Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Айтышева Айгуль Мұқатайқызы

Психологиялық қенес беру тәсілдерін оқыту үрдісінде қолдану

19.00.07

Психология ғылымсдарының кандидаты ғылми дәрежесін алу үшн
дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Астана, 2009

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - үлттық жэне жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
жэне кэсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бүл
міндеттерді шешу үшін эр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлык
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тэрбиеге,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, эр педагог өз
эрекетінде қажетті өзгерістерді, эр түрлі тэжірибелер жөніндегі
мағлүматтарды, жаңа эдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дүрыс пайдалана білуі
керек.
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген
қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне
жаңа, эрі тиімді эдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың
тиімділігі негізінен педагогтың оку процесін психология гылымының теориясы
мен тэжірибесінің мазмүнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.
Осыған байланысты психология пэнінің оқытушысы психологияның
теориялық сүрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында
пайда болатын психологиялык мэселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере
білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту эдістемесі
студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.
Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім,
түсініктердің сана-сезімдеріне қандай эсер ететіндігін түсінуіне
негізделген кезде гана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің бірден бір
көрінісі - өз пэнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен жэне басқа
адамдармен қатынастары түрғысынан қарастыру, ғылыми пэнді социумның,
өнердің, мэдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу жэне студенттердің
құндылық багдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық.
Психологияны оқытудың мақсаты дэл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің эр
түрлі жағдайларында адамдардың өзара эрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың
теориясын жэне тэжірибелік білімдері мен эдістерін студенттерге меңгертуді
көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен эрекет
бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тэсілдерін меңгертуге
гана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік эрекеті мен санасын да
өзгертуге бағытталған.
Студенттердің тұлғалық сапаларын калыптастырудағы оқытушы мен студент
арасындағы бірлескен іс-эрекеттің алатын орны мен оған психологиялык жағдай
туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жакыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов,
В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.
Кэсіби бағдар мен кэсіби даярлықты арттырудың психологиялык
ерекшеліктері туралы (Е.М.Борисова, А.Т.Изақова, Г.М.Кэрібаева, Н.Н.Нечаев,
З.А.Решетова, Е.Э.Смирнова, Н.Ф.Талызина, Ж.Т.Түрікпенүлы, жэне басқалар),
оқыту процесінде оқушылардың дамуын ұйымдастыру (Б.Ә.Әмірова,
М.Мүқанов, Б.Х.Хамзин, т.б.) жоғары мектепте психологияны оқыту
(Б.Ц.Бадмаев, В.Я.Ляудис, С.Д.Смирнов) жайлы зерттеулерге сүйене отырып,
жогарғы оқу жагдайындағы психологияны оқыту процесі мен психологиялык кеңес
беру тэсілдерін үйлестірудің мүмкіндіктері бар екендігін байқадық.
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен
тэжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып
келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық
баспасөзде жэне жеке туындыларда жарияланғанымен, дэл психологиялык кеңес
беруді кеңінен қарастыру, эрі оны оқытуға енгізу мэселесі қолға алынбай
келеді.
Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев,
Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов,
В.В.Столин кеңестік дэуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык
қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.
Жоғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге
болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес
берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова,
М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың
еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген
Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға
тэуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тэжірибенің
студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық
гипнозды қолдану) жэне т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.
Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді
талдай келе, психологиялык тэжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы
қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара
эрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір
сүруі үшін аса қажетті мэселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык
кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық
мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық
кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дэл осы уақытта болашақ жас
маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялык кеңес беруді
ұйымдастырудың маңыздылығы мынада:
бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оку жағдайына бейімделу
кезеңінен өтуі керек;
студенттердің ішінде бірыңғай үлттық тестілеу нэтижесіне қарай
стресстік жағдайдан шыға қоймагандар кездеседі;
мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты
емтихан тапсыратын пэнді таңдауга көбірек мэн береді. Соңында пэн мен
мамандықтың сэйкес келмеуінен туындайтын қиындықтарға тап болады;

жоғары оқу орындарындагы қазіргі замангы кредиттік жүйеде оқу
ерекшеліктеріне төселудің қиындықтары жетерлік;
түлгалык ерекшеліктері мен қажет болатын кэсіби сапалары арасында
пайда болатын сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп,
оқудағы белсенділігін тежейді;
жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент
пен оқытушы арасындағы адамаралык тікелей қарым-қатынасты шектейді, жэне
т.с.с.
Міне, осы себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігін
келесі жағдайлар анықтады:
жоғары оқу орындарында психологиялык көмек көрсететін орталықтар жоқ,
ал студенттердің элеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;
психология пэні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер
кредиттік оку жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны
таңдайтыны жиі кездеседі), дегенмен бүл пэннің студенттерге пайдалы
тэжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мэселесі негізінен психодиагностикалық
жэне психокоррекциялық эдістермен шектеліп отыр;
студенттердің тұлғалық дамуы мен кэсіби даярлығына психологиялык
ыкпал ету мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес;
- жастарға психологиялык көмек көрсетуді оқыту үрдісі үстінде
үйымдастыру тэжірибесі зерттелмеген.
Осы проблеманы шешу үшін психологиялык білім беруді үйымдастыруда
психология ғылымының төл тэжірибелерінің бірі - психологиялык кеңес беруді
колданудың қажеттігі мен студенттердің психологиялык білімін жетілдіру, эрі
түлғалық дамуы мен кэсіби даярлығының сапасын арттыру бағытындағы
психологияны оқытудың эдістемесі арасында қарама-қайшылық бар екені
анықталды.
Біздің пайымдауымызша, психологиялык кеңес беруді тэжірибелік
психологияның көлемінде гана емес, оқыту іс-эрекетінде де қолдану
мүмкіндіктерін табуға болады. Аталған мэселелер зерттеу жүмысының тақырыбын
анықтап берді: Психологиялык кеңес беру тәсілдерін оқыту үрдісінде
қолдану.
Зерттеудің мақсаты: студенттердің түлғалық жэне кэсіби даярлығына
психологиялык кеңес беру тэсілдерінің тиімді эсерін зерттеу.
Зерттеудің нысаны: жогары мектептегі психология пэнін оқыту процесі.
Зерттеудің пәні: психологиялык білімнің студенттердің түлғалық дамуы
мен кэсіби даярлығына ықпалы.
Зерттеудің болжамы: егер жогары мектептегі психология пэнін оқытуда
студенттік кезеңнің ерекшелігіне сай психологиялык кеңес беру тэсілдері
қолданылатын болса, онда оқытудың тиімділігі мен нэтижелілігі ғана артып
қоймай, студенттің болашақ мамандығына даярлығы мен түлғалық сапасы да
жетіле түседі, өйткені психологиялык білім олардың кэсіби бағдарына, өмір
тэжірибесіне ықпал ететіндей деңгейде үйымдастырылғанда ғана нэтижелі
болады.
Жеке болжамдар:
- егер де психология гылымының теориялық мазмұны тәжірибелік
көмекті аса қажет ететіндігі ескеріліп отыратын болса, психология пэні
көлемінде психологиялык кеңес беруді ұйымдастырудың мүмкіндіктері мол бола
түседі;
- психология гылымы көлемінде қарастырылатын білім белгілі бір
дэрежедегі тэжірибемен толықтырылып отыратын болса (психологиялык кеңес
беру тэсілдерін қолдану арқылы), студенттің тұлға, эрі болашақ кэсіби маман
ретіндегі өзіне-өзіиіц сенімділігі артады.
Зерттеудің мақсатына, нысаны мен пэніне, жасалған болжамына сэйкес
келесі міндеттер белгіленді:
оқытудың психологиялык мэселелеріне талдау жасап, жоғары мектептегі
психологияны оқыту мен психологиялык кеңес беру іс-эрекетін байланыстырудың
эдістемелік негіздерін анықтау;
психологиялык кеңес берудің мазмұнын студенттік кезеңнің
ерекшеліктері мен кэсіби багыттарына қатысты талдау;
психология сабақтарына енгізілетін психологиялык кеңес беру
тэсілдерін анықтау жэне жүйелеу;
психологиялык кеңес беру тэсілдері арқылы студенттердің психологиялык
білімінің, түлғалық дамуы мен кэсіби даярлығының сапасы арта түсетінін
эксперименттік зерттеу жэне нэтижелерін талдау.
Студенттерге психологиялык білімді меңгерту тиімділігін арттыруда
оқыту процесі мен психологиялык кеңес беру іс-эрекетін байланыстыру -
зерттеудің жетекші идеясы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері жеке адамның
қалыптасуы мен дамуы туралы теориялар (Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев,
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Г.Олпорт, А.В.Петровский, К.К.Платонов,
З.Фрейд, Э.Эриксон, т.б.), оқыту процесі туралы теориялар (Л.С.Выготский,
В.В.Давыдов, И.И.Ильясов, А.Н.Леонтьев, Й.Лингард, С.Л.Рубинштейн,
Д.Б.Эльконин), психологиялык тэжірибені, оның ішінде психологиялык кеңес
беруді қолдану қағидалары (В.Г.Бурменская, И.В.Дубровина, А.Н.Елизаров,
Е.В.Копьев, Р Мэй, Р.С.Немов, К.Роджерс, т.б.) жэне болашақ мамандарды
кэсіби даярлауда жеке адамның қүрылымдық мазмүны жайлы тұжырымдамалар
(А.Адлер, А.Маслоу, К.Юнг, т.б.), сондай-ақ қазақстандық ғалымдар
Ә.Алдамұратов, М.Мүқанов, Т.Тэжібаевтың ой-пікірлері мен С.М.Жақыповтың
оқыту процесіндегі танымдық іс-эрекет туралы зерттеулері, Ж.Ы.Намазбаеваның
тұлғаның даму ерекшеліктері жайлы еңбектері, Қ.Б.Жарықбаевтың түлғаның
этнопсихологиялық мэні туралы тұжырымдары, С.Қ.Бердібаеваның адамның
творчестволық іс-эрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу
нэтижелері окытуға ықпал ететін факторлар тұрғысынан қарастырылды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналган мемлекеттік
бағдарламасы, философтар мен психологтардың, педагогтардың жэне т.б.
ғалымдардың еңбектері, психология пэнінің оқу жоспарлары мен типтік
багдарламалары, автордың жинақтаған тэжірибесі мен зерттеу материалдары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу жүмысының максаты мен міндеттерін шешу
барысында психологиялык, педагогикалық, философиялык эдебиеттерді,
диссертациялар мен монографияларды оқып-үйрену арқылы теориялық талдау
жасалды, ғылыми негіздері түжырымдалды. Тэжірибе жүзінде тексеру эдістері
(студенттердің психология пэніне қатынасын анықтау сауалнамасы, түлганың
оку іс-эрекетіне қатысты автономдық-тэуелділік сипатын анықтау эдісі
(Г.С.Прыгин), кэсіби іс-эрекет мотивациясын анықтау эдісі (К.Замфир), өзін-
өзі багалау эдісі (Б.А.Сосновский), тұлғаның багыттылығын зерттеу эдісі
(В.Смекал, В.Кучер), тұлғалық даму тенденцияларын зерттеу эдісі (Т.Лири),
жэне сабақтар барысында студенттермен топпен, жеке жүргізілген эңгімелесу,
бақылау эдістері) пайдаланылып, автордың іс-тэжірибесі жалпылап қорытын дыл
ан ды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жоғары мектептегі психологияны оқыту процесі мен психологиялык
кеңес беруді байланыстырудың эдістемелік негіздері құрастырылды;
- студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кэсіби багыттарына қарай
үйымдастырылатын психологиялык кеңес берудің мазмүны аныкталды;
алғаш рет психология сабақтарында қолдануға болатын психологиялык
кеңес беру тэсілдері жүйеленіп, психологияны оқыту эдістемесіне енгізілді;
студенттердің тұлғалық дамуына, кэсіби даярлыгына жэне білім сапасына
психологиялык кеңес беру тэсілдерінің тиімді ықпалы анықталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Педагогикалық психологиядағы оқыту
туралы теориялар психологиялык мэселелер тұргысынан жүйеленіп, психологияны
оқытудың міндеттеріне психологиялык кеңес берудің мүмкіндіктерін қолдану
мэселесі енгізілді. Психологиялык кеңес беру іс-эрекетінің тиімді деген
тэсілдерін психологияны оқыту процесінде пайдаланудың теориялык-эдістемелік
негіздері құрастырылды.
Зерттеудің практикалық қүндылығы: Болашақ мамандардың психологиялык
білімін кеңейтіп, түлгалық дамуы мен кэсіби даярлығының сапасын көтеруге
бағытталған Психологиядан тапсырмалар мен жаттығулар оқу-эдістемелік
қүралы қүрастырылды. Студенттердің өз қалауы бойынша психологиялык білімін
көтеруіне негізделген Жеке адам жэне түлғалық өсу проблемасы бойынша
арнайы курстың жүмыс жоспары мен мазмұны, эдістемелік жүйесі жасалды.
Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы мен негізделгендігі алынған
қорытындылардың теориялық жэне эдістемелік түжырымдарға, қағидаларға
негізделуімен, зерттеу мазмұнының қойылған мақсат пен міндеттерге сай
келуімен, эксперименттік жұмыстардың нэтижелерінің математикалық-
статистикалық түрде өңделуімен жэне ұсынылып отырған мэселенің тэжірибеге
енгізілуімен қамтамасыз етілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қагидалар:
- психология ғылымының теориясын меңгерту процесі мен
психологиялык кеңес беру іс-эрекетін байланыстыру жоғары мектепте оқытудың
психологиялык мэселелерін шешуге көмектеседі;
- студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кэсіби-түлгалық даму
бағытына сайұйымдастырылған психологиялык кеңес берудің тиімділігі жогары
болады;
психологиялык кеңес беру тэсілдері психологияны оқытудың әдістемелік
мазмүнын жетілдіреді;
психологиялык кеңес беру тәсілдерінің көмегімен студенттердің
түлғалык жэне кэсіби даярлығының сапасы артады, эрі психологиялык білімі
жоғарылайды.
Ғылыми-тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері мен негізгі идеялары
Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық университеті мен Еуразия
гуманитарлық институтындағы психологияны оқыту процесінде пайдаланылды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (1998-2002 жж.) - зерттеудің мақсаты мен міндеттері
анықталып, ғылыми аппараты қүрастырылды. Жоғары мектептегі оқыту процесі
жайлы теорияларға талдау жасалып, психологияны окытудың қазіргі замангы
эдіс-тэсілдеріне баға берілді. Психология пэнінің оқытушысы үшін қажет
болатын педагогикалық-психологиялық білімдер мен түлғалық сапалар талданды.
Психологиялык кеңес берудің мазмұны мен білім берудегі міндеттері,
студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен мамандығына қарай қалай қолдануға
болатыны қарастырылды. Ол үшін жас ерекшеліктері мен дамудың психологиялык
теориялары, болашақ мамандардың кэсіби даярлығы мәселелері зерттелді.
Екінші кезенле (2002-2007 жж.) психология пэні сабақтарына енгізуге
келетін кеңес беру тэсілдері нақтыланып, жинақталды. Бүларды сабақтарда
қолдану жолдары белгіленді. Жеке адам жэне түлғалық осу атты арнайы курс
тэжірибеден өтті. Гылыми болжамдарды тексеру үшін эксперименттік жүмыстар
жүргізілді. Эксперимент нәтижелерінің шынайылыгын тексеруге арнайы
эдістемелер тандап алынды. Экспериментке катысушылардың бақылау жэне
эксперименттік топтары анықталып, зерттеудің міндеттеріне сай жүмыстар
жүргізілді.
Үшінші кезең (2007-2009 жж.) - зерттеу бойынша алынған ғылыми-
теориялық жэне тэжірибелік нэтижелерге талдау жасалып, психологияны оқытуда
қолдануга болатын психологиялык кеңес беру тэсілдері жүйеленді. Психология
пэнінің эдістемелік негіздеріне жаңа тэсілдердің енгізілуі студенттердің
білімі мен түлғалық дамуын, кэсіби даярлыгын жетілдіретіндігі дэлелденіп,
түжырымдалды.
Зерттеу жүмыстарының жүргізілу барысы мен нәтижелері Қазақстан
жоғары мектебі халықаралық гылыми-педагоги кал ық басылымында, ҚР Білім
жэне Гылым министрлігінің гылыми журналы Ізденіс, Л.Н.Гумилев атындагы
Еуразия үлттық универитетінің Хабаршысы жэне Еуразия гуманитарлық
институтының Хабаршысы ғылыми журналдарында жарияланды. Сонымен бірге,
Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық университетінің, Еуразия гуманитарлық
институтының психология, педагогика кафедраларының мэжілістерінде, эл-
Фараби атындагы Қазақ үлттық университетінің жалпы жэне этникалық
психология кафедрасының отырыстарында жэне Астана (2003, 2005, 2009 жж.),
Қарағанды (2004 ж.), Тараз
(2005, 2009 жж.), Өскемен (2007ж.) қалаларында өткен халықаралық
ғылыми-тэжірибелік конференцияларда, сондай-ақ республикалық ғылыми-
эдістемелік конференцияларда талқыланып, республикалык баспасөзде жарық
көрді.
Диссертацияның қүрылымы мен көлемі: Диссертация жүмысы зерттеу
тақырыбының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, зерттеу
нысаны мен пэнін ашатын, теориялық жэне тэжірибелік құндылығымен
таныстыратын кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, қорытындыдан, эдебиеттер
тізімінен, қосымшалардан жэне кестелер мен суреттерден тұрады.
Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі қарастырылып,
зерттеудің мақсаты мен міндеттері, теориялық жэне практикалык маңыздылығы,
ғылыми жаңалығы мазмұндалып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар
белгіленді.
Оқытуға психологиялык кеңес беру тәсілдерін енгізудің теориялық-
әдістемелік негіздері атты бірінші бөлімінде оқытудың психологиялык
мэселелерінің шешілу барысы талданып, психологияны оқыту әдістемесінің
қазіргі жағдайында кеңес беру тэжірибесін студенттік кезеңнің
ерекшеліктеріне сай пайдаланудың негіздері айқындалды.
Психологиялык кеңес беру тәсілдерін оқыту процесінде қолдануды
эксперименттік зерттеу деп аталатын екінші бөлімде эксперименттік тексеру
жүмыстарының жүргізілуі баяндалып, психологиялык кеңес беру тэсілдері
қолданылган эксперименттік топтардағы психология сабақтарының тиімділігі
мен мэні дэлелденді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының теориялық жэне тэжірибелік нэтижелері
түжырымдалып, психологияны оқыту эдістемесін жетілдіру жолдары ұсынылды.
Қосымшада эксперименттік жүмыстардың мазмүнын қүрайтын материалдар
көрсетілген.
Негізгі бөлім
Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мэселесі мемлекеттік деңгейдегі
аса өзекті мэселеге айналып отыр. Бүл мэселені шешу жолдарының бірі
-студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай
деңгейде қабылдауына мэн беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің
барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге
қолданудың қажеттілігі анық.
Бірінші бөлім Оқытуға психологиялык кеңес беру тәсілдерін енгізудің
теориялық-әдістемелік негіздері деп аталып, алғашқы сүрағында оқытудың
психологиялык мэселелерін қарастыратын теорияларға талдау жасалды.
Оқыту процесін үйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен
көрінумен бірге, психологиялык мэселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері
айтылып келе жатқанымен, дэл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің
біріне айналып отыр. Психологиялык сипаттағы мэселелерді ескеру жэне оларды
шешудің нэтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оку іс-эрекетінің
жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді
қабылдаушылардың түлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні жэне т.б. осы
сипаттағы зерттеулер психолог галымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский,
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев,
С.М.Жақыпов жэне баска да зерттеу ші л ер дің еңбектерінде баяндалған.
Окытудың психологиялык мазмұнын қарастыратын теорияларда мэн берілген
басты мэселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы,
оқытудың эдіс-тэсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы
психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен
басқару мэселелері, окытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері
арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оку мотивациясы, оку
тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау жэне өзін-өзі бақылау, бағалау жэне
өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының түлғалық жэне дара ерекшеліктерін
дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-эрекеттің қалыптасуы жэне тағы
басқалар кіреді.
Аталған мэселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялык
мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім,
оқушы) мэні мен мақсаттары, оқу пэнінің құрылымдық мазмұны, оқу пэнінің
мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-эрекетінің жалпы
тэсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту
процесінде элеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен
оқушылар арасындагы жэне оқушылардың өзара оқу эрекетінің жүйесі, жэне осы
аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пэндік
мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оку эрекеттерінің
өзара байланысын қалыптастыру.
Оқытудың психотерапиялық қызметі жайлы мэселеге бірінші болып назар
аударған В.Н.Мясищев. Психотерапиялық бағыттың тар мағынасы дэрігерлік
емдеуге жақын түсіндірілсе, кең мағынасы жалпы гуманитарлық бағыттылығымен
сипатталады. Педагогтың психотерапиялық қызметі -студенттің стресс
жағдайына түспеуін қадағалау. Н.В.Жутикова атап көрсеткендей: Адамның
эрбір эрекеті мен эр сөзі не жақсылыққа, не жамандыққа экеледі.
Әрекетсіздік те өзінің ықпалын тигізбей қоймайды. Оқытушының жылы сөздері
емдік қасиетке ие. Әкесінің жолын қуған атақты психотерапевт Н.Роджерс
былай деген екен: Егер тұлға өзін еркін сезінетіндей қауіпсіз, сенімді
жағдайды қалыптастырса, ол өзінің ішкі психикалық дүниесін зерттей
бастайды, бүл жағдайда адам өзінің түлғалық дамуына тиімді бағытты таңдай
алады. Тіпті дидактиканың өзі педагогтың сабақты мейіріммен, жылы жүзбен
бастауын міндеттейді.
Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді
игертудің психологиялык механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді
психологиялык жағдайларын қарастыру білім беру эдістемесінің ғылыми негізін
қүрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте
оқытудың эдістемесін жетілдіруде пэн оқытушысының кэсіби мүмкіндіктерінің
атқаратын рөлін анықтауга мүмкіндік берді.
Психология пәнінің эдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың
пікіріне Караганда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, В.Я.Ляудис,
В.Н.Карандашев, Е.А.Климов, К.Н.Корнилов, Т.В.Наумова, А.А.Немцов,
З.М.Панибратцева т.б.) психологияның пэндік жэне іс-эрекеттік мақсатына
келесі мақсаттар кіреді:
жаңа психологиялык білімдерді қарастыру;
психологиялык білімдерді тәжірибелік мэселелерді шешуге қолдану;
психологиялык білімді беру жэне тарату.
Аталған зерттеушілер психологияны оқыту эдістемесін педагогикалық
училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жогары оқу орындарында
(В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев,
Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту
(Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту
бағыттарында қарастырады.
Психология пэнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын гана
емес, тэжірибесін де меңгеруі қажеттігі біздің зерттеуіміздің негізін
қүрайды. Психология пэнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялык
білімді берудің әдістері мен тэсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте
мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тэжірибесі мен тұлғалық
сапалары, ізденімпаздық талабы мен шыгармашылық қабілеті үйлесіп жататын
болса, ондай оқытушы тек пэн оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман
ретінде де қалыптасып, өзінің жеке эдістемелік іскерлігін дамытуда биік
деңгейлерге жете алады.
Психологияны оқыту эдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды
жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:
- психологияны оқытуда белсенді эдістерді пайдалану;
- психология пэнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, ягни гылыми-
теориялық мэселелерге өмірлік тэжірибелер призмасы арқылы қарау;
- психологиялык теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде
пайдалану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.
Психологиялық кеңес беру тэсілдерін қолдану арқылы оқытуда аталган
бағыттардың барлық белгілері байқалады.
Әдетте, студенттер психология пэнінің оқытушысынан көмек сүрауға
дайын түрады. Жастар үшін психология пэнінің оқытушысы психолог маман
деңгейінде қабылданады. Кіріспеде атап өтілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялык процестерді басқаруда нәтижелерге бақылау жасау
Конфликттік жағдай
Болашақ мұғалімдердің шығармашылығының мәні мен қазіргі кезеңдегі жағдайы
Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін арттыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Фирманың жұмыс атқаруы макроорталығының негізгі факторлары
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру
Студенттерді кәсіби қызметке дайындау барысында өзіндік сана - сезімді дамыту
Педагогика пәнінен дәрістер кешені
Пәндер