Шығармашылық туралы ұғым



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3-5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

І бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш
сынып –психологиялық сипаты. 6-14
1.2 Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың
ерекшеліктері. 14-21


ІІ бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың жолдары.
22-31
2.2 Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс тәсілдері 32-46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .47-48
. . . . . . . . . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . 49-51

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті -баланың рухани
және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық
әлеуетінің дамуына жағдай жасау. Қоғам алдындағы тұрған мақсаттардың бірі
-білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, әсіресе бастауыш сыныптарын
дамытуға байланысты білім берудің жаңа үлгісін таңдау.
Қоғам өзгерістеріне байланысты қазіргі кезеңде әрбір оқушыға жеке адам
ретінде, өзіне тән ой - өрісі, еркі, дербес әрекет жасауға қабілеті бар,
батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып тәрбиелеу міндеті
қойылып отыр. Демек, бастауыш мектептеріндегі оқу үрдісі оқушылардың
ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыруға жол ашуы қажет [1].
Шығармашылық іс-әрекет, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары
өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметі мен шығармашылық,
практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды, дербес жұмыстарды орындау
үрдісінде қалыптасады.
Бұл проблеманың кейбір қырлары көне замандардан бастау алған.
Оның маңыздылығы жөнінде көптеген педагогтар (Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцци, Н.Г.Чернышевский, А.Дистервег, В.Г.Белинский т.б.),
психологтар (С.Л.Рубинштейн, Г.И.Щукина, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев), қазақ
ғұлама ағартушылары (Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев
т.б.) өз еңбектерінде айтып өткен.
Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының өзіндік жұмысы,
шығармашылық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың
ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін керек
етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының
негізгі ерекшекліктері оның өз еркімен әрекет жасауына байланысты деген ой-
пікір айтады (Н.А.Добролюбов, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г.Лемберг,
Т.И.Шамова, Е.Б.Ястребова, М.И.Махмутов, Г.Н.Кулагина, Н.А.Половникова).
Шығармашылық іс-әрекет және тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде
оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік
қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін
интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар, шығармашылық
іс-әрекет жеке тұлғаның тұрақты қасиетіне айнала отырып, оның танымдық
мүмкіндіктерін және қоғамдық бағытын болмысқа деген көзқарасын
қалыптастыратынын ескерсек, диплом жұмысының көкейтестілігі нақтылана
түседі [2].
Демек, қазіргі кезеңде бастауыш мектептерінде оқушылардың логикалық
түсініктерін қалыптастыру мәселесі зерттеуді талап ететін, қоғамдық маңызы
үлкен проблема болып табылады.
Олай болса, оқушылардың білімін қалыптастыруда және оны түсіну
біліктерін қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің бастауыш
сыныптарының қазіргі жағдайы арасында; оқушылардың оқу шығармашылық іс
-әрекетін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстарды пайдаланбау арасында;
оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастыру қажеттігі мен бұл салада
арнайы ғылыми-әдістемелік дипломдық зерттеулердің жүргізілмеуі арасындағы
қайшылықтар бізге диплом жұмысының тақырыбын Оқушылардың
шығармашылық іс -әрекетін қалыптастыру деп алуға себепші болды.
Диплом жұмысының зерттеу мақсаты.
Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың жолдарын
анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш сынып
–психологиялық сипатын анықтау.
- Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктерін
нақтылау.
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру-дың жолдарын
қалыптастыру.
- Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс тәсілдерін қолдану.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптардағы оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетің қалыптастыру үрдісі.
Зертеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық,
бастауыш сынып, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
оқушылардың оқудағы және сабақтан тыс іс -әрекет нәтижелерін бақылау.
Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспе, 2-бөлімнен, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш
сынып –психологиялық сипаты
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек.
Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні
бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әркеті деп түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын
әрекетті атаған. Ал, осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А.
Пономарев шығармашылықты даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір
жаңалық, әсіресе интеллектуалдың тұрғыда болса, ол адамның психикасын
жаңа саналы деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі бір
тұтас педагогиканың талаптарына сәйкес келеді [3].
Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалықпен қатар
бастамалылық , белсенділік ұғымдары астарласа қолданылып жүр.
Шығармашылық -өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс -әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Бастауыш сынып еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған
В.А.Кан-Кашк, Н.Д.Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының,
психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру
жолдары қарастырылады.
Шығармашылық туралы зерттеулердегі ойлар мен тұжырымдарды, негізге ала
отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам іс-әрекеті
деген қортынды жасауға болады:
- Шығармашылықты тудыратын қарама-қайшылықтың болуы.
- Әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы.
- Шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы.
- Шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы.
- Нәтиженің жаңалығы.
Сонымен Бастауыш сынып шығармашылық дегеніміз – бастауыш сынып қарама-
қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап
ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа
әкелетін адамның іс -әрекеті.
Бастауыш сынып шығармашылық бірнеше негіздерден тұрады.
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.
3. Жасырын идеялар, идеалдық идеядан реалдың идеяны іздеу.
4. Интуицияның доянуы.
5. Идеалдық идеяны реалдық идеяға айналдыру және оны бастауыш сынып
үрдіснен байланыстыру.
6. Нақты бастауыш сынып үрдіснен сәйкестендірілген реалдық идеяны жүзеге
асыруды ұйымдастыру.
7. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда бастауыш сынып процестегі шығармашылық іс - әрекет деп
И.Я.Лернер айтқандай, білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай
білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды айтады [4].

Бастауыш сынып шығармашылық іс -әрекет, тәрбие үрдісінде де, оқыту
үрдісінде де өз бойындағы білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға
тасымалдайтын, оларды жаңа жағдайға бейімдейді.
Мәселен, бастауыш сыныптарда өткізілетін тәрбие сағаттары мұғалімнің
өз идеясын реалдық жағдайға бейімдейді, ол идея тәрбие сағатының негізгі
өзекті келесі мәселесіне айналады.
Мұғалім өзекті мәселенің айналасына өзінің білім, біліктілігін
тоқтайды. Мұғалімнің ұйымдастыру шығармашылығының да мәні ерекше. Әсіресе,
оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру шығармашылығы [5].
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуына әлемдік сана деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселенің бірі. Сондықтан оқушылардың шығармашылық іс - әрекетінің
мәнін дамыту үшін не істеуге болады деген сұрақ туатыны сөзсіз.
Ал ол үшін оқушыларды білім алуда тек мәлімет жиынтығын меңгерумен
шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық
бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын және тұлға
тәрбиелеу болып отыр.

Ал оқушылардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын
субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде
былайша топтастырамыз.
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу;
2. Шығармашылық,екі ұштылық, белгісіздік;
3. Шешімнің жарық етуі;
4. Шығармашылық акт;
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Жалпы белсенділік деп - бүкіл жер бетіндегі жанды тіршіліктің өз
тірлігіне мәні барды сақтауға, оның өзінің керегіне лайықты етуге
жұмсалатын күші, ойлауы, тәсілі, яғни қоршаған дүниеге, әлемге өзіндік
қатынасы [6].
Шығармашылық деген қажеттілік – күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол
барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр
адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық іс-әрекет – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір
сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл
– санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи
үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық
үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу
жеке адамның ой- санасына, айналысатын сана байланысты [7].
Оқушының шығармашылық іс -әрекетке деген құлшынысы оның өз даралығын,
өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып
оның әрекет ұйымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және іс- әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Іс
-әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмыстыққа айналдырса, ал
шығармашылық іс -әрекетті реттеуді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі
қарай дамиды.
Яғни, шығармашылық – қайшылықтарды шешуге ынталанған, жеке
тұлғаның нәтижеде адамзатқа мәні бар.
Шығармашылық үрдісті ғалымдар әр кезеңге бөліп қарастырады. Әр кезеңде
баланың бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Алғашқы кезеңдерде
шығармашылыққа деген сенімсіздік, күдік білінуі мүмкін [8].
Ал келесі сәттерде біраз ойлану, іздену кезеңдерінде табандылық,
танымдық, белсенділік секілді қасиеттер қалыптасып, еңбектің нәтиже берер
тұсында оқушының көңіл күйі көтеріліп, жаға істерге жігерлене түседі.
Әрине, шығармашылық жұмыстардың түріне мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-
бірімен астасып қабысып жатуы мүмкін.
Оларда қалыптасып, одан әрі дамып отыратын сапалардың бірі айқын
көрініп, бірі уақытта көмескіленуі ықтимал. Жалпы әр оқушының бойындағы
қайталанбайтын табиғи ерекше құбылыстар біріге жинақталып, керемет
шығармашыл тұлға жасап шығарады.
Бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік
принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.
- шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттыру;
- оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде
қолдана алуларына көздерін жеткізу;
Оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмыста өз
еркімен, қалауымен орындауы;
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың
уақытын жеке тұлғаны қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан
оның өзіндік танымдық, шығармашылық іс -әрекеті белсенді болады.
Шығармашылық іс -әрекет мәселесі сан қырлы: оған философиялық –
эстетикалық мәдениеттанымдық, әлеуметтік және психологиялық –бастауыш сынып
аспектілер кіреді. Ал оның өмір сүруінің өзегін табу үшін кешенді қатынас
қажет. Педагогика жеке тұлғаның шығармашыл қорының жетілу көзқарасын,
шығармашыл бастамалардың қалыптасу механизмдерін аудару әрекеттері
барысында шығармашылықты қарастырады [9].
Оқушы мұғалімнің бастауыш сынып әсерінің объектісі ғана емес,
субъектісі деңгейіне көтерілу керек. Осыған қолайлы жағдай туғызу
мақсатында тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс
-әрекеттердің түрін және рет –тәртібін анықтауға септігін тигізетін
алгоритмдер мен нұсқалар нақты жаттығулар бойынша келтірілді.
Оқушылардың өнімді ақыл-ой, іс- әрекеті, ұсынылған тапсырманы
орындаудағы олардың шығармашылық мүмкіндігін пайдалану, басшылыққа алынатын
білім, білік және дағдыларды қалыптастырудың жанама жолының басымырақ болуы
көзделеді. Осыған орай оқулықтың көптеген тапсырмалары талқылау жүргізу,
ұсыныс және болжам айту, әр алуан көзқарастарды қарастыру, шешудің жаңа
жолын іздестіру және т.с. орындау мүмкін болатындай түрде, яғни формада
тұжырымдалған.
Шығармашылық іс -әрекетке бейімдейтін жаттығулар, тапсырмалар,
мәтіндер, өзіндік жұмыстар әр түрлі болады. Мысалыға:
Жасыл түсті қоршауға алынған жаттығулар негізінен, балалардың
логикалық ойлау қабілетін, ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай жаттығуларды
орындау барысында оқушылар мазмұнға сәйкес объектілерді бақылайды,
салыстырады; сондай –ақ әр алуан ақыл –ой іс -әрекеттерін орындайды,
практикалық жұмыстар жүргізіледі; зерделілік білдіреді, ізденеді; болжам
айтады, оны негізді беруге немесе дәлелдеуге талпынады, пәнге деген
қызығушылығын, ынта – ықыласын тудырады.
Оқушыларға арналған тапсырмалардың бәрі арнайы жүйе құрайды. Оларды
орындай алмаған оқушыға білімнің көрсеткіші ретінде нашар баға қойылмайды,
ал оны орындаған оқушыны мадақтаған жөн [10].
Сонымен, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше
белсенділікті, инициативаны, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс
істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне
айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Шығармашылық - оқушының танымдық іс -әрекетіне мотивациялық тұрғыда
басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуы оның орындаған
тапсырмасының нәтижесінен көрінеді. Оқушының шығармашылық дербестігі
қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.
Шығармашылық іс-әрекет әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі
табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін
көрсетеді [11].
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың мәні мен мазмұнына үңіле
отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген
тұжырымға келдік:
- қоғамда болып жатқан өөзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына
тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;
- оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;
- білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;
- оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;
- жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін
қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;
- жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;
- тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына
әсер етеді.
Шығармашылық іс-әрекет ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл
үғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын
интеллектуалдық, эмоционалдық, бағыттаушы (зейін, ерік) байланысын және
жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл
мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге
байланысты шығармашылық іс-әрекет ұғымына өз анықтамамызды береміз [12].
Біздің пайымдауымызша, шығармашыық іс-әрекет - жеке тұлғаның
танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық
ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі
шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілеті.
Шығармашылық іс-әрекет оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне
отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына
мүмкіндік туғызады. Шығармашылық іс-әрекет адам өмірін жаңа деңгейге
көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды
эмоционалдық көңіл-күй орнатады.
Жүйелі жүргізілген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық іс -әрекетін
қалыптастырудың бағыты мұғалімнің бастауыш сынып іс-әрекетіне тікелей
байланысты екендігін көрсетті.
Мұғалімнің бастауыш сынып шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі,
мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен
оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық іс -әрекетінің
қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Демек, сабақтың жоғары деңгейде өтуі, оқушылардың дамуы мен
дайындығына сәйкес әр түрлі әдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру,
сабақта түрлі танымдық тапсырмаларды мейлінше кеңінен пайдалану оқушыларда
оқу материалына деген қызығушылығын тудырады.
Жұмыс түрлерін шығармашылық сипатқа өзгертіп, сабақтан тыс уақытта
өздігінен ізденіп, белгілі бір оң нәтижеге жетуге бағыттау іс-әрекеттің
қалыптасуына негіз болады [13].
Мәселен, бала сабақты жақсы оқиды, қабілетті, белсенді, бірақ оқу
жұмысын ол міндеті ретінде түсінеді. Демек, баланың шығармашылық іс-
әрекетке тұрақты қызығушылығы, ізденімпаздығы дамымаған. Мұғалімнің
шығармашылық іс-әрекетке бағыттаушылық рөлі болмаған жағдайда оқушыда
"интеллектуалдық енжарлық" пайда болады.
Шығармашылық іс-әрекет жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде
оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой
және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін,
эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс
табады.
Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере
білуіне ықпал етеді.
Шығармашылық іс-әрекет жеке тұлғаның қасиетіне айнала отырып, оның
танымдық сипатын және қоғамдағы бағытын айқындайды, жеке тұлғаның болмысқа
деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады [14].

1.2. Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың
ерекшеліктері.
Шығармашылық қызмет көп қырлы объективті және субъективті процесс.
Шығармашылық қызмет пен шеберліктің биік деңгейінің аралығында өзара
байланыстылық бар.
Шығармашылық қызмет объективті жағдайда жаңалықты ашу болса,
субъективті жағдайда жаңа білімді меңгеру болып табылады. Белгілі психолог
Б.М.Реплов шығармашылық қызмет деп, сөздің өзіне тән мағынасында алғанда,
қоғамдық құны жаңа, бірегей өнімдер беретін қызмет аталады.
Бастауыш сыныптардағы оқу –тәрбие процестің ерекшеліктерін жұмыс
тәсілдері, принциптері, формалары, оларға деген ізгілік қарым-қатынасқа
негізделген еді. Мұғалім балалар ұжымына оптимизм, ынтымақтастықпен
жолдастық рухын орната отырып, әр оқушының өз күшіне деген сенімін ұштай
білуі керек.
Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді.
Өмірін осыған арнаған адамда өз шәкірттеріне дарытқысы иелетіп барлық
қасиеттер болуы керек. Жаңа адамды тек жаңа адам ғана тәрбиелеуі тиіс.
Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен
жігерлендіруүшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың
адамы [15].
Егер былай десем қателеспес едім деп ойлаймын: мұғалімнің өзі тұлға
болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның
өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады; ол
міндетті түрде жан –жақты сауатты және шығармашылық адамы болуы тиіс немесе
танымға деген құштарлық отымен өзі өртенген адам ғана құштарлық отын
тұтандыра алады; мұғалім патриот және интернационалист болуы керек немесе
Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады.
Мұғалім балалармен сөйлескен кезінде жалған, анайы мінездерге, дөрекілікке,
төзімсіздікке, ашу-ызаға жол бермеуі тиіс. Балаларға жиі-жиі дауыс көтеріп,
өзін-өзі ұстай білмейтін ұстаз оқушыларды кішіпейілділікке, ізеттілікке
үйрете алмайды [16].
Мектеп оқушылары үшін ең беделді - ол мұғалім. Оқушылары өздерінің
ұстазына, олардың біліміне, талас тудыратын сұрақтарды шешу әркімнің
тәртібімен табыстарын бағалау кезіндегі әділдігіне сенеді. Мұғалімнің
біріншіден, балалар арасында өз беделін сақтап, нығайтып, екіншіден, оны әр
оқушы адам етіп қалыптастыруға игі ықпал етуге пайдалану үшін оның маңызы
өте зор.
Оқушылардың өз мұғалімін жақсы көруі қажет пе? Әрине, қажет. Тәрбие
ықпалы игі өрнек жаюы үшін қажетті шарт. Сондықтан оқушылар мұғалімді
өзінің жан дүниесін жарқырататын досы, тәлімгері, жетекшісі ретінде көру
үшін өзінің қалай ұстануы хақында ұстаздың ойланғаны жөн. Бастауыш сынып
оқушысы кез келген білімді мұғалім арқылы қабылдайды [17].
Ол оқу мен ұстазды ажыратпайды. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, демек
ол оқуды да жақсы көреді, мектепте де, сабақтарда да, кітаптарды да жақсы
көреді, мұғалімді жақсы көрмей, одан қаймықса, демек ол оқуды азап көреді,
қиналады, мектепке құлқы соқпайды. Жақсы көрген мұғалімінің пікірі, бағасы
оқушы үшін адамдарға, олардың қимылы – ісіне қарым-қатынас жасаудың нұсқасы
болып табылады.
Сүйікті, ұстаз –оқушының өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі. Ол
әйнектің өзін аңғармайды, бірақ таным терезесінен көрінетін заттар мен
құбылыстарға зор мейірмен мейлінше құштарлана таңырқай, мақтана қуана
шұқшия қарайды, неліктен? ал егер басқаша болса ше? деген сияқты сансыз
сұрақтар қолды, күдігін, тұжырымын, ой қорытындысын, көзқарасын айтады.
Жақсы көретін мұғалімнің сабағы –мұның өзі таным құштарлығына көнірек
толтыра тыныс алу; ұстаздың тәлімгерлігін – этикалық тәлімгерлігін,
пікірлерін бала өзі орнықтыратын бірден-бір дұрыс позиция деп қабылдайды.
Бірақ егер бала мұғалімді жек көрсе, одан қаймықса, онда ақиқат
терезесі баланың бір нәрсені соншалық қинала көретін және жалпы оған қинала
қарайтын қисық айнаға айналады [18].
Өз ұстазын ұнатып, оған сеніп, соңынан еруі үшін балалар одан не көруі
керек?
Біріншіден, олардың бәрін және әрқайсысын түсіне білуі керек. Оқушылар
өздеріне әрдайым көмекке келіп, табыстарына қуанатын, сәтсіздікке ұшыраған
сәтте көңілдерін көтеретін мұғаліммен қарым-қатынас жасау соншалық қызықты
екенін сезінуі тиіс.
Балаларды түсіну – мұның өзі олардың кейпін кию. Олармен бірге
қуанып, бірге күйіну, олардың өмірін кешу деген болатын Н.К.Крупская.
Екіншіден, асқан кеңпейілділік, мейірімділік, қайырымдылық,
сезімталдық. Мұның өзі Не істегің және қалай істегің келсе де істе, саған
бәрі кешірімді дегенді әсте білдірмейді. Жоқ, қайта керісінше, мұғалім
өзінің алдында бала албырттығын, теріс қылығын, өзімшілдігін тежеуге
тырысуы үшін мұғалім талапты болуы тиіс. Әйтсе де сонымен бірге мұғалімнің
бірге күйіне, көндіге, кешіре, көмектесе білетіндігін баланың өз
тәжірибесінде сезінуі қажет [19].
Балалар ұйымында өзара түсінісу, жолдастық, өзара көмек, қайырымдылық
және кішіпейілдік рухының орнатылуы тұтасымен мұғалімге, оның өз
оқушыларыменқарым –қатынасының парасаттылығына байланысты. Тек осы жағдайда
ғана балалар меңгерген білім программалар мен оқулықтарда қарастырылған
тәрбиелік және дамытқыш әрекет ете алады.
П.Ф.Каптеров енгізген бастауыш сынып процесс ұғымы балаларды оқыту,
тәрбиелеу, жетілдіру, қалыптастыру, үйрету процестерінің мәнін қамтиды. Бұл
процестердің нақтылы практикада бір –бірімен тамырлас жататыны соншалық,
бір –бірінен ажыратып алу тым қиын.
Бастауыш сынып процеске жалпы сипаттама бере келіп, П.Ф.Каптерев былай
деп жазды: Бастауыш сынып процесс өзіне тән негізгі екі белгіні
түйістіреді, олар; органнизмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және
адамның жан –жақты жетілуі [20].
П.Ф.Каптеревтің өзіндік даму және оның бастауыш сынып процеспен
арақатынасының мәні жөніндегі айтқандарын неғұрылым кеңірек келтірейік:
Бастауыш сынып процесс шығармашылық сипаты бар, белгілі орта бар. Осы
деректер болып тұрған сәтте организм мен ортаның қасиеттері анықтайтын
өзіндік даму процесі дереу баталады. Ол процесс өзіне тән заңдарға сәйкес
организм әсерлерді қозғалысқа келтіріп, өңдеу және соның ықпалымен жұмыс
істеу қажеттігі арқылы жүреді.
Бүкіл процесс қайталанбайтын шығармашылық сипатқа ие болып, тосын
нұсқау бойынша емес, органикалық қажеттілік бойынша жүреді. Бастауыш сынып
шығармаларда дербес жұмысты дамыту жөніндегі көп айтылады, сонымен бірге
оны дамытуға қамқорлық жасау қажеттігі осы қасиеттің құндылығынан
туындайтын. Бірақ дербес жұмыс ең алдымен оның өмірінде қолданылатындығынан
емес, оның бастауыш сынып процестің – шығармашылық өзіндік дамудың мәніне
жауап беретіндігімен маңызды болып отыр [21].
Дербес жұмыстан басқаша жолмен адам жетіле де алмайды: оның табиғаты
осындай. Тәрбие мен білім беру көп ретте адамның өздігінен шығармашылық іс
-әрекеттің қалыптасуына қарсы қиянкескі күрес сипатында болып, оны ескіше,
мезі қылған жолмен жүргізу мақсатымен тәрбие беру ісінің жалпыға бірдей
ықтиярсыз жүргізілгенінің өзінде де дербестік жайында болып отыр.
Оқушылардың таным қызығушылықтары мен белсенділіктерін,
шығармашылықпен ойлауын дамытуда мұғалімдер мынадай шарттар қойылады.
Таным қызығушылығын дамыту шарттары:
- интеллектуалдық қысым және интеллектуалдық тартыстар жағдайын туғызу;
- шығармашылық және зерттеу іс -әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;
- өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
- оқушылардың танымдық бастамалары мен өз бетінше жұмыс істеулеріне
қолдау көрсету немесе мақтау мадақтау;
Таным белсенділігін дамыту шарттары:
- әрбір оқушы үшін даму жұмысының траекториялары;
- әрбір оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі
жоғары бастауыш сынып іс -әрекет;
- білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің спецификалық
мазмұнының сипатын беретін арнайы бастауыш сынып жағдайлар;
Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары;
- шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;
- жұмыс істеу барысында бала дейінің шоғырландыру;
- қиялы ширақтығын қолдау;
- жалпы шығармашылық іс -әрекетке бағыт –бағдар беру;
Мұғалімнің жеке шығармашылығы ең алдымен оның өзін -өзі танытуға деген
қажеттілігімен сипатталады. Яғни мұғалімнің кәсіби іс -әрекеттегі
мүмкіндігін толық аша білуге ұмтылысынан туындайды [22].
С.Л.Рубинштейн айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның
бойындағы бір қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін танытуға деп
қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады. Осы
орайда мұғалімдердің шығармашылық кәсіби іс -әрекетке деген қажеттілігінің
туындауына ықпал ететін мынадай шарттарды атауға болады;
- өз-өзіне іс -әрекеттің субъектісі ретінде қарау;
- қайшылықтарды жеңе білу;
- рефлексияға қабілеттілік;
- өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу;
- іс -әрекеттің біріккен түрін қолдана білу;
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің
күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір оқушының
бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам
алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойындағы мына төмендегідей қасиеттері болуы керек:
- мұғалім өз шәкірттерінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білу;
- мұғалім ой-өрісі кең, жан –жақты білімдар, өз мамандығының шебері
болуы керек;
- мұғалім үздіксіз өз білімін өз бетінше шындай түсуі қажет.
Ал ұстаз шәкірттеріне мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек:
- оқушы ой-өрісі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
- оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;
- оқушы білімі, талғамы барлық және дұрыс көзқарасына болғаны жөн;
- оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді;
Философтердің тұжырымдарына сүйенетін болсақ, қандай жүйенің болсын
дамуы осы сызбаға сүйенетіндігін көрсетеді; болашақ бүгінге, бүгін ертеңге
айналады [23].
Сонымен әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім
беріп қана қоймай, әр баланың менің ашу, сол менді шығармашылыққа
жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Олардың өзінен шығармашылық
қасиет, қабілетті іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты
қиын екені түсінікті.
Бұл үшін, біріншіден, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
қажет. Жалпы белсенділік, шығармашылық белсенділік дегеніміз не? Ол туралы
ғалымдар не дейді?
Белсенділік – адамның қажеттілігінен, көзқарасынан, мақсаттарынан
туындайтын қоршаған ортаны өзгерте алу қабілеті. Белсенділік
объективтіқажеттілік бар жерде жақсы қалыптасады. Сондықтан педагогтар
балалардың шығармашылық әрекеттерін басып тастамай, оған дер кезінде көмек
көрсетулері керек.
Оқыту үрдісін белсендіру туралы не айта аламыз? Оқу үрдісінің
белсенділігі – оқушылардың оқу үрдісінде белсенді және өзіндік, теориялық
және тәжірибелік әрекетін қамтитын оқытудың ұйымдастыру тәсілдері мен
әдістерін жетілдіру. Ал оқу дегеніміз – оқушыларға мақсатты түрде білім,
дағды, іскерлікті меңгерту үрдісі.
Белсенділік деңгейлері туралы Т.Шамованың Активизация учения
школьников еңбегінен табуға болады. Ол, негізінен, белсенділікті 3
деңгейге бөледі.
1. Әсер ету белсенділігі.
Бұл оқушының түсінуі, есте сақтауы, білімін қайта жаңғыртуы, үлгі
бойынша қолдана алуы. Әсер ету әрекетін ұйымдастыруда мұғалім оқытудың
түсіндірмелі – иллюстративті әдісін қолданады. Яғни, оқушының әсер ету
белсенділігін қамтамасыз етеді.
2. Интерпретациялық белсенділік.
Бұл оқушының істі аяғына дейін жеткізу, қиындыққа қарамай, істің
шешілу жолдарын іздеуі, неге сұрағына өздігінен жауап беруге тырысумен
байланыстырылады. Екінші деңгейде педагог дамыту үшін оқытудың ақпаратты
–ізденіс әдістерін қолданылуы қажет, бұл оқушының әрекетіне жекелік сипат
береді.
3. Шығармашылық деңгей.
Бұл құбылыстың мазмұнына және өзара байланыстылығына терең үңіліп қана
қоймай, аталған мақсатқа жету үшін жаңа амал таба білумен сипатталады.
Белсенділіктің бұл деңгейде оқушылар білімдерін жаңа жағдайларда көрсетуге
тырысады, яки білім мен амалды бейтаныс жағдаятқа ауыстырады [24].
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың құралдарына
жататындар: оқу, мазмұны, оқушының оқуын ұйымдастыру формалары. Оқушының
белсенді шығармашылық оқуын ұйымдастыру төмендегілерді қадағалайды:
- оқушының өзін -өзі тануына, еркін болуына, ерік –жігерін көрсетуге
және өзінің оқу – танымдық әрекетін басқара алуға жұмсалуы қажет;
- мұғалім жалпы белсенділік емес, керісінше, іскер алдыңғы қатарлы білім
мен әрекет түрлерін меңгеруде оқушыда шығармашылық белсенділігін
дамыта білу қажет, яғни оқушылардың икеле дағдыларын қалыптастыру;
Мұғалім әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып
келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін
әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім –тәрбиелік мәні жан –жақты
ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды аяқталуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет
дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы
құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп,
оқытудың озық әдіс –тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылығы дамиды.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның
ізденімпаз болуы шарт. Демек мұғалім мен оқушының арасындағы оқу үрдісінің
іс -әрекеттері арқылы оқушыда шығармашылық қабілеттер дами түседі.
Мұндай кезеңдерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты
(білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске
асырылып отырылады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген
белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек.
Мұғалім өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырылып, өтілетін сабақтары
оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар мен тапсырмалар
қамтылып өтілуі тиіс [25]

ІІ бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру-дың жолдары.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының негізгі міндеттерінің
бірі тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылығын дамытуды міндеттесе,
Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп
дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру
кеңістігін туғызуды талап етеді, Соған сәйкес Қазақстан Республикасының
білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын
дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады [26].
Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді.
Соның ең бастысы - сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында
оқушылардың шығармашылығын, ақыл-ой белсенділігін дамыту.
Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Өйткені, қоғамның
алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың
жаңа технологиялары оқушылардің шығармашылығын қалыптастыру негізінде білім
беруді көздейді.
XX ғасырдың басыңда отандық педагогтар білім алушының шығармашылық
потенциалына қаншалықты әсер ететіні туралы мәселелерді бірнеше рет
көтерді. Я.Зеленкевичтің, В.В.Розановтың жұмыстарында оқытуды даралау мен
дифференциялау қағидаларының негізіңде білім беру үдерісін жаңаша
ұйымдастыру керектігін айтып өткен.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы білім беру саласының жан-жақты
дамытылуы - тек білімде.
Олай болса, сапалы білім беру мақсатында жұмыс жүргізуі үшін жоғары
оқу орындарында мынадай негізгі мәселелерді шешуі тиіс:
- бастауыш мектептің материалдық-техникалық базасын жғары денгейде
нығайту;
-оқу-ағарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теоретикалық ойлау - заңдарды, ережелерді тану
Шығармашылық ойлауды дамытудың әдіс - тәсілдері
Эвристикалық әдістің сипаттамасы
Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
Мектепалды даярлықта қарапайым математикалық ұғым қалыптастыру
Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Логикалық ойлау қабілеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Пәндер