Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
І БӨЛІМ. психология сипаттамасы оқу пән ретінде
1. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі психологияның рөлі мен орны
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық
саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру, оқыту,
тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен
тәсілдері болып табылады.
Білім беру, оқыту, тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық
заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті
ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму
ерекшеліктерінің аралығындағы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың
қалыптасу ерекшеліктері турлы сұрақ қоршаған ортадағы және генетикалық
факторларының күрделі қатынасы туралы психологияны оқыту әдістемесінің
төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика
және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан
психология мамандығын таңдаған студентке осы құралдармен және
эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте
студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен
қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой
түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айрықшаланатын
оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің
педагогикалық іс-әрекетін компонентті орындауда, тек психологияны оқыту
әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен
қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үдерісінде алған фактілік материал
мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың
психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және
психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және
жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-
аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды
мәні бар.
Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның
психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім
берудің дифференциациясы мен индивидулизациясы, оқушылардың кәсіптік
бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі
информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі
дамуының бүгінгі кездегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту
әдістемесі ғылыми практиткалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер
жүйсіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту
әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға
мүмкіндік береді.
Психологияны оқыту әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты: студенттердің
түсіндіре білуін қалыптастыру, мектеп оқушыларына оқытуды ұйымдастырудың
әр түрлі формаларының психологиялық білімін меңгеруді өңдеп реттеу мен
бақылау.
Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
- психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын
ашу;
- психологияны оқытуда жаңа әдістер мен технологияларды қолдану;
- студенттердің психологияны оқытуда жеке адамдық компоненттерін
туғызу;
- студенттердің жеке кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық
психологияның білімін қолдануға стимул жасау.
Психологияны оқыту әдістемесі пәнін студенттер меңгергеннен кейін
келесі білім, білік дағдыны игереді:
- мектептегі, орта және жоғары оқу орындарындағы психологияны
оқытудың мақсаттар мен мазмұнын білу;
- дәрістерді, семинарларды, практикалық сабақтарды жүргізуде
психологиялық білімдерін жаңғырту;
- оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін дұрыс таңдауды үйрену;
- психология бойынша сабақтарды жүргізуде жеке позициясын түсіндіре
білу;
- психологияны оқытудың әдістемесі пәнінің негізгі міндеттерін білу.
Сонымен психологияны оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері болашақ
мамандарға оқытудың жүйесі туралы білім беруге, педагогикалық үдерісті
басқарудың дағдыларын қалыптастыруға, педагогикалық қабілеттерінің дамуына
ықпал етуге, ағартушылық қызмет пен оны тиімді ұйымдастыруға қабілеттерін
дамытуға, кәсіби өзін-өзі білімін көтеру мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін
меңгеруге, өздері таңдаған мамандығының ерекшелігі арқылы студенттердің
жеке тұлғасын тану мен дамытуға ықпал жасауға негіз болады.
2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары.
Қазіргі заманғы қоғамдағы психологиялық білімнің жедел дамуы осы
қоғамның шынайы талабымен, оның даму қажеттілігімен, адамдардың өмірі мен
қызметі үшін ыңғайлы жағдайларды жасаумен шартталған.
Психологиялық білім адам өмірі мен қызметінің әртүрлі салаларына:
мемлекеттік және билік құрылымдарына, өндіріске, саясатқа, кәсіпкерлікке,
денсаулық сақтауға және білім беруге және т.б. қатысуда.
Десек те қазіргі қоғам бұл білімдерді қабылдауға әлі де жеткілікті
дайын емес және ол аз болса адамдардың өмірі мен кәсіби қызметінде осы
білімдерді қолдануға белсене ықпал ете алмай отыр.
Сондықтан бүкіл тұрғындарды: мектеп оқушысынан зейнеткерге дейін,
психологиялық сауаттылықпен қамтамасыз ету тәжірибелік психологияның
негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Басқа ғылымдарға қарағанда психологиялық білім, психологияны оқыту
үдерісінде ескерілуі қажет спецификалық ерекшеліктері бар. Оларға:
1. Психологиялық ғылымның пәні тұрақты болатын жеке тұлға болып
табылады. Ол адам жасына қызметтің сипатына және тағы басқаларға қарай
өзгеріп отырады. Сондықтанда жеке тұлғаны дәл тану мүмкін емес. Жеке
тұлғаны тану дәлдіктен гөрі, үңілу тереңдігін қажет етеді.
2. Психологиялық ғылымды тану үдерісі диалогты, өйткені тану пәні де,
танылушы тарап та жеке тұлға. Сондықтан психологиялық шынайылықты тану
үдерісі танушының жеке тұлғалық ерекшеліктері арқылы өтеді, танылушының
қасиеттерді өзінің жеке басындағы ерекшеліктеріне теңестірілуі арқылы
жүреді. Мұндай құбылыс психологиялық емес құбылыстарды (физикалық, химиялық
және т.б.) тануда болмайды.
Дегенмен, мұндай теңестіре білуде психиканың жалпы заңдылықтарын
меңгеруге
бөгет жасайтындығын ескерген жөн, өйткені психиканың жекелік даму
заңдылықтары жалпы заңдылықтардан басқа болуы мүмкін.
3. Психологиялық құбылыстарды тану үдерістері тек логикалық ғана емес,
сонымен бірге бейнелі және көрнекілі ойлауды, сондай-ақ дамыған жалпылауды
талап етеді.
Студент-психолог көрнекті-бейнелік ойлауды, олардың орнын еркін
алмастыруды және жалпылауды бейнелерімен үйлестіруді үйренуі тиіс.
Осылайша, психолог-кеңесшіге жұмыс барысында клиентінің ойлы бейнесін еркін
билеу қабілеттілігі қажет. Бұл клиенттің мәселесін жақсы түсінуге және оны
шешуге мүмкіндік береді.
4. Психологиялық білімді әдістемелік мақсаттарға ыңғайлы белгілі бір
кеңейтілген құрылым түрінде көруге болады.
Кез-келген психологиялық құбылысты толық сипаттау үшін төменгі
бағыттарды меңгеру қажет. Оларға:
- түсіну жүйесін (тезарус, анықтамалар, суреттеулер);
- психологиялық құбылыстардың қызметтерін;
- механизмдерін (құбылыстың қалай пайда болатындығы мен жұмыс
барысын);
- түрлерін (классификациялары);
- заңдылықтарын;
- жас және дербес ерекшеліктерін;
- пайда болу мен даму заңдылықтарын;
- ауытқулары;
- психологиялық білімдер;
- зерттеу әдістері.
Психологиялық білімнің құрылымын түсіну студентке психологиялық
шынайылықтың байланыстары мен қатынастарының барлық алуантүрлілігіндегі
біркелкілігін түсінуге көмектесуі мүмкін. Психологияны оқыту тұрғысынан
ұсынылған кесте оқу курстарын жоспарлау мен студенттердің білімді толық
меңгеруін жолдау үшін қызмет ете алады.
Оқытуды ұйымдастыру формасы- оқыту үдерісінің міндеттерін іске
асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай
жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де
өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш
түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып- сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымн
мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі баяндауына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне
де бағыт-бағдар беруге, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ-оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі
жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту үдерісінде алатын орны ерекше болды.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ-күрделі психологиялық және дидактикалық үрдіс, онда оқушыларға
педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
1.3 Мектептегі оқытудың ерекшеліктері
Оқыту- оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған
алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны- арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу
үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын
білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі
заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқу іс-әрекеті іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Ол іс-
әрекеттің субьектісі ретінде үйренушінің өзіне бағытталады- оның әлеуметтік-
мәдени тәжірибені қоғамдық пайдалы, танымдық, теоретикалық және практикалық
іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында саналы, мақсатты игеруі арқасында
тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы және шыңдалуы. Үйренуші іс-әрекеті терең
жүйелі білімдер игеруіне, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өңдеуге және де
оларды түрлі жағдайларда адекватты және шығармашылық түрде пайдалануға
бағытталған.
Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын үш негізгі
сипаттамалары белгіленеді: а) ол оқу материалын игеруге және оқу
міндеттерін орындауға әдейі бағытталған; ә) онда әрекеттердің жалпы
тәсілдері мен ғылыми түсініктер игеріледі; б) әрекеттің жалпы тәсілдері
міндеттерді орындаудың алдын алады.
Психологиядағы оқыту теориясының ұғымы әрекеттік тұрғыдан оқыту
мәселесі
білім алушының жас ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Оқыту-білім
берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен білім алушылардың біріккен іс-
әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты, бір текті процесс: біріншіден,
оқытушы білім алушыға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден,
білім алушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны иегереді және оларды
өмірде қолданады.
Тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас үдеріс болып
қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай
болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында білім
алушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырылып
жүргізіледі.

мәселесі оқытудың түрлерін, заңдылықтары мен принциптерін, функцияларын
қамтиды.
Оқыту үдерісінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық
іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту үдерісін басқару үшін оның
жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын
жете білу керек. Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің
белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
- ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру
мазмұны);
- мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-
қатынасы
(сабақ беру);
- оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті);
- оқыту әдістері;
- оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық
құралдары;
- оқыту нәтижелері.
Оқыту үдерісінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным
және
практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі
және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге
оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы
күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштер ретінде пайда болу үшін
қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Оқу-оқыту үдерісіндегі білім алушылардың іс-әрекеті. Оқыту
үдерісінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту
үдерісінің топтарына- танымдық іс-әрекетінің кезеңдері жатады.
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау үдерісі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- білім алушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және
дағдысын тексеру, бағалау.
Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа
бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгеріспен тығыз
байланысты.
Педагогикалық технология оқу үдерісімен мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына төмендегілер жатады:
а) тұжырымдық негізі;
ә)оқыту мазмұндық бөлімі:
- оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
- оқу материалдарының мазмұны;
б) үдерістік бөлім -технологиялық үдеріс;
- оқу үдерісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
- мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
- оқу үдерісінің диагностикасы.
Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдануға
жеке тұлғаның бойында ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттер қалыптасады.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде
бермей, оқушының өзі ізденіп, ғылым негіздерін өз бетінше иегереді,
зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндеті- оқушының іс-әрекетін
бақылаушы болады.
Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың
ерекшеліктері 1-кестеде беріледі.
1-кесте. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері
Оқыту технологиясыИнновациялық әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері
Ізгілендіру Психология-педагогика ғылымдарының алдынғы қатарлы
технологиясы ғылыми жаңалықтары тәжірибеде бала-субьект,
бала-обьект тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал
ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік
жағдайымен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің
бірлігінде қарастырады.
Ақпараттық Оқытудың мазмұнын пән аралық байланыс тұрғысынан
бағдарламалап ұйымдастыру: қоғам мен табиғат заңдылықтарын
оқыту интеграциялық негізде меңгеру; адамның іс-әрекет
сферасы тұрғысынан техника жаңалықтарын енгізу.
Иллюстрациялы Адам-қоғам-табиғат гармониялық бағытта
түсіндірмелі оқытудүниетанымның жүйелі, саналы мәдениеттің қалыптасуы.
Саралап деңгейлеп Оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс
оқыту технологиясыіс-әрекет жасау негізінде және адамның инновациялық
қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады:
инновациялық қабілет; оқытушы білмейтін
шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа
қабілет.
Дербес оқыту Оқу-тәрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игеруде
технологиясы ізгілік, жеке адамдық қасиеттерді қалыптастыра
отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігін
арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Дамыта оқыту Оқу-тәрбие үдерісінде сабақты
технологиясы оқушы-субьект-мұғалім-обьект тұрғысынан
қарастырып, оқушыны ұдайы шығармашылық ізденіске
бағыттау: мұғалім-бағыттаушы; оқушы-ізденуші;
мұғалім-ізденуші; оқушы зерттеуші.
1-кестеде көріп отырғанымыздай оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-
тәсілдерді қолдануда оқушы-обьект тұрғысынан, оқушы-субьект негізіне
көшеді.
Қазіргі таңда оқыту проблемасы мен оқушылардың ойлауын қалыптастыруды
психологтар мен педагогтар жедел қолға алып талдап жатыр. Сондықтан
психологияны оқыту әдістемесінің заңдылықтарына сүйене отырып, мұғалімдер
жаңа ғылыми мәліметтер негізінде өз психологиялық білімін одан әрі дамытуды
қажет етеді.
Бақылау сұрақтары
1. Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты?
2. Қазіргі қоғамдағы психология пәнінің рөлі?
3. Мектептегі психологияны оқытудың ерекшеліктері?
4. Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері?
5. Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің дамуына үлес қосқан ғалымдар?
6. Сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері?
7.Оқыту дегеніміз?
8. Оқытудың инновациялық түрлері?
Тапсырмалар:
1-тапсырма
Мектеп қабырғасындағы психология пәнін оқытудың жоспарын құрын,
талдыңыз.
2-тапсырма
Психология ғылымының әрбір саласының қоғамдағы орны мен маңызын
дәлелдеңіз.
3-тапсырма
Ана: 6-жастағы баланың ешқандай ынта-ықыласы жоқ-деп дәрігерге
келіпті.
Сұрақ: Ана баласын мектепке даярлағанда қандай психикалық жайтты
ескермеген?
4-тапсырма
Баланың жас ерекшелігін зерттеуде психологияның әдістерін қолдану
ерекшеліктері бар ма? Әрбір әдістің қолдану ерекшелігін түсіндіріңіз.
5- тапсырма
Психология пәнін оқытуда қандай оқыту принциптерін қолдану қажет.
Тест сұрақтары:
1.Психологияны оқытудың мақсаты не болады?
A) жаңа психологиялық білім іздеу
B) психологиялық білім беру
C) психодиагностика және психокоррекция әдісін меңгеру
D)теориялы және практикалы психологиялық дағды мен білімді меңгеру
E) психологиялық зерттеу әдістерін жетілдіру
2.Оқу материалы қазіргі психологияның ғылыми және практикалық
жетістіктеріне сәйкес болу үшін, психологияны оқытудың қандай принципі
керек?
A) ғылымдылық
B) жүйелілігі
C) жеке болжамды оқыту
D) түсініктілігі
E) көрнекілік
3. Психология сабағын беруде, оқу материалын белгілі жүйелік және логикаға
сәйкес болуын, оқытудың қай принципі болжайды?
A) түсініктілігі
B) жүйелілігі
C) көрнекілік
D) белсенділік
E) ғылымдылық
4. Егер оқушылар білімге саналы түрде қызықса, онда оқытудың қандай
принципі нәтижелі болуы мүмкін?
A) көрнекілік
B) жүйелік
C) эмоционалдық және рациональдық бірлігі
D) түсініктілік
E) белсенділік
5. Алған білімі өзін-өзі тануға бағытталған болса, онда оқытудың қандай
принципі болады?
A) түсініктілік
B) жүйелілігі
C) көрнекілік
D) жеке болжамды оқыту
E) ғылымдылық
6. Нақтылық пен абстракциялықтың бірлік принципін дидактикалық анықтайтын
оқытудың қандай принципі болады?

E) білімнің теориялық және практикалық бірлігі
7. Оқушылардың даму шамасына және оқыту әдісінің мазмұнына сәйкес келетінін
анықтайтын, оқытудың қандай принципі бар?
A) түсініктілік
B) жүйелілігі
C) жеке болжамды оқыту
D) ғылымдылық
E) көрнекілік
8. Оқытудың белсенді әдістерін қолданатын оқытудың қандай принципі бар?
A) түсініктілік
B) жүйелілігі
C) көрнекілік
D) белсенділік
E) ғылымдылық
9. Оқуда сезім мүшелері мен бейнелерді пайдалануда оқытудың қандай принципі
қолданылады?
A) түсініктілік
B) жүйелілігі
C) көрнекілік
D)белсенділік
E) ғылымдылық
10. Өзін және басқаларды тануда алған білімді практикалық мәселелерді шешу
үшін пайдалануда оқытудың қандай принципі қолданылады?
A) түсініктілік
B) жүйелілігі
C) көрнекілік
D) ғылымдылық
E) практикамен байланыс
11. Қатынастың басқа адамдармен дамуы және өзін- өзі тануда психологиялық
әдіс-амалды ұғып алу оқытудың қандай принципіне жатады?
A) түсініктілік
B) жүйелілігі
C) дамуы
D) ғылымдылық
E) көрнекілік
12. Психологиялық білімді ойлау әрекеті арқылы қалыптастыру, оқытудың
қандай принципіне жатады?
A) жүйелілігі
B) шоғырландыру
C) жорамал (проблемалық)
D) теорияның практикамен байланысы
E) ғылымдылық
13. Психологиялық білімнің (оқытудың)мазмұны - бұл
A) таблицалар
B) оқытудың техникалық жабдықтары
C) лекция
D) әңгімелесу
E) психологиялық білімнің ғылыми жүйелілігі
14. Жалпы психология пән ретінде оқиды-
A) психиканың функциялық жалпы заңдылығын
B) адам психикасының жас динамикасын
C) оқу мен тәрбиенің психикалық мазмұнын
D) адам психикасының этникалық ерекшеліктерін
E) қорытындылау
15. Психология тарихы курсының негізгі мазмұны, бұл-
A) адам мен жануарлар психикалық әрекеті
B) психологияның динамикада даму процесі
C) психиканың онтогенезде дамуы
D) психиканың шығуы және оның дамуы
E) жоғарғы психикалық функцияны мидағы жұмысын
16. Жасерекшелік психология курсы, оқиды-
A) топ психологиясын
B) оқыту және тәрбиелеу психологиясын
C) балалардың анатомия- физиологиялық ерекшеліктерін
D) балалар мен жеткіншектерінің мінезінің бұзылуын
E) жасқа сай психиканың даму заңдылықтарын
17. Медициналық психология курсы, оқиды-
A) есі ауған балалардың психикасын
B) денсаулықты
C) психосоматикалық ауруларды
D) ауруларды емдеумен профилактикасының психологиялық заңдылықтарын
E) ауырғанда психиканың бұзылу заңдылықтарын
18. Педагогикалық психология курсы оқиды-
A) оқыту және тәрбиелеу психологиясын
B) мұғалім әрекеті, педагогикалық процесс ретінде
C) бала психикасының даму заңдылығын
D) топтың психологиялық көрінісін
E) адамдардың әрекеті мен мінез көріністерін
19. Құқықтық (юридическая) психология курсы оқиды-
A) қоғамның саяси өмірінің психологиялық көрінісін
B) заңгерлікпен байланысты психиканың заңдылықтарын
C) әскери әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін
D) топтың психологиялық көрінісі
E) әрекеттестік әдіс-амалы мен процесі
20. Әлеуметтік психология курсы оқиды-
A) әлеуметтік топтағы адамдардың мінездер көріністерін
B) социометриялық әдістерін
C) психиканың дұрыс дамуынан ауытқу
D) тұлғаның даму ерекшелігін айқындау әдісін
E) сөйлеу механизмін
21. Психологиялық курстарды игеру үшін методологиялық жағынан маңызды қай
пән
A) арнаулы психология
B) практикалық психология
C) педагогикалық психология
D) салыстырмалы психология
E) жалпы психология
22. Психологиялық мағлұматтың гетерогендігі (әртектісі), бұл-
A) комплексті (құрама)
B) пәнаралығы
C) интерактивтілігі
D) әртектілік
E) полифункциялық (көп қызметтік)
23. Адам өмірінде психиканың негізгі структурасының қалыптасу процесі қалай
аталады?
A) филогенез
B) антропогенез
C) социогенез
D) дизонтогенез
E) онтогенез
24. Қолданбалы психология курсының мақсаты бұл-
A) психология тарихын оқу
B) психологиялық теорияларды оқу
C) психологиялық әдістерді жетілдіру
D) психология жетістіктерін әр түрлі әрекет көріністерде пайдалану
E) психологияның методологиялық негізін жетілдіру
25. Ақыл-ойдың қалыптасуы, іс-әрекет кезеңдері арқылы өтетін теориясының
авторы кім?
A) Эльконин Д.Б.
B) Выготский Л.С.
C) Гальперин П.Я.
D) Давыдов В.В.
E) Леонтьев А.Н.
ІІ БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
1. Сабақтың құрылымы
Оқу үдерісі әр түрлі ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу
формалары да сан алуан түрлі: сабақ, лекция, семинар, практика,
конференция, зертханалық жұмыс, факультатив, оқу саяхаты, курстық жұмыс
және жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан және т.б.
Сабақ- оқу үдерісін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу
барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында білімалушылардың тұрақты
тобымен игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап,
қажет жұмыс түрлерін, құрал жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық
және басқада іс-әрекеттерді ұйымдастырады. Сонымен бірге шәкірттерді
тәрбиелеп, олардың шығармашылық қабілеттері мен рухани құндылықтарын
жетілдіріп, дамыта түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар жаңа материалдарды
түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың
әрбірі оқытушымен шәкірттің қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекеттермен
ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының,
оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы- бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа
келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым әрқашан дидактикалық
мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқытушылардың жас айырмашылықтарымен
ұжым сипатындағы топ ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының көптүрлігі
сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактика типтерін олардың басты сипатына қарай топтастырады.
Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтерін жаңа білім материалын
хабарлау, білімді бекіту, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып бекіту,
қорытындылау, білім, ептілік және дағдыларды тексеру сабағы.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық
шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің
мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді,
қабілеті дамиды, көзақарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың
мақсаты- тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір
сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік- бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің
аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы.
Психологиялық бірлік оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі
белсенділігі, жинақтылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау,
зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Психологиялық бірлік- бұл іс-
әрекеттің мотивтерін жасау. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың
дербес ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес
типологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі- бұл сабақта алдын-ала жабдықтарды және оларды рет-
ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа
ұйымдастыру.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелердің бірі- оның түрлері мен құрылымы.
Сабақ түрлеріне: кіріспе сабағы; жаңа білімді хабарлау сабағы;
білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы; жаттығу және тәжірибе сабағы;
зертханалық сабақ; қайталау-қорыту сабағы; оқушылардың білімдерін,
біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы; аралас сабақ;
өздігінен білім алу сабағы жатады.
Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің,
кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын
айтады. Оларға: сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп,
оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау); сабақта үй тапсырмасын тексеру; жаңа
білімді немесе оқу материалын баяндау түсіндіру; жаңа білімді пысықтау,
бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық
жұмыстар жүргізу); қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың
аяқталуы; үйге тапсырма беру, оны түсіндіру (Қосымша А).
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибе қолданылған
принциптер негізінде жүргізіледі. Оларға;
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі
нормасына қатысы)- бұл субьективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік- әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу
әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту үдерісінің барлық
кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді.
Жеке- дара қатынас- әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның
қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті және т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта- бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды,
оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік
пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Диффериенциалдық қатынас- әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиеттерін ескеріп, соған
сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын талап етеді.
Психологиялық көзқараспен алғанда мектептегі оқуда, біріншіден,
процесс екі жақты болатынын атап өту қажет, оған бір адам емес, екі адам
қатысады: мұғалім және оқушы. Оқу осы екеуі де белсенді әрекет еткенде ғана
табысты болады. Мұғалім жұмысқа инициатива көрсетеді, балаларға білім
береді және оқу үдерісін басқарады. Ал оқушыда педагог не берсе, соны енжар
қабылдаушы болмауы керек. Бала да оқу үдерісінде әрекеттенуші, ойлаушы,
белсенді болуға тиіс. Екіншіден, мектептегі оқу-екі адамның ғана біріккен
жұмысы емес, оқушылардың біртұтас ұжымының жұмысы. Олар педагогтың жалпы
басшылығымен оқу жұмысымен бәрі бір мезгілде айналысады. Бұл жағдай мұғалім
мен әрбір оқушының алдындағы міндетті қиындатады, сонымен қатар балаларды
тәрбиелейді, оларды ұжым болып жұмыс істеуге үйретеді.
Оқыту үстінде білімді меңгеру-күрделі процесс. Оған келесілер жатады:
- оқу материалын қабылдау;
- оны түсіну, ой елегінен өткізу;
- есте қалдыру;
- оларды игеру, алған білімді қолдана білу.
Бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни сабақтың нәтижелі
болуына
үлкен әсер етеді.
Сабақтың психологиялық талдауы педагогикалық іс-әрекеттің ажырамас
бөлігі болып табылады. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті-рефлексивті
қабілеттеріне сүйене отырып және оның талдамалылық, жобалушы, рефлексивті
іскерліктері арқылы жүзеге аса отырып, ол өзін-өзі реттеудің, өзін-өзі
бақылаудың және өзін-өзі дамытудың негізгі құралы ретінде қызмет етеді.
Сабақты психологиялық талдаудың шамалаушы, ағымдық, ретроспективті үш
деңгейі осы іскерліктердің өзгешелілігімен сипатталады (Қосымша Ә).
2. Психология бойынша сабақ және оның негізі
Сабақ құрылымы- сабақтың тұтастығын қамтамасыз ететін, оның
элементтерінің
жиынтығы. Сабақтың құрылымы- мақсатына, оқылатын материалдың мазмұнына
оқытудың әдістеріне, тәсілдеріне, оқушылардың дайындық дәрежесіне тәуелді
болады.
Сабақты біріңғай кестемен жоспарлауға болмайды. Өйткені оның
құрылымы үнемі өзгеріп отырады.
Сабақтың әр түрлі типтері бар. Оларға:
- оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
- іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
- қайталау, бекіту,яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді
қолдану
сабақтары;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау-тексеру сабақтары;
- аралас сабақ мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Аралас сабақ типін алып қарасақ:
- ұйымдастыру кезеңі;
- үйге берілген тапсырманы сұрау;
- жаңа материалды баяндау;
- жаңа материалды бекіту;
- үйге тапсырма беру.
Қазіргі аралас сабақ әр нұсқада шығармашылықпен пайдалануда. Жаңа
білімді
игеру сабағының құрылымы: жаңа материалды баяндау, алғашқы бекіту, үй
тапсырмасы. Мұндай сабақты да әр түрлі нұсқада өткізуге болады:
- мұғалім оқу материалын тұтас баяндайды, оқушылар ұғады және
бекітеді;
- мұғалім тек басты мәселелерді баяндайды, оқушылар барлық оқу
материалын
өз бетімен игеріп қабылдайды;
- жаңа материалды игеруге мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеуін
ұйымдастырып бағыт береді.
Бүгінгі білім беру мекемелерінде сабақ құрылымы төменгі кезеңдерді
қамтиды:
- танымдық міндеттер қою (не оқылуы керек?);
- мотивация (нені оқу, білу керек?);
- таңдау және оқып білудің бір ізділігі;
- әр түрлі тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі
тексеру,
білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге
жету керек).
Мұндай жүйе сабақты құруға мүмкіншілік береді, оқу міндетін қояды,
проблемалық жағдайларды алға тартады, жауап іздеуге ойлауға үйретеді.
Сонымен сабақ мұғалімнің шығармашылық қабілетіне қарай, ұйымдастыру
мүмкіншілігіне орай үнемі түрленіп жаңа мазмұнға ие болады. Оларға: шығарма
сабақ, пікір талас-сабақ және т.б. сабақ түрлері жатады.
Сабақтың, оқытудың негізгі мақсаты оның сыртқы түрінде емес, өйткені,
ол үнемі оқушылардың саналы жұмыс істеуін ұғуын, түсінуін, өз бетімен білім
ала білуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда
тәрбие
сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікір сайыс- бұл
жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім
көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс-бұрын өткізілген
тәрбие сағаттарның жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін,
өміршендігін көруге мүмкіндік туғызады.
Пікірталас- оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен
күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары
адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың
оңтайлы құралы. Пікірталас барысында қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды
олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы
адамдардың әрекеттерін және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең
сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың әңгіме тәсілінен ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің
қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі.
Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір
құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарастары
кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей
білуге, өз ойларын еркін жеткізіп дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына
салмақтылықпен пайымдауға үйренеді.
Тәжірибе сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін
оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі
жағдайды олардың анық аңғара отырып оларды талдай білуге, оның себебін
анықтап, қорытындылай білуге ықпал етеді.
Пікірталас барысында талқыланып отырған мәселе төңірегінде
оқушылардың ойларын дамытып, көзқарастарын қалыптастыру қажет. Осылардың
негізінде оқушылардың пікірінде әртүрлі қарама-қайшылықтар пайда болады.
Ендіге жерде сынып жетекшісінің рөлі олардың пікірсайысындағы қарама-
қайшылықтарын дұрыс арнаға бағыттап отыру, дайын қорытындылар бермей дұрыс
шешімді өздігінен табуға көмектесу. Пікірталас қорытындыларын шығарған
кезде қате пікір мен тұжырымдар айтқан оқушыларды әдеппен түзету.
Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, өз
ойларын нақтылы жеткізе білуге, негізгісі өз беттерінше ойлай білуге
үйрету.
Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық
жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріп, оған жауапкершілікпен
қарау. Ол үшін алдын ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және
өткізілген күні белгіленеді. Сонымен қатар пікірталастың негізгі сұрақтарын
ойластыратын топқа немесе жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар
онымен қоса пікірталасты өткізу жайлы хабарландыру іліп, оған қажетті
әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме
ұйымдастырады. Көрнекті ақын жазушылардың мемлекетке сай нақыл сөздерді
жазып іледі. Кейбір жағдайда сауалнамалық сұрақтар таратылып, оның
қорытындысын талдап, пікірталас барысында оларды пайдаланады.
Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет.
Пікірталастың сұрақтарын дайындау барысында оның санына емес, сапасына,
тәрбиелік маңызына көңіл бөлу қажет. Сұрақтарды алдын ала оқушыларға
таратып, ие болмаса іліп қою міндетті. Тақырыпқа сай оқылатын әдебиеттердің
тізімі де күнілгері оқушыларға беріледі.
Пікірталасты өткізу барысында баяндама жасалмайды. Пікірталас
мәдениетті түрде, оған қатысушылардың бір-бірінің көңіл қалдырмай, дөрекі
жауап бермей, әркімнің өз пікірін сыйлау, құрметтеу жағдайында өткізіледі.
Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді. Әрі қарай
пікір алмасу басталады. Пікірталас кезінде сөйлеген адамдарға сұрақ қоюға
болады. Сұрақтар талданып болғаннан кейін жүргізуші қатысқан мұғалімдер
тарапынан қорытынды жасалып, дұрыс және теріс пікір қайшылықтар көрсетеді.
Сонымен тілек айтылып, белгілі бір әрекеттерді атқаруға шешім қабылданады.
Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол дәлелді ой
пікірдің, айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалу.
3. Психология курсындағы көрнекілік
Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын
меңгеру
құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған.
Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар
заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл
принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары
миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипап сезу органдарымен
салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған
мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.
Көрнекілік принципін жүезеге асырып, оқушылардың білім көлемін
тереңдету, қызғушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін
мұғалім өз ойын оқшыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап
өтейік:
- Алтын ереже көруге болатынды- көрсету, есіте алатынды- естірту,
сезіне алатынның бәрін- оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік
туғызу;
- оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін,
көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте
сақтайтынын қамтамасыз ету;
- қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету;
- оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі
заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде
оларда ой пайда болады;
- көрнекілік көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы
ретінде пайдаланылады;
- оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр-түсін байқап, көзімен
көруге және әртүлі дыбысты естуге жағдай туғызу;
- көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге
мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады;
- көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген
ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады;
- көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты
ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады;
- көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану;
- көрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін
бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету керек;
- көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау;
- көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы өз орнында оқушылардың
жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану;
- көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.
Оқыту үдерісінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты
болады. әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті,
әрі қызықты болып өтеді.
Көрнекілік түрлері: табиғи көрнекілік-өсімдіктер, жануарлар,
құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі- муляж, геометриялық фигуралар,
макет, партреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің
бейнелері және т.б.
Символдық көрнекілікке- карталар, картограммалар, схемалар,
диаграммалар, кестелер жатады.
Кестенің түрлері: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық.
Экранды динамикалық көрнекілік- шындық дүниені бейнелейді. Олар:
диапозивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбыстық техникалық көрнекілікке- грампластикалар, магнитофильмдер,
радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекілік теориялық ережелерді есте сақтау және
жете түсіну үшін қолданылады.
Психологиялық ақпараттарды анық жеткізу мақсатында оқыту және оқу
үдерісінде
кестелер, схемалар, графиктер және суреттер қолданылады.
Кестелер- дидактикалық мақсатта әр түрлі болады. Көбінесе барлық
кестелерді құрастыру үшін материалдың үлкен мөлшерін алу керек, пайда
болған және келесі қайта өндіруді мәнге алу үшін алынады. Мұндай кесте құру
ойша іскерлік болып табылады. Осының көмегімен мәлімет ұғыну және есте
сақталады. Әдетте кестелер бірнеше бағана және қатардан тұрады. Оларда
мәліметтердің басты құрылымдық өлшем бірліктері ендіріледі. Сондықтан да
бағана мен қатарлар белгіленген болуы керек. Кестелерді толтыруда мәлімет
қою, қысқаша жазулар қолданылады. Кесте барлық ақпаратты толығымен қамтуға
мүмкіндік береді. Мәліметтер элементін үйлестіру оның талдау ережелерін
алуда жәрдемдеседі, салыстырады және сезінулер тереңірек ойда болады.
Бұндай кестелер алғашында мұғалімдер мен студенттердің бірлескен ұжымымен
құрастырылады да студенттің емтиханға, сынақтарға өзі дайындалуына
көмектеседі.
Кестелер мәлімет беруші автордың дайын нәтижесі арқылы берілуі
мүмкін. Мұндай дайын кестелерді кез-келген кітаптар мен психология
мамандығы бар оқу орындарынан табуға болады. Дегенмен, қарапайым жақсы
кестелер үшін демонстрация керекті нәтижесін бермейді. Бұл жерде мұғалімнің
ауызша үйретуі, мақсаттың және кестелік мәліметтің берлігенін, сонымен
қатар қосымша иллюстрация практикалық кесте элементтеріне мысал келтіру.
Кестелер өздерінің колдануларын іздену және зерттеу жұмыстарында
психологтың жұмысы арқылы зерттеулер нәтижесін алуға болады. Психологтардың
дайындық процесінде диагностикалық зерттеуде адекваттық формада нәтиженің
көрсетілуіне, қарапайым және көрнекі түрін алуға болады. Кей кезде ойын
түрін жаңа байланыс және заңдылықты алуға себеп болады. Сәтсіз түрі алынған
мәліметтер интерпретация және ұғынуда кедергі жасауы мүмкін.
Кестелер оқулық тапсырмалары түрінде де қолданылады. Мұндай
тапсырмалар көп уақыт алмайды, бірақ студенттерге өткен мәліметтерді терең
түсінуге мүмкіндік беріп, ал мұғалімдерге студенттің таным қабілетін
арттыруда қолданады.
Кестелік қолдану мәліметтері білімді алуда қиындық тудыруы мүмкін,
егер:
- егер түсініксіз мақсат қолданса немесе ол мақсатқа сай келмесе;
- кесте элементінің түсінігі жоқ немесе түсінік тура мағынада емес;
- кесте сөздік мәліметке тола болса және т.б.
Сызбалар- кестелерге қарағанда оқу мәліметтерін көрсету және қайта
өңдеуде
едәуір ыңғайлы. Мұнда мәліметтер көрнекі түрде ғана емес, сонымен қатар өте
ыңғайлы, көрсетілген түрде, онда барлық байланыс және элементтермен қарым-
қатынас көрініп тұрады. Сызба біртұтас обьектіні дерексіз береді, арнайы
Жалпы психология сызбалар және оларға қояр талап оқулығы бар.
Кейде сызбалар білімнің тек бір ғана бөлек элементтерін көрсетсе,
оның толық құрылысын көрсетпейді. Студенттердің ойша ойлау ұжымы сызба
қолданғанда нәтижесі, сызбалар өзінің дидактикалық қызметін орындамайды,
егер:
- мәліметтер элементінің саны өте көп, оны барлық сызбаны бір
көргенде
меңгеруі қиын;
- геометриялық көпбұрышты фигуралар түрі қолданады;
- графикалық элементтердің парақта қолайсыз орналасуы;
- сызбада сөздік мәлімет көп болса және т.б.
Кез-келген сызбаның өзіндік дидактикалық құндылығы абр. Көбінесе
сызбалар
арнайы мұғалімдердің түсінігімен оқушыға дейін түсіндіру. Әйтпесе, мұндай
сызба элементтері, әртүрлі сызықтар байланыс ретінде және мәлімет
элементіне қатысты қабылданбайды. Сонымен әртүрлі классификацияны үйренуде
сызбаны қолдану ыңғайлы.
Графиктер- процесс, механизм, координат жүйесіндегі көріністер тек
феноменмен оқылатын визуальды иллюстрация ғана емес, бірақ ең бастысы
модель, бұл жұмыста жаңа өзгерістер келтіруге мүмкіндік бар. Мұндай
графиктердің мысалы ретінде Г.Эббингауздың ұмтылыс графигі бола алады,
мұнда бірінші сағатта ұмытудың екпінділігін көрсетілімнен кейін және оның
басқа уақытта шамалы ғана екенін, сонымен қатар субьект ұйымының оның күші
эмоциясына тәуелділігі графигі Д.О Хеббаның және Иоркса-Додсон заңдары
көрсетіледі.
График көмегімен көптеген атақты тәжірибелерді суреттеуге болады. Кез-
келген график, сызба, кестелерге сөздік түсінік оқуда мәнерлік құрастыру
қажет.
Суреттер- психологияда мұғалімдердің ыңғайлы және көп қолданылатын
заттары. Көбінесе олар мұғалімдердің өздері ойлап тапқанындай жекеше
болады. Кейде методикалық әдебиеттердегі суреттерді пайдалануға болады.
Жақсы сурет сол оқып жатқан нәрсе туралы шынайылықты ерекшелеп, оған
өзіміздің көңілімізді аударып, суретті кез-келген уақытта ауыстыруымызға
болатынын, түсінікпен оның жеке элемент обьектісін өшіруге немесе қосуға
болады. Сурет келбетті болады. Тақтада мұндай суретті салғанда, оны алдағы
түсінікке де қолдануға болады. Суреттер дидактикалық, динамикалық салмаққа
ие. Мұндай жағдайда оқытушылар ол суретке өздеріне керектіні қосып және
алып тастай алады. Сонымен, А.Маслоудың қажеттіліктің классификациясын
оқытуында динамикалық суреттерді қажеттіліктің және онтогенетикалық
суреттеулерін бір уақытта көруімізге болады.
Сонымен психология пәні бойынша әрбір көрнекі материал ғылыми
түсініктердің мәнін ашып, тәжірибеде қолдану ерекшелігін сипаттауға
көмектеседі.
4. Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі
Дәрістің танымдық қызметтері едәуір маңызды және алуан түрлі. Дәріс
білімді алудың өте тиімді әдісі болып табылады. Мұнда білім кеңейтілген
және жүйелі түрде беріледі, ал бұл студенттерге білімді тез және жақсы
меңгеруге және жаңа ақпаратты өзбетінше бағалауға мүмкіндік береді.
Дәрістің тиімділігі бір мезгілде өте көп тыңдаушыларға оны оқып
жеткізуге болады. Дәріс студенттің ойлау мәдениетін дамытуда үлкен орын
алады. Лектор тыңдаушыларға ғылыми ойлау процесімен таныстырады, оның
үлгілерін көрсетеді. Бұл басқаша айтқанда, дауыстап ойлану және осы жерде
және қазір түсініктерін оңай меңгереді.
Бұл оқу материалының ең тиімді берілуі. Лектордың әдістемелік
шеберлігі осы және өзге ақпаратты әртүрлі тәсілдермен беруге мүмкіндік
береді. Әрбір жақсы дәріс тыңдаушылардың көзқарасын, пәнге қызығушылығын
тудыруға үлкен эмоциональды әсер етеді. Бұл гуманитарлы циклдегі
дәрістерге, соның ішінде психология бойынша дәрістерге тән әсерінің және
тыңдаушыларға жалпы ықпалының күшіне қарай оқу материалының берілуінің
дәрістік тәсілі әзірге өзге әдістерден жоғары тұр. Өйткені лектордың
жекетұлғасының аудиториямен араласудағы әсерін ешнәрсемен де, алмастыруға
болмайды.
Осылайша дәріс студентті зерттелетін ғылымға алып келеді. Оған
негізгі ғылыми-теориялық жәйттермен танысуды қамтамасыз етеді. Осы арқылы
аталған ғылымды меңгерудің басқа формасын да анықтап береді.
Әрқашан дайындықтағы дәріс- жақсы дәріс. Бірақ дәрісті оқытудың ең
қиын формасы екенін ұмытпау кажет.
Дәрісті оқығанда, оқытушы бір-бірімен тығыз байланысқан болса да, әр
түрлі рольде сөйлеуге мәжбүр:
- құбылыстар мен фактілерді талдап тұрған ғылымның;
- тыңдаушыларын сендіретін шешімнің;
- өмірлік көзқарас пен іске деген адамгершілік қарым-қатынаста
тәрбиелеуші
педагогтың;
- барлық тыңдаушылармен жалпы және әрқайсысымен жеке байланыс
орнататын
психологтың рөлінде сөйлеуге мәжбүр.
ЖОО-дағы дәрістерге биік талаптар қойылады. Ол ақпаратты
тыңдаушылардың ойлау қызметін көтермелейтін тәрбиелеуші және дамытушы болуы
қажет. Дәріспен жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады. Дәрісті дайындаудың
бірінші кезеңінде:
- мақсаттары көрсетіледі;
- аталған нақты дәрістің тақырып пен бөлім құрылымдағы орны
анықталады;
- студенттер дайындығының деңгейі ашып көрсетіледі;
- теориялық және анқты материалды сұрыптау жүргізіледі.
Мәселінің қазіргі қоғамдағы жағдайы, дидактикалық қиындықтардың
қатысы,
оқулықтар мен оқу құралдарының жарамдылығы талданады. Оқу құралдарындағы
осы және өзге материалдың көлеміне қарай оқу пәнінің белгілі бір
бөлімдеріне берілген уақыт өлшемі анықталады. Студенттердің өзіндік
жұмыстары жоспарланады.
Бұл кезеңнің материалдары лекторда жазбалар күйінде жинақталады.
Дәрістің мазмұнына теориялық пен деректік материалдың таңдалуына аса назар
аударылады.
Дәріс мазмұнының ерекшеліктері ішінен ең маңыздыларын бөліп көрсетуге
болады. Оларға: ғылымилық, түсініктілік, қызықты болуы жатады.
Ғылымилық- дәріс ғылыми білімдердің осы заманғы қалпына жағдайына
сүйенуі тиіс. Бұл қарастырудан теориялық және практикалық мәселелердің
мәніне деген әртүрлі көзқарастарды салыстырудан, заңдылықтар теориясынан
көрініс табады.
Мұндай дәрістің мазмұнында белгілі отандық және шетелдік
зерттеушілердің есімдері, ғылыми эксперименттердің нәтижелері, жаңа идеялар
мен концепциялар, зерттеу әдістерін әңгімелеу көрініс табады.
Дәріс барысында ғылыми түсініктерге сүйену, түпнұсқаларды көрсету,
ғалымдардың сөздерінен цитата келтіру дұрыс болып саналады.
Дәріс тек ақпарат көзі ғана емес, ол студенттердің ғылыми ойлауын
қалыптастыру құралы да болып табылады. Сондықтан оның мазмұны сенімге,
тұрмыстық ойларға, жекебас тәжірибесіне емес, қайта шыншыл ғылыми
білімдерге негізделуі қажет. Студенттердің дәрісте ғылымның негізгі
түсініктерін, заңдылықтарын, зерттеу әдістерін жете түсінуін қамтамасыз
етеді.
Түсініктілік- аудиторияның ерекшеліктерімен, оның дайындығымен, жас
ерекшелік, кәсіби айырмашылықтармен байланысты.
Психологиялық құбылыстардың, түсініктердің, заңдардың мәнін түсіну
көбінесе лектордың сәйкес келетін және дәлелдеуші мысалдарды дұрыс таңдай
білу шеберлігіне байланысты болады. Ұтымды мысалдары жоқ дәріс теориялар
мен қызықсыз мәліметтерді айтып, шығатын мәнсіз әңгімелеуге айналады. Десек
те келтірілген мысалдардың:
- сәйкес келмеуі және айқын болмауы;
- кездейсоқ болмауы;
- беріліп отырған материалдың мәніне қатысты болуы;
- өте көлемді болмауы;
- өте ескірген болмауы.
Оқу материалының түсінікті болуы сөзсіз оқыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz