ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА НЕГІЗДЕРІ


ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл "түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім (по умоланию) егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды.

Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық жасақтама - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

1) жүйелі программалық жасақтама;

2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

1) операциялық жүйелер;

2) утилиттер;

3) сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 98, WINDOWS 2000, WINDOWS NT, OS/2, UNIX жатады.

Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой.

WINDOWS 98, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі құрылғылар атқарады немесе ол құрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.

Көптеген IBM - үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.

Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерімізді шығарамыз. Мұндай программалар "қолданбалы" (приложение) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:

  • мәтін редакторлары;
  • графикалық редакторлар;
  • электрондық кестелер;
  • оқыту және ойнау программалары;
  • информациялық жүйелер және т. б.

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т. б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайыңдау шапшаңдайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компьютерлік баспа жүйесінде дайындалды) .

Кең тараған мәтін редакторларына Місrоsoft Word, Page Maker, Word Perfect т. б. жатады.

Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т. б. түрлерде бере алады.

Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде салуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізу керек болса, онда координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да болады. Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Paint, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator т. б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т. б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютрлендіру кезінде құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.

Болашағы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүзеге асыруға болады.

Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәліметтер базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығың да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т. б. жатады.

Әмбебап программалық жасақтама дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске асырады. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Есептеу жүйесі туралы ақпарат
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалар пакеті. Әдісті-бағытталған қолданбалы программалар
Ақпараттық технологиялар
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
Сан жүйесінің аты
Информатика пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ (оқу-әдістемелік құрал)
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz