Психодиагностика ұғымы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 152 бет
Таңдаулыға:   

1 апта

Психодиагностикаға кіріспе .

Сабақтың жоспары:

Психологиялық- педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы .

Психодиагностикалық амалдың (процедура) өзіндік ерекшелігі .

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді курстың міндеттерімен және мазмұнымен таныстыру, »психодиагностика» жайлы жалпы ұғымды және түсінікті беру.

Теориялық мәліметтер:

Психодиагностика - кез-келген психологиялық - педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып, тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен, ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің, біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге, үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден б±рын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.

Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән - жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады.

Кеңес беру процесіне қарағанда психодиагностика практикалық психологиялық түзету жұмысында өте нақты болып табылады. Мәселе мынада: бұл жағдайда қолға алынған психологиялық түзету шараларының тиімділігіне тек психолог немесе тәжірибе жүргізуші ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзі де көз жеткізуі тиіс.

Клиентте, оның психологпен бірге жүргізген жұмысының нәтижесінде, оның өзінің психологиясы мен мінез - құлқында маңызды оң өзгерістер байқалғандығы жөнінде дәлелдер болуы қажет. Бұл клиенттің өз уақытының босқа кетпегендігіне сендіру үшін ғана емес, сонымен бірге әсер етудің психологиялық түзету тиімділігін күшейту үшін де қажет. Болатын істің сәттілігіне сену - бұл кез - келген терапиялық әсердің тиімділігінің маңызды факторы. Істің нақты жағдайының дәл психодиагностикасынан кез - келген психологиялық түзету сеансы басталып, сонымен аяқталуы тиіс.

Психодиагностика оның өзге де салаларында, мәселен медициналық психологияда, патопсихологияда инженерлік психологияда, еңбек психологиясында басқаша айтқанда адамның кез келген психологиялық қасиеттерінің даму дәрежесін дәл білуді қажет ететін барлық жерлерде қолданылады .

1 апта.

Бақылау тапсырмалар

Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру) .

Ғылыми және практикалық психодиагностиканың міндеттері туралы.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.

Психодиагностиканың кәсіптік - этикалық бағыттары(аспектілері) .

Психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлі қандай.

Балалардың мектепке психологиялық дайындығының диагностикалық әдістері.

Әлеуметтік - этикалык талаптар .

Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі .

Ғылыми тұрғыдан дәйектелмеген принципі.

Нұқсан келтірмеу принципі .

Тестілеу нәтижелерінен алынған қорытындылардың обьективтілігі принципі .

Ұсынылатын кепілдемелердің тиімділік принципі

1 апта

Психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлі .

Сабақтың жоспары:

Ғылыми және практикалық психодиагностиканың міндеттері туралы.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.

Психодиагностиканың кәсіптік - этикалық бағыттары(аспектілері) .

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлімен, міндеттерімен, маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптармен, психодиагносттың кәсіптік этикалық бағыттарымен таныстыру.

Теориялық мәліметтер:

Ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірқатар міндеттерді шешеді. Оларға мыналар жатады:

  1. Адамда қандайда бір өзгеше психологиялық қасиеттердің болуын немесе оның мінез-кұлқының ерекшеліктерін белгілеу.
  2. Осы қасиеттердің даму дәрежесінің айқындалуы белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерде байқалады.
  3. Адамның диагностикаға жататын психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін қажет жағдайда сипаттау.
  4. Түрлі адамдардағы зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесін салыстыру.

Осы келтірілген төрт міндеттің бәрі практикалық психодиагностикада, өткізілетін тексерістердің мақсатына қарай әрбірі жеке немесе кешенді түрде шешіледі.

Сонымен психодиагностика психологтан арнайы дайындықты талап ететін, оның кәсіптік іс-әрекетінің ең қиын саласы болып табылады . Психодиагностиканы игеруі тиіс, барлық білімдердің, шеберліктер мен дағдылардың жиынтығы өте кең. Ал, білімдердің, шеберліктер мен дағдылардың күрделі болатыны сонша, психодиагностика кәсіби маман психологтың жұмысында жеке маманданған сала ретінде қарастырылады.

Психодиагносттың ғылыми білімдері, оның тарапынан қолданылатын психодиагностикалық әдістер арќау болатын психологиялық теориялармен жеке танысуды қажет етеді, және де осының позициясы т±рғысынан алынған нәтижелерді талдау жүзеге асырылады.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар: ол адамдарды өзіне тарта білуі, олардың сеніміне ие бола білуі және жауаптардың шынайы болуына қол жеткізе білуі тиіс. Арнайы теориялық білімдерсіз, практикалық психодиагностика жоғары дәрежеде жүзеге асырылмайды. Себебі, біріншіден психодиагностикалық тесттердің көпшілігі адам санасына бағытталған сұрақтар тізімін енгізген бланкілік әдістемелерді білдіреді. Сондықтан егер де, сынаудан өтіп жатқан адам психологиялық тұрғыдан ашық болмаса және де психологқа деген сенімі болмаса, ол қойылған тиісті жауаптарға жауап бермейді. Ал егер де одан өзге жағдайда мәселен, ол өзіне деген қатынастын салқынқанды екенін сезсе қойылған сұрақтарға жауап беруден тіптен бас тартуы мүмкін немесе тіптен тәжірибе жүргізушіні әуре сарсаңға салатындай жауаптар беруі мүмкін.

Келесі маңызды талап диагностикалық әдістемелер мен оларды дұрыс қолдану шарттарын тиянақты түрде білу. Негізгі талаптарға жауап беруге тиісті психодиагностиканың ғылыми негізделген әдістерінің ішінде сенімділікті, біржақтылықты және дәлдікті атауға болады. Сонымен қатар психодиагностикалық әдістемелерді таңдауда қойылатын бірқатар басқа да талаптар бар. Олар: Біріншіден - таңдап алынған әдістеме бәрінің ішіндегі ең қарапайымы, әрі қажетті нәтижелерді алуға мүмкіндік беретіндердің ішіндегі еңбек шығынын ең аз талап ететін болуы шарт. Екіншіден әдістемеге арналған нұсқаулар қарапайым қысқа әрі қосымша түсініктемелерсіз жеткілікті түрде ұғынықты болуы шарт. Үшіншіден, таңдап алынған әдістемелер тек психологка түсінікті болып қана қоймай, психодиагностиканың өткізілуіне психологиялық және дене күші аз жұмсалуын талап ететіндей, тәжірибеден өтіп жатқан адамдарға да түсінікті әрі белгілі болуы шарт. Төртіншіден, психодиагностиканы өткізу мен өзге де жағдайлар тәжірибеден өтушінін көңілін аударатын бөтен тітіркендірушілердің болмауын қамтамасыз етуі шарт.

1 апта 2, 0 балл Практикалық тапсырмалар.

Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау (1-сыныпқа қабылданғандарды зерттеу)

Йирасек-Керн тесті.

Мақсаты: баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.

Бұл әдістемені әр баламен жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады: ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл тестің тиімді жағы - балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағадар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталынады.

1-ші тапсырма . "Ер адамның суретін салу" әдістемесі.

Орындау ережесі: "Севдер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіндер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салыңдар".

Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойына түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.

Бағалау шкаласы .

Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсстілген, үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртұтас болып салынса - 1 балл деп бағаланады.

Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ қолы салынған, бірақ шашы, мойны, қолының бір саусағы жетіспесе 2 балл.

Басы, денесі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, саусақтары салынбаған болса - 3 балл.

Өте қарапайым, дене мен басты жобалаған сурет - 4 балл.

Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың белгісі бар суретке - 5 балл.

2-ші тапсырма . "Әріптерді көшіріп салу" өдістемесі.

Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты өріптен тұратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мына парақта өріптер жазылған, оны дәл осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма".

Бағалау шкаласы .

Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте ұқсас, әріптердің үлкендігі үлгіден екі еседен аспайды, бірінші өріп басқалардан үлкенірек болып салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бұл жұмысқа - 1 балл қойылады,

Үлгі анық көшірілген, өріптер размері және горизонталдық орналасуы нашар -- 2 балл.

Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт өріпке дейін түсінуге болады - 3 балл.

Үлгіге ең болмаса екі әріп ұқсаған, көшірме бір қатарға түсірілген деп айтуға болады - 4 балл.

Шимайлар - 5 балл.

3-ші тапсырма . "Бір топ нуктелерді көшіріп салу" әдістемесі.

Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі: "Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал".

Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүкте қатардан кішкене шетке шыққан - 1 балл.

Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан шығып кеткен - 2 балл.

Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кеңцігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, кеңістукте 180 градусқа дейін бұрылған - 3 балл.

Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады -4 балл.

Шимайлар - 5 балл.

Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң психолог парақтарды жинап алып оны бағалапшығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған баллдарын бір-біріне қосып, жалпы суммасы шығарылады. Нәтижесіне қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жақсы, жоғары деп бағаланады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы сипатталады.

2 апта

Психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздері.

Сабақтың жоспары:

Психодиагностиканың мақсаты мен міндеттері.

Психодиагностиканың қолданылуын талап ететін арнайы тәжірибе аумақтары.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздерімен таныстырып, оның мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік беру.

Теориялық мәліметтер:

Психодиагностика - психологиялық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық психологияның негізгі формасы болып табылады. Практикалық психология адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасауы және қолданылуымен байланысты. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Әртүрлі қасиеттерді зерттеуден ғылыми психодиагностиканың диагностикалық қорытындыға өту үшін белгілі бір әдістерді, тесттерді, эксперттік шкалаларды қолдануды талап етеді. Сондықтан, психодиагностиканың негізгі түсініктеріне диагностикалық қасиеттер және диагностикалық категорияларды жатқызамыз. Қасиеттерді зерттеп, тіркеуге болады. Ал категориялар негізгі зерттеуден жасырын, олар латентті (латентные переменные) болып келеді. Психодиагностиканың қиындығы қасиеттер мен категориялардың арасында қатаң байланыстың жоқтығында. Бір қорытынды жасау үшін бір қасиеттің өзі жетіспейді, ол үшін бірнеше қасиетті тесттер арқылы талдау жасау керек. Психодиагностикадағы тест деп, біз сыналатын адамға көрсететін бірнеше стандарттық қысқа сындарды айтамыз. Тесттік тапсырмалар сыналатын адамның әртүрлі жасырын факторларды анықтауға көмектеседі. Осы қысқа сынаулардың нәтижелері өлшенетін фактордың деңгейін көрсетеді. Сонымен «психодиагностика» ұғымы- психологиялық тестпен тығыз байланысты. Психологиялық тесттен басқа эксперттік(клиникалық) психодиагностикалық әдістер қолданылады. Стандарттық сандық тесттер бір топ адамдар туралы қысқа уақытта мәліметтер алу үшін және қатаң альтернативті шешім қабылдау үшін керек. ( мысалы: жұмысқа қабылдау- қабылдамау, демалыс беру немесе кезектікке қою) . Бұл тесттер әртүрлі әдістемелік қателерді болдырмайды. Эксперттік әдістерді көбінесе тәжірибелі мамандар психологтар қолданады. Олар белгілі бір адамның бірден - бір өмірлік жағдайына енуді көздейді, бірақ бұған ұзақ уақыт талап етеді. Бұл әдістердің тиімділігі психолог диагносттың өзі психологиялық көмек көрсетіп, психокоррекцияны, психотерапияны, тренинг және психологиялық араласудың басқа түрлерін пайдаланғандығында. Психологиялық диагноз -бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады. Қазіргі психодиагностикада психологиялық диагноз - ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Психодиагноз кез - келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді, - қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы, бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі. Белгілі бір адамның кейбір қасиеттері мен қабілеттері кейбір жағдайларда өзара конфликтке ұшырап, әртүрлі қимылдарға итермелеуі мүмкін. Психодиагностиканың мақсаты - адамның қайсы психикалық қасиеттері өзара қайшылықтарға ұшырағанын анықтау. Бүл ішкі конфликтті шешуге көмектеседі. Психодиагностикада норма деген ұғымның үлкен маңызы бар. Норманың екі түрі болады: статистикалық және социокультуралық. Бірінші түрі- стильдік және мотивациялық қасиеттерді бағалау үшін пайдаланады. Екіншісі - қабілеттерді және жетістіктерді бағалау үшін. Статистикалық норма - өлшенетін қасиеттің орта диапазоны.

2 апта.

Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сұраулық(ММРІ)

Мини - Мульт сұраулық(опросник)

Мақсаты:

Студенттерді тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелермен таныстыру. Эксперимент өткізу техникасы және нәтижелер анализдері туралы анықтама беру.

Мини - Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан, 11 шкаладан (оның ішінде 3 - бағалық ) ( Адаптациялаған - Ф. Б. Березина және М. П. Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.

6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.

7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.

8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.

9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді, белсенділікті өлшейді.

Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.

Нұсқау.

Сіз денсаулығыңызға және мінезіңізге қатысты тұжырымдамалармен танысасыз. Әр тұжырымдаманы оқып, өзіңізге қатыстысын шешесіз. Көп ойлауға уақыт бөлмеңіз. Ең бірінші келген шешім - ең дұрысы болады.

Сұрақтар, тұжырымдамалар.

1. Сіздің аппетитіңіз жақсы ма?

2. Таңертең жақсы ұйықтап демалғаныңызды сезесіз бе?

3. Сіздің күнделікті өміріңізде көп қызық бар.

4. Сіз өте үлкен қуатпен жұмыс істейсіз.

5. Басыңызға кейде жақсы емес ойлар келеді, бірақ ол туралы ешкімге айтпау керек.

6. Сіздің ішіңіз сирек қатып қалады.

7. Кейде сіз үйіңізден кетіп қалғыңыз келеді.

8. Кейде сіз тоқтаусыз күліп немесе жылайсыз.

9. Кейде жүрегіңіз айнып, құсқыңыз келеді .

10. Сізді ешкім түсінбейді деп ойлайсыз.

11. Кейде сіздің ұрысқыңыз келеді.

12. Апта сайын сіз нашар түс көресіз.

13. Сіз қиын жиналасыз, басқаларға қарағанда.

14. Сізбен түсініксіз нәрселер болып тұрады.

15. Егер адамдар сізге қарсы болмағанда, өмірде көп нәрсеге қол жеткізетін едіңіз.

16. Балалық шағыңызда ұрлық жасадыңыз.

17. Кейде бірнеше күн, апта немесе айлап ешнәрсеге қолыңыз бармай, жұмыс бастай алмай отырасыз.

18. Сіз тынышсыз ұйықтайсыз.

19. Адамдардың арасында болған кезде, сізге біртүрлі нәрселер естіледі.

20. Сізді танитын адамдардың көбісі сізді жаман емес деп ойлайды.

21. Сізден аз білетін адамға жиі бағынатын ба едіңіз?

22. Адамдардың көбісі сізге қарағанда өмірге көбірек қанағаттанады.

23. Көбісі өзінің бақытсыздығын көбейтіп жібереді, өйткені басқалардан көмек күтеді.

24. Кейде сіз ашуланасыз.

25. Өз-өзіңізге сенімділік жетпейді.

26. Кейде сіз бір нәрсені дұрыс істемедім деп ойлайсыз.

27. Өз тағдырыңыз сізді қанағаттандырады.

28. Кейбіреулер өте көп бұрың беруді ұнатады, сіз олардың дұрыстығын біле тұра, оларға қасарысасыз .

29. Сіздің асқазаныңыз жиі ауырады.

30. Сізге қарсы бір нәрсе ұйымдастырылып жатқанын сезесіз бе?

31. Адамның көбісі пайданы « өте шың жолымен » табады.

32. Бір күн бұрын сіздің көңіл-күйіңіздің нашарлағандығын түсіндіре алмайсыз.

33. Сіздің ойларыңыз соншалықты тез, сіз оларды айтып үлгере алмайсыз.

34. Сіздің жанұялық өміріңіз басқалармен салыстырғанда жаман емес.

35. Кейде өзіңіздің жарамсыздығыңызға сенімдісіз.

36. Соңғы кезде сіздің денсаулығыңыз әдетте дұрыс болды.

37. Кейде сіз не істегеніңізді есте сақтай алмайсыз.

38. Сізді дұрыс емес сөккен деп ойлайсыз.

39. Сіз өзіңізді қазіргіден жақсы ешқашан сезінбегенсіз.

40. Сіз туралы басқалар не ойлайтыны сізге бәрібір.

41. Сіздің жадыңыз өте жақсы.

42. Сіз жаңадан танысқан адаммен бірден сөйлесе алмайсыз.

43. Көбінесе сіз өзіңізді нашар сезінесіз.

44. Сіздің басыңыз сирек ауырып тұрады.

45. Кейде сіз жүріп-жүріп құлап қалайын дейсіз.

46. Сіздің таныстарыңыздың кейбіреулері сізге ұнамайды.

47. Сіздің идеяларыңызды ұрлайтын адамдар бар.

48. Сіздің ойыңызша сіз кешірілмейтін нәрсе істемедіңіз.

49. Сіздің ойыңызша сіз өте жуассыз.

50. Сізді бір нәрсе үнемі уайымдатады.

51. Ата-анаңыз сіздің таныстарыңызды жиі жақтырмайтын.

52. Сіз аздап өсек айтасыз.

53. Сіз кейде шешімдерді оңай табатыныңызды сезесіз.

54. Сіздің жүрегіңіз кейде тез соғып, сізге дем жетпей қалады.

55. Сіз тез көтеріліп, тез басыласыз.

56. Сіз кейде бір нәрсені уайымдап, бір орында отыра алмайсыз.

57. Ата-анаңыз және жанұяңыздың басқа мүшелері сізге көп тиіседі.

58. Сіздің тағдырыңыз ешкімді қызықтырмайды.

59. Басқа біреудің қатесін өзінің мақсатында пайдаланатын адамды сіз айыптамайсыз.

60. Сіздің энергияңыз өте көп.

61. Соңғы кезде сіздің көзіңіз нашарлап кетті.

62. Сіздің құлағыңыз жиі шуылдайды.

63. Сізге гипноз қолданғандығын сезген уақыттарыңыз болды ма?

64. Кейде сіз өте көңілді боласыз (себепсіз) .

65. Ортада болсаңызда, өзіңізді жалғыз сезінесіз.

66. Әр адам өтірік айтуы мүмкін.

67. Сіз басқаларға қарағанда өткіррек сезесіз.

68. Кейде сіздің басыңыз әдеттегіден баяу жұмыс істейді.

69. Сіздің көңіліңіз адамдардан жиі қалған.

70. Сіз алкоголь сусындарды ішесіз.

Сұраулыққа арнайы бланк беріледі, оның бір жағында зерттелетіннің жауаптары жазылады. Егер зерттелетін адам тұжырымдаманы мақұлдаса, онда + қойылады, мақұлдамаса - қойылады. Бланктың арғы жағында экспериментатор коррекция шкаласын есепке алып зерттелетіннің тұлғасының профилін құрайды. Бланкта бұл өлшеулер таблицада берілген.

Д шкаласының өлшеулері № 1, 4, 7, 8, 9 негізгі шкалаларға қосылады. Мысалы, егер Д шкаласы бойынша 9 ұпай жиналса, онда №1 шкаласының өлшеулеріне, таблицаға қарап 5 ұпай қосады, №4 ке -4 ұпай, №7 мен 8-ге - 9 ұпайдан, №9 - 2 ұпай қосады.

Шкалалардың сипаттамасы :

1. Өтірік шкаласы (L) зерттелетіннің шындығын анықтайды.

2. Шын шкаласы (F) өтірік жауаптарды анықтайды.

3. Kоррекция шкаласы (К) . Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері әрекетті санасыз бақылау туралы айтады.

Базистық шкалалар.

1. Ипохондрия (Нs) - зерттелетін адам астено-невротикалық типке «жақындығы». Зерттелетіндер жоғары бағаларымен өте баяу, пассивті, бағынышты, айналаны ауыстыруды нашар сезінеді, әлеуметтік конфликттерде тез жоғалады.

2. Депрессия (Д) - жоғары бағаны өте сезімтал, уайымға бейім, өте жуас адамдар алады. Олар кез келген істі өте жақсы орындап, оларды жоғары моральды болады, бірақ өздерінше ешқандай шешім қабылдай алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Стресстің психодиагностикасы
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Баланың шығармашылық қиялын анықтау
Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz