Психоллогия консультация жайлы анықтама беру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ

1 Бөлім. Психологиялық кеңеске анықтама

1 тақырып . Психоллогия консультация жайлы анықтама беру

Лекция мақсаты: Психологиялық конссультация жайлы түсінік беру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Психологиялық консультация ұғымы.
  2. Даму тарихы
  3. Әсер ету формасы

Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі психологиялық консультация болып табылады. Психологиялық консультация ресми емес формада- достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда - ешкімнің, мұғалімнің т. б. ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауы, жетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде ежелден-ақ белді орын алады. Сондықтан психологиялық консультцияның даму тарихын ғасырлар тереңінен бастап сипаттау жөн болар.

Эберстің (б. э. д. XVI ғ. ) мыңға жуық пайдалы емдік жазбалары бар медициналық папирусында дәрі-дәрмектің дауалылығына сенімді арттыратын дұғалар келтірілген екен. Ертедегі патшалардың, хандардың арнайы кеңесшілері болғандығы тарихта айтылады. Ежелгі грек данасы, дәрігер Гиппократ (б. э. д. VI ғ. ) жаны, тәні ауырған адамға сөз (ерекшелеп көрсетуші - автор), шөп және пышақ шипа болады деген екен. XVII ғасырдың ақырында емдеудің психикалық әдістерін ғылыми түсіндіруге талпыныстар жасалынып, олардың небір жаңа варианттары пайда бола бастайды. Психологиялық консультацияның одан кейінгі қадамдары австралиялық дәрігер А. Ф. Месмер (1734-1815) ілімінің негізінде пайда болған гипноз жайлы ғылыми түсініктермен байланысты. Осыдан барып, психологиялық әсер ету әдістерінің, жәрдем берудің іргетасы қаланып, ауқымы анықталына бастады. Психологиялық консультацияның дамуы мен психиканың мативациялық, энергетикалық жастарын түсінуге З. Фрейд (1856-1939) еңбектері ықпалын тигізді. XIXғасырдың ақырында-ақ З. Фрейд жеке адамның психикалық денсаулығына қатысты жаңа концепция ұсынды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жиырмасыншы жылдардан бастап психологиялық жәрдем көретуде психоаналитикалық бағыт кең тарала бастады. Психоанализдің басты әдістері соңғы жүзжылдықта жетіле дамып, психология тәжірбиесінде өз орнын алды. Осылайша юнгиандық бағыт (К. Г. Юнг), адлерлік жеке-дар психология (А. Адлер), К. Хорнидің клиникалық тәжірибесі, психодинамикалық орентациядағы Э. Эриксон, Э. Фромм және т. б. постфрейдистер іс-тәжірибелері психоаналитикалық консультациялау ауқымын кеңейтті. Карл Роджерстің директивті емес техникалары - клиент-центрлік терапия, Альберт Эллистің рационалды- эмотивті психотеропиясы, Виктор Франклдің логотерапиясы, Джозеф Уолидің рециопрокты тежелу арқылы психотерапиясы, Джордж А. Келлидің конструктивті альтернативтілік психотерапиясы, Я. Л. Морено бойынша психодрама, Фредерик С. Перлздің гештальтерапиясы, Милтон Эриксон бойынша гипноз, Вирджиния Сатирдің жанұялық терапиясы және басқа да бағыттар мен іс-тәжірибелер психика нормасы мен потологиясын анықтау, психикалық жәрдем көрсету сияқты мәселелерді шешуге жағдай жасай бастады, консультацияның дербес сала болуына септігін тигізді.

Алғашында психологиялық консультацияны психотерапиялық іс-әрекет ретінде дәрігерлер қолданып, дамытты. Ал XX ғасырдың бастапқы жылдарынын-ақ әлеуметтік салалардың қызметкерлері де психологиялық консультацияға қамтыла бастады. Осыдан барып, 1951 жылы АҚШ-ғы Солтүстік-батыс конференциясының нұсқауы бойынша «консультативті психология» атауымен фундаментальді және қолданбалы аспектілері бар ғылыми сала бөлініп шықты. Консультативті психология психологиялық көмек көрсету үрдесін жүйелеп сипаттаумен анықталады. Мұнда, психолог пен көмек сұраған адам арасында арнайы ұйымдастырылатын қарым-қатынасты пәрменді және мәнді психологиялық әсер ету әдісі, құралы деп қарастырады. Психологиялық консультация жағдайындағы қарым-қатынас арқылы көмек сұраған адамның психологиялық мүмкіндігі, күш-қуаты мен қабілеті актуализицияланады. Соның нәтижесінде күрделі мәселелік кезеңдерден шығудың жаңа жолдарының, мінез -құлықтың әр түрлі варианттарының пайда болуы мүмкін болады. Осылайша, адамның өміріндегі жағдайлар мен жеке басының мүмкіндіктеріне басты назар аударылады. Адамның психикалық науқасқа шалдығуын, ауруын анықтау т. б. денсаулық мәселесіне қатысты көмек беретін дәстүрлі психотерапиядан психологиялық консультациялаудың өзгешелігі де осында. Психотерапияға және психопатологияны емдеуге бағытталған клиникалық психологиядан консультациялауды ажыратып алу қажеттілігі көрінді. Консультивті психологияның кең таралып, дамуының нәтижесінде 1952 жылы Американдық Психологиялық Ассоциация консультация жүргізітін психологтың пазицияларын тағайындады. Осыдан барып, дүниежүзілік тәжірбиеде психолог-консультант кәсіби маман ретінде бекіді.

Қазіргі кезде консультация психологиялық білімді қажет ететін қай салада болмасын әсер етудің бір формасы ретінде қолданылады. Консультациялық іс-әрекет кәсіби бағдар беру, ағарту, өндірістік, менеджменттік, әлеуметтік сан салаларға жүзеге асырылады. Бұл салалардың қайсысында да жанұя мен жеке мәселелері бойынша көмек қажет болғанда психологиялық консультация жүргізіледі.

Психологиялық консультация ұғымы. Гиппократ пікірі. А. Ф. Месмердің гипноз жайлы түсінігі. З. Фрейд концепциясы. Психологиялық әдістері. К. Г. Юнг, А. Адлер, К. Хорни, Э. Эриксон, Э. Фромм, Я. Л. Морело психодрамасы, В. Сатирдің жанұялық консультация ұғымы. Гппократ пікірі. А. Ф. Месмердің гипноз жайлы түсінігі. З. Фрейд концепциясы. Психологиялық әдістері. К. Г. Юнг, А. Адлер, К. Хорни, Э. Эриксон, Э. Фромм, Я. Л. Морело психодрамасы, В. Сатирдің жанұялық терапиясы.

Бақылау тапсырмасы:

Қарастырылған тақырыпқа байланысты психологиялық журналдар мен әдебиеттер бойынша библиоградпа құру.

Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.

2тақырып . Психологиялық кеңесші дайындығы Лекция мақсаты: Психологиялық кеңесші дайындығымен танстыру

Психолог - консультант әрқашан өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыруы қажет болады. Ол үшін консультанттардың кәсіби тәжірибесінде «супервизия» атты іс - әрекет формасы қолданады. «Супервизия» ұғымын Г. Хэмбли «біреудің іс-әрекетін бақылау», - деп көрсетеді. Супервизияның тәжірибелі психолог- консультант, кәсіби ассоциациялар жүргізе алады. Қандай болғанда да консультанттың кез-келген уақытта кеңесетін, күрделі жағдайларды, консультация барысында көнілі толмаған сәттерді бірлесіп талдайтың көмек орталықтарының әкімшілігі, консультациямен психотерапия бойынша кем дегенде үш жылдық тәжірибесі бар мамандар керек болады (Меновщиков, 1998, 2000) Соңғы жылдары тәжірибелік психологияның өрістеуі байқалған біздің елде супервизиялық жұмыстарды әріптес мамандардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы ғана ұйымдастыруға мүмкіндік болады.

Г. Хэмбли бойынша супервизия консультанттың кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерің жетілдіруге және консультациялық шеберлікті, біліктілікті дамытуға бағытталады.

П. Маккартни (1994) супервизордың төмендегідей міндеттерін көрсетеді:

- этикалық стандарттарды ұстану;

- супервизорлық біліктілікті, шеберлікті дамыту;

- кәсіби жетілуге көмектесу;

- өзіндік кәсіби қажеттілікті қанағаттандыру;

- бір агенттікке (орталыққа) бағынышты болу тактикасың ұстану;

- кәсіби идентификацияны дамыту;

- супервизияны тиімді жүргізу;

- өзін - өзі бағалау;

- супервизордың біліктілігі, объективтідігі және тәжірибелілігі;

- консультациялық жұмысты топтық бағалау лидердің жетекшілігі арқылы мүмкін болады (Хэмбли, 1992) .

Шетелдік әдебиеттерде супервизорлардың қолданатын әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары келтіріледі. П. Маккартни (1994) жиі қолданылатын супервизорлық техникадан сирек пайданылатын техникаларды ретінде қарай, қолдану жиілігі бойынша тізім жасаған.

Қолдану (құптау) .

Ашық сұрақтар қою.

Ақпарат беру.

Кеңес беру.

Интерпретация жасау.

Мазмұнды бейнелеу (рефлексия) .

Сезімді бейнелеу.

Өзін - өзі ашу (көрсету) .

Модельдеу.

Супервизорлық жағдайды көрсету.

Өзін - өзі кірістіру, тарту.

Әсер ету.

Жабық сұрақтар.

Конфронтация.

Үйге тапсырма.

Супервизорлық жұмыс нәтижесін көрсету, яғни консультациялауда бағалау үшін супервизор баяндама жасайды, жағдаймен таныстырады, жазбаша баға береді, тікелей бақылау жүргізеді, аудио- және видеожазбалар пайдаланады.

Супервизор мен консультант арасында өзара сенім арту және ашықтық таныту супервизияда аса маңызды болады.

Супервизор-“ жогарыдан” келетін тексеруші де, кемістіктерді ғана анықтайтын, мін тағатын саншы да емес, консультациялық іс- әрекеттегі аса күрделі жағдайларды түсінуге және шешім қабылдауға көмектесетін, қолдау көрсетін тәжірибелі әріптес болу керектігін ескеру керек.

Қайталау сұрақтары:

  1. Психологиялық консультациядағы позициялар
  2. Психологтың кәсіби қасиеттері
  3. Супенрвизор міндеттері

Әдебиеттер: негізгі және қосымша әдебиеттер.

3 тақырып . Психологиялық кеңес процедураларының тиімділігі

Лекция мақсаты: Психологиялық кеңес процедураларының тиімділігін қарастыру

Қарастырылатын сұрақтар. .

1. Психологиялық кеңестің процессі туралы түсінік.

2. Психологиялық кеңес процесінің жоспарлығы.

3. Клиентпен бірінші кездесу.

4. Психологиялық кеңестің жалғасы

1. Психологиялық кеңестің процессі күнделікті клиент пен консультантың таусылмайтын тұлғалық өзгерісі ретінде түсіндіріледі. Психологиялық кеңестің процессі оның уақытына тәуелді емес, келесі құрлымдардан тұрады.

  • Уақыттың ұзақтығы, кеңестің ортақ жалғасы ретінде түсіндіріледі және оның жоспары бастапқы кезеңде көрінеді.
  • Клиенттің проблемалық бағалауы кеңестің уақыттық аспектісіне байланысты бағалауы. Көрсетілген жұмыстағы бағаның төмендігі кеңес проессінің жалғасын ортақ жоспарлауға көмектеседі.
  • Кансультант пен клиенттің терапефтік қарым-қатынасы барлық процесстердің көрініс табуы және кеңеске қатысушылардың өзара арақатынасындағы спектрін өзіне енгізеді.
  • Психологиялық кеңестің корытындысын бағалау психологиялық кеңес процессінде клиентпен болатын талдау өзгерісі.

Кеңестің барлық структурасы процесстің басын, ортасын, соңын өзіне қосады.

2. Психологиялық кеңес процессінің жоспарлығы бұл күрделі механихзм, клиент пен консультент арасындағы белсенді жұмысы, ортақ шығармашылығы және бірін-бірі тануы.

Психологиялық кеңестің жоспарлығы өзіне төменгілерді қосады.

  • Клиентпен 1-ші кезесудегі бақылау.
  • Психологиялық анамнездің жиынтығы.
  • Клиленттің проблемалық бағасы және кеңестен бас тартуы.

3. Клиентпен 1-ші кездесу өзіне маңызды терапефтік процесс кезеңін көрсетеді. Консультент пен клиент маңызды шешім қабылдауы керек.

  • Барлық психологиялық кеңестің орналасуы.
  • Динамикалық контактінің аяқталуы, көрсетілген терапиядағы бақылауды күту.
  • Кеңестің пайда болуы және одан бастарту.

Клиентпен 1-ші кездесу өзіне клиент туралы мәлімет және сол уақыттағы кеңестегі келесі маңызды тапсырманы көрсетеді.

  • Ортақ психхологиялық кеңестің орналасуындағы клиенттің қорқынышы мен уайымы.
  • 1-ші кездесу кезіндегі клиенттің қорқыныш сезімінің пайда болуы.
  • 1-ші кездесу кезіндегі клиенттің белсенділігі кеңес жағдайында клиентті адаптациялауға көмектеседі. Клиентті проблемалық әңгімесін бастауға итермелеу.
  • Консультант өте көп сұрақ сұрамауы тиіс.
  • Жұмыстағы клиенттің түрткісін анықтау, ұзақ арақатынаспен қамтамасыз ету.
  • Клиентті қолдау, өзінің сезімін ашу.
  • клиентке қажетті кеңес туралы мәліметтің көрініс табуы.
  1. Кеңес процессінің немен бітуі.
  2. Кеңестің қалай жүруінде қандай процедуралар кездеседі.
  3. Ауру мен проблема арасындағы айырмашылықтары немен бітеді.
  4. кеңес процессінің сәттілігі немен байланысты.
  5. Кеңес- бұл екі адамның сәйкес әрекеті екеніне анықтама беру.
  6. Кеңестің қортындысына жауапты клиент белсенділігі. Клиенттің ынтасымен тыңдауы және нақты жұмыс істеу үшін киындық мәселе шеңберіне анықтама беру. Мәселе кезіндегі клиенттің жүріс-тұрысына жауаптылық.

4. Психологиялық кеңестің жалғасы келесі фактілерден тұрады.

  • Маңызды фактр-клиенттің мәселесі мен мінезі.
  • Түрткі мен. клиент қажеттілігі.
  • Клиенттің ресурстылығы, тапсырманы шешу үшін мінездің тереңдігінен клиентке қажетті ішкі күш және ресурс, оның белсенді жағдайы.
  • Консультанттың арентациясы психоанализ- ұзақ кездесудегі эмоциональды- эмотивтік терапия және қысқа циклді кездесу.

4тақырып Психологиялық кеңесті ұйымдастыру

Лекция мақсаты: Психологиялық консультацияны ұйымдастыруды қарастыру

Псилогиялық консультацияны ұйымдастыруда оның белгілі бір түрі таңдалынып алынады. Клиенттердің жас ерекшеліктеріне, кеңістіктегі орындарына, сандарына, мәселелерінің мазмұнына байланысты психологиялық консультация квалификациялары бар.

Жас ерекшелік психологиясындағы жас кезеңдері ескеріле отырып, психологиялық көмек ұйымдастырылады. Он бес жасқа дейінгі балалардың тұлғалық сапалары толық жетіле, өзін-өзі тануда адекватты бола қоймайтындықтарынан психологиялық консультацияны қолдану аса күрделі болады. Сондықтан, аталмыш жасқа дейінгі балаларға психологиялық көмек ретінде психотерапиялық, психокоррекциялық көмекті қолдану тиімді.

Алпыс жастан асқан адамдарға консультациялық сұхбаттың нәтижелілігі мәнді бола қоймайды және бұл жас қосылған сайын үдей түседі.

Психолог пен клиенттің сұхбат кезіндегі кеңістіктегі орндары мен рарларындағы қашықтыққа байланысты психологиялық консультацияның екі түрібар:

  1. Консультант пен клиенттің бетпе-бет кездесіп, сұхбат жасауы мүмкін болатын контактілі психологиялық консультация.
  2. Телефон немесе хат арқылы «Сырттай» жүргізілетін дистантты психологиялық консультация. Консультацияның «сенім телефоны» деген бұл формасы соңғы жылдары көпшілікке анонимді психологиялық көмек ретінде белгілі бола бастайды.

Психологтың клиенттердің санына байланысты консультация сұхбат ұйымдастыруы бойынша да психологиялық консультацияның екі түрі бар:

  1. Консультанттың бір ғана клиентпен жүргізгендегі жеке -дара психологиялық консультация.
  2. Консультанттың екі немесе одан көп клиенттермен жүргізгендегі топтық псижологиялық консультация.

Сонымен қатар психологиялық консультациялардың мына түрлері белгілі:

- жанұялық және жұбайлар арасындағы ұйымдастырылатын консультация

- кәсіби -бағдарлық консльтация

- мектептегі консультация

- тұлға мәселеріне бағытталған консультация

Психолоиялық консультацияның тиімділігі оны ұйымдастырудың кеңістіктегі орны мен уақытыныа тікелей байланысты болады.

Психологтың клиентті арнайы жабдықтауға, тым жоғары мол емес бөлмеде қабылдауы психологиялық әсер етудің ең қолаулы жағдайы болады. Консультация орны басқалардың кедергі жасауына, клиент зейінінің бөлінуіне жол бермейтіндей; сұхбаттасуға қолайлы, оқшау, комфортты жағдайды қамтамасыз ететіндей болып ойластырылады.

Косультациялық сұхбат жасауға арналған арнай бөлме болмағанда да консультант басқа ыңғайлы орында клиентпен жұмыс жүргізуіне болады. Онда, таңдап алған бөлменің бұрыш жақтары пайдаланады. Косультация кезінде клмиенттің елендеуіне жол бермей, бар назарын консультантқа аударуы үшін оны есік жаққа арқасын беріп отыруы жөн болады. Сонымен қатар консультант пен клиент орындықтары немесе жайлы креслолары бір-бірінің бет әлпеттерін көріп отырулары, ал қажет болсы, көздерін жеңіл тайдырып әкетулері үшін сәл қиғаштай бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Консультациялық сұхбатта консультант пен клиент бір-біріне тым жақындамайтын, олардыңөз орындарынан отырып-тұрулары еркін, аяқтары бір-біріне кедергі жасамайтындай қашықтық алынады. Г. С. Абрамова консультант пен клиент арасындағы қолайлы ара қашықтық деп 1, 5 метрдей өлшемді алады (1995) . Консультант пен ыңғайлы, жұмсақ бірдей креслоларға (болмаса орындықтарға) отырып, ал араларында шағын журнал столы болса әңгімелесуге тіпті қолайлы болады.

Консультациялық сұхбаттың маңызды сипаттамаларының бірі - консультант пен клиенттің клісіп, тағайындаған консультация уақыттары. Консультациялық әсерде асығыстық, жылдамдық болмауы керек. Сонымен қатар басталуымен соңы нақты тағайындалған консультация барысы үщін уақыт ескеріліп отырады. Сондықтан стлоға немесе қабырғаға сағат қойылады. Ол клиент пен консультантқа белсенді де динамикалық жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді. Жалпы консультациялық сұхбатта көр нәрсе уақыт барысында тәуелді болады. Консультанттың әрбір сөзін, интерпритациясын клиент дұрыс түсініп, қабылдауы үшін, олар әңгіме барысындағы асығыстық пен немесе тым жайлы айтылмауы керек. Әйтпегенде консультант берілген уақытта клиентке көмек беруге үлгермей, оның үмітін ақтай алмай қалады.

Қайталау арналған сұрақтар

  1. Психологиялық консультация этикалық принциптерді ұстанудығ маңызы.
  2. Психологиялық консультация принциптері.
  3. Психологиялық консультацияны түрлерге жіктеудің критерийлері.
  4. Психологиялық консультацияның тәжірибеде қолданатын типтері.
  5. Психологиялық консультацияны кеңістікте орналасуға қатысты ұйымдастыру.
  6. Психологиялық консультацияның уақыт бойынша мәні.

.

Әдебиет

Кошчо Й. Служба психологической консультации в ЧССР // Вопросы психологии. - 1984-№4.

Көмекбаев Л. К., Модалиев З. Б. Білім жүйесіндегі мекемелеріндегі психолгиялық қызметті ұйымдастыру. - Алматы, 2001.

Миновщиков В. Ю. Введение психологическое консультирование. - М., 2000.

Моховиков А. Н. Телефонное консультирование. -М., 1999.

Обозов Н. Н. Психологическое консультирование. -СПб., 2000.

Подготовка психотерапевтов и психологов - консультантов (проблемы адаптации западного опыта) // Психологический журнал. -1994. -т. 15. -№6. -С. 121-127.

Профессиональный кодекс этики для психологов. Бонн, ФРГ. -1986 // Вопросы психологии, 1990. -№6.

Этические принципы скандинавских психологов // Вопросы психологии. -. .

Бақылау тапсырмасы :

. Глоссарий жасау

Әдебиеттер: негізгі және қосымша әдебиеттер.

5 тақырып. Психологиялық кеңес кезеңдері

Лекция мақсаты: консультация кезеңдеріне түсінік беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Консультация кезеңдері

Консультант пен клиент арасындағы сұқбат әңгіме кездейсоқ емес, нақты бір ережелерге қатысты ұйымдастырылатын, мақсат- бағдарлаы процес болып табылады. Консультациялық сұхбат негізіне вербалды коммуникация алынады. Сонда консультациялық сұхбат ауызша сұрақ-жауап арқылы әлуметтік-психологиялық мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Психологиялық әдіс ретінде қолданылатын сұхбаттасуда партнерлар позициясының ассиметриялығы, яғни, психологтың сұрақ қоюшы, ал клиенттің жауап беруші ролі консультациялық сұхбаттың тұрмыстық жағдайда әңгімелесуден айырмашылығы болып табылады. Партнерлар позициясында теңдіктің болмауы, оны психологтың әдейілеп көрсетуі клиенттің консультациялық сұхбатта толық ашылмай, сенімсіздік танытып, психологиялық әсердің нәтижесіз қалуына соқтырады. Бұл жағдайда консультанттың мына тәсілді қолдануы пайдалы болуы мүмкін: клиентке сұхбаттың соңынан психологке кез- келген сұрақ қоюына, оған маман ретінде міндетті түрде жауап беретіндігі бастапқы кезде- ақ ескертіледі.

Консультациялық сұхбаттың нақты бір жоспармен жүргізілуі оның ең негізгі ерекшелігі болады. Сұхбаттың жүргізілуінде стандарттық дәреже әр түрлі сақталады. Консультациялық сұхбаттың бір түрі нақты бір бағдарламаға негізделген, сауалнама типтес стандартты формамен ұйымдастырылады. Ал екінші түрдегі консультациялық сұхбат нақты стратегия мен еркін тактикаға негізделген, еркін формада жүргізіледі. Стандартты консультациялық сұхбат топтық жұмыс ретінде аз уақыт ішінде мол мәлімет алу керек болғанда қолданылады. Бұл жағдайда психолог әрбір адамға алдын- ала құрастырылған сұрақтар тізімін ұсынады. Стандартты сұхбат арқылы салыстыруға қолайлы мәліметтер жинақтауға, алынған ақпараттарды сандық сипаттауға болады. Сонымен, қатар қатаң реттелген сұхбат психологтен аса жоғары квалификацияны, мол тәжірибені қажет етпейді. Сондықтан сұхбаттың бұл формасын ұйымдастру консультациялық іс-әрекетін жаңадан бастаған мамандар үшін тиімді болады. Алайда стандартты сұхбаттың кемшіліктері де баршылық. Атап айтқанда, стандартты сұхбат эмоциялық контакт жасауға, консультанттық клиенттердің реакцияларын тікелей ескеруіне мүмкіндік бермейді. Клиенттің ішкі жан- дүниесін толық аңғаруға, оның ұиыншылықтарын барынша түсінуге жағлай жасайтын жеке- дара консультация жүргізу керек

Консультациялық сұхбат түрлері. Қойылатын сұрақтар. Консультация сатылары. Р. Мэй бойынша консультациялардың құрылымы. В. Ю. Локовщиков зерттеуіндегі 4 саты.

Бақылау тапсырмасы:

Глоссарий жасау.

Әдебиеттер: негізгі және қосымша әдебиеттер

. 6 тақырып . Консультация процедуралары, техникалары Лекция мақсаты: Консультация процедураларына техникаларына түсінік беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Консультация техникалары
  2. Консультациялық әдістер мен құралдар

Консультанттың кәсіби әсер ету мүмкіндіктері әлдеқайда кең де әр түрлі. Алайда, олардың арасында ең негізгісі- клиентпен тікелей контакт -консультативті сұхбат жасау болып табылады. Сұхбаттың мұндай типі кәдімгі әңгімелесуден мүлде басқаша болады. Кәсіби деңгейде психологиялық әсерге бағытталған сұхбаттасу дағдыларын меңгеру өнермен салыстырылады( Р. Мэй, 1994) .

Консультациялық сұхбаттың құрлымы аса күрделі болады. Ол тиімді нәтиже алу мақсатымен психологтің қолданылатын әр түрлі тәсілдері мен техникаларынан жинақталады. Солардың ішінде консультациялық сұхбатты жүргізу техникалары- клиент пікірін қолдау, клиенттің ашылып, баяндауына стимул жасау, психологтің ойындағысын қысқаша, нақтылап, түсінікті жеткізе алуы, - басты роль атқарады. Аталмыш техникаларды дұрыс қолданған жағдайда психологиялық әсердің тиімділігін қамтамасыз етуге, психолог пен клиенттің арасындағы контактіні жетілдіруге мүмкіндік болады.

Консультация процесі кезінде кенеттен көрініс беретін, ерекше бір міндеттерді, мәселелерді шешуде қолдануға болатын әдістер мен техникалардың ролі аса зор. Оларға клиент позициясын өзгертуге және коррекциялауға бағытталған әр түрлі сұрақтар, клиенттің нені және қалай істеу керектігі аңық көрсетілетін үй тапсырмалары клиенттің қандай-да бір шешім қабылдауына мүмкіндік беретін дискуссиялар және т. б. жатады. Көп жағдайда бұл техникалар консультациялық сұхбатпен тығыз байланысты, содан тікелей шығады да, клиент үшін ерекше, жат әдістер болмайды. Консультанттың небір әдістер мен техникаларды меңгеруі, оның идеяларының, пікірлерінің толассыздығы- психологтің тәжірибесіне, әр түрлі теориялық жұмыстармен таныс болуына және әріптестерімен кәсіби, іскерлік қарым- қатынас жасауына байланысты.

Консультациялық сұхбаттың барысын өзгертуге немесе тереңдетуге арнайы қолданылатын тапсырмалар мен жаттығулар консультациялық әдістер мен техникалардың дербес бір тобы ретінде қарастырылады. Олардың қатарына гештальт- терапия аясында пайда болған “бос орындық”, отбасылық терапияда пайдаланылатын “келісім жасасу” сияқты техникалар жатады. Бұл әдістерді қолдану консультанттың теормялық ориентациясына, клиент мәселелерінің сипатына байланысты болады. Осындай техникалармен таныстығы, қолдана алуы консультант шеберлігінің критерийі болып, маманның кәсіби компоненттілігін көрсетеді. Әр түрлі әдіс- тәсілдер, құралдар консультациялық сұхбатты құнды, әлдеқайда динамикалы етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық консультация жайында
Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.
Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны, әдістемелік еңбектері
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
Библиографиялық қызметтің процестері
Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары
Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы – кәсіби білім алу негізі
Психологиялық кеңес жұмыстары
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz