Ғылыми Психологияның пайда болуы. Алғашқы психологиялық білімдер
Ғылыми Психологияның пайда болуы
Алғашқы психологиялық білімдер.
Бізге жеткен жазба деректерге сүйенсек, адамдардың психологиялық
құбылыстарға деген қызықсынуы өте ерте кезеңдерде-ақ пайда бола бастаған.
Ежелгі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалардың
ғылыми еңбектерінде келтірілген айғақтарға қарағанда алғашқы психологиялық
тұжырымдар біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдық орталарында пайда
болған. Ежелгі ғалымдардың баршасына ортақ көзқарасқа орай “психология”
түсінігінің орнына “жан” ұғымы қолданылып, сол “жан” әлемдегі тек тіршілік
иесінің ғана емес, тіпті өлі заттардың да әртүрлі қозғалыстарының бастау
себепшісі деп қабылданған.
Ежелгі адамдар жанның өзін екі: материалистік және идеалистік -
бағытта тануға тырысқан. Алғашқысы негізінен Демокрит, Лукреций, Эпикур
еңбектерінде дәріптеліп, екіншісі - Платон және біршама Аристотель
шығармаларында дәлелдерін тапқан. Аристотель екіұшты бағдарды ұстанған:
бірде материалистік бола тұра, басқа жағдайларда - идеалистік жолмен
жүрген. Сондықтан да, оның тағлиматы “дуализм” атауын алған. Демокрит
дүниенің атомдық құрылымнан тұратынын негізге ала отырып, жан отты құрайтын
элементтер сияқты өте майда және қозғалғыш атомдардан түзіледі деп
есептеген (ол заманда дүние төрт бастаудан: жер, су, ауа және от - деген
наным болған).
Демокрит түсінігінше, адамда болатын әртүрлі түйсіктер мен сезімдер
сан алуан атомдардың өзара бірігуінен пайда болатын субъект өнімі. Осы жан
атомдарының бірігуімен дене қозғалысқа келеді. Тәннің ашық көздері мен
тыныс арқылы атомдар денеге кіреді, шығады. Дененің әрқилы бөліктеріндегі
атомдар мөлшері әртүрлі, ал олардың ең көбі мида, жүректе, бауырда
жиналған.
Платонның шәкірті Сократ жан табиғатын материалистік бағыттағылардан
басқаша түсіндіріп бақты. Ол заттық дүниеге байланысы жоқ, мәңгі де
өзгермейтін болмыс жөніндегі идеяны дәріптеп, материалды емес қасиеттерімен
сипаттай, жан мәңгілігін паш етті. Платонның ойынша, жан идеалдар мен
заттарды біріктіруші аралық құбылыс, ал оның өзі заттан емес, идеалдар
әлемінің туындысы. Жан әлемдік рухтың тірі материя құрамында болатын әрі
жасайтын бір бөлігі.
Адам жаны үш түрлі: хайуандық, саналы және асқақ - қалыпта көрінеді.
Бірінші қалып төменгі сатыдағы жануарларға тән әрі адамның өте қарапайым
тәндік талаптарына сай келеді. Саналы қалып адамның ойлау және ақыл
дәрежесіне сай болып, оның хайуандық бастауларына қарсы қойылады. Ал,
үшіншісі, асқақ қалып - адамның ең жоғары шығармашылық қызметі кезеңдері
мен инабаттық іс-әрекеттерінде көрінеді. Жанның барлық бөліктері, Платон
айтуынша, өзара үйлесімді байланыс, қатынаста болуы шарт, ал осы жағдай
болмаса, адам психикасы мен әрекет-қылығында ауытқулар өріс алады.
Жан жөніндегі ежелгі білімдер шыңы Аристотель данышпандығымен
құрылды. Алғашқы психологиялық шығарма - “Жан жөнінде” трактаттың авторы да
осы Аристотель. Бүл ғалымның пайымдауынша, жан - тірі материяға тән жанды
бастау. Аристотель адамның негізгі бес сезім мүшелерін атады: көру, есту,
сезу, иіс және дәм, олардың алғашқы ғылыми түсініктемесін берді. Сонымен
бірге ол адам қылығын этикалық-психологиялық тұрғыдан негіздеп, мінез
түрлеріне талдау берді. Егер жан болмаса, - дейді Аристотель, - барша
тіршілік өз болмысын жояр еді. Адам жаны мәңгілік, адам өлгенімен, оның
жаны жойылмайды, дүниеге қайта оралып, шоғырланған атомдар (тіршілік
иелеріне ұқсаған) күйінде сақталмай, бүкіл кеңістікке жайыла, тарқайды.
Қайта тіктелу дәуірінен ХҮІІ ғасырдың аяғына дейінгі
Европа психологиясы.
Ежелгі дүниеде Аристотель еңбектерінде жүйелестіріліп, өріс алған жан
жөніндегі ғылым орта ғасырларда біршама өз маңызын жойып, діни-мистикалық
көзқарастар жетегінде қалып, рух философиясымен ауыстырылды. Ал Қайта
Тіктелеу дәуірінде жан құбылысын жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан
зерттеулерге қайтадан мән беріле бастады. Осы уақытқа жетіскен табыстар
европалық ғалымдар Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, Д.Локк және т.т. аттарымен
байланысты болды. Декарт алғашқылардың бірі болып, жанның адам миында өтіп
жататын органикалық процестермен байланыстылығы проблемасын шешуге ат
салысты. Ол ғылымға тірі организмнің сыртқы заттық әсерлерге автоматты,
механикалық жауап әрекеті - рефлекс түсінігін енгізді. Бүдан былай
жануардың, кей жағдайдағы адамның да қылық-әрекетін түсіндіруге осы рефлекс
табиғаты пайдаланылды. Декарттың қолдануымен өзіндік бақылау (интроспекция)
психологияның негізгі зерттеу әдісіне айналды. Осы әдісті қолдана отырып,
ХҮІІІ, ХІХ ғасырлардағы ғалымдар адамның ішкі жан дүниесін зерттеумен,
тамаша табыстарға қол жеткізді. Бірақ жан құбылыстарын заттық дүниемен
байланыстыра, түсіндіре алмай, әрекет-қылық табиғатын баяндаудан әрі
аспады, осыдан оның психологиялық танымында жан мен тән арасы алшақтай
түсті. Енді психология зерттеулері адамның ішкі жан дүниесімен (Декарт
бойынша, ойлаумен) ғана айналысатын болды. Декарттан бастап, осыған дейінгі
жан жөніндегі білім (неміс ғалымдары Р.Гоклениус, О.Кассман енгізуімен
“психология” терминінің қолданылуы да осы кезден) екі бағдарға бөлінді: 1)
әрекет-қылық жөніндегі ғылым; 2) жан немесе психикалық құбылыстарды
қамтыған ішкі тәжірибе жөніндегі ғылым.
Психология білімдеріне елеулі жаңалық қосқан голландия философы
Б.Спиноза болды. Ол шамасы келгенше Декарт дуализмінен туындаған жан мен
тән дербестігі жөніндегі ғылымның қате екендігін дәлелдеуге тырысты.
Спиноза жанның тәнмен тығыз байланыста болатынын, онсыз жасай алмайтындығын
дәріптеді. Осы сықылды тән де жансыз дами алмайды деген ұйғарымға келді.
Спиноза өз уақытына сай адамның жоғары эмоциялары: аффект пен құмарлықтың
ғылыми түсініктемесін бере алды.
ХҮІІ ғасырдың ақырына қарай психологияда адам мен жануардың
психикамен байланысты қарапайым қозғалыс формалары жөніндегі материалистік
көзқарас орнықты. Сонымен бірге, адамның әртүрлі қалпына орай болатын жан
табиғаты мен оның өзгерістері жөніндегі философиялық-діни тағлиматта одан
әрі дамыды. Бүл дәуір үшін ең бастысы, аталған екі бағытпен қатар үшінші,
негізгі тұжырымдарына қалтқысыз дәлелдер іздестірген эксперименталды,
эмпирикалық психология саласы бекіді. Енді ғылым міндеті жан жөніндегі
құрғақ даналыққа ойыспай, объектив ғылыми деректерді жинақтап, соларға
талдау жүргізу болды. Мысалы, ағылшын ғалымы Т.Гоббс адамдар қабілетіндегі
айырмашылықтарды тән жаратылысынан іздеп, ашуға тырысты. Ал Джон Локк
психологиялық құбылыстарды эмпирикалық жолмен түсіндіруде ассоцияция
принципін - психикалық құбылыстар мен процестердің өзара заңдылықты
бірігуін - алғашқы болып қолданды.
Орта ғасыр араб тілді Шығыс елдеріндегі психология.
ҮІІІ-ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-
пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы
ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет
пен ғылымның орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кең қанат
жаюы жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті. ҮІІ ғасырда
Халифат мемлекетінің құрылып, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам
дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны
дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медицина,
математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары
Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне
аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап
сонау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz