Психология мен өнер таңдау.
Психология мен өнер таңдау.
Неге арналсаң, соны істе. Деген алғашқысында сәл сөз сияқты көрінсе
де, бұл мағынаның астында асса әлеуметке,қала берсе әр адамзатқамаңы зор
терең мәселе жатыр.
Әлеумет тұрғысындағы зор кемшіліктің бірі-әлеметтік мүшесі, әр.
адам өз орнында қызмет етпеу. Естеріңде болсын: Адам қалай болса солай
сүйреуге көне беретін тулақ та емес, қалай қақса солай домалайтын
алланың добы да емес. Адам-өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат.
Кісі іштен туғаннан ақ белгілі-бір өнерге, қызметке икем болып туады.
Басқаша айтқанда, әр. адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет немесе
зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа,
біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып
жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады. Адам ең болмаса
өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай
өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда
келтіреді. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі
болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адам сирек
болады. Адамның көбі ана жолға, бірі мына жолға бір түсіп өмір
бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолымен қызмет
істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, ондай адам
ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып,
бақсыз жан болып күнелтеді.
Санап қарасақ, әр. өнер, әр қызмет, мемлекетке керек.
Әлеумет те, мемлекетте әр. адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын
тілейді. Неғұрлым әр. мүшенің еңбегі жемісті болса, соғырлым
әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ. Әр. адамның еңбегі қашан жемісті
болмақ? Әр. адам өз жағынан әлеуметтің мүшесі болып, әлеуметке
пайдасын тигізуі керек. Екінші, әр. адам өз пайдасын, өз мақсатын
көздемек. Бас мақсатын біржолата ұмытып, әлеумет қызметіне берілетін
адам болу мүмкін емес. Ондай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін
еңбегін көп жұмсайды, . Біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек
сағалайды. Айырма жалғыз осында. Бұл адамның табиғатынан туатын
заң. Неге десеңіз әр. адамға тіршілік ету керек. Азды көпті
өмірін әр. адам өз көңіліндегідей мұңсыз өткізуге талпынады.
Сондықтан ең күшті мақсат бас мақсаты. Қайткенде әрі жеке адамның
әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Әр. адам табиғатына біткен
қабілетіне, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда
табылады. Әр. адам қабілетіне, ыңғайына қарай өз орнында қызмет
етпесе, әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді. Екінші әр. адам өз
жолымен жүре алмай, бөтен жолға түссе, оның зор таланты жарыққа
шыға алмай жерге көмеледі. Ондай адам өміріне разы да болмайды.
Сондықтан әр. адам сүйегіне біткен икемділігіне қарай қызмет етуі
керек. Ол үшін адам өзінде қандай талант. Қандай зеректік, қандай
қабілет, бір сөзбен қандай қасиет барлығын білу қажет. Дәлдеп
айтқанда әр. адам өзін-өзі тану керек. Өзін-өзі танымаған-өзгені
тануға да шорқақ.
Адамның өзін тану, өз жолын табуы өте қиын. Бұл қиындық
әсіресе жастардың басында. Олар тәжірибесіз, олар көңілі, ойы
құбылмалы, толқымалы, сондықтан өзін сынай алмайды. Өмір жолдары
тараулы. Жастар тоқсан жолдың торабында. Қай жолға түсерін білмей
дағдарады. Егер жазатайым болып теріс жолға түсіп кетсе өмірі
өкініші кетпейді.
Әр адам әлеуметке мүше болғандықтан әлеумет ісіне көмектес
болуға міндетті. Көмектес болу үшін өнер таңдау керек.
Әрбір өнер белгілі мінсіз қасиетін тілейді. Мұндай
қасиеті болмаса, қызмет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге
арналып, бейім бола туған адамда мұндай қасиет анық байқалады.
Біреудің басынан кешірген халін ұға білу, өзін өзгенің орнына қоя
білу, басқалардың кейпіне түсу. Оның үстіне артист болуға өткір
сезім, күшті қиял, жаттау қабілеті, ұстамдылық сипаттары да
қажет. Саудагер болуда, құнтақты, епті, айлакер, епшіл, жылман
болмайды. Саудагер көрсеқызар, шыдамсыз, күйгелек болса, ұрына да
ұтылады. Өткір сезім, күшті қиялдық саудагерге түкке керегі жоқ.
Әскер қызметі көнбістікті ерлікті, тәуекелшілдікті, тез
байыптағыштықты тілейді. Осындай өзгеше сипаттар әр. адамға белгілі
рең береді. Қай адам қандай кәсіп істейтіндігі сыртқы түрінен де
көрініп тұрады. Әскер адамның жүріс-тұрысы, сөзі даусы тез, тың,
кесілмелі, тақ-тақ келеді. Ал дүкенші болса, әдепшіл, жылмаң,
жарамсақ келеді. Жақсы оқытушы болу үшін ілтипатты тұрақты, кең,
мінезі ауыр жатық бойына берік, ұстамды болу кетек. Шәкірттерінің
қылт еткен қылығын байқап, жауабына әзір тұру керек.
Өнерге ыңғайлы болу үйренумен, машықтанумен жүре
табылмайды. Адам іштен туа өнерге бейім бола туады. Менің
табиғатым нені қабылдайды? Ішімдегі даусым мені қайда шақырады?
Менің менмендігімді сыртқа шығаратын ең басым, күшті ыңғайым,
талабым қайсы? Сол дауыстың айтқанына жүруім керек. Адамның
өзге сипаттарының бәрінен артық жетілетін талабы осы болу керек.
Өмір жолының тоғысында тұрған әрбір адам осылай істеуі тиіс.
Бірақ бұл оңай іс емес. Бұл мәселені шешуге әзір мектеп те
жараған жоқ. Мектеп те, үй іші де бұл жағынан келгенде жас
буынға түзу жөн сілтей алмай келді. Үй іші баласын белгілі өнерге
арнағанда, оның ыңғайымен есептеспейді. Көрнекті орында бедел
алатын, мал табатын қызмет еткенін қалайды. Ал енді жас буынның
өз таңдауына жіберсек, өзі одан ары адасады. Кейде жолдасы қай
жолды таңдаса, ол да соған еліктейді. Кейде біреудің орнына
(дәрежесіне) қызығып, соның жолын көксейді, сонымен теріс жолға
түсіп кетеді. Ыңғайы келмейтін қызметті істегеннің сазайын ондай
жігіт келешекте мықтап тартады, бармағын шайнайды. Өмір бойы өз
жолына түсе алмаған адам бір бос мойын, сорлы жан. Өз жолында
қызмет ету – ырыстың басы. Шу дегеннен өзінің тура жолын тауып
алатын ырысты адамдар да бар. Ондай адамдар өз жолын не қиуадан
кез келіп қалады. Болмаса жасынан-ақ бір өнерге үздік туғаны анық
көрінеді де, бейімделген жағына ауып кетеді. Қайғысыз адам өмірде
сирек ұшырайды. Көпшілік өмір боиы қараңғыны қармалап, әр. өнердің
басын бір шалып, бір өнерге жығыла құмарлық немесе екі мүдде
болмайды, болса да арқтық байқалмайды. Іштегі жасырын дауыс жер
жүзіндегі іске көмекке шақыру, сол дауыстың сілтеген бетіне жүру,
әсіресе, осындай адамдарға керек. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз,
қабілетсіз адам сирек болады. Әсілінде әргімде бір қабілет болуы тиіс.
Бірақ сол қабілет қандай қызметке керектігін табу керек. Әрине, біреудің
қабілеті артық, біреудікі кем, біреудің жұмысы өрге домалайды, ол жұмысты
екінші біреу істесе, орнынан да мызғыта алмайды. Біреудің басы милы,
біреудің қолы епті. Мұның екеуі де әлеуметке керек.
Бір іске олақ адамды ешнәрсеге икемсіз, мүлдем топас адам деуге
болмайды. Рас, адамның көбі іске тұрлаусыз, табансыз, бірді бастап, бірді
тастағыш келеді. Мұндайлар толық адам емес. Бұлар дауыстың өзі емес,
жаңғырығы. Бұлар әрі-сәрілер. Бұлар қай ортаға келсе, сол ортаның жағдайына
ыңғацйланып жүре береді. Өз ойынан шығаратын үздік өнері болмайды . Олар
есекке қосақталса да, атқа қосақталса да үйір болып кетеді. Дегенмен, ондай
кісіде тіпті ыңғай жоқ деуге келмейді. Ыңғайлы болсада, дер кезінде
ұстармаған, жетілмеген болады. Тура жолына түсуге адамды табиғаты тура
жетектей бермейді және адамның жетілуі де дәйім бір уақытпен жүре бермейді.
Әр. адамның өмір ағымын зерттесек түрлі қабілеті түрлі мезгілде өсіп-
өнетінін байқаймыз. Біреу салғаннан кең жолға түсетін болса, енді біреу
өмірде өр қызметті бір ұстайтын болып жаралады.
1.2. Психология оқулығының 20-30 жылдардағы мәні.
Кітап 12 тараудан, 102 параграфтан тұрады. Мұндағы негізгі
тараулар мен параграфтардан бізге сол кездегі бүкіл әлемдік психологияның,
сондай-ақ орыс психологиясының белгілі өкілдерінің негізгі идеялары жаңадан
түлегені белгілі. Мәселен, психология пәніне діннің әсері қандай, бұл
жөнінде діни түсінікпен қатар, даналық және эксперименттік психология жанды
қалайша түсіндіретініне тоқталып, бұларды қазақ оқырмандарының ұғым-
түсініктері деңгейін ескере отырып баяндайды. Аймауытұлы Психологиясының
80-82 беттерінде баяндалатын Адамның айуаннан өзгешелігі деген
параграфта да осы кітаптың негізгі бір түйінді мәселесі қозғалған. Автор
Аристотель айтқандай, адамды жәндік деп атайды. Әрбір жәндікте деп жазды
Аймауытұлы,-болатын сыртқы әсерге қозу, іске ұмтылу сипаттары адамда бар.
Жәндіктікі тәрізді, адамның қылығы да көбінесе соқыр сезімді, әдетті
қозғалыстардан тұрады. Оның да ең күшті соқыр сезімдері: тамақтану,
балалау, бас қорғау. Адамда жәндіктер секілді қоғамдасып жасайтын жануар.
Жәндік сөзін жиі қолдануына қарағанда, Аристотель Аймауытұлына ерекше әсер
еткен секілді. Адамды сөйлейтін жануар деу Аристотель заманынан айтылып
келе жатқан дәстүрлі түсінік. Ж. Аймауытұлы өз ойын былайша жалғастырады:
Адамның қылығы да еліктеу, қоғамға ыңғайласу арқылы көзге көрінеді.
Адамның да айуанның да рух қызметтері сайып келгенде шартты рефлекске
айналады. Ендеше, әр алуан сөйлеген сөздер адамның қылығын ашуға кілт
тауып береді. Адамның жануардан мынадай ерекшеліктері бар, адам өзгеше
саналы айуан, маймылдар орманда, ағаштың басында жүреді, қолдарымен
бұтақтан-бұтаққа жабысып, секіріп, денесін едәуір тік ұстайды.
Аймауытұлының осы тұжырымы Ф.Энгельстің Маймылдан адамға айналудағы
еңбектің ролі атты кітапшасынан алғаны байқалып тұр. Бір кезде
ертедегі маймылдар жерге түсуге тура келген деп жориық. Әрине,
жерге түскен соң қозғалу керек. Денесін бұрын да тігірек ұстайтын маймыл
қозғалатын болған соң қолымен ешнәрсе ұстамай, жердің әуесіне ыңғайланып
жүретін болған. Заман өткен сайын денеде түрліше өзгерістер бола берген.
Бірінші денені тік ұстап, табанын жалпағынан баспақ, ағашқа өрмелеуге
қызмет ететін қолдың бірнеше бұлшық еттері қызметі азайған соң жоғала
бермек. Осылайша Ж.Аймауытұлы еңбектің арқасында біртіндеп маймылдардың
адамға айнала бастағанын, осы арада қолдың қызметіне еңбек құралдарын
жасаудың маңызына тоқталған Ф.Энгельс ойларына зер салып өтеді. Адамның
арғы тегіне көз жіберсек,-деп жазды Аймауытұлы,-тік жүрудің арқасында
біртіндеп, өте сезінгіш, құбылмалы күйге түскен. Осыдан барып жүйке
саласының өте нәзіктігі, әсіресе қасты, қабақты ашып-жабатын, мұрынды
тыржитатын, ауызды жоғары – төмен қозғайтын, тағы осы секілді беттің
кейіпін өзгертетін уақ еттердің жетілуі пайда болған. Ж.Аймауытұлының осы
пікірлерінің барлығы да ғылыми шындыққа сәйкес келетін тұжырымдар.Бет
қимылы, қолдың қозғалысы, дауыстың сөзге айналуы, бұлардың бәрі қоғамдық
сипат алуға зор ықпал еткен. Адамның айуаннан тағы бір басты ерекшелігі
оның денесінде түгі, жүні жоқ, жалаңаш. Бұл жайт қозуды, әсер алуды
күшейтеді.Неғұрлым тері жұқа, тәу етек, жалаңаш болса, соғұрлым сырттан
әсер алуға қабілеттілік күшті болады. Алған әсерді миға көбірек жіберуге
жағдай жасайды. Автордың пікірінше, денеің жалаңаштығы ми көлемін ұлғайтуға
да себеп болған.Адамның миы маймылдың миынан үш-төрт есе үлкен. Басқа жүйке
салаларына қарағанда үлкен мидың салмағы адамда анағұрлым басым келеді.
Әсіресе адам миының сұрғылт заттары өте күшті жетілген. Адам миы
қабығындағы қозғаушы тетіктерде ерекше жетіле-ген. Осы тәрізді анатомиялық-
физиологиялық ғылыми түсініктер қазақ оқырмандарына тұңғыш рет
Ж.Аймауытұлының Психологиясы арқылы жеткені хақ.Психология кітабының
келесі бір көңілге ұялайтын, қазіргі ғылыми тұжырымдарға өте-мөте жақын
жері Денедегі мүшелер, олардың қызметтері туралы мәліметтер. Бұл жерде
автор жоғары жүйке саласына арнайы талдау жасайды. Жүйке саласы дегеніміз
ми, жұлын, сол екеуінен тарайтын бұтақтар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы-
үлкен ми. Мида үнемі қозу жүріп отырмаса, жан күйі де көрінбейді.Мидағы
өзгерісте әр. кезде алуан-алуан сипатта жүріп отырады, осыған орай жанның
ағысы да түрлі-түрлі болады. Ми кінараттанса, яғни зақымданса, жан шындықты
дұрыс бейнелей алмайды.Барлық жан күйінің кілті де мидың қолында. Бұрынғы
психологтардың жанның қожасы ми дегені дұрыс. Ми дегеніміз-күлліденедегі
қызметтерді басқарып тұратын тетік. Жүйкеніңң бәрі мидан тарайды. Жүйке
сырттан алған хабарды миға жеткізеді, мидың бұйрығын шетке таратады. Миды
телефон станциясына ұқсатуға болады. Пәлен үйдің номерімен қос деп
станцияға сылдыратса, ол дереу қосып жібереді. Бірақ мидың бұдан
айырмашылығы бар. Станция тілеген жерімен өзі сөйлесе алады. Ми олай емес.
Сырттан я шеттен хабар алмай, өз бетімен бұйрық бермейді. Миды ортақ
үкіметпен салыстыруға болады. Пәлен жерде бір залым молда немесе ишан елге
өтірік лақап таратып, мал жинап жатыр деп бір адам орда өкіметке хабар
берсе, орда үкі мет ол адамды ұстап, сотқа тарт деп, дереу милицияға
бұйрық етеді...
Аймауытұлының осынау түйіндері ми қызметін қарапайым қазаққа жеңіл
тілмен түсіндірудің тамаша үлгісі. Автор жүйке саласы көзге көрінбейтін
заттардан құралатынын оның нейрон деп аталатынын да дұрыс көрсеткен.
Нейрондар,-дейді ол-біріне-бірі қайнасып, тұтасып кетпегенмен, арасы
бірігіп тұрады. Сол біріккен нейрондар шілтер клетка туғызады. Бұл жерде
клетка деген ұғымды шілтер деп автор төл тілімізге тұңғыш рет ұсынып отыр.
Шілтердің дәні (ядро) болады; шілтерден бұтақтар тарап, кейбірі ұзарып
кетеді. Сонымен, жүйке дәні бар, бұтағы бар шілтерден құралады деп айтсақ
дұрыс болады. Кітапта шілтердің атқаратын функц иясы, оның құрылысы т.б.
осы сек ілді мәселер баяндалады. Автордың түсінігінде ми сабағында жұланнан
кейін ұзынша ми, онан кейін ортаңғы ми, мидың ішкі құрылысындағы көру
түймесі, төрт төбешік; кішкене ми, үлкен ми жөніндегі мағлұматтары қазіргі
жоғары жүйесі физиологиясының негізгі түсініктерімен сәйкес келіп отырады.
Ол жұлынның ұзынша, ортаңғы, аралық мидың атқаратын қызметіне тоқтала
келіп,
адамның қарапайым психикалық тіршілігіне қатысып отыратын рефлек
стердің сыр-сипаттарын да дұрыс көрсеткен. Жүйке саласының қызметіне
тоқталғанда ондағы қозу, тежеу процестерінің атқаратын қызметтеріне
тоқтаған.
Ж. Аймауытұлы осы параграфта психологияның адамның сыртқы мінез
құлықтары туралы ғылым екенін тағы да айта келіп, әр түрлі қимыл
қозғалыстарға терең талдау жасайды, олардың кейбір күрделі түрлеріне нақты
мысал келтіреді, адам өміріндегі алатын орнын көрсетеді. Мәселен ол бастың
ілгері қозғалысы, одан соң кейін шалқая бұрылуы, ежанына қисаюы, омыртқаның
тік қалпы, не алға бүгілуі, омыртқаның айналуы,не екі жағына қисаюы тағы
осы секілді анатомиялық-физиологиялық қызметтерге терең талдау жасаған.
Автор жүйкенің негізгі кіндігі, арнаулы орталығы болатынын түсінікті тілмен
жеткізген. Оның бұл айтып отырғаны қазіргі ғылым тілінде орталық жүйке-
жүйесінің құрылымы екені түсінікті. Ж. Аймауытұлының ми құрылымына орай
айтқан пікірлері қазіргі психология мен физиологияда, кейіннен Бернштейін
мен Анохин еңбектерінде тереңдетіле өрістегені белгілі.
Осы тарауда ми мен жұлынның атқаратын басқарушылық роліне ерекше
мән беріледі. Мұнда автор тағы да рефлекс тақырыбына тоқталады. Автордың
сол кездегі түсінігі бойынша рефлекс деген ұғымды қозғалыс деп
аударған. Рефлекс сөзін тұңғыш рет француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650)
қолданған, ол төл тілімізде бейнелеу деген ұғымды білдіреді. Қозғалыс
психологияда жиі қолданылатын ұғым, оның орысша баламсы-движение. Біз осы
жерде автор қолданған терминдік атаулардың шұбалаңқылығын атап өтуіміз
керек. Ал жан туралы айтқандары ешқандай дау тудырмайды. Осы мәселеде де ол
қазақ өмірінен мысалдар келтіріп, психологияны ұлт ерекшелігіне орайлас
жағынан жақсы аңғартады. Мәселен ол рефлекс қозғалысын түсіндіру үшін
мыныдай мысал келтіреді. Біреу жүгіріп келіп, атыңды ұры алып бара жатыр
десе, жүрегіміздің соғуы шамалы тоқтап қалады да, сонан кейін қатты соғады.
Құлаққа естілген дауыс толқыны дереу миға хабар беріп, содан кейін адымдап,
тез жүре бастаймыз. Бұл келтірілген мысал өте дұрыс, яғни Декарт заманнан
келе жатқан рефлекстік доғалық принціпінің жақсы мысалы.
Ж. Аймауытұлы рефлексті доға принціпі бойынша, яғни Р. Декарттың,
кеіннен И.П.Павловтың пікірлеріне орай түсіндіреді.Сонымен автор рефлекстің
қандай түрі болмасын, көзді ашып-жұмғанша тез болады деп түсіндіреді.
Мысалы, жүгіріп келе жатып жығылсақ, денеміз жерге қатты соғылып,
жараланып, мертігіп қалмас үшін екі қолымыз жығылатын жаққа бұрын барып
тиеді. Көзімізге бір қиыршық барып түссе, соны кетіргенше арпалысып,
қабағымыз еріксіз жыпылықтап, жиырылып, көзімізден жас аға бастайды. Бұл
жерде автор адамның дене қозғалыстарының, яғни көздің, дененің түрлі
қозғалысқа түсетінін дұрыс көрсетіп отыр. Бұл рефлекстер сыртқы әсердің
нәтижесінен туындап отырады дейді ғылыми тұжырым.
Автор түс көру, ұйқы дегеніміз-мерзімді демалыс, тыным алу
керектігін айта келіп, ұйқы кезінде адам сана бақылауынан тыс болады,-деп
дұрыс тұжырым жасаған. Өйткені психологияда санаға байланысты және санадан
тыс ұғым-түсініктері бар. Адамның ұйқысырап сөйлеуі, түс көруі, сан алуан
еріксіз қозғалыстары-осы айтылғанның нақты мысалдары. Осындай сәттерді
автор дұрыс түсіндіреді., ұйықтағанда дене қызметінің босаңситынын,
белсенділіктің төмендейтінін айта келіп, осынау жан құбылыстарының сыр-
сипатына ғылым әлі де толық жауап бере алмай отыр деген пікірді алға
тартады. Әрине, сонау 20-жылдары И. П. Павловтың ілімі көпшілікке оншама
мәлім бола қоймаған кезде, мұндай тұжырым жасаудың сөкеттігі жоқ екені
түсінікті. Ж.Аймауытұлының пікірінше, адамның ұйқыға кетуінің себебінің
бірі-оның жүйке саласының шаршап, қажуы. Адам шаршағанда жүйке шығынын
толтыру үшін, жұмысты уақытша доғарып, демалу керек. Ұйқы келетінінің
келесі бір себебі-белгілі іспен айналыспай, адамның іші пісіп зерігуі. Бұл
айтқаны да шындыққа жанасады. Ақыл-ой қызметімен үнемі шұғылданып
әдеттенбеген қарапайым адамның қолын бос қойсақ, іші пысудан қалғып,
ұйықтап кетеді. Кейбір жұмысы жоқ, тамағы тоқ қазақтардың ұйқыдан бас
көтермейтіні терең ойдың жоқтығы , мұны кезінде ұлы Абайда айтқан деп
күйзеледі ол. Адамның ұйқысын келтіретін, жалықтырып жіберетін тағы бір
себеп-біркелкі әсер. Мәселен, үнемі ырғалып,түйеге мініп келе жатқан адам
күн ұзақ жүрек қылын тербеткен қоңыр үнді тыңдап отырғанда ұйқыға бата
бастайды. Автор ұйқы кезінде демалу, тамыр соғу, қан жүру, ас қорыту
мүшелерінің қызметінің жүріп жататынын айтады. Автордың осындай деректері
ғылыми тұрғыдан айна қатесіз түсініктер. Мұндай деректердің сол кездегі
көшпелі қыр қазақтары үшін ғылыми-ағартушылық мәні де аз болмаса керек.
Ж.Аймауытұлы көз байлау, гипноз мәселелеріне байланысты түсініктерін сол
кездегі физиологиялық, психологиялық әдебиеттерде баяндалған мағлұматтардан
алған. Бірақ ол осы құбылыстың, оның ғылыми астьарына терең бара қоймаған.
Біздіңше, кітап оқу құралы болғаннан кеін осы секілді мәселелердің нақты
тетіктерін сипаттауды өзінше мақсат етпеген ғой деп ойлаймыз.
Кітаптың 11-ші тарауында қай-кезде де мағынасы жойылмайтын теріс
қылықтың табиғатына арналған. Жалпы қылық мәселесі бихевиоризм бағытын
ұстанғандардың , сондай-ақ П.П.Блонскитдің ерекше мән берген
проблемасы.Автордың қазақөмірінен алынған мысалдармен терісқылықтардың
психологиялық табиғатын түсіндіруі көңілге ұялай. Кейбір
қызметте өзгелерді өз беделіне бағындыра білу, асыға өрге домалаудың бір
белгісі. Бұл, мәселен, әскерлік қызметі. Әскерді бастап, соңынан ерту,
оларды бағындыру, оларға әмір жургізу әскер қызметінде зор маңызды өнер.
Сондықтан әскер жұмысы барлық әскер басығы байлаулы. Әскер басы қандай болу
керек деген мәселе әскер жайында көбірек қозғалған, көбірек тексерілген
мәселе. Бастық болуға қандай қасиет керек? Қандай қасиет болмаса бастық
болуға жарамайды? Бастыққа керекті басты қасиеттер мыналар болуы керек:
Күшті қайрат, кейде үздік жетілген қайрат, өз бетімен ойлау, өздігінен
істей білу, кейде кенеттен ұшыраған жұмысқа тез жол тауып, айла құрып,
шығыс табу. Оның үстіне осы қызметім пайдалы деген сана, өз қызметін шын
сүю керек.Мұндай сана болмаса өзге қасиеттері қандай күшті болса да
жарытпайды. Қызметін сүю, жан-тәнінің барлық күшін дәуірлетіп,
шабыттандырады, қыздырады, ерлікке,батырлыққа айдайды.
Өзгелерге бұйрық беріп бағындыруда білуде тағы да түрлі қасиеттер
керек. Азды -көпті көсемдігі, тапқырлығы,қызметке құнты, батылдығы,
тәуекелшілдігі, ұстамшылдығы, шыдамдылығы, болмаса, жақсы басшы бола
алмайды. Әрине жалғыз шыдамдылықта жетпейді. Бірақ шыдамдылық бірі өзіне-
өзі сенімділік, жаңылып кетембе, жоғары ұлықты ренжітіп аламын ба деп өзіне-
өзі сенбей қорқа берген әскер басы берекелі іс шығара алмайды. Қызметке
қызу наным, өзіне ықтият ықпал жүргізудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz