Мемлекет туралы түсініктер
8.Лекция сабақтары
Лекция №1
Тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
Жоспар:
1. Тарихи материализм - адамзаттық қоғам тарихының
методологиясы.
2. "Мемлекет", "қүқық" түсініктері.
3. "Жалпы мемлекет және қүқық тарихының қызметі мен пәні.
4. "Жалпы мемлекет және қүқық тарихы" пәнінің жүйесі.
1
Адамзаттық қоғам тарихы - бұл әр түрлі контитенттер пен ендіктерде,
қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы, тіршілік пен материалдық,
моральдық қүндылықтары дүниетануы әр түрлі халықтарда мыңжылдықтар ағысында
өтетін күрделі және қайшы процесс.
К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектика негізінде жалпы
әлеуметтану теориясының және оның әдісін - тарихи материализмді қүрастырды.
Олардың шығармалары барлық қайшы тенденциялардың жиынтығын көре түра,
қоғамдағы түрлі топтардың анық белгіленетін тіршілік және өндіріс
шарттарына сүйене, жеке "басшы" идеяларды таңдау мен оларды талқылаудағы
субъективизм мен бассыздықты жоя түра, материальдық өндірістік күштер
қалындағы барлық идеялар мен көп әр түрлі тенденциялардың түбірін аша тура,
қоғамдық - экономикалық формациялардың пайда болу, даму және төмендеу
процессін танудың жолын көрсетті.
Ф.Энгельс берген анықтамасында: "Өндіріс, оның сонынан өнімдерінің
айырбастауы кез-келген қоғамдық қүрылыстың негізін қүрады. Әр бір қоғам
өнімдерін қалай бөлумен, сонымен бірдей қоғамның қай топтарға
ажыратылуымен, не және қалай өндіруімен, өндіріс өнімдерін қалай
айырбастаумен белгіленеді" деген.
Осы сөздерді қорытып айтқанда қоғамдық- экономикалық формация - бүл
қолданып жатқан өндіріс тәсіліне сай қоғамдық қүбылыстардың бірлестігі мен
әрекеттестігін есепке алушы жүйе.
Қоғамдық-экономикалық формация түсінігін пайдаланып қоғамның дамуын,
эпохалардың, қоғамдардың, мемлекеттік нысандардың, қүқықтық жүйелердің,
идеологиялардың өзгеру себептерін түсіндіру мүмкін болды, адамзаттың
өткенін түсініп, оның болашағына назар тастауға мүмкіншілік жаратылды.
Формациялар бірі-бірін белгілі заңдылықтардың негізінде ауыстырады:
алғашқы қауымдық құрылыс, феодальдық құрылыс, капитализм құрылысы.
Социализм құрылысы туралы бөлек айту керек (бұл сөзді талқылау).
Дегенмен, тек қана экономикалық факторларды есепке алсақ, қате болуы
анық. Өйткені, экономикалық жағдай - тек базис ғана болады.
Оның негізінде (надстройка) төмендегілерден тұратын қондырма
құрастырылады: мемлекет, құқық, религия, философия, өнер т.б.
2
Мемлекет - таптық қоғамда саяси биліктің негізгі құралы, ол қоғам
басқарудың қажетті кездерінде мәжбурлеу күшін істетуші арнайы басқару жүйе.
Мемлекеттің негізгі элементтері:
1.мемлекеттің тетігін қүрастырушы арнайы органдардың және
мекемелердің бірлестігі бары (мәжбурлеу органдары: армия,
полиция - арнайы орында).
2.Қүқық бары (мемлекет жағынан белгіленетін немесе
санкцияланатын жүріс-түрыстың заңдылықтары).
3.Мемлекет билігінің әсер ететін белгілі аумақ бары.
Қүқық - мемлекет жағынан белгіленетін немесе санкцияланатын, ықпалымен
қорғалатын, барлық азаматтар үшін міндетті жүріс-түрыстың заңдылықтары.
3
"Жалпы мемлекет және қүқық тарихының “ қызметі, оның тапсырмалары:
1. Студенттерде қүқықты меңгеру мен қолданылу үшін қажет болатын
арнайы заңды пікірлеуді қалыптастыру, мемлекет және қүқық
мәселелері бойынша олардың дайындықтарын мүмкіндігінше
кеңіту.
2. Мемлекет және құқық теориясы, ілімдердің тарихын, мемлекеттік
және халықаралық құқықты, тағыда басқа заң пәндерді аса жақсы
менгеру үшін алдын ала қажетті жағдай жасау;
3. Өз мемлекетімізде, және бүкіл дүниеде болып жатқан процестер
туралы ғылыми пікірлеудің пайда болуына мүмкіндік жарату;
4. Өзіндік ықтиярымен немесе жағдай ықтиярымен мемлекеттік -
қүқықтық қызметтің объектісі немесе субъектісі болған адамдар
туралы дүрыс және адамгершілікпен ойлауды дамыту.
"Жалпы мемлекет және қүқық тарихының” пәні - бүл бүтіндей қалай болса,
жеке региондар мен елдерде де солай, мемлекет пен қүқық пайда болуының
жалпы заңдылықтары мен олардың арнайы келбеттері, мемлекет және қүқықтың
мәні мен ерекше нысандары, олардың дамуы және уәзіптенуі
(функционирование) болады.
(Предмет всеобщей истории государства и права - это общие закономерности и
специфические черты происхождения государства и права, как в целом, так и в
определенных регионах и странах, сущность и особые формы государства и
права).
4
"Жалпы мемлекет және қүқық тарихы" пәнінің жүйесі:
Курс 4 бөлімге бөлінеді:
I. Қулиенушілік мемлекет және қүқық; Ежелгі Шығыс мемлекеттері
-
Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция:, Афина, Ежелгі
Рим, Ежелгі Спарта.
II. Феодалдық мемлекет және қүқық.
А) Батыс Европаның феодалдық мемлекеті мен құқығы (Франция, Англия,
Германия).
Б) Шығыс Европаның феодалдық мемлекеті мен құқығы: (Болгария, Сербия,
Прибалтика славяндары, Польша, Чехия).
В) Азия және Африкадағы феодалдық мемлекет пен құқық: (Араб Халифаты,
Қытай, Жапония)
III. Буржуазиялық мемлекет пен құқық:
А) Жалпы дағдарысқа дейінгі капитализм (Англия, Америка, Франция, Германия,
Италия, Болгария, Сербия, Жапония, Латин Америкасы).
Б) Жалпы дағдарысы кезіндегі капитализм.
I V. XX ғасыр: мемлекеттік - құқықтық тарих.
Бұл бөлімде екі дүниежүзілік соғыс арасындағы буажуазияшыл
демократияның қалыптасуы, буржуазияшыл мемлекеттердің құқығында
негізгі өзгерістер туралы айтылады.
Әдебиеттер:
1. История государства и права зарубежных стран. В 2-х т. Под ред.
Крашенинниковой и О.А. Жидкова М., 1988.
2. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права М. 1996
3. Всеобщая история государства и права. Под.ред Батыр К.И. М.,
1997
4. Омельченко В. Всеобщая история государства и права. В 2-х т. М.,
1998
5. Античная Греция: Проблемы развития полиса М., 1983
6. Бартошек М. Римское право (понятия, термины, определения) М.,
1989
7. Бонгард-Левин Г.Т. Индия в Дверности М., 1985
8. Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права
(Афины и
Спарта) М.,1986
9. Нечай Ф.М. Образование Римского государства. Минск, 1972
Лекция № 2
Тақырыбы: Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекеті. Қос өзен аңғарындағы
мемлекеттердің пайда болуы. Ежелгі Қытай (Шын елі). : Ежелгі Үндістан
(Индия).
Жоспар:
1.Ежелгі Египет, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс.
2.Ежелгі Вавилон, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс.
3.Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығы.
4.Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы.
1
Б.З.Д. ГУ-ІІІ мыңжылдықтар аралығында 40 тайпа бірлескеннен кейін
Ежелгі Египет патшалығы пайда болды. Ол перғауын Нармер ( Менес ) екі
патшалықты бір мемлекетке күшпен біріктіргеннен кейін пайда болды.
Ежелгі Египет тарихында 3 негізгі дәуір ажыратылады:
1. Орта патшалық дәуір XXVIII - XXIII ғ. Б.З.Д.
2. Орта патшалық дәуір XXII- XVII ғ., Б.З.Д.
3. Жаңа патшалық дәуірі - XVI - XII ғ. Б.З.Д.
Бұдан былай, біздерді әрбір мемлекетте оның екі жағы ғана
қызықтыратын болады: оның қоғамдық құрылысы мен мемлекеттік құрылысы.
Ал Ежелгі Египеттің қоғамына оралатын болсақ, онда қожайындық еткен
тап құлиеленуші - ақсүйектер мен абыздардан қүрастырылған еді.
Ежелгі патшалық дәуірінің соңында орталық биліктің төмендеуінен
пайдаланып, ақсүйектер өздерін салықтардан азат етеді. Басқарушы номархтар
әсіресе осы дәуірде күшееді.
Орта патшалық дәуірінде ақсүйектерге тиісті имениелер, атақтар,
лауазымдар мүра ретінде атадан балаға өтетін болып қалады.
Жаңа патшалық дәуірінде перғауын билігі күшейіп, сонымен бірге
абыздардың рөлі жоғарылайды. Дәл осы кезде шіркеу мен абыздар көптеген жер
мен қүндылықтарға иеленіп қалады. Абыздың атағы да мүра ретінде өтетін
болып қалады.
Халықтың негізгі көпшілігі азат болып, деревняларда жасаған. Олар
селолық қауымды қүрастырған. Жер осы қауымның жалпы меншігінде болып, жеке
отбасыға берілген жер учаскелерді сату, алып қою, айырбастау тек қауым
ризалығымен ғана рүқсат етілген.
Қауым жалпы жиналыспен, кеңеспен, ақсақалдармен басқарылған.
Бүл мемлекетте қауымның мыңжылдықтар ағысында сақталуы қолдан
суландырылатын егін шаруашылық бірлескен еңбекті талап еткенімен
ескеріледі: суландыру жүйелерін қүру, судан пайдалану, жеке далаларға су
бөлу бірлескен еңбекті талап еткен.
Қүл еңбегінің маңызы (мәні) жоғарылап, ақсүйектердің, шіркеудің,
мемлекеттің жерлерінде ол негізгі күшке айналады.
Қүлдар жаулап алынған жер халқынан алып келінген. Одан басқа, қауымның
шаруалары да қарызын өтей алмаса, қүлдыққа берілген.
Мемлекеттік күрылыс:
Мемлекеттің басы перғауын болды ("Қүдай баласы" деп аталған). Оның
билігі үлкен баласына мүра ретінде өткен. Перғауын билігі шексіз болған.
Атқарушы билік - "джатидің" (уәзірдің) қолында болып, оған қарасты
мәселелер: жер бөлу, шінеуніктер аппаратын басқару, заңды бүзу туралы
арыздарды қарау болған.
Одан басқа мемлекетте көзге көрінген лауазымды адамдардан бас
қазынашы, жүмыстар бастығы (суландыру жүйесін бақылаушы) ажыратылып тұрған.
Мемлекеттік аппарат шінеуніктерден қүрастырылып, оларға арнайы атақ,
киім берілген.
Армия, полиция (оның айқын және құпия бөлімдері болған. Перғауынның,
ақсүйектердің күзеті олардың қатарына қосылған).
Сот билігінің жүйесі төмендегідей болған: оның басы - перғауын -1
инстанция;
Уәзір : "6 палата" - II инстанция;
Шіркеу, қала соттары - III инстанция есептелген.
Жергілікті билік ретінде - номархтың өзі, оның шінеуніктері болып
түрған.
2
Ежелгі Вавилон, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс.
Біздің заманымызға дейінгі шамамен 1895 жылы Тигр және Ефрат
өзеңдерінің төменгі ағымдары аралығында - шумер халқының жерлерінде-
Вавилон империясы пайда болады. Оның қүрушысы әрі ен атақты патшасы
Хаммурапи еді. Ол бір ғана қүдайға (Мардуққа) сыйынуды еңгізіп, "12 кесте
заңдары”мен тарихта қалады.
Вавилон империясының саясат пен мәдениеттегі мәні біздің заманымыздың
II ғасырына дейін өз күшін жоғалтпай келді (2000жыл !).
Коғамдык күрылыс: ақсүйектер мен дін басылары, жауынгерлер,
шінеуніктер, селолық қауым шаруалары, қолөнершілер, саудагерлер, көнестер,
қүлдар негізгі әлеуметтік таптарды құраған. Оның Ежелгі Египеттен бір
ерекшілігі: азат адамдары екіге бөлінгені болды: "авилум" - "адам баласы",
"мушкенум" - халы төменірек адам (мемлекеттік жердің арендаторы).
Мемлекеттік күрылыс: жоғары сатысында Вавилон патшалары тұрған:
олардың билігі шексіз, шінеуніктер мен судьялар олардың муддесін қорғаған.
Шінеуніктер: ақшамен, жер учаскелерімен, қызметтік азық -түлікпен
қамтамасыз етілген.
Армия (әскери): оның жауынгерлеріне қызметі үшін жер учаскесі
берілген. Олардың балалары да қызметке барса, жер учаскесі отбасында
қалдырылған.
Сот функциясын арнайы шінеуніктер, немесе сот коллегиялары атқарған.
Жоғарғы сот- патшаның өзі болған.
Салык жинау: оның негізгі түрі кіріс салығы болып, азат адамдар үшін
кірістің 10%, ал жартылай азат немесе тәуелділерден - 33% келемінде
белгіленген болған.
3
Біздің заманымызға дейінгі XVIII ғасырда Инь мемлекеті пайда болды:
онда егін шаруашылығы, қолөнер, сауда, ақша айналымы дамыған болады.
Біздің заманымызға дейінгі ІУғасырда ШаньЯнь ынтасымен реформа
өткізілді: Оның нәтижесінде жерді еркін сату, сатып алу заңмен еңгізілді,
отбасы бар еркектерге бөлініп шығу міндетті етілді; бұрынғы аймақтар
бойынша бөлу орнына "бес"тіктерге бөлінген уездер қолданылды; "бес"тіктер
принципы әскери мен қылмыстық құқыққа да еңгізілді - бірінің айыбына толық
"бес"тік жауапкер болды (объективті айыпты тағу- объективное вменение ).
Шаруалардың ауыр жағдайы олардың соғылысуларына, көтерілістеріне әкеп
соқты. Бұның нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі 209 жылы Цинь
династиясы құлатылды. Содан кейін, шаруалардың жағдайларына жеңілдік
кірітіліп, құлдық жойылды, ақсақалдардың (старосталардың) сайлануы
кайтарылды.
Дегенмен, адамзат коғамының даму заңдылықтарына сүйене, құлдар мен
жерді еркін сату үш жылдан кейін-ақ қайтарылды.
Мемлекет күрылысы: мемлекет - ван-патша және үймдасқан шінеуніктердін
көпшілігі -мен басқарылды. Территория уездерге бөлініп, оларды екі
губернатор (бірі әскери, бірі азаматтық) басқарды. Қазына бірлескен
(единую) металдық тенгені бірінші болып шығарған еді. Салықтық саясаты
өнделгендігімен ажыратылып түратын еді.
Лауазымдарға иеленудің екі жолы болған : бірі - сатып алу, екіншісі
-емтихан тапсыру арқылы тағайындалу еді. Бүл мемлекеттік аппаратқа ену үшін
байыған көпестерге, колонершілерге жол ашты.
Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен біздің
заманымыздың бірінші ғасырларында Қытай қоғамы мен мемлекеті
қүлиеленушіліктен феодолизмге қарай өркендеуде еді. Қүлдарға жер бөлініп,
шаруалар тәуелді жүмысшыларға немесе арендаторларға айналып жатқан еді.
4
Біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтын орталарында Үндістанның
солтүстігіне, батыс жақтан европалық тілдерге жақын тілде сөйлейтін
тайпалар кіріп келеді. Олар өздерін ария деп атаған.
Олар ру (гана) ларға бөлініп, рүлық көсеммен (ганапатимен) басқарылған.
Мал шаруашылығы - олардың негізгі шаруасы еді. Игерілген жерлерді әрі
қарай жаулап алу нәтижесінде ру адамдары бөліне бастайды. Бір жақтан - бұл
байып кеткен ақсүйектер мен олардын қолбасшылары (раджа мен кшатрия).
Қалған азат арьялар - шаруа мен қолөнершілер. Олардан төмен тұратындар да
бар еді: құлдар мен жаулап алынған жерлердің жергелікті халқы.
Коғамдык күрылыс: 4 варна (сословие) болған:
I - жоғарғысы - брахмандар (олар "көз көргенің талап ететіндерге”
жатқан). Оларға тек елден шығарып жіберу немесе шашын алып тастау ғана жаза
ретінде қолдануға руқсат етілген еді.
II-кшатрия-ақсүйектер варнасы. Бұлардан патшалар, қолбасшылар,
жоғарғы лауазымды адамдар тағайындалатын болған. Нақты билік брахмандар
қолында емес, бәлкім олардың қолында еді.
Артықшылығы жоқ варналар төмендегідей болды:
ІІІ-вайшья варнасы- шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер.
ІV-шудралар (қауымнан шығарылған шаруалар, азат етілген қүлдардан
түрған). Оларда отбасы, мүлікке ақысы болғанмен, олардың өзін сатып
жіберу,
немесе сатып алу мүмкін еді.
Варнаға тиістілік туылумен анықталған. Оны өзгерту мүмкін болмаған.
Үндістанды сырттан жаулап алу варналардың касталарға айналуына
көмектесті. Біздің заманымыздың бірінші ғасырларында Үндістанда феодалдық
қатынастар пайда болды. Бұл жағдай кшатриялар варнасы жойылуына, олардың
орнына жалдама әскери құрылуына әкеп соқты. Жай егін шаруасы вайшья емес,
бәлкім шудра болып қалады. Вайшьялар болса - көпестерге, саудагерлерге
айналды. Кәсіптік топтар – яғни, касталар қалыптаса бастайды. Кастаға
тиістілік мұра ретінде атадан балаға - өтетін болып қалды. Касталар
артықшылықты, артықшылықсыздарға бөлінеді. Жексүрін кәсіптер өкілдеріне
қасаптар, тері илеушілер, аңшылар, балықшылар, ағаш ұсталары, дәрігерлер,
қызметкерлер жатқан. Олар “Қол тигізуге болмайтын " дардың кастасына
жатқан.

Лекция № 3
Тақырыбы: Ежелгі Шығыс елдеріндегі құқық.
Жоспар:
1.Құқықтың негізгі нышандары.
1
Саяси қүқықтық ойлардың Ежелгі Шығыс (Египет, Үндістан, Қытай, Парсы
т. б.) пен Ежелгі Батыста (Рим, Грекия) пайда болып, қалыптасуы ерте
қоғамдық даму сатысында, мемлекет пен қоғамның топқа боліну кезінде-ақ
байқалған.
Таң қалдырарлық жәй, саяси құқықтық ойлар шығыс халқыңца ежелгі
египеттіктерде, үндістерде, қытайлықтарда, вавилондықтарда, парсыларда
батысқа қарағанда неліктен ерте пайда болды? Қазіргі замаңда да озінің
көкейкестілік бағытымен қалайша елеулі күшке ие болып отыр? Бүл арада
шығыстың халқына да, батыстың халқына да тән нәрсе қоршаған ортаның,
табиғат қүбылыстарының құпия сырларына жауап бере алмағандығын естен
шығармаған жөн. Бүкіл ой айтқаны заң ретінде қүдайға келіп тірелді.
Ерте даму сатысында, әрі саяси қүқықтық көзқарастың ғылым мен білімге
бой ұра қоймаған кезінде сана бүкіл әлемге мифологиялық түрғыда қалыптасты.
Сонымен бірге ежелгі Шығыстың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық
ерекшеліктеріне байланысты қүқық саласында да олардың өзіндік ерекшеліктері
болды. Айталық: алғашқы қауымдық қүрылыстың үзақ сақталғаны жеке меншік
құқығының әлсіз дамуынан көрінді. Патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа
бүкіл ұжым болып (отбасы немесе қауым болып) жауап берді, яғни, бөтен
біреудің кінәсіне жазықсыз екінші біреу күйіп кететін болды. Талион
принципі сақталды.
Заңдар жинағы жеке нақты оқиғаларға (казусальді) арналып жазылған. Онда
жалпы қүқық көрсетілмеді. Нормалардың бәрі де жекелеген оқиғаларға арналды.
Бұл жерде, әрине, оларға түсінік беріп, жорудың өзі артық. Бұл қүқық,
Заңдар жинағы консервативті жөне формальды сипат алды, қүқық нормалары ескі
козқараста және өте жай озгеріп отырды.
Мифологиялық түрғыда болса да, Ежелгі Шығыс қүқықтың алғаш шыққан жері,
құқықтық қатынастар мен құқықтық түсініктер алғаш осы Шығыста қалыптасты.
Таптардың пайда болуына жөне олардың қоғамдағы билікті қолға алуына
орай талион принципі бүрмаланды, оның орнына ақшалай айыппүл енді. Бұл
шығыста ашылған жаңалық. Айталық, кұлиеленуші мемлекет пен құқығына
жасалған талдау көрсеткендей, Шығыстың негізгі кодификациялық заңдары -
Хаммурапи Заңдары. Үндістанның Ману заңдарының ертеде пайда болғандығынан,
яғни, ол заңдардын мифологиялық түсінік күшін жоймай, ғылыми түсінік орныға
қоймаған кезде жазылғандығынан болар.
Тағы бір айта кететін жәй - Шығыс құқығы діни сипатта қалыптас-қанымен,
онда таптық сипат та басым. Өйткені ол заң ерекше қаталдык
үстем кезде жазылған еді. Ал оның заңға тигізген зияны көп болды.
Себебі Шығыс елдеріне тән қаталдық заңның әділет туын жоғары үстап, халық
мүддесін коздеп жазылуына кері әсерін тигізді. Ал Шығыста қатал тәртіптің
үзақ сақталуының себебінен елдегі саяси қүқықтық ұлы ойшылдар үнемі қатаң
жазаланып, өлім жазасына кесіліп отырды.
Ал Батыс халықтарының құқықтары Шығыс елдеріне қарағанда прогрессивті
еді. Онда адамның жеке меншігіне қол сүғылмауына ерекше назар аударылып,
азаматтың жеке басының қүқығын қорғауға бағытталды. Бірақ Шығыс елдерінің
заңыңда таптық ерекшелік, реакциялық бағыт басым, ал Батыс елдер заңдарыңда
азаматтық өмірдің сипат тән деп қате қорытынды жасауға болмайды. Өйткені
мемлекет пен саяси құқықтық ойлар бірінде өте ертеде пайда болса,
екіншісінде одан көп кеш қалыптасты.
Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып Хаммурапи
патшаның заңдар жинағы деп есептеледі. Бұл ескерткішті 1901 жылы француз
ғалымы де Морган Сузыдан тапқан. Бағананың жоғары бөлігінде тақта патшалық
құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдыңда салтанатты кейіпте тізе бүккен
Хаммурапи патшаға осы заңцар жинағын тапсырып түрғаны кескінделген. Бүл
сурет патша зандары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды
білдіреді. Кіріспе мен қорытындыда патша зандары жоғарыдан жіберілген өділ
де озгермейтін зандар деп корсетуге тырысады.
Заң жинағы 282 баптан түрады. Қала алаңының қақ ортасындағы зандар
бағанасы, осында өтетін әділ сотқа қызмет етуді және заңды білмейміз деп
ешкімнің сылтау айта алмайтынын ескертіп тұрғандай. Заң жинағының авторы
баптарды олардың мағынасына қарай топтауға тырысқан. Мысалы, 1, 2 баптар іс
жүргізу сипаттарының жағдайларын қамтыса, 6-126 баптар мүліктік
қатынастарды реттеуге арналған, 127-195 баптар отбасы және мұрагерлік
құқықтарына қатысты, 196-214 баптар жеке адамды қорғауды көздейді. Бірақ
бұлайша бөлуді автордың озі мақсат тұтпаған, мұны біз тек шартты түрде ғана
бөлеміз.
Хаммурапи заңдарының Вавилон заңдарына әсері күшті, ол ертедегі Шумер
зандарының одан әрі жетіле дамуы және жинақталып, тәртіпке салынуы болып
табылады.
Әрине, заңдар қоғам өмірінің барлық жақтарын бірдей реттей алмаған.
Мысалы, мұнда мемлекеттік және діни қылмыстар туралы ештеңе айтылмайды. Бұл
қылмыстар үшін жазаның тұракты болып қалғаны сонша, Хаммурапи ол туралы өз
кодексінде айтуды артық санаған да болуы мүмкін.
Хаммурапи зандары өз кезеңінен бізге жеткен көптеген құжаттармен Қатар,
Вавилон қоғамының шаруашылыққа белсенді түрде араласқанын көрсетеді. Жер
мен құрылысты сату, бақша мен егістік жерді жалға беру, Дала жұмыстарына
адам жалдау осының барлығы заңды түрде реттелген.

Лекция № 4
Тақырыбы: Ежелгі Грециядағы (Грекия) полистік жүйе және құл иеленуші
мемлекет.
Жоспар.
1.Тезей,Солон, Клисфен реформалары.
2.Афина мемлекеті.
3. Спарта.
1
Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан.
Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр.
Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе
Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы
теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді
жасырылып, сыртқы қаүіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Тезей реформалары. Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деген бази-левс,
ол барлық белгілі рулардың басын косты. Тезейдің саясаты "синой-кизм" деген
терминмен аталды, бүл сөз "біріктіру" деген мағынаны біддіреді. Гректердің
төрт руының қосылуына объективтік себептері бар. Оңтүстіктен гректерге
дорийцтардың соғыс ашу қаүпі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бұрын
Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса,
барлығының бас қосуы сирек болатын. Бүкіл Аттиканың бірлесуі ХІ-Х ғасырлар.
Жаңа бірлескен өкіметтің басында рулардың ақсүйектері түрды.
Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар жөне демиургтар болып үш
бөлікке болінді.
Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек
әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі де ірі
жер иелері еді.
Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - қолөнершілер.
Аттиканың бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға
ұйымдасуына себеп болды. Оның аты-Ареопаг, Арес соғыс қүдайының аты.
Ареопаг Арес тауында жинадцы. Бұл кезенде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп,
ол енді 4 филаға бөлінді, әрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан,
бір ру 30 еркек адамнан тұратын болды. Афина құдайы бүкіл Аттиканың құдайы
деп саналды.
VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияға бөлінді, әрбір навкария соғыс
уакытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.
Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірак оның
атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты
рулардың ақсүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік
билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай еткізетін: айыптаушы кешірмеу
тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін
айтады. Екі жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді.
Ареопагтың мүшелері өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына
және ажал урнасына бөліп салатын.
Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына
көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин
аумағы 48 навкарияларға бөлінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін
болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа
құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге
айналған еді.
Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді,
олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 ясылға сайланатын
еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.
Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-
полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы
архонттардың бәрі ареопагқа кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт
жазған қүқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа "драконт зандары"
деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып
кетті.
Драконт зандарының шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін
жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім
жазасына тартылатын. ұрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт зандарына
ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық қоғамның заңдарына тән
нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келген жеке меншіктің қалыптасу және
нығаю процесін корсетеді. Драконт зандары қанға қан алатын кекшілдікке шек
қойды, өлген кісіні жерлеген уақытта моласында найзаны жерге қадаса, өлген
кісінің балалары оған жаудан кек алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы
кісі өлтірушіні азаптауға тыйым салады. Бұл заң кастықпен әдейі өлтіру және
абайсыз өлтірудің айырмашылығын айтқындауды қажет деп санайды. Дегенмен
Драконттың ауызша қарапайым құқықты қағазға түсіріп жазуы, қанға қан алатын
кекшілдікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап,
айқындауы өз кезеңі үшін прогрессивтік болды.
Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер ара-сындағы
қайшылықтарды тоқтата алған жоқ. Өйткені ол демостың на-рықтық жағдайын
қандай да болмасын дәрежеде айтарлықтай өзгерте алмады. Оның бүрынғысынша
құқықсыз қалған жағдайы тіпті ескерілген де жоқ. Ал демостың күші барған
сайын арта түсті. Тұрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен
толықтырылып отыратын.
Солон реформалары. Б. д. дейінгі 630 жъшы эвпатридтерге қарсы Килон
қуғын-сүргіні болып отті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б. д. дейінгі
594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның аддында екі мақсат тұрды: Афина
полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға
бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға
қолайлы орналасқан, сондықтан оны өзіне каратудың Афина үшін маңызы ерекше
болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік
жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол
саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бүл
тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа олеңдер шығаратын елге белгілі ақын
әрі философ еді. Солон өзінің реформалар үшін шығарған зандарын өлеңмен
жазған. Бұңдай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары
көтерді. Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі - заң қабылдау. Солонның
реформаларын нарықтық жөне саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретіңде
Солон селолық, негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға қосылған
евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын
түсінетін.
Бірінші шешілуге тиісті мәселе - салық және жер болды. Евпатридтер
өзінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы
көрсетілген тас бағана қоятын. Жер үлесінің иесі алған егіннің алтыдан
бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның
жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды өтей
алмайтын адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге
қарыздар үшін құлдыққа түскен. Мүндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі
де мүмкін еді. Солон бұл проблеманы шешу үшін "сисахфия" деген реформа
өткізді. "Сисахфия" дегенде "ауыр жүкті сілкіп тастау" деп түсіну керек. Ол
бойынша жер учаскесінде орнатылатын бағаналар жойылды. Сөйтіп, шаруалардың
қарыздары жойылды. Қарыз үшін құлдыққа түсу дегеңді де өмірбақи жойды.
Солон шетелге қарыз үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан
сатып алып, отанына қайтарып отырған.
Оның "сисахфия" реформасына бірде бір тап риза болған жоқ. Евпат-ридтар
оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді қайтадан
халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.
Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азық-
түлік онімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын ) сатуға рүқсат етті.
Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шы-ғарды:
егер кезінде әкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы
әкесі қартайғанда жәрдем көрсетуден бас тарта алады.
Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл
реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым - қатынасқа енгізілді.
Солон Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы
күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды және тасаттық
беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артык өсім белгілеуге тыйым
салды. Солон еткізген нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек қана
шетелден әкелетін болды, Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.
Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол
генократияны ("генос"-ру) - рулық аристократтардын билігін жойып, оны
тимократиямен ("тиме"- баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген
билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-
ғүрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар
Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың
азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның
негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші
топқа өзінің жерінен астык түрінде немесе сүйық өнім түрінде 500 медимнен
кем табыс алмайтын азаматтар жатқызылды (Бір медимн-41-53 литр май, шарап
немесе бидай). Бүл тап бес жүздік деп аталды.
Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын аза-маттар
кірді. Оларды салт аттылар деп аталды, өйткені олар өзінің әскери атымен
атты әскер қатарына өтуі керек болды.
Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын аза-маттар
кірді. Оларды зевгиттер деп аталды, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер,
олар жаяу әскер жасағында қызмет етуге және жеке өзінің ауыр қару-жарағын
иеленуге міндетті еді.
Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер
деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жүмыстар атқарды.
Ең бай топты Афины азаматтары-әскери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты
жағдайда үстап түруга тиісті болды. Солон Ареопагты әлсіретті, ол оның
құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып
алып, төртжүздік кеңесінің қарамағына берді.
Бүл істерді әзірлеу үшін Солон Бүле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа
мемлекеттік орган қүрды. Ол ертеден келе жаткан рулық төрт филаларының
жиналысыңда 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.
Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде
бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Оңда ағым-дағы саяси
мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары
сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жүмысы жөнінде жиналыс алдында есеп
беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.
Гелиэя-жогарғы сот. Демек ант берген қорғаушьшардың 6000 адамынан жаңа
жоғарғы сот құрылды. Бұған барлық төрт топтың азаматтары қатыса алатын
болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсысында 501 адамнан болды,
қалғаны запастағылар есебінде болды.
Солонның саяси реформасынан кейін, жоғарыда ескертілгендей, аза-матты
оның шыққан тегіне қарай бағалау өлшемі, енді дүние-мүлкіне қарай
бағалаумен ауыстырылды. Архонттарды бірінші дүние-мүлікті топтан ғана
сайлауға болатын еді, ал 1-3 топтың азаматтары төртжүздік кеңестің мүшесі
бола алатын. Барлық төрт топтардың азаматтары халық жиналысына және
гелиэяға қатыса алатын болды. Солонның реформалары ру ақсүйектері-
евпатридтердің билігін тежеп, ру-тайпалық ескі өдет-ғүрыптарын жоюға
бағытталған еді. Евпатридтер еңді оларды қанай алмайтын болды. Бұл
реформалар шетелдерден құлдарды сатып әкелу негізіне сүйенген құл иеленуші
шаруашылығының дамуына әкеліп соқты.
Тұтас алғанда Солонның реформалары белгілі дәрежеде компромистік
реформалар еді. Ол ареопагқа оның заң шығару және бақылау функция-ларын
қалдырды, Аттиканың ескі ру-тайпаға бөлінуіне, төрт рулық тайпаға-филаға
бөлінуіне тиген жоқ. Ал оның бер жағында Аттикада аумақтық ру-тайпаға
бөліну принципі Солонның реформасына дейін-ақ бүзылған болатын. Барлық
халықтан соғыс кемелерін жасауға қаржы жинау үшін Аттика 48 навкария деген
округтерге болінді. Солон реформаларының Аттиканың одан әрі әлеуметтік,
нарықтық және саяси өркендеп дамуында орасан зор маңызы болды.
Солон өзінің реформаларымен евпатридтердің ашу-ызасын туғызды. Оның
реформаларына демостың кедей жіктері де риза емес еді. Олардың аш-
жалаңаштығының негізі - бөлініп берілген жердің аздығы еді. Кедейлер
евпатридтердің жерінің бір болігін алғылары келді, бірақ Солон оны
орыңдамады. Солонның ценз реформасы азаматтардың онша бай емес жіктерінің
саяси құқықтарын шектеді. Ескі төрелер де оған қарсы шықты. Солонның
реформалары әлі жеткіліксіз болды деп түсінген демостың төменгі жіктері де
наразылық білдірді. Солон біраз уақытқа Афинадан кетуге мәжбүр болды. Солон
кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ Аттикада топтық және саяси күрес шектен тыс
шиеленісіп кетті. Өзара тартыс кезінде үш түрлі: әлеуметтік, саяси жөне
аумақтық топтар қүрылды. Педиэйлер-олардың басында Ликург тұрды, бала
Парлийлерде-Мегакл, Диакрийлерде-Писистрат көсемдік жасады. 560 жылы бүл
күресте Писистрат жеңіп шықты. Ол Акрополды басып алды да, мемлекеттік
тоңкеріс жасады. Сөйтіп ол тиранға айналды. Бірақ ол Солонның заңдарын
жойған жоқ, қайта кезінде Солон бастаған өлеуметтік, нарықтық және саяси
реформаларды жалғастырды. Писистраттың ең басты шараларының бірі-
мемлекеттік ұзақ мерзімді қарызды енгізу болды. Бүл өзгеріс шаруалардың
жағдайын жеңілдетті.
Шаруалардың сотқа байланысты жүмыстарын жеңілдету үшін Писи-страт
демаларды аралап жүретін соттар қызметін енгізді. Ол мөлшері оннан бір
тұрақты табыс салығын енгізіп, мемлекет қазынасын тәртіпке келтірді.
Қала демостарының - саудагерлер мен қолонершілердің де мүддесін ескеру
қажет болды. Олардың мүддесі үшін Писистрат қызу сыртқы саясат жүргізді.
Қолөнершілер экспортқа қара лак вазаларды көптеп жасайтын. Писистрат құдай
Диониске жүзім шаруашьшығы мен шарап жасау ісінің қамқоршысына сыйынатын
мемлекеттік діни қызмет ұйымдастырды. Дионистің құрметіне жалпы қалалық
мереке-тойлар ұлы дионисийлер еткізілетін. Сонымен қатар Писистрат-Афина
қаласын сауда, қолөнер және мәдени орталық ретінде дәріптеуге тырысты.
Қала қамқоршысы Афина құдайының құрметіне ұлы Панафинейлер өткізілді.
Писистрат б. д. дейінгі 527 жылы қайтыс болды. Ол өле-өлгенше өкімет
басында қалып қана қойған жоқ, сонымен қатар билікті өзінін балалары Гиппий
мен Гипархқа беріп кетті.
Б. д. 510 жылы тирандық өкімет билігі жойылды. Писистраттың Гипарх
деген баласын евпатридтер өлтірді де, Гиппийді Афинадан қуып жіберді. Бұл
көтерілісті Спартаның көмегімен Алкмеонид руы басқарған еді.
Клисфеннің реформалары. Б. д. дейінгі 509 жылы Клисфен (Алкмео-нир
руынан) реформалар жасауға кірісті. Оның бұл реформалары ру-тайпа
қатынастарының қалдықтары мен сарқыншақтарын толық жойды және Афинада
құлиеленушілік демократия жүйесін қалыптастырды.
Ол ескі төрт ру-тайпалы филаларды жойып, олардың орнына он аумақ-тык
филалар құрды. Әрбір фила үш бөлімнен құралды: қалалық, теңіз жағалауы жөне
ішкі аудандар. Алғашқы екеуінде демос, үшіншісінде ари-стократтар басым
болды. Клисфен бүл үш ауданның әрқайсысын 10 трит-тийге бөлді, бүкіл Аттика
30 триттийға бөлінді. Әрбір жаңа аумақтық фила үш: бір қалалық, бір теңіз
жағалауы, бір ішкі триттийден тұрды. Бұл реформа халықты әбден араластырып,
ру-тайпалық қатынастардың қалдығын бұзу мақсатын көздеді. Клисфен Аттиканың
бүкіл аумағын 100 төменгі бастауыш аумақтық әкімшілікке бөлді. Олар дем деп
аталды. Әр филада 10 демнен болды. Кейіннен демдердің саны көбейді. Әрбір
Афина азаматы өзі шыққан демге тіркелді. Озі шыққан руына байланысты атауға
тыйым салынды. Сөйтіп рулық қатынастар жойыла бастады.
400 адамнан түратын солондық кеңес бесжүздіктер кеңесіне айналды (өр
фила 50 өкілден). Халық жиналысында тыңдалуға тиісті істерді әзірлейтін
орган ретіндегі оның ролі күшейді. Бесжүздіктер кеңесі жоғарғы әкімшілік
орган болды.
Остракизм (куғын-сүргін). Үкіметтің беделді азаматтары Афина жерінен
аласталып қуғынға үшыратылды. Қуғынға түскен беделді азаматтардың Аттикаға
10 жылдан кейін қайтып келуіне рүқсат етілді. Ондай азаматтардың отбасы
және мүлкі есептен шығарылмай, сақталды. Бұл қуғынның құрметті түрі деп
есептелді. Ең беделді азаматтар Афинаның халық жиналысында ресми белгіленіп
отырды. Афинаның 6000 азаматы қолына берген тасқа, ыдыстың сынығына олардың
атын жазды. Клисфеннің реформалары Афинадағы демократиялық құл иеленушілік
полистің қалыптасу процесін аяқтады. Клисфеннің реформалары рулық
қүрылыстың ең соңғы қалдықтарын "түпкіліктен" жойған төңкеріс еді.
2
Афина мемлекетінің басты билік органдары - халық жиналысы, бесжүздіктер
кеңесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер, архонттар комиссиясы, болды. Афина
мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы - эк-лексия. Халық жиналысы
10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ тебе Пникстің басына
жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық
жиналысына 20 жасқа толған Афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары
деп саналатын адамдар Ат-тиканың қала тұрғындары, еркек адамдар, 18-ге
толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын
үйренуі үшін Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет
қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Аттика азаматтары деп
саналатын болды. Олардың үстазы-софронистер өте беделді, белгілі адамдар,
оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп түрды, олар 500-діктер
кеңесінің мүшесі деп саналды.
Афина азаматтарының негізгі құқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік,
жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық көмек алу жататын. Ал міндеттеріне
мүлікті сақтап үстау, өзі түрған полиске көмек беру, отанды корғау,
үкіметтің заңын орындау, құдайды сыйлау, мемлекет басқару ісіне белсенді
қатысу кіретін.
Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер - метектер және сондай-
ақ құлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Халық жиналысының ең
біріншісі негізгі, басты деп аталды. Бұл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің
есебін тыңдайтын, егін жағдайын және мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының
ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары
Афина саясатының барлық негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы
мәселелерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін,
өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тыңдайтын және сондай-ақ
күнделікті көптеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір
афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен
қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс
бергенде урнаға бұршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстың
сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бүрын
халық жиналысының күн тәртібін жариялайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық
жиналысына қатынасқан азаматтарға ақы төлеу тәртібі енгізілді.
Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер омір сүрді.
Дегенмен, оздерінің маңызы жонінен олардың ешқайсысы халық жиналысымен
теңесе алмайтын. Афина халық жиналысының қызмет бабы өте кең болатын. Онда:
заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржының қалай жүмсалғанын тексеру,
жоғарғы сот қызметін откізу, халық жиналысын басқару органдары болды.
Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып
түрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бұрын докимасияға салынды.
Бесжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы
комиссиялары деген қызмет органдары болды.
Архонтар. Афина тұрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың
төрағасы болды және басты діни қызметті атқарды. Екінші архонт-базилевс, ол
дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх құрбандық шалу қызметінде,
қалған архонттар-фесфомет қызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бұл
кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді әзірлеп, олардың күн
тәртібін белгілейтін. Бұдан тысқары бесжүздіктер кеңесі Афинаның қызмет
адамдарының істерін қарайтын. Булевтерді әрбір аумақтық филадан жасы 30-ға
келген 50 ер адам сай-лайтын. Булевтерді докимасиядан өткізеді. Әрбір
булевтің ойын, жүріс-тұрысын, бет алысын, міндетін және құқығын тексереді.
Булевтер міндетке ие болудан бұрын өзінің жүмысын адал атқарамын деп
халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ қадап, сайланған уақыты
біткеннен кейін өз жүмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.
Бесжүздіктер кенесі. Бесжүздіктер кеңесінің кызметі. Бұл жоғарғы бас-
қару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі каржы жүйесінің басқару
органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап,
үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жердем ақша берді.
Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.
Бесжүздіктер кеңесі ғибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық
қүрылыстардың қамын ойлады.
Бесжүздіктер кеңес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық филадан
сайланған 50 кеңес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн
жүмыс істейтін. Бүл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50
адам 36 күн үлкен базардың жанындағы денгелек үйде бірге түрып, мемлекетті
басқарған.
Гелиэй. Гелиэй - ант берушілер соты - ірі демократиялық мекеме еді.
Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Барлығы 6000
судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия қүрды.
Ал бір мыңы қосалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға белінді.
Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша көп болуы-олардың тек афины
азаматтарына ғана емес, езгелелерге де қызмет етуіне байланысты еді. Мұнда
Афинаның барлық одақтастары, басқаша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия
жағалауының, Өңтүстік Францияның және Эгей теңізі аралдарының барлық
түрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.
Гелиэйда бірде бір азамат өзінің ісі қай комиссияда қаралатынын алдын
ала білмейтін. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басталардың алдында
ғана білетін. Мұндай ереже сот қызметкерлері пара алмауы үшін қажет болды.
Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz