Психолог кеңесі


Психолог кеңесі
Мұғалімдерге психологиялық кеңес
Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл парасаттылығын, жан-жақтылығын, ұстамдылығын, сезімталдығын бағалау қажет.
Сонымен қатар мынандай кемшіліктермен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі керек: шаршап шалдығушылық ұйқысыздық, беймазалық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салақтық, немқұрайлық, ісіне жауапсыздық, өзін орынсыз төмен ұстау, ашуланшақтық, орынсыз ұялшақтық, күдікшілдік т. б.
Мұғалім сыртқы келбетін, өзін-өзі басқару шеберлігін, мимика және поптомимика мәнерлерін, сөйлеу шеберлігін, шешендік қасиетін, дауыс дикциясын сақтауы керек.
Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ баланың мінез ерекшелігін жете білмей артық мақтауға да болмайды. Нәтижесінде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтар толы болады. Мысалы: тәкаппарлық, дандайсығандық т. б. теріс қасиеттер қалыптасады. Шәкіртіңіздің мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»деп айтып кеткен.
Қазіргі біздің заманымыздың, ХХI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:
- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;
- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
- үшіншіден, мұғалім - білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;
- төртіншіден, мұғалім-педагогикалық ағымда баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болу керек;
- бесіншіден, педагог әр уақытта өз бөлімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті.
Қорыта келе, ұлы педагог К. Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.
Мұғалімдер үшін. Мазасыздықты қалай жоюға болатыны туралы
ақыл-кеңес (Д. Карнеги бойынша)
- Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық - жабырқаудың бірден бір емі.
- Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.
- Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.
- Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздің өміріміз - біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!
Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.
Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.
Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз, онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.
Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздің өз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.
Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.
«Ата-ана махаббаты»
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын өткізу. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар.
Тренинг бағдарламасы:
1. Есімдер аллитерациясы.
2. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.
4. «Өтінемін!» ойыны.
5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
6. «Тілек шамы».
7. Ой- толғаныс.
Тренинг барысы:
І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.
ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Оқушылар өз Ата-аналарының есімін бір-біріне айтып таныстырады.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
ІІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін, » деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым -қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
§ «Аралда»
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.
§ «Жанұямның суретіміз!»
Суретті бір-бірімен ақылдаспай асалады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3. Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
ІV. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz