Полигон және қоршаған орта


Полигон және қоршаған орта
Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам - әлеуметтік ақиқат иесі дейміз, бірақ оның биолигиялық тұрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе оны қайта құрсақ дейміз.
Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау болады.
Адам - Жердегі биологиялықтүрлердің ең жасы. Жер адам пайда болудан миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер сонша уақыт тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған жыодардан бері табиғатты пацдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн, адам өркениетін қоршаған әлнмге аса сақтықпен қарап отырып, одан өз орнын табуға тиіс.
Қоршаған ортаны қайта пішу жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай істеген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы, Байкалдың ластануы, ұлан-ғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа айналуы, су электр стнцияларын саолған кезде орасан үлкен аудандардың су астында қалуы - бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаныосынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адымның жаңа табиғи - климаттық және өндірістік жағдайға бейімделуіндегі экологиялық және әлеуметтік міселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаны зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол ешбір ақылға симайтын апат.
Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде айналаның - топырақтың, атмосфераның, судың радиоктивті газ-тозаңдармен, азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдетберік қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.
Тамақ өнімдерінен, ашық су қоймаларынан, малдардың сүйектерінен қорғасын - 210 табылды, ол уран -238 ыдырауынан пайда болған изотоп. Ал Семей облысында уран кенінің жоқекені белгілі, ендеше оның ядролық жарылыстардан тарауы әбден мүм кін.
1989 жылғы зерттеулердің мәліметтері бойынша ұсақ малдардың сүйегіндегі қорғасын - 210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10 процентісорпаға шығады, денсаулыққа зияны аз емес.
Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жацылып жүрген және полигонға таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Жер астындағы дүмпулерді алайық. Жер астындағыядролық жарылыстан туған сейсмикалық қозғалыс күші зарядтың қуатына және сынақ алаңының геологиялық жағдайына байланысты.
Невада полигонында жер қабаттары туфтар деп аталатын қуыстары көп жыныстардан тұрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.
Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан тұрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан мұндағы жерасты жарылыстары айтарлықтай тербелістер туғызады. Қашықтықтары мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полигонындағы сейсмикалық тербеліс күші Семейден 3-4 есе төмен.
Жер астындағы әрбір жарылыс, олардың саны аз емес -343, жердің қыртысын қазғалысқа түсіреді.
Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі құрылыстары бұзылады.
Сондықтан да жер астындағы ядролық қуатты жарылыстарға таулар да төзе алмайды. Жер астындағы ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстары жарылады, уатылады жаңа қуыстар пайда болады, ежелгі құрылымдар өзгеріске түседі, мұның өзі ежелден келе жатқан тау шоқыларының шөгуіне, немесе опырылып төмен түсуіне әкеп соғады, жер қабаттарының ғасырлар бойы бекінген бейнесі өзгереді.
Бітімі жағынан қатты тау жыныстарының құрылымы өзгереді, кейбір жер асты жарықтары үзіледі, бітеліп қалады, екіншілері бағытын, орнын өзгертеді, жаңа әлсіз аймвқтар немесе жаңа жарықтар пайда болады.
Міне, сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп кетеді, немесе құрып қалады.
Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер мен малды сумен қамтамасыз етіп тұрған 700 құбырлы құдық істен шығып қалды.
Гидрогеологтардың зерттеулері көрсетіп отырғандай, ядролық сынақтар жер астындағы суға зиянды әсер етеді: уран, стронций, цезий ПДК-дағыдан ондаған есе көп.
Термоядролық жарылысынан пайда болатын зиянды заттардың бірі - С -14 көмір изотопы, оның ыдырау кезеңі мыңдаған жылдарға жетеді, әсіресе ол жер астындағы жарылыстар кезінде көптеп пайда болады. Ресми түрде ол полигон төңірегінде табылған жоқ. Бірақ С - 14 Невадада пайда болса, Семей полигонында қалай пайда болмасын. Ізделмеген ғой.
С - 14 көмір изотопынан басқа, ядролық жарылыстар кезінде, альфа - бөлшектер көзі боп табылатын плутоний изотоптары құралады. Альфа - бөлшектер көзін ведомствоаралық комиссия мүшелері тапты. (05. 06. 1989 ж. ) .
Қуыстары мен құдықтарында сынақтар өткізілген Дегелең және Мұржық шатқалдарының қойнында радиоактивті заттардың, оның ішінде ұзақ сақталатыны бар, көптеген мөлшерде жиналғанына күмән жоқ. Мұнда жерлер, әрине, шаруашылық мүддесіне жарамайды. Бұл жерлерге адам аяғын бастырмай, ұзақ уақыт тазатртуға тура келеді. Тұтастай алғанда осы мәселені, сондай-ақұ кезінде полигонға тартып әперген жерлердің мәселелерін, енді полигон негізінде құрылған ғылыми - зерттеу орталығының бағдарламасы бойынша шешеуге тура келеді.
Семей облысы, әсіресе оның орталығы географиялық жағынан ыңғайлы жерге орналасқан: ол ең алдымен - су, энергия және транспорт желісі болып табылатын, Қытайдан Солүстік Мұзды мұхитқа дейін созылып жатқан Ертіс өзені. Облыс территориясы арқылы Турксиб теміржолы өтеді, Сібірден Орта Азияға апаратын автомобиль жолдары тарайды. Семей қаласындақазіргі сомолеттердің барлық түрлерін қабылдай алатын аэродром бар. Облыс жерінің қойнауы полиметалл кеніне өте бай. 15 жерден көмір табылып отыр. Бұл өлкені зерттеушілер 30-шы жылдардың өзінде-ақ Дегелең және Мұржық тауларының ауданында толып жатқан мыс кендері бар екендігін жазған болатын. Жартылай құнды тас болып саналатын агаттың да бай кені бар. Агат тастары жердің бетінде шығып жатыр. Одан әртүрлі құнды бұйымдар жасап, жақсы эканомикалық пайда алуға болады.
Тұрғын халықтың орасан зор қуаты 480 килотонналық термоядролық заряд пен 1000 килотонналық сутегі бомбасын сынау тозағын бастан кешіргені, ал саңырауқұлақ тәріздес бұлттың адамзат тарихында кездеспеген ғажайып жарылыстардың салдары екені көп кеиін белгілі болды.
Елуінші жылдардың соңында сол кездегі Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың тапсырмасымен Қазақ ССР Ғылым академиясы Онкология және радияциялық медецина институтының жас ғалымы, қазіргі академик Сайым Балмұханов арнаулы экспедиция келді. Оған полигонға іргелес аумақтарда тұратын адамдар денсаулығын және жасалып жатқан сынақтардың тұрғындар денсаулығына тигізер әсерін, сондай-ақ радиациалық жағдайды зерттеу міндеттелді. Экспедиция екі жылдай, оның өзінде жаз айларында ғана жұмыс істеді.
Экспедиция тексеріп, зерттеуге полигонға іргелес аудандардан төрт поселкені іріктеді. Қайнар, Саржал, Қараул, Долон. Олар сынықтар алаңының бел ортасынан 30 шақырмнан 100 шақырымға деиінгі қашықтықта орналасқан. Қайнар мөлшерде 80 шақырым жерде. Зерттеу барысында жинақталған деректерді салыстырып көру үшін Қарағанды облысының Қайнардан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Қу / қазір Қазбек би / ауданы бақылау ретінде алынады. Жиыны 6 мыңнан астам адам тексеруден өтті.
Экспедицияға қатысушылар тексерілген адамдардан бұрын сирек кездесетін немесе бұл өлкеде кездеспейтін, мәселен, адам денесінің ашық бөліктеріндегі дақтар сияқты белгісіз ауру нышандарын тапты. Мұндай белгілер әжептәуір шалғай жатқан, бақылау ретінде алынған Қу ауданымен салыстырғанда Қайнарда 10-20 есе көп ұшырасты. Тері қабатында әдеттен тыс зақым Долонның тұрақты тұрғындарында кейіде көшіп келгендерге қарағанда 3-5 есе жиі кездесті.
Шаш түсудің жиілегені атап көрсетілді. Бұл әсіресе жастарда көп кесдесті. Қарттар арасында мұндай құбылыс кезіккен жоқ. Мұны мынамен түсіндіруге болады: жасы ұлғайған адамдар ұдайы бас киіммен жүреді.
Тырнақтың сынғыштығы жиіленгендігі байқалды.
Науқастану нышандарының тұтастай жұмбақ түрлері кездесті: адамдардың басым көпшілігінің қан қысымының төмендігі байқалуға алынған топтан 5-6 есе артық болды, тамырлардың сыртқы қан өткізгіштігі және сынғыштығы көбейген. Қайнардың әрбір екінші тұрғыны қан қысымының төмендеуіне, әлсіздікке, селқостыққа ұшырады. Қан мен тамырдың қалыптан көп ауытқуы айқын көрінді. Қанның ұйығыштық қасиеті азаюы тексерілген адамдардың 90 процентіне тән болса, бақылау ауданында бұл көрсеткіш 10 проценттен аспады. Тұрғындар арасында ұсақ қан тамырларының зақымдануы басым болды, ол тамырлардың аса жұқарып, сынғыштығынанжәне қанның ағыуынан көрінеді.
Жаңа ауру негізінен полигонға жапсарлас аудандар тұрғындарын шарпыған. Бұған деиін оларда мұндай ауру өте сирек кездескен, болып көрмеген. Сондықтан осы түсініксіз аурудың жүргізіліп жатқан ядролық жарылыстар салдарынан екендігіне күмән тумады. Экспедицияда жасалған қорытынды осындай. Бұған Семейге келген КСРО Денсаулық сақтау министірлігінің биофизика институты қызметкерлерінің де көздері жетті. Бұл негізінде жүргізіліп жатқан ядролық жарылыстар салдарынан туған
″сәуле аурыуы″ еді. Алайда оны өз атымен атауға батылдары бармады да, жо5арыда аталған биофизика институтының академигі А. Лебединский ″Қайнар қасіреті″ деп ат қойды.
Ал полигон өкілдері болса, олар табылған ауру нышандарын радиация әсерінің салдары екенін үзілді-кесілді жоққа шығарды. Бұларды витаминдер мен толыққанды белоктардың жетіспеушілігінен, тұрғын халық арасында бруцеллез, туберкулез ауруларының және басқалардың көптігінен деп түсіндірді. Бұрынғы КСРО Денсаулық сақтау министрлігі де осы байламды қолдады.
Әрине, белгілі бір жағдайда жаңа ауру нышандары витаминнің, белоктардың тапшылығы салдарынан, сондай-ақ туберкулез, бруцеллезсияқты аурулардың әсерінен екені мүмкін нәрсе.
Әйтседе тұрмыстық жағдайы нақ осындай бақылау ретінде алынған Қу ауданында жаңа ауру белгілерінің 5-6 есе, тіпті 10-20 есе сирек кезіккенін қалай түсіндіруге болады?
Өкінішке қарай, мұның сәуле ауруы екенін дәлелдеуге қажетті деректер сол кезде жетіспеді. Бұған, әрине, қатаң құпиялылық және тиым салушылық жағдайы кедергі жасады. Әңгіме сайып келгенде экспидиция қызметіне тиым салынумен тынды.
Бірақ кейінірек Семей қаласында маңдайшасында Бруцеллезден емдеу деп жазылған медициналық мекеме ашылды. Оған радиациялық жағдайды және жасалып жатқан ядролық сынақтардың тұрған халыққа әсерінзерттеу жүктелді. Былайша айтқанда, жаңа диспансер жоғарыда аталған экспидиция бастаған, полигонға жапсарлас аудандарда тұратын тұрғындар денсаулығын тексеруді одан әрі жалғастырған сияқты. Дагенмен, оның материалдары 1991 жылға дейін өте құпия ұсталып, жабық болды. Олардың бір бөлігі әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.
Қайнар - қиян жартасты Абыралы тауының етегіне орналасқан және Семей облысының бір шетіндегі абыралы ауданының бір орталығы болған село. Малды жайып ұстауға бұдан артық жер болған емес деседі көнекөз қариялар. Оны бір шетінен 35-40 шақырымдай көлбей сұлаған Дегелең тауы көмкереді. Қыратқа 15-20 шақырым ендеген ол Мыржық тауына ұштасады. Дегелең мен Мыржық қойнаулары жазғы жайлау, ал сайлары мен тау шатқалдары жел-бораннан ықтасып, өтн қолайлы қыстамалар орны.
Осы кең қыраттағы аңдар мен құстарға мекен, мұхиттағы аралдар сияқты шоқтала өскен орман алқаптары жанға сая жазиралар еді. Жазықпен, таумен астасқан олар ғажайып әсем көрінетін. Сонау тау қойнауларынан бастау алған бұлақтар жақпар тастарды жарып өтіп, шоқ орманға аялдап барып қыз бұрымындай сылаңдап кең жазықпен көсілетін. Біразы Шаған және Құсақ өзендеріне қосылатын.
Амал не, осы арада тосын оқиғалар орын алды. Жоғарыдағылардың өктем шешімімен құнарлы өлкеде ядролық қаруды сынақтан өткізуге ұйғарылды. Ауданның үлкен аумағы бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді. Соған сәйкес елді мекендер полигон аймағынан неғұрлым тысқары жарлерге көшірілді.
1955 жылғы қаңтарда Қазақ ССр Жоғарғы Кеңесі празидиумының Абыралы ауданын тарату туралы Жарлығы жарияланды. Сонымен жаппй көшіру басталды. Халық орныққан жерінен, туып-өскен, тәй-тәй басқан туған өлкесінен бақа белгісіз жаққа зордың күшімен көшірілді, үй-жай қаңырап бос қалды.
Осыны өз бастарынан өткергендердің жадында күйкі көрініс: қоныс аударушылардың көшер алдында ата-бабалары зираттарына барып, егіле қоштасуымәңгіге сақталып қалған. Қара жерді бауырына баса өксіген ел көп уақыт аяқ басып тұра алмай, көз жастарын тыя алмай қатты қамығыпты. Дегелеңді мекендеген жұрт, тіпті тау тағысы арқардар да үйір-үйірімен жолды кес-кестеп айырылғысы келмейтінін танытты деседі. Адаммен бірге бүкіл алқап күңіренгендей болыпты.
Тоқтаусыз дүрсілдеген ядролық жарылыстар бұрынғы шөбі шүйгін, табиғаты әсем алқапта тартылған көлдер мен суалған бұлақтарды ғана қалдырды. Көптеген бастаулар жоқ болды. Шоқ-шоқ ормандар қурап, семді. Жасыл желек жамылған таулар мен төбелер жалаңаштанып жырым-жырым жарқыншақтарға орнады.
Полигон табиғатты және аудан жұртын осылайша жазалады.
Адам ағзасы ұшан-теңіз клеткалардан (ұлпалардан) тұрады. Мөлшелермен ол 100 триллионға тең. Адам дегеніміз, айтарлықтай жоғары дамыған сезімтал механизм. Бірақ, өкінішке қарай, ол сәуле әсеріне ұшырағанын білмей қалады. Барлық клеткалар және тері радиация энергиясын еш ауырсынбай сіңіре береді. Осы кезде ағзаның йондануы басталады. Тағы бір теріс әсер - атомдардың қозуы. Клеткалар мен тері заттарының қозған атомдары аса жоғары химиялық белсенділікке ие. Содан барып қалыпты, сау ағзаға тән емес жаңа химиялық қоспаларқұрылады, олар клеткалар мен терідегі алмасуға қажет күрделі биохимиялық процестердің бұзылуына апарып соғады.
Бір сөзбен айтқанда, радиация туғызған физикалық процестер - иондану және атомдардың қозуы ағзаның өмірлік маңызды функцияларына тікелей бұзушылық әсерін тигізеді және адамның түрлі мүшелерінің жүйелерін істен шығарады.
Адам ағзасының клеткалары әдетте түрлі ауруларды туғызатын сыртқы және ішкі бөгде заттарды жуытпай кері тебу қасиетіне ие. Сөйтіп ол иммундық қорғаныс жүйесін құрайды.
Адамның аса шапшаң көбейетін клеткалардан тұратын иммундық жүйесі жүздеген ғасырлар бойына жасалып, қалыртасты. Ол маңызды міндет атқарады - қоршаған ортаның тікелей әсерінен ағзаның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, яғни адам денесі ішінде қажетті жағдайлар туғызу жолымен ағзаның қоршаған орта әсерлеріне төтеп беруіне жетіседі. Бір сөзбен айтқанда, иммундық жүйе адамды сан қилы аурулардан табандылықпен қорғайды.
Алайда табиғаттың осы құдыреті Семей аймағында оншалықты тұрақты болиай шықты.
Неліктен, не болып жатыр?
Жоғарыда айтқанымыздай, радиация клеткаларды, ең бірінші кезекте иммундық жүйенің клетклкрын жаралайды.
Рас, иммундық жүйе клеткаларының бір бөлігі өз бетімен дербес құриды, бұл - олардың генетикалық табиғатына тән құбылыс. Өйткені олар аса шапшаң көбейетін клеткалар жәрдемемен қайта қалпына келеді. әйтседе радиация әсерімен иммундық клеткалардың өлуі ондаған және жүздеген есе шапшаңдайды - осының салдарынан ағзаны иммундық қорғау әлсірейді, иммундық тапшылық жағдайы дамиды. Яғни адамның табиғи қуаты азаяды. Ақыры адам түрлі аурулар алдында әлсіз немесе қорғаныссыз күйге ұшырайды.
Бәрәнен де жұқпалы ауруларға қарсы тұратын иммундыұ жүйе осалдық жасайды. Ағзаның шын мәнінде барлық жұқпалы ауруларғақарсылық көрсетуі кемиді. Қтерлі ісіктерге қарсы иммундық жүйенің бөлінуі едәуіа уақыт өткен соң - сәуле алғанына 5 жылдан 40 жылға дейін және одан да көп уақыттан соң білінеді.
Жоғарыда айтылғандай, табиғат бұзылған иммундық жүйені қалпына келтіру үшін ағзаға қажетті уақыт беріп қамқорлық жасайды. Соған сәйкес бүлінбеген клеткалар бүлінгендерін алмастыра алады. Алайда сәуле әсеріне қайта ұшыраған шақта сол сау клеткаларың өздері бүлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда ағзаның қалпына келуі тежеледі, немесе ұзақ жылдарға созылады. Радиация адам ағзасының басты қаруы - иммундық жүйені құрту, әлсірету барлық ауруларға данғыл жол ашып береді. Сөйтіп ауру әсеріне ұшыраған адамдар иммундық жүйенің тапшылығына душар болады. Иммундық тапшылық - Қайнар қасіретінің басты белгісі. Радиологиялық диспансер деректеріне қарағанда полигонға жапсарлас аудандарда тұратын халықтың 70-80 пайызы иммундық тапшылық зардабын тартуда. Бақылау топтарында бұл көрсеткіш 5-10 пайыз аралығында.
Адам ағзасының әрбір мүшесінің өз клеткалары болады және олардың әрқайсысы өз бойында хромосолмдар деп аталатын тұқым қуалау механизмін сақтайды. Әр клетка хромосомдарының өзіндік кескін-кейпі болады. Яғни адамның әр мүшесі тек өзіне ғана тән хромосомаларға ие.
Тұқым қуалау механизмі - сонау полеозой дәуірінен бері көп мыңдаған жылдар ішінде өмір сүрген ұрпақтардың өмірлік тәжірибесінің жемісі. Осы ғажайып клеткалар бізді барлық тіршілік құбылыстарынан бүкіл ағзаның аса күрделі жүйелерін кешенді әрекет істеуге жұмылдыру арқылы аман сақтап келеді.
Адамның тұқым қуалау механизмі шын мәнінде зор жұмыс жасайды. Олар - аталық және аналық клеткаларда орналасқан аса күрделі молекулалар, тұқымдық белгілерді сақтаушылар жаңа тіршілік иесіне құрылымдарды, барлық бағдар мен ақпараттарды, өзінен бұрынғы барлық ұрпақтың жадындағыларды мұра етіп береді. Мысалға бір ұлттың немесе тайпаның бір топ адамын алайық. Олардың бәріне сырт ұқсастық тән. Егер жеке отбасына келсек, одан да көп ұқсастық көрінеді. Балалар ата-анасына, ал кейде бабаларына айнақатесіз ұқсайды. МҰның бәрі - тұқым қуалау механизмінің жемісі. Осы ғажайып механизм осылайша тынымсыз жұмыс істейді. Оған ешқандай альтернатива жоқ.
Дегенмен табиғат, осындай қайталанбыс механизмді жасай отырып, неліктен екені белгісіз, оны толық аяқтамаған. Оған күйрете соққы беру үшін көп нәрсе қажет емес. Мысалы, радиациялық әсердің көзге көрінбейтін және жанға батпайтын қас қағым сәті ғана тұқым қуалау механизміне ондаған тіпті жүздеген жететін ауыр соққы береді. Бұл да Қайнар қасіретінің өте зиянды әсері.
Иондаушы радияция әсерінен тұқымдық белгілерді сақтаушы хромосомдар қайтіп қалпына келмейтін жағдайға душар болады, яғни хромосомдық аппарат істен шығады. Бұл өзгеріс радиациялық сәуле алған адамда ұрпақтан-ұрпаққа - баланың баласына көшеді. Содан барып нәрестелер сан түрлі кемістермен, кемтарлықпен өмірге келеді.
Иондаушы радиацияның тіпті болымсыз өте кішкекне мөлшерінің адам ағзасы клеткаларына генетикалық ауыр бүлдірулер тигізетіні анықталды. Мұндай жағдайда сау клеткалардың биологиялық заңды көбеюі орнына сәуле алған клеткалардың қалай болса солай және басқа хромосомдық сапада көбеюі өрістеді. Бұл процесс - сома болған клеткалар өздерінің бұл қасиеттерін дүниеге келетін нәрестеге береді, сөйтіп түрлі поплогияның (түрдің, кескін- кейіптің басқаша өзгеруін) туғызады.
Радиация әсерінен пайда болған соматикалық мутациялар бимәлім ұзақ мерзімге болашақ ұрпақтарға беріледі және табиғи жғдайда осы ұласпалы дертті жою мүмкін емес дейді Семей аймағы практикасына сүйенген ғалымдар.
Жапон ғалымдары соңғы жылдары соматикалық мутациялар санының сәуле алу мөлшеріне тікелей сәйкес келетінін анықтады. Мәселен, 15-20 бэр сәуле алу 10 бэр 3-4 есе көп соматикалық мутациялар туғызатын көрінеді. Ал Семей облысының полигон төңірегіндегі тұрғындары 150-250 бэр және одан да жоғары сәуле алады.
Бүгінгі таңда радиациялық сәуле алған кезде адамның генетикалық аппаратында нақтылы қандай өзгерістер пайда болатыны толық айқандылған жоқ. Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерін тигізген аймақта барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғқрлым толық көрінбек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz