Психикалық әрекетті белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап,арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Психикалық әрекетті белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап,арнайы
белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы
зерттейді.Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен
қылықтары,сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да,бізге
оның ойлауы мен сөйлеуінің,сезімі мен еркінің,темпераменті мен мінезінің
ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі,сана-сезім дәрежесі іс-
әрекеттен,оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан.Сана іс-
әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді.Сана мен іс-әрекет
бір-бірімен тығыз байланысты.Сананың белсенділік сипаты да,оның мінез-
құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді.Осы
айтылғанға орай адам психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми
психологияның ең негізгі принципі.Кейбір психологтар:Адамның психикалқ
құбылстарын зерттеуде оның өзі берген мәліметтер шешуші орын
алады,сондықтан да өзін-өзі байқау(интроспекция) әдісінің деректеріне
ерекше көңіл бөлу қажет дейді.Мұндай жолмен адамның ішкі жан дүниесін білу
қиын.Өйткені адам өзі туралы көп жағдайларда қателеседі,оның шынын айтқысы
келмеуі де ықтимал,сондай-ақ адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін жете
білмеуі,не оны басқа біреуге дұрыс жеткізіп бере алмауы мүмкін.Өзін-өзі
байқау адам психикасын зерттеудің әдісі болып табылмайды,ол әркімнің өз
басындағы рухани ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бір факт.Мұндай
жолмен адам психологиясының мәнін,оның қалыптасу жолын түсіндіруге
болмайтындықтан,психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы принциптен
еш ауытқымауымыз қажет.Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін
зерттейтін бірнеше әдістер бар.Олардң бір тобы негізгі әдістер,екінші тобы
қосалқы әдістер деп аталады.Осындай негізгі әдістерге байқау әдісі,табиғи
жане лабораториялық эксперимент жатады.Ал қосалқы әдістерге
әңгімелесу,сұхбат, сауалнама,тест,т.б.жатады
Психологтың зерттеу жұмысындағы негізгі әдіс эксперимент болып
табылады.Эксперимент – ғылымның үлкен еңбекті қажет ететін анағұрлым
күрделі түрі.Ресейдің танымал психологы Рубейнштейн(1889-1960)
эксперименттің мынадай салаларын бөліп көрсетті:
1.Зерттеуші экспериментте бақылауға қолайлы болатын жағдайды күтіп
отырмай,сондай сәтті өзі тудыруы керек.
2.Эксперименталдық зерттеу жағдайын туғыза отырып,сол жағдайға байланысты
өзгертіп,түрлендіруге болады.
3.Эксперимент заңдылықтарды айқындауда ең мықты әдістемелік құрал болып
табылады.
4.Құбылыстар арасындағы байланыстың заңдылықтарын айқындауда
эксперименттік шарттарды ғана емес,сонымен қатар олардың сапалық
қатынастарын да түрлендіре алады.Нәтижесінде эксперимент математикалық
формулалардың сапалық заңдылықтарын қалыптастырады.Эксперименттің негізгі
үш түрі бар:Лабораториялық,табиғи және қалыптастырушы.
Лабораториялық эксперимент нақты,дәл тәжірибе жүргізуге арнайы
жабдықталған зерттеушінің барлық әрекеттерін бақылауға және алынған іс-
әрекеттерді тіркеп отыруға мүмкіндігі бар орындарда болады.Психологиялық
лабораторияда арнайы құралдар,яғни өте күрделі болатын
аппаратуралар,компьютерлік құралдар және өте қарапайым құралдар да
пайдаланылады.Кейде тәжірибе жүргізу үшін қағаз,карандаш және секундомердің
өзі де жеткілікті болады.Қандай құралдар болса да ең маңыздысы эксперимент
сапасын көрсете алса болғаны.
Табиғи эксперимент – орыс психологы Лазурскийдің (1874-1917) ұсынысы
болып табылады.Мұнда зерттеу экспериментатордың бақылауымен,бірақ табиғи
жағдайда жүргізіледі.
Табиғи эксперимент көптеген салаларда қолданылады.Мысалы:әлеуметтік
психология,педагогикалық психология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Жан қуаттарының топтастырылуы
Психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу
Тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психология
Психологияның зерттеу әдістері
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер