Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың  сөздік қорын дамытуда халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін қолдану
 
Психикалық дамуы тежелген оқушылар проблемасын - жан - жақты зерттеу 1960
жылдардан басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру
жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің
бағдарламаларының  күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін
төмендетті. Тіптен, кейбіреулері бағдарламаны игере  алмады, білім
сапасы  төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде де оқу  үлгерімінің
сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында  ғылыми зерттеулер қалыптаса
бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемелекеттерде сабақ үлгерімі
төмен, оқуға  ынтасы аз балаларды  ғылыми психологиялық, педагогикалық
тәсілдермен зерттеу  арқылы "оқуға қабілеті төмен", "оқытуда қиындықтар
кездесетін", "педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған", "тәртібі бұзылған",
"бейімделмеген", "миында болмашы зақымданулары бар " балалар  деген  топтар
айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың  бәріне тән  кемістік -
үлгермеушілік. Ал оның басты себебі: бастауыш  сыныптарда  анық  байқала тын
психикалық әрекеттердің    кейбір   түрлерінің тежелуі немесе
уақытша  қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында
кездеседі. Оларды кемақылдылықтың  жеңіл түрлері   кездесетін  балалардан
ажырату  үшін, Сухарева Г.Е. " Психикалық дамуы тежелген балалар  ( ПДТБ)",
немесе біздің елдегі дефектология саласында қалыптасқан  "дети с
задержанным темпом психического развития  ( ЗПР)" деген терминді енгізді.
Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл балалардың
интеллектуалды  дамуының зақымдану дәрежесі - олигофрения мен
интеллектісі қалыпты дамыған  балалардың арасындағы аралық орын
алады (яғни, интеллектісі  кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты
дамыған интеллектіден  көп төмен). Психикалық дамудың тежелу мәселесі -
дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті
проблемаларының бірі болып табылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі
логопедиялық сабақтарда  халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың
сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері  әсерін тигізеді. Стандартты
оқыту бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша
халық ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптап орын –орнымен қолдана алсақ, басқа
тілден аударып немесе материал жоқ деген себептерге соқтықпай сабағымызды
нәтижелі өткізуге болады.
 Психикалық дамуы тежелген оқушылардың таным процестерінің, жас
ерекшеліктерін, сөйлеу деңгейін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің
ішінен: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер,
шешендік сөздер қолдануға болады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін
қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:
- аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың
жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;
-  кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;
-  балалардың қызығушылықтары да назарда болуы керек;
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын  дамытуда
-  халық  ауыз  әдебеті  үлгілеріні ң ішіндегі  ертегілер  ең негізгісі
болып  табылады.
Халықтық  шығармалардың  ішінде  ер тегілердің  балаларға  тигізетін    әсері 
ұшан  теңіз екені еш күмән туғызбайды. 
Ертегілер - халық  өмірін  бейнелейтін
көркем  шығармалар.  Ертегінің  бай   фантастикасы  психикалық дамуы
тежелген оқушылардың  ойына  қозғау  салып,   өмірдің
неше  алуан  сырларын  танытады,  с ана - сезімі  мен  ақыл-ой
қызметінің  дамуына,  ерте  қалыпта суына, соның негізінде сөйлеу тілінің
дамуына көмектеседі.  Ертегіні  психикалық дамуы тежелген оқушылардың
сүйсіне  тындайды, себебі  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұр паққа
айтылып,  әбден  екшеліп, халықтың   даналы, тапқырлық  ой-
пікірлері  жинақталып, көркем әрі
жеңіл  тілмен   берілетіндігінде.   Ертегі  оқиғасы басталатын  жерден- ақ
қызықты,  ұшқыр қиялды  болып  келеді  де,  психика лық дамуы тежелген
оқушыларды  бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді.
Халық  ертегілерінің ішінде  ең көп  тарағаны -
хайуанаттар  жайындағы  ертегілер.   Ондай  ертегі
кейіпкерлерінің өмір  сүру  жолында ғы,  қарым-қатынастар  жасаудағы  а йла-
тәсілдері  психикалық дамуы тежелген оқушыларға  ой салады. Бұл  ертегілер
психикалық дамуы тежелген оқушылардың санасын  оятып,  мақсат-
мұрасына  жетуге  үйретеді. Ертегі жөнінде  Мұхтар  Әуезов:
Ертегілер  жас  баланың  ой
–санасын  оятып,  қиялының  шарықта п  өсуіне  әсер етеді,-деп көрсеткен.
Хайуанаттар жайындағы  ертегілердің  бәрін  алы п
қарасақ  та,  баланың  ұғымына  сай ,  түсінуіне жеңіл,  күлкілі,  қызы қты  б
олып  айтылады.
Ертегілерде  балаларға  ой  салатын   екі  сипат  бар.  Олар:
Ертегінің  барлық кейіпкерлерінің   мінез  өзгешеліктерін,  сырт  көрін істері
н,  күн  көрісін  байқайды.  Есту,   тыңдау  арқылы  олар  енді тікелей   білу
ге,  зерттеуге  құштарланады.  Екін шіден,  хайуанаттар  жайындағы  ерт егілер
  арқылы  оны  мысал  ете отырып, адамдар  арасындағы  қарым-
қатынасты,  олардың  мінез-құлқын   салыстыра  отырып,  байқайды.  Онда й
ертегілердің  қатарына Түлкі  мен  қоян, Түлкі мен  бөдене,
Күшік  пен  мысық түлкі  мен  тауық,
т.б  жатады. Ертегі  кейіпкерлері   арқылы  балалар  қиын  қыстау  кезі нде  а
сып-
сасуға,  не  нәрсені   болса  да,   ақылға  салып  шешуге үйренеді.  Ер тегі  
баланы  парасаттылық  пен  тапқырлы ққа  баулиды.   Мұнда  балаларға  ү лгі,  
өнеге  боларлық  терең ойлар  айтыл ады.  Ертегі  оқйғасындағы  әр  алу ан  ке
йіпкерлердің  іс-әрекеттері,  ол  к ейіпкерлердің  тапқырлық
іскерлік, айлакерлік  іс-әрекеттері :  аңқаулық  мінездер  балалардың   таң-
тамаша  қалдырып,  сүйсіндіреді.  Е ртегілердің  осындай ерекшеліктері   балал
ардың  талғамын  күшейтіп, сөйлеу  мәдениетін,  байланыстырып
сөйлеуін  дамытып,  өз  ойын жүйелі   жеткізе  білуге  үйретеді.
Ертегілерді психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін
қолдануда көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.
Солардың  негізгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: ертегілерді
рөлдерге бөліп оқыттыру; ертегі желісімен суреттер салғызып, сол сурет
негізінде ертегі мазмұнын сұрау; ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп
сахналау; оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні
психикалық дамуы тежелген оқушыға түсінікті болуы үшін қысқартып немесе
артық шұбылаңқы сөздерін алып тастап қолдану.
Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану психикалық дамуы тежелген оқушылардың
тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды, қайта олардың таным
процестерінің, басқалармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын
татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз
септігін тигізеді.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда,
көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі-
 мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-
мәтелдер  балаларға терең  ой  салы п,  көркем-
образды  сөйлеуге  жаттықтырып,  сө здік  қорын  дамытады.
Бала  тәрбиесіндегі  халқымыз асыл   сөзін,  даналық  ойларын  мақал-
мәтелдер арқылы үлгі-өнеге  ретінде  ұрпақтан-
ұрпаққа  жеткізіп  отырған.  Бала т әрбиесіндегі  мақал-
мәтелдерді  тақырыптық  жүйемен  то птап  ұсынған. Мысалы:
Оқу  білім  бұлағы, Еңбек, Достық-жолдастық, т.б.
балаларға  арналған  мақалдар  білі м  алуға,  оқуға  шақыра  отырып,   оларды
ң  тілін ширатуды  көздейді.
Еңбек  ету,  білім  алу,  жақсы  аз амат  болып  өсу  үшін  тәрбиенің   де  жа
қсы  болуы  керектігі мақал- мәтелдерде  толық  қамтылады.  Мыса лы:
Адам  болар  баланың кісіменен  ісі  бар,  адам  болмас   баланың
кісіменен  несі  бар., т.б  Мақал-
мәтелдердің  адал,  достық,  жақсы   жолдастыққа  баулитын,  адамгершіл ікке  
жат мінезден  аулақ  болуға  да  тә рбиелейтін  тұстары  да  баршылық.
Жаман  аттан  аяғым  артық,  жаман   жолдастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану жайлы
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Пәндер