Психологиядан дәрістер жинағы
1. Лекция тезистері
1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
1 Психология пәні мақсаты міндеттер
2. Психология ғылымының салалары
3. Қазақстандағы ұлттық психология оның ерекшеліктері
Психология психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының ) пайда болу, даму
және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғалым.
Психикалық құбылыстарды бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттарымен
құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік,
елес ой, сезім тілек қабілет қызығу, мінез әділет т.б.) көпшілігімізге өз
тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Психология
ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш
келген жері ежелгі Грекция . Психология теримі гректің екі сөзінен
тұрады: оның біріншісі – псюхе (жан), екіншісі – логос (сөз, ілім).
Сөйтіп, бұл сөз жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректерінің әмбебап ғылымы
Арестотель (б.з.д. 384-322 ) есімімен байланысты. Екі жарыммың жылға
созылған осынау кезеңінде психология басқа ғылымдарымен (философия,
медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) аралас астарласа дамып келеді. ХІХ-
ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғылымдар жан құбылыстарын (
түйсік, ес, ойлау, қиял т.б. эксперемент (тәжірбие) жүзінде әртүрлі құрал-
жабдық аспаптарының көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап
психология өз алдына дербес отау тігін, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды.
Ғывлымының осы саласына эксперементі тұңғыш енгізген, неміс ғұламасы
В.Вундт (1832-1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне –бірі қарама қарсы жоғарыда
аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі
грек ойшылдарының
Психологиялық құбылыстарының топтастырылуы
бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде ақ жанды (психика) оттың
атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәнгі еместігін,
оның өсіп , өшіп отырғандығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол
заманның екінші бір ойшылы, иедялистік Платон (427-347) керісінше жан
мәнгі өлмейді, өшпейді, деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті ослайша екі түрлі көз қарас тұрғысынан түсіну,
қоғам дамуының кейінгі кезеңдеріндек әсіресе орта ғасырларп заманынан
бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу насыр әл-Фараби
(870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды бір түрден екінші
түрге көшіп өзгере береді. Жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден
екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп матералистік тұрғыдан
дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі
өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары
қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның
біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден жан
дүниесі жайлы психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен
қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы
неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920)Лейпцигте тұңғыш лобаратория
ұйымдастырып, мұның дербес эксперементтік ғалым болуына себепкер болды.
Психологиялық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде
түсіндірді. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік,
қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрінде кейбір
сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп айтады. Мидағы бейне, образ
сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелеу процесі әр
адамның өмір тәжірбиесіне, жол мөлшеріне, білім деңгейіне, мақсат
мүддесіне, наным сеніміне орай өзіндік ерекшеліктерге толы болады.
Неограникалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер
сәуленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал
егер затты алып кетсек, оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні
мәлім. Психикалық бейнеде осы іспестес, яғни сыртқы орта әсер етпейінше
мида ешқандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейне де
адам миындағы бейне де бейнелеу деген бір сөзбен аталғанымен бұл
екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле
жансыз сәуле болып табылады. Ал адам миындағы болатын бейнелеу
процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшілігі - соңғы бейне өте
күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші
бір ерекшілігі – сөздің жәрдемімен бенеленуі. Бейнелеудің осы түрі ұзақ
уақыт тарихи дамуының нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің
негізінде пайда болған.
Айналадағы заттар мен құбылыстарының адам миында бейнелеуі
жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен
жүзеге асады.. Адам қоғамдық - әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан,
оның бейнелеуі ұғым, пікір, ой қортындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді
әрекеттену негіінде, әр түрлі обектілерімен қатынас жасап өзі солардың
бейнелеуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелеу – заттың миға әсер етуінен ғана
болатын бір жақты процесс емес, субьект (адам) пен обьектінің (сыртқы
орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін,
шама- шарқынша өңдеп саналы түрде бейнелейді. Бейнелеу ми қабаты
жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірбиесіне
орай түрлі деңгейде көрініп отырады.
Бейнелеу формаларының шығуына құрамында белоктық заттары бар
тіршіліктің пайда болуы шешуші роль атқарады. Тітіркенушілік, яғни тірі
организмнің сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, жүйке жүйесі күрделі
сипат алған сайын организмнің сыртқы ортамен байланысында елеулі орын
ала бастайды. Мәселен, балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен
қоректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының
алдынғы жағы (маңдай бөлігі) өскен сайын олардың сыртқы ортамен
байланысының дәрежесі, яғни бейнелеу мүмкіншілігі де арта түседі.
Бейнелеу теориясының мәнін басқаша түсінетіндер де кездеседі. Неміс
ғалымы Г.Гельмгольц (1821-1894) Мидағы бейнелердің сыртқы дүние
заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар – заттың бейнесі емес, оның
символы, - дейді. Бұл теория біздің сезім мүшелеріміздің көрсеткеніне
сенбеушілік туғызады, обьективтік дүниені жоққа шығарады. Заттың бейнесі
бір басқада шарттың таңба – символ бір басқа. Бейне кескінделетін сыртқы
заттың обьективтік болуын қажет етеді, ал таңба мен символ оны турадан-
тура жоққа шығарады.
Адам санасының табиғатын осылайша түсіндіретіндерді ғалымда тұпайы
матералистер дейді. Мәселен, ХІХ ғасырда өмір сүрген немістің кейбір
оқымыстылары (Молешотт, Бюхнер, Фохт): бауыр өтті өзінен өқалай бөліп
шығарса, ми да ойды солай бөліп шығарады деп адамның сана сезімімен, ойлау
процесін ми шығаратын заттың ерекше бір түрі деп түсіндіреді. Бұл өте
тұрпайы түсінік. Шынында сана сол материяның өзі болса, бұдан материя мен
сана арасындағы айырмашылық жойылады да, бұл екеуі бірдей болып шығады.
Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көругеде суретін
түсіріп алуғада болмайды. Сана сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының
мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеялдық бейне. Сана шындықтың
жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде
жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды
белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы
деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты
үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса,
екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер дер
аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т.б.)
сыртқы дүние заттарымен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді
біреулері (ойлау, қиял т.б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды,
дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын
алады. Адамның сыртқы дүниемен (обективтік шындықпен) үздіксіз
қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші
қызмет атқарады.
Психикалық кейіп ( немесе қалып) түрлі көңіл күйінің ( шабыт,
зәрігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты
компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әліде, болса толық
зерттелінбеген.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екіеші бір адамнан ажыратуға негіз
болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі
мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы,
туғызуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуына адамның өскен
ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешілік , мамандық
ерекшеліктеріде бірсыдырғы орын алады.
Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспан жұлдыздар жымыңдап
бір өшіп бір жанып тұр. Оқтын-оқтың самал желдің ақырын ғана толқып өскен
лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның
иісі мұрын жарып тұр. Көлде әлсін-әлі құрбақа бақылайды. Осындайларды
адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді.
Түйсікте сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының толып жатқан жеке
саналары сәуленетін болса, қабылдауда, олар тұтастай біріккен
сапаларымен бейнеленеді.
Ғылымның тыңанан бір жаңалық ашуы, инженердің машина ойлап
шығаруы, оқушының шығарма жазуы т.б. үлкен қиялды қажет етеді. Бұрын
қолданылған нәрселерді қайтадан өңдеп образ жасауда көрінетін психикалық
процес қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу заттардың себеп-
салдар байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде
тану- ойлау процесінің арқасында болып отырады. Сөйлеумен тығыз
байланысты ойлау адам танымның ең жоғарғы түрі. Біз айналадағы
нәрселерге толғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып,
оған қатты қуанамыз, жаман нәрсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу
білдіреміз. Қуаныш қайғы ұнату, ұнатпауц, уайым, масаттау, достық,
жолдастық адалдық шыншылдық т.б. адамның сан алуан сезімдерімен
эмоцияларын бейнелейтін атаулар.
Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың
барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял.т.б. ) белгілі обьектіге
бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай қайсына болса да
дәнекер болады, оны күшейте де, әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз
пәрменсіз болады.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші
адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды.
Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның зеттелушінің
мимикасын сөз реакцияларын түрлі қозғалыстарын мінез –құлқын жалпы
әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім
ерекшеліктері темпераменттері де байқау әдісі арқылы ажыратылады.
Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу
керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке
сөздерін сөйлемдерін стенографиялап, күрделікке түсіреді, кейін оны
тиянақты түрде талдайды да тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау
әдісіне кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен зеттелетін обьектіні
суретке түсу үшін фотаапараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін
жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін
магнитофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті
кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі
бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету :
2) Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудық мақсатын
түсіне білу қажет. Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар
студентті алатын болсақ, мақсатымыз- оның сабақ дайындау кезеңіндегі
ой жұмысының кейбір ерекшіліктерін білу:
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз
реакцияларының стенографиялау: кейін оған мұқиятталдау жасау; басты
фактілерді іріктеп алу- осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың
бірі.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарынын эксперементтік жолмен зерттеудің
біраз артықшылығы бар. И.П.Павлов: Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,
ал тәжірбие табиғаттан өзін тілегенін алады - деп тегін айтпаған. Тәрбие
жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын
күтіп түрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәрбие
лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке –жеке
тоқталып өтейік.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психологиялық процестердің
зеттеу үшін тәжірбие кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт
(1832-1920) психологияны тәжірбиелік жолмен зерттеудің негізін салды,
тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс
түйсіктерін зерттеу үшін тәжірбиені пайдаланды. Сексенінші жылдары ес
құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы
әдістер қолдану арқылы жаттап алудыңм тездігімен дәлдігі, ұмытудың
жылдамдығы т.б. өлшеніледі. Осы психологы Н.Ланге (1858-1921) экперемент
әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда
француз психологы А. Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне
тәжірбие жасады. Осы зерттелудің нәтижелері психологтардың І-ші дүние
жүзілік конгресінде ІІ(Париж, 1889) талқыланды. ХХ ғасырдың басында
психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай
жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін ХХ ғасырдың
басында орыс психологы Г.И. Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды.
Тәжірбие жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет
болатынын айттық. Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық.
Мысалы, психикалық процестердің пайда болу щапшаңдығын өлшеу үшін
–хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейннің
көлемін анықтау үшін- тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін – аудиометр, денедегі
бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін –эргографты пайдаланады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа әдістер бар. Оларды қосалқы
әдістер деп атайды. Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс-
әрекетінің нәтижесінде талдау (яғни түрлі күнделікті, естелік, хаттар,
шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы
творчествалық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зеттелушінің туған күніне
бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян, естелік,
мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Мәселен, анкеттік
әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша
жауап қайырады. Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу
әдістерінің бірі – сұқбат. Математика қазіргі кезде көптеген ғылымдардың
зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған
ағылшын психологы Ч.Спирмен (1904). Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл
–ой), оның музикалық, математикалық қимыл қозғалыс т.б. қабілеттерінің
белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар
адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрлымын (Б.М.Теплов,
В.Д.Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Тест арқылы бала өз жасынан қарағанда
дұрыс дамымаған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары
төмен) бар ма деген, сауалдапрға жауап алынады. Тесті толық орындауы
мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі
балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұдағы жауаптардың орта (
барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас
мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас
мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке
кейін ешқандай өзгеріс анықтауға арналған тесттерді интелектік тестер
дейді. Мұнда әртүрлі ақыл ой әрекетін қолдануды талап ететін,
зеттелінушілерге бұрынан таныс емес тапсырмалар болады.
Психология сан саналы ғылым. Қазіргіде оның жуық саласы бар. Қай
саласы болса да, күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған
қоғамның нақтылы талап – тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми
техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір салалары
еңбек, яғни нақты іс-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып
отырғандығын зерттейді. Осы тұрғыдан жантану ғылымы – педагогикалық
медициналық әскери инженерлік т.б. болып, бірнеше салаларға бөлінеді.
Мәселен педагогикалық психология оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына
қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Психология педагогикалық
медициналық әскери инженерлік т.б. болып бірнеше салаларға бөлінеді.
Мәселен, педагогикалық психология оқу тәрбие істерінің оқушы санасына
қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен
көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтармен
бағдарламалар құрастыру – кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен
шығу кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің
жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынылған
үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық
психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Медициналық психология
дәрігермен науқастың арасындағы қатынасты олардың мінез – құлқының түрлі
көрністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия,
психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
Адам мен техниканың қарым қатынасынан туындайтын психологиялық
мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы кездерде кең
өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі.
Инженерлік психологияның негізі проблемаларына операторларды
кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті
информациялық модельдер мен басқару орынрдарын жобалау, операторлардың хал-
күйін (шаршау, болдыру т.б.) анықтау, техникалық эстетика мен
эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау,
түрі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешіліктерін,
оның ерік сезім сферасын, интелект деңгейін зерттеу т.б. жатады.
Психологиялық ғылымының келесі бір топқа енуіне даму принципі
басты негіз болды. Бұларға мектепке дейінгі бала, жас-өспірім, балаңщ,
кемел, егде жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология
психикасы кеміс адамдардың түрлі жақтарын зерттейді. Салыстырмалы
психологияға зоопсихология, этнология дейтін салалар кіреді. Мәселен,
балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың
баланың дүниеге келгенен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін
әсерілерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымының жеке
адамдарға тигізетін ықпалын зеттеу ісімен психологияның әлеуметтік
(қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады.
Әлеументтік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге
бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басшы
Аристотельден (348-322) басталатын ілкі тарих). Аристотель өзінің
Жан туралы трактатында жан тәнінің өмір сүру формасы екендігін, мұның
өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтса,
келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді
өсіп өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндірді.
Ал француз Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне
рефлекс ( жүйке жұйесінің қызметі) алқылы жауап береді десе, голланд
ғұламасы Бенедикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект,
құмарлық т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығын жайлы терең
түйін айтқан.
Психологияның өз алдына дербес отау тігіп ғалым ретінде көрінуі
өте бері де, яғни 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм
Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып,
психикалық құбылыстарды арнаулы құрал- сайман аспаптардың көмегімен
зеттеуге болатындығын дәлелдеп мұның дербес эксперементтік ғылым болуына
жол ашты.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жан қуаттарының заңдылықтарын
зерттеуімен айналысатын психология ғылымының дағдарасы айқын байқала
бастады. Тәжірбие арқылы алынған есепсіз көп нақты материалдар сана
құбылыстарын теориялық тұрғыдан дұрыс түсіндіріп бере алмады. Психолог
ғалымдар сананың сыртқы ортамен байланысын зерттеудің орнына оның
ақиқаттан қалайша ажырауын көрсетуден алысқа бара алмады. Алынған
деректердің практика үшін елеулі маңызы бола тұрса да, осы ғылымының
әдіснамалық астары әлсіз болып, психологияда, бір –біріне қарама қайшы
бағыттар пайда бола бастады.
Соның бірі – американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін
салған бихевиоризм бағыты еді. Бихевиоур- ағылшын сөзі, қазақша мінез
–құлық деген мағынаны әртүрлі көріністерді организмнің сыртқы әсерге
(стимул) қайтаратын жауап рекакцияларының жиынтығы деп түсіндірді. Сана
құбылысын тікелей зерттеуге болмайды. Деп, оның сыртқы ортаны танып-
білудегі рөлін жоққа шығарды, адам мен жануар психикасының арасындағы
сапалық айырмашылықты мойындамады. Биховиористер тәжірбие жасауға үлкен
мән берді, жануардың мінез-құлқын математикалық жолмен зерттеп, оларды
дағдыландыруда елеулі табыстарға жетті. Бірақ психикалық құбылыстың шын
мәнін теориялық жағынан дұрыс көрсете алмай, кейінен ғылым сахнасына
шығып қалды.
Осы кездері жан қуаттарының құбылысын тұтастай зерттеудің
қажеттілігіне ерекше мен берген гештальтпсихология (гешталып-неміс
сөзі, қазақша мағанасы бейне, түр, құрылым деген ұғымдарды
білдіреді) бағыты пайда болды. Оның негізін салған неміс ғалымдары Макс
Вертгеймер (1880-1943), Вольфанг Келер (1887-1967) Курт Левин (1890-194)
т.б. еді. Олар санының ұсақ элементтерге бөлінуіне қарсы шығып,
психикалық құбылыстардың тұтастығын, олардың өзіндік сапаларының
(тұтастық, тұрақтылық, құрлымдық, фигура мен фонның ара қатынасы т.б.)
ерекшеліктерін көрсетті.
Аталмыш кезеңде батыс психологиясында пайда болған негізгі бағыттарының
бірі- фрейдизм еді. Осы ілімінің негізін қалаған Австрия психаторы Зигмунд
Фрейд (1856-1939) жан дүниесіндегі санасыз әрекеттердің табиғатын
зерттеді. Ол адам санасының қалыптасу жолын түс көру, гипноз, түрлі
ырықсыз құбылыстарды зерттеу арқылы түсіндіруге болады деп адам
психикасының дамуында биологиялық негізге инстинктерге ерекше мән беріп,
әлеументтік фактордың рөлін жоққа шығарды.
2. Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да
аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати,
ӨтейбойдақТілеуқабылұлының Қыдырғали Жалайри, Ақтамберді, Бұхар, Шал,
Дулат, Махамбет, т.б. ақын –жыраулар ғұлама-ойшылдарының шығармаларының
көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.
Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-
1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі
Шипагерлік баянда көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік ойлау, сөйлеу,
қиял, дағды, т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір
сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б.) жан туралы
түсініктеріне сүйене келіп, бүкіл тіршіліктің басқарушы реттеуші жүрек
дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де
жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми
тұрғыдан дәйекті нанымды.
Ол ес- көрген, естіген нәрсені жата сақтау үшін аса қажет дейді.
Адам тез аңғарғыш байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс (... тез, шапшаң
жеткілікті аңғарып ойға қонымды көңілге толымды өте нанымды бүге-
шегесіне дейін ойда сақтау). Автор есті, дамыту үшін көптеген тау-тас,
жер-су және жан жануарлардың аттарын жаттап алудың қажеттілігіне үлкен
мән береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз
болатын қасиеттерінің бірі- зерделілік іске аспайды. Осы еңбекте зейін
көбінесе мәнділік аңғарым деген ұғым мағанасында беріліп оның адамның
мақсаты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз сөз болды.
Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, ісәрекетті жан
жағынан қара, қолыңмен ұстап көр, бір бірімен салыстыр, одан соң барып
толған өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлау
сөйлеу қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы
бейнелеуінің арасында адам өзінен бұрынғылардың ілім білімдерін есіне
сақтап қалады. Оларды ұрапақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар
ойымызды шималап (жазбаша деген ұғым Қ.Ж қағазға түсіргенде ғана оны
түгелдей есте сақтай аламыз. Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны
сараптап, толғана талдау қажет. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініп ал,
алдамшы сезімге беріліп үстірт ойлау – үлкен қателік, жақсылап түсіну үшін
көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстай білу қажет.
Ғұлама ғалым сөз сараптау сөйлеу мәнеріне де ерекше мән берген. Оның
пайымдауынша, жұмсақ, байыпты, сыпайлықпен сөйлеу кімге де болса
жарасымды қасиет Жақсы сөйлемелік жанға шырай бермек . Сөйлеу әдебі
дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни ой жинақтылығы , оның мазмұнды болу
мен байланысты.
Бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап
оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал.
Баланың өң мен түсті тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс
жақынан келетін дыбыстарды дәл естуін ата –аналар мұқият қадағалауы тиіс,
мұның өзі әр затты жан-жақты түйсініп, оның сыр сипатын түсіне білуге
жәрдем етеді.
Ғалым мінезге батырлықпен батылдықты қайсарлық пен әділеттілікті
жатқызады. Еш нәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты
болмайтындығын айта отырып ондайларды барынша шенеп мінейді. Адам өмірге
келген соң белсенді өмір сүруге, сегіз қырлы, бір сырлы болуға ұмтылуы
тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен орын алған. Қазақстандағы
психология ғылымы, әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі
қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық
институтында (Алматы мемлекеттік университеті) тұңғыш рет психология
кафедрасы 1947 жылы қазақ университесінде логика және психология
мұғалімдерін дайарлайтын арнаулы бөлім ашылды.
50-ші жылдары психология ғылымынан бьірнеше диссертация қорғалды.
(Е.Суфиев, А, Темірбеков, М. Мұқанов т.б.). Соңғы 50 жыл ішінде
көптегенғылыми еңбектер оқулықтармен оқу құралдары жарық көрді. Солардың
қатарынан М.Мұқановтың Ақыл-ой өрісі Қ.Жарықбаевтың Қазақ
психологиясының тарихы, Т.Жүкештің ұлттық психологияның сипаты,
Р.Илешованың Медициналық психология, т.б. толып жатқан еңбектерді
жатқызуға болады.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға
алынып оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.
Осы тұрғыдан келгенде ауыл-село мектептерінің әлеуметтік
психологиялық мәселелері, мал шаруашылығына қажетті мамандарының сондай-ақ
жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, Медіресе шәкірттерін оқытып
тәрбиелеудің психологиялық проблемалары, таланты дарынды оқушылардың
өзіндік психологиясын астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге
байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жәйттер алдағы жерде өз
шешімін күтіп тұрған өмірмең ғылыми мәселелер болып табылады.
2. Жүйке жүйесінің психологиялық-физиологиялық негізі
1. Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
2. Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның
қағидалары.
3. Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары.
Ми және психика
Психика дегенде, жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан психологиялық
қызметін дұрыс түсіну үшін адам мен жануар психикасының материалдық негізі
болып табылатын жоғары жүйесі қызметінің ерекшеліктерін білу керек. Жүйке
жүйесі орталық және перифериялық шеткі жүйе болып бөлінеді. Орталық жүйке
жүйесі бұл – ми. Перифериялық жүйке жүйесі жүйке талшық шоңдары орталық
бас ми мен омыртқа жұлыннан адамның барлық денесінде таралып жатады. Мида
жүйке нейрондардан, яғни бір мен бір қосалқы буындармен жалғасып жататын
жүйке клеткаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы
жұлын қарапайым қозғалысты реттейді. Ол денедегі, мысалы, ас қорытатын,
қан жүргізетін, демалдыратын , т.б. тәннің өмір сүруін қамтамасыз ететін
әр түрлі процестермен айналысатын ұзыншақ миға өтеді. Үлкен ми сыңарлары
кіші ми қыртысының төменгі бөлімінің тораптарымен бүкіл адам психикасын
басқаратын ми қыртысынан тұрады. Әр түрлі жандардың миларының жоғары
бөліктерінің, үлкен ми сыңарларының қандай роль атқаратынын мына
мысалдардан көруге болады. Балықтың басындағы ми сыңарлары алынса, оның
мінез-құлқы пәлендей өзгермейді. Егер көгершіннің ми сыңарлары алынса, ол
ұша алмай, тамақ іздеуден қалады. Ал итті толық мүгедек деуге болады.
Үлкен ми сыңарынсыз туған бала тіршілікке жарамайды. Демек, мидың бұл
бөлігінен айырылған адам мүлде өмір сүре алмайды.
Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байлансыны жүзеге асырып
отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен
қатар, жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың
қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі
өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын
тармақты нейрит, ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп
аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін
жүйке орталықтары дейді.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі
болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы
ғылымда жан-жақты дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің
орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне
бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы
жөнінде де күрделірек болып келеді.
Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын омыртқа қуысының
ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см ге
дейін жетеді.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес. Ол қарапайым
қозғалыстарымыздың жұмысын басқаратын орталық болып табылады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы
ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми –
бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы
жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық
орналасқан. Мишық организм қозғалысының , оның бірқалыпты жүріс-тұрысын
басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады.
Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Ми қабығы төрт
бөлімге бөлінеді. Олар маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми
қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген
анализаторлардың ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс,
дәм, т.б.
Адамның миы үлкен және салмақты болған сайын, ақылды және қабілетті
болады, деп ойлаған. Осы кезге дейін бүкіл әлемде ғұлама атына бар-жоғы
400 ге дейін адам ғана ие болыпты. Солардың кейбіреулерінің миларының
салмағы мынадай балған:
1. Тургенев 2012 гр.
2. Кювье 1828 гр.
3. Байрон 1807 гр.
4. Шиллер 1785 гр.
Мида әлсіз электр токтары істейтіні ғылымға көптен мәлім.
Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның
қағидалары
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс
туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ранэ Дэкарт (1596-1650). Рефлекстің
биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прожаске деген (1749-1820) ғалым өз
еңбектерінде дұрыс көрсете білді.
Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі,
қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан және іштен
келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.
Шартсыз рефлекстің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп
атайды. Рефлекс доғасының рецептор өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда
болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс
аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер.
Рефлекс туралы туралы теорияның негізгі қағыдаларын нағыз ғылыми
тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзінің
1863 жылы жазған Ми рефлекстері деген еңбегінде психикалық құбылыстардың
табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтің отандық ғылым
алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теорияның негізінде
ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік
тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М.Сеченов мынадай қарапайым тәжірибе жасады:
құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап,
оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап
ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады.
И.М.Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда ондағы
рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей
алатындығын айқын көрсеткен. И.М.Сеченовтің ми қабығында қозумен қатар
тежелу прочесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің
мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерінің
негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер
жататындығын тамаша дәлелдеп берді.
И.М.Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары
И.П.Павловтың шартты реылекстер туралы ілімініде (бұл ілім жоғары жүйке
қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің
көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойы рефлекстердің жаңа түрін –
шартты рефлекстерді зерттеді.
Шартты рефлекстердің жасалу жолы. И.П.Павлов лаботариясында
жүргізілген тәжірибенің қысқаша мазмұны мына төмендегідей: егер итке бір
мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын
тамақ, екіншісі - өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап
тітіркендіргіш жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – керуге,
екіншісі – тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарының
арасында екі тітіркендіргішті қосарландыра қайталанған сайын нығайып
отыратын жүйке байланысы жасалады. Жануардың тіршілігі үшін жарыққа
қарағанда аса қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидағы тамақтану орталығы
көру орталығына қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы
өзінен баяу қозған көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады.
Осыдан барып, бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П.Павлов ми
қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың нәтижесінде ит кейін жарық жағылып, тамақ
берілмесе де сілекей шығара береді. Жеке алғанда итке мүлдем қатысы жоқ,
бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен
кейін ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналып отыр.
Осындай организмге қажетті құбылыстарды білдіретін көртеген сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметін
сигналдық қызмет деп атайды. Жоғарыдағы мысалда жарық тамақтың сигналы
болып отыр.
Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген
жайдайларына байланысты да жасалып отырады.
Мысалы, көптеген жабайы аңдар адамды алғаш көргенде сескенбеулері
мүмкін. Бірақ адамдар оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқын
өзгертеді. Олар адамдарды көрісімен тығылуға, не қашуға тырысады. Демек,
бұл жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте пайдалы шартты
рефлекс екендігі түсінікті.
И.П.Павловтың ілімі бізге тек психикалық құбылыстардың материалдық
негізін ашпай, сонымен қатар, оларды тәрбиелеудің жолдарын да көрсетеді.
Адамның барлық өмірі, оқыту, тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-ғұрып пен
мінез-құлықтың сан-алуан көріністері И.П.Павловтың ілімі тұрғысынан
түсіндірілгенде біріші және екінші сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысына
негізделген шартты реылекстер болып табылады. Жүйке жүйесі икемге көнгіш,
онда адамның кейбір кемістіктеріне қарсы күресетін компенсаторлық
механизмдер жеткілікті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек тума қасиеттерімен
ғана емес, сол сияқты жеке өмр сүру кездерінде организмге үнемі әсер етіп
отыратын тәрбие мен оқуға (кең мағынасндағы) байланысты да қалыптасып
отырады – міне, осы тұжырымдар И.П.Павлов ілімінің ең негізгі арқауы. Ол
әр заман ғұламаларының жан қуаттары туралы айтқан пікірлерін тәжірибе
жүзінде зерттеу қажет деген салиқалы тұжырымдарын өзінің әйгілі шартты
рефлекстер атты ілімінде тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп берді. Оның
ілімі адам санасы және жануарлар психикасының арасындағы байланыстар және
айырмашылықтарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызды. И.П.Павловтың
жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімінің баға жетпес маңызы осында.
Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары
Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі құрылым
ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән – адам миының
құрылымы мен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен
қандай байланыста болуын білу қажет.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым бір
жасушалы жануарлардан адамға дейін қылық-әрекеттің физиологиялық
механизмдері үздіксіз жетілуде болады. Мысалы, бір жасушалы организмнің
жалғыз жасушасы тіршілікке қажет барша қызметтерді (түйсік, қозғалыс, ас
қорыту) орындай алады. Бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болады. Ал жоғары
дамыған жануарда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері саралана бастады.
Яғни бір жасушалар сигналдарды қабылдау (рецептор) қызметін атқарса,
екіншілері – бұлшық еттер мен әр түрлі без секрецияларын іске қосты
(эффектор). Қазеттікке орай жеке мүшелер және олардың қызметі
жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара
байланысын орталық жүйке жүйесі қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесінің жалпы түзілімі барша омыртқаларда бірдей. Бұл
жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалары немесе нейрондар. Нейрон
жасушалары тәнінен (дендрит – қозу қабылдау) және өсінділерден (аксон –
қозуды жеткізу) құралады. Аксонның дендриттермен де, не басқа жасуша
денесімен байланысы сипанс деп аталады. Сипанс жүйке жүйесіндегі жаңа
байланыстар механизмін түсіндіруде шешуші маңызға ие.
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан
алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған
сайын, оның қызметі күрделене түседі. Бәрінен төмен жайлаған – арқа миы,
оның қызметі – бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның
үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі
қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан
айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру). Бұлардан жоғарылау
орталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге
қатысатын – орта ми жайласқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы
бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының
үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабықасты
түйіндері деп аталатын мтереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы
кіреді. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты - бас миы
қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда
жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты
аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекеттің күрделі
формаларын басқарады.
Пысықтау үшін сұрақтар
1. Жүйке жүйесінің атқаратын негізгі қызметі қандай?
2. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және оның жеке бөліктерінің
атқаратын қызметі қандай?
3. Адам миының құрылысы қалай орналасқан?
4. Рефлекс дегеніміз не?
5. Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден айырмашылығы неде?
6. Шартты рефлекстер қалай жасалады?
7. Қозу, тежелу процестері дегеніміз не, олардың атқаратын қызметтері
қандай?
8. Тежелудің қандай түрлері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы 2002, 79-85 б.
2. Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы, 100-102 б.
3. Психология. Авторы: Ш.Аймауытұлы. Алматы Рауан 1995, 70-73 б.
4. Психология танымы. Авторы: С.Бабаев. Түркістан 2000.
4. Тұлға
1. Тұлға туралы жалпы түсінік
2. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
3. Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
1. Тұлға және қарым – қатынас
2. Топ туралы ұғым
3. Қарым – қатынас мәдениеті
1. Тұлға туралы жалпы түсінік.
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген
атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету
үшін бала оңын мен солын, өзінің менің басқа мендерден ,
яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте,
сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз
бетіншеәрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз.
Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір
тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен
талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады.
Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс -
әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары
үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның
түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен
қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері
болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны
қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін
кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде
Он үште отау иесі ( қыз балалар үшін ), Он бесте отау
иесі ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ.
Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір
талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс.
Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен
адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде
біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін
– келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Жеке тұлға – қоғамдық - тарихи котегория. Оның қоғамдық мәні
мен әлеуметтік функциясы жеке тұлға сипаттамасының ең басты
көрсеткіштері болып табылады. Жеке тұлға- тек қана қоғамдық
ғылымдардың: тарих, философия, социология, этика, эстетика,
психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.
Жеке тұлға қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі
бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке
тұлғаның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата – ананың ролі -
балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі – мұғалімдер колективін
басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының
жүйесі. Жеке тұлға мәнді қатынастарына: өмірдің материялдық
жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған
міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т.б. қатынастар
жатады. Бұл қатынастар жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін, оның
әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап
қана айырмайды, сондай – ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да
ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген
деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз – ұнату мен жек
көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz