Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 159.922.4:378.016 (574)
Қолжазба құқығында

1

2 АПЛАШОВА АРНА ЖАРТАЕВНА

Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму
ерекшеліктері

19.00.01 – жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы,
этнопсихология

Психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының теориялық және
қолданбалы психология және педагогика кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшілері психология
ғылымдарының докторы,
профессор С.М.
Жақыпов

психология ғылымдарының

кандидаты Л.К. Көмекбаева

Ресми опоненттер Қазақстанның еңбек
сіңірген ғылым және техника
қайраткері, педагогика ғылымдарының
докторы, психология ғылымдарының
докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев

психология ғылымдарының

кандидаты Ж.А. Смирнова

Жетекші ұйым: М. Ұлықбек
атындағы Өзбек

Ұлттық Университеті

Диссертация 2010 жылдың 1 ақпан күні сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті жанындағы социология, педагогика және психология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14А.02.32
диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Амангелді көшесі, философия және
саясаттану факультеті, 412 мәжіліс залы.

Диссертациямен әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы _____ __________ таратылды

Диссертациялық кеңестің ғалым
хатшысы, социология ғылымдарының
докторы, профессор
З.Ж. Жаназарова

3 Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық зерттеу
жұмысы полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму
ерекшеліктері, соның ішінде этнопсихологиялық жағы және моноэтностық
ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктерінің
айырмашылығын анықтауға арналған. Эксперименттік зерттеудің нәтижелері
полиэтностық ортадағы студенттердің бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеті
принципінің негізінде коммуникациялық кедергілерге тойтарыс беретін даму
үрдісінің оңтайлануы этностық таптауырындардың жағымсыз жағының тежелуін
анықтады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Білім беру процесінде субъектінің
даралық-тұлғалық ерекшеліктерінің этнопсихологиялық мазмұны полиэтностық
Қазақстанның даму жағдайында ерекше мәнге ие болатынымен анықталады.
Полиэтностық орта жағдайында адамдардың өзара әрекеттенуі мен қарым-
қатынастарының этнопсихологиялық қиындықтар мәселесін жеңуінде күрделене
түсетін, полимәдени және полиэтностық тұлғаны қалыптастырмайынша
Қазақстанның қоғамдық бірлестікке жан-жақты интеграциялануы мүмкін емес.
Оқыту процесінде студенттердің бірлескен-диалогтық танымдық іс-
әрекетінің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін белсендендіру негізінде
жоғарғы оқу орындарында қазіргі кездегі білім беру технологияларын тиімді
қолдану осы мәселенің тиімді шешілуін көрсетеді. Осы орайда 2009 жылдың 26
қазанында Қазақстан халқы Аcсамблеясының XV сессиясының ашылуында Қазақстан
халқы Аcсамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік-біздің
стратегиялық таңдауымыз деген тақырыптағы баяндамасында былай деген: Ең
алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-
қатынастар тақырыбын әдепті жазу арқылы, қазақстандықтардың құқықтық
мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстандық қоғамдағы
толеранттылықты дамыту қажет. Білім және ғылым министрлігі қазақстандық
қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып, этно және полимәдени білім беруді
дамыту жөнінен тұжырымдамалық ұсыныстар дайындауы керек. Толеранттылық
негіздері атты факультативтік курс әзірлеп, оны мектептер мен жоғарғы оқу
орындарына еңгізу қажет. БАҚ-тарда этносаралық және конфессияаралық қарым-
қатынастарды әдептілікпен жазу - маңызды мәселе.
Бүгінгі Президенттің саясатын жалғастыратын және Қазақстанның
өркениеттілігін әрі қарай дамытатын полиэтностық қоғамымыздың белсенді әрі
дамытушы күші жастар қауымы болғандықтан, оларға ел басының халыққа деген
жолдауын тереңінен түсіндіріп, ерекше назар аудару керек. Сондықтан біздің
зерттеу мәселеміз жоғарыда айтылған жолдаудың негізгі бағытына терең мән
бере отырып, полиэтностық ортада студенттердің танымдық іс-әрекетін
дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның өркениеттілігі қалыптасуының айырықша мәні білім беру
мекемелерінде оқыту процесіндегі субъектілердің жеке тұлғалық
ерекшеліктерінің этнопсихологиялық мазмұнына ие болады. Осы мәселенің
ерекше өзектілігі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық даму
стратегиясымен, 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен дәл қазіргі кездегі саяси және
әлеуметтік істердің өсуінің бір түрткісі болатын, тоқталмай келе жатқан
этносаралық дағдарыстармен, әсіресе ұлттық-діни жағдайлардың салдарынан
халықаралық терроризм ретіндегі формаларының бейнесін түсіндіруге болады.
Дүниежүзілік қауымда Қазақстанның жан-жақты интеграциясының жобасы
жаңа өркениеттіліктің қалыптасуына ықпал етеді. Осыған орай, полимәдени
және полиэтностық тұлғаның қалыптасу үрдісінің болуы да ықтимал. Дегенмен,
өмірдегі адамзаттың даму тәжірибесі көрсеткендей, жалпыадамдық мәдениетке
толығымен кіру тек ұлттық мәдениет арқылы болады. Осы мәселелердің
шешімдерінің нәтижелілігі жалпы, сондай-ақ арнайы және жоғары білім беру
жүйесінде қолданылатын бүгінгі білім мекемелеріндегі тиімділікті анықтайды.
Шешімнің орынды әдістерінің және де осыдан туған міндеттердің бірі болатын
өнімді оқытудың жағдайындағы адамдардың бірлескен іс-әрекетінің әлеуметтік
психологиялық механизмдері белсендендірілуінің негізіндегі интенсивті
оқытудың әдісі болып табылады. Осындай жағдайда өнімді оқытудың тиімділігі
бірталай жоғарылайды. Бұдан топтық өнімді оқытудың жағдайындағы, адамдардың
өзара әрекетінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтарының білімі оқыту
процесінде орынды қолдану студенттердің топтарындағы бірлескен оқу-танымдық
іс-әрекетінің нәтижелілігін, және біршама іс-әрекетінің нәтижелілігіндегі
қосындысының мәнін көтеретінін С.М. Жақыпов айқындайды.
Бүгінігі күні полиэтностық аудиториялардағы студенттердің танымдық іс-
әрекеттерін дамыту барысында, олардың даралық, танымдылық, мотивациялық,
эмоциялық, ұйымдастырушылық қасиеттерін ескеру қажет.
Кейбір ізденіс жұмыстар көрсеткендей, адитивті емес әлеуметтік
психологиялық эффект оқу тобындағы мүшелердің жеке тұлғалық
ерекшеліктерінің, айырықша психологиялық синтезінің арқасында қамтамасыз
етіледі. Осындайда топтық өнімдік оқытудың жағдайындағы оқытушылардың жеке
тұлғалық ерекшеліктерінің этнопсихологиялық мазмұнының маңызды мағынасы
бар. Әсіресе, бұл ерекшеліктер полиэтностық құрамды топтарда байқалады және
көп ұлтты тұрғындары бар біздің еліміздің білім беру жүйесі үшін айырықша
мәні зор.
Жалпы зерттеудің жолдары жоғары оқу орындарындағы кәсіптік білім
алудың тиімділігін мәнді көтеруге қажеттілігімен анықталады, яғни Қазақстан
үшін аса маңызды болатын себебі, қазіргі жағдайдағы жаһандандыруды игеруге
жоғары оқу орындарын бітірушілерге рентабельді және бәсекеге қабілетті
болашақ маман ретінде мүмкіндік туғызады. Жоғары оқу орындарында оқытудың
тиімділігін көтеруге қажетті тәсілдің бірі неадиттивтіліктің әлеуметтік
психологиялық эффектісінен этнопсихологиялық механизмдерінің өзектіленуінің
негізінде, полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру мен дамытуға, этнопсихологиялық ерекшеліктерінің әсерін
тежеуге бағыттылған интенсивті оқытудың әдістерін қолдану болып табылады.
Полиэтностық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму
ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі психологиядағы ең маңызды
бағыттардың бірі. Осыған байланысты, психология ғылымының алдында жеке
адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі
және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының сабақтастық
компоненттері ретінде полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-
әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуді көздеп отырмыз.
Зерттеу мақсаты: оқыту процесінде полиэтностық ортадағы студенттердің
тұлғалық этнопсихологиялық ерекшеліктерінің танымдық іс-әрекетінің дамуына
әсерін зерттеу.
Зерттеу мақсаты негізінде келесі міндеттер тағайындалды.
1. Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің
даму мәселесі бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерін талдау.
2. Іс-әрекеттік принципті қолдану негізінде тұлғаның
этнопсихологиялық мәселелерін зерттеу.
3. Студенттер тұлғасының этнопсихологиялық ерекшеліктерін
эксперименттік зерттеу және оларды полиэтностық ортада ескеру.
4. Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекетінің негізінде жасалған
әлеуметтік-психологиялық тренингті қолдануға байланысты,
полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің
даму процесінің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: полиэтностық ортадағы студенттердің оқыту
процесіндегі танымдық іс-әрекеті.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орындарындағы полиэтностық ортадағы
студенттердің танымдық іс-әрекеті дамуының оқыту процесіндегі өзгерісі.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып: Л.С. Выготскийдің
мәдени-тарихи идеялары мен ережелері және А.Н. Леонтьевтің іс-әрекеттік
теориясы; В.Н. Мясищевтің тұлғаралық қатынастарының концепциясы; Қ.Б.
Жарықбаевтың тұлғаның этнопсихологиялық ерекшеліктері; С.М. Жақыповтың
бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекетінің концепциясы; этнопсихология
мәселелері бойынша отандық ғалымдардың зерттеулері (Ж. Аймауытов, Б.
Әмірова, , М. Мұқанов, және т.б.).
Зерттеудің негізгі болжамы: полиэтностық ортадағы студенттердің
танымдық іс-әрекетінің дамуының тиімділігі, олардың тұлғалық
этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескеруге байланысты.
Жеке болжамдар:
1. Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетін дамытуда
және тұлғаның этнопсихологиялық ерекшеліктерін ашуда бірлескен-диалогтық
танымдық іс-әрекет тиімді механизм ретінде, ал әлеуметтік-психологиялық
тренинг факторы болып табылады.
2. Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттің негізіндегі әлеуметтік-
психологиялық тренинг полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-
әрекеттерін дамытуда, олардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескеруге
мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1). Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы
бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекетінің принципі негізінде жүзеге
асатындығы анықталды.
2). Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет студенттер тұлғасының
этнопсихологиялық ерекшеліктерін ашып, оларды қарым-қатынас пен оқу
процесінде есепке алуға мүмкіндік беретіндігі көрсетілді.
3). Этностық бірдейлік, этностық таптауырындар, әлеуметтік дистанция
және т.б. студенттер тұлғасының этнопсихологиялық ерекшеліктері
эксперимендалдық жағынан зерттелінген.
4). Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттін негізіндегі әлеуметтік-
психологиялық тренинг полиэтностық ортадағы студенттер тұлғасының
этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескеруге және олардың танымдық іс-
әрекетінің тиімділігіне әсер ететіндігі дәлелденді .
Зерттеуде қолданылған әдістер мен әдістемелер: Бүгінгі жоғары оқу
орындарындағы оқытудың әдістері атты анкетасы; В.Ю. Хотинецтің этностық
сіңіп кету мен ерекшелену әдістемесі; Г.У. Кцоева-Солдатованың Қатынастың
диагностикалық тесті (ҚДТ) атты әдістемесі; Әлеуметтік алшақтық шкаласы
атты әдістемесі (Л.Г. Почебуттың нұсқасы бойынша); С.В. Рыжова мен Г.У.
Солдатованың Этностық бірдейліктің типтері атты әдістемесі; Өзіндік
өзектілік тесті (САТ); Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін
талдаудың әдістемелік бағдарламасы; Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық
ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы полиэтностық ортада
сәтті қызмет ету мақсатындағы студенттердің танымдық іс-әрекеттінің дауының
тиімділігі – жоғарғы білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі
ретінде шешуден тұрады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1. Полиэтностық ортадағы студенттердің бірлескен-диалогтық
танымдық
іс-әрекеті олардың оқу процесіндегі танымдық іс-әрекетінің даму шарты болып
табылады.
2. Полиэтностық ортада дұрыс ұйымдастырылған бірлескен-диалогтық
танымдық іс-әрекет студенттердің этнопсихологиялық
ерекшеліктерін ашуға және тұлғааралық қарым-қатынастарда
оларды ескеруге мүмкіндік береді.
3. Іс-әрекеттік концепция полиэтностық ортада студенттердің
этнопсихологиялық сипаттамаларын дұрыс зерттеуге жол ашады.
4. Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттін негізіндегі
әлеуметтік психологиялық тренинг полиэтностық ортадағы
студенттер тұлғасының этнопсихологиялық ерекшеліктерін
ескеруге және олардың танымдық іс-әрекетінің тиімділігіне әсер
етеді.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының
негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-
теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, ҚазҰУ хабаршысы, Қайнар
хабаршысы, Ұлт тағылымы, Ізденіс журналдарында жарияланды.
Диссертация жұмыстың құрылым мен көлемі.
Жұмыстың құрылымы зерттеу тақырыбымен, оның орындалу, жасалу
дәрежесімен, зерттеудің пәні мен нысанасымен шарттандырылып, оның мақсат-
міндеттерін бейнеледі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
тұжырымдардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша тіркелген
материалдардан тұрады. Сонымен бірге жұмыста қажетті кестелер мен суреттер
берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жұмыстың зерттелу бағыты. Полиэтностық ортадағы студенттердің
тұлғалық этнопсихологиялық ерекшеліктерінің оқыту процесінде танымдық іс-
әрекетінің дамуына әсері зерттелінген.
Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың
зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаиы мен міндеттері, болжамы, әдістері,
зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы
айқындалып, зерттеудің теориялық мәні мен практикалық маңыздылығы, қорғауға
ұсынылатын тұжырымдар сипатталады.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауында Полиэтностық ортадағы
студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуының мәселелері деп аталатын
ғылымдағы, полиэтностық ортадағы студент тұлғасының этнопсихологиялық
ерекшеліктерінің қалыптасуындағы мәселелер, полиэтностық ортадағы студент
тұлғасының танымдық іс-әрекетінің дамуы, оқыту процесіндегі студенттің
тұлғалық дамуының негізі ретіндегі танымдық іс-әрекетінің белсенділігі,
этностық бірдейлік және оның қалыптасуы, студенттердің этностық
бірдейлігінің ерекшеліктері жайлы зерттеген психологиялық зерттеулер мен
концепцияларға теориялық талдау жасалды.
Бұл тарау психологиялық ғылымдағы танымдық іс-әрекеттің полиэтностық
ортадағы дамуының ерекшеліктерін, әсіресе оның этнопсихологиялық
ерекшелектерінің мәселелерін жан-жақты теориялық талдауды жүзеге асыру
мақсатына бағытталған.
Егеменді Қазақстан Республикасының өмірінде негізгі рөлді қоғамның
белсенді бөлігінің бірі - студенттер қауымы алады. Ол жастардың кәсіби
дамуы, әсіресе қазіргі заманға сай жеке бастарының ерекшеліктерінің дамуы,
қоғамның әрі қарай дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да осындай
психологиялық зерттеулердің маңыздылығы – полиэтностық аудиториядағы
студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін зерттей отырып,
қоғамның болашақ иелерін жеке адам ретінде орынды тұрғыда қалыптастыру
болмақ деп санаймыз.
Полиэтностық аудиторияда студенттердің танымдық іс-әрекеті тек
білімге, оқуға ғана бағытталып қоймайды, ол сондай-ақ өзімен бірге жүрген
достарының өмір-салтын, өзіндік этностық ерекшелігін тануға, өзінің
зерделік, мәдени өрісін кеңейтуге жолдайтынын мәлім. Жастар өмірлерінің
студенттік кезінде көптеген психикалық қиындықтарға ұшырасады. Алдымен,
студенттің “Мен” дәрежесі көтерілсе, екіншіден, этностық менталитетке
басқаша қарай бастайды, яғни ұлттық намыс, сезім, санасы оянады. Осыған
орай, оқу іс-әрекетінің мотивациялық өрісі де өзгереді, оқу барысында
меңгеру процесінің механизмдері де өзгеріске ұшырап, оқу түрткісі,
қажеттіліктері жылдан жылға айқын анықтала түседі.
Барлық ұлттардың өкілдеріне бірдей тең қарым-қатынас болуы,
полиэтностық аудиторияның басқарушысы әрбір студентке, оның ұлтына тәуелсіз
сыни көзбен қарауы керек. Әртүрлі ұлттың өкілдерінің арасындағы достықты
нығайтуға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілу де артық емес.
Студенттердің арасында қақтығыс жағдайларын болдырмау мәселесі де күрделі
процесс. Ұлттық негіздегі қақтығыстар бір ұлттың өкілдерінің басқа ұлтқа
деген кері қатынастарын туғызады. Әртүрлі ұлттардың өкілдерінің қарым-
қатынастық тәжірибелерінің болмауы, негативті эмоциялық жағдайларды
туғызады. Қоршаған ортадағы адамдардың ең бірінші жақсы жақтары мен жоғары
қасиеттерін көруге үйрету мәселесін қарастыру артық емес. Полиэтностық
аудиторияда студенттердің арасында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру да маңызды.
Л.Н. Гумилев этносты адамдар мінез-құлықтарының оригиналды таптауырын
негізінде табиғи қалыптасқан, этнтостық жүйе ретінде болатын,
комплементарлық сезімінен өзін басқа сондай ұжымдарға қарсы қояды деп
анықтайды. Бұл ұғым ұлт ұғымынан біршама кең және нәсіл терминіне
сәйкес емес және тіл этностық тиістіліктің (принадлежность) индикаторы
болып табылмайды. Этнос бұл адамзат түрінің тіршілік ету формасы. Ол
тарихи уақытта пайда болып, жоқ болуына қарамай азды-көпті тұрақты болып
келеді. Қандай да этносқа жатуын адам өзі сезінеді, ал қоршағандардың бұл
фактіні көрмеуі мүмкін емес. Оның ойынша, этнос бастапқы табиғи құбылыс деп
санайды. Басқа жағынан қарама қарсы көзқарасты да атап айтқан жөн, ол
бойынша этнос әлеуметтік тарихи категория және оның генезисі табиғаттың
биологиялық заңдарымен емес, ал қоғам дамуының спецификалық заңымен
анықталады
Сонымен қатар ғалым өз шығармасында мінез-құлық таптауырындары бала
өмірінің алғашқы жылдарында қалыптаса бастайды, басқаша айтатын болсақ,
этносқа тиістілігі туа бітпейді. Ол әлеуметтену үрдісінде ие болатынын
нақты атаған.
Психология ғылымының, оның ішінде этнопсихология ғылымының
Қазақстанда іргелі үлес алуы XX ғасырдың 80-90 жылдары болды. Бұл
кезеңдерде елімізде ғылыми ізденістер қанат жайып, ғылыми-зерттеу
лабораториялары мен орталықтары ашыла бастады. Ғылымның тоқырау кезеңдерден
аман өтуіне, оның ғылыми ретте дамуына діңгек болған ғалымдарымыз: Ә.
Алдамұратов, Қ. Жарықбаев, Қ. Рахымбековтердің еңбектері өте зор. Соның
ішінде, қазақ психологиясының даму тарихын дәріптеуде, жүйелеуде, кезінде
есімдері елеусіз қалған ғұлама ғалымдардың еңбектерін жандандыруда психолог-
педагог, ғалым - зерттеуші Құбығұл Жарықбаевтың еңбегі ерекше деуге болады,
олар мемлекетіміздегі психология ғылымының ғылыми-теориялық және ғылыми-
әдіснамалық негізін анықтауда, ондағы ұлттық-психологиялық зерттеулердің
бағытын белгілеуде үлкен орын алады. Ғалым Қазақстандағы қазақ этносының
психологиялық ерекшеліктерінің мәселелерін былайша көрсетеді:
• этнопсихологиялық зерттеулердің аймақаралық бағдарламаларын құру;
• баланың бір ұлттық және аралас ұлттық жанұядағы әлеуметтену
процесін сипаттайтын, білім берудегі отбасының рөлін көрсететін,
сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық қасиеттерді белгілейтін
ерекшеліктерді қарастыру міндетін қою;
• көпұлтты ұжымдардағы ұлтаралық қатынас ерекшеліктерін зерттеуге
арналған этнопсихологиялық бағдарламалар құру;
• қақтығыстар мен қарама-қайшылықтардың пайда болу шарттарын анықтау
мақсатымен зерттеулер жүргізу;
• балалықтың этнопсихологиялық жақтарын зерттеп, оқыту мен тәрбие
берудің жаңа тұжырымдамаларын жасау;
• билингвизм, көптілділіктің қалыптасу мәселелерін қарастырып,
қазақша-орысша, орысша-қазақша қостілділіктің этнопсихологиялық
негіздерін көрсету;
• ана тілінің қалыптасу феноменін аңғартып, өгей тілді меңгерудегі
психологиялық ерекшеліктерді көрсету.
Соңғы жылдары тұлға мәселесін, жалпы ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді
зерттеуде, еліміздегі оқыту, тәрбие психологияларының этнопсихологиялық
ерекшеліктерін зерттеуде үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі заманымыздың психолог ғалым-зерттеушісі С.М. Жақыповтың
мағыналық құрылымның жалпы қоры тұжырымдамасы полиэтностық ортадағы
студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуының әдіснамалық ғылыми тұжырымын
ашуға негіз болады. Ғалымның еңбегінде этностық ерекшеліктердегі танымдық
іс-әрекеттің белсенділік факторы ретінде этносаралық өзара әрекеттің ықпалы
туралы баяндалып, сонымен қатар этностық даралық, моноэтностық даралық
және полиэтностық даралық ұғымдарын енгізді. Ол олардың тіршілік әрекеті
жағдайына бейімделуінде болатын едәуір іс-әрекеттің этнопсихологиялық
механизмдерін белсендендіруге негізделген оқытудың қарқынды әдістерді
пайдалану деп тұжырымдайды. Ғалым бұл мәселені теориялық ұғыну үшін
мағыналық құрылымның жалпы қорымен жанамаланатын тұлғаның мағыналық
құрылымының көпдеңгейлі құрылысы туралы түсінікті бекітеді.
Сонымен, осы білімдерді тәжірибеде пайдалану, оған күнделікті өмір сүру
және іс-әрекет барысында бүкіл елдердің адамдарының теңдігін нәтижелі түрде
іске асыру, қоғамдағы белгілі процестердің әлеуметтік салдарын алдын-ала
білу, әр этностық қауым өкілдерінің өзара қарым-қатынастарына әсер ететін,
олардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау; бірігіп күш салудың
негізінде бүкіл адамдардың интеллектілік және әлеуметтік күштерін
біріктіру, ынтымақтастыққа шынайы және сенімді жолдарды табу, даулы
сұрақтарды қиындықсыз шешіп, ұлтаралық қарым-қатынастардағы шиеленістерді
болдырмау мәселесін алға қойғандықтан келесі бөлімде тұлғааралық қарым-
қатынастағы полиэтностық студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы
жағдайына ықпал ететін ой-пікірлерді айқындауды көздедік және де оқыту
барысында олардың өзгерісі туралы сөз қозғауға бағыт алдық.
Қ.Б. Жарықбаевтың тұжырымдауынша этнопсихологиялық білім берудің
мақсаты-ұлттық сана-сезімді, қазақ халқының, тілін, мәдениетін, дәстүрі мен
салттарын бөтенсімейтін, оған жауапты қатынасты қалыптастыру.
Б.Ә. Әмірова ұлттық сана-сезімнің анықталу көзі ретінде этностық жансақ
нанымдарды белгілеп, оның даму генезисі мен динамикасын мектепке дейінгі
балалардан бастап студенттерге дейін зерттеуінде әлеуметтік-психологиялық
тренингтердің мәнін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан көрсеткен. Осыған
орай, біздің жұмысымызда полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-
әрекетінің даму үрдісінің тиімділігін әлеуметтік-психологиялық тренингтерді
қолдану арқылы көрсетеміз. Бұл әдістеме оқытушылардың полиэтностық ортадағы
студенттермен оқу процесін ұйымдастырудағы олардың этнопсихологиялық
ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін анықтатады. Осындай оқу процесінде
танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда әр ұлт өкілінің өзіндік-психологиялық
ерекшеліктердің бар екендігін және олармен санасу қажеттігін түсіндіреді.
С.Қ. Бердібаева өзінің оқу әдістемелік құралында психикалық
құбылыстардың көп қырлы сырын олардың ішкі өзара байланыстарын ұғыну үшін
оның ерекше бір психологиялық бірлігін құрайтын негізін табу керектігін
жариялаған. Психиканың негізгі кезеңдері қамтылған, индивидтің қоршаған
ортамен өзара қатынасымен негізделген психофизикалық бірлік сол негізді
құрайтынына тоқталған. Дамудың әр түрлі сатысында психика өзіне тән
бейнелерге ие болатынын баяндады. Психологияда негізге нені жатқызамыз
деген сұраққа, сана психологиясы тарапындағы дәстүрлі жауабы – түйсіну,
түсініктер, идеялар, ал мінез-құлық психологиясы оған рефлексті немесе
реакцияны жатқызатынын мәлімдеген.
Әрине, мұнда осы жауаптардың түбінде белгілі жалпы тұжырымдаманы
қамтуда. Ғылыми танымды тереңдету үшін психиканың барлық жақтарын,
функцияларын, процестерін және іс-әрекеттерін зерттеуден бастау керек.
Полиэтностық аудиторияда ұлтаралық қарым-қатынаста студенттердің
білімдеріне, дағдыларына және іскерлігіне жауапты талаптар қойылады,
әсіресе олардың деңгейлеріне, сапаларына және дамуына. Бұл жерде өте жоғары
болашақ кәсіпкер туралы сөз болады, себебі, оған бүкіл адамдарға маңызды
саяси қарым-қатынастар мен саяси іс-әрекеттер тәуелді.
Қазір Қазақстан психологтары үшін тұлғаның этностық бірдейлігі
(идентичность) мәселесіне ерекше назар аудару аса маңызды, –деп
Қ. Жарықбаев пен Ж. Нүкежанов өз мақалаларында атап өткен. Ғалымдар
орыс тіліндегі идентичность ұғымын сәйкестік деп алған. Ал, Л.К.
Көмекбаева өзінің еңбегінде осы ұғымды мағынасы мен мазмұны жағынан жан-
жақты қарап, орыс тіліндегі тіке аудармадан гөрі, көпшілікке түсінігі мен
мағынасын ашатын ұғым ретінде бірдейлік деген сөзді қолдануды ұсынып
отыр.
Этностық бірдейлікті зерттеудің шартты үш жолы бар:
1) тұлғалық психологиялық;
2) әлеуметтік психологиялық;
3) этно-әлеуметтік жолдар.
Зерттеудің аталған жолдардың ішіндегі психологиялық жолында бәрінен
бұрын ұлттық тиістіліктің когнитивтік аспектісін, өзінің этностық
айқындылығы туралы көріністі білуін, оның әр адам үшін рөлін, тұлғаның
құрылымындағы орнын өзіне жатқызады. Бұл жағдайда тұлға басты өлшемі болып
қалатынын, ал этностық бірдейлік тұлғаның кұрылымын құрушы ретінде
қаралатындығы туралы көзқарасты И.С. Кон ұсынған болатын.
Ал, әлеуметтік психологиялық жолда адам – белгілі қауымның, топтың
мүшесі ретінде оның ішкі қасиеті, мінез-құлық аспектісінің қалыптасуы, тағы
да индивидтің топтағы мүшелігіне қатыстылығы ретінде қаралады.
Этностық бірдейліктің когнитивтік компоненті этнос сипаттамасы туралы
ақпаратты құрылымды құрылуы баланың қабілетіне жауап береді.
Екінші тарау Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-
әрекетінің дамуын анықтауға эксперименттік эмпирикалық зерттеу. Біздің
таңдаған зерттеуіміздің тақырыбы жоғары оқу орындарындағы полиэтностық
ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуының оқыту процесіндегі
өзгерісін зерттеуге негіз болып отыр.
Зерттеудің нысаны ретінде полиэтностық ортадағы студенттердің оқыту
процесіндегі танымдық іс-әрекеті алынды.
Зерттеу мақсаты: оқыту процесінде полиэтностық ортадағы студенттердің
тұлғалық этнопсихологиялық ерекшеліктерінің танымдық іс-әрекетінің дамуына
әсерін зерттеу.
Қойылған мақсатқа негізделе отырып, біз келесі эксперименттік зерттеу
міндеттер анықталынды.
1. Оқыту процесінде полиэтностық ортадағы студенттердің тұлғалық
этнопсихологиялық ерекшеліктерінің танымдық іс-әрекетінің
дамуына әсерін зерттеу.
2. Әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы полиэтностық ортадағы
студенттердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
олардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту.
3. Әлеуметтік-психологиялық тренингтан кейінгі зерттеудің
нәтижелерін көрсетіп, бақылау және эксперименттік топтағы
айырмашылықтарды анықтап, болжамды дәлелдеу.
Бұл мәселе бойынша теориялық материалды талдаудың негізінде
зерттеудің мақсатын ескере отырып және эксперименталдық міндеттерге сәйкес
келесі жалпы болжам ұсынылды: полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық
іс-әрекетінің дамуының тиімділігі, олардың тұлғалық этнопсихологиялық
ерекшеліктерін ескеруге байланысты.
Жалпы болжам төмендегідей жанама болжамдармен нақтыланды:
1. Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетін дамытуда
және тұлғаның этнопсихологиялық ерекшеліктерін ашуда бірлескен-диалогтық
танымдық іс-әрекет тиімді механизм ретінде, ал әлеуметтік-психологиялық
тренинг факторы болып табылады.
2. Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттің негізіндегі әлеуметтік-
психологиялық тренинг полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-
әрекеттерін дамытуда, олардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескеруге
мүмкіндік береді.
Мақсат міндеттермен ұсынылған болжамға сәйкес эксперименталдық жұмысты
үш кезеңге бөлдік.
Бірінші кезеңде біз жалпы пилотажды зерттеу жүргіздік. Ол оқыту
процесінде полиэтностық ортадағы студенттердің тұлғалық этнопсихологиялық
ерекшеліктерінің танымдық іс-әрекетінің дамуына әсерін зерттеуге арналған,
онда біз моно және полиэтностық ортадағы студенттердің этнопсихологиялық
ерекшеліктерін зерттедік.
Екінші кезеңде бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттің негізіндегі
әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізілді. Бұнда полиэтностық ортадағы
студенттердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың
танымдық іс-әрекеттерін дамыту жүзеге асырылды. Тренинг тек
эксперименталдық топта ғана жүргізілді.
Үшінші кезеңде әлеуметтік-психологиялық тренингтан кейінгі зерттеудің
нәтижелерін көрсетіп, бақылау және эксперименттік топтағы айырмашылықтарды
анықтап, болжамды дәлелдедік.
1. Бүгінгі жоғары оқу орындарындағы оқытудың әдістері атты
анкетасының нәтижелерін талдау
Бұл анкета көпұлтты ортадағы студенттердің танымдық процестердің даму
ерекшеліктеріне оқытушыларының іс-әрекеті ықпалын анықтауды көздейді.
Оқыту процесіндегі бірлескен-диалогтық өнімді іс-әрекеттің үлгісін
жасау зерттеудің алғашқы кезеңінде біз жоғары оқу орындарында қолдануға
оқытудың формасы, тәсілдері, әдістері жайлы студенттердің пікірін анықтауға
бағытталған арнайы анкетаны құрастырып, жүргіздік. Анкета жартылай жабық
түрде дайындалды. Бірінші бөлігі студенттердің мотивациялық компоненттерін,
екінші жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде қолданылатын оқытудың
бүгінгі әдістерін шынай ситуацияларды игерулерін, білуге, келесісі
әдістердің жетістігі туралы студенттердің пікірін, оқытудың міндетті
әдістері туралы көзқарасын айқындадық.
2. В.Ю. Хотинецтің этностық сіңіп кету мен ерекшелену әдістемесінен
алынған нәтижелерді талдауына тоқталсақ, төмендегі кестеге мән беруге
болады:

Кесте 1 - Этностық сіңіп кету мен ерекшеленудің көрсеткіштері (ұпай)

№ Параметрлер топтар Полиэтностық ортаМоноэтностық
ретімен (ұпай) орта (ұпай)
1 2 3 4
1. Этностық сіңіп кету 5,3 2,1
2. Этностық ортада ерекшелену 0,7 3,9

Алынған мәліметтерден біз мына жағдайды байқадық: моноэтностық және
полиэтностық ортадағы студенттердің ұлтаралық қатынасында бір-біріне
жақындығы әртүрлі көрсеткіштерге ие болды. Жоғарыда берілген кестеден
моноэтностық ортада оқитын студенттердің этностық ортада ерекшеленуі жоғары
көрстекішке ие болса, ал полиэтностық ортадағы студенттер этностық сіңіп
кетуді қалағанын байқадық. Зерттеу барысында студенттердің оқу үлгеріміне
де мән бердік. Сессияның көрсеткіштеріне сүйенсек, полиэтностық ортадағы
студенттер басқа ұлт өкілдеріне позитивті және қолайлы қарағандардың білімі
жоғары (білім сапасы 4,5), ал моноэтностық ортадағы студенттердің білім
сапасы (3,7) төмендеу болуы, олардың этностық ортада ерекшеленуі әсерін
тигізетіні айқындалды. Сондай-ақ білім сапасының төмендігі білімнің толық
емес меңгерілуінде, таптауырынды позицияның қалыптасуында және білім
арнасының аздығында емес, ол әртүрлі этностардың мәдениетіндегі дәстүрлері,
әдет-ғұрыптары, діні мен ділінің ерекшеліктерін қабылдау жағдайы өз әсерін
тигізуі де ықтимал. Моноэтностық ортадағы студенттердің басқа этностың
ортасына сіңіп кетуі төмен (2,1) көрсеткішке ие болуының себебі
дағдыланған жағдайлардың бірқалыпты күйде, қалыптасқан таптауырындардың,
этностық жансақ-нанымдардың, құндылықтық бағдарлардың, этносаралық
алшақтықтың, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне де байланысты болуы мүмкін.
Сондықтан полиэтностық ортадағы студенттердің этностық сіңіп кету
көрсеткішінің жоғары (5,3) болу себебі олардың әртүрлі этнос өкілдерінің
ұлттық ерекшеліктерін күнделікті өмірде қабылдай отырып, дағдылану
әрекетіне де байланысты.
Ал, полиэтностық ортадағы студенттердің этностық ортада ерекшелену
көрсеткішінің төмен (0,7) болуы мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
әр этнос өкілдерінің студенттері басқа ұлт өкілдерін үйреншікті
қабылдауына, сондай-ақ студенттер арасында этностық мәдени ерекшеліктерге
байланысты сыни көзқарас пен бәсекелестік позиция кейнгі орынға ауысады, ең
басты – танымдық іс–әрекет рөлінің айқындалуына байланысты болуы да
ықтимал. Моноэтностық ортадағы аталмыш ерекшеліктерге қарағанда,
этностық ортада ерекшелену көрсеткішінің жоғары (3,9) болуы әр этнос
өкілдерінің студенттері басқа ұлт өкілдерін күнделікті өмірде қарым–қатынас
жасамау салдарынан, студенттер арасында тек бір ұлттың этностық мәдени
ерекшеліктеріне үйреншікті болуына байланысты, басқа ұлт өкілдеріне сыни
көзқарас пен бәсекелестік позициясының алдыңғы шетте орын алуы, әрі
танымдық іс–әрекетте белсенділіктің позициясы белгілі көрініске ие
болмағандықтан деп санауға болады.

Кесте 2 - Cтуденттерге арналған әлеуметтік–психологиялық тренинг
бағдарламасы оқытылғанға дейінгі және кейінгі зерттеу жұмыстарының Идеал
бейнесіндегі тұлға қасиеттерінің айқындалған дәрежесі

Қасиеттер Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
Бақылау тобы Эксперименттік Бақылау тобыЭкспериментті
топ к топ
Дипломатты 2,71 2,66 2,71 3,50
Екі жүзді 2,48 2,39 2,48 2,40
Белсенділі 2,67 2,65 2,67 3,40
Ашушаң 1,55 1,51 1,55 1,38
Үнемшіл 2,82 2,87 2,82 3,20
Сараң 1,86 1,74 1,86 2,10
Темпераментті 2,68 2,68 2,68 3,90
Қызбалы 2,12 2,15 2,12 2,00
Жалықтырғыш 1,91 1,98 1,91 2,50
Көпшіл 2,88 2,86 2,88 3,40
Мінезсіз 2,24 2,26 2,24 2,00
Көнгіш 2,86 2,85 2,86 3,30
Қыңыр 1,98 2,05 1,98 2,30
Қайсар 3,02 3,02 3,02 3,40
Педантті 1,89 1,85 1,89 2,10
Ұқыпты 2,92 2,96 2,92 2,70
Тәкаппарлы 2,81 2,80 2,81 2,88
Паң 2,13 2,15 2,13 2,32
Тапқырлы 2,90 2,84 2,90 3,20
Кекеткіш 2,15 2,00 2,15 2,30
Зерек 2,98 2,95 2,98 3,10
Қу 2,17 2,26 2,17 2,40
Сақ 2,90 2,68 2,90 3,20
Қорқақ 2,15 2,15 2,15 2,23

Тұлғаның этнопсихологиялық сипаттамасының мазмұны, этностық ортаға
сіңіп кетуі полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің
дамуына ықпалын тигізеді.
Осыған орай, студенттердің полиэтностық ортадағы бірлескен танымдық іс-
әрекетін дамытуға байланысты бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттін
негізіндегі әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргіздік.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг мақсаты – полиэтностық ортадағы
студенттердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың
танымдық іс-әрекетінің дамуының тиімділігін арттыру.
Сонымен біз әлеуметтік–психологиялық тренингтен кейін басында алынған
нәтижелерге байланысты және тренингтің тиімділігін анықтау мақсатында қайта
диагностика жүргіздік.

Кесте 3 - Автотаптауырындар мен бірге гетеротаптауырындардың
корреляциясының коэффициенті

Параметрлертоптар Эксперименттік топ Бақылау тобы
Спирменнің корреляция0, 5 0,33
коэффициенті

1

1сурет- Автотаптауырындар мен бірге гетеротаптауырындардың
корреляциясының коэффициенті

Бұл суреттегі көріністен барлық топттардағы қатысушыларда позитивті
авто және гетеротаптауырындар байқалды. Эксперименттік және бақылау
тобындағы студенттердің автотаптауырындар мен гетеротаптауырындарға
қарағанда өзіндік бағасы жоғары. Бақылау тобындағы студенттердің өзіндік
бағасы таптауырындардың бағасымен сәйкес келді, өзінің тобындағыларға
позитивті қалауды болдыра отырып, басқа топтың өкілдеріне де жағымды
көзқарасты білдіреді.
Осыдан, біздің алға қойған бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттің
негізіндегі әлеуметтік-психологиялық тренинг полиэтностық ортадағы
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Этностық өзіндік сананың дамуы
Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері
Лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Пәндер