Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы::
пәнді оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік
технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану формалары

ЖОСПАР:

1. Сабақ, оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде 3
2. Сабақты құрылымы мен типіне жаңаша көқарас. 3
3. Интерактивтік оқыту 4
4. Интерактивтік оқыту технологиясы 5
5. Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы 8
6. Қорытынды 10
7. Әдебиеттер 11

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.

Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту
процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-
топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары
қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық
оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі
болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бәріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ
бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.

Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы ұлгісі.

Сабақ – мғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны
қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып шығады.
Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы
дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.
- жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту және білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және
қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен
мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.

Интерактивтік оқыту.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті – оқушы оқытудың бъектісі ролін атқарады (тыңдау және
көру)
2) активті белсенді оқушы оқытудың субектісі болып шығады
(өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі
барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге
асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды
моделдуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді
қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны яғни,
жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл
моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу
процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін
ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту технологиясы.

1) Жұптасып жұмыс істеу.
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3) Карусель - Айналмақ.
4) Шағын топтармен жұмыс.
5) Аквариум.
6) Аяқталмаған сөйлем.
7) Миландыру Мозговой штурм.
8) Броундық қозғалыс.
9) Есепту ағашы. Дерево решений
10) Өз атынан сот. Суд от своего имени
11) Азаматтық тыңдау.
12) Ролдік іскерлік ойын.
13) Сығымдау методы. Метод пресс
14) Өз позицияңды ұстан.
15) Дискуссия.
16) Дебаттар.

Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба
алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін,
жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы; оқушыларға Карусель деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты
ұнайды; Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл
қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын
ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып
шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге
тырысады.
Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде
ситуацияны жасырады разыгрывают, ал қалғандары оларды бақылап тұрып
әрекеттеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп
берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр
топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ)
жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз
идеяларын жазады.
Өз позицияңды ұстан - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар.
Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар Иә немесе
Жоқ деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар
өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны
қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан
методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен
байланыстырылған.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивтің негізгі сипаттамалары қандай? Инетрактивтік оқыту –
бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған
және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың
бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей,
оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын
жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным
процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы
түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным
процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны
білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет
ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара
қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана
қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу
мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы инетрактивтік әрекет өз-ара түсіністікке, өз-ара әрекетке,
қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін -
ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұысанды.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы
жағдайын болдырмайды. Сұқбаттасып оқыту барасында оқуышлар сыни ойлауды,
тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді
шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды,
дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды
үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс
ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, родік ойындар қолданылады, құжаттармен
және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар
пайдаланылады.
Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні
әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап
шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - үлкен шеңбер, аквариум,
мыймен шабул (мозговой штрум), дебаттар. Алдынғы сабақтардағы білімдері
немесе өмірде алған тәжрибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір
мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактитік оқыту формасының
тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарасытрылатын тақырып жыбық немесе
тар мағаналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу
керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ
алдында талқылаудың мағанасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар
экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен
қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.

Оқыту концепциясы мен технологии

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық
(қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады)
жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау
керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар
концепция сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын
кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру интеграция, дидактикалық бірліктерді
ірілендіру және т.б.
Процесуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық,
интерактивтік оқыту т.б.
Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы,
танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық
еңбектестік концепциясы, оқу пәніне шому (М. П. Щетини),
орталықтандырылған (концентрированные) оқыту д.р.
Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз
етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту,
проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік,
проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш.
Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген.
Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның
субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен
оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара
әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі
қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин,
Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін
зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын,
жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі
оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік
береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету,
коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы
сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп
оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.
Интерактивтік оқу технолгиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті
барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және
басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын,
оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік
беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру
тәсілдерін айтамыз.
ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
1. Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім
жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен
тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
2. Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар
мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды,
ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау
тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосмша ақпарат
жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын туралы
оөара талқыдлайды.
3. Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын
басталғаннан кейін ешкімнің оған араласыуға және бағытын өзгертуге
қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады,
егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды
бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде
мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды
бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың
сұрағына жауап бері немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
4. Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі.
Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді,
қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін
қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында
туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара
әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып,
оқушылар – сынып, оқушылар-оқулыар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу
әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға
мүмкіндік береді.(3; 156)

ҚОРЫТЫНДЫ
Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір
мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет.
Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім
бір технолгияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана парктикада
қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі бұзылады: бұл
процесс әртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін
болғанда ғана технолгия педагогикалық тұрғыда әсерлі болады(1; 46)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Коростылева Л.А. Психологические барьеры и готовность к нововведениям
СПб., 1996, 66 стр.

2.Мясоед Т.А. Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для
учителей М., 2004

3.Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Технологии игры в обучении и развитии
М., 1996, 268 стр.

4.Суворова Н. Интерактивное обучение: Новые подходы М., 2005.

5. Сайт www.albest.ru, www.tor.kz

Дәріс сабақтарының тақырыптары мен қысқаша мазмұны

Дәріс сабақтарының тақырыптары

1. Тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компоненті.
Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің құрамдас
бөлігі ретінде. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманисттік
бағыттылық; кәсіби білім; педагогикалық қабілет; педагогикалық техника.
Мұғалімнің кәсіби білімділігі – шеберліктің негізі. Бастауыш сынып
мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,4,13,15
Қосымша: 24,3
2. Тақырыбы: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің
қалыптасуының негізі.
Педагогикалық іс-әрекет қоғамдық құбылыс ретінде. Жалпы педагогикалық
және кәсіби-педагогикалық іс-әрекет. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің
мәні, оның құрылымы. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері және
қиындықтары. Мұғалім педагогикалық іс-әрекет субьектісі ретінде. Мұғалімнің
жеке тұлғасы оның кәсіби іс-әрекетінің негізгі факторы ретінде. Кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттегі мұғалім жеке тұлғасының қалыптасуы. Мұғалімнің
кәсіби компетенттілігі. Бастауыш сынып мұғалімі жеке тұлғасының кәсіби
маңызды сапалары. Педагогикалық іс-әрекет деңгейлері: репродуктивті,
адаптивті, локальды-модельдеуші, жүйелік модельдеуші, іс-әрекет пен
тәртіпті жүйелі модельдеуші. Шеберлік- педагогикалық іс-әрекеттің ең
жоғарғы деңгейі ретінде.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,4,6,10,11,12
Қосымша: 29,30,31,33
3.Тақырыбы: Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберлік негізі.
Педагогикалық қарым-қатынас және оның мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі
ролі. Педагогикалық қарым-қатынас формалары: педагогикалық әсер ету;
педагогикалық өзара қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың
ерекшеліктері және функциялары. Балалармен қарым-қатынастағы педагогтың
кәсіби іскерлігі.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,4,6,10,11,12
Қосымша: 20,21,29
4.Тақырыбы: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.
Бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативті білігі. Педагогикалық қарым-
қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.Сендіру ықпал етудің негізгі
әдісі ретінде. Иландыру педагогикалық әсер ету тәсілі ретінде.
Педагогикалық сендіру түрлері және оның тиімділігі. Сендіру кезеңдері.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,4,6,10,11,12
Қосымша: 29,30,31,33
5.Тақырыбы:Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде.
Мұғалімнің іс-әрекет құрылымындағы сөзі. Сөз жне тіл. Ауызша сөздің
ерекшеліктері: жағдайға байланыстылығы, кері байланыс, эмоцианалдылық.
Сөздік әсердің психологиялық құрылымы: мақсат, мазмұн, форма. Сөз – мұғалім
мен оқушы қарым-қатынасының басты құралы ретінде. В.А.Сухомлинский мұғалім
сөзіне қойылатын талаптар мен нәтижелілігінің шарттары туралы.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,3
Қосымша: 17,18,20,22,23
6.Тақырыбы: Педагогтың ақпараттық-сөздік әсер етуі.
Мұғалімнің коммуникативті білігі. Мұғалім сөзі нәтижелілігінің
әлеуметтік-педагогикалық шарттары. Тіл мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім
сөзінің логикалылығы. Сөздің лексикалық мәдениеті. Грамматикалық дұрыс
құрылған сөз. Мәнерлі сөйлеу әдістері. Сөйлеу техникасы: демалыс, дауыс,
дауыс ырғағы. Мұғалім сөзін жетілдіру жолдары.
Әдебиет:
Негізгі:1,2,3,10,11,12,15
Қосымша: 17,18,19,22
7.Тақырыбы: Мұғалім мен оқушының қарым-қатынас мәдениеті.
Педагогикалық өзара қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды
жою жолдары. Педагогикалық такт пен педагогикалық этика педагогикалық қарым-
қатынастың негізгі элементтері. Педагогикалық этиканың категориялары.
Педагогикалық такт педагогикалық этика категориясы ретінде.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,3,6,10,11,12,15
Қосымша: 17,18,19,22
8.Тақырыбы:Педагогикалық техника – педагогикалық шеберлік
компоненттерінің бірі.
Педагогикалық техника мәні мен мазмұны. Педагогикалық техника мұғалім
әрекетін ұйымдастыру формасы ретінде. Педагог іс-әрекетіндегі педагогикалық
техника мәні. Жас мұғалімінің педагогикалық техникасындағы кемшіліктер.
Мұғалімнің өзін басқара білу шеберлігі. Өзінің психофизиологиялық жай-күйін
басқара білу техникасы. Педагогикалық өзара әрекеттегі вербалды емес
әдістер. Ым-ишара мен мимика, қатынассқа түсудегі олардың ролі.
Пантомимика, педагогикалық қатынастағы олардың орны. Жаман әдеттер.
Педагогтың сыртқы бейнесі: киімі, жүріс-тұрысы. Педагогтың сыртқы
келбетінің мәдениеті.
Әдебиет:
Негізгі:1,2,3,4,15
Қосымша: 24,25
9. Тақырыбы:Педагогтық қызметтегі актерлік шеберлік және режиссерлік
элементтер.
Педагогикалық кәсіптегі актерлік және режиссерлік шеберліктің
элементтері. Педагогикалық әрекет жалғыз актер театры ретінде. Педагог және
актер – аудиторияға жекелік әсер етушілер. Педагог дайындаудағы
К.С.Станиславскийдің театралдық жүйесінпринциптерін қолдану. Белді
педагогтардың шеберліктері. Бастауыш сынып мұғалімін дайындау жүйесіндегі
педагогикалық шеберліктің негізін қалыптастыру.
Әдебиет.
Негізгі: 1,2,3,4,6
Қосымша: 25,32
10.Тақырыбы: Қақтығыстар – мұғалім қызметіндегі психологиялық,
педагогикалық проблемалар.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі қақтығыстар. Қақтығыстардың шығу
себептері. Қақтығыстарға педагогикалық араласудың кейбір аспектілері.
Қақтығыстардың байқалу түрлері. Қақтығыстарды болдырмау және алдын алу
жолдары.
Әдебиет:
Негізгі: 6,12,15,16
Қосымша: 26,34,35
11. Тақырыбы:Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі.
Мұғалім беделінің мәні және мазмұны. Педагогтық бедел құлылымы. Мұғалім
беделінің қалыптасуының обьективті және субьективті фокторлары. Мұғалім
беделін орнатудың психологиялық, педагогикалық принциптері. Беделдің
деңгейлері мен критерийлері.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,4,13,15
Қосымша: 24,32
12.Тпақырбы: Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және
кәсіби шеберліктерінің қалыптасуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікке жетудің әдісі ретінде. Мұғалімнің
кәсіби өздік білім алуы және өздік жетілуі. Мұғалімнің өздік білімдену
мәдениеті педагогикалық іс-әрекет компоненті ретінде. Педагогикалық
рефлексия. Педагогикалық шығармашылық педагогикалық шеберлікті дамыту
факторы. Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері. Педагогикалық
іс-әрекеттің түрлі деңгейіндегі педагогикалық шығармашылық. Болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби өздік тәрбиесі. Өзін-өзі тәрбиелеудің
әдістері мен құралдары. Студенттердің өздік тәрбиесі мен мұғалімдердің
өздік тәрбиесінің өзара байланысы.
Әдебиет:
Негізгі: 1,2,4,13,15
Қосымша: 24,32

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
1. Адриади И.П. Основы педагогического мастерства. Москва:Академия, 1995.
2. Основы педагогического мастерства. Под ред. Г.М.Зязюна.
Москва:Просвещение, 1989.
3. Чернявская А.П. Педагогическое мастерство.Ярославль, 1997.
4. Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства.
Москва: Феникс, 2003.
5. Щуркова Н.Е.Педагогическая технология. Москва: Пед.общество России,
2002.
6. Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. Москва: Пед.
общество России, 2001.
7. Спирин Л.Ф. Теория и технология решения педагогических задач. Москав:
Рос. пед. Агенство, 1997.
8. Спирин Л.Ф., Фрумкин М.Л. Анализ учебно-воспитательных ситуации и
решение педагогических задач. Ярославль: ЯГПУ, 1974.
9. Крупенин А.Л., Крохина И.М. Эффективный учитель.Практическая
психология для педагогов. Ростов на Дону: Феникс, 1995.
10. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. Москва, 1990.
11. Кан-Калик В.А.Учителю о педагогическом общении. Москва, 1987.
12. Шелихова Н.И. Техника педагогического общения. Москва: Ин-т практ.
психологии, 1998.
13. Педагогика. Под ред. В.А.Сластенина, И.Ф.Исаева и др. Москва: Школа-
Пресс, 1998.
14. Мышко Н.С. Эволюция педагогических учений.У-Ка: Изд-во ВКГУ, 2003.
15. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую
профессию.Москва: Пед. общ. России, 1999.
16. Рыданова И.и. Основы педагогики общения. Минск:Белорусская наука,
1998.

Қосымша:
1. Ножин Е.А. Мастерство устного выступления. Москва: Политиздат,
1989.
2. Никольская С.Т. Техника речи. Москва, 1992.
3. Соломина Г.М. Совершенствование профессиональной компетентности
преподавателя. Екатеринбург: Изд. Гос. Проф. Пед. Ун-та, 1996.
4. Коломенский Я. Алгоритмы общенияМосква, 1990.
5. Ершов П.М. и др.Общение на уроке или режиссура поведения учителя.
Москва: Флинта, 1998.
6. Поль Л. Основы искусства речи. Москва, 1992.
7. Андреев В.И.Деловая риторика.Казань, 1992.
8. Байкова Л.А., Гребенкина Л.К. Педагогическое мастерство и
педагогические технологии. Москав, 2001.
9. Булатова О.С. Педагогический артистизм. Москва: Академия, 2001.
10. Рыбакова М.М.Конфликт и взаимодействие в педагогическом процессе.
Москва, 1992.
11. Индивидуальный стиль деятельности учителя: диагностика и
формирование. Под ред. М.И.Рожков, Н.Л.Иванова, А.П.Чернявская,
Н.Е.Бекетова.Ярославль: ЯГПУ, 1995.
12. Аминов Н.А. Диагностика педагогических способностей. Москва: Ин-т
прукт. психологии. 1997.
13. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. Москва, 1990.
14. Петровская Л.А. Компетентность в общении. Москва: МГУ,1998.
15. Виноградова Н.Учимся общению с ребенком.Москва:,1990.
16. Мудрик Л.В. Учитель: мастерство и вдохновение.Москва, 1992.
17. Слуцкий В.И. Элементарная педагогика или как управлять поведением
человека. Москва, 1992.
18. Конфликты: сущность и преодоление. Под ред. Потанина Г.М. Москва,
1990.
19. Журавлев В.И. Основы педагогической конфликтологии. Москва: Изд-во
Рос. пед. Агенство, 1995.

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
пәні бойынша
ЛЕКЦИЯЛАР КУРСЫ
2007
Лекция №1
Тақырыбы:Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негіздері.
Педагог еңбегін ғылыми ұйымдастыру пәні және мазмұны.
Мақсаты: студенттерді педагог еңбегін ғылыми негізде ұйымдастырудың мәні
мен мазмұнымен таныстыру, арнайы курстың міндеттерін ашу, жаңа терминдердің
мағынасын ұғындыру.
Жоспар:
• 1. ПЕҒҰ пәні мен мазмұны.
• 2. ПЕҒҰ мәні және оның құрылымы.
• 3. ПЕҒҰ заңдылықтары принциптері
Лекция №2
Тақырыбы: Мұғалім іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәжірибесі.
Жоспар:
• 1. Мектепте мұғалім еңбегін ұйымдастырудың жалпы мәселелері.
• 2. Сабақтарға дайындық процесінде мұғалім еңбегін ұйымдастыру.
• 3. Оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру тәжірибесі.
• 4. Тәрбие процесін ұйымдастыру.
• Ғылыми, әдістемелік және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Лекция №3
Тақырыбы: Мұғалімнің жеке бас еңбегінің техникасын оптималдандыру.
Мақсаты: Мұғалім еңбегінің техникасын оптималдандыру проблемасы мәнін ашу,
оны шешудің мүмкін жолдарын көрсету.
Жоспар:
• 1. Мұғалімнің жеке бас еңбегі техникасының маңызы.
• 2. Уақытты ұйымдастыру техникасы.
• 3. Кітаппен жұмыс істеу техникасы.
• 4. Ақпаратты өңдеу техникасы.
• 5. Ақпаратты таңдау және сақтау техникасы
• 6. Қарым-қатынас техникасы.
• 7. Тілдік іс-әрекет пен мұғалімнің сыртқы келбет техникасы.
• Педагогикалық техникадағы ұсақ-түйектер.
Лекция № 4
Тақырыбы: Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға комплексті тұрғыдан қарау.
Жоспары:
• 1. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары.
• 2. Іс-әрекет түрлері бойынша ұйымдастыруды жетілдіру.
• 3. Оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын негізгі факторлар.
• 4. Оқушының еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-
эксперименталдық жұмыстың кейбір нәтижелері.
• 5. Қиындықтар және оларды болдырмаудың мүмкін болатын жолдары.
Лекция №5
Тақырыбы: Уақытты үнемдеу проблемасы.
Жоспар:
• 1. Уақытты үнемдеудің мәні.
• 2. Мұғалімнің бос уақыты проблемасы.
• 3. Уақыт резервтері
 

әрекетін дамыту

Қазақша рефеттар, дипломдар - Психология қазақша
 Кіріспе 3
1 Болашақ психолог-педагог мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамытудың
теориялық негіздері 4
6
1.1 Болашақ мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамытудың әдіснамалық
ұстанымдары 10
1.2 Мұғалімдердің шығармашылығын дамыту мәселесінің психологиялық
әдебиеттердегі көрінісі  21
1.3 Мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамыту-    педагогикалық мәселе
28
2 Болашақ психолог-педагог мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамытудың
педагогикалық шарттары

2.1 Мұғалімдердің іс-әрекетін дамыту мәселесінің  бағыттылығы 32
2.2 Мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың жолдары  36

Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi  
 
 
 
 
 
КІРІСПЕ
 
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына
деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін
туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму
институттарының қалыптасуына немесе өсуден түрақты даму кезеңіне өтуге
бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы
өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл
тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра
алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі
жылғы Қазақстан халыктарына арнаған Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс
жасау қарсаңынды атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық
және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар
аударылған болатын [1].
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін қүралдардың бірі,
прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен үлттық қауіпсіздіктің маңызды
факторы. Осыған орай бүрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі
бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік
мүддені жоғары коятын білімнен адамның өзін танымның биік баспалдақтарына
қарай жетектеп отыратын өмір бойы алатын білімге бағытталу жүзеге
асырылуда. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр
адамның өзінің Менін сезінуге, толықтыруға көмектесетіқцей, сыртқы
әлеммен әлеуметтік карым-қатынастарда өз орынын табуға, өзін
шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп
есептелінеді.
Педагогикалық білім дәстүрге бай. Алайда, педагогика сол дәстүрліліктердің
бүгінгі күннің мәселесін шеше алмайтын немесе шешудегі тиімділігінің төмен
болып түрған кезеңіне өтті. Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі
- республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім
кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің
өркендеген елдердің катарынан көрінеміз деген талабына түғыр болады деп
күтілуде.
Модернизациялаудың күқықтық негіздерін Мемлекеттік Білім бағдарламасы
[2], Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2010-жылға дейінгі
бағдарламасы [3], Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 2005-2010-
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасы
білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы [5],
Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың
ережесі мен тәртібі [6], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім
тұжырымдамасы [7], Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы [8]
және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар қүрайды. Білім саласына
жүктеліп отырған осындай міндеттерді жүзеге асыратын, барлық реформалардың
басты кейіпкерлері мұғалімдер - жаңа формация мұғалімі деп қабылданып,
олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық белсенді, рефлексияға қабілетті,
шығармашыл, акпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-Тұлғалық қүзырлылықтары
қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға
ретінде сипатталады [9].
Ал ондай мамандардың қалыптасуы жоғарғы оқу орындарында басталып одан
кейінгі біліктілікті арттыру жүйесінде әрі қарай дамуы тиіс. Бүкіл
адамзаттың бар білетіні әрбір төрт жыл сайын екі есе үлғайып отырады деген
деректерге сүйенсек, онда казіргі адамның өмірінің соншалықты жылдамдығы
біліктілікті арттыру жүйесінің дер кезінде және үнемі жетілдіріліп, мектеп
тәжірибесінен озып отыруын талап етеді.
Жаңа жағдайда білім беру үйымдары іс-әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім,
іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы, саяси-қоғамдық,
коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс
беріп отырған негізгі қүзырлылықтардың жиынтығы болуына назар аударылады,
Білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы
өзгерістерге қол жеткізуі үшін оларды әдістемелік-ұйымдастырушылық іс-
әрекетінен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне, Мұғалімді педагогикалық нақты
жағдайларға тез бейімдеу, оның шығармашылық ұмтылыстарын қанағаттандыру
ұстанымдарына көшіру өзекті болып отыр [10].
Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби мәнді сапалары мен шығармашылық
әлеуетін дамыту үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары
аясында қызмет етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге
түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады.
Сондықтан мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін
арттыру ісімен айналысьга отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын,
құрылымын өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті
мәселелер қатарына жатады.
Біздің ойымызша мұғалімнің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай
бағытталғанда ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған
қызметінің мәнін терең үғынуы, соған сәйкес өзін - өзі жетілдіру
қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді
қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жүмысын
олардың дамуының жақын аймағында ұйымдастыру жағдайына көшіруді және сол
арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті
шығармашылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.
Біліктілікті арттыру жүйесін кұрудың теориялық, әдіснамалық тұғырларын
айқындау міндеттерін алдыңғы катарға шығарады. Адам бойындағы ашылмаған
мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың
көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының
тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір философтары (Гераклит,
Сократ), жаңару кезеңінің ойшылдарының (Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, Д.Дидро,
т.б.), субъективті идеализм теориясы өкілдері (И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте,
т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп Баласағүн, Әбу Насыр әл-Фараби,
Ш.Уәлиханов), ақындар (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров),
ағартушылар (Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.) еңбектерінде
адамның жеке басын дамыту, ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән
берілгендігі анықталды [11].
Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен
практикасы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Қ.К.Жампеисова, т.б)
[12;13;14;15]; Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
(Ш.Таубаева, т.б.) [16] ; болашақ мамандардың креактивтілігін
зерттеуге (Б.Оспанова)  мәселелері кеңінен қарастырылады.
Сонымен ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және
біліктілікті арттырудьщ нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі қарама-
қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:
- қазіргі біліктілікті арттыруды ұйымдастыру практикасы мен онда Мұғалімнің
 өз  шығармашылығын  дамытуының  мүмкіндіктерінің  толық пайдаланылмауы
арасындағы.
Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық теория мен практикада Мұғалімдердің
біліктілігін дамытудың  тұғыры неде, қандай заңдылықтарға негізделеді;
проблеманы тиімді шешудің педагогикалық шарттары мен тетіктері қандай
деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық
деңгейде қарастыруды талап етеді. Бұл зерттеу тақырыбын Болашақ психолог-
педагог мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту деп алуға негіз
болды.
Зерттеудің мақсаты: Мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың
теориялық - әдіснамалық негізін жасау;
Зерттеудің объектісі:  жоғары оқу орны үрдісі
Зерттеудің пәні:   Мұғалімдердің іс-әрекетін дамытудың  теориясы мен
практикасы.
Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми
болжамды тексеру - философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге
теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау,   сұрақ-жауап
алу, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, тестілеу,  әдістері арқылы қамтамасыз
етілді.
Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспеден, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.
 
 
Білім беру үрдісі субъектілерінің негізгі құзіреттілігін қалыптастыру
Калиакперова Н.А.
ММ №42 орта мектеп

НЕГІЗГІ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРУ ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогының үздіксіз білім беру
тұжырымдамасының жобасы, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта
білім беру тұжырымдамасының жобасы т.б. елімізде білім беру жүйесін
дамытудың басты ресурстарының бірі – мектеп педагогының кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруды анықтайды. Мектептің педагогы жоғары деңгейде
қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.
Негізгі құзыреттілікттердің жиынтығын С.Шишов тізімдер түрінде ұсынады
(оқу, іздеу, ойлау, әріптестік, іске қатысу немесе қолға алу, бейімделу).
Оқу: тәжірибе ішінен қажеттіні таба білу; өз біліміңнің өзара байланысын
ұйымдастыру; өзіңнің жеке оқыту тәсілін ұйымдастыру; жағдаяттарды шеше
білуің; өз біліміңді дербес түрде жетілдіру.
Іздеу: әртүрлі деректер базасын сұрастыру; қоршаған ортадан сауал алу;
эксперттен кеңес алу; ақпарат алу; құжаттармен жұмыс істей алу және оларды
жіктей алу.
Ойлау:
(өткен және қазіргі жағдайлардың өзара қатынасын ұйымдастыру;
(пікірталаста өз ұстанымыңның болуы және өз пікіріңнің болуы;
(оқу мен жұмыс істеу мезетінде айналаңдағы саяси және экономиканың
маңызын көре білуің;
(өнер мен әдебиет шығармаларына баға бере білуің.
Әріптестік:
(қызметтес бола алу және топта жұмыс істей білуің; (шешім қабылдау;
(жан-жал мен қайшылықты шеше білуің; (жаңаны жасай және орындай білуің;
(келісім шартты жасай және орындай білуің.
Іске қатысу немесе қолға алу:
(проектіге қосылу; (жауапкершілік алу; (ынтымақтастықты дәлелдеу;
(өз жұмысыңды ұйымдастыра білуің; (үлгілеу және шығару құралдарын пайдалана
алу.
Бейімделу:
(жаңа технологияны қолдана білу, ақпарат пен байланыс (коммуникация);
(өзгенің алдында тез өзгерудің орамдылығын дәлелдей білу;
(қиыншылықтарға төзу, тұрағылық көрсету;
(жаңа шешімдер таба білу.

Мұғалімнің іс-әрекетін бағалау индикаторлары:
Оқыту іс-әректінің нәтижелігі:
-нормативті көрсеткіштерге оқушылардың білім сапасы деңгейінің
лайықтылығы,
- білім беру стандартын оқушылардың қабылдауы,
-пәнге деген оқушылардың жағымды динамиканың оң қатынасы,
- оқушылардың пән олимпиадаларына, конкурстарға, байқауларға қатысу сапасы

Мұғалімнің әдістемелік жұмысы:
-авторлық әдістемелерді енгізу және дайындау,
-мониторингтік жүйені енгізу және жасау,
- кәсіби конкурстарға қатысу,
-біліктілікті көтеру; өз бетімен білім алу,
-педагогикалық тәжірибені тарату және жалпылау,
-пәнді игеруі;
- оқытуды құзыреттілік тұрғыдан қарауды тарату,
- педагогтардың бірлескен әс-әрекетін тарату
Инновациялық іс-әрекет:
• Инновациялық білім беру технологияларын белсенді түрде енгізу,
• Жеке ТЭЖ бағдарламасын жасау,
• Өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау, публикациялық
материалдары,
• Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының бейнеленуі,
• Мектептегі инновациялық іс-әрекеттеріне қатысу.
Сабақтан тыс іс-әрекет:
( пән үйірмелерінің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, ( оқушылардың іс-
әрекетіндегі іздену-зерттеу жұмыстарын дамыту, ( оқушылардың іс-
әрекетіндегі ұжымдық-шығармашылықтарын дамыту, ( оқушы портфолиосын
құрастырудағы ұйымдастыру жұмыстары.
МҰҒАЛІМНІҢ кәсіби құзыреттіліктері:
( күрделі білім беру, оқу-тәрбие үрдісін оңтайлы және тиімді құруда, яғни
баламалығын қамсыздандыруда, білім, білік, қасиет және тұлға сапасын
кешенділігін енгізу ( В.А. Адольф)
(лауазылымдылықтағы адамның қабілеттерінің сәтті шешілудегі құзыреттілік
міндеттер (Д.С. Савельев)
( қоршаған ортадағы өзара әрекет кең түрде білім, білік, дағды жиынтығын,
оқытуда субъект игеруіндегі сәтті деңгей.( А.П. Акимова)
(жаңаны сәтті қабылдауы және тез бейімделуде өзгеру жағдайларын жедел
жағдайда орындауы, жұмысшы қабілеттілігі сапалы және қатесіз орындауда
өзіндік қызметі (В.Р. Веснин)

Педагог өз бетімен білім алуы өнімді болады, егер:
( Педагог өз бетімен білім алу үрдісінде дамуға және өзін дамытуға
қажеттілікті тудыру.
( Педагог педагогикалық тәжірибесінде өзіндікталдау қабілеттеріне ие болуы
мұғалімнің тәжірибесіндегі оқыту жағдаяттарындағы өзгеру факторлары болып
табылады.Мұғалімнің кәсіби әс-әрекетінде оң және жағымсыз жақтарын
түсінеді, өзінің жетіспеушілігін мойындауы, бұд өзгеруге дайын екендігі
болып табылады.
( Педагогтың рефлексияға даму қажеттіліктеріне ие болуы. Педагогикалық
рефлексия мұғалім- шебер атрибуттары болып табылады (рефлексияны адамның іс-
әрекеті деп түсінуге болады, өзіндік іс-әрекет мағыналығына бағытталған,
өзіндік ішкі сезім, жай-күйі, күйзеліс, осы іс-әрекеттерді талдауы және
өорытындылауы). Педагогикалық іс-әрекетті талдауда теориялық білім алу
қажеттілігі, диагностика – өзіндік диагностика және оқушылардың
диагностикасын білу қажеттілігі, педагогикалық тәжірибеде практикалық
біліктілікті қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
( Мұғалімнің кәсіби даму бағдарламасында зерттеу, іздену іс-әрекеттеріне
өзінің мүмкіндіктерін енгізу.
( Педагог педагогикалық шығармашылыққа дайындығына ие.
(Тұлғалық және кәсіби даму және өзіндік даму қатынасын іске асыруы.
Мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы
білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын
ұйымдастыру. Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы
керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Мектеп педагогының кәсіби құзыреттілігін бағалаудың жалпы критерийлеріне
мыналар жатады:
1. Педагог қызметінің нәтижелілігі және сол нәтижелердің бағалану
критерийлеріне оның түсіну саналылығының болуы;
2. Өз жетістіктерін көру іскерлігі және оған жету жолдарын сауатты
түсіндіру;
3. Өз пәні және оны оқыту әдістемесі саласындағы теориялық білімі мен
іскерлігінің жоғары деңгейде болуы;
4. Зерттеу әдістерімен жан-жақты қарулану;
5. Өз тәжірибесін және өз әріптестерінің тәжірибесін кәсіби сауатты
талдау іскерлігінің болуы;
6. Тілдік мәдениетпен қарулануы, педагог тұлғасының байлығы – оның
рухани мәдениетінің болуы.
Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін бағалау критерилерін деңгейлерге бөліп
анықтауға болады. 1 деңгей – іс-әрекет деңгейі, 2 деңгей- мәнді деңгей,
3 деңгей – педагогикалық жүйенің локалды өзгеру деңгейі, 4 деңгей–
педагогикалық жүйенің авторлық деңгейі және педагогикалық іс-әрекет
компоненттері мен өлшемдері арқылы анықтап диагностикалауға болады.

1 кесте. Педагогикалық іс-әрекет
(мұғалім әрекетінің жүйесі, қызмет көрсету үрдісі мен нәтижесі)
Компоненттер Өлшемдер

Мотивациялы-мақсаттБілім берудегі негізгі мақсаттарды құрастыру.
ы компонент
Әдістемелік жүйе арқылы мақсаттардың орындалуына
жауапкершілікпен шешім қабылдау.
Оқушының нақты іс-әрекетіне мотивациялық жағдай туғызу.
Педагогикалық жүйені таңдауда жеке және барлық
оқушыларға жауапкершілікпен қарауды қабылдау.
Оқушының нақты іс-әрекетіне мотивациялық жағдай
туғызуын қамтамасыз ету.
Оқушылардың даму динамикасын білім беру стандарты
Ұйымдастыруды-басқаарқылы анықтау және жетістікке жетуді жоспарлау.
ру компоненті
Жеке пәндер құралдары арқылы білім беру үрдісінің
сапасының дамуына бағытталған, басшылық шешім
қабылдауға диагностикалық әдістерді қолданады.
Өз педагогикалық іс-тәжірибесін теориялық білім
негізінде қорытып, және осының негізінде технологияны
енгізуді жүзеге асырады.
Әдістемелік Білім беру үрдісінде пәннің ролімен орнын анықтай
компонент алады, озық ойларды, мектеп пен пәннің концепциясын,
мазмұн құрылымын анықтап іске асыра алады, осының
негізінде оның құрылысының логикасын анықтайды.
Білім беру мазмұнының құрылымдылығы арқылы бағдарламаны
іске асырады.
Негізгі құзіреттілікті қалыптастыру.
Пәндік-білім беру Аймақтық компонентті ескере отырып оқу пәндерінің
компоненті мазмұнын кіріктіру тәсілдерін біледі.
Функционалды сауаттылықты, интеллектуалды біліктілікті
қалыптастыру.
Құзіреттілікті сауаттылықты, оқушылардың
іс-әрекеттерінің әртүрлі тәсілдерін, жекелей
бағдарлама құру тәсілдеоін қалыптастырады.
Коммуникативті Бірігіп жұмыс істеу, бірігіп шығармашылықпен айналысу,
компонент бірігіп іс әрекер атқару тәсілдерімен және соған дайын
екендігін меңгерген.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру позициясында
орындайды.
Қарым қатынасты ұйымдастыруда әр түрлі ситуацияларды
модельдеу тәсілін біледі.

Педагогикалық іс-әрекет, яғни мұғалімнің кәсіби тәжірибесін бағалау
критерилерін қолдана отырып диагностика жасалып.Мынадай нәтижені ММ №42
орта мектеп бастауыш сынып мұғалімдері көрсетті.

2 кесте. Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін бағалау көрсеткіші

Сонымен, мұғалім өз жұмысының кемшілік тұсын дер кезінде көріп, соны
жою бағытында жұмыс жүргізсе, белгіленген мақсаттан ауытқуы мен оның
себептерін анықтау, жекелеген жұмысындағы кемшіліктерді ескере отырып оны
түзетуі бұл педагогтың көрегендігі болып табылады. Педагог өз жұмысын
диагностикалау арқылы, білім сапасын көтеруде, қандай бағытта жұмыс жүргізу
керектігі бірден айқын және нақты көрінеді. Кемшіліктер мен жетістіктерді
саралай отырып, диагностикалап үздіксіз жұмыс істеу – үлкен нәтижелерге
жеткізеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Білікті ұстаздан білікті шәкірт шығады.Алматы ақшамы,11 шілде,2002.
2. Управление инновационными процессами.Менеджмент в образовании, №4,
2001.- стр.3-11.
3. Принципы управления школой на основе менеджмента Материалы
Республиканской научно-практической конференции Педагогические модели
школ разного типа.- Актобе, 2002.
4. Диагностика состояния внутришкольного управления в педагогической
практике. Директор школы, № 6, 2002.
5. Тағы да мұғалімнің кәсіби шеберлігі хақында. Егемен Қазақстан,
29шілде 2003.
6. Педагогтың кәсіби құзырлылығы жоғары білім сапасының басты көрсеткіші
Качество педагогического образования: проблемы и перспективы
развития материалы Международной научно-практической конференции.–
Алматы: КазНПУ им. Абая. – 2004.

Жақсы мұғалім

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,
интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа
технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық
танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға
тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да,
студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби
даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына
оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-
педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика
тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан
Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған
мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл
стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004
жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері
сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.
Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке
тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып
кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика
алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған
жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты,
сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын
байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды,
мектеп ұжымы — практикант балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне,
студентгердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл
олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер
студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз
құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің
педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады.
Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс
студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады.
Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау
жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп,
практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.
Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның
қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: "... Мен мектепке оны
кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді
өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келссі бір
студент: "Мектеп — бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен
мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады.
Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге
мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы
туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып
оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-
қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің
нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік
аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі.
Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі
бойынша практикадан өтті. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді
кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-
тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз
практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап
педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін
практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.
Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі
бойынша практика (1-курс);
2)  ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);
3)  бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);
4)  оқу-тәрбие практикасы (4-курс).
Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі
анықталған. Біздің ойымызша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-
педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни
міндеттер жәнс студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі
қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының
деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын,
балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық
қарым-қатынасты).
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте
маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір
бөлігі болып табылады да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Білім беруді цифрландыру
Технологияның артықшылықтары
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Пәндер