ПЛЕВРИТТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР


ПЛЕВРИТТЕР
Плеврит - плевра беттерінің қабынуы.
Этиологиясы . Плевриттің ең жиі себебі туберкулез микобактериясы. Сонымен қатар плевритті тудыратын себептерге пневмококтер мен стрептококтер де жатады. сондықтан да, пневмония мен ревматизмде плеврит жиі кездеседі. Басқа микробтар да плеврит себебі болуы мүмкін.
Патогенезі . Плеврит организм әлсірегенде дамитын ауру. Плеврит ішінде жиі кездесетін туберкулезді плевриттіңдамуында үш фактордың рөлі ерекше:
1 . Аллергиялық фактор
2 . Перифокальды ( шетін ала) қабыну
3 . Плевра беттерінің туберкулезбен тікелей зақымдануы. Пневмонияда болатын плеврит перифокальді қабыну жолымен дамиды. Плевриттің ревматизмде дамуына аллергиялық реакцияның маңызы басымдау.
Клиникалық тұрғыдан плеврит құрғақ және экссудативті плеврит болып екі түрге бөлінеді.
Құрғақ плеврит
Құрғақ плевриттің этиологиясы мен потогенезі барлық плевриттегідей.
Клиникасы . Аурудың негізгі шағымы-демді терең алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуденің шаншып ауыруы. Ауырғандық плевра беттерінің бір-бірімен үйкелгенде, париетальды (сыртқы) плеврадағы ауырғандықты қабылдайтын рецепторлардың тітіркенгенінен туады.
Құрғақ плевритте болатын басқа шағымдар:құрғақ жөтел және қызудың көтерілуі. Құрғақ жөтел рефлекторлы түрде туады. Қызу субфебрильді мөлшердің шамасында болады.
Қарау . Ауырғандықтық салдарынан кеуденің ауыратын жағы тыныс алуда қалыңқы болып көрінеді. Науқас ауыратын бүйіріне жатуға тырысады. Мұндай қалыпта плевра беттерінің үйкелісі азаяды, сондықтан ауырғандық та азаяды.
Кейде плевра беттерінің үйкелісін сипап та анықтауға болады. Перкуссиялық өзгерістер болмайды.
Зақымданған плевра бетінің үстінен плевра үйкелісінің шуы естіледі.
Рентгенологиялық тексеруде тек қана диафрагма қимылының шектелгенін көруге болады.
Қанның жалпы анализінде өзгеріс болмайды.
Экссудативті плеврит
Экссудативті плевритте плевра қуысына қабыну сұйықтығы жиналады. Плевра қуысында сұйықтық жиналудың механизмі-инфекция не интоксикация әсерінен өткізгіштігі артқан тамыр қабырғасы арқылы құрамында белогі көп сұйықтықтың қан тамырынан плевра қуысына өтуі. Плевра қуысындағы сұйықтық кейін плевраның вена және лимфа тамырларын қысып тастап, өзінің сіңуіне кедергі тудырады. Плевра қуысындағы экссудат көбейе келе өкпені жоғары қарай қысып тастайды. Сөйтіп, компрессиялық ателектаз туады.
Клиникасы. Ауру жедел не созылмалы басталуы мүмкін. Ауру созылмалы басталғанда, оның барлық симтоматикасы 3-4 апта бойында өрбіп дамиды. Ауру жедел басталған жағдайда болатын негізгі шағымдар: қызудың тез көтерілуі, құрғақ жөтел, демікпе, кеуденің шаншып ауруы. Қызу өте жоғары деңгейге дейін көтеріледі, қызу көтерілген кезде қалтырап тоңу болады. Жөтел мен кеуденің шаншып ауруының себебі - әр эксудативті плевриттің құрғақ плевриттен басталып, кейін экссудативті плевритке ауысатынында. Бұл шағымдар құрғақ плеврит кезінде болатын шағымдар. Демікпе плевра қуысындағы сұйықтық өкпені қысып, оның тыныс бетін азайтуына байланысты болады.
Қарау. Тыныс алу жиілейді. Кеуденің ауру жағы тыныс алғанда қалыңқы болады, не тыныс алуға қатынаспайды (өкпенің қысылып қалатынынан) . Кеуденің төменгі бөлігіндегі қабырға аралықтардың ісініп, шығыңқы болатынын көруге болады. Плевра қуысындағы сұйықтық қабырға арадық вена және лимфа тамырларын басып тастайтынына байланысты.
Пальпация: Сұйықтық үстінде дауыс дірілі болмайды. Ал, қысылған (бастырылған) өкпе үстінде (компрессиялық ателектаз) дауыс дірілі күшейген.
Перкуссия: Экссудат үстінде тынық дыбыс болады. Экссудаттың деңгейіне сәйкес келетін перкуторлық парабола сызығы Эллис-Дамуазо-Соколов (ЭДС) сызығы деп аталады. ЭДС сызығы омыртқадан басталып, доға тәрізді жоғары көтеріліп, алда төс сызығы тұсында төмен түседі. Сызықтың ең жоғарғы нүктесі жауырын сызығының, не артқы қолтық сызығының деңгейіне сәйкес келеді. Экссудат деңгейінің бұлай көтерілуі плевра қуысының әр жерінде теріс мәнді қысымның әр түрлі болатынына және өкпе тканінің ретрактильді күшіне байланысты. Плевра қуысының қысымының ең төменгі деңгейі кеуденің бүйір-арқа тұсына сәйкес келеді. Қысымның деңгейі неғұрлым төмен болса, оның сору күші соғұрлым күшті және сұйықтықтың деңгейі соғұрлым биік болады. Сондықтан да ЭДС сызығының ең жоғарғы деңгейі кеуденің бүйір-арқа тұсына сәйкес келеді. ЭДС сызығының өрлеме бөлігінен ішкі Гарлянд үшбұрышы орналасқан. Оның бір қабырғасы-омыртқа, екінші қабырғасы-ЭДС сызығының өрлеме бөлігі, үшінші қабырғасы-ЭДС сызығының ең жоғарғы нүктесін омыртқамен қосатын сызық. Гарлянд үшбұрышы компрессиялық ателектазға сәйкес келеді. Оның тұсында дабыл реңді бәсең өкпе дыбысы естіледі (альвеолалардың толық басылмауына байланысты) . Кеуденің сау жағында Раухфус-Грокко үшбұрышын анықтауға болады. Бұл үшбұрыштың табаны-диафрагма, екінші катеті-омыртқа, гипотенузасы ЭДС сызығының жалғасы. Раухфус-Грокко үшбұрышы сау жаққа ығысқан кеуде ортасы қуысының органдарына сәйкес келеді.
Аускультация: Экссудат үстінде ешқандай дыбыс естілмейді. Гарлянд үшбұрышының үстінде бронх тынысы естіледі (өкпенің тығыздалуына байланысты) .
Плевритті емдеу принциптері:
1. Плевриттің себебін (этиотроптық) емдеу (туберкулезге қарсы ем қолдану, пневмонияны, ревматизмді емдеу т. б. ) .
2. Симптоматикалық емдер қолдану (десенсибилизация емі, жүрек-тамыр жүйесін емдеу т. б. ) .
3. Физиотерапевтік ем қолдану (экссудаттың тарауы үшін) .
4. Экссудатты эвакуация жасау (экссудат 2-3 аптада тарамаған жағдайда қолданылады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz