Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Лекция тақырыптары
1 Бөлім. Психологияға кіріспе
Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың
байланысты болуы
Аффект – жан толқуы деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық
күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ
етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол
қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі
әрекет.
Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та
қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына
қатысты бақастыруды негіз етеді.
Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік
бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі гештальттар
(психологиялық құрылымдар) деп санайды.
Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі.
Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң
орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.
Детерминизм принціпі – философиялық және методологиялық ұстаным
бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық
себептер мен заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның
тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты
жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп
қарайды.
Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы
және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету
құлқы.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін
қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты.
Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Рефлексия – латынша бейнелеу ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі
білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті
шындықтың адам миындағы бейнесі.
Темперамент – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес
адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам
мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің
күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі
сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.
Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд
есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы
факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан
тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу
қабілеттілігі және оған жанашырлық білдір
Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін
өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа
қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық
психикалық критериі болып табылады.
Психологиялық функциялар. Адамдар мен әлемнің арасындағы
байланыстардың айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға
құрылымына кіретін 4 функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар
ретінде біріктірілген, себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың
қалыптасуына мүмкіндік береді.
Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму
және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де,
негативті де аяқталуы ықтимал.
Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен
бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз
жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ,
өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен
алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі
дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын
рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған
бұл формасы қазіргі фольклорда, әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті
қисынсыз форма қабылдайды.
Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан
берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.
Эго. Біз нені сезінсек соны белгілеуге арналған К.Г.Юнг қолданған
термин.
Т.б. ұғымдар
1-тақырып. Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері
Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Дәріс мақсаты: Студенттерде психология пәні, мақсаты, міндеттері мен
әдістері, психология ғылымының салалары, әдістері. қазіргі кездегі
психология, психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы туралы
білімдерді қалыптастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері.
2. Психология ғылымының салалары, әдістері.
3. Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы.
Дәріс тезисі.
1.Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері. Адам танымының
жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні
болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні - психика. Психология
ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен
ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни
солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін,
әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір
заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық
құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін
ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де
тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз
байланысты. Зерттеу обьектісі-адам. Психика - обьективті дүниенің
субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің
зерттеушісі. Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім
сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды,
яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы
мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз
және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда,
оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты
өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл,
қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз
бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды,
олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды-сөз болып отырған психология
ғылымы қарастырады.
Психологияның тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психологиятермині
гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); Жан туралы
ілім деген ұғымды білдіреді. Психология термині алғашқы да 16 ғ. пайда
болды. Бастапқы да ерекше сезімді психикалық құбылыстар зерттеулерімен
айналысты. Ол құбылыстар әр адамды өзін-өзі бақылау арқылы көре алады. XVII-
XIX ғ. психиканың зерттеу сферасы көбейді. ХХ ғ. психикалық зерттеулер
көптеген ғасырлар бойы жинаған құбылыстар айнасынан бөлінді және өзінің
бастапқы жағын жоғалтты. ХІХ ғ. психология ғылыми білімінің жеке және әрі
эксперименталды аймағы болып қалыптасты. Психология алдымен өзіне
субьективті құбылыстарды, яғни адам және жануар психикасын зерттеді. Басқа
құбылыстар адам мен адамдар арасындағы байланысты реттеп, олардың іс-
әрекетін басқарды. Сонымен қатар психология адамдар арасындағы қарым-
қатынасты, мінез-құлқын, олардың психикалық құбылысқа байланысын және оған
тәуелділігін зерттеді.
Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және
тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы
психология ғылымы қарқынды даму үстінде.
Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму
барысындағы заңдылықтарды зерттеу ( Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік
беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияның басқа ғылымдармен
байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын
көрсету; Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін
зерттеу).
Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған
байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай
дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып
көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі,
сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық
құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына
байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық
зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда
болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен
тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық
мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол
күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке
түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне
дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.
Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның
мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті
қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің
дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің
тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп
ойластыруда.
2.Психология ғылымының салалары, әдістері. Психология ғылымдар
жүйесінде маңызға ие және бірнеше функциялар атқарады. Психология тек қана
теория емес, инженерия практикалық психологияның мәнділігін құрайды. Егер
арнайы білімаі бар инженер ғылымның практикаға негізделуін қамтамасыз етсе,
практик пасихолог, ол да инженер, бірақ техника емес, адам аймағындағы
инженер.
Психологияның негізгі міндеті – психологиялық мәселелерді шешу.
Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде:
теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда
жүзеге асырылады.
Бір кездері әлеуметтік психологияның қызметін адам психикасының
заңдылықтарын танумен шектеді. Педагогикалық психология өкілі Максим
Григорьевич Рубинштейн ХХ ғасырдың басында психологияның мақсаты – адам
жанын объективті білу,-деп түсіндірді.
Психология психиканы жетілдіру, психиканы жақсарту сұрақтарын
қарастырмайды, ол ештеңкені бағаламайды, психикаға қатыстының барлығы
психология үшін зерттеу объектісі болып табылады. Ол данышпандылықты тек
мәлімет ретінде қарастырады. Бізге психология данышпандылықты, талантты
қалай жасауды, жетілдіруді психологиялық мағынада үйретпейді. Бұдан шығатын
қорытындылар психология шегінен шығып жатады және психология оған құзыретті
емес. Осыған байланысты әлеуметтік позициялар психологиялық қорытындылар
мен психология саласында құзыретті емес адамдардың жауына мүмкіндік береді.
Адамның жан дүниесі жайлы қорытынды жасау мен психологиялық білімі жоқ
адамдардың айналысуы мүмкін емес. Сонымен бірге психологиялық білімдер
күнделікті өмірде және адам туралы ғылымдар аумағында аз қолданыс табуда.
Психология кез келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас
жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:
І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті
бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); Лонгитюдтік генетикалық жол әдіс
(бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық
және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді); кешендік әдіс (зерттеуге
әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы
зерттейді).
ІІ. Эмпирикалық әдістер: Оған бақылау және өзін-өзі бақылау,
эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық);
психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия,
әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян)
әдістер енеді.
ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық
(материалдарды топтарға бөлу, талдау).
ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг,
психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
1. Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай);
Эксперимент (лабораториялық, табиғи)
2. Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ,
математикалық-статистикалық, конспект-анализ.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:
өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы
әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың
табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез
көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру;
б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда кесінді
ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді,
керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.
Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу
әрекеті. Оның мәні мынада:
- Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал
етеді.
- Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
- Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
- Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды
заңдылықтарды орнатады.
Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен
бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы
болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің
эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада.
Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің
өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен
айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда
тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек
болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған
текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б.
Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі
эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы
эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған
Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің
дамушы эксперименттік әдісі.
Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді
зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт
(1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды,
тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс
түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.
Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық
ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп
(ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық,
стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.)
Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала
даярланады.
Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2
жақты пікір алмасу.
Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою,
респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.
Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық
нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол
моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда
тек % пен ғана айтылады.
Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай
екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық
қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог
және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.
3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның
дамуы 4 кезеңнен тұрады:
1. Психология-Жан туралы ғылым
2. Психология-Сана туралы ғылым
3. Психология-мінез-құлық туралы ғылым
4. Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің
дамуын зерттейді. зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным
процестерін, психологиялық типологиялық ерекшелігін, жеке адамның
даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1. Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер
Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды.
Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның
біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты
философ) Аристотельден О душе трактатын жазып шығарды ассоциация
ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан
ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит Өзіңді
танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың
көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты деген, логос терминін
енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) адамдар организмін
зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына
байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы
Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры
мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің жан
туралы трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі
денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан),
мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін
айтты. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының
алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан
туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа
жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл
сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми
көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы әрқашанда философияның негізгі
мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материалдық
субстанциялардың, арақатынасына байланысты болған. Дәл осы мәселе
төңірегінде бір-біріне диаматериалы қарсы екі философиялық бағыттар
пайда болды: материалистік және идеалистік. Материализм мен
идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын
басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Психикалық құбылыстарды
идеалистік (Платон-жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның
материалдық дүниеден айырмашылығы, ол-идеалды. Таным-психиканың сыртқы
дүниемен өзара әрекеті емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды
дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Обьективті дүние-
танымдық қызметтің обьектісі емес, соған себепші ғана. Сократ-
бойынша табиғат пен адамды құдай жаратқан) тұрғыдан түсінудің мәні
психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде
қаралатындығында болып табылады. Психика-тәнсіз, материялсыз негіздің-
абсолютті рухтың, идеяның көрініс беруі, дейді идеалистер. Тарихи
жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене
түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы
материалистік (Демокрит-Адам әртүрлі атом сортынан жаратылған. От
атомы жанды құрайды деді. Лукреций, Эпикур, Гераклит- ол дүние оттан
п.б.; Фалес-дүние судан п.б. Аниксимандр-апейрон Анакеймен-
воздух Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-фараби (870-950)) тұрғыдан
түсінудің идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын
екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат
(негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.
2. (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана
деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші
кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен
қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де
жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология
ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі
ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның
әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді).
Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол
өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін
айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім дуализм (латын
тілінен қосалқы) деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары
бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс
әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл
бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен
денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677)
біріктірді. Эмперикалық психология терминін неміс философы ХVІІІ ғ.
Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі
бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы
өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас
сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша таза тақта. Сана-адамның жеке
тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716)
психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын
тигізді. Ол психологияға сана ұғымымен қатар санасыздық ұғымын
енгізді, санасыз түрде пайда болатан шексіз шағын перцепциялар бар
екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін
қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы таза
тақта деген тезиске қарсы шықты.
ХІХ ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды.
Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды
психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым
ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы
сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды.
Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы
түріндегі бұл бақылаулар интроспекция (ішке үңілу), өзін-өзі бақылау
әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік
болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми
обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік –
экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік
психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.
У. Джемс американдық психолог Функционалдық көқарас. Сана
ағымы деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді
жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу
фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс үздіксіз сана түсінігі- мазмұны мен
күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.
Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі
неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы
кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих
ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке
эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы
зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында
ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.
Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч.
Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес
органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция
нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903)
айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч.
Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда
болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете
алмады.
Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)-
Рефлексы головного мозга кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс
физиологиялық трактовкадан алады.
Г. И. Челпанову (1862-1936) Психология институтының негізін қалаған.
Оның ең негізгі қызметі Россиядағы институтты жарыққа шығарды. 1885ж. В.М.
Бехтерев (русский физиолог, психолог, психиатр, невропатолог) Россиядағы
эксперименталды лабораторияны ұйымдастырды (ашқан) психиканың іс-әрекет
рефлекторлы концепциясын ашқан. Эксперименталды бағыттығы психологияның
обьективті әдісінің зерттеуін дамытты. И.П.Павлов (1849-1936) шартты
рефлекторлық организмдегі іс-әрекетпен байланысты. Оның жұмыстары
психикалық ісәрекеттегі физиологияны түсінуге көмектесті.
Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері:
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және
француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К.
Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.
3. Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-мінез-
құлық) бағытының негізін салушы американ психологы Дж Уотсон (1873-
1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым
деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да
емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының
жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік
әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды
қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің
мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың
ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология
ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында
да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті
фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе
біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің
ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей
тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың
орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды.
Сана, түйсік, қабылдау, ерік деген және басқа терминдер
ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. Стимул (сыртқы
орта қоздырғышы), реакция (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)
және стимул мен реакция арасындағы байланыс (ассоциация,
коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да
бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р
ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе
жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп
айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни
ғылымды психикасыз психологияға айналдырды.
• Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін
қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967),
К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты:
жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу.
гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің
өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда
форма сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық
бүтінді құрайды.
• Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)
• Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)
• Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).
• Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады,
адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып
табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас,
қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.
• ХХ ғ. Отандық психология дамуына бірқатар үлесін қосқан Біздің
психологтар: Л.С. Выготский (1896-1934) психолог, психикалық
функцияның мәдени-тарихи концепциясының негізін қалаушы; психикалық
функцияның дамуы туралы жазған, балалардың дамуын қарастырған және
аномальді балалар психологисының негізін қалаушы; Ломоносов М.В.-
материя 1-ші пайда болады д.а. Ол бойынша, ең 1-ші таным процестерін
дамыту керек. Запорожец и Элконин – балалар психологиясы; Смирнов –
ес психологиясы; Лазурский- тұлға сұрақтарымен айналысты, әсіресе
адам м-қ қараст. Ланге – Россиядағы эксперименталды психологияның
негізін қалаушылардың бірі. А.Р. Лурия (1902-1977) – ес пен ойлаудың
нейрофизиологиясының негізін қалады. Анохин П.К.- отандық физиолог,
А.Г. Ковалев және П. Я. Гальперин. Отандық психологияда іс-әрекет
психологиясына үлес қосқандар: А.Н. Леонтьев Выготскийдің мәдени-
тарихи концепциясын қолдана отырып, жоғарғы психикалық функцияға
эксперимент жүргізді; Рубинштейн, Плотонов, Ананьев, Тевлов – олар
адамның дамуының негізгі көзі іс-әрекет деген, кейіннен іс-әрекет
теориясын өңдеген; Абульханова-Славская – жеке адамды іс-әрекет
субьектісі ретінде қарастырды, Климов индивидуалды психологиялық
ерекшеліктерін анықтады, Брушлинский жеке адамды шығармашылық әрекеті
тұрғысынан қарастырды.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.Психология дамуының негізгі бағыттары қандай?
2. Психология пәнінің ерекшелігі неде?
3. Психологиядағы әдістер ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-
практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім,
Алматы, 1979.
2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.
5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический
словарь. Алматы, 2005.
6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А.,
1980.
9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша
сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп,
Алматы, 1990.
18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
21. Жалпы психололгия. Алдамұратов Ә. А.,1996.
22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999
Қосымша әдебиеттер
23. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.
Москва, 2002.
24. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
25. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.
2-тақырып. Психика және сана
Дәріс мақсаты: Студенттерде психика және сана туралы білімдерді
қалыптастыру.

1. Сананың негізгі қасиеттері.
2. Еңбек және саналы іс - әрекет.
3. Тіл және адам санасы.
Дәріс тезисі.
1. Сананың негізгі қасиеттері. Адамның санасының пайда болуы мен оның
сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға
тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан
шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің
субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.
Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында
өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен
қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.
Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның
саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір
жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады;
2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана
қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты
көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы
байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес,
тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет –
қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық
байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері
қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде
қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі
әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің
тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар
болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.
Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін
қалыптастыратын шарттар:
1) тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;
2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;
3) еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;
4) тілдік қатынастың пайда болуы.
Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны
және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.
Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын
қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге
мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық
тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның
болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді
жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, болмысты және өз
басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты қалыптастырады.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте
болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен
қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады.
Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің
шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес,
сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам
өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде
бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда
интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда
саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас
келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның
санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз
қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен
табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл
Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам
өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді,
демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді,
яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің
арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-
құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-
әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай
отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі
бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті
формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа
келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.
Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат
байқалады: (А.В. Петровский)
1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның
құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес,
ойлау, қиял т.с.с
2) Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық
әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра
алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни
психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген
заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық
сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен
тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана
қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім
қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.
4) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы
міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан
қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы
мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.
Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы
бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол
адамның нақты санасының көрінісі.
2. Еңбек және саналы іс - әрекет. Сана - адамның барша психикалық
қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана
қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі
адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған
әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол
қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау
қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін
білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да
байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың
ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші
формасы.
Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын
түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана
көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.
Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға
тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің
екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік,- деп
жазған.
Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал
сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан
сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді.
Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу
барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана
мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің
негізіне айналды.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге
бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы
– ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс-
әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек
ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен
танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір
тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні:
тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана
шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.
3. Тіл және адам санасы. Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің
қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп
қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер
арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге
қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат
топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің
келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде
алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан
іздеген жөн.
Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын
білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы
әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де
еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс
енгізді:
- Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге
келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте
қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе
көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан
дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;
- Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді
қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға
жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен
қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы
ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген
ойлаудың да жабдығына айналды;
- Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің
бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі
күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол
тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен
әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең
маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша
саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа
деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы
өмірінің арқауы деп қарастыруға болады.
Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге
жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ
қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Сананың негізгі қандай қасиеттері бар?
2. Сананың пайда болуына әкелген факторлар қандай?

2 Бөлім. Іс-әрекет және қарым-қатынас
Глоссарий:
Коммуникация - мәлімет беру.
Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін
қарым-қатынас компоненті.
Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.
Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып,
өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер
делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние
сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар –
экстроверттер.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz