Платон мен Аристотельдің философиялық тұжырымдары



Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Платон мен Аристотельдің философиялық тұжырымдарынан педагогикалық
идеяларды шығарып алуға болатын сияқты, әл-Фарабтдің философичлвқ ойларынан
педагогикалық әдіснамаларды және теорияларды іріктеп алуға болады. Оның
тұжырымдамалық ойларына байланысты педагогикалық идеялары азаматтық
гуманистік немесе саяси философияның құрамына енетін ғылымдеп айтуға
болады.
Әл-Фарабидің пікірінше педагогика ғылымы болашақ жас ұрапқтың ерік-
күйін, ниетін белгілі бағытқа бағыттап, әр жақты тәрбие құралдары мен
әдістер арқылы басқарып отыру, өзін-өзі тәрбиелеуге ниеттендіретін басқару
өнері деп санаған. Ал, басқарушы адам-педагог, ұстаз, тәлімгер деген
ұғымдарды әл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі басты ұстанар тетігі –
философиялық-этикалық категориясын құрайды. Бұл категория әрбір толық
адамды бақытқа жеткізетін, оның мәні-мағынасын ашатын мұраты. Бақытқа
жетудің негізі-философия, яғни ғылыми біліидер арқылы дүниедегі әдемілікті,
адалдықты, тазалықта, мейірімділікті, қанағат тұту, мұратқа талпыну,
қиыншылықты жеңе білу, ақыл-ойын жетілдіру, әрбір іс-әрекетті жүректе
ұялату, дамыту әрекеттері жатады. Осы пікірді әл-Фарабидің сөзімен
айтқанда: Біз бақытқа тек әдемілік пен тазалықта бойға сіңіру арқылы
жетеміз, алондай кемел тазалық пен әдемілік философия өнері арқылы
келетіндіктен біз бақытқа нақ философия негізінде ғана жетеміз деп
түйіндейді.
Әл-Фарабидің философиялық жүйесінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелері
бір-бірімен диалектикалық бірлікте болғандығын байқаймыз. Өйткені,
философия нағыз білімпаздың, өнерпаздың және кеменгерліктің жиынтығы,
сондықтан барлық ғылым, білім, өнердің жеткен жетістіктері философия
ұғымына, мазмұнына жатқызылады.
Мәселен, әл-Фараби да Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп
есептеген,өзінің этикалық, педагогикалық және гуманистік көзқарастарында
аталған қағиданы әдіснамалық негіз ретінде дәлелдеген.
Әл-Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары атты тртактатында
адамдардың бір-бірімен өзара бірлестікте болып, өзара көмектесіп қол
ұштарын берсе, бірлесіп еңбек етіп жеткен жетістіктерінің жемісін бөліссе,
толыққанды адамдардың нобайы шығып, олар өздерінің балаларын кең
бақыттылыққа тәрбиелеген болар еді. Міне, сондықтаг бір-біріне көмек беріп,
отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін
тауып беріп ортақтасатын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам
өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады – деген пікір
қосады.
Қоғамды кемелдендіру – бақытқа жетудің алғашқы басты шарты, тек
кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, философия тәрбие арқылы кемелдікке
жете алады. Педагогикалық қағида тұрғысынан адамды бақытқа жеткізетін
негізгі құрал – мінез-құлық пен ақыл-парасат, адамгершілік пен
интеллектуалдық күш қуат тәрбиенің мән-мағынасын құрайды. Әл-Фарабидің
пікірі бойынша Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл парасатқа ие болған кезде
солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз. Бұл екеуі бар кезде,
бірлікте болғанда ғана біздің іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады,
осылардың арқасында біздер шын мәнінде қадірменді, қайырымды, инабатты
адам боламыз- деп санаған.
Әл-Фараби өзінің саяси-педагогикалық тртактаттарында адамдардың, қала
тұрғындарының мінез-құлықтары мен ақыл парасаттарын тәрбиелеуде қайырымды
қала, мемлекеттерге олардың басшыларына барған кеңесінде: Тұрғындар бір-
бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздегенде қала
қайырымды қала, халқы қайырымды адамдар болғанда ғана, олар бақытқа жетеді.
Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз
көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді-деген
ой тербетеді. Негізінен, әл-Фараби адамзатты болашық бақытқа жеткізудегі
оның ұстаған ұстанымы-халықтар достығы, бейбітшілік қатынаста өмір сүру,
адамдарды бір-бірімен байланыстыратын дәенекерлік тұтқа-адамгершілік
құндылықтар. Сондықтан, адамдар өзара тату-тәтті бейбітшілік рухта
тәрбиеленгенде ғана бақытты болатындыған айтқан.
Әл-Фарабидің педагогикалық идеялары жастарға оқыту мен тәрбие беруде
ерекше мазмұндылығымен, біртұтас байланыстылығымен сипаталынады. Оқыту
арқылы адамдар мен халыққа теориялық және практикалық білімдер беріп
қайырымдылыққа, қанағаттылыққа бағыттап отыру әдіс-тәсілдерімен іс-жүзіне
асырамыз. Оқыту, сөйлесу, әңгімелесу халықты белгілі іс-әрекеттер арқылы
әдет-дағдыларын қалыптастырамыз деген ойын жазады.
Әл-Фарабидің топшылауынша оқу-философияның негіздерін, теориялық
білімдерді ерікн меңгеру, әлеуметтік-саяси көзқарастарын қалыптастыруға
қызмет жасаса, ал тәрбие-ол ұстаздың, тәлімгердің адамның белгілі мақсатқа
негізделген адамгершілік мінез-құлық, әдет-дағдыларын қалыптастыруға
ниеттелген іс-әрекеттерін дамытады. Қайсыбір адам болмасын өзінің мінез-
құлқына аса қадірлі абзал қасиеттерді қалыптастырсам екен деп қиялданады.
Бірақ адам адамгершілік қасиеттерідң түп-тамырына дейін сана-сезімі жетпеуі
мүмкін немесе тәжірибесіздіктен арнаулы әдіс-тәсілдермен, амалдармен дамыта
алмауы ғажап емес. Сол себептен уақытын өткізіп алып, қажетсінген
қасиетттерді тәрбиелей алмай, абзал адамгершілік қасиеттердің орнына
жағымсыз пасық қылықтардың пайда болуы мүмкін.
Әл-Фарабидің Бақытқа жету жолы атты трактатында жасөспірімдерді
қайырымдылыққа, батырлыққа, шешендікке, достыққа т.б. сияқты қасиеттерге
тәрбиелеу жолынайтады. Мәселен, тапқан қаражатыңды үнемдей білу, орынды
жұмсау жомарттылққа апарады. Шектен тыс үнемшіл болу, ақшаны кем жұмсау
сараңдыққа бейімдейді.
Әл-Фарабидің пікірі бойынша тәрбиеші және – денсаулығы мықты болуын
қадағалап отыру керек. Өйткені кісіні жан-*жақты қалыптастыруда дене
тәрбиесі негізгі фактор болып саналады. Адам тәнінің кемелдігі-ол
денсаулық, егер денсаулық болмаса, оны жетілдіріп емделу қажет. Ал егер
денсаулық болса, оны сақтай білу парыз. Еңбек, еңбексүйгіштік тек өзінен-
өзі келмейді, тынымсыз байсалды, бірқалыпты еңбек, адамға нәр беріп, күш
қуатын артырады-деп жазады.

2.3. Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық көзқарастарын білдіретін
зерттеулері де баршылық.
Олар “Бақыт жолын іздеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік
қайраткерлердің нақыл сөздері”, “бақытқа жету жолында” деп аталатын ғылыми
еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль аударып отырған.
Этиканың зерттеу объектісі-мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін
жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғарғы
категориясы-бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-
парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды
дегендей пікір айтады. Ақыл мен адамгершілік, қайрымдылық өзара табиғи
түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы
бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үміт, ең алдымен, ол өзіне-
өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті
қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби “қандай
шебер әдістің жәрдемімен жеке жақсы мінез-құлыққа жеткінімізді
қарастыруымыз керек” дей келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға
моральдық –этикалық тұрғыдан баға береді. Қоғамдағы әр бір құбылыс шектен
шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕЛІК ОЙ - ПІКІРЛЕРІ
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Антик философиясы туралы
Әлемдік философиялық мұра
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы
Антик философия. Софистер
Әбу насыр фараби және оның ғылыми - философиялық еңбектері және трактаттары
Антик философиясының кезеңдері
Антик философиясының дамуы
Пәндер