Идея және материя


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Платон (б. д. д. 427-347 ж. ж. ) өзінің терең де мағыналы филоссфиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына зор әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты - Аристокл. 20 жасында Сократтан дәріс алған, кейін Афинада Гекадем (гректердің батыр құдайы) атындағы гимназияда ұстаздық етеді.
Негізгі шығармалары: "Апология" (Сократты қорғау), "Критон" (заңды сыйлау туралы), "Кратил" (тіл туралы), "Федон" (әдептілік туралы), "Мемлекет" (идеялар теориясы), Теэтет" (білім туралы), "Тимей" (космогония) ; "Заңдар", т. б. Платонның пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес, керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тең. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қаншама бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар, т. б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе "эйдос" деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т. б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1. Себептілік. 2. Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі. 3. Заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгі, өзгермейді. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым жетіспейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым "хораны" (материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға кабілетті Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болмайды Платонның материясын таныпи-білуге болмайды, ол - бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді.

Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз - от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар- заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мәңгі жоғалып жатады. Заттар идеялармен үш түрлі байланыста болады. Біріншіден, заттар өзінің идеяла-рына ұмтылады, сол идеяларға ұқсауға тырысады. Екіншіден, әрбір затта идеяның бөлшектері бар, сондықтан заттар өз идеялары сияқты болады. Бұл пікірді былай деп түсіндіруге болатын сияқты. Егер заттар өз идеяларынан басқа болса, оңда олардан бөлек жоғары сатыда тұрған, заттар мен идеяларды біріктіретін, тағы бір идея болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, осы екеуін біріктіріп қамтитын үшінші адам идеясы болуы керек. Үшіншіден, сезімдік әлемдегі заттардың идеялармен бірігіп кетеді. Себебі заттар йдеялардың келеңкесі, олардың бейнеленуі, ал идеялар - заттардың алғашқы түрлері, пішіндері. Өзінің осы ілімін түсіндіру үшін Платон "үңгір" туралы аллегориясын келтіреді: Үңгірдегі адам заттардың өзін емес, тек олардың көлеңкесін ғана көріп, таниды және оларды табиғаттың шын құбылысы екен деп есептеп, үңгірден сыртқа шыққанда шынайы құбылыстарды көріп, оларды шын мәніндегі заттар ретінде мойындамайды, осы пікірдің қате екендігін түсіндіріп айтқан адамды жынды санап, өлтіру-ге дейін барады.

Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемімен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі, өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі - езгермелі бөлік (материя) және үшіншісі, сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі) . Космосқа рух беретін - демиург. Ол космостың мәңгі баста-масы, себебі және жүйеге келтірушісі. Олай болса, космос - інін ^'лтерия аркылы заттандырылуы жәнс сол әлемнің тірі организмдерге айналуы. Космостың тіріиілік иелерінікі сиякты ақылы мен жаны бар.

Космостық денелер материядан (от, жер, ауа. су) тұрады Бұл түпнегіздер әр түрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көптүрлі денелер құрайды. Ал, жоғарыда айтқандай, өзіне-өзі тең бөлікпен өзгермелі бөлікті қосып, космос рухын дүниеге келтіреді. Космос рухы космостағы заттар әлемінен бұрын пайда болды. Космос рухы немесе әлемдік рух екі түрлі (ішкі және сыртқы) қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыспен жұлдыздар сферасы қозғалса, ішкі қозғалыспен - Күн, Ай, планеталар қозғалады. Бұл - әлемдік рухтың бірінші кызметі.

Космос рухының екінші қызметі - танып-білу. Ол өзіне-өзі. тең белігінің бірігуі арқылы заттар әлемін танып біледі.

Ал адамдар денесі төрт түпнегіздің қосылуынан жаралғандықтан, өлгеннен кейін космосқа қайтып оралады. Дененін басты міндеті - жан орналасатын қорап болу ғана, сондықтан ол жанға тәуелді, оның кұлы. Жаңа тіршіліктің (өмірдің) идеясы ретінде мәңгі. Дене өлгеннен кейін ыдырап кері қайтса жан аспанға он мың жылдан кейін (әлемдік бір жыл) ғана орала-ды. Жанның өзі әр түрлі болады. Бір түрі - философия арқылы тазарып, денесіз өмір сүретін -жаңдар болса (бұл жандар қатарынан үш рет философтардың денесіне енуі мүмкін), екіншісі - өз өмірін қиянатсыз, бірақ философтардан бір саты төмен өмір сүрген адамдардың жандары, ал үшіншісі - күнәкар өмір сүрген адамдардың жандары.

Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар
әлемін көріп, танып-біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне :

Осыдан келіп Платон таным процесі - ол жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деп қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің гармониясын зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім - ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім - шындыкқа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Осыдан келіп Платон, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп-білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығармашылыққа жетелейтін құдіретті күш.

Идеяны, эросты басшылыққа алған өмір, әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат (Платонша махаббат) негізінде ғана мүмкін.

Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен гармониясы. Платонның түсінігінше, игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің Даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. 0лар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған философтар, мемлекетті басқарулары керек, данышпанықтан
басқа қалған үш игілік дарығандар -әскербасылар, т. б. ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар - қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер т. б. Осы аталған әілеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарын игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Идеалды мемлекетте жоғарыда аталған үш әлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте қайырымдылық (игілік) орнайды. Өзінің идеалды мемлекет идеясын жүзеге асыруға (Дионисияда, қазіргі Сицилияда) тырысқан Платонның іс -әрекеті сәтсіз болды.

Платон - мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы философтарға үлкен ықпалын тигізіп, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

Аристотель (б. д. д. 384-322 ж. ж. ) болды. Ол - философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл философ. Ол Фракия жағалауыңдағы Стагир қаласында дүниеге келді. 17- жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александардың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афйнада Ликей немесе перипатетиктер (қыдырып жүріп сұхбаттасу) мектебі деп аталатып оқу орындарын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласына ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: "Категориялар", "Аналитика" (І-ІІ томдар), "Топтика", "Физика", "Метафизика", "Этикалық трактаттар", "Саясат", "Риторика", "Поэтика", т. б.

Аристотель білімнің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі философияның бар екеңдігін айтады. "Екінші философия" - физика пәні материя мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, "бірінші философия - метафизиканың қарастыратын мәселелері табиғи құбылыстар танып-білу табиғатты танып білуден құндырақ, сондықтан философия физиканың алдында тұрады да, "бірінші философия" деп аталынады.

"Бірінші философия", бір жағынан алғаңда, дүниенің алғашқы бастамасы құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан теология деп аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастаманың бірі болғандықтан және философия мәңділіктердің тек алғашқы бастамаларын ғана қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан әлдеқайда ауқымдырақ және тереңірек.

Өзінің шығармаларында Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырып, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіңдіруге тырысады» Мән категориясы -мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейіңгі ойшылдарға ұқсап мәңді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды оны өзіне тән әртүрлі көріністеріне: түпнегіз (субстрат) ; болмыстың мәні; болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; жалпылық; ерекшеліктерге байланысты тануға тырысады.

Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана - болмыстың мәні - мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. "Болмыстың мәні", түр, алғашқы мән - синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше түр - кез келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана. Осы тұрғыдан алғанда, ол жалқылар мен жалпылардың арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүреді. Түр сапа да, сан да, заттар арасындағы қатынастар да емес, ол - заттардың мәні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Түрді ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі. Қаншама ерекшеленген заттар болса, соншама түр бар.

Түрмен қатар алғашқы бастамалардың қатарына "хюлэ" - материя да жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі - түрсіз, бейтарап, екіншісі - заттарды материяландыратын нәрсе. Материяның бірінші түрі мәңгі, бірақ өміршең емес, себебі өздігінен ештеңе тудыра алмайды. Анаксимандрдың апейроны сияқты белсенді де емес, қозғалыста да болмайды. Ал
"екінші материя" өзіне "бірінші материяны" қабылдайды да,
заттарды жасайтын материал ретінде түрмен қосылып, оларды
дүниеге әкеледі. Материя мәңгі болғанмен де, болмыс пен
бейболмыстың ортасында екі ұшты болып тұрғандықтан, заттардың уақытшалығының, өзгермелінің қайнар көзі болып табылады. Материя мен түрді алғанда басты рөл түрге беріледі, себебі шын нақтылық- затгардың нақтылығы емес түрдің нақтылығы. Әлемде болып жатқан құбылыстардың барлығы мақсаттылыққа (телеология) байланысты өзгеріп, дамиды. Мақсаттылық Платон айтқандай жалпы игілік атаулы емес, керісін-ше, нақты игілік, ол - нақты мүмкіндікті жүзеге асыру және оны тамамдау.

Төртінші алғашқы бастама - қозғалыс Мән мен түр қосылғанда ол әрекетшілдік қасиетке ие болып, заттар қозғалысының алғышарты болады. Бірақ әрекетшілдіктің өзі сыртқы күшке тәуелді, оны қозғалысқа түсіретін -құдай. Түрде, мақсаттылық та, қозғалыс та құдайға тән. Бірақ ол материядан құр алақан, себебі материя құдайдан тәуелсіз өмір сүреді. Демек,

материя затгардың пайда болу мүмкіндігі ғана болса, құдай
нағыз.

Аристотель қозғалысты өзінің категориялары тұрғысынан қарастырады. Мысалы, қозғалыс сапаға байланысты - сапалық өзгеріс; санға байланысты ұлғаю, кему, орынға байланысты-бір орыннан екінші орынға қозғалу, т. б. болып түрленеді. Аристотельде кеңістік деген категория жоқ, оны "орын" категориясы алмастырады. Кеңістік (бос кеңістік болмайды) денелер орналасқан "орындардан" тұрады. "Орын" қозғалыстағы денелермен тығыз байланысты, бірақ олармен бірге қозғалмайды.

Уақыт ұғымын Аристотель қозғалыспен тығыз байланыста қарастырады. Олардың айырмашылықтары - уақыт бір қалыпты болмайды ол бірде тез козғалса, бірде жай қозғалады, Сондықтан дейді Аристотель - уақыт қозғалыстың мөлшері. Ал уақыттың өзі қозғалыспен өлшенетін болғандықтан, қозғалыс уақыттың мөлшері болып шығады. Уақыт өздігінен ештеңе туғызбайды, жоймайды да, бірақ барлық заттар, құбылыстар белгілі бір уақытта пайда болып, жойылып жатады.

Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндіктері бар (жасанды денелерде ондай мүмкіндік болмайды) . Осы мүмкіндіктің жүзеге асырылуы (энтелехиясы) жан арқылы болады. Жанның үш түрі болады. Өсімдіктер жаны -жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл жанның басты қызметі - өзін-өзі ұдайы өндіру және қоректену.

Жануарлар жаны - олар заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы қабылдай алады.

Адамдар жаны - өсімдіктер мен жануарлар жандарына тән қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың арқасында жалпылықты танып біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен жалқыны танып білуі керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар әлемі әсер етеді де, біз оларды танымның әртүрлі сатылары арқылы танып, біле аламыз. Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты, сезімдік түйсіктерімізге әсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматтар аламыз. Екінші сатысында - тәжірибелік (эмпейрия) танымда, сезімдік түйсіктеріміздің қайталанған құбылыстарды есте сақтап қалуы арқасында оларды танып-білуімізге мүмкіндік туады. Танымның үшінші сатысы - "өнер" (әңгіме көркеменер, т. б. туралы емес), практикаға негізделген танымның ерекше сатысы. Бұл сатыда адамдар жеке заттарды танып қана қоймайды (тәжірибедегідей), одан гөрі тереңірек түсіп, кейбір заттарға тән ортақ қасиеттер мен себептерін де танып біледі.

Ал заттардың себептерін, болмыстың мәнін, әсіресе, алғашқы бастамаларды және алғашқы қозғаушы күшті түсініп білу - ақыл-ойдың қызметі. Ондай танып-білу, тек философияға ғана тән. Аристотельдің пікірінше, адамдар "қоғамдық жануарлар". От басының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т. б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы, қалыптасқан қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе, жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі бағыттары
Ежелгі Грек Рим елдерінің экономикалық ойлар
Аристотельдің философиялық еңбектері
Аристотель Стагирит
Онтология: ұғымдары мен принциптері
Философия тарихында болмыс категориясы.Болмыс және бейболмыс
Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Платон
Материализм
Эленизм дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz