Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Психологиялық тренингті ұйымдастыру.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Тренинг жайлы түсінік
2.Тренингті ұйымдастыру кезеңдері
3.Тренингке дайындық қадамдары
4.Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
формасы ретінде
5.Тренингтік топ жұмысының принциптері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тренинг жаттығу деген ұғымды білдіреді. Тренингтің басты мақсаты -әрбір
жеке тұлғаны өз ортасында, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа
мүмкіндіктер табу.
Психологиялық тренинг дегеніміз-қабілет арттыру, тез шешім қабылдау,
қысылтаяңда жол таба білу, тіл табысу, ұғынысу, адамдармен санаса
білушілікті белгілі белгілі бір әрекет, іс-қимыл үстінде жүзеге асыру.
Тренинг сабақтары баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне қызықтыру, түрткі болуы
мүмкін. Жеткіншектің өзін дамытудың дұрыс жолдарын тауып, саналы
қолдануына көмектеседі. Олардың өмірлік маңызы дағдылары қалыптасады;
қарым-қатынас жасау қабылеті, тұлға аралық қарым-қатынас құра
алады;эмоцияларын меңгере алады, өзін-өзі саналы игереді, шешім қабылдауға
үйренеді.
Әлеуметтік психологиялық тренинг деп кең мағынада белсенді топтық
жұмыстар арқылы психологиялық әсер ету практикасы танылады. Ол ерекше
оқыту формаларында қарым-қатынас, іс-әрекет,өзін дамыту және түзету арқылы
білім,дағдылар мен техниканы меңгеру.
Іс-әрекеттің нәтижелі болуы қарым-қатынас жасай білуге байланысты
болғандықтан трегингті қазір көптеген салаларда қолданады. Әлеуметтік
психологиялық тренинг (ӘПТ) әлеуметтік-психологиялық білім, қарым-
қатынастық қабілетті дамыту, рефлекция жасау дағдысын (жағдайға талдау
жасай білу, өзінің, өзгенің мінез-құлқын талдай білу) қабылдай білу сияқты
қасиеттерді қалыптастырады, дамыту мақсатында қолданады.Тренингті топпен,
оқу, еңбек ұжымымен, отбасымен де жүргізуге болады.
Тренингтің құндылығы:ойын жаттығуын жүргізушінің әдеп әлемінде және
шығармашылықты қарым-қатынаста ұғынысуында. Тренингке қатысу барысында
оқушылар бойындағы қорқыныш, өзіне-өзі сенбеушілік сезімдерін жоюға
үйренеді.
Мазмұны: нақтылығымен, айқын мақсаттылығымен нәтижесінде психологиялық
әсері болуы мен сипатталады.
Тренинг өткізу бірнеше принциптерді ұстанумен байланысты: негізгілері:
тренинг сабақтарында белсенділік; ашық кері байланыс; нақ осы жерде және
нақтап қазір принципі, қарым-қатынаста сенім білдіре білу. Әр тренинг
қалыптасқан жүйеде, белгілі тәртіп пен элементтерді қамтамасыз ете отырып
жүргізіледі.
Сәлемдесу рәсімі,сергіту, кіріспе немесе хабарлама жасап отыру тренингке
қатысушылардың көңіл-күйін айқындау, онымен санасу, пікірлесу, алған
әсерлерін талдау, соңында қоштасу рәсімі мен аяқталып отырады. Топ
мүшелерінің аттарын атап, қолпаштап отыру тренингті нәтижелі етеді.
Сонымен, тренингті ұйымдастыру 4 кезеңнен тұрады:
1) жалпыға ортақ психологиялық кеңістік қалыптастыру, сондай-ақ кері
байланыс, жеке адам- барлық топ және керісінше;
2) педагогикалық рефлекция тудыратындай пікірталас, ойын не сұхбат
жүргізу
3) нақты міндетті шешу, білім, дағды, ептілікті игеру және басқа
дамыту не түзету мақсатында жету;
4) психологиялық жеңілдеу, қалпына келу жаттығулары (релаксация,
восстановление) және сабақты қорытындылау.
Әр кезең, өз кезегінде өзіндік сатылардан тұрады:
-тақырыпты, мақсатын анықтау, мәселенің сипаты және оларға қатысушыларды
бағыттау
-талданып отырған мәселе бойынша ақпарат жинақтау, білімімен, жаңа
идеясымен, ұсынысымен бөлісу үшін шеңбер бойымен пікір алмасу
-ақпаратты реттеу (дефиниция), оны талдау;
-альтернативаны негіздеу және бірігіп түйіндеме жасау;
-сабақтың мақсатын жинақталған нәтижесімен салыстыру;
-психологиялық жүктен арылу және сабақты қорытындылау.
Тренингке дайындықтың тоғыз қадамдық үлгісі:
Бірінші қадам. Тренингтің тақырыбы мен мақсатын болашақта күтілетін
нәтиже ретінде айқындау.
Жүргізуші өзіне қызықты тақырып алғысы келіп, оған бағдарлама құрып,
психотехниканың (өзінің ойы бойынша) кереметін таңдауы мүмкін. Алайда
тренингке ешкім келмей, топ жасақталмай қалатын сәттер болады. Тақырып
жүргізушіге де қызықты,әрі оған нақты адамдардың нақты сұраулары мен
қиындық туғызып отырған мәселелер ескерілуі мүмкін.
Өзіңізге қарапайым сұрақтар қойыңыз:
- Тренингке қатысатын топ мүшелері нені күтеді?
- Топ және оның әр мүшесі қандай нақты нәтижеге қол жеткізуі мүмкін?
- Ол үшін мен не істеуім керек, не істей аламын?
- Жұмысымыздың нәтижесі қандай болмақ?
Нәтижесінің қаншалықты нақты, анық, шындыққа саятын көрінісін бейнелей
алсаңыз, сол нәтижеге жетудің мүмкіншілігі соншалықты мол болады.

Екінші қадам. Тренингтік топтың құрамын анықтау.
Топта кімдер болады? Қанша адам? Қыздар мен ұлдардың сандық қатынасы
қандай болу керек? Қатысушылардың психологиялық ерекшеліктері қандай?
Келешек топ мүшелерімен алдын-ала кездесіп, олардың тренингтен нені
күтетінін білуге тырысыңыз. Топ мүшелері саны 18-ден аспағаны жақсы. Топта
3-4 адам болуы тренингтік бағдарламаның қайта құрылуын қажет етеді, себебі
көптеген жаттығуларды орындау мүмкін болмай қалады. Мамандардың пікірінше
топ 12 адамнан (жетекшісіз) құралғаны жақсы.
Үшінші қадам. Уақыт мөлшерін анықтау.
Тренингтік сабақтардың өткізілу керек санын бірден анықтап алу керек.
Кездесулер қаншалықты жиі болады? Әр сабақта кездесу қанша уақыт алады?
Тренингтің бірнеше айға созылуы мүмкін бе?

Төртінші қадам. Мәселені анықтау.
Тренинг барысында қандай мәселе шешілуі тиіс екенін анықтап алу керек.
Мәселе дегеніміз не? Бұл- қазіргі мезетте нақты, біріңғай жауабы жоқ
сұрақ.. Ендеше мәселені сұрақ түрінде айқындау керек. Бұл үшін матрицаның
бірінші- бос жолы арналған. Үлгіде бес мәселе белгілейтін орын бар.
Мәселелер саны бесеуден көп болуы мүмкін, дегенмен бес мәселені шешудің
өзі жақсы нәтиже болып саналады.
Мысалы, мәселелер мынадай сұрақтармен берілуі мүмкін:
1) Өзіңе ұқсамайтын адамдарға толеранттық қарым- қатынасты дамыту үшін
не істеу керек?
2) Жеке жеткіншектердің бір-біріне деген агрессиясын қалай төмендетуге
болады?
3) Жасөспірімдердің білімін бір-бірімен араласу арқылы қалай дамытуға
болады?
4) Сыныпты ұйымшыл ету үшін не істеу керек?
Осы төрт мәселемен тоқталайық. Кейде осылардың ішінен біреуін шешу арқылы
қалғандары шешілуі мүмкін.

Бесінші қадам. Мақсатты айқындау.
Егер мәселе – сұрақ болса, мақсат- белгілі бір жағдайларда нәтижеге жету.
Мақсатты сұрақ түрінде емес, жауап ретінде беру керек.

Алтыншы қадам. Сәйкес психотехникалар жинақтау.
Тренингтегі ойындар мен жаттығулар жүргізушінің авторлық шығармашылығы
болғаны жақсы, алайда жас жаттықтырушы арнайы әдебиет пен сыналған
психотехникаларды пайдалануына тура келеді. Бұл психотехникалардың
қойылған мақсатқа жеткізуге жұмыс істеуі маңызды.
Жетінші қадам. Тренингтік бағдарламаны әр кезең мен сабақтарға бөлу.
Жоғарыда көрсетілген төрт мәселе бойынша тренингті алты кезеңге бөлуге
болады:
1. Кіріспе.
2. Толеранттылық дамыту.
3. Агрессияны азайту.
4. Қарым- қатынас арқылы білімді жетілдіру.
5. Ұйымшылдықты күшейту.
6. Кездесудің аяқталуы.
Әр кезеңдегі жұмыс тренинг уақытын біраз ұзартады. Әр кезең бөлек бір
немесе бірнеше тренинг өткізуді талап етуі мүмкін. Жалпы тренинг қанша
уақытқа созылуы мүмкін екенін межелеу керек.

Сегізінші қадам. Тренинг жоспарын құру.
Бұл қадам іріктеліп алынған техникаларды әр өткізілетін сабақтарға бөлу
арқылы жүзеге асырылады.
Бұл кезде төмендегі жайттар ескерілуі керек:
1. Техника (тәсіл) арқылы шешілетін мақсат.
2. Техника қолдануға жұмсалатын уақыт.
3. Техникалардың бір-бірімен сәйкестілігі.
4. техника қолданылатын мезеттегі топтың динамикалық күйі
5. Қатысушылардың белсенділік деңгейі мен түрі (физикалық қозғалыс
немесе шеңбер ішінде отыру).
6. Психотехниканы қолданудың сол мезеттегіқажеттілігі (қатысушылардың
техника өткізуге дайындық мөлшері).
Топта жұмыс жүргізу тәжірибесі жеткіліксіз жағдайда тренинг техникаларын
өз деңгейінде бөлу қиын-ақ. Дегенмен, бұл соншалықты ауыр емес; әр жаттығу
өткізерден бұрын өзіңізден: қазіргі мезетте осы жаттығуды өткізу лайық
па?,-деп сұрақ қойыңыз. Айталық, сіздің жоспарыңыз бойынша қазір топтық
пікірталас болуы керек. Бірақ, қатысушылар бір жарым сағат бойы орындықта
отырып тыпырши бастады. Олар дене қозғалысын керек етіп отыр,демек, қимыл
ойынын өткізу керек. Жағдайдың өзгеруіне байланысты бір техниканы
екіншісімен алмастыру мүмкіндігін алдын-ала ойластыру керек. Кезекті
жаттығу формасы бөлек болғанымен, қойылған мақсатты шешуге арналуы керек.
Әр сабақ барысында топ мәселесін шешу ғана емес, топтың әлеуметтік
құрылымын дамыту, топтың динамикалық белсенділігін арттыру, қажетті ырғақты
ұстанып отыру деген мәселелерді шешіп отыру керек.

Тоғызыншы қадам. Тренингтің қысқаша сценарийн, әр сабақтың мақсаты мен
керекті барлық мәліметтерді көрсетіп жазу.
Тренинг сценариийін барынша толық, әр жаттығудың орындалуын сипаттап
жазғаныңыз жақсы. Әр сабақтың жоспарын бөлек карточкаға жаттығуларды
белгілеп жазып алыңыз. Сізге тренингке жоспарды түгелдей апарудың қажеті
жоқ, қалың қағазға алаңдамай еркін жұмыс істегеніңіз жақсы.
Тренингке керекті заттарды алдын-ала дайындап, жұмысыңыздан ешкім
алаңдатпайтын жағдай жасаңыз: еден жуушы, тренинг бөлмесін керек еткен
басқа үйірме тобы кедергі болмайтын болсын.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
формасы ретінде.
Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Күннен-
күнге қарым-қатынас пен өмір, ойын тәрізді қарастырылады. Біз ойын арқылы
ақиқатты танып білеміз, сондықтан берілген оқу-әдістемелік құралда
психологиялық тренинг және шағын психологиялық жаттығулар, оның мақсаты
мен ережелері және түрлері, жүргізу жолдары, бір сөзбен айтқанда
әлеуметтік- психологиялық тренингтерге шолу жасалған.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан
Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты- жоғары
білімді бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін
қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептердебалалар белгілі
бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған
үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының
жаңару заманында ағарту саласының барлық білім беру буынында шешімін
күткен келелі мәселелер тұр.
Бүгінгі таңда қарым-қатынастың мазмұнды дамуы әлеуметтік-психологиялық
тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас
механизмін дамытуда белсенді , жедел әдіс-тренингтер ұйымдастырылып,
қолданылуда. Психологиялық тренинг (немесе әлеуметтік-психологиялық
тренинг) жанұялық қарым-қатыныстардағы түзету тәжірибесінде,
жасөспірімдерді бейімдеуде, мінез-құлықты түзетуде, адамның өзіне сынмен
қарап тәрбиеленуінде т.б жағдайларда өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты
және зертханалық эксперименттердің бөліктерін өзіне біріктіре отырып,
қарым-қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін
тренингтер психологиялық тренингтерпсихологиялық ықпалдың тиімді құралы
болып табылады.
Тренингтердің мақсаты:
─ өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
─ ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешілігін дамыту;
─ ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
─ қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
─ өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
─коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін
меңгеру;
─ өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
─ көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Бүгінде топта әрекет ету қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке
қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар
ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі
жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін,
тұлғалық өсу тренингьерін мектепте, бала-бақшада және түрлі мекемелерде
қолдануға болады.
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде лекция- семинар сабақтары,
шығармашылық шеберлік, пікірталастық клуб сияқты жұмыстардың жаңа
формалары белсенді түрде енуде. Сонымен әлеуметтік-психологиялық тренинг
дегеніміз не? Мамандар оны топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген
психологиялық әсер ету деп есептейді. Бұл –тұлға дамуына, каммуникативті
дағдының қалыптасуына, псхологиялық көмек көрсетуге, стереотиптерді жоюға
және қатысушылардың жеке проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар
қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы.
Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі
бірлескен пікірлік, танымдық іс- әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады.
Психологиялық тренинг –басқа адамдарды терең көмектеседі; өз бейнесін
басқалардың қалай көрінетіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз
мүмкіндіктерін көруге, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Тренинг
терминін ғылыми пайдалану кезінде ГДР-да М.Форверг енгізген. Ол алғаш
оқытудың бұл формасын ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста, балалар
мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетуге пайдаланған.

Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен
принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін
болсақ:
1. Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға
аралық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласуы мен бір-біріне деген
толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым
болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да
монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және
тренингтің өту барысын қиындатады.
2. тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы ақпаратты
барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен
ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына түзету
(коррекция) жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға,
оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін
қатысушының басқаға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы
пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы
саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту нәтижесін
береді.
3. Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі толық
ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға
көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері туралы
Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдісі
Тренингтер мен іскерлік ойындар
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету - дамыту жұмыстары жайында
Психодрамма
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Тренингтік жұмыстар технологиясы
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ -- ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Әлеуметтік психологиялық тренингтерді ұйымдастыру принциптері
Пәндер