Ұрпақ жалғастығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарык жүлдыз-оқу. «Надан жүрттың күні -қараң, келешегі тұман», -деп М. Дулатов айткандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, кұрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мүғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- окушылардың шығармашылық білім дағдыларын калыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылыкпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар, технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын жаңа заманның жаңа тұлғасын қалыптастырудың кезі жеткен сияқты.

Ертедегі данышпан ойшылдарымыз айтқан: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қастиеттерімен озады» - деген пікіріне сәйкес, қазіргі таңда жаңа заман ағымына сай, өзіндік жаңа білім саласында түрлі дамыту істерінің дамып келе жатқанын ерекше атап көрсетуге болады.

Дегенмен де оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарттарының бірі - білім берушінің инновациялық іс - әрекетін қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір оқытушы өз сабағында жақсы нәтижені көре алады.

Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі - ұлы еңбек. Осыған байланысты шығармашылық ізденіс әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет. Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты - баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға, қызығушылыққа тәрбиелеу. Бастауыш мектепте Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды керек етеді. Шығармашылық тапсырмалар оқушының оқу белсенділігін, ойлау қабілетін дамытады, сөйлеу әрекетін, танымын күшейтеді. Шығармашылық дегеніміз - адамның өміршындығында, өзін - өзі тануға, көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Кез-келген білім барысының назарында, мұғалім білімге жетелейтін оқушы тұр. Егерде оқушы «керек» деген ынтадан «маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың қуанарлықтай және жемісті болғаны. Бұл міндетті шешу барысында техналогияларды қолдануға себеп болар еді

Қазіргі кезеңдегі психологиялық, педагогикалық әдебиеттер ғылыми - техналогиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласында «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдерінде тарады.

Технология » ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос»-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан «технология» терминін «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз. [1]

Ал, педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға бірлігне бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік.

Технология дегеніміз-бұл белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдісітемесі жайындағы білімнің жиынтығы.

Технология дегеніміз-оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатта жұмылдырылған, алдын-ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз-оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз білім алудың жоспарланған нәтижеге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз-тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы. [2]

ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынадай анықтама берліген. Педагогикалық технология дегеніміз-бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамның және технологиялық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы оқытудың өзара ынтымақтастығы.

Сонымен педагогикалық технология дегеніміз-ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын, технологияның іс-шаралар жиынтығы. [3]

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісін қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді технологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Бір технологияның өзі әр түрлі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген себептерге байланысты білім берудің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. [4]

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.

Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары: дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдинев) бір мезгілде тура және кері адамдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және ірілендіру технологиясы қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі, математиканы оқытудың оқу үрдісін мақсатты, жобалап құруға болады.

Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев Ж. А. ) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г. Г. ) шоғырландырып-қарқынды оқыту технологисы (Әбдіғалиев Қ. А. Нұрахметов Н. Н:) блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова Н) қолдау табуда.

Қазіргі нарықтық экономинаның сұраныстарын қанағаттандыруға және экономикалық өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтеруге болады.

Ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

-есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ойды дамытатын оқуға көшу:

-білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу.

-оқытуға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. [5]

Кейінгі жылдары мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде жалпылама стандарттау процесі жүріп жатқаны белгілі. Бұл өте күрделі жауапкершілігі зор іс. Білім беру стандартының оқу процесіндегі күнделікті жұмысын күрт қиындатып жіберетіні хақ, өйткені осы стандартқа қол жеткізерлік және мұғалім жұмысының жоғары сапасына кепілдік берерлік тиісті педагогикалық технологияны таңдап білікті түрде оны оқу процесіне енгізу мақсаты туындап отыр. Бізге белгілі көптеген оқыту технологияларының қайсысы жемісті және ұтымды екенін орта мектеп мұғалімдеріне ешкім негіздеп, айқындап бермеді. Оқушы білімін стандарт талабының деңгейіне жеткізу үшін орта мектептерде дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа іс-әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде дайындап алу қажет. Дәстүрлі оқыту әдістемесі көбіне - көп оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен қағидалар жиыны болса, ал педагогикалық технологияны принциптік маңызды екі жағдай ерекшелендіреді.

1. Технология көзделген нәтижеге жетудің кепілдігі.

2. Технология болашақ оқу процесінің жобасы.

Педагогикалық технологияның қазіргі кезеңдегі оқыту үдерісін жетілдіру құралы.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық, нарықтық, қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жәтілдіру өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жасауы қажеттігі қарастырған.

Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім саласын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде. [6]

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Бастауыш сатыда «Математика» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштері тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты мәселесі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалары ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік-компоненттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Оқушылар білімінің жетістіктері жалпы талаптарға сәйкес және бағалау нормасы бойынша бағаланады. Қателер мен ескерпелердің түрлеріне қарай бағаның төмендеуі мүмкін болады.

Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.

Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технолгияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. [7]

Қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін оқытудың мазмұнын өзгеру, яғни, білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Көптеген педагогикалық техналогиялар оқу - тәрбие үрдісіне пайдаланып келеді.

Педагогкалық техналогия дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырлатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогкалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс - тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан - жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал үрдісінің мақсатты жиынтығы қарастырылады.

Бүгінгі таңда оқытуда дәстүрлі емес, жаңа дамыта оқыту әдістері пайдалуда, дәстүрлі сабақтың негізін сыныптық - сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60 жылдарда пайда болып, осы заманғы Л. С. Выдотский. Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков т. б идеялары жалғасты. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетін қалыптастыруы, оқуға деген ынтасының артуы. Қазірде білім берудің даму бағыты мен техналогияларын қамтитын 50- ден астам педагогкалық техналогия қолданылып жүргені мәлім. Саолардың бірі - проблемалық оқыту.

«Проблема» (гр. - міндет, тапсырма) - шешуді, зерттеуді талап ететін теориялық немесе практикалық сұрақ.

Проблемалық оқыту - мұғалім біршама дербес ізденушілік белсенділігін дамытады, шығармашылық іскерліктерді қалыптастырады

Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту процесі құбылыстардың маңызды байланыстарын ізденістерінен, танымдық және проблемалық жағдайлардан құралады. Проблемалық оқыту процесі құбылыстардың маңызды байланыстарының ізденістерінен, танымдық және проблемалық жағдайлардан құралады. Проблемалық жағдай - күрделі тапсырмаларды шешу, әр түрлі көзқарастарды салыстыру, дұрыс шешімін табу және оның ақиқаттығын дәлелдеу негізінде құрылады [8]

И. Ленер проблемалық оқытудың мынадай түрлерін атап көрсетеді: (слайд)

Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғандан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
  • түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
  • кез - келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту. [9]

Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:

  • мұғалім оқушыларды қарама - қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
  • біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
  • сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
  • нақты сұрақтар қояды;
  • проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
  • проблемалық міндеттерді жояды.

Проблемалық жағдайдың құрылу және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің қарастырылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Өзін-өзі тану пәні туралы мағұлмат
«Өзін- өзі тану» пәнінің мақсат, міндеттері және тәлім- тәрбиедегі орны
Жиенбай жырау шығармашылығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz