Психологияға кіріспе. Психология пәні, мақсаты, міндеттері


1. Лекция тақырыбы : Психологияға кіріспе.
2. Лекция жоспары: 1. Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
2. Психология ғылымының салалары мен әдістері.
3. Қазіргі кездегі психология
3. Лекция мақсаты: Психология пәні, мақсаты, міндеттері, салалары мен әдістері туралы толық жан-жақты түсінік беру, магистранттардың пән туралы түсініктерін қалыптастыру.
4. Лекция мәтіні: Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келеді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал, осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге өрістей түскен.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо
«жан», логос - «ғылым») дегенді білдіреді. Жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан «жан» туралы ғылым деп танылды. Бірақ, бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келді.
Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір - біріне тікелей қарсы философия
бағыттары - идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал, материалистік танымда психика - туынды, материяға тәуелді құбылыс. Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның көрінісі деп білді. Ал, барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі.
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметі жөнінде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуімен тәнге еніп, оның өлуімен ұшып кететін жан және рух әрекеті деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның әр түрлі мүшелерінде жасайтын ерекше бір жұқа зат не тіршілік иесі деп білген. Діннің пайда болуымен жан «о дүниемен» байланысты, көрінбейтін әрі мәңгі жасайтын, тәннің өзгеше бір екінші баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әртүрлі идеалистік бағыттар қанат жайды. Адам психикасы - рухани өмірдің көрінісі, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни догматтар адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып тастады.
Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс - өзгерістерге енгенімен өмірлік іс -
әрекеттердің қозғаушы күші - жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре алмады. Тек 18ғ. психология ғылымының дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті - рефлекс және сананы бірдей еңгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді бір - біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс материя және рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметінің өнімі емес, мидан тыс, оған тәуелсіз, өз бетінше жасайтын құбылыс екені түсіндірілді. Бұл бағыт ғылымда объективті идеализм деп аталады.
Дуалистік тағлиматты арқау етіп 19ғ. психологиясында психофизиологиялық
параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды. Бұл бағыттың мәні: психика және тән қатар, бірақ өзара тәуелсіз жасайды. Мұндай идеалистік көзқарасты дәріптеушілер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс т. б.
19ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына
әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін қолданған, бір - бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды. 19ғ. аяғында барша теориялар, 20 ғасырдағы біршама тағылымдар сананыңинтроспектік психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне байланыссыз жан толғаныстары мен көріністеріне негізделді. Ал, сана мен миарасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
20ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда болып, оның
өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы - әрекет қылық еді. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behaviour - қылық) аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің негізін қалаушы Дж. Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық - әрекетін зерттеу деп білді. Тек бір онжылдықтың өзінде - ақ бихевиоризм бүкіл дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының біріне айналды.
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым, кейіннен
жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Әрине, қылық - әрекетті бақылаумен объективтік деректерді зерттей аламыз, бірақ, мұндай объективтік жалған, себебі біздің әрқандай әрекет қылығымыздың астарында өзіміздің ой, сезім, ниеттеріміз жатыр. Сондықтан осы ой, сезім, ынта ықыласты білмейінше, әрекет қылықты тану мүмкін емес.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екінші, одан
туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние қүұбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенің сезім, ой т. б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей қарама - қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой, сезімдер материалдық органның мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі. Психика, сана ми қызметінен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тәсілі жоқ.
Материяның дамуы - бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетілуі,
қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуі. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлі табиғат болды. Дамудың белгілі бір сатысында, өзінің ұзаққа созылған эволюсиясының нәтижесінде материя органикалық қасиеттерге ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиеті өмір, табиғат жиынтығына енді. Табиғаттың даму процесінде өсімдіктер, жануарлар, келе келе материяның ең жоғары туындысы санаға ие адам пайда болды. Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебі, осы категорияға орай психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады: әрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнелеуінің түрлі формалары мен деңгейлерін көрсетеді. Барша материя бейнелеу қасиетіне ие. Психика - материя қасиеті, мидың қызметі болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психика материяның даму желісінде, оның бір қозғалыс формасынан екіншісіне өзгеріп барады.
Сыртқы заттасқан дүние болмайынша, тіршілік иесінің ішкі психикалық өмірі
болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және тәуелсіз жасайтын танымды болмыстың бейнесі. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесі жөнінде әңгіме қозғау қажетсіз. Әрқандай психикалық акт нақты болмыстың бір бөлшегі әрі оның бейнесі болып табылады.
Сонымен, психиканың қызметі, біріншіден қоршаған дүние заттары мен
құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адм қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика - материалистік тұрғыдан қарастыру әрқандай ішкі жан күйлік құбылыстардың өзімен өзі шектелмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі әрі тығыз байланыста екенін танытады.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен
қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап обънетивтік заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерінің объектісі психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің
құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл ең алдымен психикалық өмір деректері. Мысалы, психикалық дүние дерегі ретінде адамның тәжірибе топтау қабілеті - жад, есті қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның міндеті түсіндіру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мәнін айқындап беру.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу қздігінен
заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық іс-әрекетті қозғаушы механизмдерді де анықтап білу. Ал енді сол механизмнің қандай да психологиялық процесті орындайтын нақты анатомия - физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнің табиғаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте зерттейді.
2. Психология ғылымының салалары мен әдістері.
Психология сан салалы ғылым. Қазіргі кезде оның 40-қа жуық саласы бар. Қай
саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Психология көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психологиясы т. б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметі адамды оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту - тәрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез - құлығының
психологиялық мәніні зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы нейропсихология; емдік дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалын белгілеуші фармакопсихология; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық әсерлерді зерттейтін психотерапия; психикалық алдын алу профилактика және психогигиена тарауларына бөлінеді.
Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалы
мәселелерді қарастырады. Ол бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы т. б.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен
оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т. б. зерттейді.
Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді:
Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері
мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология) .
Дамуы қалыптан шыққандар психолгиясы немесе арнайы психология:
олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер), тифлопсихология (зағиптер) .
Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын
зерттейді.
Психология салаларын топтастырудың және бір жолы - қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай «Әлеуметтік психология» атымен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
Жоғарыда келтірілген деректер психологияның қолдану аймағының кең екенінен
хабар береді. Мұнда орындалатын міндеттердің де сипаты сан алуан: адамның қарапайым қабылдауын зерттеуден бастап, жалпы өріс алған күрделі психикалық құбылыстарды тануға дейін.
Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті психологияның әдіснамалық проблемаларымен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және практикалық іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі психология ғылымының барша салалары мен бөлімдерінің ірге тасы қызметін атқарады.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптері мен
маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде топтастырылады: психикалық процестер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол - адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.
Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Негізгі әдістер:
Байқау (бақылау) әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай - ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез - қлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай - ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де осы әдіс арқылы ажыратылады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
А) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің бірнеше рет
қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
Ә) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу
қажет.
Б) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын
стенографиялау, кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі. Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады» - деп тегін айтпаған.
2. Тәжірибе (эксперимент) әдісі.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Эксперименттік әдіс лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді:
Лабораториялық эксперимент.
19ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832 - 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879) . Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет. Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырсақ: мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, естуді өлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшықеттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.
Табиғи эксперимент.
Тәжірибенің екінші түрі - табиғи эксперимент деп аталады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш еңгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874 - 1917) болды. Бұл әдістің байау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне екрек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын мұғалімдер үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кецін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.
Қосалқы әдістер. Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды
қосалқы әдістер деп атайды. Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі.
Анкеталық әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға
жазбаша жауап қайтарады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы) зерттелінеді. Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол - жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді
шамамежорамалдауда, эксперименттік материалды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық - статистикалық әдіс қолданылады. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч. Спирмен (1904ж) . Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл - қозғалыс қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын зерттеуде пайдаланды.
Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл - ойының
даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор, өйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл - ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай - ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып білуде көмек көрсете алады.
3. Қазіргі кездегі психология.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық
міндеттердің сан қилығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеу аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңка болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов «Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады», - деп жазады. Психологияның зерттейтін құбылыстар әлемі ұланғайыр. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым жеке белгілерінен бастап, жеке адам мотивтерінің тайталасы кіреді.
Жантану ғылымы үшін ең маңызды мәселелердің бірі - зерттелуші құбылыстардың
мән - мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер туындайды.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы
басымдау болды. Ал, қазіргі кезеңде оның қоғамдағы рөлі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өндірістегі, мемлекеттік басқару, медицина, спорт және кәсібі практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.
Лекция 2
1. Лекция тақырыбы: Психика және сана.
2. Лекция жоспар: 1. Психика мен сана дамуы.
2. Психика жайлы түсініктер, психиканың байқалуының формалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz