Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі


Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Психология, психиатрия және наркология кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы: Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс - жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі.
Пәні PSI 3256 “Психиатрия”
Мамандығы : 051302 «Стоматология»
Курс - 3
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2011 ж
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілген
07. 05 2011Ж. № 10 хаттама
Психология, психиатрия және наркология
каф. мең., м. ғ. к., доцент Любченко М. Ю.
Тақырыбы: Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс - жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі.
Мақсаты: Студенттерді психиатрияға кіріспемен, негізгі бағыттарымен, міндеттері мен зерттеу тәсілдерімен, ауруханаға жатқызу себебі мен тіс-жақ жүйесіне бағытталған психопатологиялық бұзылыстар көрінісінің ерешеліктерімен таныстыру.
- Дәрістің жоспары
- Психиатрияға кіріспе
- Психиатрияның басты бағыттары
- Психиатрияның міндеттері
- Психиатрияның зерттеу тәсілдері
- Жатқызу себептері
- Тіс-жақ жүйесіне бағытталған психопатологиялық бұзылыстар көрінісінің
ерешеліктері
Дәріс тезисі
Психиатрия - бұл жүйке ауруларының пайда болу мехмнизмін, клиникасын, ағымын зерттейтін, алдын алу мен емін жүргізетін клиникалық медицинаның өзіндік бөлімі. Психиатрияның негізінде жан дүниені емдеу жатыр. Психиатрия дәстүрлі түрде жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы психиатрия психикалық бұзылыстар синдромдарының, симптомдарының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ағымы мен негізінде жатқан патогенетикалық механизмдерін зерттейді. Оның құрамына психопатология және кейде патопсихология, әсіресе когнитивті бұзылыстарды бағалау жайлы әңгіме болғанда, кіреді. Жеке психиатрия жеке аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, оның түрлері мен сәйкес психикалық бұзылыстармен сырқаттардың емін сипаттайды.
Психикалық бұзылыстардың дамуына, клиникасына, болжамына жас факторы үлкен әсер ететіндіктен психиатрияда балалар, жасөспірімдер психиатриясы мен геронтопсихиатрия (егде жастың псхиатриясы) сияқты бөлімдер бар. Жеке соттық психиатрияны, әлеуметтік психиатрияны, транскультуральды психиатрияны, биологиялық психиатрияны бөледі. Биологиялық психиатрия- жүйке ауруларының дамуына қатысатын биологиялық механизмдерді (нейрофизиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық) және дәрілік пен басқа да емдеудің биологиялық тәсілдерінің әсерін зерттейтін теориялық бөлім. Психиатрияның бөлімдеріне сондай-ақ сексопатология мен суицидология кіреді. Психиатриямен байланысты, бірақ ерекше ғылыми пән болып психотерапия, психология және психофармакология саналады.
Психиатриядағы биологиялық бағыт мидың физиологиясы мен биохимиясы арасындағы байланысты, негізгі психикалық бұзылыстардың генетикасын зерттеуге негізделген. 1845 ж G. Moreu de Tour өзіне гашишті қолдану арқылы тәжірибелік психозды суреттеді. 1860 ж G. T. Fechner қалыпты жағдай мен патологиядағы қабылдауды зерттеу негізіне айналған сенсорлы реакция мен стимулдың қарқындылығы арасындағы байланысты анықтады. ХІХ ғ аяғында В. Morel тұлғаның психозға, ақыл кемістігіне ауытқу дәрежесі ұрпақтан ұрпаққа ауырлауына тұқымқуалаушылық дегенерация себеп болады деп санады. Осы уақытта Ch. Lombroso естің алжасуы мен генийлік бір тармақтың звеньясы деп санағандықтан арасындағы байланысты сипаттады. Ch. Darwin мінез-құлық, соның ішінде психикалық аурулар мен әсіресе ақыл кемістігі бар адамдардағы (микроцефалия) эмоцияны көрсету адамның пайда болуының дәлелінің бірі деп санады. Оған науқастардың дегеротиптерін H. Maudsley ұсынды. Нейроморфолог К. Vogt. W. R. White та (1870-1937) психозды суреттегенде неврологиялық, психиатриялық және психоаналитикалық концепцияларды ажырату керек деп осы ойды ұстанды. 1924 ж. Е. Kretschmer «Дененің құрылысы мен сипаттамасы» еңбегінде астениялық дене бітім мен шизофрения, сонымен қатар пикникалық дене бітім мен маниакальды-депрессивті психоз арасындағы байланысты анықтады. 1917 ж. J. W. Wager-Jauregg прогрессивті салдануда моляротерапияны қолданғаны үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл ғылымның барлық тарихындағы жүйке ауруларын емдеу бөліміндегі еңбек үшін алынған алғашқы және жалғыз сыйлық. ХХ ғ. басында И. П. Павлов психиатриядағы физиология экскурсының жұмыстарының сериясында шартты рефлекстер мен патологиялық ойлаудың дамуы арасындағы байланысты анықтады. Онымен тұлға типтерінің ерекше психофизиологиялық жіктелуі мен психодинамиканың алғашқы физиологиялық теориясы ойлап шығарылды. Оның ойларының әрі қарай дамуы нәтижесінде G. В. Watson алғашқыда бихевиоральды бағытты, кейін психикалық бұзылыстардың бихевиоральды терапиясын ойлап шығарды. F. Kallman (1938) шизофрения дамуындағы алғашқы жүйелі генетикалық теорияны егіздер мен жақын туыстардың ауруларың ұқсастығын зерттеуге сүйеніп шығарды. 1952 ж. G. Delay и P. Deniker жасанды гибернация идеясы дамуына байланысты психиатриядағы психофармакологиялық дәуір басталуына негіз болған алғашқы нейролептик хлорпромазинді ойлап шығарды. 1981 ж. R. Sperry ХХғ. 60-80 жж. психикалық бұзылыстар дамуындағы жарты шарлар арасындағы байланыстың мәнін көрсеткен бірнеше еңбектері үшін Нобель сыйлығын алды. G. Bowlby (1907-1990) балалардағы психикалық бұзылыстардың ана махаббатының сепарация мен депривация факторларына тәуелділігін ашты. Кейін оның жұмыстары махаббаттың нормасы мен феноменологиясын суреттеу негізіне бағытталды. 80-ші жылдары Е. Kandel нейронды архитектоника өзгерісін оқытатын қарапайым модельдердің әсер етету процесін зерттей отыра психиатрия мен нейробиология арасындағы байланыстың синтетикалық теориясын жасап шығарды. N. Tinbergen (N. Tinbergen М. von Frish и К. Lorenz-пен бірге Нобель сыйлығын алды), этология негізін қалаушылардың бірі, 1973 жылғы Нобельдік баяндамасында мінез-құлықтың (этология) доминанттылық пен территориальдық жүйелер табиғатымен байланысы жайлы алғашқы мәліметтерді келтірді. Ол бір модель ретінде балалық аутизмді алды. 1977 ж. N. Mc. Guire этологиялық психиатрияға теориялық модельді енгізді.
Психоаналитикалық бағыттың тарихы психикалық бұзылыстар емінің психоаналитикалық тәсілдерін енгізген, сонымен қоса невроздардың диагностикасы мен еміндегі сана құрылысы мен балалардың жыныстық жетілуінің мәнін негіздеген S. Freud (1856-1939) есімімен байланысты. P. Janet психастения концепциясын, сонымен қатар обсессивті-компульсивті және диссоциативті бұзылыстарды түсіндіруге қолданған психологиялық диссоциацияны ойлап шығарды. A. Adler (1870- 1937) өзінің теорияларында («өмірлік стиль», «ерлер қарсылығы») психикалық бұзылыстың дамуындағы индивидуалды-психологиялық себептерді суреттеді. C. Horney невроздардың дамуын психоаналитикалық түрде қоршаған ортаның әсері деп негіздеді. 30-шы жылдары М. Klein и A. Freud балалық шақ психоанализінің жүйесін ойлап шығарды. C. Е. Erikson өмірлік циклды біркелкі кризы ретінде суреттеді және оларды психоанализ бен психотерапияның тәжірибесіне енгізді. Н. Sullivan (1892-1949) санасыз құрылымдар кісі арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады деп түсіндіретін интерперсональды теорияны дамытты. С. G. Jung (1975-1961) ежелгі психология мектебінің негізін қалады және психологиялық типтерді суреттегенде (интроверт, экстраверт) тұлғаның ауытқуы мен невроздарын интерпретациялады. Ол психозды жеке тұлғаның бұзылысы және архетипті сезінудің бұрмалану нәтижесі ретінде түсіндірді. J. Lacan (1901-1981) психоанализге тіл мен метафор құрылымдарын зерттеуді енгізді және тіл сананың моделі, оның бұрмалануы аналитикалық тәсілмен талқылануы мүмкін деп көрсетті.
Әлеуметтік психиатрия қоғамның психикалық науқастарға, психикалық бұзылыстардың эпидемиологиясы мен реабилитациясына қатынасын суреттейді. Психикалық бұзылыстарға қатынас мәдениеттің типіне тәуелді. Ежелгі мәдениетте (археизм) ауытқулы мінез-құлық үрей, бейкүнә дірілді, жек көруді немесе дискриминацияны тудырды. Кейбір мәдениеттерде мінез-құлқы өзгерген адамдар шамандарға айналған және өздері басқа ауруларға діни ( ритуальный ) іс-әрекеттерді жүргізді. Соматикалық және психикалық бұзылыстарға әсер ететін алғашқы әлеуметтік обрядқа ырғақты ән мен би билеумен өзгерген мінез-құлыққа әсер етуге негізделген Калахари бушмендерінің trance-dance жатады. Үндістан мен оңтүстік-шығыс Азияда, сонымен қатар Африкада ауытқыған мінез-құлыққа үнемі жоғары толеранттылық болды, керісінше Европада орта ғасырларда жүйке ауруларына қарсы қатаң тәртіптік шаралар жүргізілді. Негізінен, науқастар тобы «ақымақтар кемесіне» отырғызылып, Европа өзендеріне жүзуге жіберілген. Науқастар инквизицияның қинауына тап болған және өрттелген, ал алғашқы психиатриялық клиникалар түрмені еске түсіреді, өйткені онда науқастар кісендеулі күйде өмір сүрген. P. Pinel (1745-1826) жүйке науқастарын бағу және емдеуге гумманизм принциптерін енгізуді алғаш ұсынған. G. Conolly (1794-1866) психиатрияға «шеттетпеу принципін» (nonrestrain) енгізді.
Ұлтшыл Германияда бұрыс талқыланған генетикалық зерттеулердің кесірінен жүйке науқастары жүйелі жойылуға көптеп ұшырады. Ал ХХ ғ. ортасына қарай психиатрия басқаша ойлаушыларды бағдарлау саясаты үшін қолданылды. Психиатрияны мемлекеттің жеке тұлғаларды қанау аппараты ретінде пайдалануына реакция болып антипсихиатриялық бағытты ойлап тапқан Н. G. Marcuse и F. Szasz-тың еңбектері жатады. Антипсихиатрлар психиатриялық диагнозды тұлғаның бостандығын дискриминациялау деп санады. Олар төңкерісті белсендіру үшін психиатриялық ауруханалардың есігін ашуға шақырды. Антипсихиатрлардың әсерімен дүние жүзінің көптеген елдері психиатрия жайлы демократиялық заңдарды шығарды.
Сол жылдардағы КСРО-ның психиатриялық мектебі немістердің психопатологиялық мектебіне ең жақыны болды және екі негізгі зерттеушілер тобы болды: мәскеулік топ эндогенді, экзогенді секілді үлкен психозбен, ленинградтық мектеп- шекаралық психикалық бұзылыстармен айналысты. Мәскеулік мектептің негізін қалаушыларға М. О. Гуревичті, сонымен қоса В. П. Осипов и В. А. Гиляровскийді, ал ленинградтыққа- В. М. Бехтеревті жатқызуға болады. 1952 ж. «Павловтық сессия» нәтижесінде аталған мектептер «космополитизмге» айыпталып, саясат мәселесімен жойылды. Нәтижесінде жаңа мәскеулік мектеп саясат жүйесімен тығыз байланыста болды, кейін- басқаша ойлаушыларды дискриминациялай бастады.
Бірақ та психиатрияның гуманистік мазмұнды тарихы мен өзінің ерекше мазмұны бар. Неміс дәрігері Johann Reilмен (1803) ұсынылған психиатрия бойынша алғашқы қолжазба мен «психиатрия» терминін Ресейде П. А. Бухановский 1834жылы басып шығарды. Ол «Психиатрияны оқудың нақты бастамасы жалпы, жеке және тәжірибелік мазмұнда сипатталған жан аурулары» деп аталды. П. А. Бухановский (1801-1844) нозологиялық бағыттың басшысы болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол Ресейде алғаш болып Харьков университетінде 1834ж-1844ж хирургия мен жан аурулары кафедрасында сабақ бере бастады. Кейін Ресейде психиатрия бойынша қолжазбалар П. П. Малиновскимен (1843) басып шығарылды. Одан кейін 1867 ж. И. М. Балинский Санкт-Петербургтің Әскери-медициналық академиясында жеке психиатрия кафедрасын, ал 1887 ж. А. Я. Кожевников ММУ-де психиатрия клиникасын ашты. 1887 ж. С. С. Корсаков полиневритпен жүретін алкогольды психозды суреттеді (корсаков психозы) және ол психиатриядағы белгілі бір нозологиялық бірлік болып қалды. ХХғ. 20-30жж. П. Б. Ганнушкин психопатия динамикасын жүйеледі, ал В. М. Бехтерев көп кездесетін психикалық құбылыстардың психофизикасы ұғымын енгізді. Бұл мәліметтерді А. Л. Чижевский (1917) «Тарихи процестердің физикалық факторлары» деген диссертациясында 2000 жыл бойғы психикалық эпидемияны суреттегенде әрі дамытты. 1923 жылғы В. П. Осиповтың оқулығы мен С. Н. Давиденковтың 30-40жж. нейрогенетикалық зерттеулерінің шығуы үлкен жаңалық болды. Е. А. Шевалевтың 20-30жылдардағы ойлау бұзылысын клиникалық және аналитикалық зерттеулері сол уақыттардағы дүниежүзілік ғылымдардың ең үлгілілерінен асып кетті. Л. С. Выготский мен А. Р. Лурийдің, ал кейін В. В. Зейгарник пен Е. Ю. Артемьеваның еңбектері психиатриядағы диагностикалық процестеріне едәуір әсер еткен ерекше отандық патопсихологияның дамуына себеп болды. Екінші дүниежүзілік соғыз кезінде М. О. Гуревич пен А. С. Шмарьянның зерттеулері органикалық зақымдалулар мен психопатологиялық бұзылыстар байланысын анықтап, функционалдық және органикалық морфологияға негізделген «милық» психиатрияны ашты. Корсаков клиникасы мен Қазан университеті клиникасында 40ж. аяғы- 50 ж. басында А. Н. Корнетов қатысқан шизофрения кезіндегі алғашқы психохирургиялық операциялардың бірі жасалды. Отандық балалар психиатриясының негізін қалаушылар Г. Е. Сухарев пен В. В. Ковалев, сексопатологияны- А. М. Свядощ пен Г. С. Васильченко, ал психотерапияны - Б. Д. Карвасарский деп саналады.
Психиатрияның мақсаттары
Психиатрия дәстүрлі түрде жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы психиатрия психикалық бұзылыстар синдромдарының, симптомдарының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ағымы мен негізінде жатқан патогенетикалық механизмдерін зерттейді. Оның құрамына психопатология және кейде патопсихология, әсіресе когнитивті бұзылыстарды бағалау жайлы әңгіме болғанда, кіреді. Жеке психиатрия жеке аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, оның түрлері мен сәйкес психикалық бұзылыстармен сырқаттардың емін сипаттайды.
Психикалық бұзылыстардың дамуына, клиникасына, болжамына жас факторы үлкен әсер ететіндіктен психиатрияда балалар, жасөспірімдер психиатриясы мен геронтопсихиатрия (егде жастың псхиатриясы) сияқты бөлімдер бар. Психиатрия көптеген қоғамдық қызметтерді атқарады, солардың ішінде ең маңыздылары- сараптамаларды өткізу (еңбек, әскери, соттық) . Еңбек сараптамасы жүйке науқастарының еңбекке қабілеттілігінің жойылуының дәрежесін анықтайды; әскери сараптама шақыртылғандардың Әскери күштер қатарында жүре алуын және олардың әскери борыштарын өтей алу мүмкіндігін анықтайды; соттық-психиатриялық сараптама зерттелушілердің, жүйке науқастарының азаматтық құқықтарын орындай алуын және оларды толық пайдалана алуын, ал құқықты бұзған жағдайларда заңмен көрсетілген жауапқа тартылуын анықтайды.
Психиатриядағы зерттеу тәсілдері.
Психиатриялық зерттеулер
Қазіргі кезде, бұрынғы уақыттардай, клиникалық тәсіл (суреттеу) диагностиканың негізгі түрі болып саналады.
Клиникалық тәсілдің мақсатына- жүйке ауруларының көрінісі мен ағымына, пайда болуына қатысты психикалық феномендерді анықтау жатады.
Клиникалық зерттеуге қарау, бақылау және анамнез мәліметтерін жинау жатады. Науқаспен жеке сұхбаттаспаса анықталмайтын көптеген белгілер болады. Науқастарды сұрастыру, негізінен, туысқандарынан оңаша жүргізіледі. Жиі сұхбатты келу мақсатын бірден анықтау арқылы бастайды (егер науқас дәрігерге өз еркімен көрінсе), бірақ көп жағдайларда бірінші жалпы танысу сұрақтарын қойған дұрыс- жас, мамандығы, жанұясы туралы. Бұл науқастың қорқыныш және ыңғайсыздану сезімін жояды, ал дәрігерге науқаспен сұхбаттасу жоспарын құрастырудың келесі деңгейіне өтуіне көмектеседі. Жиі барлық шағымдарын айта отырып науқас аурудың негізгі белгілерін суреттеп береді, бірақ сын көз болмаса ол ауру екенін мойындамайды. Қасарласу немесе айтылған пікірлерге қарсы шыққаннан гөрі аурудың ойын тыңдаған дұрыс. Қойылыа жатқан сұрақтардың негативтілігін жоюдың маңызы зор. Мысалы, «Сіз кек сақтағышсыз ба?» дегенді «Сіз реніш пен әділетсіздікке қаншалықты сезімталсыз?» дегенге алмастырған жөн.
Адамның эмоция сферасын анализдеу сұхбат кезіндегі оның бет қимылын, қолмен қимылдауын, дауыс екпінін қатаң бағдарлаусыз болмайды. Әсіресе, айтылған пікір мен сыртқы эмоциясының көрінісінің ажырауын байқау керек. Сұхбат кезінде алынған мәліметтерді (науқаспен қатынасқа түсе алу мүмкіндігі, ориентировканың бұзылысы, сыртқы түрі, сұхбат кезіндегі сөйлеу мәнері мен қимылы, қабылдау, ойлау, есте сақтау, интеллект, эмоция мен ерік-жігердің бұзылысы, ) ауру тарихына белгілі ретпен енгізеді.
Жатқызудың себептері
- Жедел (ургентті) жатқызу
Себеп: шұғыл психикалық көрсеткіш бойынша жатқызу
а) науқастың жағдайы өзіне қауіпті (аутоагрессия)
б) науқастың жағдайы қоршаған ортаға қауіпті (гетероагрессия)
Барлық жағдайда- мәжбүрлік шара
Типтік психотикалық жағдайлар
- Сананың күңгірттенуі
- Делирий
- Жедел параноид
- Императивті галлюциноз
- Кандинского - Клерамбо синдромы
- Эпилептиктердің дисфориясы
- маниакальды аффект
- эндогенді депрессия
- патологиялық мастық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz