Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМУ 43-0401

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Психология, психиатрия және наркология кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы: Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
(Түйсік пен қабылдау , ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)

Пәні PSI 3256 “Психиатрия”

Мамандығы : 051302 Стоматология

Курс - 3

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2011 ж

Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілген

07.05 2011Ж. № 10 хаттама

Психология, психиатрия және наркология
каф.мең., м.ғ.к., доцент
Любченко М.Ю.

Тақырыбы: Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
(Түйсік пен қабылдау , ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)

Мақсаты: Студенттерді Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен
симптомдарымен (түйсік пен қабылдау , ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
таныстыру.

• Дәрістің жоспары
1. Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
2. Түйсік пен қабылдау
3. Ойлаудың бұзылысы
4.
Дәріс тезисі
.

Қабылдаудың жалпы сипаттамасы.

Қабылдау – бұл заттың, көріністің қасиеттерін бөлшектерінің жиынтығын
көрсететін психикалық процесс. Сезіну сияқты қабылдау да сыртқы дүниені
сезім мүшелерінің қабылдауы сияқты жүреді. Бұл жағдайда назар, ес, эмоция,
интелект қалыптасады. Қабылдау адамның өмірлік ерекшеліктеріне байланысты
әртүрлі болады.
Қабылдаудың негізгі қасиеттері:
1. заттылық және бүтінділік – бұл қабылдаудың негізгі қасиеті, себебі,
біз затты бүін образ ретінде қабылдаймыз.
2. контрастылық – бұл форма, түс, заттың үлкендігі және басқа
параметрлерін қабылдау.
3. тандамалылық – қарау арқылы фоннан заттың фигурасын ажырату
4. қабылдаудың мағынасы – қабылдаудың ой, интелектпен байланысын
көрсетеді. Қабылдаудың образы белгілі бір мағынаға ие болады.
5. қабылдаудың апперцепциясы – тұлғалылықпен, адамның тәжірибесімен
байланысты.

Ажыратылады:
1. кеңістікті қабылдау – айналадағы заттардың көлемін, формасын, ортақ
орнын қабылдау.
2. уақытты қабылдау – объективті ақиқаттың уақтын және жылдамдығын
қабылдау. Ол туа пайда болмайды, тәжірибе жинағанда пайда болады.
3. қозғалысты қабылдау - әртүрлі объекттердің уақыт аралығында кеңістікте
өзгеруі. Ол әртүрлі анализаторлардың байланысына тәуелді. Мысалы:
көру, кинестетикалық анализаторлар.
Елестету – ішкі көру, есту, сезінудің бір түрі. Елестету сезіну мен
қабылдаудан пайда болады. Елестету арқылы фантазия және басқа шығармашылық
процесстер жүзеге асады.

Қабылдау патологиясы.

Оның 2 тобы бар:
Психосенсорлы бұзылыстар – қабылдаған объектіні тану сақтауымен қабылдаудың
бұзылуы: иллюзия – ақиқатты объектті қабылдаудың бұзылуы. Иллюзияда
субъективті образ реальді образға сәйкес келмейді.
Психосенсорлы функцияға сыртқы дене, оның көлемі, формасы, контрасттылығ
сияқты қасиеттері мен сапасы жатады. Оның бұзылуының 2 түрі бар:
1. метоморфопсия – сыртқы өмірдегі бір немеес бірнеше объекттің
қабылдаудың бұзылысы
2. дене схемасының қабылдауының бұзылысы - өзіндік дене мен физикалық
денелік Мен-нің қабылдаудың бұзылысы.

Макропсия – заттар, объекттер үлкейіп көріну. Форманың бұзылысында
(дисмегалопсия) заттар сынған, айналған, қисық болып көрінеді.
- кеңістікті параметрлер, орналасуы бұзылады, парапсияда заттар алыс
немесе жақын, созылған немесе ығысқан болып көрінеді.
- Уақыт ағымының бұзылысы – оқиғалардың кезектігі бұзылады, тахихронияда
– уақыт жылдамдайды, брадихронияда – уақыт ұзарады.
- Ақиқат сезімнің бұзылысы – дереализация – шын өмір өлі бөтен, өтірік
сияқты көрінеді.
Галепория – жарық пен айқындылық өте жоғары болады.
Ксантопсия – барлық нәрсе сарғыш болып көрінеді.
Эритропсия – қызыл болып көрінеді.
Психосенсорлық бұзылыстар әдетте дизлептиктерді, ЛСД-25 қолданғанда,
токсикомания, абстинентті синдромдарда, ПАЗ-ды қолданғанда жиі кездеседі.
Қабылдаудың келесі бұзылысы – иллюзия. Иллюзия жиі аффективті
парейдоликалық және вербальді бұзылыстарда жиі кездеседі. Аффективті
иллюзия айқын аффектте (қорқыныш, үрей, экзальтацияда, экстазда,
депрессияда) байқалады. Олардың пайда болуында нерв-психикалық тонустың
өзгеруі, қабылдаудың қалыпты процессінің өзгеруі жатады.
Аффективті иллюзия – интоксикациялық делирияның бастапқы этабының дамуы,
жедел үрейлі – депрессивтік жағдайдың бір белгісі болып табылады.
Вербальді иллюзия жедел алкогольді галлюциноз және басқа галлюцинаторлы –
параноидты синдромдарда кездеседі.
Парейдолия – нервті – психикалық тонустың бұзылысынан дамитын көрермен
иллюзия болып табылады.
Парейдолия жиі делирияның екінші стадиясында, наркотикалық мастықтың
кейбір жағдайында кездеседі (мескалин, марихуанна, анаша, гашиш, ЛСД-25).
Галлюцинациялар – елестетудің патологиясы болып табылады. Оның бірнеше
анықтамасы бар:
Галлюцинация – реальді зат немесе объектті қабылдаудың патологиялық
процесске дейін аппараттың сезімтал айқын елестетулер.
Галлюцинация – ішкі және сыртқы проекциялар мен өзіндік қабылдау
қасиеттерінің елестету арқылы ауырсынусыз сезімдердің тууы.
Галлюцинацияның негізгі белгілері:
- ауырсынатын галлюцинаторлы күйзелістердің науқасқа реальді объект
немесе көрініске айналуы мүмкін.
- Галлюцинация – анализатордың әкелуші және рецептивті зонамен
шақырылады.

Галлюцинацияны бөледі:
А) анализатор бойынша: есту, көру, дәм, иіс сезу, кинестатикалық – моторлы,
висцеральді, интрорецептивті.
Б) образ ақиқат пен идентификациялауы бойынша:
-шынайы
-Жалған
В) смазмұны бойынша:
- гемианоптикалық – анализаторлық қыртысты орталығының зақымдауында
кездеседі (ісік, жарақат, тамырлық зақымданулар).
ОЙЛАУ
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Адамның дүниетану процесі нақты қарапайым пайым-даудан бірте-бірте дерексіз
ойлауға көшіп отырады. Адам тек түйсікпен, қабылдау арқылы дүниені толық
тани алмайды. Өйткені мұндайда заттар мен болмыстар-дың нақты мазмұнынан
аспай олардың бір-бірімен қа-тынасын, байланысын біле алмайтын болады. Ол
үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойға көшу керек. Адамның ойы
ақиқаттықты тануға болмыстың өзара бай-ланыстарын, қарым-қатынастарын ашуға
бағытталған. В. И. Лениннің айтуынша, ой нақты нәрселерден дерексіз
нәрселерге көшкенмен, егер ол ой дұрыс болса, ақи-қаттан қашықтамайды,
қайта оған жақындайды. Ойлау процесінДе адам айналасындағы дүниені
дұрысырақ, толығырақ, тереңірек танып, жан-жақты сәулеленді-реді.
Дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке-дара ұшырамайды. олар бір-
бірімен тығыз қарым-қа-тынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы байла-
ныс, қарым-қатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында сәулелене
бермейді. Егер адамның қабылдауы дүниедегі жеке-жеке нақты заттарды ғана
қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасындағы қатынас, бай-ланыстарды
танып-білуі керек. Сөйтіп ойлау деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс,
қатынастарымен сәуле-лендіретін психикалық процесті айтады.,, Ойлау біткен-
нің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы айналасындағы дүниені
сәулелендіруде қателесіп отыра-ды, Ақиқаттық дүниені объективтік түрде
дұрыс сәу-лелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды диалектикалық
ой деп атайды. Диалектикалық ой —ой-лаудың ең жоғарғы формасы. Адам ойының
қандай ка-тегориясын, қандай операциясын алсақ та, түбінде олар обьективтік
дүниемен байланысып отырады, не болмаса сол дүниені қайта құруға, өңдеуге
жұмсалады.
Диалектикалық ой дүниедегі заттарды, құбылыстар-ды жеке-жеке алмай, оларды
барлық байланыстармен жан-жақтап, жалпылап танып отырады. Диалектикалық ой
дүниедегі заттарды болмыстарды, бір орында тұра-тын деп санамайды,
дүниедегі құбылыстарды дамуы^мен өздігінен болатын қимылдармен бірге алып
қарайды. Дү-ниедегі даму бір қалыпта, біркелкі жайбарақат эволюция-лық
жолмен ғана дамып отырмайды, даму жолында бір-тұтас заттың да ішкі күресі
болады. Дамуда сандық белгілері жиналып, бара-бара жаңа сапаларға көшеді,
ескі жойылады, оның орнына жаңа сапалар пайда бо-лады. Диалектикалық ой
дамудың осындай ерекшелік-терін сәулелендіріп отырады. Диалектикалық ой жай
дү-ниені жай ғана сәулелендірумен тынбайды, сонымен бірге сол дүниені
өзгертуге, қайта жасауға әрекет етіп оты-рады. Міне, осылар болғанда ғана,
ой диалектикалық ой болып табылады.
ОЙДЫҢ АЙРЫҚША СИПАТТАРЫ
Ой әр уақытта алға мәселе қойып, соны шешуге бағыт-талады. Басқа психикалық
функциялармен салыстыр-ғанда, адамның ойы ерекше, белсенді процесс.
Ойдың белсенділігі мына төмендегі жагдайлармен байланыс-ты: 1) ой
адамның айналасындағы дүниемен байланыс-пайынша ездігінен пайда болмайды,
ойдағы негізгі мақ-сат — сүраққа жауап беру, мәселені шешу; 2)
алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру. Алға мақсат
қоюмен ғана тынбай, ол мақсатты қандай жолдармен жүзеге асырьш, мәселенің
шешуге болатын-дығын ерте бастан белгілеп отыру; 3) мәселені шешу
үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның жорамалын (ги-потезасын) белгілеу;
4) ойдың дүрыс-бұрыстығын тә-жірибеде сынап көру; Адам ойдың дұрыс, я
бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен
салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы айналасындағы
дүниемен, адамның тәжірибесімен бай-ланыссыз болса, олармен үйлеспесе,
ондай ой керексіз, қүрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған уақытта оны жеті
рет елшеп, бір рет кескені абзал. Егер адам мәселе шешуде
объективтік жағдаймен санаспаса, оны-сы ақиқатқа қайшы келсе, онда ол
алдына қойған мақ-саттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды.
Ой адамның түйсік және қабылдау арқылы алған нәрселерін жалпылай қорытып,
жанама түрде сәулелен-діріп отырады. Егер түйсік қабылдау арқылы адам жеке
заттармен, кұбылыстарды бейнелесе, ой арқылы адам бір-неше аталас заттарды,
құбылыстарды бір-біріне қосып, топтастырып, жалпылап сәулелендіреді. Егер
түйсік пен қабылдау адамға дұрыс мағлұмат бермесе, адамның ойы дұрыс болып
шықпауы мүмкін.
Адамның ой процесінде елестеулердің маңызы зор. Олар адамның ойын
жеңілдетіп және тездетіп, ойдың әрекет етуіне қажетті материал беріп
отырады. Егер ес пен елестерден жеткілікті мағлұмат берілмесе де ойлауға
керекті материалдар жеткіліксіз болар еді. Адам білім-ді болса, оны миына
жақсылап тоқи алса, оның ойы да бай болады. Ойдың байлығы білімнің байлығы-
мен байланысты. Ойлау эмоция мен сезімдер сияқты адамның сыртқы дүниеге
қайтаратын жағымды не жа-ғымсыз жай жауабы емес, ол дүниені кеңірек,
толығырақ, тереңірек тану үшін ондағы заттардыц, болмыстардың өсіп-даму
заңдарын білу үшін керек. Заттардың өзара қатынас, байланыстарын білу үшін,
олар женінде ғы-лыми білімдерді жалпы өнер, мәдениет атаулыдан хабар-дар
болуы тиіс. Адамның ойы көбінесе сөз арқылы әрекет етеді. Сез ойдың әрекет
ету кұралы, аспабы болып табылады, сез арқылы адамның ойы жеткізіліп
отырады.
ОЙДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ойды байқау және эксперимент әдістермен зерттеуге болады. Адам қалайша
ойлайды, ұғымдар қандай жол-мен жасалады, міне осылардың қай-қайсысын да
зерт-теуге болады. Ойды зерттеуде ақыл-ой оның нәтижесіне ерекше көңіл
бөлінеді. Мәселен, жазушының, ғалымның творчествосын, сөз өрнегін,
суретшілер мен сәулетшілер-дің ой түйіндерін зерттеу барысында көптеген
мағлұматтар алуға болады. Ой мен сөздің даму жолын зерт-теуде психолог Л.
С. Выготскийдің методикасын басшылыққа алған дұрыс.
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Ғалымдар арасында ой туралы бірнеше теориялар-бар. Ассоциациялық
эмпирикалық психология адамның ойын елестеулерге теңейді, ойлау елестердің
жай ғана қосындысы, шумағы, ойлау да елестеулер секілді ассо-циация заңдары
бойынша жасалып отырады дейді. Тео-рияда ойды өте күрделі диалектикалық
жолмен өсіп, дамып отыратын процесс екендігін ескертпейді. Оларды ойды жеке
элементтер мен бөлшектерге бөліп, оны сол элементтердің жай ғана жиынтығы
деп қарайды.
Вюрцбург мектебінің психологтары (0. Қюльпе, К- Бюлер, Н. Ах т. б.) ой —
таза рухани әрекет, ол логи-каның заңдарына, ассоциациялық байланыстарға,
сезім-дік қабылдауға қатысы жоқ сананың тап-таза қасиеті есебінде пайда
болады. Ойлау сыртқы дүниенің бейнесі емес, ол түрлі тәсілдерді, алмастырып
отыруы дейді. Ой-ды елестеулермен байланыстырмайды таза ой концеп-циясын
олар ұсынып, ойлау үшін қабылдау мен елестер-дің ролі қажетсіз деп теріс
қорытынды жасайды, Бұл тео-риялар ете қате субьективтік, идеалистік теория
болып табылады.
Биховцористер ой мен ішкі сейлеудің ешбір айырма-шылығы жоқ дегенді айтады.
Бұлардың айтуынша, ол дыбыссыз сөз болып табылады. Әрине бұл да қате, ой
мен сөз екі басқа процесс, екеуінің арасында айырмашылық-тар бар, бірақ
үнемі бірлікте болып келеді. Сөз ойды
материалдандырып отырады, К. Маркс айтқандай, ой шындығы ылғи да сөз
арқылы көрініп отырады.
ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ (ТӘСІЛДЕРІ)
Адамньщ ақыл-ой процесі өте бай, күрделі болып ке-леді. Адамның ойы бір
жолмен, бір ағыммен ғана жүр-мей — бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет
етіп оты-рады. Ой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиядан дәрістер жайлы
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (эмоция, ерік және қозғалыс бұзылыстары)
Сана бұзылуының критерийлері
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС
Психикалық бұзылыстар жіктелуі
Психикалық ауруларда танымдық іс-әрекеттің бұзылуы туралы
Түйсік пен қабылдаудың патологиясы туралы ақпарат
Дәрігерлік емдеу мекемедегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен тиімділігі
Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері
Пәндер