Психологиядағы іс-әрекет категориясы жалпы және нақты-психологиялық мазмұн


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

1. 1. Психологиядағы іс-әрекет категориясы: жалпы және нақты-психологиялық мазмұн.

Отандық психологияиың көрнекті методологы Б. Ф. Ломов' "іс-әрекет" категориясының жоғары түсіндіруші күшке ие екендігін, сондықтан да ғылым мен практикада барынша кең қолданылатынын айқындады. Пихологиядағы іс-әрекет мәселесінің қазіргі жағдайын талдай отырып, ол "іс-әрекет" терминінің көбіне түрлі мазмұнда айтылатынын, кейде түрлі психикалық құбылыстарға "жабыстырылатынын" немесе онымен жай айлалы әрекет жасалатынын атап өтті. Б. Ф. Ломовтың көрсетуінше, "іс-әрекет" категориясының мәнін түсінбестен пайдалану адасу мен схолостикадан өзге еш нәрсе бермейді.

Өзінің шығу тегі бойынша іс-әрекет қоғамдық-тарихи категория болып табылады және бәрінен бұрын психологиямен шектесетін қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдарда зерттеледі. Психология іс-әрекет туралы ілімді психикалық құбылыстарды талдау үшін қоғамдық-тарихи категория ретінде пайдаланатындықтан да көбінесе іс-әрекетті талдаудың психологиялық аспектілерінің философиялық, әлеуметтік, экономикалық т. с. с. және керісінше ауысуы өтеді.

Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары.

Іс-әрекет категориясының мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады.

1) Іс-әрекет категориясы алам болмысын сипаттайтын
маңызды категория болып табылады. Бұл категориясыз
адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.

Іс-орекет адам болмысын сипаттайды

2) Іс-әрекет ақиқатты қайта құратып белсенділіктің
(адам мен қоғамға тән) арнайы формасына жатады. Кең
мағынада алғанда "іс-әрекет" атауы "белсенділік" ұғымына
баламалы.

Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы.

3) Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық
категория болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ
қабылданған деп саналады. Ол психикалық бейнелеу,
тұлға, сана, қарым-қатынас сияқты категориялармен бірге
базалық психологиялық категориялар санатына кіреді.
Б. Ф. Ломов психология гылымының негізгі категориялары
ретінде бейнелеу, іс-әрекет, тұлға және қарым-қатынасты
қарастырды.

Іс-әрекет - психологиясының пегізгі категориясы

4) Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі катего-
рияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара
әрекеттестікте болады. А. Н. Леонтьевтің көзқарастары
бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің
біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес". Өзінің бірқатар
зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-
тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын,
бейне (психикалық бейнелену} қашан да іс-әрекет жүйе-
сінде манызды орын алатынын және оның шығу тегі мен
қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын
көрсетті.

1. 2. Психологиядағы іс-әрекет бағытының жалпы сипаттамасы

Іс-әрекет психология ғылымының орнықты мәселелерініц бірі болып табылады. Оныц жасалуыпа көптеген зерттеушілер маңызды үлсс қосты. Іс-әрекет мәселесінің негізін қүраушы зерттеулер қатарында А. Н. Леонтьев пен С. Л. Рубинштейн сңбектеріи атауға болады. Іс-әрекет мэселесіиш психология гылымындагы қазіргі даму жағ-дайына көп үлес қосқан К. А. Абульхапова-Славская, Б. Г. Ананьев, А. В. Брушлинский, В. В. Давыдов, Е. А. Климов, Б. Ф. Ломов, В. Д. Шадриков т. б. зерттеулері болып табылады*.

Қазіргі кезде іс-әрекет мәселесі әр түрлі мамандар күші-мон қарқыиды түрдс дамуыиа қарамастап, оның көптсгсн қырлары ашылмаған күйде қалып отыр. С. Л. Рубинштейн-нің пікірінше, психологиялық мәселелердің барлыгы іс-әрекетті зерттеуге байланысты және адамнъщ өзінің өмірлік жолын жүзеге асыру барысындағы іс-әрекетінде оныц барлық психологиялық қасиеттері көрінумен қатар, қалыптасып отырады да.

Іс-орекет багыты - адам түлғасы мен санасының даму заңдылықтарьш зерттеудегі иегізгі багыт болып табылады, В. В. Давыдов іс-әрекет багытының қалыптасуы мен дамуы-на отандық ірі психологтардың барлығы ат салысқанын атап өтеді.

Іс-әрекет бағытынын нобайы мен негізі Л. С. Выготский, СЛ. Рубишнтейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.

Психологиядағы іс-әрекет мәселесінің түрлі қырлары-ның ашылуы мен оның дербес психологиялық мәселесі рстінде бөлінуі берілген сызбада толық көрсетілген.

Сызбада көрсетілгендей іс - әрекет категориясының бірінші функциясының негізін, дәлірек айтқанда іс әрекетті түсіндірушіпринцип ретінде зерттеуді Л. С. Выготский бастаған, кейінірек С . Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия т. б, сибоктсріпло қарқынды зерттелді. Іс-әрекетті ерекше пән ретінде, яғни оның екінші функциясын зерттеуді Л. С. Выготский бастап, Л. Н. Леонтьев және оның ізбасарлары бірнеше жылдар бойы қарқынды зерттеді.

Заттық іс-әрекетті пспхология ғылымының пәні ретінде алғаш рет С. Л. Рубинштейн бөліп шығарды. Л. Н. Леонтьев бір мезгілде іс - әрекеттің

заттылығы қағидасын қалыптастырып, психология пәні ретінде субектінің біртұтас іс-әрекетін бөліп шығарады. Оның түрлері мен формалары, өзара орналасуы меп трансформациясын органикалық жүйе ретінде қарастырды. ның пікірінше, субъектінің іс-әрекеті бірінші кезекте психикалық бейнелеулі зерттеуге мүмкіндік береді.

А. Н. Леонтьев өзінің бірқатар еңбектерінде психикалық бейнелеу сезімдік-практпкалық, іс-әрекетке туындайтындықтан, оның іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс түсіндірілмейтінін бірнеше рет атап өтеді.

1. 6. А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет туралы жалпы психологиялық теориясының негізгі мәселелері.

Іс-әрекет туралы жалпы психологиялық ілімнің негіздері отандық психология ғылымының көрнекті өкілдері Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. А. Рубинштейн, А. Р. Лурия зерттеулерінде салынған. Дәстүрлі түрде бұл ілім А. Н. Леонтьев есімімен байланысты және іс-әрекеттін жалпы психологиялық теориясы деген атауга ие болды.

Қазіргі уақытта іс-әрекеттік жалпы психологиялық теориясының көптеген мәселелері пікірталасқа толы. Олардың қатарына:

  • Іс-әрекет проблемасы бойынша Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьев кезқарастарындағы сабақтастық немесе оның болмауы. Іс-әрекет теориясы бойынша С. Л. Рубинштейн және А. Н. Леонтьев нұсқаларының ұқсастығы мен айырмашылығы. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясы дамуының дағдарыстық кезеңдері.

Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теорияларының пікірталасты мәселелерін жақша ішінде қалдыра отырып, оның неғұрлым маңызды әрі жалпыға танылған ережелерін = әдіснамалық тезистерін = негізгі принциптерін бөліп шығуға болады. Сонымен, іс-әрекеттің жалпы психо-логиялық теориясының бастапқы қагидалары төмендегідей.

  • Заттылық қағидасы (1)
  • Белсенділік қағидасы (2)
  • Адамның заттық іс-әрекетінің бейімсіздік табиғат қағидасы (3)
  • Интериоризация-экстериоризация қағидасы (4)
  • Бірлік бойынша" психологиялық талдау қағидасы (5)
  • Жанамалау қағидасы (6)

• Психикалық бейнслеудің іс-әрекет құрылымындағы объектінің бейнелеу орнына тәуелділік қағидасы (7)

1. Заттылық қағидасы А. Н. Леонтьев пен оның ізбасарларының, іс әрекеттің жалпы теориясының түйінін құрайды. А. Н. Леонтьев арнайы атап өткендей, ол затты табиғатта өз бетінше өмір сүретін "зат" ретінде емес, тірі
жанның іс-әрекетінің (сыртқы, ішкі) пәні ретінде қарайды.

Оның пікірінше, іс-әрекет пәні екі жақты: бірінші - субъектінің іс-әрекетін құраушы және өзіне бағындырушы тәуелсіз; екіншіде - субъект іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асатын оның қасиеттерінің психикалық өнімі пән бейнесі ретінде көрініс береді. Іс-әрекет пәнін түсінудің мұндай жағдайында субъектіге эсер етуші түрткі (зат) және оған жауап реакциясы назардан тыс қалады.

2. Белсенділік принципі субъект іс-әрекетін жанама-
лайтын психикалық бейнелеу белсенділігі туралы жағдайларды тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Субъект объектімен белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Субъектінің белсенділігі қағидасына реактивтілік қағидасын қарама-қарсы қою адамға қоршаған ортаға бейімделуші тірі жан ретінде қараушы бағытты жеңе отырып, адам іс-әрекетінің қайта құраушы творчестволық сипатын қарама-қарсы қояды.

  1. Заттық іс-әрекеттің бейімсіздік табиғаты қағидасы адам іс-әрекетінің арнайы сипаттамасын бейнелейді.
  2. Іс-әрекетті талдаудың "инториоризация-экстериоризация" қағидасының үш қыры бар. Бірінші қыры Л. С. Выготский еңбектерінде ашылған жопе көбіпесе мадени дамудыц генетикалық зацыпда бейиеленгеп: балапың олеуметтік ұжымдық іс-әрекеті интерпсихикалықтан іс-әрекеттің өзіңдік психологиялық формасы интрапсихикалыққа дейін. "Интериоризация" түсінігінің екінші қырына "меннен" - "бізге" өтуді бейнелейді, үшінші қыры сананың ішкі жоспарының өндірісі болып табылады.

Жалпы алғанда, бұл қағида адамның қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеруін, бірлескен сыртқы әрекеттен субъектінің ішкі әрекетіне ауысу механизмін ашып көрсстеді.

5. Іс-әрекетті "бірліктер бойынша" психологиялық
талдау қағида іс-әрекетті оның барлық арнайы ерекшеліктерін сақтайтын бірліктер арқылы талдауды белгілейді,

1. 8. Іс-әрекеттің түрлері мен формалары

Қазіргі кезде психологияда іс-әрекеттін түрлері мен формалары туралы сөз кецінен қозғалуда. Іс-әрекеттің жіктелуінің жалпы бейнесі көп жоспарлы әрі көбіне қайшылықты болып келеді. Б. Ф. Ломов бүл процесті бы-лайша сипаттайды: "Айтылып әрі жазылып жүрген "адам іс-әрекеті" мен "жануарлар іс-әрекеті", "сыртқы іс-әрекет" пен "ішкі іс-әрекет", "сезімдік жүйелер іс-әрекеті", "сана іс-әрекеті", "беталыстық іс-әрекет", "мимикалық іс-әрекет" т. с. с, тіпті қабілеттер іс-әрекет болып жарияланады. Егер психикасында жазылып жүрген іс-әрекет түрлерін жіктеуге тырыссақ, онда өзара келісімсіз әрі қайшылықты бейне болып шығады.

Б. Ф. Ломов іс-әрекет түрлері мен формаларын қарастыра отырып, оның көп жоспарлылығын және кез келген зерттеу жіктеудің негізі ретінде қолданылуы мүмкіy екендігін белгілейді. Сондықтан іс-әрекеттің белгілі бір жағын бейнелейтін әр түрлі жіктеулерді жасауға бұл әрекеттің көп өлшемдік сияқты мацызды сипатын ашады.

Іс-әрекетті жіктеу мәселесі арнайы тарихи-генетикалық зерттеуді талап етеді. К. Э. Фабридің филогенетикалық зерттеулерінде іс-әрекеттің биологиялық себептенуінен алғашқы әлеуметтік шарттастырылған адами еңбек іс-әрекетінің түрлеріне өту мәселесі талданады.

Б. Ф. Ломовтың пікірінше, іс-әрекеттің "тарихи ағашын" жетілдіру маңыздылығы оның даму процесімен өзара

байланысын ашып көрсетуімен сипатталады. Қандай да бір іс-әрекеттің қалыптасуын түсіну бұрыннан бар білімдер жүйесін іс-әрекеттің жаңа түрін зерттеуде ұтымды пайдалану үшін мадызды болып табылады.

Ол іс-әрекет пен олардың даму үрдістері арасындағы генетикалық байланысты зерттеу жаңа пайда болған іс-әрекет түрлерін жобалауға, кәсіби бағдарлау мен кәсіби оқыту әдістерін жетілдіру үшін қажетті екенін белгілейді.

Іс-әрекеттің түрлері мен формалары

1. 9, Еңбек - адам іс-әрекетінің тарихи алғашқы түрі

Еңбек адам іс-әрекетінің түрлі формаларында, материалды және рухани, сыртқы және ішкі, жеке-дара және ұжымдық, ақыл-ой және денелік, өндірістік, оқу, спорттық т. б. түрлерінде жүзеге асады. Қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің барлық формалары өз мәні бойынша еңбек іс-әрекеті болып табылады. Е. А. Климов еңбек және еңбекМеңгеру процесін оқу іс-әрекетіне тән тікелей мәқсаты мен міндеті ретінде қарастыру.

  1. Оқу іс-әрекетінің арнайы қажеттіліктері мен мотивін белгілеу.
  2. Оқу іс-әрекетінің жалпы психологиялық мазмұнын: адамдардың теориялық санасының (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) өзара байланысты формаларын бөлу.
  1. Бастауыш мектеп жасындағылар (6-10 жас) үшін оқу іс-әрекетін жетекші ретінде бөлу. Оқу міндеттерінің өзіндік маңызды сипатын бөлу.
  2. Шәкірттерге оқу міндеттерін қоюдың мазмұнын ашу.
  3. Жалпылауды мазмұндық және формалды эмпирикалық түрге бөлу.
  4. Оқу әрекеттерін типке бөлу.

ІО. Оқу материалын ашу қағидаларын бөлу-П. Іс-әрекет құрамын қалыптастырушы жаңа қажеттіліктерге, мотивтер мен оқу әрекеттеріне бөлу.

Оқу іс-әрекетінің танымдық сипаты

Л. Б. Ительсон оқу әрекетінің құрылымы мен жағдайлары бастауларын талдай отырып, оның екі маңызды сипатын белгілейді:

  • оқу арнайы адам іс-әрекеті болып табылады;
  • оқу белсенді танымдық іс-әрекет.

Оқу іс-әрекетінің танымдық сипаты басқа зерттеушілердің еңбектерінде де қарастырылған.

Оқу іс-әрекетінің еңбектік сипаты бастауыш мектеп жасындағылардың оқу енбегінің ерекшелігі туралы мәселе А. И. Липкинаның еңбектерінде қойылды.

А. Н. Воронин мен В. Н. Дружинин зерттеулерінде оқу-әрекеті ұстаз бен оқушы үшін өзінің белгілі нәтижесі бар іс-әрекет ретінде қатысады. Оқыту процесі - оқушы күнделікті қатысатын шиеленісті жүйелі еңбек.

Оқыту мәселесін зерттеудегі іс-әрекеттік әдіснаманы пайдалану оқу іс-әрекетінің (еңбек, танымдық, коммуникативтік) негізгі белгілеріи жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекет мәселесін жетілдірудің жетістіктері мен үрдістері қазіргі кезде көптеген ғылыми мектептердің субъектілер мен осы тақырыптағы әдебиеттерді талдауы іс-әрекеттің бірқатар маңызды мәселелерін төмендегіше бөлуге мүмкіндік береді.

■ Іс-әрекетті психология пәні ретінде бөлу.

• Іс-әрекеттің нақты психологиялық мазмұнын ашу.

■ Іс-әрекетті жүйелік құрылым ретінде түсіну.

• Іс-әрекетті құрылымдық бірліктерге бөлшектеу.

■ Іс-әрекеттің сипаты мен ерекшеліктерін, жалпы
заңдылықтарын бөлу.

• Іс-әрекеттің сыртқы және ішкі құралдарын бөлу.

■ Іс-әрекет түрлері мен формаларын бөлу, оларды
сипаттау.

• Заттық іс-әрекетті генетикалық бастапқы және адам
іс-әрекетінің басқа түрлерінің қалыптасуы үшін негізі
ретінде мойындау.

■ Сыртқы практикалық және ішкі психикалық іс-әрекет
құрылымының бірлігін түсіну.

- Психикалық бейнелеу формаларының қалыптасып, дамуының іс-әрекет құрылымы ерекшеліктері бейнелеуден тәуелділік ашылды.

• Іс-әрекет бағытын - психологияның негізгі әдіснамалық прииципі ретінде бөліп шығару;

■ Іс-әрскетті жүйелі зерттеудің идеалды теориялық
үлгісін өңдеу.

Іс-әрекеттің негізгі сипаттарып талдау бойынша оны болашақта зерттеу жолдарының қысқаша тұжырымдары.

  1. Іс-әрекеттің заттық сипаты.
  2. Іс-әрекеттің белсенді сипаты. Іс-әрекеттің белсенді сипаты субъекті іс-әрекетін жанамалауын психикалық бейнелеу белсенділігіне байланысты және төмендегі жағдайларда көрінеді:
  • субъект іс-әрекетініп таңдамалылығы мен бағыттылығы;
  • психикалық, оның ішінде психикалық бейне тудыратын танымдық процестің творчестволық өнімді сипаты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес психологиясындағы тұлға теориясы
Адам әрекеті сан алуан
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Жоғары психикалық функциялар
Оқушыларды ойната отырып іс - әрекетін дамыту
Іс-әрекет психологиясын қалыптастыру
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт- бағдарлар
Басқару стилінің сипаттамасы
Л.С.Выготскийдің «психологиялық жас» категориясы
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz