Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері
1.1.Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Проблемалық оқыту туралы педагогикалық ой-
пікірлер ... ... ... ... ..10
II тарау. Бастауыш мектепте ана тілі пәнін оқытуды проблемалық тұрғыда
ұйымдастыру жолдары
2.1. Проблемалық оқыту арқылы оқушының аналитикалық ойлау қабілетінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Шығармашылық ойлау тәжірибелерінде оқушылар
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 25

Кіріспе
Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының
ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты мамандарды әлемді
шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан
алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде
проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде
баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және
шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең
маңызды мәселе - жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы
немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту
педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо,
Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі
төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда
таңғалу, дағдарыс пайда болады да оның мәні неде? деген сұрақ туындайды.
Әріқарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни - болжам тастау, оны
негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру
жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың
белсенділігі - проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: субъект - объект -
субъект қарым - қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді
шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

I тарау. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері
1.1. Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық
мақсаттары
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастыруын талап
етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс - тәсілдерінен көрініс
табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да,
проблемалық оқытуды өзінің ерекше техлогиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп
санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары проблемалық
жағдай, оқу проблемасы, проблемалық міндет т.б.
Проблемалық жағдай - субьектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа
тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Оны оқыту процесінің кез - келген
кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық
мақсаттары:
• оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
• оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен
дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік
сақталады;
• түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы
тұлғасын қалыптастыру;
• кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби
проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
• мұғалім оқушыларды қарама - қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың
жолдарын өздерше қалдырады;
• біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
• сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
• нақты сұрақтар қояды;
• проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы,
проблемалық міндеттердің құрастырылуы - проблемалық оқытудың бастапқы
кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі
шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
• проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту; . •
болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
• қорытынды жасау;
• шешілген проблеманың дұрыстығын тек сонымен, проблемалық оқыту
технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың
көдергісін түсініп алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай
барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше
алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен
бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу
үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші
кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған
нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
• проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті
мотивациямен қамтамасыз ету;
• әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы
(белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
• шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
• педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа
құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап
өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына - оқушының өзіндік
шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері,
соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау
қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшілігі ағымның - кей кездерде процеске
қатысушылардың танымдық -әрекеттерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған
мақсатқа жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге
болады.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз -оқытудың
сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ, оқу - ауқымын кеңірек көлемде
беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске
қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми түрде негізделген
әдістерді жасау және енгізу қажет.
Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмүны мен оқыту
әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
• оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни, оқулықтың негізгі,
базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу
және орналастыру;
• соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарастырылуы тиіс;
• оқу материалын уақыт параметріне сәйкес болген кезде жаңа материалды
сабақтың бас кезінде - оқушылардың зейіні мейлінше белсенді кезеңіне
лайықтап беру;
• аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып, өз
бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын
жасақтау;
• бұрын берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін
қамтамасыз ету.
Күшейте оқыту үрдісі жеке - психологиялық және ұжымдық -психологиялық
факторлардың үйлесімді қарым - қатынасына негізделген.
В. Ф. Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы қазіргі кезде оқу-тәрбие
процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық -
педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі.
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл
мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы
білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға
жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша
дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға тусетін ауыртпалықты
жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше
жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-
тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті
түрде, сындарлы бірізділіпен, белгілі бір әдістемелік жүйөмен құрылуындағы
жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны
істәжірибесінде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және
олардың бүгінгі көрінісін (мысалы, шама жету және ұғынықты болу принципі
мен қиындығы өте жоғары деңгейдегі жұмыс принциптерінің арақатынасы және
т.б.) талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі оқу ісін оқушылардың өз күшімен
басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, Оқыту
әдісі дегеніміз оқытушының іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі
деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс- әрекетіне назар
аударылуын а қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген
белсенділікті (кітапша авторының есебі бойынша әр оқушының бір күнгі әр
сабақта 2 минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді.
В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы
түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан қарағанда автор
оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында
тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина
және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан
нақыштай білген.
В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқу - әрекетінде қандай накты формалар
бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен
мұғалімнің көмегімен түсіндіріп, тыңдау түрінде өтіледі. Автордың атап
көрсеткеніндей, мұнда ерекше түрғыда ұйымдастырылған материалды блокты
қабылдау жүреді. Сонан соң - мұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды
оқып үйреніп және жазып жаттығады.
Одан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу
жұмыс істеу, осындай конспекті қүрастыруға байланысты (шамамен 15-20
сабақта бір рет) творчестволық жұмыс орындау және т.б.
Психологиялық жағынан алғанда бұл мұғалімнің тексті мағыналық түрғыдан
өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын оқушылардың өздерінің оқу ісін
ұйымдастырудағы қүралы ретінде тірек сигналдарын пайдалануын,
мнемотехникалық тәсілдерді оқушыларда ой еңбегі мәдениетінің жалпы
әдістерін дамытуды білдіреді. В.Ф.Шаталовтың бақылауынша оқушылар жаңа
текстермен жұмыс істегенде осы әдістерді кеңінен пайдаланатыны есте
қаларлық нәрсе.
Бұл тұрғыдан алғанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің
мәні женінен П.Я. Гальпериннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын
үғымдардың қасиеттері мен белгілері және олар белгілі бір жүйе бойынша
ақылой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына сай карточкаларға
жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі
психологиялық жағынан меңгерудің негізгі бірліктері түрінде жүзеге
асырылады (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты. В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді
әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу
материалын - оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді
түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды
жәймен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл
жазылғандарды кезектесіп тыңцау және бағалау -міне осының бәрі белсенді
жауап беруге күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек
парақтарын пайдалану бұл дайындық уақытын (әр сабақ үшін 20 минутқа дейін)
қысқартады. Орындалған жаттығуларды тексергеннен кейін оқушылар шығарылған
есептер парағындағы тор, кездердегі құралдардың оқу материалындағы
білімдердін глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында муғалімнің
ізінше) және олардың жүйелері мен байланыстарын бөліп алу әрі оларды
белсенді түрде жазбаша және ауызша қайта жаңғырту жөнінен оқуға деген
белсенді іс-әрекеті қолма-қол көрініп отырады. Сондай-ақ мұғалімнің
күнделікті сабақ сұрау жүйесімен т.б. үнемі ұйымдастырылып жүзеге
асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айқын көрінеді.
В.Ф.Шаталовтың ең маңызды жетекшісінің бірі тұтасымен оқу процесінде
және оның ішінде сабақ кезінде қолайлы психологиялық жағдай тудыра білуі
және оқушылардың өздерінің еңбектеніп оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі
әзірлігін қалыптастыруы болып табылады. Бұған оқытушымен оқушының өзара
қарым - қатынасының мынадай көптеген ерекшеліктері септігін тигізеді:
оқушыларға үйде тапсырма орындау міндеттелмейді, тек ұсынылады; есептерді
шығару жартылай міндетті жағдайда жүргізіледі: сабақ сұрау ақырын,
жәймен, сенімді, оқушылардың қателігі көзге түртіп көрсетілмейтін формада
өткізіледі; оқушылар сабақ айту үшін орнынан тұрып жатпайды; мұғалімнің
бағасының талассыздығымен қатар талап жағдайы жоқ және т.б. Нәтижесінде -
әр оқушының жақсы оқуына болады деген сенім, әр оқушының өзін өзі қадірлей
білу сезімі нығайып, тіпті қиын жұмысты да орындауға шамасы жететініне
сенім қалыптасады. Міне, осының бәрі автордың кітапшасының аты етіп қойған
проблеманы шешу жолдарын көрсетеді. Автордың жазуынша мұндай жағдайда
дәстүрлі қытудағы келеңсіз көріністер -сыбырлап көмектесу, көшіріп алу,
уақытты босқа зая кетіру жойылады.
Оқушылар творчествосы бұл қашан да мұғалім творчествосының жаңғырығы.
Кітапшаның әрбір беті мұғалімнің көптеген әдістемелік тақырыптарын ашып
отырады: сабақ өткізуге ыңғайландыруға болатын 6 -8 оқушының жауап беруе
арналған үлкен тақта (тақта алдындағы баспалдақ, тақтаға қосымша
қондырылған қанаттар және т.б.), оқушыларға арналған кластағы анықтама -
автомат, қабырғаға ілінген ашық стендісі, оқу барысында релелік
тапсырмаларды - қабылдау, аралық мәреге жетер алдындағы мұғалімнің көмегі
педагогикалық десант т.б.
Сонымен, Донецкіде үлкен жұмыс жасалған және ол жүзеге асырылып,
жалғасуда. Қандай да шын мағынасында тәжірибе сияқты Донецк мектептерінің
тәжірибесі - үйде, қиялда жүрген идеяларды жүзеге асыруға бейімділігі,
В.Ф.Шаталовтың қазіргі педагогикаға қосқан үлесі оның әлгі идеяларды
зерттеп, нақтылап, дамытып және олардың әдістемелік жаңа шешімдерін
табуында.
Ал енді осы әдістемелік жүйеге толығырақ тоқталайық. Мұнда тірек
сигналдары оқытудың көрнекілік принципі кең жолға қойылған.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың
жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттьшығына тығыз
байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес - оқушының
білуге, білімге деген құштарлығын ояту.

1.2. Проблемалық оқыту туралы педагогикалық ой-пікірлер
Ұлы ағартушылар қоғамның бірлігін қамтамасыз ететін іс әрекеттерді
жақсы түсінген. Олардың басқа адамдардан ерекшелігі болашақты, қазіргіні,
өткенді түсініп, тарихи жағдайларды еске түсіріп, болашақ үшін алаңдауында.
Өз миссиясын түсініп, ғасырлар бойы сақтап, халық мұғалімі образын
қалыптастырған әл-Фараби әділеттілікке деген сүйіспеншілікке, зұлымдыққа
деген өшпенділікке негізделген дінге, халыққа қызмет ету кодексін құрған.
Дінге қызмет етуде қорқыныш пен үрей болмау керек. Осындай ой А. Сүйінбай
творчествосында да арын алады: "Халықтың қалаулысы өзінің жылуымен өзгені
де жыл ытады ".
XIX ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой-пікірдің
дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың,
Ж. Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, X. Досмұхамедовтың
еңбектерінде қазақтың ұлттық мектебін жасау оқушыларға ұлттық тәрбие беру
және оған болашақ мұғалімдерді дайындау проблемалары нақты қойылып, оларды
шешу жолдары көрсетілген.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында
"Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа
Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық
тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты
мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты
азаматтары", деп А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, М.
Дулатовтың, X. Досмүхамедовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол
азаматтар ұстаздық етуде және тәлім - тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының
салт-санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының
халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп
олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен
тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлтттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын
көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары, мұғалімдері және
болашақ мұғалімдерге арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар
жазды.
Енді сол қазақ ағартушы - педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру
және оған болашақ мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлеріне тоқталып,
Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының
ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай
сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
Ол "барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына мектеп,
ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде,
семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп
ізденді", - дейді профессор С.Қалиев.
А. Байтұрсынов "Мектеп керектері" деген мақаласында " ... ең әуелі
мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін
мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы.
құралсыз іс істелмейді һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай
болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа. Әр іс көңілдегідей
болып шығуы үшін оның үлгілі я мерзімді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я
өлшеусіз істелген іс-солпы я артық, я кем шықпақшы ... " - деп оқытудың
дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтыпы белгілеп берді.
М.Жұмабаевтың "Педагогика" атты еңбегі - қазақ топырағында тұңғыш
жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Ол мектеп мұғалімдері мен
педагогтік оқу орындарының тыңдаушыларына оқушыларға улттық тәрбие беруге
даярлау мақсатында жазылған дүние. Оқулықты ол "Алты алаштың баласы бас
қосса, қадірлі орын мұғалімдікі", - деп, соған арнаған.
Ж. Аймауытовтың "Тәрбиеге жетекші" атты оқу құралында оқу мен оқыту
уғымдарына қатысты ереже-шарттар, мектептегі шешуші тұлға -мұғалімнің орны
мен беделі, оның әдіс - тәсілдері кең көлемде сөз болады.
Әсіресе, әрбір мұғалім бойында өз ісіне, еңбегі мен мамандығына деген
жоғары жауапкершілік пен терең сезім, өтілген және жаңа тақырып арасындағы
байланыстың болуы, оқушы қабілеті мен зейінін жаңа сабаққа аударып, қызықты
тәжірибе салыстыруларға бару, көрнекілікке соны дерекке назар аудару талап
өтіледі. Ең негізгісі, мұғалімге оқушылар сеніп тапсырылған соң одан
адамдық қасиеттер, ізгілік иірімдері, маңыздысы -білім нәрінің сыр -
сипаттары талап етіледі. Қазақ топырағында тәрбиеші ұстаз.
Мұғалімдік өнер жөніндегі небір жүрек тебірентерлік тың ойлар, аталы
сөздерде Алтынсарин аузынан бірінші естілген еді. Ыбырай да орыс елінің
педагог - ғұламалары сияқты мұғалімнің оқу - тәрбие проесіндегі рөліне
айрықша маңыз берді, сөйтіп мектеп ісінің сан - саласындағы етістіктерді
мұғалімнің білімі мен өнерінде, беделі мен өз жұмысын сүйе - білуіне
байланысты деп дұрыс түсінді. Халық мектептері үшін ең керектісі тушы,
тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден
мұқият түрде жүргізілетін бақылауы да оқытушыға тең келе алайды ... қазақ
мектептерінің келешегі, көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты
болады. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де
қымбат көремін" - деп жазды ол. Оның бұл айтқандары Добролюбов,
Чернышевский, мұғалім жайында айтқан - заңдарымен тамаша үндесіп жатыр.
Сондай-ақ осы ғасыр басындағы зиялыларының педагогикалық көзқарастарының
негізгі идеясы - дамыта оқыту, ұстаз шеберлігін шыңдау мәселелері болғанына
да назар аударғанымыз жөн.
XIX ғасырда Қазақстанда интеллегенция қалыптасты. Олардың қызметі
ағартушылықпен ғана шектелмей, білім беруге де бағыггалған. ¥лы Абай
"кітапқа қызығатын адам тән тазалығын ойлап, сонан кейін өзін халыққа
қызмет етуге арнау керек", - деп айтып кеткен. Адам өмірінде ең маңыздысы -
тән сапалары, адамды жетелейтін оның мейірімді жүрегі мен таза жаны, сонда
оның еңбегі де жанып, берекеге кеңеледі. Отыз екінші сөзінде Абай шындыққа
көзің жетсе, одан өлім алдында да бас тартпа дейді. Шәкәрім Құдайбердиевтің
айтуы бойынша, адам өз жанының құпияларын шешпей, риясыз бола алмайды.
Рухани қызығушылығы мол адам біреуге қиянат жасамайды. Адал, саналы адам
зұлымдық, эгоизм, мақтаншақтық, зорлық атаулыға қарсы болады. Таза жүрек,
адал еңбек, парасатты ой адамдардың өмірін нұрландырып, адамның өзін де
жетілдіреді. Бұл қасиеттер адамның бойында орын алмаса, адамзат тыныштықта
өмір сүре алмайды.
Шоқан Уәлиханов халықтың дамуы мен өсуіне білім мен бостандық қажет
деп, біліммен адамгершіліктің үйлесімділігіне көңіл бөлген. Тек шынайы
білім ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалық оқытудың ерекшеліктері жайлы
Топтық оқыту технологиясы
Технологияның артықшылықтары
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту
Білім беру жүйесі лекция тезистері
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Пәндер