ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

ќысќаша лекция курсы

Алѓы сµз

Практикалық психология пәні студенттер бойында практикалық психолог қызметінің негізгі жұмыс бағыттары туралы білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған. Б±л пєнді оќыту барысында практикалық психолог жұмысының негізгі бағыттарын, сфераларын, ғылыми парадигмалары туралы толық меңгереді. Психологиялық қызметтің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, жаңа псиохотехнологияларды, Сонымен қатар, психолог жұмысының жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттері туралы біледі.

Практикалық психолгиялық білімдерді студенттің жеке басына қатысты шешімдер қабылдау барысында тәжірибеде қолдану дағдысына ие болады.

Б±л пєн білім мен тєрбие беруге, оќытуѓа машыќтанушы педагогикалыќ мамандыќтар суденттеріне оќытудыњ мањызы зор. Олар білім беруде єр халыќтыњ ±лттыќ ерекшеліктерін ескере отырып ±йымдастырса нєтижелі болмаќ.

Оќыту маќсаты:

  • практикалық психолог қызметінің әлеуметтік саларындағы маңызын анықтау;
  • практикалық психологиялық іс-әрекеттің негізгі бағыттармен танысу;
  • психологиялық кеңес беру мен психотерапия арсындағы айырмашылқтар мен ұқсастықтарды анықтау;

Оќыту міндеттері:

  • психологтың клиентпен жұмысының негізгі механизмдерін ашып қарастыру;
  • психологлық тренинг тотарымен (терапиялық топ, үйрену, топтары, бизнес топтары, ) жұмыс жүргізу жолдарын талдау;
  • психотерапияның қазіргі және классикалық бағыттарын талдау жасау;
  • психологтың этикалық нормаларымен ережелерін сақтауға үйрену;
  • Ќазаќ халќыныњ ұлттық психологиялыќ ерекшеліктерін, оныњ зерттеулін;
  • Єлем ойшылдарыныњ, т‰рлі халыќ µкілдерініњ, ќазаќ ойшылдарыныњ ой-пікірлерін теориялыќ т±рѓыдан ќолдану;
  • Тәрбие мен білім беруде этнопсихологияның әдіснамасын қолдану т. б.

1- дәрісбаян. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.

Жоспары:

Практикалық психология пәні, мақсаты мен міндеттері

Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері.

Практикалық психология - психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы. Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі працесс. Оның барысында көптеген пс иходиагностикалық әдіс -тәсілдер қолданылып, әр адамның психологиялық қасиеттерін, күй жағдайларын, таным процестерін зерттеп, олардың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Соонымен бірге психологиялық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т. б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді. Практикалық психологияның қызмет аясы өте кең және әр түрлі болуымен байланысты оны жекелеген салалары пайда болады. Оларға қысқаша тоқтап өтейік.

Инженерлік психология қазіргі кезде практикалық психологияның ең үлкен салаларының бірі болып отыр. Оның зерттейтін мәселелері ғылым мен техниканың дамуына және техниканы адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданумен байланысты туып отыр. Техникалық құрал жабдықтарымен жұмыс жасау адам мен машина арасындағы қатынас ерекшеліктерін анықтау және адам ағзасына техниканың тигізетін әсерін бағалауды талап етеді. Сондықтан инженерлік психологияның негізгі мақсаты- адам еңбегіне және дененің саулығына техникалық жабдықтар конструкциясының тигізетін әсерін анықтау, оның икемді болу жолдарын табуға өз үлесін қосу. Қызмет атқару орнының түр- түсі, техникалық құралдардың дизайны адамның психикалық жағдайына үлкен әсерін тигізетіні дәлеледенген.

Осы ғылыми қағидаларға сүйене отырып, көптеген жұмыс орнын жабдықтау стандарттары анықталған. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі оператордың сезім мүшелері қызметіне ерекше талаптар қояды. Мыс: панелде орналасқан өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін толық қамту үшін оператор көзінің маршрутын анықтап, барлық жабдықтарды соған сай орналастыру қажет.

Сонымен қатар адамның мағлұматитарды қабылдап, оларды жүйелі түрде талдау, мән - мағынасына түсініп жауап қайтару, инженерлік техникалық кадрлердің сенсорикасының ерекщеліктерімен байланысты. техникалық құрал- жабдықтар қимыл- әрекеттің және жауап реакциясының жылдамдығын талап етеді. Ұзақ уақыт ішінде өлшеу апараттары көрсеткіштеріне қадалып отыру оператордыдң қызметінің саласына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Мамандық аурулардың алдын алу проблемасы, техника мен адам арасындағы қатынасты оңтайландыру және сол сияқты көптеген күрделі мәселелер өзін зерттеуді және мүмкіндігінше тезірек шешуді қажет етіп отыр. Сондықтан инженерлік психология өте тез дамып келе жатқан сала.

Әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетудің өзін бірнеше салаға бөліп көр сетуге болады. Қазіргі кезде сұранысқа ие болып отырған отбасына психологиялық көмек көрсетудің мән - мағынасы өте терең. Отбасындағы тәлім- тәрбиені ұйымдастыру жолдарын ата - анаға үйрету «қиын» және «қиналып» жүрген ата -аналар мен балаларға тоқыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкіш, дромомания т. б. нормадан ауытқуы балалрға түзету шаралары арқылы көмек көрсету мәселелері психологтың көмегін талап етіп отыр.

Келесі саласы - практикалық педагогикалық психология . Практикалық психологияның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан - жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету - балардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестиерімен жекелік психологиялық қасиеттерін өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлестерін қосады.

Білім беру саласында психологиялық көмек көрсету жаңа ұйымдастырылып келе жатыр. Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары, қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жоқ . сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған зерттеу әдіс терін қолданып, оқушылардың таным процестерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенше анықтау келеді.

Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүрсе, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады. Өйткені адам адам болғалы өзінің тәні мен қатар жанының ерекшеліктерінде жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болды. Дегенмен нақты психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психологиялық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізіледі.

Практикалық психологиялық зертеулер негізін құрушылардың айту бойынша психоз ауруына ұшыраған психологиялық қасеттері дені саулар мен бірдей, тек кейбір қасеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауыбтқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болғандықтан психологиялық қасеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. Практикалық психология дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психологиялық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенмен байланысты темпераментке жан -жақты сипаттама беріледі. Сеченов, Павлов жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді, практикалық психологияның дамуына физиологтарды қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.

Жекелік психологиялық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т. б. елдерді 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды . Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандьру мақсатымен Фран ция, Германия, Ақш т. б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс- әрекетінің түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір- бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке фактордың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көпөлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиалық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдыұ қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығаруға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатнасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометрлиялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, ЯКоломенскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиалық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Практикалық психологианың дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазіргі кезде психологиалық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.

2-дәрісбаян. Психолог клиент және тапсырыс беру ұғымдары

1. «Идеалды психолог», «Идеалды клиент» ұғымдары.

2. Шетел және отандық практик еңбектеріндегі ғылыми талқылану.

Психологиялық қызметті ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. Балаға психологиялық көмек көрсету міндеттері мен салалары.

Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихи және мол тәжірбиесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласында психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р. Б. Радионов, И. А. Соколова, З. А. Малькова және т. б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірбесінде қолдануды ұсынды.

Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қаиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиалық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиалық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Ботсон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықтты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті.

Олар 1) өз қабілетімен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу;

2) таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағұлмат алу;

3) әр баланың арманы мне мүмкіншеліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.

Осы бағыттарда анықталған мағұлматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.

Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, Ақшта Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балалрға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейіннен «Гайденс» қызметі (Гайд- көмек көрсету, жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамып келеді. Ірі мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп айтуға болады.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз дэіс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:

- Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету;

- Мектепте оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау;

- Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;

- Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.

Қазіргі кезде көптеген елде психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. ПСихологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан - жақты зерттеудің мән - мағынасы өте терең болып отыр. Оларды қалыптасқан дұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндетін анықтап алып отыр.

Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемелекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемелекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан - жақты талдау үстіндеміз.

Психологиялық қызметтің мақсаты- бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.

Психологиялық қызметтің міндеттер:

- психологиялық және әлеуметтік - психологиялық тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;

- оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

- проблемасы бар балаларды жан - жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түжзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді;

- дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасьеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;

- оқу - тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап, әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық - педагогикалық білімін жетілдіру жьәне біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Осы анықталған міндеттерді орындау т. б. өмір барысында тұрған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт - бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологы енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.

Психологиялық қызмет моде лін қалай құру жқажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы кеңес мектептерінде психологиялық қызмет мазмұнын анықтағандар Н. Р. Битянова, И. В. Дубробина, А. И. Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:

- психодиагн остикалық жұмыс;

- психопрофилактикалық жұмыс;

- психологиялыдқ кеңес беру;

- психокоррекция жүргізоу;

- ата- анарға психологиялық - педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;

- психологиялық көмек көрсету жүйесі қыжзметін насихаттау;

- әлтеуметтік - диспетчерлік қызмет көрсету;

- педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.

Осы аталған бағыттардағы іс - шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.

Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық көмек көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет. Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу - тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдьана отырып, оқушылардыдң таным пролцестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым - қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігін нақты анықталады. Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат - міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс - шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп, жұмыс жоспарында көрсету қажет. Жоспарларды жасау үлгілерді осы кітаптың 7- тарауында берілген.

3 бөлім. Практикалық психологиямен айналысатын психолог тұлғасы

Жоспары:

1. Психологтың кәсіби шеберлігі және этикалық нормалары.

2. Психолог міндеттері және құқығы

3. Психолог қызметінің принциптері және ережелері

Психологиялық қызмет туралы жалпы жағдайға байланысты психолог міндеттері мен құқықтары анықталған.

Психолог міндеттері:

  1. Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау;
  2. Шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау;
  3. Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;
  4. Нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалық, коррекциялық зерттеу жүргізуіне тиым салу;
  5. Барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялық дамуын ескеру;
  6. Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау;
  7. Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті көмекті көрсету;
  8. Кәсіптік құпияны жарияламау;
  9. барлық психологиялық зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттарға тіркеп отыру;
  10. Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.

Психолог құқығы:

  1. Оқушылар мен және басқа талапкерлермен жүргізілетін нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсілдерін дербес таңдап, жұмыстардың кезегін анықтауға;
  2. Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларына талап етуге;
  3. Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымдарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
  4. Қажетті құжаттармен танысуға;
  5. Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс- тәсілдерді іріктеп алуға және оларды дайындауға;
  6. Мектеп оқушыларын топтық және жеке зерттеуден өткізуге;
  7. Медициналық және дефекталогиялық мекемелерге сұраныс жасауға;
  8. Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық - психологиялық т. б. комиссиялар кеңесіне бдқатысуға;
  9. Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми әдістемелік көпшілік журналдарына материялдар жариялауға;
  10. Психологиялық білімдерді насихаттауға;
  11. 240 сағат көлемінде нормативтік және факультативтік сағат алуға;
  12. Оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беруге;
  13. Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.

1. 4. Оқушының психологиялық - педагогикалық статусы

Психологиялық - педагогикалық статус туралы түсінік. Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум жүргізу. Статус көрсеткіштерін анықтау.

Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік - психологиялық жағдайда жүргізіледі. Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс - тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі қажет. Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада өмір сүруге икемделеді. Оқу - тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологы оқушылардың және оқу -тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан - жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды.

Оқушы сататусына қойылатын талаптарды 5 блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларға түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелетін көрсеткіштерді блоктарға келесі түрде бөлуге болады:

1- блок - бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;

2- блок - оқушы таным процестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;

3- блок - мативациялық - жекелік сферасын бағалау;

4- блок - баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;

5- блок - мектеп ішілік қарым - қатынас барысындағы оқушының мінез - құлқы.

Осы блоктар бойынша оқушылар бағалау көрсеткіштерін анықтап алып, сол көрсеткіштерді зерттеу және бағалау әдіс - тәсілдері жинақталады. әр блок бойынша қолданылатын әдістемелер жеке жеке папкаға топтастырылады, оны қажет кезінде қолдану ыңғайлы болады.

Бірінші блок көрсеткіштері:

- отбасы құрамы, ата- ансының мамандықтары, жұмыс орны, лауазымы, отбасы типі, адамдар саны, олардың бір - бірімен қарым-қатынасы;

- отбасының материчялдық жағдайы, тұрғын үйі, жұмыс орны;

- оқушының отбасындағы статусы;

- отбасының уақытын өткізуі, спорт, дене шынықтыру, мәдениет көздерін қолдану;

- оқушының күн тәртібі және оны үлкендердің қадағалауы;

- оқушының өз құрбыларымен, өзінен үлкен және кіші балалармен қарым - қатынасы.

Екінші блок көрсеткіштері:

- баланың хронологиялық жасы мен ақыл -ой дауының бір - бірімен сәйкестігі;

- когнетивтік процестерінің дамуы: ойлау түрлерінің қалыптасқандығы, ой қызметінің көрінісі, тіл байлығы, майда қимыл - әрекеттерінің қалыптасуы;

- таным процестерінің жекелік ерекшеліктері: интеллектуалдылық белсенділігінің жоғары болуы, вервалдылығы, интеллектуалдылық пассивтілігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми педагогикалық негізі
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
ПЕДИНСТИТУТТАҒЫ ОҚУ САБАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz