Программалау тілдерінің дамуы


ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Қазіргі кезде оқу курсын құрастыру үшін программалық жабдықты дұрыс таңдау, оқу ақпараттарының архивін ұйымдастыру оқытудың жаңа формасы ретінде қашықтан оқытудың жетістіктерін бағалайтын актуальді сауалдардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту жүйесінің программалық жабдықтарының дамуының қысқаша тарихы бірнеше сатылардан тұрады. Әрбір сатыда сол период үшін керек мәселер шешіліп отырылды.

1-ші саты. «Сараптау периоды» (1995-1998 жж. ) Интернетке қол жеткізген және қашықтан оқыту курстарын құрушы университеттердің көбісі желіде өз курстарын орналастыру үшін өз қабықшаларын құруға көшті. Бұл қабықшалар студенттердің талаптарын қанағаттандыратын ішкі қолданысқа ие болды. Басқа жоғары оқу орындарының қабықшаларымен сәйкес келмегендіктен, ол күрделі мәселеге айналды. Дизайны мен қолданушылардың жұмыс істеу ыңғайлылығы қарастырылмаған.

2-ші саты. «Кәсіби программалардың периоды» (1998-2000 жж. ) Программалық жабдықтардың құрастырушылары болып табылатын әлемнің алдыңғы компаниялары (мысалы, IBM, Oracle, Hypermethod және т. б. ) қашықтан оқыту саласындағы сұраныстарға көп көңіл бөле бастады, қашықтан оқыту курстарын құру мен басқару үшін жаңа әмбебап жабдықтарды нарыққа шығарды. Бұл программалар әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында кең таралымға ие болды. Сонда да кәсіби орындалған қабықшалар білім беру жүйесінің дамуындағы жаңа тенденцияларды ескермеді. Осы программадағы онлайн-тесттер оқушылардың білімін тексерудің жалғыз нұсқасы ретінде қарастырылды.

1) 3-ші саты. «Бірегей білім платформасын құру периоды» (қазіргі кез) . Бұл үрдіс даму үстінде. Бірегей білім платформасын жасау оқытушыларға да, студенттерге де тиімді.

Осы педагогикалық жүйелердің үлгісін талдау педагогикалық жүйенің бірегкей үлгісін жасауға алып келеді.

Windows программалық жабдықтарына:

  • Проводник программасы- ДК жергілікті және желілік ресурстарын көру-программасы, осы программа көмегімен қолданушы файлдық жүйеден кез-келген объектіні (бума немесе файл) іздейді және олармен қажетті әрекетті орындайды;
  • Windows-тың басқару саймандары-Панель управлениябумасында орналасады. Бұл бумаПуск→Настройка→Панель управлениякомандасы бойынша іске қосылады.
  • Қолданбалы мазмұндағы стандартты қосымшалар - Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Мультимедия, Связь комплекс программалары;

Стандартты қосымшалар дегеніміз - дискіні тазалау, дискіні тексеру, дискіні дефрагментациялау, дискімен жұмыс жасау мастері және т. б.

Программалу тілдерінің топтауы. Программалық жабдықтар

Программалық жабдықтар - бұл түрлі есептерді шешуге арналған күнделікті қолданатын программалардың жиыны. Программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелік, қолданбалы және ЭЕМ-ға жаңа программаларды құруды қамтамасыз ететін аспаптар құралдары(инструменталды) .

Жүйелік программалық жабдықтар (ЖПЖ) - компьютердің жұмысын басқаратын, қолданушымен компьютер арасында байланысты қамтитын, есептеуіш техниканың құралдарын біртұтас есептеу жүйеге біріктіретін және ЭЕМ-ның жұмысын тексеретін программалар . Жүйелік программаларға келесі программалар жатады:

  • операциялық жүйе;
  • қөптеген сервистік(қызметшы) программалар;
  • компьютерлердің желідегі жұмысын қамтитын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтар (ҚПЖ) - бул белгілі бір мақсатта қолданатын, нақты бір жұмыс саласында есептерді шешуге арналған программалар. Мысал ретінде -бухгалтерлік есеп программаларын, ойын, оқыту программаларын келтіруге болады.

Аспаптар құралдары(инструменталды) - бұл ЭЕМ-ға программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Қәзіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программистке күшті және ыңғайлы құралдарды ұсынады Мысал ретінде осы курста үйренетін Турбо Паскаль тілін келтіруге болады.

Программаны түрлі тәсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылытын негізгі талап - оның сапалы және пайдаланушыға түсінікті болуында. Әдетте бұл үшін курделі информация алдын-ала тұжырымды бірнеше бөліктерге бөлініп алынады да, олардың әрқайсысына арналған жеке-жеке программа құрылады. Осыдан соң олар көмекші программалар ретінде қарастырылып түрлі тәсіл бойынша бір программаға біріктіріледі. Компьютерде есепті шешу - бұл адам мен компьютердің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Бұл процесті - бірнеше тізбектелген кезеңдер ретінде қарастыруға болады. Адам творчествалық жұмыстарды атқарады : есептің қойлымын анықтау, есепті алгоритмдеу және программалау, есептің нәтижелерін талдау, ал компьютер - өңделген алгоритм бойынша информацияны өңдеу этаптарын орындайды.

Программалау тілдерінің даму тарихы және оларды топтау негіздері

Бірінші пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Олардың командалары компьютерге түсінікті 1 және 0 сиволдарының тізбектерінен тұратын. Әр командаға сәйкес машиналық кодтарды жатқа білу программистке қиын болғанымен, машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап коймайды. Сондықтан олар жүйелік программаларды, драйверлерді және трансляторларды құруға ыңғайлы.

ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету үшін Ассемблер типті программалар құрылды Айнымалы шамалар символды аттармен белгіленіп, әр команданың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды. Ассемблер тілдері аз да болса адам тіліне ұқсастырылды.

Бірінші пайда болған тілдердің біреуі - Фортран ( 50-ші жылдардың ортасы) Өзінің қарапайымдылығынан және бұл тілде жазылған программалардың көптігінен ол қазіргі күнге дейін қолданылады. Оның қолдану саласы - инженерлік, ғылыми есептеулер.

ЭЕМ-ді қолдану көпжақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Мысалы:

Тарихта бiрiншi болып процедуралық құрылымды программа пайда болды. Оған сәйкес программист өз программасында қандай процедураны қолданатынын таңдап және бұл процедураларды iске асыру үшiн қандай алгоритм керек екенiн алдын-ала бiлу қажет едi. Бұл идеяның пайда болу себебi, есептеулердiң алгоритмдiк жағынан толығымен зерттелмегендiгi. Процедураға -бейiмделген тiлдiң мысалы ретiнде Фортран тiлiн айтуға болады. Бұл тiл бiрiншi және кең қолданылатын программалау тiлдердiң бiрi. Процедуралы құрылымды идеяның қолданылуы - программалардың кеңейтiлген кiтапханаларын құруға түрткі болды. Олардың қүрамында көптеген қарапайым процедуралар орын алады.

Есептеушi математика аумағында программалау жүйесi процедурадан ауыса бастады. Нәтижесiнде күрделi программалардың эффективтi құрылуы - берiлгендердiң дұрыс қолдануын бақылау екендiгi анықталды. Бақылау - компиляция кезеңiнде де, программаны жүргiзу кезiнде де жүзеге асырылуы тиiс. Әйтпесе, практика көрсеткендей күрделi программалық проектiлердi құрудың қиыншылықтары артады. Бұл мәселенi шешудiң нәтижесiнде Алгол-60, кейiнiрек Паскаль, Модуль-2, Си және т. б. программалау тiлдерi жетiлдi.

Симула-67 тiлiнен бастап программалауда объектi-бейiмделген деген жаңа әдiс пайда болды. Оның негiзгi идеясы берiлгендер мен бұл берiлгендердi өңдеу процедуралармен бiртұтас объект етiп байланыстыру б. т. Объектiлердiң мiнездi көрсеткiшi, берiлгендердiң инкапсуляциясы мен алгоритмдердi өңдеу. Нәтижесiнде берiлгендер де, процедуралар да көбiнесе өзiндiк мағынасын жоғалтады.

Объектi-бейiмделген программалаудың(ОБП) мұмкiншiлiктерi толығымен тек кұрделi программа қүрғанда көрiнедi. Сонымен қатар, инкапсуляция объектiге ерекше «өзiндiк» программаның басқа бөлiктерiнен тәуелсiз қасиет бередi. Дұрыс құрылған объектiде керектi iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн қажеттi берiлгендер және оларды өңдейтiн процедуралар бар.

Жалпы барлық программалау тілдерін келесі схема бойынша топтауға болады:

ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР. ФАЙЛ. ФАЙЛ ЖҮЙІЕСІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ.


Программа - магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады.

Компьютердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмаларды пайдалануы тиіс екені көрсетілген болатын. Оларды бірге қосып компьютерді программалық қамтамасыз ету, не қамтамасыз дандыру программалары деп атайды.

Практикада берілгендермен оларды өндеу үшін құралған программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері, оларды дискіде сақтап, өндеу: бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат тізімдерін дайындау: статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары т. б. Оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы програмалар пакеті деп атайды.

Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған жүйелік программаларда жеткілікті. Олар негізінен мынындай кластарға бөлінеді :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Java кең таралған программалау тілі
Программалау тілдеріне жалпы шолу
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау
Программалау тілдері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Си бағдарламалау тілі
LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы
СИ тіліндегі динамикалық жады
Фортран
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz