Полисемия


Полисемия.
Сөздің көп мағыналығын полисемия (гректің көп мағына деген сөзі) деп атайды. Дәлдеңкірей түссек, бір сөздің әр түрлі контексте әр түрлі мағына беруін полисемия деп атайды. Мәселен, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (I том) бас деген зат есімнің бірнеше мағынасы келтіріледі: 1) адам мен айуан дүниесінің көз, мұрын, ауыз, құлақ т. б. орналасқан мүшесі; 2) шөптің, ағаштың, түрлі өсімдіктің ең жоғарғы жағы, төбесі, ұшы, ең; 3) таудың, қырдың, мұнараның т. б. төбесі, биік жері, ұшы, ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері, жоғарғы жағы; 5) таяқтың т. б. сондай нәрселердің жуандау, жұмарлау жағы (таяқтың басы) ; 6) балтаның, шоттың т. б. саймандардың жүзі бар жағы (айбалтаның басы) ; 7) бір нәрсенің айналасы, қасы (от басы, ток басы) ; 8) кісінің жеке дара өзі, адам (Басы аманның малы түгел) ; 9) сан мөлшерін есептеу амалы, дана (қой саны - бір мың бас) ; 10) қызметі жоғары адам, басқару ісін жүргізуші; 11) негізгі, үлкен (Азаматтық қозғалыстың бас жауы - буржуазия) ; 12) бір нәрсенің бастамасы, алғашқы көзі (істің басы, қыстың басы) ; 13) басқарушы, жетекші (Бұл іске Мейрам бас болып келді) т. т.
Орыс тілінде де голова (бас) сөзі - полисемия; адамның дене мүшесінің бірінің аты; сан мөлшері, есептеу амалы (сто голов рогатого скота) ; қабілеттілік, ақылдылық, саналылық (у него голова работает хорошо) ; алдыңғы бөлімше, топ, бастаушы (голова колонны) т. б.
Сондай-ақ, орыс тілінде стол - мебель аты; сто - тағам, тамақ (стол накрыт богато) ; муж - ер, еркек, күйеу (он, как муж, очень заботлив) ; муж - азамат, ер адам (замечательный муж древности) т. б. Сол сияқты, болгар тілінде залез - күннің батуы; залез - абыройдан, беделден айырылу; французша vert - жасыл; vert - сергек; vert - шапшаң, тік, бір бет т. б.
Ағылшынша care - қамқорлық, бас-көз болу, бағып-күту; сақтық, назар аудару; diamond - металл: алмаз, бриллиант; шыны кесетін құрал; ромб (геом. ) ; картаның түрі (қазақша - қиық; орысша - бубны) ; американ, ағылшын тілінде care - бейсбол ойнайтын жер, алаң; care - жарыс, жүгіріс; ат бәйгесі (бәйгеге қосу) ; тез, шапшаң, жылдам жүру; ағыс, ағын; жасанды көл, көлшік, канал т. б.
Немісше Zud (Цук) сөзінің оннан астам мағынасы бар: қозғалыс; жүріс; процессия; поезд; ұрттам; жұтым; ауаның тартылымы; мінез-құлық сиқы; әскери взвод; әскери эшелон; әскери қару т. б.
Полисемия - тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Мәселен, орысша идти (жүру, бару) етістігінің - қырық шақты мағынасы, ағылшынның do (істеу, орындау) етістігінің - 16, чехтың miti (ие болу, қолына алу) - 12, болгардың отбивам сөзінің - 7, башиния (Отан) сөзінің бес түрлі мағынасы бар көрінеді.
Әдетте, тіл-тілде ертеден, ежелден қолданылып келе жатқан байырғы сөздер, сол негізгі түбірден өрбігендер көп мағыналы болып келеді.
Мәселен, Абай алу етістігін толып жатқан мағынада қолданады: 1) бір затты қабылдау, ие болу. (Қалбалақтап түн бойы, алып бақты бұл сорлы) ; 2) бір затты қолмен ұстау (Орамалды қуанып қолына алды, сый алдым деп халқына қайта барды) ; 3) жұбайлы болу, үйлену. (Ата-ананың қызметін, Алған жардың қарызын, Өтемей кеткен бейнетін) ; 4) аңды қолға түсіру, ұстау. (Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда) ; 5) бір елді шауып өзіне қарату, бағындыру. (Жерді ңжүзін алуға талап етті) ; 6) о дүниеге әкету, өлтіру. (Сәулемді құдай алған соң, сарнамасқа не шара? Жарымды алып, қар қылдың, өмірде тасынған) ; 7) күрделі сөз құрамында жұмсалып, қосымша мағына үстейтін көмекші етістік. (Сілкіне алмас жапырақ т. б. ) .
Алу етістігі бұл келтірілгендерден басқа да сөз тіркестері ішінде толып жатқан ауыспалы мағынада қолданылады: асырап алу, атақ алу, басты бұлт алу, бойды алу, ғибрат алу, есеп алу, еске алу, жазды алу - жазды өткізу, жау жағадан алу, көзге жас алу, көңілін алу, ләззат алу, сәлем алу, шен алу т. т.
Алу етістігінің орысшасы - брать. Орыс тілінде брать - полисемия; қолға алу, қолмен ұстау (беру перо в руки) ; таңдау, талғау (беру тему для диссертации) ; қабылдау, асырау, бірге ерту (он стал брать мальчика на охоту; брать детей на воспитание) ; сатып алу (брать булочки в буфете) ; оқу, пайдалану (брать уроки) т. б.
Алу етістігінің ағылшыншасы - to take: to take а book - кітап алу; to take а fish - балық аулау, балық ұстау; to take а prize - сыйлықты, жүлдені жеңіп алу; to take an offer - ұсынысты қабылдау; to take а medicine - дәрі ішу т. б.
Алу етістігінің французшасы - prendre (алу, ұстау, қолдану, ішу, отыру т. б. мағынада) ; немісшесі - nehman: алу, ұстау, қатысу, айыру т. б. мағынада.
Полисемияны сөздің семантикалық варианты деп те атайды. Полисемияға жататын сөздердің мағыналары арасында мағыналық байланыс, жақындық болады. мәселен, жоғарыда келтірілген ауыз, бас, голова, стол, муж сөздері мағыналарының арасында үзілмеген желі, мағыналық жақындық, ортақтық бар. Ондай жақындық, ортақтық, сайып келгенде, ауыз, бас, голова, стол, муж сөздерінің негізгі, тура, номинативті мағынасынан шығады; басқа мағыналарының сыры бұл сөздерді бастапқы, негізгі мағыналарымен салыстыра қарағанда, айқындала, дәлдене түсіп, түсінікті болады. мағыналық жақындық, ортақтықтың болу-болмауы - бір сөзді полисемияға жатқызу немесе жатқызбау үшін басты шарт (критерий) . (Мейрам бұл іске бас болып келді) . Аяғыңды бас дегендегі бас - мағынасы жағынан басқа-басқа құбылыс. Жоғарыда болгар және француз тілдерінен келтірілген залез, vert сөздері де, сырттай қарағанда, бірдей дыбысталады және қазақша аударғанда мағыналық жақындықтары дәл аңғарылмайды. Олай болса, бұлар да полисемия емес, лингвистикалық басқа-басқа құбылыстар (бұл жөнінде омонимдер туралы бөлімде толығырақ түсінік беріледі) .
Сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы.
Қоғамның, тілдің тарихи дамуына байланысты, кейбір сөздер лексикадан мүлдем шығып қалады; ондайлар историзмге, архаизмге - көнерген сөздерге айналады; тілде жаңа сөздер - неологизмдер жасалады; кейде лексикадағы кейбір сөздердің мағынасы кеңейе түсіп, кейде тарылып отырады.
Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, сөз мағынасын түрлі-түрлі амал-тәсілдер арқылы ауыстырып қолданып, молайта түсу - тілдің лексикасын сан жағынан емес, сапа жағынан байытып, дамытудың өнімді жолдарының бірі.
Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы құбылыстары полисемиямен де тығыз байланысты. Мәселен, жоғарыда келтірілген стол сөзінің алғашқы мағынасы - стлать (төсеу, төсеніш) ; бұл сөз келе-келе мебель аты, тағам, тамақ ) стол накрыт, диетический стол) ; белгілі бір мәселемен айналысатын мекеме (паспортный стол, стол находок) деген үстеме, жаңа мағыналар қосып алды. Екінші сөзбен айтсақ, столдың мағынасы кеңейді, стол полисемияға айналды.
Сөз мағынасы кеңейгенде, алдымен сол сөзді білдіретін ұғымның, атаудың мәні кеңейеді; сөз абстракцияланған үстіне абстракциялана түседі; соның нәтижесінде сөздің бұрынғы бірер мағынасына көптеген жаңа мағына қосылады; байырғы сөздің жаңа мағынасы, әсірісе, жаңа бір тіркес құрамында айқындалып, ашыла, дәлдене түседі; кейде осындай қолданыстар арқылы байырғы сөздер терминге де айналып кетеді; байырғы сөздер немесе бұрыннан-ақ қолданылатын қарапайым, былайынша айтқанда, «нағыз қазақы» тбірлердің өзінен көптеген жаңа сөз, жаңа ұғым жасалады.
Мәселен, Сәкен Сейфуллиннің: Жоқшылықты жыр қылып, Далада қойшы зарлайды. Кімге айтса да сыр қылып, Байына жылап бармайды, - деген шумағында бай - малы көп адам; қойшының иесі, әміршісі, малды, әлді, қожа, басқа біреулерді жалдаушы - қанаушы, езуші, құлданушы.
Қазірде, біріншіден, бай сөзінің революциядан бұрынғы мағыналары ( малды, әлді, қожа, ие, қанаушы, құлданушы т. б. ) тарылған; екіншіден, тілде бұрыннан бар бай сөзінің мағынасы жаңа ұғымдарға ие болып, кеңейген. Оны мына тәрізді тіркестерден айқын аңғаруға болады: бай колхоз, бай село, бай өлке, бай жер, жері байдың - елі бай т. б.
Қазақта қонаққа мүше тарту, табақ тарту дәстүрі бар. Бұл жерде мүшенің бұрынғы тура мағынасы - мал, аң-құс етінің жіліктері, бөлім, бөліктері. Мәселен, Дәулет құсын бауыздап, аспазшы әйелге: «Бір мүшесін қалдырмай ас», - деді.
Қазақ ғұрпында табақ дегенміз бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп бөлінеді. Күйеу табақ, құдағи табақ, қыздар табағы, келін табақ деген табақтар және бар. Олар өзінің атына, маңызына қарай еттің әр түрлі мүшесінен жасалады. Бас табаққа бас, жамбас салынуы шарт. Орта табаққа асықты жілік, кейде жамбас та түседі. Сый табаққа да бас, жамбас салынуы шарт. Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады; келін табаққа да төс және ұлтабар, жүрек түседі; қыздардың табағына жүрек, бүйрек, жағымен тіл салынады; құдағилар табағында жабас немесе асықты жілік пен сүбе болады. (С. Қасиманов) .
Академик Ә. Марғұланның айтуынша, табақ - көп мағыналы сөз. Табақ ертеде дастархан, шаңырақ, өз алдына түтін түтеткен үй, қазан асқан орда деген ұғымды да білдірген. Қазірде табақ сөзі - нақты ыдыс атауы. Ал бір табақты бір өзі жеді, - десек, табақ - метонимия.
Қазірде колхоз мүшесі, партия мүшесі, қоғам мүшесі, комитет мүшесі, кооператив мүшесі, академияның корреспондент-мүшесі (немесе мүше-корреспонденті) сияқты тіркестерде мүше - полисемия, кең мағыналы сөз.
Сондай-ақ жарыс, күрес, құн, еңбек, тыныс, демалыс, өнеге, үлгі, шаруа, дәулет, топ, жетек т. б. сөздер бұл күнде мағынасын мүлде кеңейткен: Социалистік Еңбек Ері, социалистік жарыс, бейбітшілік үшін күрес, қосымша құн, өзіндік құн, еңбек тынысы, еңбек жемісі, көңілді демалыс, құрметті демалысқа шығу, мол байлық, мол дәулет, ірі шаруашылық, жұмысшылар мен шаруалар одағы, лекторлар тобы, өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі; Маркс, Энгельс, Ленин өмірі - жастарға үлгі-өнеге т. б.
Жеке сөздердің өзі ғана емес, кейбір байырғы түбірге жұрнақтар қосылу немесе сөзден сөз жасаудың басқа да жолдары арқылы да жаңа ұғымдар пайда болып, сөз мағынасы кеңейе түседі: жарыс, күрес, ұйым (ұйы+м), жиналыс (жи+на+л+ыс), басқарма (бас+қар+ма), табыс (тап+ыс), төңкеріс (төңкер+іс), қолғабыс (қолқабыс), қолғанат (қол+қанат), қолжазба (қол+жаз+ба) т. б.
Жаңадан жасалынып, кейбңр ұғымдардың термині ретінде қалыптасқан кейбір неологизмдер де кең мағыналы болып келеді: суреткер, қаламгер, талапкер, оқулық, оқырман, көрермен, баяндама, аялдама, қондырғы, саяжай т. б.
Кейбір кірме сөздердің бұрынғы бірер мағынасы қазірде кеңейіп, тіпті жаңа сөз, ұғым жасауға себепші болды. Мәселен, соңғы кездерде арабтың хүкімет сөзінің мағынасы қазақша әрі кеңейіп, әрі нақтыланып, өкімет, үкімет деген екі сөз-термин пайда болды; өкімет - орысша власть сөзінің; үкімет - орысша правительство сөзінің баламасы.
Сондай-ақ, арабтың илм деген сөзінің мағынасы кеңейіп, үш сөз-термин жасалды: ғылым - орысша наука ; білім - орысша знание ; ілім - орысша учение.
Бір сөздің орнына екінші бір сөзді ауыстырып қолдану жолдары, мәселен, метонимия, синекдоха амалдары арқылы да сөз мағынасы кеңеюі мүмкін. Мұның бір жиірек қолданылатын түрі - жалқы есімнің жалпы есімге, жалпы атауға айналуы. Мәселен, Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, Қожанасыр, Алдаркөсе, Қодар, Жантық, Галефе, Маузер - кісі аттары; Шампан, Техас - топонимдер; апорт, херес, мадера т. б. жеміс-жидек сорттарының аты.
Қазақ сараң адамды -, Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, мысқылшыл, сықақшыны - Қожанасыр. Алдар; дөрекі, қара күш иесін - Қодар, бір мен бірді атыстырып-шабыстыратын адамды - Жантық дей береді; галефе - шалбардың бір түрі т. т. мұндайлар - сөз мағынасының кеңеюі.
Орыс тілінде донжуан (әйел баласы атаулыға қырындап, қырғидай тиюші мағынасында), меценет (өнерді жан-тәнімен қорғаушы, қастерлеуші), квислинг (саяси сатқын), донкихот т. б. - бұрынғы бір кісі аты; тар мағыналы қазірде мағынасын кеңейтіп, жалпы есімге айналған сөздер.
Сөз мағынасының кеңеюі - этимондар өзгерістеріне да байланысты құбылыс. Мәселен, жоғарыда стол сөзінің полисемия екенін айттық; бұл стлать сөзінен шыққан дедік. Енді бір қызығы гректің трапезе деген сөзі стол мағынасын білдіріпті. Ал бұл сөз - трапезе орыс тіліне ауысқаннан кейін монастырьда тамақ ішетін ортақ стол , сондай ортақ столда тамақтану мағынасын білдірген; ертеде стол - астына аяқша орнатылған тақтай, латынның diskus - диск сөзі итальянша desco - стол болып қолданылу осыған байланысты.
Латынның contio дегені - әрі жиналыс, әрі жиналыста сөйлеген сөз; роман тілдеріне ауысқанда, жиналыстағы салтанатты сөз (торжественная речь) ретінде қолданылатын болыпты; испанның осы мағынадағы - аренга, француздың харангуге сөздері латынның «харенгасынан » алыныпты.
Орысша коса (бұрым) ертеден-ақ, осы күндегідей, өрілген ұзын шаш, ал серб тілінде жалпы шаш атаулы мағынаны білдіріпті; чех тіліндегі Spatny сөзі немістің Spat (ат аяғындағы зақым), яғни тар мағыналы сөзінен алына отырып, қазірде жаман, үлгісіз, өнегесіз деген кең мағынаға ие болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz