Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

Теориялық бөлім
1. Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық
негіздері

1. Психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің өзіндік санаға әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-22
2. Этнопсихологиядағы қарым-қатынас пен өзіндік сананың ерекшеліктерін
зерттеу теориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 23-47
2. Қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін эксперименттік
зерттеу
2.1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы
... ... ... ... ... . 48
2.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49
2.3. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50-63
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 64-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66-68
Қосымша

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың
бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары
шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері,
жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің
біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында
ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін
кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда
басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара
әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып
табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де
байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік
сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық
байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін
қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген
авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік
тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі
әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы
мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің
бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі
ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының
спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық
орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық
өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің
этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы
қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі
жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы
болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық
өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық
бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз
азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-
бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе.
Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу –
психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың
қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін
факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-
қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның
бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік
санасына байланысты көрінеді.
Негізгі міндеттері:
- психологияда отандық және шетел әдебеиттеріндегі қарым-қатынас
және этникалық өзіндік сана мәселесін теориялық тұрғыда қарастыру
- қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін зерттеу
әдістерін өңдеу
- әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып оқушылар қарым-қатынасының
этникалық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдістері: Б.Басстың тұлға бағыттылығын анықтау әдістемесі,
Әлеуметтік-коммуникативті компетенттілікті анықтау әдістемесі.
Теориялық маңыздылығы: Оқушылардың қарым-қатынастарындағы этникалық
өзіндік сананы сипаттайтын психологиялық ерекшеліктердің талдануы және
осы мәселе бойынша әртүрлі психологиялық еңбектердің қарастырылуы.
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері Қаскелен қаласының орта
мектебінде оқитын оқушылар қарым-қатынасындағы этникалық өзіндік сана
ерекшеліктерін жалпы психология мен этностық психологияда, педагогика
мен әлеуметтік психология салаларында қолданылады.

1.1. Психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің өзіндік санаға әсері
Қарым-қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез-келген ұғымдары
сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген.
Қарым-қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар
аударған. Қарым-қатынасты зерттеу үдемелеп бара жатыр. Қарым-қатынас
адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс-әрекетінің қажетті шарты болып
табылады.
Қарым-қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің
бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуымен және оның
психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты.
Бірақ қарым-қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие.
Қарым-қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндермен ғана
емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының маңызды
шарты болып табылады. Сірә, қарым-қатынас мәселесі рөлінің дамуын барлық
психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде
қарастыруға болатын шығар.
Қарым-қатынас мәселесін зерттеуге көптеген ғылым өкілдері өз үлестерін
қосқан: философияның, әлеуметтанудың, педагогиканың, психологияның, т.б..
Қарым-қатынас әртүрлі деңгейде, әртүрлі аспектіде зерттелінетін аса
көпқырлы процесс болып табылады. Кеңес психологиясы психикалық құбылыстарды
объективті шындықты субъективті бейнелеудің түрлі формалары мен деңгейлері
ретінде қарастыратыны белгілі. Сонымен бірге бейнелеу пассивті айналы акт
емес екендігі, ол адамның нақты болмысына кіретіндігі, оның құраушысы
болып табылатындығы және онда белгілі әсерлі роль ойнайтындығы болжанады.
Қарым-қатынас – бұл адамдардың іс-әрекет процесіндегі өзара әрекет
формаларының бірі. Қарым-қатынастың белгілі анықтамаларының бірде біреуі
олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді. Бұны қарым-қатынастың
адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту
ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қарым-қатынастың қанағаттанарлық
дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып табылады. Авторлар жиі
қарым-қатынас анықтамасы негізіне өздері белгілеп қойған қандай да бір
қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді. Мысалы, А.А.Леонтьев қарым-
қатынасты байланыс орнату және ұстау процесі ретінде анықтайды, Е.П.Ерастов
– қоғамдастықты құру процесі ретінде, Х.И.Линнете – құндылықтармен алмасу
ретінде, Л.П.Буева және Б.Ф.Ломов – іс-әрекетпен, сезімдермен,
түсініктермен, т.б. алмасу ретінде, А.В.Киричук – индивидтер арасындағы
байланыс және қатынас ретінде, Н.Е.Ведерникова – адамдық мән туралы
білімнің қайнар көзі ретінде, М.А.Зимняя – қоғамдық-коммуникативті іс-
әрекет формасы ретінде, Л.Н.Дзокировская және Е.Ф.Тарасова - әлеуметтік
өзара әрекет ретінде, В.И.Соковкин – адамдардың бір-бірінің саналарына әсер
ету процесі ретінде, В.Е.Семенов – жеке тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде,
т.б. түсіндіреді. Осы анықтамалардың барлығында қарым-қатынасқа тән
құбылыстар көрінеді, бірақ олардың әрқайсысы, жеке алғанда, осы феноменнің
бүкіл мазмұнын айтып бітпейді [1].
Қарым-қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін 3
жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді: іс-әрекет, қатынас,
бейне. Оларға қатысты қарым-қатынас түсінік ретінде шығады және олардың
онтологиялық бірлігінің бір формасы болып табылады. Іс-әрекет өзінің
негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбекке,
танымға, ойынға, қарым-қатынасқа қатысты. Бірақ бірқатар жағдайларда қарым-
қатынас және іс-әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады. Жиі
жағдайда бұл логикалық дәлсіздік іс-әрекет түсінігін еңбек іс-әрекетімен
теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:
1) іс-әрекет пен қарым-қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және қарым-
қатынас шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін білдіреді;
2) қарым-қатынас пен іс-әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама-
қайшылыққа; өйткені еңбек және қарым-қатынас шынайылығы олардың мәнді
айырмашылықтарын білдіреді [1].
А.А.Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым-
қатынас – адам іс-әрекетінің формасы [2]. Егер іс-әрекет – бұл адамның
заттар әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет
процесі. Қарым-қатынас ұғымының гносеологиялық торшасы болып адамның
адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады.
Л.П.Буева қарым-қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның түсіндіруінше,
қарым-қатынас – бұл қоғамдық субъектілердің (тұлғалар, топтар) өзара
байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс-әрекетпен, ақпаратпен,
тәжірибемен, қабілеттіліктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен
қатар іс-әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л.П.Буева қарым-
қатынасты тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті және
жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді [3].
Бұл ұғым философия, әлеуметтану және әлеуметтік психология торабында
жете зерттелген және жалпы сипатқа ие. Ол адамдар, әлеуметтік топтар, түрлі
қоғамдық субъектілер арасындағы кез-келген өзара байланысты зерттеуге
бағытталған. Әлеуметтік деңгейде қарым-қатынас әлеуметтік тәжірибе мен
мәдени мұраны бір ұрпақтан қалдыру үшін қажетті шарт болып табылады.
Психологиялық тар мағынада қарым-қатынас адам арасындағы байланыстың
қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер
жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі. А.В.Петровский және
М.Г.Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым-қатынас
біріккен іс-әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды,
өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында
байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылды [4]. Бұл анықтама
қарым-қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен
алмасуы, өзара әрекетті, бір-бірін тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын
қарым-қатынастың аспектілерін қарастыру деп қабылданған. Ақпаратты беру
қарым-қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады; өзара
әрекет қарым-қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады;
адамдардың бір-бірін түсінуі және тануы қарым-қатынастың перцептивті
аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас барлық үш аспектілер
бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда әрбір
аспектіні жеке қарастырған жөн. Кейде коммуникация, перцепция және
интеракция қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде зерттелінеді [4].
Қарым-қатынас мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады:
байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеуметтік-
психологиялық феномен ретінде қарым-қатынасты нақтырақ сөзбен белгілеу үшін
контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл
және сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу қарым-қатынастың негізгі тәсілі
болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы объективтеу ретінде
қарастырылуы мүмкін.
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда
болды және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде
филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі
кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін,
оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер
үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі
сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты әсер
сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің
сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда
оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеуінің өзіне қызықты ма
және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде
кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп,
бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы
тенденциясы толық анықталмаған. Сөйлеудің маңызды факторы ақпаратты
паралингвистикалық тәсілдер болып табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу
қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі,
жесттер, мимика, дене тұрысы. Қарым-қатынаспен қоса жүретін
паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контекстін анықтайды.
Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе,
керісінше, оны шығаруы мүмкін. Айтылған мен паралингвистикалық тәсілдер
арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама-қайшылықты толық емес қарым-
қатынас факторы ретінде қарастыру керек [5].
Кез-келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам
кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым-қатынас жүреді. Ал,
егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым-қатынас жүрмейді,
өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер
деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір-біріне қызыға
қарағанда [5].
Адамның әлеуметтік болмысын талдауда іс-әрекет категориясына маңызды
роль беріледі. Іс-әрекет жайлы маркстік-лениндік ілімге сүйене отырып,
кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері
мәселесінің барлығын жаңаша қарастырады. Теориялық, эксперименталды және
қолданбалы зерттеулердегі іс-әрекет талдамы арқылы адам психикасының әлеуми
себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады [1].
Іс-әрекетті кеңес ғалымдары жалпы психологиялық зерттеуде мәнді
жетістіктерге жеткен (Б.Г.Ананьев, А.В.Запарожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия,
С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов). Іс-әрекеттің алуан түрлерін
талдау принциптері мен өңделген теориялар психологияның әлеуметтік
аудандарында кеңінен қолданылды: әлеуметтік психологияда (Г.М.Андреева,
А.А.Бодалев, Е.С.Кузьмина, А.В.Петровский, Е.В.Шорохова және т.б.),
инженерлік психологияда және еңбек психологиясында (Н.Д.Завалов,
Г.М.Зараковский, В.П.Шадриков, т.б.), балалар және педагогикалық
психологияда (П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Г.С.Костюк, т.б.) [3].
Бұл концепциялар индивидуалды іс-әрекетті зерттеу негізінде
қалыптасқан, онда оның анықтамасының негізін субъект-объект, субъект-
зат қатынастары құрайды. Осыған сәйкес психологиялық талдау кесінділері
және онда қолданылатын ұғымдық аппарат субъект-объект қатынасы шеңберінде
өңделеді.
Бұндай бағыт, әрине, дұрыс және өнімді. Бірақ ол адам болмысының бір
жағын ғана ашады.
Кейде іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты параллельді
процестер ретінде еме, адамның әлеуми болмысының, оның өмір бейнесінің екі
жақтары ретінде қарастырылады.
Ең соңында, қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
қарастыруға болады. Осы көзқарастың ішінде оның екі түрін бөлуге болады:
олардың біреуінде қарым-қатынас коммуникативті іс-әрекет, немесе
онтогенездің белгілі кезеңінде өз бетінше көрінетін қарым-қатынас іс-
әрекеті ретінде түсініледі.
Қарым-қатынасты іс-әрекет категориясы арқылы анықтай отырып,
В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев және т.б. психологтар қарым-қатынас амалына,
тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды
сипатын көрсетеді. Қарым-қатынас үшін қарым-қатынас жағдайын қоспағанда
қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық
сипатымен дәл сәйкес келеді, партнер да, онымен қарым-қатынас та біріккен
іс-әрекеттің заттық-практикалық мақсатына жету амалы болып табылады [2].
Бейне және қатынас категориялары арқылы қарым-қатынас анықтамасында
адамның өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетіледі. Адамдардың біріккен өмір
әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді. Бірінші салада партнерлердің
тұлғалық мәнін тану өтеді. Екінші кезең қарым-қатынас спецификалылығын
сипаттайды. Бұл таным адамды қабылдау объектісі ретінде бейнелеу негізінде
өтеді (оның сыртқы келбетін, әрекетін, қылықтарын, мінез-құлқын, оның
тұлғалық мәні жайлы ақпарат беретін іс-әрекет өнімдерін). Осы және
вербальды, сонымен қатар техникалық өзара байланыс тәсілдері арқылы
партнерлар бір-біріне өздерінің іс-әрекеті, идеялары, сезімдері, т.б. жайлы
ақпарат айтып, оларды біріккен өмір әрекеті жайлы және жеке мақсаттарымен
сәйкес реттеуге ұмтылады [2].
Қарым-қатынас анықтамасына бейне категориясы көзқарасынан қарау,
қарым-қатынас – партнерлардың өзара әрекеттің мазмұнды жақтары туралы
идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып
табылады деген тұжырымға әкеледі.
Ақпараттық іс-әрекет құбылыстармен абстрактілі түрде әрекет жасауды
білдіреді. Егер партнерлар өзара әрекет процесінде алмасатын реалды
құбылыстардың абстрактілі формалары олардың өзара түсініктеріне ұқсас
болса, онда қарым-қатынас процесі өзін адамдар санасынан адам бомысының
салыстырмалы өз бетінше мәні түрінде көрсетпейді, өйткені, идеалды формалар
өздерінің практикамен ақиқат немесе жалған қарама-қайшылықтарын көрсетпейді
[2].
Қарым-қатынас жалпы дәлел бойынша осы барлық қатынастардың көріну
формасы болып табылады. Бірақ бұл бұған ақпараттық процестердің барлық
амалдары қарым-қатынастың материалды формасы ретінде қызмет ететін мағынада
ғана дұрыс.
Қарым-қатынастың өзі біріккен іс-әрекетте пайда болатын қоғамдық,
психологиялық, әлеуми-психологиялық қатынастар синтезі ретінде эмоционалды
және әлеуметтік боялған өзара қатынастардың идеалды формаларында да болады
[3].
Сондықтан, Б.Д.Парыгиннің дұрыс жазуынша: Қарым-қатынасты бір уақытта
индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір-біріне
қатынасы ретінде де, олардың бір-бірін өзара түсіну процесі ретінде де бола
алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық негіздері
бар [7].
Қарым-қатынастың бірнеше түрлері бөлінеді, олар кері байланыс
ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым-қатынас жанама және тікелей,
тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым-қатынас – бұл тікелей
бетпе-бет кәдімгі қарым-қатынас, өзара әрекет субъектілері жақын
орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы қарым-
қатынасқа түседі. Тікелей қарым-қатынас ең толық өзара әрекет түрі болып
табылады, өйткені индивидтер максималды ақпарат алады. Тікелей қарым-
қатынас формальды және тұлғааралық болады. Тікелей қарым-қатынас екі
субъектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше субъектілер арасында
өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым-қатынас кіші топтар үшін ғана реалды болуы
мүмкін, яғни өзара әрекет субъектілерінің барлығы бір-бірін білетін топта.
Жанама қарым-қатынас индивидтер бір-бірінен уақыт бойынша немесе
қашықтық бойынша алшақталған жағдайларда өтеді, мысалы, субъектілер телефон
арқылы сөйлеседі немесе бір-біріне хат жазады. Жанама қарым-қатынас толық
емес психологиялық байланыс болып табылады. Бұнда кері байланыс
күрделенген. Жанама қарым-қатынас та екі субъектілер арасында және топта
жүзеге асады.
Бұқаралық қарым-қатынас әлеуметтік-коммуникативті процестерді
анықтайтын қарым-қатынастың ерекше түріне жатады. Бұқаралық қарым-қатынас
бейтаныс адамдардың көптеген байланыстарын, сонымен қатар бұқаралық
ақпараттың әр түрлерімен жанамаланған коммуникацияны білдіреді. Бұқаралық
қарым-қатынас тікелей және жанама болуы мүмкін [8].
Б.Ф.Ломов қорытындысы бойынша, қазіргі кезде қарым-қатынас мәселесі
психологиялық мәселенің жалпы жүйесінің кейбір логикалық орталығына
айналып барады. Бұл қорытындымен келіспеуге болмайды [9].
Мысалы, Л.П.Буева қарым-қатынасты талдаудың ақпаратты-коммуникативті,
семиотикалық және әлеуметтік-практикалық аспектілерін бөледі [3].
Әртүрлі контекстерде қарым-қатынасты кең мағынада қоғамдағы әлеуметтік
байланыстар мен қатынастардың жиынтығы ретінде, және тар мағынада
адамдардың тұлғааралық қатынастардағы тікелей немесе жанама байланысы
ретінде анықтайды.
Ажетті және перспективалы болып Б.Ф.Ломов еңбектерінде рельефті түрде
көрсетілген қарым-қатынас мәселесіне деңгейлі тұрғыдан келу табылады.
Б.Ф.Ломов пікірінше, қарым-қатынас құрылымын зерттеуде талдаудың 3 деңгейін
ескеру керек. Бірінші деңгейді макро деңгей деп атайды. Бұл деңгейде
адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы тұлғаның бүкіл өмір жолы бойындағы
оның өмірінің бір жағы ретінде қарастырылады. Бұнда, Б.Ф.Ломов бойынша,
бөлек адамның қоршағандармен қарым-қатынасы сызығының осы қоғамда
қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесіне тәуелділігін ескеруге болады және
қажет. Бұл деңгейде психологиялық мәселелердің кең шеңбері пайда болады –
қарым-қатынас формаларының дамуы туралы, олардың әлеуметтік нормаларға,
дәстүрлерге және жүріс-тұрыс ережелеріне тәуелділігі туралы, қарым-
қатынастың индивидуалды және жас ерекшеліктері туралы, т.б. Екінші деңгейде
(оны Б.Ф.Ломов мезодеңгей деп атайды) талдаудың негізгі объектісі болып
қарым-қатынастың жеке актілері немесе шынайы байланыс кезеңдері табылады –
біріккен іс-әрекет, әңгіме, ойын, т.б. Бұл деңгейде зерттеушінің маңызды
мақсаты – байланыстың түрлі фазаларында қарым-қатынас тақырыбын және оның
даму процесін ашу. Бұл процесс жалпы міндетті шығарудан басталады және жеке
шешімдер мен әрекеттерді келістіруден аяқталады. Талдаудың үшінші деңгейі
(микродеңгей) – бұл Б.Ф.Ломов қарым-қатынастың элементарлы бірліктері
ретінде қарастырылатын жеке тізбектелген актілерді зерттеу деңгейі [9].
Қарым-қатынас процесін көптеген зерттеулерде сыртқы және ішкі жақтарына
да сипаттайды (В.И.Мясищев, А.А.Бодалев, Ю.Л.Ханин және т.б.). Бірқатар
ғалымдардың пікірінше (В.Г.Ананьев, В.И.Мясищев, Б.Ф.Ломов, т.б.), қарым-
қатынасты көпфункционалды құбылыс ретінде қарастыру керек. Зерттеушілер
шығарған қарым-қатынас қызметтері бұл процесті әртүрлі жақтан сипаттайды.
Мысалы, Б.Ф.Ломов индивид өміріндегі қарым-қатынас қызметінің 3 класын
бөледі: 1) аффективті-коммуникативті; 2) ақпараттық-коммуникативті; 3)
реттеуші-коммуникативті.
Қарым-қатынас қызметінің 1-ші тобы өзінің эмоционалды қалпын немесе
басқа адамдардың эмоциналды қалпын өзгерту керек болғандағы жағдайларда
нақтырақ көрінеді. 2-ші топқа ақпаратты қабылдау – жіберумен байланысты
процестер жатады. 3-ші топқа – қарым-қатынасқа түсуші адамдардың
партнерларының мотивтеріне, мақсаттарына, бағдарларына, шешім
қабылдауларына, т.б. әсерлері, яғни жүріс-тұрысты өзара стимулдау және
өзара түзету жайлы айтылады [1].
Б.Ф.Ломов қарым-қатынас қызметін басқа категориямен де бөлуге әкеледі.
Бұл контексте ол біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, адамдардың бір-бірін
тануы, тұлғааралық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы сияқты маңызды
қызметтерді атайды [9]. Басқа авторлар ұсынған қарым-қатынас қызметтерінің
тізімдерінен біз қарым-қатынастың осы негізгі көріністеріне ұсыныстарды,
тек басқа терминдер көмегімен сипатталғанын табамыз. Мысалы, Ю.Л.Ханин
тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде мыналарды атайды:
1) әлеуметтік-психологиялық бейнелеу қызметі;
2) реттеуші қызметі;
3) танымдық қызметі;
4) экспрессивті қызметі;
5) әлеуметтік бақылау қызметі;
6) әлеуметтену қызметі [1].
Қарым-қатынас қызметтерінің басқа жинағын А.В.Мудрик атайды. Ол қарым-
қатынасты оқушыларды тәрбиелеу факторы ретінде зерттеген. Ол қарым-
қатынастың танымдық және мақсат қоюшы қызметімен қатар, жеткіншек және
жастық шақта жақсы көрінетін басқа да қызметтерін көрсетеді. Бұл
рефлексивті, бейімделуші, компенсаторлы және продуктивті-репродуктивті
қызметтері [8]. Л.П.Буева қарым-қатынастың маңызды аспектілері мен
қызметтерін айтқанда былай дейді: Ол тұлғааралық сана мен өзіндік сананың
қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі болып табылады, тұлғаның дамуының
стимуляторы, мотивациялы-оятушы процеске кіреді. Қарым-қатынаста адамдардың
әр жақты өзара әсері мен өзара түсінушіліктері іске асады [3].
Б.Ф.Ломовтың қорытындысы бойынша, қарым-қатынасты ерекше категория
ретінде қарастыру керек. Ғалымның жазуынша: Қарым-қатынас субъектінің
белсенділігінің өзбетінше және арнайы формасы болып табылады. Оның нәтижесі
– бұл басқа адамдармен қатынасы. Қарым-қатынас – бұл параллельді дамушы
іс-әрекеттерді бір-бірінің үстіне қою емес, бұл оған партнерлар ретінде
кіретін субъектілердің өзара әрекеттері. Қарым-қатынас болмыстың
индивидуалды деңгейінде, Б.Ф.Ломов бойынша, іс-әрекеттермен, олардың
тәсілдерімен, нәтижелерімен, түсініктерімен, идеяларымен, бағдарларымен,
қызығушылықтарымен, сезімдерімен өзара алмасуларынан тұрады [12].
Б.Ф.Ломовтың, А.А.Бодалевтың, А.Н.Леонтьевтің, А.В.Петровскийдің,
М.И.Лисинаның, А.И.Крупновтың және т.б. жалпылаушы жұмыстары қазіргі
психологиядағы қарым-қатынасты зерттеудің келесі негізгі тенденциялары
жайлы айтуға мүмкіндік береді.
Ең жалпы тенденция болып қарым-қатынас мәселесі рөлінің өсу фактісі,
әлеуметтік-психологиялық пәндердің және психологияның жалпы теориясының
дамуындағы оның мәнінің күшею фактісі болып табылады.
Қарым-қатынас мәселесінің қазіргі жағдайына тән екінші тенденциясы –
бұл зерттеушілердің қарым-қатынасты психологияның негізгі категорияларының
бірыңғай контекстіне енгізуге, психикалық құбылыстардың жалпы жүйесіндегі
оның орнын анықтауға, оның түрлі деңгейлердегі ерекшеліктерін шығаруға
ұмтылады. Қарым-қатынас мәселесі арқылы жалпы психология, әлеуметтік,
инженерлік, медициналық, заң психологиясы және т.б. салалары шеңберінде
шешілетін көптеген басқа да психологиялық мәселелердің бетіне шығу.
Соңғы уақыттағы зерттеулерде анық көрінетін келесі маңызды тенденция –
бұл қарым-қатынас мәселесі мен тұлға мәселесін жақындату. А.А.Бодалевтің,
әсіресе тұлға және қарым-қатынас еңбегі оның қызметтестерінің,
Г.М.Андрееваның және А.В.Петровскийдің, Н.И.Рейнвальдтың, А.И.Крупновтың
және басқа көптеген психологтардың еңбектері осы ұмтылыстарға толы.
Көрсетілген барлық тенденциялар өзара тығыз байланысты.
Қарым-қатынастың бірнеше формалары бар. Енді әрқайсысына қысқаша
тоқтала кетейік:
Тікелей қарым-қатынас – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым,
қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық байланыс, кері
байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл адамдардың бір-бірімен қатынас жасау
тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын,
не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз
психологиялық байланыс.
Тұлғааралық қарым-қатынас – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі
таныс адамдардың тікелей байланыстары. Тұлғааралық қарым-қатынастың
белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің
ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ
қызметтестігі.
Бұқаралық қарым-қатынас – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама
(бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) байланыстары. Мысалы,
стадионда, театрда, шеруде – тікелей бұқаралық қарым-қатынас, телемарафон,
радиохабар – жанама қарым-қатынас, вагонда – бұқаралық тікелей не жанама
болса, купеде – тұлғааралық.
Персонааралық қарым-қатынас – ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке
қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық байланыстары
(чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).
Рөлдік қарым-қатынас – белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың
психологиялық байланыстары, мысалы, оқушы – оқытушы, әке – бала, сатушы –
алушы, көрші – көрші, дәрігер – ауру, бастық – бағынушы. Әрбір адам әр
сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын
табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды,
тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине,
әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз
рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерде қандай қатынаста
болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек
пен таңба енгізеді [13].
Қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік
психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның
психологиялық қаситтері қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады, дамиды,
өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді,
нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз
бойына сіңіреді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам жеке тұлға болып
қалыптасады [14].
Қарым-қатынас қызметтері:
1. Байланыстыру, прагматикалық қызметі. Қарым-қатынас бұл жерде кез-
келген біріккен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып
табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу
салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.
2. Қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас адамның
психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғышарты болып танылады.
Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге
көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді.
Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың
өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Мысалы, Зита-Гита үнді
кинофильмінде егіз қыздар әртүрлі ортада өскендіктен мінездері бір-біріне
ұқсамайды. Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой-өрісі өспейді. Балалар үйінде
өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен
құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған-туысқандарымен,
жақсы көрген адамдарымен қарым-қатынаста өтсе, психологиялық қасиеттері
адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ осыған байланысты еске алатын бір
жайт: бала үлкендердің барлық насихаттарын, ойларын, көзқарастарын өз
бойына тікелей құйып алатын ыдыс емес! Бала мен ересек адамның арақатынасы
тек үлкеннен кішіге өтетін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл –
неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, бірін-бірі байыту құбылысы. Бала басқаның
тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тезден өткізіп қабылдайды.
3. Растау қызметі. Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында адам
өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік
алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар
арқылы біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі – жападан жалғыз қалу. Сен
жамансың, Сенікі дұрыс емес деп адамды жаман бағалаудың өзінде оны
қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі бар. Ал қабылдамаудың, барлығын
растамаудың белгілері сен бұл жерде жоқсың, Сен өмір сүрмейсің. Осы
әдісті А.Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді – кінәлі балаға
басқалар байкот жариялайтын. Растамау – көп психикалық аурулардың, мысалы,
шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-шешесінен сен жақсы, сен біз
үшін барсың деген дәлелдерді естімес, оның санасында қалған іздер
эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа,
растау терапиясына толы: танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құттықтау мен
ізет көрсету , т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын дәлел
екені сөзсіз.
4. Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен іріктеу қызметі.
Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке
дейін) жасау кезінде адамдар бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не
жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи
адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе
де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз
әсерін тигізеді.
5. Тұлға ішіндегі қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп
диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлға ішіндегі қарым-қатынасты адам
ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады [13].
Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым-қатынастың
қызметін сақтап қалады [16].
Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық қарым-қатынастың
үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қоссөз,
қостіл).
Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас - өз қарым-қатынас серігінің
тәртібі мен іс-әрекетін бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің
авторитарлық, директивтік формасы. Қарым-қатынас партнері тек әсер етудің
нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды
бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп
тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым
салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Тұр! Әкел!). Сонымен, әміршіл қарым-
қатынас – басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.
Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы – жиі кездесетін тұлғааралық
қарым-қатынас түрі, қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне
бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор қарым-
қатынас партнерін нысана ретінде қарастырады. Манипуляциялық қарым-қатынас
– басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде:
яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы:
манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не
ауыстырылады.
Алдап-арбау қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда-
саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым-
қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.
Оқыту барысында (тәрбиелеу емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының
назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде
осыған дағдыланған мұғалімдер басқаларға түсіндіру, дәлелдеу, үйрету үшін
осыны өзінің тұлғалық ұстанымдарына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі
болған бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз
болып қалады да, ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян
келтіреді. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай арақатынасты
отбасына да әкелуге мәжбүр болады. Сүйіспеншілік, достық, ізгілікке
негізделген манипуляциялы қарым-қатынас жолы тиімсіз де нәтижесіз.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек
манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы,
манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында
пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін
өзі біртұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде
қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды
сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін
қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік. Манипуляцияға қарсы шыққан
ғалым Э.Шосторм Анти-Карнеги кітабын шығарды.
Императив пен манипуляция түрлерінің ішкі ұқсастығы терең. Екеуін де
монологтық, субъект – объект қатынасына жатқызуға болады. Адам басқаны өз
нысанасы ретінде қабылдағанда, басқаның күй-жайын ескермегенде қарым-
қатынас серігін мүлдем өз назарынан тыс қалдырып, тек өзімен өзі, өз
мақсаттары және міндеттерімен арақатынас жасайды. Сонда ол басқаларды емес,
тек өзінің көшірмелерін ғана көреді.
Диалогтық қарым-қатынас. Бұл – тең құқықтық субъектілердің арақатынасы,
қарым-қатынас мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда
аталған арақатынастардың негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік
ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл
қарым-қатынас үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект-субъект
қатынасы.
Диалогтық қарым-қатынас ережелері:
1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, осы жерде –
осы сәтте қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы
кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық күйлерін назарға
алу.
2. Қарым-қатынас серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның
ниеттеріне сену, біріне-бірі сенімділік білдіру.
3. Серікті өзін тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп
қабылдау.
4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар қарым-қатынас мазмұны болуы керек
(қарым-қатынас мазмұнын мәселелендіру).
5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілу керек, біреудің пікіріне
сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет
(персоналандыру).
Диалогтық қарым-қатынас қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп,
бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай
жасайды. Осы типтегі қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік
шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Әрине, іскерлік қарым-
қатынаста бұндай типті толық қолдануға болмайды. Бірақ осы типті меңгерген
адамдардың психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылығы
көзге түсердей [13].
Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген
функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі
орын мен мағынасына байланысты.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш
жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі
бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау
үшін үшке бөлеміз.
Коммуникация (информативті) – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен
ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру үрдісі.
Интеракция (интерактивті) – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру,
қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция (перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі
негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
1) Жоғарыдан төменге – 1. Мәселе қою (не, қай уақытта)
2. Жабдықталуы, құралы
(қалай, қандай, кіммен).
2) Төменнен жоғарыға – орындалуы туралы, тексерілуі туралы
3) Горизонталдық бағытта – пікір алмасу, әрекеттерді координациялау,
жоспарлау, орындалуы туралы мәлімдеу.
Коммуникация процесі жүзеге асу үшін мынадай 4 элементтер керек:
1) хабар жіберуші
2) мәлімет
3) канал: ақпарат беру құралы
4) ақпарат алушы [15].

1.2. Этнопсихологиядағы қарым-қатынас пен өзіндік сананың
ерекшеліктерін зерттеу теориялары
Халықтың психологиялық кескінінің ерекшеліктерін зерттеу мәселесі
адамдардың практикалық қажеттіліктері нәтижесінде, ел тұрғындарының әдет-
ғұрпын және мінез-құлық спецификасын білуге деген олардың табиғи
ұмтылысынан пайда болады, яғни олар бұл арқылы этникалық, экономикалық және
мәдени байланыстарды ұстап тұрады.
Геродот пен Тациттен басталған ежелгі ғалымдар қиырдағы елдерді
және оңда өмір сүретін халықтар туралы баяндай отырып, олардың мінез-
құлқын, әдет-ғұрпын, сонымен қатар әдеттерін сипаттауға аз көңіл аударған
жоқ. Бұл, көрші елдермен қарым-қатынаста, олардың ниеттері мен ойларын,
жүріс-тұрыс сипатын, қылықтарын түсінуді жеңілдетеді – деп есептелді.
Этностың өмір сүріп тұруы тек қана, оның адамдарға тікелей құбылыс
(феномен) ретінде сезілетінін айтады. “Этнос” деген терминде тұрған
құбылысты анықтау үшін, жалпы сыртқы бағдар болып, халық деген сөзді
қолданғанда, оны өзіндік атауы бар адамдар қауымдастығы деп таныған
жағдайда қызмет ете алады. Осы жеке өзіндік атауды, “этнос” деген сөзден
шыққан “этноним” терминімен белгілеу қабылданғаны бізге белгілі.
“Халық”, “халықтық”, және “ұлт” деген сөздер оны басқа ұлттардан
ерекшелендіріп тұратын, нақтылы белгілері бар, дәл қазіргі уақыттағы
адамдардың қолма-қол ақшасы ретінде түсінілді; бұл жағдайда халықтық
адамзатқа қатынасты көрнекті ұғым болып табылады және логикалық түрде оған
тәуелді. Екіншіден, халықтық белгелі бір индивидуалдылық ретінде, белгілі
тұтастай, бірыңғай және дамушы мінез ретінде, рухани бірлік ретінде, тұлға
ретінде болжануы мүмкін. (Сорока Росинский с. 55-104)
Этнос деген сөз онға жуық мағынаға ие. Олардың ішінде: халық, тайпа,
тобыр, адамдар тобы, адамдар табы, бөгде жерлік тайпа, тілшілер, табын, ру.
Бұл сөздің этималогиялық талдауы ондағы кейбір ортақ қасиеттерге ие тірі
организмдердің әрқандай жиынтығын көруге мүмкіндік береді. (әдет-ғұрып,
жүріс-тұрыс, сыртқы түр және т.б.). XX ғасырдың ғылымдары өздерінің
практикалық іс-әрекеттерінде, нақты бір халықтарды зерттей отырып, әсіресе
мынандай “ұлт”, “нәсіл”, “тайпа” деген терминдерді қолданды. Этнос термині
өзбетінше жеке мағынада тек біртіндеп қолданыла бастайды.
Этностың жеке өзбетінше құбылыс ретіндегі, бірінші жалпы
концепциясы С.М. Широкогоровқа жатады. Ол этносты “ойлану процесі өтіп
жататын, элементтердің дамуы және өлуі ретінде мүмкіндік беретін форма деп
қарастырады”. Оның анықтамасы бойынша “этнос – бір тілде сөйлейтін,
өздерінің шығу тегінің бір екенін мойындайтын, әдет-ғұрып комплекстерін,
сақталған және баяндалған дәстүрлерді меңгерген, сонымен қатар оны
басқалардан ерекшелей алатын” адамдар тобы.
Этносты сипаттауда объективті және субъективті факторларды үйлестіру
тенденциясы ортақ мәдениетті игерген немесе сондай адамдар әулетіне жататын
ырықсыз адамдар тобы ретінде, яғни өзіндік теңестірілетін немесе басқа
адамдармен қатынаста өзін жалпы ырықсыз топқа жатқызады. Бір зерттеушілер,
мысалы этностың басты белгілері тіл мен мәдениет деп атаса, басқа
зерттеушілер бұған аймақ бірлігі мен этникалық өзіндік сананы қосады,
кейбіреулер психикалық қалып ерекшеліктеріне тоқталады. Оны анықтауда
қажеттілік туады.
Л.Н. Гумилевтың айтуынша, этностар – бұл биосфера мен социосфера
шекарасында жатқан (құбылыс) және жер биосферасының құрылуында арнайы
жүктелген міндеті бар құбылыс. Этносты немесе суперэтносты құру процесіне
кеңістік пен уақыт әсер етеді. Кеңістік – бұл ландшафтық және этникалық
қоршау;. Ландшафтық қоршау шаруашылық түріне әсер етеді, осы этностың –
салты оның мүмкіндіктері мен перспективасын анықтайды. Этникалық қоршау –
көрші елдермен достық немесе жаулық түрде байланыс жасау және бұл
құрылған мәдениет сипатына өте қатты әсер етеді. Жаңа этностар монотонды
ландшафттарда пайда болмайды, ал ландшафтық аймақтар шекарасында және
этникалық контакт зоналарында пайда болады. Уақыт – бұл этногенез фазасы
мен этникалық қоршау фазасы, ол этникалық контакт варианттарын анықтап
отырады. Этностарға табиғатпен күнделікті қарым-қатынас арқылы географиялық
орта әсер етеді. Ата-бабалардан жалғасқан дәстүрлер, өзінің рөлін ойнайды,
үйреншікті өшпенділік немесе көрші елдермен достық (этникалық қоршаумен) -
өзінің, мәдени әсерлері, дін – бұның өзіндік мәні бар, бірақ бұлардан басқа
табиғаттың кез-келген құбылысы сияқты этносқа қатысты да даму заңы бар.
Оның көпқырлы процестерде көрінуі және халықтың пайда болуы мен жоғалуын
біз этногенез деп атаймыз. Этностың кескініне тек қана ішкі даму әсер
етпейді, сонымен қатар бөгде әсерлер бар – мәдени - ... жеңіске жету, әдет-
ғұрыптарын мәжбүрлеу арқылы өзгерту, және этностық қызмет түрлерін
өзгертетін экономикалық қысым жасау.
Солай етіп, “этнос – тұрақты, табиғи түрде құрылған адамдар ұжымы,
өздерін барлық ұқсас ұжымға қарсы қоя алатын, өзіндік жүріс-тұрыс
стереотипімен ерекшеленетін, яғни тарихи уақытта заңды өзгеретін адамдар
ұжымы” [19].
Ю.В. Бромлей, этносты екі үлкен топқа бөлуді ұсынды және
негіздеді: этнос қысқа мағынада және этнос кең мағынада. Олардың біреуі
жалпы түрде “жалпы мәдениеттің шартты стабилді ерекшеліктерін (тіл) және
психикасын меңгерген; сонымен қатар өз бірлігінің санасын және өзгерлерден
айрықша сондай құрылуы, яғни өзіндік өзіндік-сана меңгерген белгілі бір
аймақта тарихи құрылған адамдар жиынтығын” ретінде анықталған болуы мүмкін
[20].
Аймақтың тұтастығы – этностың қалыптасуындағы маңызды жағдай,
бірақ қалыптасып қойған халық оны сақтамауы мүмкін. Ондай қауымдастық
біздің алдымызда көптеген адамдар қатарымен бірлескен тарихи дәстүрлер
нәтижесі ретінде, осы қауымдастықтың рухани және материалды атрибуттарында
өзгертілген дәстүрлер, және оның мүшесінің санасында әсер қалдырған
дәстүрлер тұрды. Сонымен енді метаэтникалық қауымдастық бөлініп шығады –
бірнеше этносты қамтитын білім, бірақ этникалық қасиетті меңгергендері аз
қарқында. С.И. Брук пен Н.Н. Чебоксаров, “метаэтникалық қауымдастық”
терминін ұсына отырып, оның кіріспесінде 2 жағдайды белгілей өтеді:
1) Метаэтникалық қауымдастық этностар жиынтығын елестетеді.
(метагалактика терм. ұқсас).
2) Осы қауымдастық өзгеру жағдайында болады (метастабилді жағдай
ұғымымен ұқсас) [21].
В.В. Пименовтың пікірінше этностың демографиялық құрылымы да аз мәнге
ие емес. “Себебі этнос демографиялық қайта жаңғартуға қабілетті адамдар
жиынтығын танытады. Сонымен бірге оның шеңберінде жыныс бойынша және жас
бойынша бөлінеді, ұрпақтардың ауысуы өтеді, тұрғындардың табиғи өсуі орын
алады” [21]. Этностың қызмет етуі үшін, оны құрап тұрған адамдардың саны
яғни сандық көрсеткіштері де маңызды болып табылады.
Этностың өзара қатынасы – бұл топаралық қатынас түрінің тарихи
алғышарты. Сондықтан ол адамзаттық бұрынғы тарихымен антропогенез ішінде
туындаған, бірінші кезекте этникалық топқа тиістілігі белгісі бойынша “біз”
“олар” қарама –қайшылығы арқылы дамып отырғанәлеуметтік әрекет ұйымының
психологиялық заңдылықтарымен неғұрлым терең байланысты. Тарихи процесс
топаралық қарама-қарсылыққа неғұрлым мұқияттықпен дифференциацияны енгізді:
кластық, профессионалдық және т.б.
Дифференциациямен бір мезгілде “әлеуметтік процестің әлеуметтік
субъектісі және қоғамдық зат алмасудың күрделенуімен” (Маркс) негізгі
психологиялық реттеуші қалыптасты - әлеуметтік субъектілердің бір-бірімен
қатынасы, өзіне және ақиқатқа қатынасы. Осыдан өндіріс қатынасымен,
бірлескен өзара тәуелді әрекетпен құндылық қатынастың үзіліссіз байланысы
болады. Бұл бағалау әлеуметтік субъектілердің қоғамдық позициясын
бейнелейді. Осы бағалаудың қалыптасуы “өзінің” позиция мен “басқаның”
позициясын барлық уақытта салыстырып отыру жолымен өтеді [22].
Кейде біріккен адамдардың негізгі факторы ретінде олардың
қауымдастығының мәдениеті мен болмысын көрсетеді. Ол бұндай емес, себебі,
халық, этнос қандай да тек қана бір белгімен -–тек қана тілмен, тек қана
жалпы территориямен немесе тек қана жалпы мәдениетпен сипатталып қоймайды,
сонымен қатар ол осылардың жиынтығымен сипатталады. Қандай этнос болсын –
ол тарихи мәдени қауымдастық этносты-халықты шектеуде, әдетте, мынадай тіл,
дін, халықтың өнер, ауызша шығармашылық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жүріс-
тұрыс нормасы және сырттай айқын компоненттерін көрсетеді. Мәдениеттің осы
аталған барлық компоненттер әрбір халықта әртүрлі өзіндік мінездік қырларға
ие – этникалық бейне ұрпақтан, ұрпаққа беріле отырып, этникалық мәдениетті
құрайды [33].
Әрекет субъектісі ретінде, этникалық топ өзінің барлық өмір сүру
барысында тек өзіне ғана тән мәдениетті жасайды және қайта жаңғыртады, ол
өзінің тұтастығында басқа мәдениеттермен бірге ғана қалыптасады. Бірде-бір
жаңа мәдениет басқа мәдениетпен өзара әрекеттен тыс дамымайды және өмір
сүрмейді, ал өзара әрекеттің өзі уникалды мәдениет жүйесінің қиылысуы
негізінде өзінің спецификасына ие болады.
Әрбір мәдени акт шекарада мәнді өмір сүреді, оның мәнділігі мен
салмақтығы да осыда, шекарадан шығатын болса, ол тірегін жоғалтады, бос,
мақтаншақ болады, туылады және өледі [24].
Өз халқымыздың өкілі ретінде біздің әрбіріміз, - оған тән мәдени
ерекшеліктердің үлкен комплексін тасушы болып табыламыз. Олар әрине
ұрпақтан ұрпаққа биологиялық жол арқала берілмейді. Біз олардың көп бөлігін
балалық шағымызда, ата-аналарымыздан, басқа үлкен адамдардан және
қатарларымыздан аламыз. әрбір мәдениет өзіне ғана тән ерекшеліктерді
дамытуға жағдай жасайды. Адамның қандай да бір халыққа жатуы, оның туу,
шығу тегі жағдайымен (анықталады) және тәрбие беру мен оқыту процесінде
анықталады. Тәрбие беру адамды адам етеді. Әр халыққа тән барлық әдеттер
мен әдет-ғұрыптар, мінез-құлықтық барлық этникалық ерекшеліктері
тәрбиеленеді. Әрине әрбір қоғамдастық үшін, адамның тұлға болып қалыптасуы,
этникалық мәдениеттен, құндылықтан, дәстүрлерден тыс мүмкін емес
болғандықтан, оның балаларының тек қана өз халқының лайықты өкілдері болып
жетілуі маңызды. Жеке адамның қалыптасуына мәдени-психологиялық әсер, оның
этникалық құндылықтарды, рухани бейнені белсенді игерумен байланысты. Г.
Шпеттің пікірі брйынша жеке-дара адамның ұлттық құндылыққа, тарихқа, тарихи
есінің қатысты болуы, биологиялық тұқым қуалаушылықпен өлшенбейді, ал осы
тарихтың мазмұнын жасайтын, мәдени құндылыққа саналы түрдегі қарым-
қатынастың дәрежесімен өлшенеді. Этникалық специфика белгілі бір дәрежеде
әрбір халықтың тарихи тәжірибесінде шоғырланады, немесе осы тәжірибені
меңгеру индивидтің әлеуметтену процесіндегі маңызды мазмұны болып табылады.
Өзінің дамуы барысында жеке адам, қоршаған орта арқылы, әсіресе отбасы мен
мектебі арқылы ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпының, дәстүрінің спецификасына
жақындайды. Солай етіп, индивидтің рухани дамуы көбінесе этникалық
мәдениеттің екі деңгеймен байланысты, оның элементтері көбіне адамның
рухани мәнін, жан-дүние өмірінің бағыттылығын тұлға ретінде анытайды [25].
Мәдениет – болмыстың жаңа формасы сияқты, қоғамдық сананың ерекше
күйі. Этностың қызмет етуіне, олардың әрбір мүшесінің өзінің спецификалық
қауымдастығын, яғни этникалық өзіндік-сана саналы түрде сезінуі жатады.
Б.Ф. Поршнев топтық ең басты психологтялық сипаттамасы “біз-
сезім” деген атаудың бар болуы болып табылады, деген шешімге келді. “Біз-
сезім” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Саясат психологиялық феномен ретінде
Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Ұжым психологиясы мәселесі
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Этникалық қарым - қатынас туралы мәселелер
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер