EXCEL ПРОГРАММАСЫН МӘЛІМТТЕР БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ


EXCEL ПРОГРАММАСЫН МӘЛІМТТЕР БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу

Excel электрондық таблицасы мәліметтер базасы режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер базасынан гөрі әлсіздеу, дегенмен мұнда да көптеген жұмыстар істеуге болады.

Біз мәліметтер базасынан, әртүрлі белгілері бойьшша керекті информацияны іздеуді және оларды сұрыптауды қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырамыз. Осыларды түсіндіру үшін 26. 1-суретте көрсетілгеңцей күн жүйесінің планеталары туралы мәліметтерді кестеге толтырайық та, оны Ex6. xls деген файлға жазып сақтап қоялық.

Бұл кестеде пайдаланылған өлшеу бірліктері мынадай:

- орбита бойынша айналу периоды - жылмен (жердегі) өлшенеді;

- күннен ара қашықтығы - млн км-мен өлшенеді;

- экваториалдық диаметрі - мың км-мен елшенеді;

- массасы - х1024кг~мен өлшенеді.

Мөліметтер базасының негізгі үғымдары

Кестенің А2:Ғ12 аймағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. Бұл кестенің A, B, C, D, E, F баганалары өрістер, ал 3-12 жолдары - жазбалар деп аталады.

Мәліметтер базасының құрылымына мынадай талаптар қойылады:.

  • мәліметтер базасының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасуы тиіс; мәліметтер базасының қалған қатарлары бос болмай, онда жазбалар орналасуы тиіс; өріс бойымен орналасқан мәліметгер біртектес болуы тиіс, яғни олар тек сандардан немесе тек мәтіндерден түруы тиіс.

Кез келген мәліметтер базасымен атқарылатын негізгі жұмыс-оның құрамынан белгілі бір критерийлерге (айрықша белгілерге) байланысты қажетті ақпаратты іздеп табу. . Жазбалар саны көбейген сайын ақпаратты іздеу қиывдайды, дегенмен Excel программасы мәліметтерді сүзгілеу арқылы бұл процесті оңайлатады.

Мәліметтерді сүзгілеу

Мәліметтер=>Сүзгі (Данные=»Фильтр) меню командасы керекті жазбаларды сүзгілеуге мүмкіндік береді. Сүзгілеуді автоматты түрде - Автофильтр арқылы және қолмен де - Күшейтілген (Усиленный) түрде жүргізуге болады.

Автосүзгі арқылы орындау

Автофильтрді пайдалану кезінде курсорды мәліметтер базасы түрған аймаққа алып барып, оны ерекшелеу керек. Содан кейін Мәлімсттер=>Сүзгі=>Автосүзгі командаларын орындау барысында epic атаулары маңывда төмен қарай бағытталған тілсызьіқ бейиелі батырмадар пайда болады. Белгілі бір батырмаларды басу арқылы мәліметтерді сүзгілеу критерийлерін беруге болады. Сол кезде пайда болатын ішкі менюдей Барлығы (Все) деген сезді тандау сүзгілеу ісін жүзеге

Кестелерден тұратын EXCEL жұмыс кітабының бірнеше парақтарын қалай пайдалануға болатындығын, сол парақтардың арасындағы және файлдар арасындагы байланыстар қалай жүзеге асатындығын қарастырайык.

Жұмыс кітабының парақтары

Біз осыған дейін жұмыс кітабының тек бір парағымен, яғни тек бір кестемен ғана жұмыс істеп келдік. Көбінесе бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластыра отырып пайдалану қажетгілігі туады.

Экранның төменгі жағында кестелер, яғни парақ жарлықтары көрініп тұрады. Егер бір жарлықта тышқанның сол жақ батырмасын шертсек, көрсетілген парақ басымдыдыққа ие болып, үстіне орын ауыстырады. Жарлықта тышқанның оң жақ батырмасын шерту кестенің орнын ауыстыру, атын өзғерту және оны жою сияқты әрекеттерді орындайтын менюді экранға шығарады.

Экранның сол жақ төменгі бұрыштарында жарлықтарды ауыстыру батырмасы бар, олар арқылы бір парақтан екінші иараққа жылдам ауысуға болады. Ауыстыру батырмасында тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын шертсек, онда өзімізге керекті кез келген парақты таңдап алуға мүмкіндік беретін контекстік-тәуелді менюді шақыра аламыз.

Сынып журналын экранда даярлауға тырысайық. Көрнекті етіп түсіндіру үшін үш-ақ пәнді алайық, олар: әдебиет, алгебра, геометрия болсын. Әрбір пән үшін бір парақ толтырып, оларға оқушылар тізімін (бес қана оқушыны аламыз), олардың алған бағаларын және 1-тоқсанның қорытынды нәтижесін кесте түрінде толтырайық. Соңында бір параққа бірінші тоқсанның қорытынды бағаларын, алдыңгы парақтардағы мәліметтерге сүйене отырып және соларға сілтеме жасап, толтырып шығалық.

1-параққа 27. 1-суретте көрсетілгендей етіп мәліметтер толтырылсын делік. Сабақтардың өткізілген мерзімін (уақытын) көрсетіп, ұяшыққа Дата форматын береміз, бірінші тоқсан багаларының арифметикалық ортасын формула арқылы есептеп, оны тоқсандық баға ретінде қабыддаймыз.

Осындай парақтарды алгебра және геометрия пәндері үшін де даярлаймыз, ол үшін:

Әдебиет пәні кестесін Түзету=>Орын ауыстыру/Көшіру . . . (Правка=>Переместить/Скопировать . . . ) командасы арқылы келесі бетке көшіреміз. Содан кейін Парақ алдында (Перед листом) деген тізім ішінен 2-парақты ерекшелейміз де Көшірме даярлау (Создавать копию) деген төменгі жолда тышқанды бір рет шертіп, ОК-ны басамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi ортасында жоба құру
Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Мәліметтерді сүзгілеу
Мәліметтер базасы және мәліметтер банкі
Кітапханаға келушілерді электронды журналға тіркеп отыратын арнайы бағдарламалық кешенін жасау
Мәліметтер базасын сұрыптау
Электрондық кестелерді пайдалану
Excel программасын іске қосу
Мәліметтер базасын сұрыптаудың режимі
Microsoft Еxcel бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары. Практикум ПЭВМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz