Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті

Факультет: Тарих педагогика
Кафедра: Жалпы психология

СӨЖ

Тақырыбы: Психологиялық түзету және дамыту жұмыстары.

Тобы: СПП-915
Қабылдаған:
Байкенже Нұргүл
Орындаған:
Таурбаева Құралай

2014 жыл
Тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
(Психокоррекционно-развивающая работа)

Мақсаты:
белгілі жастағы баланың психологиялық қасиеттерін коррекциялау, дамыту және
жетілдіру, қабілетті толық ашуға психологиялық көмек көрсету.

Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық
қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман
жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан
шығу жолын бірге іздеп табу.
Психокоррецияның мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне
отырып, үлкендермен серіктесе жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
1. әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2. балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту.
3. жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуының қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-
құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас
ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында
құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері:
1. Психокоррекцияға нанамнез (ақпарат) жинақтау;
А) әңгімелесу
Б) психодиагностика
2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін
ескерту)
3. Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою.
4. Психокоррекцияның іс-шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескерту)

5. Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асыру.
6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау.
7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.

Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын
құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір
дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны
одан әрі дамта білу қажет.
Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық
зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың
қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік
береді.

Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:
1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.
2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес
тұжырымдар жасау
3. Жақсы есте сақтау.
4. Сөздік қоры үлкен.
5. Дайын шешімді қабылдамау.

Дарынды балаларда төмендегі қабілеттерді дамыту қажет:
1. Танымдық қабілеттері:
- үлкен көлемді ақпаратқа ие болу;
- үлкен сөз қоры;
- себеп-салдық байланыстарды табу;
- қорытынды жасай алу;
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу;
- күрделі идеяларды қолға алу;
- қарама-қайшылықты түсіне білу;
- жағдайларды талдау;
- талқылай алу;
- процестердің өзін және нәтижесін бағалай алу;
- идеяларды практикада қолдану;
- өз ойын сынай алу;
- бәрін білгісі келушілік.
2. Шығармашылық қабілеттіктері:
- тәуекелдікке бару;
- ойлау мен іс-әрекеттің жылдамдығы;
- тез ойлау;
- жаңа нәрсе ойлап таба алу;
- бай фантазия;
- күрделі заттарды қабылдай алу;
- эстетикалық құндылықтар;
- дамыған интуиция.
3. Эмоционалды ерекшеліктері:
- басқаларды сыйлау;
- басқа адамдардың ерекшеліктерін сыйлау;
- өзін-өзі талдай алу;
- сынға шыдау;
- тапсырмаларды орындауда алған бетінен қайтпастығы;
- ойлау мен іс-әрекеттерінде еркіндігі;
- әзілкештік;
- мораль проблемаларын талдай алу;
- өз күші мен қабілетіне сенімі;
- ішкі сезім.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге кеңес:
1. Баланың бейімдік жақтарына қарай сабақ жоспарын құру.
2. Ең күрделі сұрақтарға берілетін кеңестердің тақырыбын анықтау.
3. Баланы тексеру формасын таңдау (тест, сұрақтар, т.б.)
4. Балаға берілетін мәліметтер:
1. Тақырып аты.
2. негізгі сұрақтар
3. термин сөздер
4. әдебиеттер тізімі
5. бақылау түрі
6. өзін-өзі тексеруге тапсырмалар
5. Нәтижелерді талдау үшін кесте құру керек.
1. пән
2. кеңестің уақыты мен күні
3. негізгі қаралатын мәселелер
4. бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар
5. іс жүзінде кеткен уақыт
6. бағдарламаға кірмеген қосымша сұрақтар
7. анықталмаған сұрақтар
8. уақыттан ауытқу себептері.

Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар:
Танымдық процестерді түзету және дамыту тренингі:
(орта және жоғары буын оқушыларына арналған)
1.20 сөзді есіңде сақта
1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді еске сақтау ұсынылады. Сөздерді
бірақ рет оқу керек:

1. сүлгі
2. қоян
3. теледидар
4. шам
5. жүзім
6. шелки
7. тесік
8. шемішке
9. дәрі
10. көңіл-күй
11. фантик
12. парта
13. ұя
14. жылан
15. қияр
16. күн
17. түбір
18. сағат
19. қалып
20. шелек

Сөздерді естеріңізге түсіріп жазыңыздар, сөз ретін шатастырмауға
тырысыңыздар.
Жауабыңызды тізіммен салыстырып. Тексеріңіз. Егер сөз жоқ болса немесе өз
орнында тұрмаса – қате деп біліңіз. Қателерді санаңыз. Неше ұпай
жинағаныңызды қараңыз.
Қате жоқ – 10 ұпай
1-2 қате жоқ – 9 ұпай
3-4 қате жоқ – 8 ұпай
5-6 - 7 ұпай
7-8 - 6 ұпай
9-10 5 ұпай
11-12 4 ұпай
13-14 3 ұпай
15-17 2 ұпай
18-20 1 ұпай

2.Сөйлемді аяқта ойыны.
Мақсаты: Балада ойлауды дамыту.
Нұсқау: Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты
лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап,
допты жүргізушіге кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса,
ойыннан шығады. Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант ... ... ...
Шөп жасыл, ал аспан ... ... ...
Адамда екі аяқ, ал итте ... ... ... ..
Сен ауызбен тамақтанасың, ал құлақпен ... ... ... .
Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Америкада ... ... ... ...
Ағашты аралайды, ал шегені ... ... ... ...
Балерина билейді, ал пианист ... ... ... ... .
Ит үреді, ал мысық ... ... ... ...
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ... ... ... ... .
Кеме жүзеді, ал машина ... ... ... ... ... ...
Жүннен тоқиды, ал матадан ... ... ... ...
Шиені жейді, ал шәйді ... ... ... ... .
Түнде қараңғы, ал күндіз ... ... ... ... ..
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ... ... ... ...

3.жаттығу Шын мен өтірік
Мақсаты: Ойдың өзгешелігін, қиялды дамыту.
Жүргізуші: Ал енді келесі жаттығуымызға көшсек те болады, бір-бірлеріңізді
танып-біліп алдыңыздар.
Қазір барлығымыз екі сөйлем айтамыз, біреуі шын, біреуі өтірік. Содан соң
әр қайсысыларымыз бірінен кейін біріңіз дайындаған сөйлемдеріңізді
айтасыздар. Тыңдап отырған қатысушылар осы бір сөйлейлемнің қайсысы өтірік,
қайсысы шын екенін айту керек.
Сөйлеп отырған қатысушының көзіне, сөйлеу барысына мұқият қараңыздар.
Мысалы: бірінші сөйлем: Мен психолог Тамара Абзиқызын бұрынан танимын, ал
екінші Тамара Абиқызы ел ордасы Астанадан келді.
Талдау: Қай сөйлемді ойлау оңай болды?
Шын немесе өтірік екенін анықтаңыздар. Не нәрсеге назар аудардыңыздар?
Қандай байқаулар жасалынды? Кім тапты? Кім таппады? Неге?

4 жаттығу. Тақпақ
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.
Ақын болмауың мүмкін, ал байқап көруге міндеттісің
Тақпақ құру.
Төмендегі жолдарды жалғастыру қажет:
Қызықты, өзгеше, әзілмен де жалғастыруға болады.
1. Келді міне, наурыз
2. Келе жатып жолда мен
3. Тышқан күннен сұрапты
Орындау уақыты 5 минут.
Талдау. Өлең жолдарын құрастыру жеңіл болды ма? Қиындығы неде болды?

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі
күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе
бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру
мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда
тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму
процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін
орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына
ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс,
олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз
күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе сөзге керісу, қажетсіз сөзге
араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі
мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:
– жеке тұлғаны дамыту;
– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін
көтеру;
–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау
мүмкіндіктерін дамыту;
– өзін-өзі және басқаларды толық тану;
– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға
әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін
тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының
өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.
Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік.
Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді
өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды.
Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы
сөз алдында, тренинг ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену,
білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.
Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау
үрдісі.
Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең
мағынада шешуде білім және  құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.
Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту
және икемдіктерінің өсуі.
Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек
даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол
үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және
түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі
болуына  жаттықтырушыға  бірнеше талаптар қойылады:
-        қоршаған жағдай туралы мағлұмат;
-        қатысушылар саны қаншалықты үлкен;
-        бөлме көлемі қандай;
-        бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға  түгелдей естіледі ме;
-        жаттығудың негізгі құрылымы қандай;
-        қандай оқу құралдары қолданылмайды;
-        жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;
-        плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;
-        орындықтар қалай орналасқан;
-        бөлмеде сағат бөлу қажет пе;
Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін
жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:
-        білімдерді толық меңгеру;
-        жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-
қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;
-        табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;
-        өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік
мүмкіндіктерін дамыту.
Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын
және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда
төменгі аспектілері жүзеге асырылды:
- Мен қандаймын?
- Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?
- Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?
Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз.
Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың
дәстүрлі түрлері:
- Сәлем беру рәсімі;
- Жаттығу тапсырмалары;
- Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;
- Тапсырманың негізгі құрылымы
- Өткен сабақтың рефлекциясы
- Қоштасу рәсімі
Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг
ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.
Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі
бөлімдер ерекшеленеді:
Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс
түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың
алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде
тануын қалыптастыру.
Танымдық үрдісі бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау
процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар
арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің
қалыптасуына ықпал ету  түрлерін анықтауға көмектеседі.
Назар аудару бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені
бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға
бағыттайтын түрді игеру.
Нейропсихологиялық ерекшеліктер бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз
байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.
Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық
даярлық,  қоғамдық,  педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру
психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны
ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға
енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс  ұйымдастырылған
топтық жұмыстарға байланысты.
Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік
және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді.
Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де
ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі,
іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б.
Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі
шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік
реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг
принципіне жататындар:
1. Белсенділік принципі.
2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.
3. Мінез құлық обьективтілік принципі.
4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.
5. Шындық принципі.
6. Қазір, осы жерде принципі.
Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар
көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да
соңына дейін ойнап шығады — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік –
психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына
дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы
туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті
қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік –
психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады,
өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді,
топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық
аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін,
уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы
жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және
жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық
қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның
қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді.
Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші
құралы екендігіне толық сенімдеміз.
Әлеуметтік  психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана
емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында
қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу
процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков
Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг еңбегінде, дұрыс
ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының
шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін
атап  көрсеткен.
Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді
қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб.
жағдайлары  кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да
байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде Танысу тренингін
жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу
болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға
жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу  мен кездесу адамды түсінуге үлкен
маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі
арқылы да есте сақтауға болады..
Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы
ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол
сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз
компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан
бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа
интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және
т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан
шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын
қайталауға болмайды.
 Комплимент ойыны.
Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия
деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту.
Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы
жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады.
Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей
жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.
Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен
тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте Тренинг саған не берді?
деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін
арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей
ықпал етеді.
Іскерлік ойын Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі.
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін
атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі
құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы
жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу
мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды
сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.
Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін Жағымсыз
эмоциялық күйді шығару арт терапиялық тапсырма орындалды.
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А14 қағаз беріледі. Олар А14
қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне
жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды
жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды Өмірді ашық, жарық,
көңілді  жағдайлар өте көп. Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай
өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.
Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:
-  Суретте ненің бейнесі салынған?
-  Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?
-  Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.
ойын Әрекет.
Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап
қайтарулары тиіс:
–            Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға
болады ... ..
–            Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу
қарап тұрса ше?
–            Полмен патолокты аударыңыз ... ..
–             Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз ... ..
–             Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз ... ..
Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма
немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен
бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар
беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде
қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл –
күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға
болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің
құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында
тану дәрежесіне жетеді.
Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім,
ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-
қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы
ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт,
бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер
жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол
жеткізуге болады.
     

Қолданылған әдебиеттер:
1.     Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.
2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.
3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000
г.
4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті
ұйымдастыру. – А.-2002 ж.
5.     Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- эксимо-
пресс, 2001 г.
6.     Сидоренко Е.В. Мотивационный тренинг – Р; 2000 г.
7. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. –Алматы., 1986 г.
8. Парыгина Б.Д.  Практикум по социально-психологическому тренингу- Санк-
Петербург., 2000 г.

Түзете-д

амыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыру жолдары

Жарияланды 4-03-2013, 22:54 Категориясы: Ұстаздарға 
Баяндама
Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары.

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
дамытады
ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес. (В. А. Сухомлинский)

Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ
мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының
дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi,
елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: Бiлiм беру жүйесiнiң басты
мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке
адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк
пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының
дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту деп атап көрсеткен.
Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға
бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан
жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы
психикалық дамуы тежелген ПДТ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми
түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б
дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен,
психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес
келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни,
зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы
себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу
үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз
жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi
байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай
алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен
жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз
болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз
күшiне деген сенiмсiздiгi.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға
қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы
орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім
беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің
ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік
себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі,
соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде
қиындық келтіретін балалар оқиды.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете -
дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі
міндеттер:
1. дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және
дамыту жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті
қажетті деңгейге дейін дамыту;
2. Балалардың ой - өрісін дамыту;
3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
4. Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан - жақты бақылау;
6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру
7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - түзету процесiнде әдiстемелiк
нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс
түрлеріне көңіл бөлу керек:
- Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр
баламен жеке жұмыс жүргізу;
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен
тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің
түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін
дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін
қолдану;
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын
жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер
кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр
уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр
баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып,
сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз
байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз
нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін
басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға
сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді
тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар
атқарылады.

Қазіргі кездегі ТДО сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген
жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы
тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай -
ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді
әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден -
бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп,
балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін
қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тәрбие
беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып
оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына
арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту
ойындарды жатқызуға болады.

Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл -
күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым - қатынасын өзгерту, пәнге
қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл
байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге
құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деуге болады. Баланың қиялы ойын
арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты
ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.

Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын
нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін,
эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын
жұмыстар жүргізген жөн.
Психологиялық ойын - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай -
күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін,
әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен
қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас
жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi
меңгеруiне кедергi болады. Сондықтан, баланы оқуға қызықтыру және дамыту
мақсатында танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында,
ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық
орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

Психологиялық ойындар:
Менің көңіл - күйім жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне
кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. Мен
саған сенемін... өйткені сен жақсы адамсың.

Сиқырлы сөздер ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы
керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. Айнаш, өтінемін дәптерді берші
Дамыту ойындары – баланың танымдық және ерік - эмоциялар сферасын дамытуға
бағытталған іс - әрекет.
Дамыту ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта - ьқыласын есепке ала
отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту
ойындарға қойылатын бipiншi талап - оқушының танымдық әрекетін,
қызығушылығын дамыту.

Танымдық ойындардың да түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек,
кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг,
тест, т. б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі.
Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда
танымдық ойындардың алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын,
дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Саусақ ойыны - ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні
бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды т.
б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық
етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының
нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының
ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді
қалайды.
Ұлттық ойындар – ата - бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен
бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат
баласына ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала
береді.

Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты
немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар
барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу
процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі
қимылдарды орындауға үйренеді. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын
әрекетінің ең негізгі түрінің бірі - дидактикалық ойындар.

Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап
айтқанда, түзете - дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі
пайданылады.Қай әріпті жоғалттым, Қай буынды жоғалттым, Бос торкөзді
толтыр, Қызықты торкөз, Сөйлем қуаласпақ, Тыныс белгісін тап, Екі -
екіден жұпта, Кім тапқыр, Сөз ойла - тез ойла, Ойлан, тап, Кім
шапшаң?, Қай дыбыстан басталады, Қағып алып, жауабын айт, Сиқырлы
сандық.
Сюжеттік - рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез - құлық
немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын - ала бөлінген рөлдер
арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3 - 5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар
карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т. б.) тапсырма алады,
рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді).
Оқытушы балалардың мінез - құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарында сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор.
Олар - оқушылардың шаршамауына, демалуына әсер етеді.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оларды жалықтырмай
әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.
Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды
пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп
отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен
психологиялық қасиеттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз
жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.

Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны

Халыққа білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның
жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық
жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын
қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.

2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың
психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекше-ліктерін қамтамасыз ету
маңыздылығымен анықталады.

3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы
ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.

Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Психопрофилактикалық жұмыс

Бұл бағыттың міндеттері педагогтар мен балалардың психологиялық білімге
деген мұқтаждықтарын дамыту қажеттілігімен анықталады, оларды баламен
жұмыстанған кезде немесе өзінің жеке дамуына ерекше мән бергенде қолдануға
болады, әр жас ерекшелік кезеңінде баланың толық психикалық жетілуі үшін
жағдай жасалуы керек, жеке тұлғаның және интеллектінің қалыптасу кезінде
болатын өзгерістерді уақтылы ескертуі керек.

Психопрофилактикалық жұмыс баланың, жасөспірімнің жеке ерекшеліктерінің
дамуына әсер ететін педагогикалық ұжым мүшелерімен, ата-аналармен және
басқа да ересек адамдармен жүргізіліп тұруы керек.

Психопрофилактикалық бағыт бойынша психологиялық қызметтің қызметкерлері
келесі нақты шараларды жүзеге асырады:

1.Балалардың балабақшаға үйренуі бойынша жұмыстар жүргізіледі; үйрену
кезеңінде балаға көмектесу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес
беріледі.

2.Баланы ересектер тобынан мектепте оқуға әзірлеу жоспары бойынша даярлық
тобына (5 жасында) ауыстырған кезде балаларға зерттеу жұмыстары
жүргізіледі; ата-аналар мен тәрбиешілерге алдағы жылда баланың құрбыларынан
қалып қоюын болдырмау мақсатында және мектепке әзірліктегі қателіктерді жою
мақсатында балаларға тапсырма беру әдістері ұсынылады.

3.Балаларды бірінші класқа қабылдауға қатысады, алдын-ала балалардың
психикасындағы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау және оларды түзету
мақсатында зерттейді, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтайды;
мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен
жүргізілетін тапсырмалар әдістерін ұсынады; мұғалімдермен бірге баланың
мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-
жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге
балалардың жеке жұмыстар бағдарламасы белгіленеді.

4. Балалар бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкенде және негізгі
мектептен жалпы білім беретін орта мектепке және кәсіптік мектепке көшкенде
психологиялық зерттеулер жүргізіледі, ол психологиялық зерттеулер арқылы
оқушының жаңа кезеңде оқуға даярлығын ескере отырып, балалармен жеке жұмыс
бағдарламасын мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп
белгілейді.

5. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық
психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты
жұмыстар жүргізіледі.

6. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық
өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу және мінез-құлық
ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум
ұйымдастырылады.

7.Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал
құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:

-педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек – ересек);

-педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін
тигізеді (ересек – бала);

-кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу ұжымдарында
педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге кеңестер береді.

8. Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты түсіріп және
оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби қызметінің қарым-
қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін тигізеді.

9. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының өзекті
мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген және өткізілген
шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау жүргізеді.

Психодиагностикалық жұмыс

Бұл бағыт мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың барлық кезеңі
бойынша баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, жеке
ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтайтын
психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Диагностикалық жұмыс жеке
баламен және балалар тобымен жүргізіледі.

Психодиагностикалық бағыт бойынша психологиялық қызмет қыз-меткерлері
келесі нақты міндеттерді шешеді:

1.Баланың психикалық даму барысын, оның жас ерекшелік нормативтеріне сәйкес
келуін анықтау мақсатында баламен қажет болған жағдайда психологиялық
зерттеулер жүргізіледі.

2.Тәрбие жұмысының барысында кәсіби және жеке өз-өзін анықтауда көмек
ретінде, жеке ықпал етуді қамтамасыз ету мақсатында балалардың ерекшелігін,
олардың қызығушылығын, қабілеттерін, бейімділіктерін зерттеу жұмыстары
жүргізіледі;

3.Балалардың үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас диагностикасын
жүргізеді және қарым-қатынастың бұзылуының психологиялық себептерін
анықтайды.

4.Саласы сәйкес келетін мамандармен бірігіп, психикалық дамудағы әртүрлі
ауытқулардың саралау (дифференциалдық) диагностикасын жүзеге асырады:

а)көбінесе медициналық және дефектологиялық жаратылысы бар бұзылуларды
анықтау бағытында; ә) айқын көрініп тұрған әлеуметтік дөрекі мінез-құлық
(қаңғыбастық, ұрлық, алкоголь мен токсикомания, наркомания, жыныстық бұзылу
же т.б.) себептерін және түрлерін анықтау мақсатында жұмыстанады.

Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне
психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас
ерекшелік нормативтерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін, балаларды жеке
оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық
ұжымға көмек беретін психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Бұл
бағытта балалардың мінез-құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен
бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психодиагностика барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты
өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша
жетілдіру және психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен
жоспарлары құрылады.

1.Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, пси-хикалық
дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған
бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырады.

2.Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында
түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.

3.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарының бағ-дарламасына
психологиялық және педагогикалық бөлімдер кірістіріледі. Психолог
психологиялық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педа-гогикалық бөлімді
мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны
психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек
формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды
кірістіруге болады.

4.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша
өткізуге болады:

-жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;

-балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;

-тәрбиелік іс-шаралар бағытында;

-баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада
өткізуге болады.

Ауытқулар мен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе пси-хологиялық
аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана психологиялық-
педагогикалық түзету жұмыстары жүзеге асады және саралау (дифференциальдық)
диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік-тәрбиелік сипаттағы
қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе
патопсихологиялық, дефектологиялық жақтары немесе ашық заң бұзу ерекшелігі
байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен
жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы маман-
дармен тартылады.

Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты
міндеттерді шешеді:

1.Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-
аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс
істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен
және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б.
мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік
бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып,
дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық
өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.

4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие
мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.)
анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында,
халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың
психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша
шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

5.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар
мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне
сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие
шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

Психологиялық қызметке байланысты негізгі ұғымдар:

Колледждегі психология қызмет-әрбір баланың толыққанды психологиялық және
тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты
болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала

Психология- психиканың заңдылықтарын психикалық құбыластарды,үрдістерді,
қалыптарды, индивидтің даму жолын және оның қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынасының қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психика – жоғары дәрежеде құрылған бас миының мінез-құлықпен іс-әрекетті
қамтамасыз ету қабілеті.

Психодиогностика – тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық
үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті
психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауды өзінің
мақсаты етіп қойған психология саласы.

Психодиогностикалық әдіс-психологияның зерттеу әдісі. П.ә. негізгі
ерекшелігі (сипаттау мен эксперименттен ерекшелігі)- оның өлшеу және
сынауға бағытталғандығы, соның негізінде зерттеуші құбылыстың сандық және
сапалық квалификациясы анықталады.

Психодиогностикалық зерттеу- жұмыс негізі психологиялық диогнос болып
табылатын, психолог жұмысының бір түрі. П.з. негізгі сатылары: зерттеу
мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау,
шешім қабылдау (диагноз және болжам).

Әлеуметтену- қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік
тәжірибені индивидтің меңгеруі және белсенді қайта жаңғырту үрдісі мен
нәтижесі.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы- қандай-да бір мәселе туындаған жағдайда өзіндік
позицияның туындауы мен қалыптасуы. Ерекше түрлеріне ұжымдық және кәсіби
т.ө.-ө.а. жатады.

Психологтың кәсіби этикасы-психологтың өз іс-әрекетінде коллегаларымен,
ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген
адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы
адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

Оқуды игеру (обучаемость)-оқу үрдісінде адамның білімді, білікті және
дағдыларды игеруінің жылдамдығы мен сапасының жеке өзіндік көрсеткіші.

Ақыл-ой (интеллект)- индивидтің ақыл-ой қабілеттері құрылымының
саоыстырмалы түрдегі тұрақтылығы. Ақыл-ой мазмұндық құрылымы

және оның өлшем құралдарының қолданылуы индивидтің тиісті қоғамдық маңызды
белсенділігінің (оқу, өндіріс, саясат ж.т.б.) сипатына тәуелді.

Жас ерекшелік дағдарылыстары-шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын
онтогенез ерекше кезеңі. Неротикалық немесе травматикалық типтерге
қарағанда, Ж.е.д. тұлғалық дамудың қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс
болып табылады.

Тұлға аралық қарым-қатынас- адамдар арасындағы өзара байланыстың
субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен
қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және
мінез-құлықтан көрініс береді.

Девианттық мінез-құлық (ауытқу)-қоғамда қалыптасқан құқықтық және
адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін әрекеттер. Д.м.қ. негізгі
түрлері-құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын
торальға қайшы мінез-құлық.

Делинквент (құқық бұзушы)- кейбір шектен тыс жағдайда іс-әрекеті қылмыстық
жазалауға алып келетін, мінез-құлқында ауытқуы бар субьект.

1

Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар- баланың психикалық дамуындағы
сенсорлық ақаулардың (саңыраулық, нашар есту, соқырлық, нашар көрушілік),
орталық жүйке жүйесі жарақаттануының (ақыл-естің кемістігі, дамудың
тежелуі, қозғалыстың бұзылуы, сөйлеудің күрделі кемістігі) салдарынан
болған нормадан ауытқушылық.

Педагогикалық психология-педагогикалық үрдістің психикалық құбылыстары мен
заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Жеке даралық-тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және
қайталанбас көріністері.

Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат
еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған
психологиялық-педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Дарынды балаларға - талантты ұстаз Республикалық педагогикалық олимпиада
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету - дамыту жұмыстары жайында
Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Пәндер