Психология және дін психологиясы


КІРІСПЕ
Психология және дін психологиясы
Батыс ғылыми кеңістігі ішінде ХІХ ғасырдың соңынан бастап, жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастаған социология, психология, антропология сияқты гуманитарлық ғылымдар бүгінгі күні жоғары деңгейде даму сатысына көтерілді. Философиялық және теориялық тұжырымдамалардан ұзақ нақты ғылыми әдістермен адамды зерттейтін аталған ғылым салаларының қарастыратын тақырыптары күн өткен сайын кеңейе түсу, зерттеу әдістері де мейлінше баю және салалары да кеңею үстінде. Сонымен қатар осы салаларда қол жеткізілген мәліметтер жеткелікті деңгейге және нақтылыққа жеткен емес. Бұл - аталған ғылымарының әлі жас немесе зерттеу тақырыбы ретінде алған адамның жаратылысы қым-өиғаш болу ерекшелігіне байланысты.
Адам әрекеті психология ғылымының негізгі тақырыбы болып табылады және бұл оның құрамдас бір саласы болып табылатын дін психологиясына да қатысты. Осы салада зерттеулер тереңдеген сайын адамды одан да жақын түрде тани білу мүмкіндігі де соншалықты арта түседі.
Психология ғылымы
Психология анықтамасы. Психология термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан туындаған: «рух» (жан) мағынасына сәйкес келетін «pscyche» мен «ғылым» мәнін беретін «logos». Демек, осыған қарағанда психология «жан ғылымы» мағынасына сәйкес келеді. Бірақ бұдан психологияның тікелей рухқа зерттеу жасау деп түсінбеген жөн. Негізінде рух түсінігі асбрактілі ақиқатты қамтиды, ал бұл философиялық және діни түсініктемелерде сонау ерте кезден бері қарастырып келе жатқан проблема. Психологияның негізгі тақырыбы - адамның рухани өмірі мен әрекеттері. Психология рух пен денене тұтас қарастыра отырып, тарихи және әлеуметтік-мәдени жүйе аясында өз болмысын паш еткен нақты адамды қарастырады. Негізінде психологияның тәуелсіз ғылымға айналуы және даму жолына түсуі нақты ғылыми негізде зерттеулер жасауына байланысты.
Осы ғылымдар аясында бүгінгі күні психология адам әрекетін және әрекетке дейінгі кезеңдерді ғылыми тұрғыдан зерделейтін ғылым саласы ретінде сипатталады.
Сана және әрекет. Адам әрекетінің сырттай, тікелей бақылауға болатын және бақылауға болмайтын, тек ішкі жан дүниеде орын алатын жақтары болады. Осы ішкі, жан дүниемізді дүниеге әкелетін сезімдер мен ойлар «саналық халдер», «саналық кезеңдер» деп аталады. Адам әрекетін санадан бөлек қарастыру - адамды рухсыз машина тәрізді ойлау деген сөз. Демек, әрекет түсінігі бір жағынан сезімдер, ойлар, зеректік, сенімдер мен мінез-құлықтар тәрізді тікелей бақылауға болмайтын адам жан дүниесіндегі құбылыстарды, келесі жағынан сөздер, реакиялар, іс-әрекеттер сияқты көруге және естуге болатын алуан түрлі рухтың сыртқы әрекетін білдіреді.
Кешенді (шиеленіскен) әрекет. Адам әрекетінің ең негізгі ерекшелігі - кешенділігі. Адам белгілі бір уақытта тек бір мәселемен ғана шектелмейді. Осы жағынан индивидтің белглі бір жағдайда көрініс тапқан қандай да бір әрекетінің себебі мен мәнін ұғыну үшін ол жайлы әртүрлі мәліметтер алу қажет. Әрекет динамикасында адамның биологиялық ерекшеліктері, оның өткен өмір жолы, сол кездердегі ішкі жан дүниесі және оны қалыптастырған физикалық, әлеуметтік-мәдени ортасы қарастырылады.
Психологияның салалары. Адам өмірінің алуан түрлі қырлары бар. Бұл психология салаларының дамуына жол ашты. Тіпті, олардың әрбірі жеке мамандық саласы ретінде даму жолына түскен. Психологияның басты салалары ретінде мыналарды атауға болады:
Эксперимантальдік психология әрекеттің негізгі принциптерін тау және түсіну сияқты тақырыптарды зерттейді. Осы саладағы зерттеулер көбінесе сезім, зеректік, үйрену және еске сақтау, мотивация және сезім мен әрекеттің физиологиялық негіздері сияқты тақырыптар қарастырылады.
Жас психологиясы дүниеге келгеннен дүниеден өткенге дейін адамның жасына байланысты көрініс тапқан әрекет өзгерістерін, индивидтің дамуындағы ортаның рөлін зерттейді.
Адамилық психологиясы индивидтердің адамдық болмысы мен типтерін зерттейді, адамға тән сезім, ой және әрекет түрлерінің іргесінде жатқан негізгі құрылымдарды табуға тырысады.
Әлеуметтік психология индивидтің топ ішіндегі әрекетін және әртүрлі топтар арасындағы әлеуметтік ықпалдастықтарды зерделейді.
Жолбасшылық психологиясы адамның күнделікті сезімдік және индивидтік мәселелерін шешу, кәсіптік және академиялық тақырыптарда көмекші болу, ортасымен жақын қатынаста болуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген зерттеулер жиындығын қамтиды.
Мектеп және тәрбие психологиясы оқыту мәселелерімен және оқу-ағартушылық тақырыптарымен айналысады.
Жұмыс және индустрия психологиясы адамды кәсіби жетілдіру, жұмыста сапаны арттыру, адамдар мен жұмыс құрылымдары арасындағы байланысты дамыту сияқты тақырыптарда жұмыс атқарады.
Дін психологиясы адамдардың діни әрекеттерін қарастырады.
Дін психологиясы
Дін психологиясының тақырыбы мен зерттеу алаңы . Дін психологиясы - діни құбылыстарды зерттейтін гуманитарлық ғылым. Аталған ғылым дінді психологиялық тұрғыда зерттеуді басшылыққа алады. Демек, адамның ішкі жан дүниесі мен әрекеттері аясында діни қасиетке ие әрбір әрекетті өзінің негізгі зерттеу нысанасына алады.
Діни өмір сүру мен әрекеттің құрылымы мен мазмұнын және осыған қатысты рухани функциялар мен процестерді біртұтас қарастыратын дін психологиясы психологияның барлық салаларына ортақ қолданылатын ғылыми әдістерді қолданады. Діни өмір мен әрекетте жалпы психологияның ортақ ұстындары да негізге алынады. Демек, адамның діни өлшемін зерделеу деген сөз - оның жан дүниесіне тән барлық қырларын қарастыру болып шығады. Дін адамның жан дүниесіне көп ықпал ететін ерекшелікке ие. Діни өмір сүруді сезімдер, ойлар мен түсініктер, қалаулар мен идеалдар, әрекеттер, мерекетер, әлеуметтік қатынастар, моральдық және эстетикалық әрекеттер сияқты адамды зерделейтін барлық рухани кезеңдер ішінен қарастыруға болады. Адамның дінге бет бұруы оны жан дүниесіне бағыттап, біртіндеп адамдық келбетіне икемдеуі және бүкіл әрекеттерінде діннің ықпалын бейнелеуі тұрғысынан дін психологиясы адамдық болмыстың барлық жағын қамтиды. Осыған қарағанда діни бейімділік пен қабілет, діни қатынастар пен қалаулар, діни сезім мен тәжірибелер, дін сенім мен жүріс-тұрыстар, дұға жасау мен ғибадат, тәубеге келу және құдай жолына түсу, діннен бет бұру және имансыздық, мистицизм мен сопылық өмір кешу дін психологиясының басты тақырыптарын құрайды. Аталған осындай тақырыптарды қамтуда психологиялық салалардың да қосар үлестері бар. Мысалы нәрестеліктен бастап, қарттық кезеңге дейінгі шақтар ішіндегі даму кезеңдерінің әрбірінде жас психологиясының діни өмір сүру мен әрекеттердің ерекшеліктері зерттелген кезде, жас шамасының даму психологиясы мәліметтері негізге алынады. Индивидтің психология аясында алуан түрлі діндар индивид типтері жайында көзқарастар дамытылады. Ақыл-есі түзу емес діндар адамдардың жағдайы патологиялық психология мәліметтері аясында зерттеледі.
Дін психологиясының мақсаты. Дін психологиясы діни өмір сүру мен әрекеттерді, осыларға жол бастайын себептер мен факторларды индивидтегі жан дүниелік құлылымдарды, оған әсер ететін ықпалдарды да бірге қамти отырып, зерттейтін ғылым саласы. Аталған ғылымның мақсаты - адамның діни өлшемін зерделей отырып, объективті нәтижелерге қол жеткізу. Дін психологиясы діннің адам өміріндегі әсері мен өлшемдерін сипаттауға талпыныс жасайды.
Дін психологиясы және басқа да ғылым салалары. Дін психологиясы діни ілімдер мен гуманитарлық ғылымдармен қиылысатын ортақ қиылыста орын алатындығы белгілі. Осыған орай, аталған ғылымның беретін мәліметтері төмендегі ғылым бастаулары арқылы қол жеткізілетін мәліметтерден нәр алады: жалпы психология, дінтану ғылымдары және діни ілімдер.
Дін психологиясы жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан негізінде оның принциптері мен әдістерін пайдалана отырып, зерттеулер жүргізеді.
Дін психологиясымен қатарлас адамның діни өлшемдерін әр түрлі қырларынан зерттейтін бірнеше ғылым салалары қалыптасқан. Дінтану ғылымдары арасында орын алатын ғылым салаларының басында діни өмірді қоғамдық тұрғыдан қарастыратын дін психологиясы келеді. Тарих бойындағы діндерді зерделейтін діндер тарихы, діни құбылыстарды объективтік ақиқат аясында қарастыратын дін феноменологиясы, дінді алуан түрлі қоғамдар және оларды мәдени және қоғамдық құрылымдары тұрғысынан зерттейтін діни антропология, халықтардың діни мәдениеттерін салыстырмалы түрде және бір-бірімен байланыстары аясында зерттейтін діни этнология дін психологиясымен тығыз байланысты ғылым салалары болып табылады. Сондай-ақ дін психологиясы дін философиясының дамытқан концепциялардан, діни өнер мен әдебиеттен адамның діни қатынастарды және діндар адамның жан дүниесін түсіну және анықтау үшін қажетінше қолдана алады.
Діни белгілердің психологиялық түсініктемесі мен сипаттамасы көбінесе аталған белгілердің қалыптасуына әсер еткен діни сенім мен доктриналарды жақыннан зерделеуді қажет етеді. Сондықтан, негізгі діни дереккөздермен олардың түсініктемелері бойынша қалыптасқан діни ілімдер (тафсир, хадис, фиқһ, калам) кейде негізге алу қол жеткізетін нәтижелердің дәйекті болуы үшін қажет есептеледі. Сондай-ақ исламның пайда болуы мен таралуы, ғасырлар ішіндегі дамуы белгілі кезеңде үлкен қуатқа ие болып, халықтардың жан дүниесіне әсер етуі немесе индивидтер мен қоғамдар ішінде әлсіреуі діни динамиканың мәнін ашуда маңызды мағлұматтар беретіні мәлім. Осыған орай, ислам тарихы, мазхабтар тарихы, ислам мәдениеті тарихы сияқты ғылым салаларының берген мәліметтерге ден қою қажет.
Дін психологиясының әдістері. Дін психологиясының қолданылатын әдістері психологияның басқа салаларында қолданылатын әдістер болып табылады. Әдетте дін психологтары қарастырған тақырыптарды ерекшелігіне қарай төмендегі әдістердің бірін немесе бірнешесін қолдана отырып зерттеулер жасаған. Әдетте зерттеу әдістерін мәліметтерді жинақтау және мәліметтерді реттеп, оларға түсініктеме жасау деп екіге бөліп қарастыруға болады.
А) Мәлеметтерді жинақтау құралдары мен техникалары
Жеке құжаттар. Ішкі және сыртқы бақылауға негізделген адамның діни өмірі жайлы мәлімет беретін алуан түрлі жазбаша құжаттар, қағазға түсірілген диалогтар мен сипаттамалар дін психологиясының ғылыми тәсілдері арасында ерекше орынды алады. Индивидтердің өз өмірі жайлы қағазға түсірген өмірбаяндары немесе басқа адам тарапынан жазылған өмірбаяндар, естеліктері, хаттар, саяхат жазбалары т. б. мәліметтерді зерттеу нәтижесінде діни тәдірибе мен әрекеттерге қатысты құнды мағлұматтарға қол жеткізіледі.
Дін психологиясының негізін қалаушылардың бірі - У. Джеймс зерттеулерін көбінесе осы типтес мәліметтерге негіздеген. Алайда, оның зерттеулерінде өмірі зерделенген индивидтер діни жағынан алдыңғы қатарлы көзі ашық, таңдаулар адамдармен шектеулі қалған. Осы себепті оның зерттеуі сынға ұшырады. Жастардың діни дамуымен айналысқан кейбір дін психологтары да индивидтердің естелік дәптерлерін оқыған.
Анкеталар. С. Холл мен У. Д. Старбек сияқты алғашқы дін психологтарының жастардың діни дамуын анкеталармен анықтауға бағытталған зерттеулері кейінгі кезеңдерде анкеталардың кең түрде қолданылуына жол ашты. Белгілі бір зерттеу тақырыбына лайықты түрде дайындалған анкеталар дін психологиясында жиі қолданылатын мәліметтер жинау құралы болып табылады. Алайда анкета дайындауда өте үлкен біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді. Анкета алудағы мақсат - адамның жан дүниесіндегі діннің орнын анықтауға бағытталуы тиіс.
Тесттер. Психологияда зеректік, сәттілік, қабілет, қатынас, адамдық т. б. салаларда дамытылған көпсанды тесттер қолданылады. Мұның маңызды ерекшелігі - стандарт болғандықтан сенімді өлшем құралы ретінде мойындалады. Дін психологиясында индивидтердің діни қабілеттері мен қатынастарын, сенімдері мен әрекеттерін сенімді түрде өлшейтін стандарт тесттер кездесе бермейді. Алайда, индивид психологиясында қолданылатын кейбір техникалардан пайдаланылады.
Кездесулер. Бастапқы кезден жүйелі түрде дайындалған немесе жоспарланған сұрақтар бойынша кездесу, пікір алысу - зерттеу әдісінің керекті құралы болып табылады. Осы жолмен сенімді мәліметтерге қол жеткізу үшін пікір алысып жатқан екі жақ арасында шынайы, бір-біріне сенімді атмосфера қалыптасуы тиіс.
Семантикалық талдаулар. Семантика - сөздің мағыналық деңгейлерін зерттейтін ғылым саласы. Ақиқат пен тіл арасындағы арнайы байланысқа сай түрде сөздер алуан түрлі мағыналар береді. Адамның қолданған сөздердің әрбірі әлгі адамның айтып отырған көзқарастарын бейнелейді. Осы тұрғыдан семантикалық талдау адамдардың ойлау ерекшелігін, дүниеге деген көзқарастарын түсінуде жолбасшы болып табылады. Соңғы кездерде кейбір дін психологтары осы әдіске негізделген зерттеулер жасап келеді.
Діни мәтіндерді зерттеу. Діннің қасиетті кітабын зерделей отырып, ондағы адам жан дүниесіне әсер ететін мәліметтерді белгілі бір психологиялық көзқарас тұрғысынан түсініктеме жасау дін психологиясының зерттеу техникасы ретінде мойындалады.
Тәжірибе . Дін психологиясындағы тәжірибе әдісі сирек, шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Дегенмен осы әдіс негізінде АҚШ-та зерттеулер жасалып, еңбектер жарық көрген.
Ә) Мәліметтерді реттеу және оларға түсініктеме жасау әдістері
Жоғарыдағы құралдар мен техникалар арқылы қол жеткізілген дін психологиясы мәліметтері белгілі тәсіл және көзқарас аясында реттеліп, жүйленеуі және оларға түсініктеме жасалуы зерттеудің келесі кезеңін құрайды. Мәліметтерді реттеу, оған өз бағасын әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Мысалы, діни өмір сүру мен әрекеттер жалпы психологияның жүйесіне сай түрде жан дүниенің функцияларымен байланысы негізге алынып (діни тәжірибе, діни мотивациялар), реттеледі.
Генетикалық әдіс. Бұл әдістің негізі индивидтің әрекеттеріндегі себептілік пен нәтиже қатынасын оның өмір тарихына, өткеніне назар аудара отырып, түсініктеме жасаудан тұрады. Адам жаратылысынан моральды, өнерпаз немесе саясатшы болып туылмағаны сияқты діндар болып та туылмады, ол өмірге келгеннен соң ғана осы қасиеттерді иелене бастайды. Осы жағынан діни өмірдің адам өмірінің шақ дамуына сай зерделеу де дін психологиясының үлесінде.
Финоменологиялық (динамикалық) әдіс. Бұл әдіс индивидтің жас дамуын бір шетке сырып қойып, әрекет талдауында сол сәттегі психологиялық тақырыпты негізге алады. Белгілі бір сәтте индивидтің психологиялық ерекшеліктері, оның психологиялық ортасының мәні мен мазмұны анықталады және сипатталады.
Биологиялық және прагматикалық түсініктеме. Бұл әдіс дінді адам өміріне әсерлері тұрғысынан қолданылады, адам өмірінің одан ары жақсаруына діннің пайдасы тұрғысынан зерледенеді. Мұнда адам өмірінде діннің маңызы зор екендігі қуатталғаны сияқты, адамның дінге деген қажеттілігі жоғары екендігіне де мән беріледі.
Психоаналитикалық түсінікеме. Психоаналитика әрекет талдауында генетикалық даму әдісін қолданады. Оның келесі бір ерекшелігі - әрекеттерге түсініктеме жасауда саналы және санадан тысқары факторларға мән беруі. Дін психологиясында аталған әдіс адамның дін әрекеттерін санадан тысқары дүниеден бастау алатын мотивацияларға сүйене отырып түсініктеме жасайды.
Дін психологиясының тарихы және бүгінгі күні
Ислам әлемінде психология және дін психологиясы. Психологияның тақырыбы болып табылатын адам әрекеттері діни дәстүрдің басында да негізгі тақырып болып табылады. Моральдық құндылықтар мен тәрбиелік жүйе ретінде дін адамның ішкі жан дүниесін реттеуге бағытталады, басқаша айтар болсақ, дін адам мен құдай арасындағы қатынасты реттеуге бағытталады.
Ислам мәдениеті тарихында «Илму-н-Нафс», «Илму Ахуали-р-Рух» деп атау бойынша қалам тартылған еңбектер арқылы мұсылмандардың психология саласымен айналысқаны және осы салада өз ойларын білдіргені белгілі.
Құран мен Хадистерде адам және кейбір психолоиялық феномендер. Құранда «рух» термині бірнеше жерде ғана кездеседі. Оның есесіне аталған қасиетті кітапта «нафс» жиі орын алады. Нафс рух пен денеден құралған және мендік қасиетіне ие, нақты адам, адамдық тұлға, адамның мәні деген мағыналарға сәйкес келеді. Нафс - адамның ішкі мендігі, бүкіл адамдық тіршіліктердің қалыптасатын психологиялық саласы. Ғазалидің қуаттағаны тәрізді нафстың бірі денеге, келесі рухани әлемге бағытталған екі жағы бар. Осыған орай нафсте бір-біріне қарама-қайшы қасиеттері орын алады. Аталған бір-біріне қарама-қайшы қасиеттердің үстінде нафс өз болмысымен өзін ретке келтіретін, тепе-теңдікті сақтайтын жүйе (91/7-10), даму мен кемелденуге қабілетті (12/53; 75/2) динамикалық қуатқа ие. Алланың бар екендігіне дәлелдер сыртқы әлемде бар болғаны сияқты, адам нафсында да орын алады (41/53; 51/20-21)
Құранда адам тұрақсыз, құбылмалы, әлсіз, ашкөз, әдепсіз қасиеттерге ие (4/128; 70/19-21; 59/9; 64/16) ретінде де суреттеледі. Адам жанының болмысында орын алатын сезімталдық пен бейімділіктер (3/14; 18/34) әрекетке көп ықпалын жүргізеді. Міне, адам көбінесе осы қасиеттердің әсерінде қалып, құдайдың ұсынған жолынан тайып, төменгі дәрежедегі өмір сүреді. Өз рухының кемелденіп, рухыни дамуына тосқауыл болатын да өзі, өзінің субъективті әуестіктеріне бой ұсынуы. Адамның Алламен арасындағы қатынастарға нұқсан келтіретін және діннің ұсынатын шеңберінен тысқары өмір сүруге итермелейтін негізгі фактор да осы. Сондықтан, рухтың сезімталдығы мен биімділіктерін дамытып, құдайдың алдындағы жауапкершілікті ояндыратын принцип мүмін адамның қалыптасуында басты даму жолы болып табылады.
Құранда адамның табиғаты мен характеріне қатысты анықтамалар бірнеше жерде кездеседі. Адамның психологиялық қабілеті мен функциялары, оның жастық даму шақтары, адам типтері тәрізді тақырыптарда тұсініктемелер орын алады. Алайда, Құранда ең ауқымды түрде қарастырылған тақырып - имандылық (құдайға сенім) пен имансыздық психологиясы. Осы тақырыпқа қосымша уахи мен илһам, түс, діни насихатқа қарсы тұру немесе оны жақтау механизмдері, топ пен қауым психологиясы тәрізді тақырыптар да Құранда қамтылғанын атап өтуге болады.
Пайғамбар мен серіктері сүрген діни өмірдің индивидтік және құпия жан дүниелік жақтардың барлық деңгейлерін шынайы мәнін ашуға талпыныс жасады. Ардақты Пайғамбар басынан өткеретін уахи тәжірибесі жайлы жекелеген мәліметтер де берген және осыған куә болған сахабалар да осы сәттегі Пайғамбардың сыртқы бейнесін де бақылауға алған. Көрген түсті талдау және жору алғашқы мұсылмандардың ден қойған өзін ұғыну жолы ретінде бір мәнге ие болды. Сахих кітаптардың көпшілігінде түс және оны жору тақырыбындағы хадистер жеке бөлімді құрайды. Кейінгі кезеңдердегі ислам мәдіниеті тарихында осы тақырыпқа қатысты арнауы еңбектер де жарық көре бастады. Кейбір сахабалардың жан дүниесіне тән жағдайлар мен діни тәжірибелерін ішкі бақылаумен зерделегендігін хабарлайтын хадистер кездеседі. Аталған субъективті тәжірибенің мәні мен түсініктемесі Пайғамбардан сұралып отырған.
Мұсылман психологтары және психологиялық концепциялар
Ислам әлемінде дамыған ілім салалары тәрізді жан ілімінің де исламдық дереккөздер аясында пайда болғандығын одан соң ежелгі философиялық және мәдени мұралар арқылы дамытылғандығын атап кетуге болады. Орта ғасырларда энциклопедиялық және әмбебап ғылыми дәстүр ішінде жетілген ғұламалар мен ойшылдардың көпшілігі психологияның алаңына кіретін мәселелерге көп көңіл аударғандығы белгілі. Осы ғылым саласында жазылған жекелеген кітаптармен, трактаттармен қатар, кейбір исламдық ілімдердің ішінде де аталған ілімге тән тақырыптарға да орын берілгендігі байқалады. Мысалы, каламдық еңбектерде сезім, түсінік, қалау, иман, құдай жолы сияқты тақырыптар орын алады. Мұндағы негізгі мақсат - психологиялық зерттеу жасау емес, сеніммен байланысы жағынан аталған тақырыптардың мәні мен маңызын ашу. Адам жанына қатысты терең талдауларды суфилер жасағаны белгілі. Жанның терең де күңгірт алқаптарына сүңгіп, олар рухани кемелдену жолында басынан өткерген ішкі, құпия (эзотеориялық) тәжірибелерге сипаттама жасауға тырысты. Рухани сапар кезінде үнемі өзгеріп отыратын діни сезім мен экстаздар (хал) және белгілі тұрақ болып табылатын діни саналар (мақам) жайлы мәлімет беріледі. Сопылық дәстүрде «Илми Ахуал» деп аталатын ілім - суфидің тәжірибеге асыратын ішкі практикалары, сезімдері мен рухани толқулары жиындығы. Жанның табиғатын және ондағы дамып, кемелдену қуатын суфилерден артық ешкім меңгере алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz