн нұрындай әсер етеді деуінде
үлкен мән бар.Тілдік сөздің байлығы айқындылығы, нақтылығы, қысқа да
нұсқалығы,әдемілігі әрі шынайлылығы т.б. қасиеттері туралы ғылыми тұрғыдан
бағалар берілген. Ой тек сөз және оның мәнімен жеткізілмейді. Дауыс
ырғағына да қатысты қабылданады. Эмоцияға толы сөздер тындаушылардың көңіл-
күйін көтередідызығушылығын тудырады. Сөздің мазмұнын қабылдауға
жәрдемдеседі. Жаңа тақырыпты игертуде хабарлы сөйлм тиімді болса, оны
нақтылау мен терең сіңіртуде мұғалімнің дәлелге толы сөздері әсерлі келеді.
Бұл жерде,әрине,мұғалімнің жеке басының қасиеттері жоғары болуы тиіс. Сонда
ғана ол оқушылардың ішкі жан дүниесіне үңіле алады, бойында бар
адамгершілік қасиеттерін оятады және ғылыми көзқарастарын қалыптастырады.
Оқушыларды өздеріне тартадызықтыра тәрбиелеп, басқару олардың білімге,
ғылымға деген қүлшынысын күшейтеді, ілгері қарай ылжып, өркендеуіне өте
қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Қысқасы, Мұғалім сөзінің, жалпы бала
тәрбиесіндегі өзіндік орны айрықша.Сондықтан бұл мәселеге ғылыми түрғыда
қарап,әрбір Мұғалім өзінің кәсиби шеберлігін жетілдіріп
отыруды,педагогикалық техникаларды толық меңгеруі шарт. Ал педагогикалық
техника дегеніміз Мұғалімнің өзін-өзі үстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы,
сезімталдығы, сөзге шешендігі. Мүның ішіндегі ең бастысы-Мұғалім сөзі.
Себебі, Мұғалім сөзінің оқыту-тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең
ауқымды және ол арнайы зерттеулерді талап етеді.
Қорытып айтқанда, Жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығы ұстаздың
бойынан табылғанда ғана оның шеберлігі күннен-күнге арта берері сөзсіз.

Педагогикалық шеберлік туралы.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі
жүйелі түсінік педагогикалық шеберлік болып табылады. Орыс тілінің
сөздігінде шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал
шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов,
1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары
өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби
қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол
жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре
аламыз ба? Жоқ , себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді,
жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен
тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы
сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы,
қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі
мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық
комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған
сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің
мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін
атап айтқан: егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға
болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор
баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе
күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді
анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан Мұғалім туралы деген
мақаласында үлгілі мұғалімнің мерилі ретінде төмендегі критерийлерді
анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми
негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие
жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола
білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988)
пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл тәрбие
процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы. Бұл жөнінде ол:
Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз
тәжірибемде көз жеткіздім дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік
туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, дауысты келтіру -
өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-
өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек
мында кел деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме
шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей
дәрежеге жеткенде ғана дейді.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен
ол педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік негіздері
Педагогикалық біліктілік
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
Кәсіби педагогикалық білім
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
Пәндер