Психология тарихы туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 129 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., профессор

. . . Оспанова Б. А.

« . . . » . . . 2011ж.

« Психология» пәнінің

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Мамандық аты, шифры: 6М010900 - Математика, 6М070500 -Математикалық және компьютерлік модельдеу.

Оқу формасы : күндізгі

Курс : 2

Академиялық топтар: ММК-011, МКМ-011

:
3сем: 3 сем
:
4сем: 4 сем
:
Барлығы:: Барлығы:
: Кредит саны:
3сем: 2
:
4сем:
:
Барлығы:: 2
: Сағат саны:
3сем: 90
:
4сем:
:
Барлығы:: 90
:

Лекция:

Практикалық

3сем:

15

15

:
4сем:
:
Барлығы::

15

15

: Семинар:
3сем: -
:
4сем:
:
Барлығы:: -
: Лабораториялық
3сем:
:
4сем:
:
Барлығы::
: ОБМӨЖ:
3сем: 30
:
4сем:
:
Барлығы:: 30
: МӨЖ:
3сем: 30
:
4сем:
:
Барлығы:: 30
: Аралыќ баќылау (АБ)
3сем: -
:
4сем:
:
Барлығы::
: Қорытынды бақылау:
3сем: Емтихан
:
4сем:
:
Барлығы:: Емтихан
:

Түркістан 2011

Лекциялар жинағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 28. 01. 2008 жылғы Республикалық жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңесте №26 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН 6М010900 - Математика, 6М070500 -Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары (магистратура) бойынша ҚР МЖМББС және оқу бағдарламасы негізінде дайындалған .

Лекциялар жинағын құрастырған: п. ғ. к., доцент м. а. Е. Ауелбеков

Лекциялар жинағы «Жалпы психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

№1 «02 » 09. 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі: п. ғ. д., профессор Оспанова Б. А.

1 - Лекция

Лекция тақырыбы: Психология бұл ғылым.

Лекция жоспары: Психология ғылымы.

Психологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну

Психология тарихы

Психологиялық құбылыстардың топтастырылуы.

Ғылым жүйесіндегі психологияның орны мен міндеттері.

Психологияның зерттеу әдістері.

Психология ғылымының салалары.

Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы.

Психология білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары.

Лекция мәтіні: Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б. ) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - « псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгібақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384 - 322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б. ) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ - ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын тәжірибе жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт (1832 - 1920) болды.

Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460 - 370) сол кездің өзінде-ақ психика оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427 - 347) керісінше «Жан мәңгі өлмейді, өшпейді», - деп тұжырымдады.

Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870 - 950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225 - 1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары карай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832 - 1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбу әлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты.

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жан да өледі», «Жан бар жерде қаза бар», «Жан - кеудеге қонақ» т. б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух. Ал Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. қазақ ақын-жыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пікірлер айтылған. Өресі биік, материалистік психологиялық ой-пікірлерді Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады: Мәселен, С. Торайғыров (1893 - 1920) жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады («Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар»), адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл-ой, сана-сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ . . . Өмір жоқ, яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкерім Құдайбердиев те (1858 - 1931) айтқан болатын. Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материалистік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И. М. Сеченовтің (1829 - 1905) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И. П. Павловтың (1849 - 1936) жоғары жүйке қызметі туралы ілімінің маңызы зор болды. [1, 4-7 беттер] .

Психологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның ірге тасы әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби теориясы бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды. Сана сыртқы дүниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелену процесі әр адамның өмір тәжірибесіне, жол мөлшеріне, білім деңгейіне, мақсат-мүддесіне, наным-сеніміне орай өзіндік өзгешеліктерге толы болады.

Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал егер затты алып кетсек, оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес, яғни сыртқы орта әсер етпейінше, мида ешқандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейне де, адам миындағы бейне де «бейнелену» деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле «жансыз» сәуле болып табылады. Ал адам миында болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі - соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі - сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде, адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, ойың бейнелеуі ұғым, пікір, ой қортындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену - заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады.

Бейнелену формаларының шығуына құрамында белоктық заттары бар тіршіліктің пайда болуы шешуші рөл атқарды. Тітіркенушілік, яғни тірі организмнің сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, жүйке жүйесі күрделі сипат алған сайын организмнің сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мәселен, балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен қоректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдыңғы жағы (маңдай бөлігі) өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының дәрежесі, яғни бейнелеу мүмкіншілігі де арта түседі.

Бейнелену теориясының мәнін басқаша түсінетіндер де кездеседі. Неміс ғалымы Г. Гельмгольц (1821 - 1894) : «Мидағы бейнелердің сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар - заттың бейнесі емес, оның символы», - дейді. Бұл теория біздің сезім мүшелеріміздің көрсеткеніне сенбеушілік туғызады, объективтік дүниені жоққа шығарады. Заттың бейнесі бір басқа да, шартты таңба - символ бір басқа. Бейне «кескінделетін» сыртқы заттың объективтік болуын қажет етеді, ал «таңба» мен «символ» оны турадан-тура жоққа шығарады.

Адам санасының табиғатын осылайша түсінетіндерді ғылымда тұрпайы материалистер дейді. Мәселен, XIX ғасырда өмір сүрген немістің кейбір оқымыстылары (Молешотт, Бюхнер, Фохт) : «бауыр өтті өзінен қалай бөліп шығарса, ми да ойды солай бөліп шығарады» деп адамның сана-сезімін, ойлау процесін ми шығаратын заттың ерекше бір түрі деп түсіндіреді. Бұл өте тұрпайы түсінік. Шынында, сана сол материяның өзі болса, бұдан материя мен сана арасындағы айырмашылық жойылады да, бұл екеуі бірдей болып шығады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі. [1, 8-10 беттер] .

Психология тарихы

Әлемдік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельден (348 - 322) басталатын ілкі тарих. [1, 24 бет] .

Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда, Герофил, Эрасизтрат, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель т. б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлір айтқан. Мәселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғалымы Демокрит (460 - 370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндірді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596 - 1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді десе, голланд ғұламасы Бенедикт Спиноза (1632 - 1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т. б. ) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл-Фараби (870 - 950) мен Әбу Әлі ибн Сина (980 - 1037), Ж. Баласағұни, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т. б. айтқан.

Психологияның өз алдына дербес отау тігіп, ғылым ретінде көрінуі өте беріде, яғни 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832 - 1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес тәжірибелік ғылым болуына жол ашты.

ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде жан қуаттарының заңдылықтарын зерттеумен айналысатын психология ғылымының дағдарысы айқын байқала бастады. Тәжірибе арқылы алынған есепсіз көп нақты материалдар сана құбылыстарын теориялық тұрғыдан дұрыс түсіндіріп бере алмады. Психолог ғалымдар сананың сыртқы ортамен байланысын зерттеудің орнына оның ақиқаттан қалайша ажырауын көрсетуден алысқа бара алмады. Алынған деректердің практика үшін елеулі маңызы бола тұрса да, осы ғылымның әдіснамалық (методологиялық) астары әлсіз болып, психологияда бір-біріне қарама-қайшы бағыттар пайда бола бастады. Соның бірі - американ психологы Джон Уотсон (1878 - 1958) негізін салған бихевиоризм бағыты еді. « Бихевиоур» - ағылшын сөзі, казақша «мінез-құлық» деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әртүрлі көріністері, организмнің сыртқы әсерге (стимул) қайтаратын жауап реакцияларының жиынтығы деп түсіндірді. Сана құбылысын тікелей зерттеуге болмайды деп, оның сыртқы ортаны танып-білудегі рөлін жоққа шығарды, адам мен жануар психикасының арасындағы сапалық айырмашылықты мойындамады. Биховиористер тәжірибе жасауға үлкен мән берді, жануардыің мінез-құлқын математатикалық жолмен зерттеп, оларды дағдыландыруда елеулі табыстарға жетті. Бірақ психикалық құбылыстың шын мәнін теориялық жағынан дұрыс көрсете алмай, кейіннен ғылым сахнасынан шығып қалды. Осы кездері жан қуаттарының құрылысын тұтастай зерттеудің қажеттігіне ерекше мен берген гештальтпсихология («гештальт» - неміс сөзі, қазақша мағынасы « бейне», «түр», «құрылым» деген ұғымдарды білдіреді) бағыты пайда болды. Оның негізін салған неміс ғалымдары Макс Вертгеймер (1880 - 1943), Вольфанг Келер (1887 - 1967), Курт Коффка (1886 - 1940), Курт Левин (1890 - 1940) т. б. еді. Олар сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне қарсы шығып, психикалық құбылыстардың тұтастығын, олардың өзіндік сапаларының (тұтастық, тұрақтылық, құрылымдық, фигура мен фонның ара қатынасы т. б. ) ерекшеліктерін көрсетті. Мәселен, бір күйді жоғары не төмен дыбыстармен тартқанмен, тыңдаушы дыбыстардың неше түрлі болуына қарамастан, бұлардың қай қайсысын да бір мазмұнда қабылдайды. Гештальт психология жан қуаттарының тұтастығын адамға әсер етуші заттармен байланыссыз, кісіге бастапқы кезден таңылған жан құбылысы деп, осы бейнелердің сыртқы ортаның әсерінен туындап отыратынын еске алмады.

Аталмыш кезеңде батыс психологиясында пайда болған негізгі бағыттардың бірі - фрейдизм еді. Осы ілімнің негізін қалаған Австрия психиаторы Зигмунд Фрейд (1856 - 1939) жан дүниесіндегі санасыз әрекеттердің табиғатын зерттеді. Ол адам санасының қалыптасу жолын түс көру, гипноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды зерттеу арқылы түсіндіруге болады деп адам психикасының дамуында биологиялық негізге инстинктерге ерекше мән беріп, әлеуметтік фактордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд құштарлық пен нәпсіқұмарлықты тіршіліктің арқауы деп ұқты. Жыныстық ләззәт (либидо) алу шығармашы іс-әрекет дамуының қозғаушы күші деп, сананың рөліне жете мән бермеді.

Кейінірек шетел психологиясында необихевиоризм, неофрейдизм, логотерапия, психогенетика, гуманистік психология дейтін бағыттар пайда бола бастады. Бұлар адамның жан қуаттарының заңдылықтарын түрліше зерттеу әдістері арқылы түсіндіре бастады. Бұрынғы кеңес (қазіргі орыс) психологиясында адамның іс-әрекеті, сондай-ақ (С. Л. Рубинштейн; А. Н. Леоньтьев т. б. ) бір-бірімен қарым-қатынас жасауы ( Б. Ф. Лонов т. б. ), оның бағыт-бағдары ( Д. Н. Узнадзе т. б. ) туралы теориялар қалыптасты. [1, 25-27 беттер] .

Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

Психикалық құбылыстардың күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны психикалық құбылыстардың топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді: психикалық процестер , психикалық қалып, психикалық қасиеттер . Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б. ) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т. б. ) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б. ) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Психологияның ой пікірлері
Психология ғылымының дамуы
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Ежелгі психология
Психология мыңызы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Қазіргі психологияның міндеттері
Психология ғылымы жайында мәліметтер
Психологияның шығу тарихы, қысқаша шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz