Психолог кәсібінің ерекшелігі және оның мәнін түрлі қырынан талдау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

«Психология » кафедрасы

Қорғауға жіберілген күні: « » 2009 ж.

Кафедра меңгерушісі : Р. Р. Бирюшев

ЖАПАБАЕВА МАҚПАЛ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Психолог кәсібінің ерекшелігі және оның мәнін түрлі қырынан талдау

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушы Болатбекова. Н. Ж.

Көкшетау 2009

Мазмұны

Кіріспе 3

І Психологиялық қызметтің бүгінгі күндегі қажеттілігі

  1. Психологиялық қызметтің бағыттары 6

1. 2 Халықтық білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат міндеттері 9

1. 3 Психологтың жұмыс моделі және еңбегін ұйымдастыру 11

1. 4 Психологиялық қызметтегі педагогикалық қарым қатынастың ерекшелігі 14

1. 5 Бастауыш сынып оқушыларының ата-наларына психологиялық кеңес беру мәселесі 19

ІІ Психололгиялық қызметтің нәтижелігі - психодиагностикалық жұмыс формасында

2. 1 Психодиагностика практикалық әрекет ретінде және психодиагностиканың кәсіби - этикалық принциптерін қарастыру 27

2. 2 Психодиагностиканың технологиясын терең зерделеу 31

2. 3 Тұлға дамуының психодиагностикалық ерекшелігін терең түсіну 34

2. 4 Психодиагностика негізі бойынша жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар 46

2. 5 Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесінің эксперименталдық жағынан зерттелуі 55

Қорытынды 63

Қолданылған әдебиеттер 67

Қосымша 69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі психология ғылымы адамдардың практикалық іс-әрекетіне түрлі жолдармен әсер ететіндігі зерттеуіміздің мәселесі болып табылады. Бұндай жолдардың бірі - тұрғылықты халықтың түрлі категорияларына психологиялық көмек көрсету.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру жүйесіндегі істің жайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санайды. Ең алдымен мұғалім мәртебесін арттыру ең алдымен ауылдық жерді арттыру ең бір өзекті мәселе» - деп атап көрсетті.

Бүгінгі таңда егеменді еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға беретін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылады. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мәдени этикалық білім беру, тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі.

Психологиялық қызмет деген ұғым-осы заманғы жантану ғылымының алға қойған мәселелерінің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады.

Қазақстан жағдайында психологиялық қызметтің мән-жайын білдіретін пікірлер мен зерттеулер психолог-мамандар М. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Н. айғабылов т. б. еңбектерінде республикалық баспасөзде кейінгі кезде бұл психолог-мамандарының Қ. Жарықбаев, А. Ақажанова, В. Чистов қазақ және орыс тіліндегі мектептердегі.

Психологиялық қызмет туралы Ереже құрастырып, ол тар шеңберде ғана психолог-мамандар мен мектеп мұғалімдеріне арналған. Психологиялық қызметтің алдына қойтын мақсат-міндеттерінің бірі-өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан-дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойтағыдай жүзеге асырудың қажеттілігі. Психология дейтін ғылыми пән-адамның жан-дүниесінің сырын бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын орнын да анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы ғылым. Психологиялық қызметті дәл осы атау мағынасында қолданбағанымен, адамтанудағы рөлі жайында көрнекті орын алатынын психолог-мамандар дер кезінде өздерінің пікірлерінде ашып айтты. Осы бағытта Жүсіпбек Аймауытұлы адамның жан-дүние сырына барлау жасап, олардың даралық өзіндік ерекшеліктерімен санаса отырып жұмыс істеу керек деген ұлағатты ой түйеді. Мектептегі психологиялық қызмет жұйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын төрт категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.

Этникалық мәдени білім беру кеңістігінде оқу тәрбие үрдісі үшін психологиялық оң ахуал тудыру. Мектепте психологиялық қызмет жұмысының бағыт-бағдары. Жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл-қабілетінің дамуын, танымдық құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу:

  • Әр баламен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулығы төмен, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс.
  • Ұстаздық шығармашылық потенциалын және кәсіптік тұлғалық бағатын, типологиялық ерекшеліктерін, өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау.
  • Педагогикалық ұжымда психологиялық ахуал тудыру.

Ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық қарым-ұатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселелерді шешу барысында жұмыстар жүргізу. Топтағы жағымды және конфликтілік, позицияна ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып сынып жетікшісіне, пән мұғалімдеріне орналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізіп отыру.

Психологиялық қызмет жұмыстының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап отырады. Осы анықтауға тиісті мәселелермен бұдан әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық жұмыстар, психологиялық ойындар, тренингтер жүргізіледі.

Сондықтан зерттелетін жұмысымның тақырыбын : «Психолог кәсібінің ерекшелігі және оның мәнін түрлі қырынан талдау» деп алдым.

Зерттеу пәні: Психолог кәсібінің ерекшелігі

Зерттеу нысаны: Көкшетау Университеті «Психология » кафедрасы және кафедра студенттері және «Гранитный» негізгі мектебінің бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу міндеттері:

  • Психологиялық қызметтің өзектілігін айқындау;
  • Психодиагностикалық қызмет пен психодиагностикалық әдістердің психологиялық әрекеттегі қолдану барысы;
  • Психологиялық кеңес беру мен көмек көрсету жолдары

Зерттеу болжамы: Егер жеке адамның психологиялық ахуалын бақылауға ала отырып, қажет жерінде психологиялық қайта қалпына келтіру жұмыстары және түрлі жағымсыз психологиялық ахуалдардың алдын алу үшін мектепте психологиялық қызмет дұрыс қолға алынатын болса, онда болашақта біз психологиялық тұрғыдан жағымды мұғалім тұлғасы және мектеп оқушыларын қалыптастыра алар едік.

І Психологиялық қызметтің бүгінгі күндегі қажеттілігі

  1. Психологиялық қызметтің бағыттары

Психологиялық қызмет деген ұғым - осы заманғы жантану ғылымының алға қойған мәселелерінің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады.

Психологиялық қызметтің алдына қойтын мақсат-міндеттерінің бірі-өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан-дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойтағыдай жүзеге асырудың қажеттілігі. Психология дейтін ғылыми пән-адамның жан-дүниесінің сырын бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын орнын да анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы ғылым.

Мектептегі психологиялық қызмет жұйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушының қабілеттік деңгейін, зейінін, зеректігін, ынтасының қасиетін анықтау нәтижесінде психолог мұғалім қолына оқушының мүмкіндігі туралы құнды деректер береді, білім берудің бала танымыналайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды; педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтеріне байланысты.

Психологиялық қызмет жұмыстының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап отырады. Осы анықтауға тиісті мәселелермен бұдан әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық жұмыстар, психологиялық ойындар, тренингтер жүргізіледі.

Ата-аналарды балаларының сабаққа үлгермеушілігі, мінез-құлықтағы қиындықтары алаңдатады. Осы қиыншылықтарды шешу үшін психолог-маманнан өз балаларымен қарым-қатынасты жақсарту, отбасы мүшелердің бір-біріне деген көз қарастарын реттеуге көмек көрсетуді күтеді. Ал оқушылар болса психолог-маманнан мыналарды күтеді:

  • Оқуға деген шеберлік пен іскерлікті игеру.
  • Өз қатарындағы балалар арасындағы қиындықтарды жену.
  • Мұғалімдер мен ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу.
  • Тұлға ретінде өз-өзін дамыту.
  • Өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасын құру.
  • Болашақта қандай мамандықты таңдау.

Педагог-психолог, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қозғаған көптеген мәселелерді талдау барысында мынадай үш байламға тоқталады.

  1. Әртүрлі жастағы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысында кездесетін қиыншылықтардың болу себептерін көрсету.
  2. Оқушылардың интеллектуальдық және тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтарының алдын алу, жеңу.
  3. Қилы сұрақтар мен кикілжің жағдайларды шешуге көмектесу.

Мектептің психологиялық қызметі қазіргі кезеңге байланысты екі түрлі бағытпен жүзеге асырылады: өзекті және болашақтағы қызмет.

Өзекті қазіргі кездегі мәселелерді яғни оқушыларды оқытудағы және тәрбиелеудегі қиындықтарды, тәртибіндегі, қарым-қатынастағы сәйкессіздікті, жеке тұлға болып қалыптасуындағы кемістіктерді шешуге бағытталған.

Болашақтағы бағыт әр баланың жеке қабілетін дамытуға, оның қоғамдағы жасампаз өміріне психологиялық дайындықты қалып-тастыруды көздеген.

Педагог-психолог ұмымның психологиялық кызметіне негізгі психологиялық идеяны әр оқушының жеке тұлға болып даму үндестігін және онық практика жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуіне ықпал жасайды.

Осының негізінде оның негізгі мақсаты оқушылардың барлығының және әрқай сысының өзіндік қабілеттерін дамытуға психологиялық жағдай туғызу. Әрине, әр оқушының даму кабілеттерінің көрсеткіштері әр түрлі, соған орай, шешу жолдары да әр түрлі, сондықтан педагог-психолог әр балаға лайықты шара қолданады. Бұл екі бағыт бір-бірімен тығыз байланыста: психолог, болашақтағы мәселелерді шеше отырып, көмек керек еткен оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге нақты көмек көрсетеді.

Сол себепті мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты-оның қызметінің болашақтағы бағыты мен байланыста болады. Бұл мақсат жүзеге асырылуы үшін балаға байланысты практикалық психология мен бастапқы және соңғы қызметтің тоғысқан жерінде жүзеге асады.

Мектеп психолог әлеуметтік тіршілік кесінің ата-анамен, оқушылармен, мұғалімдермен қарым-қатынас үстінде өң және теріс жақтарынан көрінуіне байланысты оның ішкі сезіміне тікелей араласады. Ол әр бала мен мұғалімнің қарым-қатынасын ғана емсе, сонымен бірге қарым-қатынастың қиын жүйесін де көреді. Бұл өзіндік “жүйеде” практик психолог баланың жеке тұлға болып қалыптасуын басшылыққа ала отырып, әр жастағы бала мен оның мұғалімдері және ата-аналары қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Әр кезеңде педагог-психолог осы балағы әсер етуші топпен жұмыс жүргізеді.

Мектеп психологының қызметі жұмысының негізгі түріне мыналар жатады: педагогикалық, ұжым, оқушы мен ата-ананың психологиялық біліміне алғашқы ұғымдар беру, психологиялық профилактикада психолог оқушының психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы жүргізу керек; психологиялық кеңес беруде, өз бойындағы психологиялық мәселелерін шешуге келген оқушыға (әңгімеге мұғалім, ата-ана оемесе оқушылар әкелуі мүмкін) көмек береді. Көбінесе олар алдын-ала ағартушылық жұмыстарадан кейін өз қателіктерін түсінеді.

Педагог-психолог психодиагностика жүргізгенде оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңіледі.

Психологиялық қызметтің бағыттары төмендегідей:

1. Бірніші бағыты - психологиялық диагностика

баланы психологиялық зерттеу тәсілдерін, оның ішінде тестілеу, кәсіби игеруді білдіреді. Психологиялық диагностика бойынша жұмыс істейтін психологтың негізгі міндеті білім беру жүйесіндегі балалар мен ересек білім беру жүйесіндегі балалар мен ересек адамдардың психологиясы, мінез-құлқын бағалауға, психологиялық зерттеу процесінде (үрдісінде) алынған дұрыс және сенімді көрсеткіштерге сүйеніп оларға мамандандырылған психологиялық сипаттама беруге келіп тіреледі. Кәсіби қызметтің осы түрімен айналысатын психолог тәжірибеде психологиялықболжам тәсілдерінің кайсібірін қолднау пайда болған және әрі қарай жетілдірілген шектерін білу керек. Болжам бойынша психолог-маман қажет кезде тәсілдерді құруға, тексеруді, оның ішінде бағыт беруді, олардың сенімділіген ғылыми бағалау тәсілдерін игере білу керек. Жүргізілетін психологиялықболжам зерттеу нәтижелерін кезекті тәртіпсіздікті балдырмайтын ғылыми негізделген өңдеу психологтан талап етіледі.

  1. Екінші бағыты-психологиялық кеңес беру.

Оған жұмыстын келесі жеке түрлері жатады:

Жүргізелген психологиялық болжам зерттеу нәтижелерінен шыққан психологиялық-педагогикалық ұсыныстарды өңдеу және нақты құрастыру, бұл жағдайда осы ұсыныстар балалар мен ересектерге тәжірибе жүзеге асыру үшін түсінікті және қолайлы нысанда берілу керек.

  1. Кеңес беру көмеген қажет ететіндермен әңгіме жүргізу. Бұл әңгімелер балалар мен ересектер психологиялық-педагогикалық кеңес алуымен аяқталады. Психологиялық оқыту және біліктілікті жетілдіру жүйесінің шегінде орындалатын мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс.

3. Үшінші бағыты-психопрофилактикалық бағыты -бала дамуының жағымсыз психологиялық салдарын, мысалы, дамуында қалып қою, білім алуында, тәрбие алуында артта қалу, мінезенің жағымсыз білгелерінің әдептерін пайда болуын алдын алатын сипаттағы міндеттерді орындаумен байланысты. Профилактикалық жұмыспен айналысатын психолог дамудағы қайсібір ауытқулардың пайда болу себептерін, оларды уақытында танып және болдырмауды білу керек. Мұғалімдерді, тәрбиешілерді және ата-аналарды психологиялық дайындық осы мақсатта жүргізіліп, бұл жұмыс кезінде оларды баланы бақылауға және психикалық дамуының ауытқуына әкелетін себептерді уақытында анықтауға үйретеді.

Төртінші бағыты - психологиялық коррекция деп аталатын, психологтың балаға немесе ересекке жетіспеушіліктерді тузету, олардың психологиясы мен мінез-құлқын өзгерту мақсатында әсер етуді білдіреді. Бұл жерде психолог психотүзетудің келесі тәсілдерін кәсібі игеру керек: психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, аутотренинг, гипноздық әсер ету техникасында қолданылатын кейбір амалдар, сондай-ақ клиентке ықпал ететін мүмкіндегі болу керек.

Тәжірибеде психолог, көп жағдайда, барлық төрт бағытпен байланысты әртүрлі деңгейде айналысады, бірақ жеткілікті үлкен арнайы мамандықты, уақытты және кәсіби тәжірибені талап етеді, сондықтан тәжірибелі психолог жұмысының дамуы мен жетілдірілуі және психологиялық қызмет бірігіп жұмыстың қаралған төрт бағытының біреуін немесе екеуін мамандандыруды білдіреді. Бұл сәйкесінше психологиялық қызметке төрт әртүрлі саланың мамандарын: психо диагностикашылар, кеңесшілер, психопрофилактиктер, психотүзетушілерді енгізуді міндет қояды.

Психологиялық жәрдем қандай формасында (психологиялық кеңес беру немесе медициналық емес психотерапия) жүзеге асса да, ол ортақ сипатымен, яғни жеке даралығымен ерекшелінеді. Адам тұлғасына, оның сезімдеріне, күйзелістеріне, нұсқаулары мен дүние бейнесіне, қоршағандармен өзара қатынастырының құрылымына терең унілуіне негізделеді. Бұндай үңілу үшін тек психологиялық сезімталдылық жеткілікті болмайды, ол үшін арнайы психодиагностикалық әдістер қажет. Психодиагностикалық міндеттер әр түрлі жолдармен шешілуі мүмкін. Зерттеу жұмысының мақсаты-психодиагностикалық ақпараттың зерттелушілердің тұлғалық өзгеруіне тигізетін әсерін зерттеу.

Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері әр оқушының келешекте дамуына және оны түзе-туге және алдын алу, кеңес беру жұмыстарын тиімді ойластыруға негіз болады;

Психологиялық түзету оқушының жеке дамуындағы ауытқушылықтарды жүзетуге, баланың қабілеттерін дамытуға, оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

1. 2 Халықтық білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат міндеттері

Психолог маманының ұстанымына келсек, ол антологиялық санатының және басты іс әрекетінің бірлігі. Психологтың бастапқы іс әреекті деп жан дүниесімен бірге күйзелу. Күйзеліс әуелден психологиялық тұрғыда әр бір жанға жәй және оңай қабылданып жан дүниесіне енеді. Осы тұрғыдан қарағанда күйзелушінің өмірінің шағын үзігін психолог пен күйзелуші бірге кешеді. Жаны күйзеліске ұшырағанмен психологтың бір жақты жетістіктерге қол жеткізуі, жеке жетістіктері, мәдени бірлестіктің қосылп жүзеге асыруы, сонымен клиенттің мүддесінің оң нәтижеге жетуі психологтыңда үлесін еселейді. Антологиялық тұрғыда психолог міндеті клиенттің уайымын тек көріп қана емес жан дүниесімен сезіп, жеке даму жолын өркендету. Басқа маман иелеріне қарағанда емдеп, тәрбиелеп, жеке бас құқын немесе қызығушылықтарын қорғау емес, ол күйзелушінің өмір кесіндісіндегі қиыншылықтың мән жайын түсініп, ұғыну. Мамандық ұстанымнанбасқа әлеуметтік және жеке ұстанымын бөліп қарауға болады мамандық іс әрекетінде. Осының бәрі бір негізде байланысып жағдайластырылып, психолог маманының ролдік және мамандық стратегиясын нығыздай түседі.

Педагог психолог маманына әр түрлі әлеуметтік ролдерді, соған байланысты ұстанымдарды қабылдауға тура келеді. Түрлі жадайларға байланысты іс жүзінде шешілетін мәселемен оның тұрпатына сай ролдермен ұстанымын өзгертіп отырады. Бұл ролдер тәрбиеші, дәрігер, психотеропевтер тағы басқа ролдер болуы мүмкін. Ұстам таңдауы психолгтың клиентпен қарым-қатынасына тікелей әсер етеді, маманның белсенділігін анықтап қана қоймай, жұмыс нәтижесінің жауапкершілік деңгейін анықтайды.

Халықтық білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат міндеттері

1. Оқу-тәрбие мекемелерінде тұлғаньң толық дамуын калыптастыру;

2. Адамның әр жас ерекшелігі этапында толық тұлғалық және интеллектуалдық кәciптiк дамуын қамтамасыз ету;

3. Әрбір балаға жекелеген қатынас жолдарын табу;

4. Баланы психологиялык-педагогикалык зерттеулермен камтамасыз ету;

5. Тұлғаның және интеллектуалдық даму ауытқуының коррекциясы мен профилактикасын жүргізу;

6. Ата-аналарды немесе бала тәрбиесімен айналысатындарды, отбасын психологиялык микроклиматты калыптастыру жайында, консультациямен қамтамасыз ету; (жетім балаларға, жеткіншектерге, ойлау қабілеті төмен дамыған әлеуметке психологиялык, көмек көрсету) .

Халықтық білім беру жүйесіндегі психолотың міндеттері :

I. Қатаң түрде кәсіби компитенциясы шешудегі сұрақтарды қарастыруға және шешімдер қабылдау;

II. Психокоррекцияльқ жұмыстарды дамытуда қазіргі ғылыми негізделген диагностикалық әдістерді қолданып, психология ғылымының жаңа жеістктерін білуге;

III. Диагностикалык психокоррекциялау және өзге де жұмыстарды сәйкес кәсіби дайындьқты игермеген тұлғалардың жугізуге тыйым салуға;

IV. Барлық сұрақтарды баланың мүддесі мен толық қанды дамуына байланысты шешуге;

V. Кәсіби құпияны сақтауға;

Диагностикалық немесе коррекциялық жұмыстар нәтижесінде алынған мағлұматтармен таныстыру, егер балаға немесе айналасьндағыларға қолайсыз әсер ететін болса жария етпеyi;

VI. Баланың толық психикалық дамуьн қамтамасыз етуге және балаға жеке келуге байланысты негізгі мәселелерді шешуде кажетті көмек көрсетуге;

1. Жеке басылық проблемасын шешуде балаға жедел қажетті көмек жасауға;

2. Әкімшілікпен және педагогтар ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасауға;

3. Әкімшіліктің сұрауы бойынша психологиялык медико-педагогикалык материаддардьң қажетін дайындауға;

VII. Бала тәрбиелеуде дау тудырушы сұрақтарды қарастыруға катысуға.

Халықтық білім беру жүйесіндегі құқықтары:

I. Оқыту-тәрбиелеу мекемесінің нақты жағдайын ескере отырып жұмыс бағытын анықтауға;

II. Балалармен және ересектермен накты міндеттерді қалыптастыруға:

1. Жұмыстың формасы мен әдісін таңдап алуға және әр түрлі жұмыс түрлерін өткізу туралы шешім қабылдауға;

2. Өз жұмысының негізгі принциптеріне, міндеттеріне қарама-қарсылық тудыратын, қарама-қайшы келетін тапсырмалардан, шаралардан бас тартуға;

III. Оқыту-тәрбиелеу мекемесінің құжаттарымен танысуға және медициналык мекемелерге сұраныс-тапсырма жасауға;

IV. Психодиагностика, психокоррекция және өзге жұмыс түрлерін жаңа әдістерді талдауға қатысуға;

V. Эффектілі бағалауда топпен және жекелей психологиялык зерттеулер және мақсатын зерттеуде эксперименттерді, оқыту-тәрбиелеу мекемелерінде жургізуге:

1. Өз жұмыс тәжірибесін жалпылауда ғылыми журналдарда жариялауға;

VI. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы тұлғалармен жұмыс жасауда, баланьң дамуын корғауда сабақ режиміне т. б. байланысты сұрақтармен өте кажетті жағдайда жетекшілік (басшылык) арқылы сәйкес мекемелерге сұраныс жасауға;

VII. Оқушыларды кәсіби анықтауда және өзге де баланың мүддесін қорғауға байланысты сұрақтар бойынша психикалык көмек және кәсіби бағдарлау орталықтарына ден қоюға немесе көңіл бұруға;

  1. Психологтың жұмыс моделі және еңбегін ұйымдастыру

Психолог қандай мәселелерді шеше алады. ? Ондай мәселелер өте көп. Олардын шешімінің аумағын терендігі әр мектептегі жағдайларымен психологтың кәсіби дайындық денгейіне байланысты жалпы айтқанда психологтың бейімділігі:

- Балалардың мектепке деген психологиялық дайындылығын анықтау, бастауыш сынып оқушыларымен жеке жұмыс істеу программасын мұғалімдермен, қосылып құрастыру. Психологпен құрастырған программа баланың мектепке тез арада үйренуіне бағытталып дайындалады.

- Оқушының жеке бас ерекшеліктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналар мен мұғалім, тәрбиешілермен дамытатын бағдарлама өндеп, іске асырып отыруы тиіс.

- Оқушылардың бастауыш сыныптардан орта буын сыныптарына, орта буын сыныптарынан үлкен сыныптарға көшу кездерін қатаң қадағалап, мұқият тексеріп отыру тиіс.

- Коррекцциялық жұмыстармен, диагностикалық жұмыстардың үлгерімі төмен, тәртіпсіз оқушылармен өткізуі керек,

- Ерекше зиялы, жеке эмоциональды еркіндіктеріне диагноз жасап, олардың кәдімгі сабақ тәрбие процесіне бөгет болатын қасиеттерін ішінара түзету.

- Психологиялық кемшіліктер мен, ата-ана, ұстаз, кластаз достарымен психологиялық үйлесімділіктің болжау мәселелерін анықтап, оған жол бермей құрту.

- Ата аналар, ұстаздар, мектеп әкімшіліктеріне бала психологиясының мәселелері жөнінде кеңес беру. Балалардың зейінің, ес, естте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру проблемасын көздеп-ашық сабақ, консилиум тағы басқаларын өткізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Педагогикалық әдептің негіздері
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Қазіргі балабақшадағы тәрбиешенің тың қызметі
Жаңа білім беру жүйесі Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz