Психология қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Психология қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктері

Психолог қызметінің негізгі бағыттары
Балалардың психофизиологиялық денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын есепке
алып, әр баланың психологиялық және эмоционалдық саулығына оңтайлы жағдай
жасау. Тәрбиеленушілердің жан саулығын сақтауына және олардың кәсіби
жетістікке жетуіне мүмкіндік жасау, педагогтардың шығармашылық потенциалын
ашуға және оны дамытуға көмек беру негізінде жүйелі түрде шығармашылықпен
ойлауын дамыту.
Педагогтардың және ата-аналардың қарым-қатынастарын жақсарту,
психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру.

Жоспарланған нәтижелер
1. Мүмкін болатын түрлі тежелу кедергілерді болдырмау, яғни бала
дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау.
2. Жаңа шығармашылық ресурстарды ұдайы айқындау арқылы балалардың жеке
қасиеттерін дамыту.
3. Педагогтардың қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық-
педагогикалық дағдысын жетілдіру.

Мектепке дейінгі психологиялық қызметтің міндеттері:

а) педагогтармен жұмыс жөнінде:
ә)тәрбиешілерді, балалаларды оқыту жөніндегі психологиялық теориялармен,
зерттеулермен таныстыру;
* оқытудың дидакгикалық ұстанымдарына психологиялық негіздер беру;
* бейнелеу, музыка, дене тәрбие мамандарымен бірлесіп, оқытудың
дидактикалық дамыту іс- әрекетін дайындау;
* пәндерді дамыта оқытуға қойылатын психологиялық талапты талқылау
және оны құру;
* педагогтар балаларды оқу жұмыс процесінде қайтымды рефлексияға
дайындау;
* тәрбиешілер оқу-тәрбие процесінде балалардың жеке тұлғалық өсуінің,
ақыл-ой дамуының диагностикалық тәсілдерімен танысуын қамтамасыз
ету;
* инновациялық процесс жағдайында балалардың дамуын диагностикалап бақылау
жүргізу арқылы тиімді педагогикалық технологияларды ендіру;
* әкімшіліктің сұранысы бойынша оқу процесі барысында педагогтармен
балалардың қарым-қатынасына бақылау жүргізу, өзара қарым-қатынасты
дамытудың жеке моделдерін жасау және педагогтарды оқыту;
* сабақта балалармен шығармашылықпен жұмыс істеуге деген түрткі
қалыптастыруға педагогтарды дайындау;
* жеке тұлғалық және кәсіби өсу тренингтерінің көмегімен төрбиешілердің
жоғары біліктілік деңгейін қалыптастыру.
б) ата-аналармен жұмыс жөнінде:
* балаларды оқыту мәселесі жөнінде ата-аналарға ағарту жұмысын жүргізу;
* баланы мектепке дайындау және оқыту жайындағы сұраныстарды шешу, ата-
аналарға арнап үйде жүргізетін жеке сабақтардың бағдарламасын жасау;
* сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне, интеллектуалдық дамуына
диагностика жүргізу (фонематикалық есту, сенсомоторика, кеңістікте
бағытталу, математикалық бейімі, түсті айыру және т.б.).
в) балалармен жұмыс:
* жағымсыз әсерлерден бала психикасын қорғау, бала құқығын сақтауда
толыққанды эмоционалдық қалыпты бақылауды қамтамасыз ету;
* тәрбиешілердің сұранысы бойынша жеке және топтық дамыту сабақтарын
жүргізу, қандайда бір проблеманы дербес шешу;
* балаларға оқу дағдыларды, іскерлікті меңгертуге көмектесу, сабақта өз-
өзін реттеуді және өз-өзін бағалауды дамыту;
* оқу іс-әрекетіне диагностика жүргізу, соның негізінде балаға көмек
берудің жүйесіы құру;
* мектепалды топтарын арнайы диагностикалық бағдарлама бойынша дайындау;

г) әкімшілікпен жұмыс:
* диагностикалық зерттеу нәтижесімен таныстыру және оны талқылау;
* жүргізілген диагностика және басқа жұмыс түрлері бойынша анықтама
дайындау, педагогтарға ұсыныстар беру;
* мектепке дейінгі мекеменің жылдық жұмыс жоспарын құруға қатысу;
* педагогикалық кеңестің дайындық жұмысына қатысу, ұжымдық жұмысқа
психологиялық көмек беру;
Балабақшадағы әлеуметтік – психологиялық қызмет келесі бағыттарда
жұмыс атқарады:
Мен бұл жерде осы күнгі қоғамдық тәжірибенің психология алдына
қойған барлық талаптарының бәрін талдау міндетін алмай бала
психикасының дамуына байланысты психологияеның маңызын қысқа атап
өтпекпін. Халықты білімдендіру жүйесінің барша бөліктерінде
психологиямен сабақтас проблемалар шексіз бала – бақшадан бастап білім
ала бастайды, оған тәрбиеші және психологтың қатысы басым. Өз
жұмысымда тәрбиешілер өздеріне қиындық туғызатын балаларды және
олардың ойнап отырғана іс-қимылынан байқап, қарап, олармен бірге жеке
түзету – дамыту сабақтарын жүргіземін. Әр балаға жеке көңіл бөліп,
психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану.
Балабақшада әр баламен жеке дара диагностикалық жұмысын жүргіздім
және топқа бөліп диагностикалық жұмыстарын жүргіздім.
Ол үшін диагностиканың әдістерін пайдаландым. Бақылау әдісі, сурет
салу арқылы, эксперимент, тест, әңгіме әдістерімен жұмыс
жүргіздім. Қазақша оқу әдістемелері жоқтығынан орысша оқу
әдістемелерін пайдаландым, соның ішінде:
1. Альманах Психологических тестов рисуночные тесты.
2. Безруких М.М. Как подготовить ребенка к школе.
3. Венгер Л.Л. Домашная школа мышления.
4. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, т.б.
көптеген оқу әдістемелерін пайдаланып, балаларды диагностикалау
жүйесін жүргіздім.
1. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай даму деңгейін анықтадым.
2. Сабақ кезінде, ойын кезінде балаларды бақыладым.
3. Ашуланшақ мінез - құлқы қиын, дамуында ауытқуы бар баларды жеке
психологиялық диагностикадан өткіздім Бақылау диагностикалау
нәтижесі бойынша ата- аналармен тәрбиешілермен әңгіме – сұхбат
жүргіздім.
5. Мектепке баратын балаларды мектепке дайындыған диагностикалау.
Осы жұмыстар нәтижесінде баланың дамуына кедергі болатын
себептерді анықтадым. Оларды жоюға түзету дамыту сабақтарын
пайдаландым.
Түзету дамыту сабағын жеке баламен және топтық етіп
жүргіздім. Әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Артпедагогика
Психология және спорт психологиясы
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Қазақстандағы педагогика - психология ғылымдарының іргетасын қалаушы
Бос уақыттың рекреациялық сауықтыру технологиясы
Оқушының субъектілік позициясының қалыптасуы жағдайындағы қазақ тілін оқыту кезінде оқушылардың ойлау қызметтерінің белсенділігі
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер