Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Әдебиеттер:
1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как
форма обучения общению. Прага:1981.
Тақырып: Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған
формасы.
Мақсаты: Тренинг- оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы екендігі жайлы
түсінік беру.
Жоспар:
1.Тренинг- оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы.
2.Тренингтің қазіргі уақытта қолданылуы.
3.Психологиялық тренингтің міндеті мен мақсаты.
4.Тренинг әдіс-тәсілдері.
Әлеуметтік психологиялық тренинг дегеніміз не?
Бұл психологиялық әсер ету, топтық жұмыстық белсенді әдістеріне негізделе
отырып.
Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасын, онда психологиялық
көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның
дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі. Тренинг – қалыптасқан
стереотиптерді және жекелей мәселелрді шешеді.
ӘПТ – адамдық потенциалды ашады және ары қарай дамытады, өзінің
эмоциялық және сезімдік қалпын вербальдық және вербальдық емес білдіру.
Бұнда тренинг термині Ю.Н. Емельянованың ойынша, оқытудың әдістерін
белгілеу үшін қолданылмауы керек, ал оқыту мен қабілеттіліктің даму
әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игеру, мысалы, оқыту.
ӘПТ тобының міндеті қатынасушылардың өзін-өзінің жекелей амалы арқылы
көрсетуіне көмектесу, бұл үшін бірінші кезекте өзін-өзі түсіну және өзін-
өзі қабылдауын үйренуі қажет.
Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 –негізгі бағытта жүзеге асады.
1. Өзін-өзі қабылдауыарқылы өзін басқалармен салыстыру. Басқа адамды
бақылау мен талдауға ыңғайлы қылып қарастырады адам. Біз өзімізге сырт
жағымсыздан қараймыз, топтың басқа мүшелерімен қатар қоя отырып.
2. Өзін-өзі қабылдауды басқаның оны қабылдауы арқылы адам өзі жайлы
қоршағандардың хабарын пайдаланады. Кері байланыс ӘПТ – топтарында
кері байланыс механизмі үнемі іске асады, ол қоршағандардың оның
мінез-құлқы туралы пікірлерін білуге жағдай жасайды.
3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау, адам өзінің не
істегенін бағалайды, өзіндік баға.
4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау, адам ойланады,
өзімен сөйлеседі, қоршағандармен өзінің эмоциясын, түйсінулерін,
ойларын, уайымдарын талқылайды. Осындай принципті айырмашылығы,
Тренинг - өзіндік Меніне кіру.
5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін-өзі қабылдау, адам өз денесін,
өзінің Менін қабылдайды.
Т-нің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық
көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты
өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.
Т-тің мақсаты – жеке тұлғаны анықтау, жалғастырушы мақсаттары:
1. Қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық компенттігін көтеру және
қоршағандармен қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау.
2. Қатынасушылардың белсенді әлеуемттік бағытын қалыптастыру және өмірін
өзгерту қабілетін дамыту (өзінің және қоршағандардың).
3. Психологиялық мәдениетінің дәрежесін көтеру.
Міндеттер (Жеке міндеттер)
1. Белгілі бір әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру.
2. Өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту.
3. Жекелей ерекшеліктер мен іскерліктердің диагностикасы, түзету жолдары,
кедергі келтіретін жағдайларды жою.
4. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жекеленген әдістерін оқу және
меңгеру.
Өзін тексеру сұрақтары:Тренинг- оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы.
Тренингтің қазіргі уақытта қолданылуы. Психологиялық тренингтің міндеті
мен мақсаттары және тренинг әдіс-тәсілдері.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, аутогендік жаттығу, тұлға аралық
қабылдау, интроспекция, перцепция, психодрама, тренингтік топ.

3.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
4.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как
форма обучения общению. Прага:1981.
5.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения.
М:1991.
Тақырып: Тренингті ұйымдастыру принциптері.
Мақсаты: Тренингті ұйымдастыру принциптерімен студенттерді таныстыру.
Жоспар:
1. Тренингті ұйымдастыру принциптері:
*мақсаттылық принципі;
*белсенділік принципі;
*диалог принципі;
*мәселелік принципі;
*топтық және жекелей жұмыстарды байланыстыру принципі;
*зерттеу принципі.
Тренингтік топтың жұмысы өзіне тән бірқатар принциптермен ерекшеленеді:
1. Белсенділік ұстанымы
Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі ерекше мәнге ие, оны кітап оқушы
немесе лекция тыңдаушы адамның белсенділігімен салыстыруға болмайды.
Тренинг барысында адамдар арнайы талқыланған іс- әрекеттерге араласады. Ол
қандайда бір іс- әрекетке араласу, жаттығуларды орындау, арнайы схема
бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін. Сондықтанда іс-
әрекетке кез-келген уақытта араласуға болатындығын түсіндірген жағдайда,
оған қатысушылардың белсенділігі арта түседі.
Әсіресе жаттықтырушы ұсынған ойды, мінез- құлық амалдарын сезіну және
жаттығу тәсілдерін меңгеру арқылы Тренингің мақсатына жетуде топтың барлық
мүшелерін белсенді түрде бірдей араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен
жаттығуларды қолдану тиімді болмақ.
Белсенділік ұстанымы, негізінен эксперименталды психология саласындағы
белгілі адам естігенінің он пайызын, көргенінің елу пайызын, айтқанының
жетпіс пайызын және өзі істегенінің тоқсан пайызын игереді деген идеяға
сүйенеді.
2. Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы
Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда
белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің
бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде
болмақ.
Осы ұстанымға сүйене отырып жаттықтырушы топ мүшелерінің өз
бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды сезініп, қалыптастыра түсуге, тәжірибе
жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады, құрастырады және
ұйымдастырады.
Тренингтік топта негізінен бейтараптылық жай орнаған, қандайда бір
мәселе орын алған креативті орта қалыптасады.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық
тудырады. Тренингтік топқа келетін адамдар бойында мектепте, институтта
алған білім арқылы берілген арнайы өмірлік ережелер мен алдағы уақыта
ұстануы тиіс құндылықтардан тәжірибе жинақтаған жандар. Сондықтанда
үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте, адамдар
наразылық білдіреді, кейде тіпті наразылығы агрессивті формада болады.
Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын
қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг
аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына, өмірге, өз-өзіне шығармашылық
тұрғыда қарауға, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін
тигізеді.
1. Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы
Оқыту процесі барысында қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен
біртіндеп нысаналық деңгейге ауысады, бұл тренингті өзгеріске ұшыратады.
Осы сәтте екі жақты байланыс мінез- құлықты нысаналаудың әмбебап құралы
болмақ. Топта екі жақты байланыс орнатуға тиімді жағдай тудыру -
жаттықтырушы жұмысының басты міндеті.
Қатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысананалаудың қосымша
құралдары пайдаланылады. Солардың бірі топ мүшелерінің қандай да бір
жағдайда іс-әрекеттері, мінез–құлықтарының көрініс табуы бейнеленген
бейнежазба болмақ, оны кейін топ мүшелері қарап шығып, талқыға салады. Бұл
жерде бейне жазба негативті әсер тудыруы мүмкін күшті құрал екенін ескеру
қажет, сондықтанда оны пайдаланарда өте мұқият болу керек, және кәсіби
деңгейде пайдалана білу өте маңызды.
4. Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект- субекті)
Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ
мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың
сезімі, көңіл- күйі, мазасыздануы ескеріледі, басқа адамның жеке
құндылықтары құпталынады.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін
жасырмай, мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік
беретін сенімділік, ашықтық, қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады. Бұл
ұстаным топ мүшелерінің өз-өзіне толық зерттеу жүргізе алатындығына орай,
шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.
Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асуы -
әлеуметтік-психологиялық тренинг тобы жұмысының тиімді болуының басты
талаптарының бірі. Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің және оқытудың
басқа әдістерінен ерекшелендіреді. Сондай-ақ, тренингтік топтардың
жұмысының өзіндік ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды
тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы жұмысының өзіндік
ұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау
барысында, тренингті өткізуге кірісер алдында және жұмыс барысында:
• Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?
• Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді?
• Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрақтар қоюы
тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу арқылы бұл
сұрақтардың жауабын таба алады. Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:
• Жұмыстың мазмұнды жоспары;
• Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгейі, топ мүшелерінің арасында
қалыптасқан түрлі мінездердің қарым-қатынасы;
• Топтың әр мүшесінің жағдайы, оның тренингке, басқаларға және өзіне
деген ойы;
• Жаттықтырушының жағдайы.
Тренингтің тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің барабарлығына
ғана емес, сонымен қатар, алдына қойған қандай да бір мақсатқа жету үшін
қаншалықты құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты.
Тренингтің негізгі қағидалары. Тренингтің оқыту дәстүрлердің түрлерінен
негізгі ерекшелігі – психолог маңызы зор қағидаларды қолдану керек.
Әдебиеттерді оқу, лекция, семинар, сияқты оқытудың дәстүрлі әдістерінен
мұндай сабақтардың сапалық ерекшелігі тренингті өткізу кезінде олардың
бірте-бірте жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
Көптеген авторлар тренинг топ пен тұлғаға деген психологиялық ықпалдың
жалғыз бағыты емес деп ойлайды. Сонымен қатар, Л.С. Выготскийдің жалпы
психологиялық теориясының базасы негізінде, А.Р.Лурия, Н.Н.Леонтьев және
олардың ізбасарлары психологиялық білім берудің базалық детерминанты
ретінде топтың дамуына бұрын да болған дәстүрлі психологиялық тәсілдердің
негізінде әлеуметтік маңызды пәндік қызмет пайда болады. Топтың дамуына
қолданылатын бұл қағидаларды өзінің топтық белсенділіктің стартометриялық
тұжырымдамасында А.В.Петорвский ұсынған болатын. Өзара әлеуметтік маңызды
пәндік қызметтің басты мақсаты әлеуметтік-психологиялық қайта құрумен
жүзеге асырылады, ал топтық дамуға ықпал сыртқы тәжірибелік іс-әрекеттің
өзгеруінің арқасында іске асады.
Топтың дамуына психологтиялық ықпалдың түрі ретінде тренингтің
ерекшелігі – топтағы қарым-қатынас үрдісінің сапалық өзгеруі, топтық
қалыптасу нәтижесі болатын механизм алғы шарттардың бірі болып табылады.
А.И.Донцовтың пікірі бойынша, топтың дамуындағы болатын қарым-қатынастың
мұндай түйінді маңызды болуы екі себептің арқасында, олар: қарым-қатынас
өзара бірлескен пәндік қызметтің дамуы және жүзеге асырудың ішкі қажетті
шарты арқасында дамыған топтар пайда болады, ал қарым-қатынас үрдісі
маңызды алғы шарттардың бірі, сонымен қатар, тұтастай психологиялық білім
беру ретінде топтың өмір сүруі мен да-
муы түрлерінің тәсілдері болып табылады .
Л.А.Петровская психологиялық білім беруді ...туынды және қосымша
қасиеттердің пайда болуы, нәтижесінде өздеріне деген қосымша деңгейдің
өтпелі көпсатылы күрделі жүйесі арқылы олардың іс-әрекеттерін белсендіру
саласына және өз жеке бастарына ықпал етеді деп түсіндіреді. Оның пікірі
бойынша, мұндай психологиялық ықпалды олар көрсетілген нақты тәжірибеде
қарқынды таратылуы қызметтік іс-әрекеттің қосымша деңгейіне сәйкес әдістер
пәндік қызметтің жүзеге асу жолына қарағанда, әлдеқайда маңызды бақыланады.
Соңғы жағдайда психологиялық өзгарістер өз табиғатына сай психологиялық
емес факторлардың нәтижесі ретінде пайда болады. Оның көз-қарасы бойынша,
базасы субъективті қағидалар болатын терең өнімді қарым-қатынас тренингттің
жұмысы өтетін негізгі ортаны құрайды, сонымен қатар, бұл топтың өз
қатысушыларына деген ықпалдың негізгі тәсілі және лайықты жаңа білімдер,
іскерлік пен көрсетілген қарым-қатынас түрінің саласында тәжірибе түрінде
мұндай ықпалдың негізгі нәтижесі болып табылады. Басқа да өте маңызды
жағдай, бұл тренинг қатысушысының белсенді ұстанымы – қарым-қатынастың
көрсетілген сипатынан туындайды. Бұл тұлғаның түрлі өзіндік өзгеруі, оның
дамуы тек өзара қызметтің арқасында болуы мүмкін – ...мұндай іс-әрекет,
адам сырттан айтылған міндет пен қызметті енжар орындаушысы емес,
керісінше, белсенді субъектісі болады (Н.М.Коряк, В.И.Шаляпин). Бұл
қағиданы пайдалану тренингте топтың қатысушыларына психологтың тікелей
ықпалы арқылы емес, қарым-қатынастағы құзыреттің дамуын іске асыруға
мүмкіндік береді, сонымен қатар, өзара коммуникативті іс-әрекетті
ұйымдастыруда өзін-өзі қалыптастыру тәсілдері үшін жағдай жасаумен
байланысты . Осыған орай, тікелей қатысушының белсенді жұмысы нәтижесі
ретінде тиімді треннигке сәйкес болатын түрлі жаңалықтар, сонымен қатар,
түзету - өзара түзетуге, диагностика - өзара диагностикаға айналады.
Тренингтің негізгі ойы, ...топты ерекше көлемді айнаға немесе, дәлірек
айтқанда, осы топтың өміріндегі өзіндік белгілі бір жағдайлар үрдісінде
әрбір қатысушы өзін көре алатын айналар жүйесіне айналдыру. Сондықтан,
айтылған сөздерді персонификациялау және тек тренинг шеңберінде ғана (енді
және осында) оқиғаларды талқылауға шек қоятын маңызды ережелер болады.
Соңғы ерекшеліктің мәні тұлға аралық сөздік түрлерден (Әр адам... немесе
Барлық адамдардың пікірі бойынша, ... сияқты) және дербестікке Менің
ойымша, Мен ойлаймын сияқты қарым-қатынастан бас тарту.
Келесі маңызды жағдайлардың бірі тұлға аралық кері байланыс.
Л.А.Петровскаяның көптеген еңбектерінде жан-жақты қарастырылады, ол кері
байланысты интевсивтендірудің тәсілдерін көрсетіп, оның ақпараттылығы мен
тепе-теңдігінің артуын түсіндіреді. Сындарлы кері байланыстың шарты ретінде
оның бейнелеуіш сипаты, ерекшелігі, қажеттілігі, алынатын және берілетін
қажеттіліктерге релеванттілік, топтың щеңберінде оны жүзеге асыру, нақты
өзгеріске ұшырайтын қасиеттерді қолдану сияқты іс-әрекеттер ұсынылады.
Сонымен қатар, кері байланыс қажетті атмосфераны құру үшін қосымша
тәсілдерді қолдану болып табылады. Осыдан басқа, кері байланыста
видеотренинг деп аталатын әдістер бар.
Тренингте топтың эмоционалды мүмкіндіктерге айналдыру, оған
қатысушылардың эмоционалды саласы жоғарғы деңгейде қызмет етуі: Топпен
жұмыс жасау кезінде қатты қиналу, оның әсерлі көптеген эмоционалды құрауыш
бөліктері
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Тренингті ұйымдастыру принциптері: мақсаттылық принципі;
белсенділік принципі; диалог принципі; мәселелік принципі;
топтық және жекелей жұмыстарды байланыстыру принципі; зерттеу
принциптерін студенттерге түсіндіру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, тұлға аралық қабылдау, интроспекция,
перцепция, тренингтік топ.

2.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
3.Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

Тақырып: Тренингтегі тренер рөлі. 1 сағат
Мақсаты: Тренингтегі тренер рөлі туралы түсінік беру және
тренердің қызметімен таныстыру.
Жоспар:
1.Тренер - белсенді басшы.
2. Тренер – кеңесші.
Психологиялық тренингті өткізудегі маңызды рольді тренердің
тәртібі атқарады, яғни ол оның теоретикалық бағдарының маңызды деңгейімен
анықталады. Тренингтің жетістігін тренердің тұлғасы анықтайды.
Тренер:
• топ қатысушыларына өз іс-әрекеттерінде қандай ережеге негізделетінін,
арқа сүйейтінін ақпараттау;
• жұмыстың басында топтың зейіні неге концентрацияланатынын
түсіндіруге;
• топқа қандай материал беруді, іс-әрекеттің қандай түрлерінде
ойнауды шешуге;
• топтағы қатысушыға қатысты тұлғалық материал қатынасында
конфиденциялдық принципінің маңыздылығын анықтауға;
• қатысушылардың өз проблемасы мен атмосферадағы эмоцияларын ашық
ұстауға жағдай жасауға ;
• қатысушылар өз жетістіктерін талқылап, тренер болса топтың
эффективтілігін бағалауы үшін қосымша кездесулерді жоспарлауға
міндетті:
Тренинг кезінде мынадай қиын ситуациялар туындауы мүмкін:
1. Қатысушы өзін агрессивті көрсетеді. Бұл қатысушыны шеңберден тыс
артына қаратып отырғызу тиімді. Тренер бұл ситуацияны этикалық
және психологиялық міндет ретінде талқылайды.
2. Пассивті қатысушалрдың болуы. Бұл жағдайда әдетте
ұзақ үнсіздік болады. Бұл үнсіздік қысымның төмендеуіне әкеліп соғады.
3. Қатысушылардың өздері жайында айтқысы келмеді.
Бұл жағдайда тренер топтағы мақсаттар мен міндеттерді талқылауд ы стимулдау
қажет.
4. Жеке жеткіншектердің топшаларға бірігуі – топтық жұмыстан
бас тарту формасы. Тренер әр қатысушыны эмоционалды қабылдайды,
топқа нақты талап қояды. Мұнан топтағы өзара қатынастың
қысымы мен нығыздығын үнемі бағалау қажеттігі көрінеді. Лидерс А.Г.
психологический тренинг с подростками.
Тренердің немесе басқарушанаң негізгі қызметтері:
-тренинг тақырыбын таңдау
- бағдарламасын құру;
- қатысушылар тобын анықтау және құру;
- топтағы тәртіп нормаларын анықтау;
- топта сенімділік, белсенділік атмосферасын құру;
Тренер рөлдерін классификациялау:
Белсенді лидер, басшы- адамдардың белсенділігін анықтайды, олардың
әрекеттерін бағыттайды, түсіндіреді, басқарады, талдайды.
Аналитик – қолданылған әдістерге, топтағы адамдардың іс –әрекетіне талдау
жасайды.
Делдал немесе эксперт– топта болып жатқандарға толық жауап бермейді,
көбінесе қажет кезде ғана көмекке келеді.
Кислинг-зонтаг бойынша тренерлік рөлдер классикасы
Мұғалім- құжаттармен жұмыс жасауда және әдістерді таңдауда профессионал,
білімдерін тиімді қолдана алады.
Эксперт – ақпарат, кеңес береді; теория мен техниканы жақсы біледі.
Оқу бойынша серіктес– сұрақтар мен жауаптарға және ортақ оқуға қызығады,
қатысушыға бейімделуге тырысады, топтағы қатынас динамикасына
сезімталдықпен жауап қайтарады.
Спарринг –серіктес– қатал шынайылықпен таныс, қатысушыға рөлдік ойында
серіктес бола отырып, тәжірибеге дайындалуға көмектеседі.
Модератор – топтағы процестерде әдістемелік көмекші, жұмысты құрастырушы;
нейтральды бола отырып, топта позитивті қатынас орнатуға көмектеседі.
Коуч – процестер мен қарым қатынасты басқару сферасында шебер, жеке
қатысушылардың дамуына сәйкес келеді.
Бірге жүруші–қиын жағдайларда табылып, болып жатқандарға құлақ асады,
қызығушылығы ортақ адамдарға сфера құра алады.
Жүргізушінің жұмыс істеу стилі топты басқаруда еркін және
директивті
(бағлдарлы) болады. Еркін басқару формасы пасивті түрде көрінуі мүмкін.
Сыртқы пасивтіліктің болуы қатысушыларда сенімділіктің болмауында
туады, өйткені тренер қатысушыларға мақсатты, жетістікке жету
құралдарын
айтпайды. Тренердің сыртқы пасивтілігі ашық көрінгендіктен кей
кездері
қытысушыларға ызаландыруды тудыру мүмкін. Жүргізуші ешқандай әрекет
етпей тек қана тындайды. Топта ұзақ уақыт пауза болуы мүмкін.
Жүргізуші
бірақ ешкімді сендірмей және ештене түсіндірмеу мүмкін. Ол
қатысушылардың
сұрақтарынан, талаптарынан қашқақтауы мүмкін. Топта қысымдылық пен
белгісіздік пайда болады. Бұл топты басқарудың ең қиын формасы. Мұнда
жүргізушіден жоғары кәсібилікті, эмпатикалық тындаудың жеткілікті
техникасын меңгеруді, әр қатысушыдан шыққан вербалсыз ақпаратты көру
қабілетін, топты қабылдау мен сезіну қабілетін білу және топты жалпы
басқара алуы керек. Әйтпесе қатысушылар тарқап, не үшін келгендігін,
жиналғандарын білмеулері мүмкін. Бірақ берілген форма (техника ретінде)
жақсы нәтижеге жеткізуі де мүмкін. Егер, бұл форма техника түрінде
қолданылатын болса, онда басында мәселе анықталып алынуы тиіс. Бұндай
форманы сонымен қатар кейбір тақырыптық немесе кәсіби топтарға
қолдануға
болады, бұл жерде жүргізуші өзіне басынан бастап кеңесші рөлін алады да
оған
тек қажетті болған кезде ғана назар аударады. Бұл жағдайда топқа
еркіндік
беріліп, олар проблема мен оның шешу жолдарын таңдайды. Басқарудың
басқа
ақырғы формасы- бұл бағдарламалар, онда топты басқаруды қатаң түрде
директивті стиль қолданылады. Бастаушы тренерге шынайы топтық жұмысты
жүргізуі үшін компромисстік форманы қолданған пайдалы. Сабақтын жоспары
мен тренингтің құрылымын ұстану және әр уақытта топтың барысын,
қатысушылардың көңіл-күйін қарау, қажет болса жұмыстың жоспарланған
мазмұнынан ауытқуға, бірақ бастапқы мақсатты ұстану дайын болуы қажет.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:Тренингтегі
тренердің рөліне тоқталу. Тренер рөлдерін жіктеу. Рөлдер ішінде тиімдісін
таңдау.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:тренинг, тренер, басшы, кеңесші, делдал,
талдаушы, коментатор, топ мүшесі.

3. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

Тақырып: Тренерге әдістемелік нұсқаулар. 1 сағат
Мақсаты: Тренерге берілетін әдістемелік нұсқаулармен таныстыру.
Жоспар:
1.Дәріс даярлау.
2.Жекелей және шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру.
3.Тренинг мақсаттарын қою.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренерге
берілетін әдістемелік нұсқаулармен таныстыру жүреді. Жекелей және шағын
топтардағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырылады.Тренинг
мақсаттарын қоюды үйренеді.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:тренинг, тренер, мақсат, пікірталас, дәріс,
қызығушылық.

4. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.

Тақырып: Тренингте топтардың қалыптасуы. 1 сағат
Мақсаты: Тренингте топтардың қалыптасуымен таныстыру және
тренинг топ туралы түсінік беру.
Жоспар:
1.Тренинг топтыњ маќсаттары.
2.Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.
3.Топтыњ бірлігі туралы түсінік. Топтаѓы лидер.
4.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренинг
топтыњ маќсаттары. Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.Топтыњ бірлігі туралы
т‰сінік. Топтаѓы лидер.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік
сұрақтарын жан-жақты ашып көрсету.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:топтыќ динамика,топтыќ динамика т‰сінігініњ
негізгі бес элементі.
Тренинг топтың қалыптасу тарихы
Т – топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен
байланысты. Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық
динамика және әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды. Осы кезеңде
әлеуметтік психологтар алдында көптеген сұрақтар туды. Топтық әдістерімен
басқару медицина, педагогикада кеңінен таралды. Топтық қарым-қатынас
феномені – ғылыми түсініктемесіз болады. Осыны түсіндіру үшін Левин өмірлік
кеңістік- полясы теориясын жасады. Ол мынаны түсіндірді тіршілік етуші
және бірлескен факторлардың жиынтығы – берілген уақыттағы индивидтің мінез-
құлқын көрсетеді. Бұл факторлардың жиынтығы жеке адамды, оның
психологиялық қоршауын қамтиды, бір тұтас психологиялық поля жасай отырып.
1939 жылы Әлеуметтік кеңістікте эксперименттер деген мақаласында Левин
бірінші рет топтық динамика терминін қолданады, кейінен ол жалпы
қолданылатын терминге айналды. Шынын айтқанда Т – топ өз бастауын Левин
басшылық жасаған оның әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан
алады. Т- топтың пайда болған дәл анық айтуға болады. 1945 жылы АҚШ-та
топтық динамиканы оқу орталығы ашылады, онда қоғамдық ғылымдар мамандары,
Левин – топтық динамика тренинг жасаушы – қызмет етті.
1946 жылы топаралық қатынас шеберханасының жұмысын ұйымдастырушылар
оқыту және бір мезгілде топтың динамиканы зерттеу үшін жаңа әдісті
ойластырады. 1947 жылы АҚШ-та Тренингтің ұлттық лабароториясы жасалады, ол
қазірде қызмет етуде. Топпен психологиялық жұмыстың көптеген түрлері Т-
топтарымен бірге іске асады. Оларды әлеуметтік-психологиялық тренинг
түсінігіне біріктіреді.
Т- топ термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға
жатады, олардың мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін,
бірлескен мінез-құлыққа қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен
қатынасты қалыптастыру, синзетивті топтар жекелей даму және т.б. кіреді.
Шейн мен Бейнес (1965) лабароториялық тренингтің мақсаттары мына
аспектілерден тұрады деп, көрсетеді:
1. Психологиялық қорғану барьерлерін төмендету және жекелей дәрежеде
сенімсіздікті жою есебінен өзін-өзі тануын дамыту.
2. Топтық қызмет жасауына кедергі келтіретін немесе жеңілдететін
шарттарды түсіну.
3. Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін топта бірлескен
қатынастың дәрежесіне жету.
4. Ұйымдастырылған топтың, жекелей мәселелерді диагностикалау іскерлігін
игеру. Мысалы, топтағы тартысты жағдайды шешуі немесе топтың бірігуін
нығайту.
Т- топтың әр түрлі бағыттарын олардың жалпы принциптері мен топтық
динамиканың элементтері байланыстырады.
Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді:
1. Топтың мақсаты.
2. Топтың нормасы.
3. Топтың құрылымы және лидер мәселесі.
4. Топтың бірлігі.
5. Топтың даму фазалары.
Г.С.Абрамова өзінің еңбегінде мынадай тұлғалық қасиеттердің даму
әдістерін көрсетеді:
Т-топтар (тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі
топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын. Мұндай топтар енді және
осында қағидасын ұстанып, лабораторияның ерекше оқытылатындары сияқты
назарларын қауіпсіз жерде іс-әрекеттің жаңа түрлерін сынаумен бекітті.
Оқытылатын цикл келесі кезеңдерден құрылады: өзін-өзі таныстыру – кері
байланыс – тәжірибе өткізу. Ашықтық – мұндай топтағы іс-әрекеттің негізгі
аспектісі болып табылады. Т-топтағы адамдар вербалды және вербалсыз түрде
басқа адамдарға өз сезімдерін білдіруге тырысып, оқып үйренеді.
Қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу бойынша өзара жұмыс жасауға
кіргізу үшін жетекшінің маңызы өте зор, содан кейін жетекшіліктен бас тарту
қажет. Кездесу топтары. Т-топтардан айырмашылығы бұл топтарда топтың
динамикасын оқып үйренуге қарғанда, бөлек тұлғаның әлдеқайда тез дамуына
бағытталған. Соынмен қатар, олар тұтас сезімге немесе белгілі бір міндетке
бағытталған топтарға бөлінеді. Кезедесу топтың басты бағыты қарқынды қарым-
қатынасты қалыптастыру, әдетте, нақты тақырыптар пікір-сайыс үшін арнайы
жоспарланбайды, топтағы қатысушылар тудырған өзара түрлі қарым-қатынастар
талқыланады. Жоспарланған жаттығулар мен тәсілдерді жетекші қолданбайды. Ол
тұлғада біртіндеп еркіндік пайда болып, қорғаныш кішірейген кезде,
психологиялық қауіпсіздік климатын туғызу үшін жауап береді.
Гештальт-топтары. Олар психоталдау, экзистенционалдық философия,
гештальт-психология және В.Райхтың теориясы негізінде әзірленді. Кездесу
топтары мен Т-топтарынан айырмашылығы – жетекшінің зор белсенділігінде. Ол
топтық жаттығулардан бастап, ерікті қатысушыға жағымды орынды иеленуді
ұсынады. Ерікті қатысушы енді және осында қағидасын ұстанып және өз
санасының мазмұнына жауап беру қажет.
Жетекші ерікті қатысушының іс-әрекеттерін түсіндірмейді, керісінше,
оның әңгімесіне еріп, өзіндік сезімдерін түсіну талаптарына көмек көрсетіп
жәрдемдеседі. Бұл арқылы жетекші мен ерікті қатысушы қазіргіні сезінуге
жағдай туғызады. Табысқа жету үшін топтың жетекшісі топ мүшелерінің
қажеттіліктеріне сай қазіргі сәттегі гештальт тәжірибелерді шығармашылық
түрде таңдайды. Қазіргіні сезіну ерікті қатысушының не жасап жатқанын,
сонымен қатар осы сәтте нені сезініп жатқанына бағытталған зейіні арқылы
жүзеге асады. Бұл ым-ишара, жүріс-тұрыс, өз дауысының дыбысы, қолданылатын
сөздер, ішкі дененің сезімдері, демалу, ой, қиял және көптеген тағы басқа
іс-әрекеттер болу мүмкін. Ең алдымен қарым-қатынастың түрлі вербалсыз
элементтеріне көңіл аударылады.
Психодрама. Бұл топтық үрдісте адамның ішкі әлемін зерттеуде драмалық
импровизация құралдары қолданылады. Психодрамада ең бастысы - өз қалауы
бойынша рольдық ойындар ойнау. Психодрамада көптеген қолданылатын терминдер
театрмен байланысты болса да, рольдық ойындарға арнайы дайындалу
жаттығулары қолданылмайды, актерлік тек кедергі болады. Нақты психодрамалық
іс-әрекеттердің субъектісі болатын топтың мүшесі өз өмірінен оқиғаларды
бейнелейді (протагонист). Онымен жұмыс жасағанда, протагонисттің
өмірінен басқа да маңызды адамдарды бейнелеу үшін, басқа қатысушылар да
қосылады. Кейбір топтарда мұндай көмектесетін "Мен" маңызы, рольге тез
ену үшін арнайы дайындалған маман-актерлер орындайды. Топтың басқа да
мүшелері сабақтың қорытынды сәтінде болып жатқан жағдайға өз қатынастырн
көрсетеді.
Кездесу топтары мен Т-топтарының психодрама мен гештальт-терапияның
айырмашылығы – ең алдымен қатысушылар болып жатқан жағдайға
жауапкершілікпен кірісіп, белсенділік танытады, ал топ жетекшісінің
белсенділігі маңызды рөл атқармайды. Яғни, топтағы тренинг және топтық
тренинг жайлы сөз қозғауға болады.
Осыдан басқа лайфспринг сияқты топтық жұмыс жасаудың түрін
айтуға болады, оның мақсаты түрлі тапсырмалардың көмегімен жеткілікті
сандық топтағы дербес тиімділікті арттыру, сонымен қатар, В.Эрхардтың ЭСТ-
терапиясы. Ол топтың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінетін, әрбір қатысушыда
бұрын қолданылмаған немесе жай бейтаныс ресурстарды ашуға көмектесетін
семинар түрінде өткізіледі.
Ресейдегі әлеуметтік психологияның құзіретін дамуына бағытталған
психологияның тәжірибелік топтық саласы әлеуметтік-психологиялық тренинг
(ӘПТ) атаққа ие болды. Терминнің авторы – М.Форверг. Мұндай төтенше кең
ұғыммен түрлі әдіс-тәсілдердің сандық мөлшерін бейнелейді. Отандық
психологияда бұл, Г.А.Андрееваның, Н.Н.Богомолованың, А.А.Бодалевтың,
Ю.Н.Емельяновтың, А.С.Золотнякованың, Г.А.Ковалевтың, Л.А.Петровскаяның,
Т.С.Яценконың және т.б. еңбектерінде нақтылай қарастырылған. Әлеуметтік
психологияның топтық психотерапия (Г.Л.Исурина, Б.Д.Карвасарский) және
шетел тілін қарқынды оқыту (Г.Л.Китайгородская) сияқты салаларымен
байланысты психологиялық ықпалдың мұндай түрлері белсенді түрде әзірленуде.
Сонымен қатар, мұндай әдіс жанұялық қатынастарды түзету және
жасөспірімдердің бейімделуі тәжірибесінде табысты орынды иеленді.
Лабораториялық тәжірибеде және нақты элементтерді өзінде біріктірумен
қатар, тұлғалық қасиеттердің даму саласында міндеттердің кең шеңберін
шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік-психологиялық тренинг психологиялық
ықпалдың тиімді тәсілі болып табылады.

3.Кьел Рудестам. Групповая психотерапия.
Тақырып: Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері. 1 сағат
Мақсаты: Тренинг топтыњ жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
Жоспар:
1.Тренинг топтыњ жұмыс істеу принциптері.
аЌарым-ќатынасты диалогтеу принципі;
әүнемі кері байланыс принципі;
бөзіндік диагностика принципі;
вДамудың оптимистік принципі;
гАќыл-ой және сезімдік сфераны үндестіру принципі;
дөз еркімен ќатысу принципі;
еТоп мүшелерінің тұраќтылыѓы принципі;
зБатыру принципі;
жОңашаланѓандық принципі;
иБос кеңістік принципі.

топтың жұмыс істеу принциптері.Ќарым-ќатынасты диалогтеу принципі; үнемі
кері байланыс принципі; өзіндік диагностика принципі; Дамудыњ оптимистік
принципі; Аќыл-ой және сезімдік сфераны үндестіру принципі; және т.б.
принциптермен толығырақ таныстыру жүреді.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: кері байланыс, диагностика, диалог, топтық
жұмыс, осында және қазір.
Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.
1. Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-
қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі,
бір-біріне толық сенімділіктері. Топ мүшелерінің біреуінің немесе
бірнешеуінің басыңқы болуынан қарым-қатынастың сипаты диалогтан
монологқа өтеді деөзінің негізгі сипатын жоғалтады және бұл тренинг
табиғатына керісінше болады.
2. Үнемі кері байланыс принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті
нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды.
Кері байланыстың арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады,
нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны
қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері
байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту)
және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі
туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.
3. Өзіндік диагностика принципі қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей
маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау. Сабақ
мазмұнында адамның өзін-өзі тануына көмектесетін жаттығулар бар. Топ
мүшесінде өзін әр түрлі жағдайда көретіндей мүмкіншілік болуы керек.
4. Дамудың оптимистік принципі жүргізуші диагностика және белгілі бір
психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке
белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар
қолданылады. Жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуын бір белгілі бағытқа
бұрып, жол көрсетіп отыруы керек.
5. Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір
жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай
қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа
итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының
адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды
талдау. Бұндай ақыл-ой әрекетінің негізгі формасы – топтың пікірталас
(сабақтың барлығында қолданылады).
6. Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда,
жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын
өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет.
Қатынасушыдан еркінен тыс жағымды мағынада өзгерулерді талап етуге
болмайды.
7. Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты
болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.
Топтың қалыптасу принципі өте негізгі сұрақ болып табылады. Т-
топтарындағы жұмысқа қатысушылардың жас шектерінің ең ыңғайлысы 16-дан
40-қа дейінгі жас аралығы. Жеткіншек шақты да қосуға болады әлеуметтік-
психологиялық тренинг тобына, егер жүргізушіде олармен үнемі қатынаста
болуына мүмкіншілігі болса, өзіндік бірінші тренинг өткізуді шағын
топтардан бастаған дұрыс (10-12 адам), белгілі бір тәжірибе
жинақтағаннан кейін топ мүшелерінің санын 30-40-қа дейін жеткізуге
болады.
8. Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын
анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі
тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап
ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа.
Аптасына сабақты бір рет өткізу керек. Егер мүмкіншілік болса, мақсатты
қысылған сабақтарды 2-3 күнде, интенсивті тренингті күніне 6-7 сағатта
өткізуге болады. 24 сағатқа созылатын тренинг- морафондар, оны алдын ала
дайындалған қатынасушылармен өткізуге ғана болады.
9. Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап
тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер
жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол
топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек. Тренинг жаттығуларының
көп бөлігі әдейі аудио немесе видео жазылып алуы керек болуы мүмкін, ол
келесі сабақтарда қатынасушылардың өздері үшін қажет материал болады.
Қандай жағдайда болмасын таспаға жазу топ мүшелерінің келісімі арқылы
жүреді.
10. Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп
отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы
керек.

2.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как
форма обучения общению. Прага:1981.
3.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения.
М:1991.
Тақырып: Мектептегі педагогикалық тренинг. 2 сағат
Мақсаты: Мектептегі педагогикалық тренинг туралы түсінік беру.
Жоспар:
1.Мектептегі педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары.
2.Мұғалімдерге психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдері.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Мектептегі
педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары түсіндіру. Мұғалімдерге
психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдерімен таныстыру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: психолог-мұғалім, педагогикалық рефлексия,
ішкі позиция.
Әдебиеттер:
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
2. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.
3. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.
4. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.
Тақырып: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы. 1
сағат
Мақсаты: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымымен таныстыру.
Жоспар:
1.Алғашқы кезең-разминка.
2.Сабақтың негізгі кезеңі.
3.Қорытынды кезең.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Педагогикалық
тренинг бойынша сабақ құрылымындағы кезеңдермен таныстырып, әр кезеңнің
ерекшеліктеріне тоқталу.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:презентация, рефлексия, кәсіби жағдайлар.

2. Самаукина Н.В. Игры которые играют. Дубна 1996.
3. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

4.Кан-Калик В.А. Тренинг профиссионально-педагогического общения. М:1990.
Тақырып: Топты жүргізу психотехникасы. 1 сағат
Мақсаты: Топты жүргізу психотехникасы туралы түсінік
қалыптастыру.
Жоспар:
1.Топты басқару.
2.Топтық сабақ мазмұнын құру.
3.Топты психологиялық белсендендіру.
Ең басты назар аудару керек нарсе - ол тренинг топтың
құрылуына. Бұл топтық құрылудың екі түрі бар : құрама топтық ұйым, яғни
мұнда қатысушы мамандар әртүрлі мекеме, ұйымдардан келгендер немесе бір
ұжымдағы адамдар қатысады, мысалы бір мектепте жұмыс істейтейтіндер. Екі
түрлі топпен де жүргізілген жұмыс тәжірибесі бойынша, екінші топ тренингтің
нәтижесінің тұрақтылығы, келесі бірлескен жұмыстың тиімділігін көтеру,
инновациялық технологияларды енгізу жоспары бойынша тиімді болып келеді.
Егер тренингке бір мекемеден бір адам қатысатын болса, өз потенциалын ғана
жүзеге асыруға тырысады да, онда пайда болған өзгерістер өз мекемесінде
қалыптасқан нормалармен және құндылықтармен сәйкес келмелей, кәсіби өзін-
өзі дамытуы қиынға соғады.
Керісінше, психологиялық тренингке бір мекеменің қызметкерле рінен құрылған
топ қатысса, ол өз ұжымында жаналық енгізудің инициаторы және мекемеде
өзгерістер енгізуге қабілетті қызметкер бола алады. Сондықтан, қалыптасып
қойған кәсіби ұжыммен тренинг жүргізген тиімді. Тренингтік
жұмысты ұйымның әкімшілік қызметкерлерінен, басшылармен, директорлармен
бастаған жөн. Бұл жұмыстың мақсаты басшылардың қызметкерлеріме н
психологиялық жұмыстың жаңа формасын қабылдауына мотивациялар тудыру.
Сабақ өткізілетін орын дыбысты сыртқа шығармайтын және бөтен адам
жұмысқа кездейсоқ кедергі келтірмейтін жерде орналасуы керек. Сабақ 10-12
сағатқа созылуы мүмкін болғандықтан, кабинетте кең, ыңғайлы болуы керек
және желдетіліп отыруы қажет. Қатысушыларға ыңғайлы және жеңіл
орындықтармен қатар, кабинетте үлкен парақтарынмен планшет (жүргізуші оған
фломастермен бірдеңе жазуы немесе сурет салуы мүмкін), видеомагнитофон мен
теледидар болуы керек. Кабинеттегі кеңістік кең болып, қатысушылардың
шеңбері кабинеттің жартысын алып, ал қалған жартысында маттар мен кілем
жайылып жатса ыңғайлы болады (медитация немесе денелік терапия жаттығуларын
жасағанда ыңғайлы).
Жұмыс барысында бір жарым сағат сайын 10 минут үзіліс жасалады.
Екі сағаттық түскі асқа үзіліс болуы да мүмкін.
Тренинг жұмыстарын, топтағы қатысып отырған адамдарың жұмыс орындарында
емес, арнайы даярланған мекемеде өткізгені дұрыс. Тренингті қала сыртындағы
санаторияда, пансионаттарда өткізуге болады. Егер де тренинг 5-6 күнге
созылса қатысушылар онда тек қана өмір сүріп, тамақтанып қана қоймайды,
сонымен қатар дем алып, спортпен айналысады. Марафондық-тренинг уақытында
үйге түнеуге бармаған жөн. Үйге кету – теренингтағы атмосферадан және
контекстан құлау болып табылады. Соның әсерінен топтағы динамика тежелуі
мүмкін. Егер қатысушы құпиялық принципті сақтамай топтпғы болып жатған
нәрселерді үйдегілеріне айтса, топқа зиянын келтіру мүмкін. Тренинг өткізу
барсында сыртқы өмірімен қарым-қатынасын азайтқан жөн ( жұмысына, үй
ішіне қоңырау салудан алшақ болған абзал).
Жұмыс өткізілетін мекеме, ешкім кедергі болмайтын орында орналасуы керек.
Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін, сол себептен жұмыс жүргізілетін орын
кең, ынғайлы, желдетіп тұрулы керек. Қатысушыларға арналған ыңғайлы
креслолар, шеңберде тұрған адамдарға арналған планшеттер, жүргізушінің
айтқан сөздерін жазып алу үшін ақ қағазадр, фломастерлер
видеомагнитофондар қажет. Жұмыс жүргізілетін орын кең болып, бір жағынды
қатысушылар жұмыс жасаса, ал екінші жағында кілем жайылып жатқаны жақсы (ол
медитация, денеге бағытталған терапия жаттығуларын жүргізу үшін өте
ыңғайлы).
Тренингтік бағдарламаның мазмұндық аспектілері.
Әр топ үшін мазмұнды және фромальды өздерінің бағдарламалары құрылады.
Ол бағдарлама мыналарға байланысты : елде болып жатқан жағдайлар,
соңғы кезед болған нақты бір оқиғалар, өмірлік проблеманын мәлімделуі,
ортақ психологиялық мәдениеттің деңгейі т.б. Сонымен қатар тренингтің
тұрақты өзінің құрлымы бар. Тренингтің бағдарламасы өз ара байланысатын үш
тематикалық блогтан тұрады.
Бірінші блок қатысушының өзінің жеке ерекшеліетерін және оптимизациялық
өзіне деген көңіл бөлінуін сезінуіне бағытталған. Ол тренингке
қатысушылардың өзінің ерекшеліктеріне, аландаушылықтарына, ойларына, өзінің
үйреншікті қабілеттеріне, өзі туралы пікіріне зейін қойюға бағытталған
жаттығулардан тұрады.
Осы этапта жүргізуші алдына мынандай мақсат қояды: тренинг кезінде
қатысушылар өздерін айқын айнадан көріп, өз-өздерін бағалап, өз-өздеріне
есеп бере алатындай, сонымен қатар айнадан топтағы қатысушылардың пікірін,
өздерінің жеке қасиеттерін бағалайтындай жағдай туғызу керек. Мында өзінің
ойлауы мен қайғыруының күнделікті рефлекстік вербализациясы мүмкіндік
туғызады. Осы кезеңде неадекватты өзін қабылдаудағы, әдеттегі стереотипі
бұзыла бастайды, бағалау және өзін бағалаудың нығайтылған жүйесі күман
туғызады да, аяқ астынан адамның мені ашылады.
Екінші блок қатысушылармен бірге кәсіби жүйедегі әріптестерімен ,
әкімшілікпен, жанұя мүшелерімен тұлға аралық қатынасқа түсінуде өзін
ұғынуға бағытталған. Тұлғаның психологияллық ерешеліктерінің дамуына,
әлеуметтік және коммуникативттік ерекшеліктеріне, әдеттегі қарым-қатынас
тәсілн түсінуіге, тұлғааралық әрекеттесудегі қателеріне талдау жасауға
басты назар аударады. Топтағы қатысушылар іскер әріптестерімен жұмыста
істейтін ұжым мен, әкімшілікпен іскерлік әрекеттесу және қарым – қатынасқа
түсудегі ережелермен танысады. Бұл мақсатта вербальді емес техникалар,
рөлдік ойнадар қызмет атқарады.
Үшінші блок қатысушылар өздерін кәсіби жүйедегі іс –әрекетін, осы жүйеге
деген оптимимизайиялық көңіл бөлуін қабылдауға бағытталған. Тренинке
қатысушыларға мынандай тапсырмалар беріледі: кино түсірунемесе мылқау
спектакль қою, роман жазу. Мұндай тапсырмаларды орындау – топты
ұйымшылдандыру тәсілі және әрбір адамның шығармашылық қабілетін жүзеге
асыру ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді
талдауға, олардың маскасын шешіп, өзінің шығармашылық Менін ашуға мүмкіндік
беретін диагностикалық тәсіл.
Тренинг кезіндегі ойын процедуралары.
Мамандар ересек адамдармен де іскерлік және рөлдік ойындарда ойнайды.
Іскерлік ойындар көп жағдайда ұйымдар мен мекемелерде ұйымдастырушылық
міндеттерді шешуде, сондай-ақ, инженер кадрларды және
басқарушы қызметкерлерді дайындауда қолданылады. Іскерлік
ойындар өндірістік, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мәселелік, оқулық және
кешендік болып бөлінеді. Психологиялық тренингтерде іскерлік
ойындар қысқартылған түрде қолданылады. Себебі, жүргізуші көбіне
терапевтік процедураларға көңіл аударады.
Рөлдік ойындар Дж. Мид, Дж. Морено және Р. Линтонның ашқан рөлдік
теорияларына орай базаланған. Қазір олар психотерапияның көптеген
бағыттарында қолданылады.
Ойындар тренингте психокоррекциялық мақсаттарда қолданылады. Ескерте
кетсек, психологиялық дамуды коррекциялау терминінің
өзі психотерапевтік іс-әрекеттің негізгі формасы ретінде ең алғаш
дефектологияда ауытқулы даму нұсқаларында қолданылған. Ол бала дамуындағы
ауытқулар мен жетіспеушіліктерді түзету дегенді білдірді. Кейіннен
коррекция түсінігін қалыпты психикалық даму аймағында да кеңінен
қолданыла бастады. Психокоррекция деп диагностика шегінен шыққан
психологтың кез келген практикалық белсенділігін атайтын болды.
Психологиялық ойындардың мақсаты адамға өзіндік Менін, өзіндік құндылық
сезімін нақтыландыруға, өзімен жұмыс жүргізуге сынақ уақытын ұсыну.
Тренинг жүргізушісі тренингтегі кез келген қатысушының бірегей, өзінше
құнды, өзіндік дамудың ішкі көздеріне ие деген жорамалда болуы керек.
Тренингтік жұмыс шешуге болатын, спецификалық мәселелер аймағын анықтайды.
Оларға мыналар жатады:
- Адекватты өзіндік бағалау, мен-образының жалпылығының бұзылуы;
- Өзіне жағымсыз қатынас және соған орай мазасыздық;
- Өзіндік реттеудің төмен деңгейі, өзіне қанағаттанбау, өз күшіне
сенімсіздік;
Тренингтегі психологиялық ойындар қатысушы топтарға басқа жағдайларда қолы
жетпейтін мүмкіндіктерді ашады: ол интеллектуалдық ресурстарын, танымдық
шектерін кеңейтіп, өз күшіне деген сенімін нығайтады, шығармашылық
қабілеттерін дамытады, қарым-қатынасқа талантын ашады, тәжірибелік мінез-
құлықтың этикалық және адамгершілік негіздерін қалайды. Тренингте маңызды
рөлді қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен шығармашылық бастауларын
ашатын ойын процесі алады.
Салттар және психиканың санадан тыс механизмі.
Салт – бұл өз кезегінде бір заттар немесе әрекеттер екіншісін
алмастырады, яғни басқаларының мағынасына түсетін мінез-құлықтық метафора.
Белгі – басқа зат, оқиға, іс-әрекеттің өкілі ретінде сезіммен қабылданатын
зат, оқиға немесе іс-әрекет.
Архетип ( Юнг бойынша) – ежелден пайда болған және адамдарда санасыздық
ортасында болатын қарапайым, фундаментальдық образ.
Ұзақ уақыт жұмыс істейтін топтарда салт қарапайым түрде пайда болады және
топтық үрдістің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасады.
Сәлемдесу. Егер бұл салтты топ өзі қалыптастырса тиімді болады. Оның
нұсқалары әр түрлі. Мысалы, қатысушылар сабақтың алғашқы минутында
серіктестерімен кезекпен қарсы келетін бағытта бөлмені аралап жүреді,
кезекпен тырнақтарымен, тізелерін тигізіп және бір біріне үнсіз
күлімсірейді. Вербальды емес сәлемдесудің нұсқалары – иықтарымен,
тізелерін бір бірлеріне тигізу әрбірі - әрбірімен принципі
бойынша жүреді. Вербальды құралдарды да қолдану туралы келісуге болады.
Мысалы, қатысушылар бір бірлеріне міндетті түрде бірнеше жылы сөздер
айтулары керек және ол сөздер әрбір кездескен сайын қайталанбауы керек.
Бірінші күні – сыртқы келбеттеріне мадақтау айту, екінші күні – ең
басты жетістігін айту, үшінші күні – сабақ барысындағы қандай да
бір нақты әрекетіне мақтау айту, соңғы күні – мен сенен не
үйрендім? деген сұраққа жауап айту. Жалпы сәлемдесу әдістері де
қолданады: шеңбер бойында тұрып, қатысушылар жалғанып тұрған қолдарын
жоғары қарай көтереді.
Қоштасу. Топтық жұмыстың аяқталу салтын ғана емес, сонымен қоса әрбір
сабақтың біткендігін білдіреді. Қатысушылар шеңбер бойында қолдарын
серіктестерінің иығына қойып, бір минуттай көздерін жұмып тұрады.
Осы уақытта ол өзінің позитивті эмоциялары мен жағымды тілектерін
іштей айтып тұрады. Көбіне бұл процедура жеңілдік сезімін тудырады.
Сабақтың дәстүрлі сызбасы. Ол да қатысушыларға өзінің қайталанушылық
күшіне ықпал ететін салтқа жатады. Сызба әр түрлі бола береді. Мысалы,
мынадай сызбаға сүйенуге болады.
1. Сәлемдесу.
2. Өзін қалай сезінетіндігі туралы сауалнама (қатысушылар лезде осында
және қазір атмосферасына еніп, өзінің эмоционалдық және физикалық
жағдайын, өзінің ойлары мен күтулерін айтып, кейде көрген түстері туралы
айтады).
3. Сабақтың жүргізушісіне тақырып ұсыну (кейде ол өткен қадамдар
уақытындағы қатысушылар айтқан сұраулардың нәтижесінде туындауы мүмкін).
4. Жүргізушінің астарлы әңгімесі.
5. Разминкалық жаттығулар.
6. Негізгі бөлім ( пассивті сипаттағы жаттығулар қозғалмалы ойындармен
жалғасады және көп жағдайда рефлексия мен талдаулармен аяқталады).
7. Сабақты қорытындылау ( қатысушылардың өздерінің актуальды жағдайлары
туралы, жасалған жұмыстар туралы ойларын және жүргізушіге ұсыныстарын
айтады).
8. Жүргізушіге түйіндеме ойту (қажеттілігі бойынша).
9. Қоштасу.
Қол шапалақтау. Егер топта қандай да бір нәтижелі орындалған жаттығудан
кейін, өз ойын ашық, толық, нәтижелі айтқан адамнана кейін қол соғу
жалғасатын болса, онда оны да салттар қатарына жатқызуға болады.
Медитативтті техникалар. Тренинг топтарындағы әртүрлі бағыттағы
қолданылатын медитативті техниканың бәрі медитация болып табылмайды.
Медитацияның бастапқы түсінігі – бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға
мүмкіндік беретін және осыған орай өз ойларының мазмұнына жауапкершілік
алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі. Шри Бхагаван
Раджнеш өзінің Оранжевая книга атты кітабында былай деп жазады:
Медитация – бұл іс-ірекет емес, бұл еркінен тыс жағдай. Бұл босаңсу...
Медитацияда ешқандай логикалық операциялар мен қорытындылар
талап етілмейді, сіз ерекше ештеңе де істемейсіз – сіз тек қана барсыз...
Шөпті жерден тартқылап қажеті жоқ – көктем келген соң, шөп өзі-ақ өсіп
шығады. Медитация – бұл өмірді бақыламай, өз тәртіптеріңізді орнатпай,
өмірдің өз қарапайым жолымен жүруіне мүмкіндік беруіңіз. Игерусіз
қарапайым жағдай дегеніміз, осы медитация.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Топты
басқару.Топтық сабақ мазмұнын құру.Топты психологиялық белсендендіру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: топ басқарушысы, топтық жұмыс, психологиялық
белсенділік, үзіліс.

Тақырып: Тренингіндегі пікірталас. 2 сағат
Мақсаты: Топтыќ пікірталас түсінік беру және пікірталас түрлерімен
таныстыру.
Жоспар:
1.Топтыќ пікірталас түсінігі және классификациясы.
2.Пікірталас түрлеріне мінездеме.
3.К.Роджерстіњ кездесу топтары.
Топтық пікірталас бағытының негізгі үш типін бөліп
көрсетуге болады:
1. Кәсіби - тұлғалық бағыт. Бұл пікір-талас типінде топ тұлғаның
қиындықтары жөнінде немесе бір қатысушының кәсіби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz