Психология пәні және міндеттері.Психология ғылымының қолданбалық (прикладной) мәні



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары.
Кіріспе
1. Психология пәні және оның міндеттері.
2.Қазіргі заман психологиясы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Психология пәні және оның міндеттері
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің
зерттеу объекті болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғаның,
биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат
құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының
алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам
шеңберіңде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен
карым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының
негізінде жатқан қызықсыну уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі
кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы
бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей
тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның
болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл
қоғамның кемедденуі үшін ете қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-
жақты зерттелетін объект, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейкесті
мәселелермен айналысады. Солардың ішіңде қоғамдық ғылымдар
әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып
өтуі тіпті мүмкін емес. Солай болса да, әрқандай ғылым басқасынан өз
пәнінің ерекшелігімен ажырап тұрады. Л.С.Рубишнгейн "Жалпы
психология негіздері" (1940) атты еңбегіңде Психология
зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп түр олар біздің
қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниеттеріміз бен
тілектеріміз, т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің
жан толғаныстарымыз үшін дені жан толғаныстарымыз үшін денімізге
ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны - деген. Психологиялық дүниенің
бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы -
ол түйсік, сезімнен ғана керінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
Мысалы, қаншалықты өдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын
сезінуі қиын; керең - тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды;
махаббат доззатына өзі бөленбеген адамға ол жәніңцегі әңгіме-дастан да
түкке де тұрмайды.
Психология ерекшелікгерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып
болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты
заттың өзі мен оиың қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралын тұратыны
наусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға
терең бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай
адам ұстамға келетін тәннен және керін-бейтін жаннан бірінен-бірі дербес
екі белікген тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның
тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Ал адам ұйқыдағы
кезде, жан оның тәнінен уақытша ажырап, қандай да бір басқа жерге ауысады.
Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми
талдауға түсіп, зерттелгенге дейін идамдардың бірінің екіншісі
жөніндегі қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала
берді. Адам психика жөніндегі кейбір түсінікгерді өз өмір
тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек
барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы
адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар
ғылыми психологияға дейінгі (білімдер ауқымын құрады. Осы біршама
біліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-
әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізді. Бірақ мұның бәрі
тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз
күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем
әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті ұлгілерінен (мақал-мәтел, ертек, әпсана)
ұғып, түсініп келдік. Қазіргі заман психология теориялары мен
психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан
ұрпаққа жеткен асын рухани мұрадан келіп шығады. Психологияның жантану
ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені (предмет) не?
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,
психологияның әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген
көзқарасының өзгеріп барғанын байқаған жөн. Психология өте ежелгі де, өте
жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлі
алда. Психологияның дербес ғалыми сала болып танылғанына енді ғана жүз
жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих
тұңғиығыңда бастау алған пәлсапамен бірге келе жатыр.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология
жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал
тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз
психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен үштасып,
өзінің эксперименттік зерттеулерін үйындастыра бастаған дәуірі. Бұл XIX ғ.
кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар
тереңінде өріс алды.
Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы
ғылым (психо — "жан", логос — "ғылым") дегенді аңғартады. Кең тараған
түсініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға
байланысты дүниеге келген. Шыныңда да, ғыным тарихы көрсеткеніндей, ежелгі
грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізіңде
бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-
пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде - жан жөніндегі діни-
мифологиялық көзқарастарға қарсы күресіңде дамуын тапты. Осыдан, жан
жөндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының
кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы
ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға
соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы
түсіндірді. Психика мәніне байланысты көз-қарастардың қалыптасуы мен дамуы
философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани
болмыстардың ара қатынасын - шешуге тәуелді болып келді.
Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей
қарсы философия бағыттары - идеализм мен материализм - пайда болды.
Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға
тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика
-туынды, материяға тәуелді құбылыс.
Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани
бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәнгі жойылмас жанның
көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің
түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі.
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметі
жөнінде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге
келуімен тәнге еніп, оның өлуімен үшып кететін жан және рух әрекеті
деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның әр түрлі
мүшедерщде жасайтын ерекше бір жұқа зат не тіршілік иесі деп білген.
Діннің пайда болуынен жан "о дүниемен" (байланысты, көрінбейтін
әрі меңгі жасайтын, тәннің өзгеше бір екінші баламасы - рухтық зат
деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан
туындайды деп есептеген әртүрлі идеалистік бағыттар қанат жайды. Адам
психикасы - рухи өмірдің көрінісі, сондықтан ол митсриалдық дүние
заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни догматтар
адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге үмтылған ғылыми ой-
пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып тастады.
Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс-өзгерістерге енгенімен
өмірлік іс-әрекеттің қозғаушы күші - жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре
алмады. Тек ХҮШ ғ. псикология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір
есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпгі дене
әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып,
дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады.
Декарт ғылымға екі түсінікгі рефлекс және саңа - бірдей енгізді. Бірақ ол
өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара теуелсіз екі
болмыс - материя және рух - жасайтынын уағыздады. Сондықтан да
психология тарихында бұл Декарт тағылымы Дуализм (екі тарапты)
атауын алды. Дуалистер көз қарасында, психикалық табиғат ми
қызметінің өнімі емес, мидан тыс, оған тәуелсіз, өз бетінше жасайтын
құбылыс екені түсіндірілді. Бұл бағыт ғалымда обьективті идеализм деп
аталды.
Дуалистік тағлимат арқау етіп XIX ғ. Психологиясында
психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды. Бұл
бағыттың мәні: психика және тән қатар, бірақ өзара тәуелсіз жасайды. Мұндай
идеалистік көзқарасты дәріптеушілер Вуңдт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс,
т.б.
Шамамен осы дәуірде психология дені жөніңде жаңа түсініктер қылаң
бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы
беріліп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы
орнына сана психологиясы жүзеге кедді. Бірақ сана көп уақытқа дейін
басқа табиғи процестердің бәрінен оқшауланған ерекше құбыныс ретінде
қаралды. Енді саналық өмір Алла жаратқан ақыл көрінісі немесе сананы
құраған қарапайым элементтері бар субьективтік сезім нәтижесі деп
есептедді. Бірақ идеалистік бағыттағылардың бәрін біріктірген жалпы пікір:
психикадық болмыс - бұл ғалыми талдауға келмейтін, себебін түсіндіру мүмкін
емес, тек қана өзіңдік бақынаумен танылатын субъектив дүние
екендігі. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм
интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзімен
өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің өзінен
де толығымен ара байланысын үзді.
XIX ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы
өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін
қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды.
XIX ғ. аяғыңдағы барша теориялар, XX ғасырдағы біршама тағылындар сананың
осы интроспекттік психологиясы шеңберіңде зерттелді. Бұл теориялар бойынша
психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне
байланыссыз жан толғаныстарымен көріністеріне негізделді. Ал сана мен ми
арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Интроспекттік психология аймағыңдағы теориялардың бір-бірінен
айырмашыныш сананы құрылымы, мазмүны және белсенділік дәрежесіне қарай
әрқилы сипаттаудан болды, яғни бір сипаттама жетекші деп есептеліңді. Осы
тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулерін 5 бағытта алып
барды:
• саналық элементтер теориясы (В.Вувдт, Э. Титченер);
саналық әрекеттер психологиясы (Ф.Брентано);
саналық ағым (сел) теориясы (У.Джемс);
дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
Дильтей суреттеме психологиясы.
Бұл теориялардың беріне ортақ түсінім: қоршаған дүниемен белсенді
қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар іс-әрекеті сана белсенділігі
деп танылды.
Психологияда эксперименттік әдістің орнығуына қарамастан, бұл
дәуірде аталған теориялардың бәріне тән ерекшелік психикалық
құбылыстардың мәнін түсіндіру емес тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж.
Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды лаборатория ұйымдастырды.
Сана психологиясына эксперимент қою ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні және оның міндеттері
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Психология ғылымының пәні мен объектісі
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының дамуы
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Психология туралы жалпы түсінік және оның даму жолдары
Пәндер