Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс


Жоспар
Кіріспе:
Психологиялық эксперимент
Негізгі бөлім
1. Эксперимент түрлері
2. Зертханалық эксперимент
3. Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады
Эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы
Педагогикалық эксперимент - алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе, онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.
Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.
М. КГоршков пен Ф. Э. Шереги экспериментті зерттеулерге ұсынылатын жалпы кейбір ортақ талаптарға нұсқайды. Экспериментті зерттеулердің тиімділігі сол талаптардың жүзеге асырылуына тәуелді келеді:
Экспериментшінің құрастырған экспериментті жағдайлардың жүйесі обьективті ақиқат жағдайларының болжалды көзделген жүйесіне сәйкес келуі тиіс. «Экспериментті жүйенің» жағдайы мен құрылымы болжалды тіркелген «табиғи жүйенің», яғни шынайы қоғамдық немесе психикалық өмірлік процестің жағдайлары мен құрылымына сәйкес елуі тиіс, өйткені эеспериментті зерттеулердің көмегімен шынайы өмірлік үрдістегі себептер мен салдардың қатынастарын, яғни табиғи жағдайларда қалай тіршілік ететіндерін ашу қажет. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері көбінде табиғи үрдістерге алмастырылуы тиіс.
Экспериментті жүйенің жақсы басқарылатын жағдайлары болуы тиіс. Негізгі себеп ретінде ұсынылатын арнайы экспериментті фактор басқа жағдайлардың арасынан салыстырмалы шеттетілуі тиіс. Экспериментті жағдаяттың салыстырмалы жағдайлары белгілі бір дәрежеде қадағалануы тиіс, яғни стандартты да тұрақты деп есептелінуі тиіс. Сол жағдайлардың басқарылу (қадағалану) дәрежесіне экспериментті зерттеуді орындалынуы мен нақтылығы біршімі тәуелді болады.
3. Экспериментті қатысудың нәтижесі бақылауға қолайлы болуы тиіс. Мүмкіндігінше экспериментті фактордың негізінде туындаған кейбір эффектілерді (белгілердің, мінез-құлықтың өзгеруі) тіркей білу қажет. Өлшеуші құралдар белгілердің немесе мінез-құлықтың аздаған өзгерітерінің өзін де көрсететіндей құрасытырылуы қажет .
Эксперименттің түрлері және экспериментті топтарды іріктеу әдістері.
Эксперименттер экспериментті жағдайдың сипаты әрі жорамалдарды дәлелдеудің қисынды құрылымы бойынша ерекшелінеді.
Экспериментті жағдайдың сипаты бойынша эксперименттер далалық және лабораториялық деп бөлінеді. Далалық экспериментте обьект (топ) қызмет етуінің үйреншікті жағдайларында (мәселен, жұмыс орнында, сабақта және т. с. с. ) болады. Сондай-ақ, топ мүшелері өздерінің экспериментке қатысатындары жөнінде хабардар болуы да болмауы да мүмкін. Олардың хабардарлығы жайлы шешім әрбір нақты жағдайда эксперименттің барысына қаншалықты әсер ете алатынына байланысты қабылданады.
Лабораториялық эксперименттегі экспериментті жағдай әрі экспериментті топтар да жасанды құрастырылады, сондықтан топ мүшелерінің эксперимент жайында хабардар болатыны сөзсіз.
Лабораториялық эксперименттер көбінде жабық кеңістіктерде жеке тәжірибе ретінде жүргізіледі. Шешім қабылдаумен байланысты, қоғамдық басшы мен бағынушы жайлы, тұлғаға қоғамдық ықпал ету жайындағы мәселелер зерттелінетін эксперименттер олардың классикалық үлгілері болып табылады. Мәслен, И. Толмен мен Д. Тейлор әлеуметтік қатынас феноменін зерттеуге бағытталған эксперимент жүргізеді. Экспериментті серилардың бірінде сәйкес келуі немесе келмеуі бойынша жиналған сыналушылар жұбы (серіктестер бір-бірін басымдылық таныту қажеттілктері бойынша толықтырып отырды) арнайы бөлмеде екі апталық шеттелу жағдайында тіршілік етті. Сәйкес келмейтін жұптың мүшелері территориялы мінез-құлықтың уақыт өткен сайын дами түсетін айқын сипатталған модельдерін танытты, яғни олар бөлменің бүкіл кеңістігін алғашында ортақ деп қабылдап, кейін оны өздері қалаған орындықты, төсекті және үстелдің бір бөлігін нақты белгілеп, ықпал ету аумаына бөле бастайды. Қарым-қатынастары көбінде шиеленіскен сипатқа ие болып, барған сайын бір-бірінің кеңістігіне аяқ аттап баспайтындай жағдайға жетеді. Ал сәйке келген жұптардағы адамдардың мінез-құлықтарында территориялықтың жоғары деңгейін танытты, яғни олар бірден барлығын бөліскн соң ғана бір-бірінің заттарын және кеңістігін пайдалана бастайды.
Далалық және лабораториялық эксперименттерде оның барысы жайлы қосымша ақпараттарды жинау әдістері ретінде сұрақнама мен бақылау қолданыла алады.
Жорамалдарды длелдеудің қисынды құрылымы бойынша түзу және параллельді эксперименттер қарастырылады.
Түзу эксперимент байқау (топтың бастапқы күйі) және экспериментті (оның бір немесе біреше сипаттамалардың ықпалынан өзгерген күйі) топтарды ретінде бір топтың ғана талдануымен ерекшелінеді. Эксперимент басталғанға дейін обьектінің барлық байқау, факторлы және бейтарап сипаттамалары нақты тіркелінген соң, топтың факторлы сипаттамалары (немесе оның қызмет ету жағдайлары) өзгеріп, алдын ала белгіленген біршама уақыт өткеннен кейін обьектінің байқау сипаттамалары бойынша жағдайы қайтара өлшенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz