Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы


Жоспар
Кіріспе
Қостанай облысының топырақ жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Облыс территориясында топырақтың ендік аймақтығы жақсы байқалады. Облыс аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан: қара топырақтар, қара қоңыр топырақтар және шөл қоңыр топырағы. Осы не басқа топырақты аймақтардың таралуы табиғи аймақтардың таралуына сәйкес келеді. Топырақты ресурстар Қостанай облысы ең негізгі байлықтарының бірі. Сонын негізінде біздің облыс Қазақстан бойынша негізгі топырақты ресурстар көзі болып табылады. Сондықтан облыстын топырақ жамылғасына көп көңіл бөлген жөн.
Облыстың қара топырақты аймағы бірнеше зона бөлшегінен тұрады: солтүстітің орманды дала аймағында кәдімгі қара топырақтар молынан кездеседі. Олар шамамен 9 мың км 2 көлемін алып жатыр. Қара топырақтарда гумустік қабаттың қалындығы 60-80 см құрайды, гумус құрамы 8%- ға дейін.
Кәдімгі қара топырақтар қолайсыз климат жағдайларында қалыптасады; қасқы төмен температуралар мен қалың емес қар жамылғалары топырақтың терең таңдануын және көктемгі баяу қызуын туғызады. Бұндай құбылыстар шөп өсімдіктерінің тамыр жүйелерінің теренденуін шектейді. Сонымен қатар жазғы уақытта жауынның болуы топырақ горизонттардың қалындығын азайта түседі. Сол себептен де жай қара топырақтар аз гумустік қабат қалындығымен ерекшеленеді, алайда гумус құрамы көп болады.
Қара топырақтың болып түрлері облыс бойынша жыртуға қолайлы топырақтардың ең жақсысы болып табылады. Механикалық құрам жағынан бұлар орташа және ауыр құмбалшықты топырақтар. Сондықтан лғалданған шақта олар жабысқақ және ауыр болады. Ауыл шаруашылық алаңы жауын кезінде ауыл шаруашылық техникаларының дүрудің қиындата түседі. Алайда бұл топырақтар өзінің механикалық құрамының қиындығына қарамастан эрозияға қарсы іс-шараларды талап етеді.
Қара топырақтың келесі түрі оңтүстік дала аймағынның кәдімгі карбонатты қара топырақтары. Олар 2, 5 мың км 2 көлемін алып жатыр. Қара топырақ ішінен кеңінен тарағаны кәдімгі кебірлі қара топырақтар. Олар 10 мың км 2 көлемін алып жатыр. Бұл топырақ аласа тегістік және беткейлі жерлерде кеңінен тараған. Бұлар облыстың орманды және дала алқаптарыда кездесетін аз гумусты не орта гумусты топырақтар.
Жұмыстың мақсаты: Қостанай облысынын топырағын, бонитирповкасын зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Қостанай облысының топырақ ерекшеліктерін анықтау.
- Қостанай облысының өсімдік жамылғысын анықтау.
- Жан-жануарлары.
- Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Қостанай облысы Республиканың солтүстік бөлігінде Тобыл, Торғай өзендерінің аңғарларында орналасқан. Ол солтүстігінде және солтүстік батысында Ресей Федерациясының Қорған, Челябі, Орынбор облыстарымен және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.
Қазіргі уақытта Қостанай облысының жер көлемі 196 мың км 2 - бұл Солтүстік Қазақстандағы ең ірі облыс. Облыс 41˚16' - 55˚12', солтүстік ендікпен және 60˚ - 67˚20' шығыс бойлық арасында орналасқан. Оның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км-ге, батыстан шығысқа қарай 250-400 км-ге созылып жатыр. Облыс территориясының негізгі ерекшелігі орташа теңіз деңгейінен биіктігі 200 м болып келетін тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Оның солтүстік бөлігін Батыс-Сібір жазығының оңтүстік-батыс шеті, ал оңтүстігін Торғай үстірті, оңтүстік-шығысын Сарыарқа жоталары, батысын Орал үстірті алып жатыр, облыс территориясын солтүстіктен оңтүстікке қарай Торғай ойысы кесіп өтеді. Облыс территориясының жазық болып келуі халықтың қоныстануы мен шаруашылықты дамытуға қолайлы фактор.
Қостанай облысының орналасқан жері қоңыржай климаттық белдеу, бірақ, оның теңіздермен мұхиттардан шалғай - континенттің ішінде орналасуы, оның климатының қатаң континентті климат қалыптасуына ықпал етеді. Қыс ұзақ әрі қатты, жаз ыстық әрі құрғақ, бұл әсіресе облыстың оңтүстік бөлігінде жақсы байқалады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм. Қостанай облысы территориясы мен Тобыл және Торғай өзендері, олардың салалары ағып өтеді, көптеген көлдердің орналасуы дала ландшафтын ерекшелендіре түседі.
Облыс территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай бірнеше км-ге созылып жатуына байланысты, облыс алуан түрлі табиғат жағдайлармен ерекшеленеді. Солтүстік шекарадан бастап оңтүстікке Батыс-Сібір орманды далалары, қоңыржай, шөлді далалар, құрғақ далалар, шөлейт бірін-бірі ауыстырып отырады.
Облыстың негізгі территориясы құнарлы қара және қызғылт топырақты болып келетін дала зонасында орналасқан. Даланың солтүстік бөлігінде жусанды-көкпекті өсімдік жамылғысы шоқ ормандармен кезектесіп келеді. Негізінен облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы агроклиматтық жағдаймен қамтамасыз етілген.
1. 1 Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері
Қостанай облысының топырақ жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Облыс территориясында топырақтың ендік аймақтығы жақсы байқалады. Облыс аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан: қара топырақтар, қара қоңыр топырақтар және шөл қоңыр топырағы. Осы не басқа топырақты аймақтардың таралуы табиғи аймақтардың таралуына сәйкес келеді. Топырақты ресурстар Қостанай облысы ең негізгі байлықтарының бірі. Сонын негізінде біздің облыс Қазақстан бойынша негізгі топырақты ресурстар көзі болып табылады. Сондықтан облыстын топырақ жамылғасына көп көңіл бөлген жөн.
Облыстың қара топырақты аймағы бірнеше зона бөлшегінен тұрады: солтүстітің орманды дала аймағында кәдімгі қара топырақтар молынан кездеседі. Олар шамамен 9 мың км 2 көлемін алып жатыр. Қара топырақтарда гумустік қабаттың қалындығы 60-80 см құрайды, гумус құрамы 8%- ға дейін.
Кәдімгі қара топырақтар қолайсыз климат жағдайларында қалыптасады; қасқы төмен температуралар мен қалың емес қар жамылғалары топырақтың терең таңдануын және көктемгі баяу қызуын туғызады. Бұндай құбылыстар шөп өсімдіктерінің тамыр жүйелерінің теренденуін шектейді. Сонымен қатар жазғы уақытта жауынның болуы топырақ горизонттардың қалындығын азайта түседі. Сол себептен де жай қара топырақтар аз гумустік қабат қалындығымен ерекшеленеді, алайда гумус құрамы көп болады.
Қара топырақтың болып түрлері облыс бойынша жыртуға қолайлы топырақтардың ең жақсысы болып табылады. Механикалық құрам жағынан бұлар орташа және ауыр құмбалшықты топырақтар. Сондықтан лғалданған шақта олар жабысқақ және ауыр болады. Ауыл шаруашылық алаңы жауын кезінде ауыш шаруашылық техникаларының дүрудің қиындата түседі. Алайда бұл топырақтар өзінің механикалық құрамының қиындығына қарамастан эрозияға қарсы іс-шараларды талап етеді.
Қара топырақтың келесі түрі оңтүстік дала аймағынның кәдімгі карбонатты қара топырақтары. Олар 2, 5 мың км 2 көлемін алып жатыр. Қара топырақ ішінен кенінен тарағаны кәдімгі кебірлі қара топырақтар. Олар 10 мың км 2 көлемін алып жатыр. Бұл топырақ аласа тегістік және беткейлі жерлерде кеңінен тараған. Бұлар облыстың орманды және дала алқаптарыда кездесетін аз гумусты не орта гумусты топырақтар.
Дала аймақтарында оңтүстік аз гумусты қара топырақтар да бар. Олар 11 мың км 2 көлемін алып жатқан жыртуға қолайлы жақсы топырақтар. Ылғал бойынша қолайлы жылдарда бұндай топырақтан жақсы бидай не басқа да дақыл өнімдерін алуға болады. Қара топырақ басқа түрлерінен оңтүстік карбонатты (шығыс және батыс дала аймақтарында) қара топырақ. Ол шамамен 7, 5 мың км 2 көлемін алады және оңтүстік кебірлі қара топырақ, олар 7, 6 мың км 2 көлемін алады. Оңтүстік кебірлі қара топырақ сапасы төмен.
Жалпы қара топырақ аймағы облыста 45 мың км 2 көлемін алып жатыр. Бұл - территорияның жарты бөлігінің бірі.
Облыстың көп бөлігінде қара қоңыр топырақтардың түрлі кешендері таралған. Оңтүстік қара топырақтан қара қоңыр топыраққа көшу климаттық жағдайларға байланысты. Өсімдік жамылғысы молая түскенімен, олардың тамырлары шырмалып бекиді. Қара қоңыр топырақтың қара топырақтан ерекшелігі - гумустік қабат қалыңдығының және гумус құрамының аздығы.
Қостанай облысының орталық бөлігінің территориясы қара қоңыр топырақ зона бөлшегін толық қосады. Қара қоңыр топырақтың түрлі типтері өз құрылысы және түрлігіне байланысты кілемшелі бір-біріне ұқсай қоймайтын түрде таралған.
Қара қоңыр топырақтарда гумус құрамы 4-тен 1, 5% -ға дейін өзгереді. Олардың негізгі көлемі - 30 мың шаршы шақырым.
Ашық қара қоңыр топырақтар ауаның тым құрғақ жағдайларында қалыптасады. Мәселен, буланудың күшее түсуі не жауын-шашынның азая түсуі (180-200 мм жылына) . Олар (арагідік) өскен өсімдік астында дамиды, сондықтан қоңыр қара топырақтың гумустік қабат қалындығы аз (20-30) және гумус құрамы да аз (2, 5%) . Ылғал жетіспеушілігіне байланысты бұндай топырақты жерлерге жасанды суарусыз егіншілік егу мүмкін емес.
Егіншілік үшін кәдімгі қара қоңыр топырақтар өте жарамды бірақ олардың көлемі аз.
Облыстың оңтүстігінде шөл қоңыр топырағы ерекшеленеді. Олар Торғай мен Жыланшық өзен жерінде кебірлер және сортаң топырақтар көлемімен араласып жатыр.
Құрамды жерлерде топырақтың ылғалдануы көктем мен күз мезгілімен соңында жүзеге асады. Жазда топырақ құрғап қалады. Сондықтан өсімдік атауы топыраққа гумустың жиналуына аз материал енгізеді. Сол себептен қоңыр топырақтарда шым болмайды, тек жоғарғы бетінде гумыстық жанды қабаты пайда болады. Бұндай топырақтарда гумус өте аз болады.
Топырақ сапасы жағынан Қостанай облысының басым бөлігі егіншілік шаруашылығына жарамды.
Қостанай облыс аймағында өсімдік атаулының таралуы топырақтың таралуына сәйкес келеді. Топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстігінде жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек аралас Қайынды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайынды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі - селеулі шөптер өседі. Даланың солтүстік бөлігінде қайыңды ормандар бейім. Сондықтан да даланың бұл бөлігін «орманды» дала деп те атайды. Орманды дала аймағының тегістік - қырат кеңістіктерінде ормандар үлкен орын алады, ал дала аймағында қайыңды және көктерек талы, мойыл, итмұрын, бидайық, тасбүлдірген сияқты өсімдіктер бұл жерлерде кездеседі. Орман ішінде емдік қиасеттері бар дала бүлдіргені, қарақат, таңқұрай, итмұрын, дәрі өсімдіктерден - шілтер жапырақты шайқұрай, мыңжапырақ, үш тармақты итошаған, дәрілік түймедақ секілді көптеген өсімдіктер де өседі. Орманда жеуге жарамды саңырауқұлақтардың отызға жуық түрлері де бар.
Орман өсімдіктерінің негізгі қызметі - қорғау, санитарлы-гигиеналық функцияларын орындайды және олар ағаш өнімдерін алу көзі болып табылады. Жайылым, шөп өнімдерінің және ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы шығуына орманның әсері мол.
Орман аралықтарында жайылым жерлер көп. Қазіргі кезде бұндай жерлер жыртылған. Олардың шығымдылығы 10-20 ц/га дейін жетеді.
Облыста көп кездесетін көл ойпаттарында қамыс, қоға, көктабан өсімдіктері жақсы дамыған. Тұщы және тұзы шамалы су қоймаларында су астында және су бетінде еркін жүзетін өсімдіктер кездеседі.
Даланың керемет өсімдігі - бірнеше түрі кездесетін ақселеу. Бұл - дала жағдайларына жақсы бейімделген өсімдік. Жұқа жапырақтары қатты жел тұрғанда жерге қарай төмен түседі, алайда сынайды. Оның қалың бұтасы басқа өсімдіктің өсуіне кедергі жасайды, көп тамырлары жерден алғал тарта алады, ал жапырақтары жылдың ыстық кезінде ол ылғалды сақтай біледі.
Дала аймағының сілтісізденген құмды топырақ жерлерінде қарағайлы ормандар бар. Олар - Әулиекөл ауданының Арарқарағай және Аманқарағай, Науырзым ауданының наурызқарағай жерлерінде өседі. Даладағы қарағай ормандар сирек кездесетін құбылыс. Арақарағай мен Аманқарағай ормандарының ағаш астында құрғақ шөп жамылғысы бар: дұғаш, қылқан селеу, салаубас т. б., ал Науырзым орманында мұндай шөп жамылғысы жоқ.
Науырзым қорығының құрамына енетін Бітағаш Жапырақты орман бар. Ол қайын, тал, итмұрын т. б. ағаштарымен бай. Оңтүстік кебірлі қаратопырақты жерлерде жусан, ақселеу өсімдіктері кең тараған.
Даланың құрғақ қара қоңыр топырақты жерлерінде ксерофитті сабалақ төскейшөп, түймедақ мыңжапырағы, дүңгейшөп тәрізді өсімдіктер кездеседі. Көктем мезгілінде эфемерлер мен эфемероидтер - жуашықты қоңырбас, қызғалдақтар өседі. Дала шөптерінің осы аймақтағы шығымдылығы 3-4 ц/га болады.
Көктем кезінде дала түрлі шөптерге бай болады. Алғашқы болып қар кеткен жақта ирис, сонан соң сары қызғалдақтар, жасыл шөп арасынан алқызыл қызғалдақтар шығады. Бірақ бір айдан соң ақселеу шыға бастайды да басқа өсімдіктерді жауып тастайды. Сондықтан олар көзге көрінбейді.
Облыстың шөлейт аймақтары жусанды, шымды, астық тұқымдыс далаға айналған. Дала аймағының өсімдіктерімен салыстырғанда, шөлейт аймағы да өсімдік атаулысы сирек кездеседі. Тек құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер ғана өседі.
Торғай өзенінің шөлейт учаскелерінде жусанды өсімдік комплекстері бар. Облыстың бұл аудандары жайылымға жақсы жерлер болып табылады. Шөлейт аймақта өсімдіктің маусымдық шығуы байқалды. Көктем мен жаздың бас кезінде топырақта ылғал жеткіліті болған жақта өсімдіктер тез жетіледі, ал жаздың екінші жартысында олар кеуіп қалады.
Күздің жауынды жақтарында өсімдіктер қайта тіріліп, салқын түскенге дейін биомасса жинайды.
Шөлейттің қоңыр топырақты жерлерде жусан, көкпек өсімдіктері жақсы шығады. Бұл аймақта жайылымды жерлер аз.
Өсімдік жамылғысына адамдардың шаруашылық әрекеті әсер етеді. Орманды дала және дала аймақтарында табиғи өсімдіктердің бағалы қара топырақты жерлері тек шамалы көлемді жерде ғана қалды. Мысалы, облыстың солтүстігінде түрлі шөпке бай қызыл селеу орындарында ауыл шаруашылық жерлері мен қайыңды, көктерек - қайынды ормандар орналасқан.
Тың жерлерді игеруге дейін қара топырақ дала аймақтарында түрлі шөпті және қызыл селеулі дала болған еді, қазіргі кезде бұл аймақтар облыстың жыртуға арналған жерлері болып табылады.
Қостанай облысында көптеген емдік өсімдіктер кездеседі, атап айтсақ: жалаң мия, дала қырық буыны, қара мендуана, долана, жұмыршақ, тегеурінгүл, биік андыз, ащы жусан, шілтер жапырақты шайқурай, дәрілік жалбызтікен, адыраспан, қалақай, шәлпи.
Илік өсімдіктер: гмелин кермегі, татар рауғашы.
Техникалық өсімдіктер: кәдімгі қамыс, сабын тамыр.
Талшықты өсімдіктер: арам кенешөп, кендір, кенешөп қалақай, жылтыр ши.
Азық өсімдіктері: қожақат, құлмақ, қарақат, қойбүлдірген, бүлдірген, таңқурай, қымыздық.
Витаминді өсімдіктер: тікенді итмұрын, қоңыр итмұрын.
1. 2 Жан-жануарлары
Кең байтақ Қостанай облысының территориясын әртүрлі табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болған қызықты да өзіндік ерекшелігі бар жануарлар дүниесі мекендеген. Бұл өлкені мұз басу дәуірінен кейін жерсінген ақ қоян, кекілік сияқты орманды өлкенің жануарлары сонымен қатар фаунаның басқа да элементтері мекендейді.
Торғай қақпасы арқылы құстардың оңтүстіказиялық, алдыңғыазиялық, африкалық, оңтүстікеуропалық қыстау аймақтарынан тундра, тайга, арктикалық шөлге бағытталған миграциялық жол өтеді. Осы оқиғалардың барлығы облыс жануарлар әлемін байытып маусымдық өзгерістер енгізеді. Облыстағы фаунаның ерекшелігіне түрлердің және топтардың зоналық, географиялық бөлінуі бұл аймақтардағы топрақ пен өсімдіктер дүниесіне байланысты. Бірақ адамдардың табиғи ортаны атап айтқанда қара топырақты, далалы аймақты пайдалануы фаунаға әсерін тигізуде. Адам шаруашылығының әсерінен суырлардың саны кеміп, кейбір көлдерде ондатралар жойылып, ал қырықауылдар мүлдем жойылып кетті. Тың жерлерді игергенге дейін суырлардың саны әр гектарына 10-15 аңнан келетін, әсіресе киік, қабан, бұлан, елік сияқты жануарлардың саны кеміді.
Облыстың солтүстік шеткі аймағында, орманды далада жануарлар әлемінің ерекшелігі анық байқалады. Оған жалпақ жапырақты ормандар мен көлдердің, батпақтар мен далалардың кезектесіп орналасуы әсер етеді. Батпақы ойпан жерлерде адам көзіне түсе бермейтін су егеуқұйрығы мен нағыз дала жануары үлкен қосаяқ қатар мекендейді.
Дала жануарлары суыр мен аламан қайыңды тоғайларда ін қазса, ақ қояндар далада жайылады. Орманда да, далада да кәдімгі кірпіні кездестіруге болады. Көктем уақытында бұл жерлерде кекілік пен құрдың дыбыстарын, қаздар мен үйректердің үнін, безгелдектің әні естіліп тұрады. Әртүрлі шөп өскен далалы аймақтарда суыр, дала тышқаны, сұртышқан сияқты кемірушілермен қатар әртүрлі жәндіктер, негізінен өсімдік қоректі жануарлар дүниесі мекендейді. Құстар әлемінің негізін құрлар, бозторғайлар, безгелдектер т. б. дала өлкесінің құстары құрайды. Олар негізінен аралас тағаммен қоректенеді. Жәндіктер мен кемірушілердің көп болуы далалы аймақтарда түлкі, қасқыр, ителгі, лашым, үкі, қарсақ сияқты ет қоректі жануарлардың мекендеуіне жағдай жасалған. Төбелі негізінен құрғақ болып келетін дала аймақтарында саны аз болса да аламан, сұртышқан, қосаяқ т. б. дала жануарлары мекендеген. Жорғалаушылар далада аз кездеседі, тек ашық жерлерде дала кесірткесін кездестіруге болады. Далалы аймақтарда кездесетін қайың шоқтары үлкен көлемді алып жатса да біртұтас орман фаунасын құрайды. Нағыз дала аңдары болып есептелетін қасқыр, қоян, тұяқты жануарлар қыста орманды паналайды. Қазіргі уақытта орманды ақ қоян, сұрқоян кейде елік пен бұланды кездестіруге болады.
Шағын сүтқоректілерден орманды шағын көртышқан, сұртышқан, саршұнақ және т. б. кемірушілер мекендеген. Құстар дүниесін негізінен ағаштарда ұя салатын қырыққұтан, лашын, дубровник сияқты құстардан тұрады. Тоғайларды негізінен нағыз орман құстары: тоқылдақ, ақторғай, ителгі мекендейді. Бірақ бұл құстардың саны аз. Оңтүстік аймақтарда жануарлар дүниесі біртекті болып келеді. Олар ашық жерде өмір сүруге бейімделген. Солтүстік аймақтағы дала зонасына жануарлар дүниесі орманды дала жануарлар дүниесінен көп айырмашылық жоқ. Оңтүстікке қарай бетегелі, селеулі далада өмір сүруге бейімделген нағыз дала жануарларының иеліктері басталады. Бұл жерлерде аламан, суыр, зорман, қосаяқ, сұртышқан, қырықауыл, безгелдек сияқты жануарлары көп кездеседі.
Даланың солтүстік бөлігінде батпақ үкісінің, бозторғайдыңсонымен қатар бірқатар жыртқыш құстардың саны көп. Оңтүстікке қарай бұлардың саны азая түседі. Керісінше құрғақшылыққа бейімделген кемірушілердің саны артады. Бұл аймақтарда суырлар мен сұртышқандардың мекендейтін алқаптары кең. Сонымен қатар тышқанмен қоректенетін құстар - қырғи, қарақұс, бүркіт сандары арта түседі. Бұл жерлерде дала түлкілері, қарсақтар да көп кездеседі. Даланың оңтүстік жағында Қазақстанда сирек кездесетін кемірушілердің бірі - дала қояны тарбаған мекендейді. Бұл жерлердің шөбі аласа болғанмен кемірушілер саны арта түседі. Сонымен қатар жаз мезгілінде пайда болып, қыста Орта Азия жерлеріне ауып кететін киік табындары кездеседі.
Облыс территориясының оңтүтік бөлігінде дала зонасының шөлейтке ауысатын жерінде өсімдіктер дүниесінің өзгеруіне байланысты жануарлар дүниесі де өзгереді. Бұл шөп қоректілермен қатар өсімдік тамырларымен қоректенетін жануарлар мекендейді. Жусанды шөлейт аймақтарын суыр, қосаяқ, тарбаған, аламан, саршұнақ сияқты кемірушілермен қатар қарсақ, күзен сияқты жыртқыштар да мекендейді. Сұртышқандар мекендеген төбелер бұл даланың негізгі көрінісі.
1. 3 Қызбел жері
Қызбел жері Қазақстанның солтүстік -батысындағы Торғай ойпатынан 200 м төмен жатыр. Қызбел ауылының бойындағы Қоңыраулы өзені тасыған кезде су аумағы жайылып кетеді. Сондықтан бұл өлке балық пен жабайы құсқа өте бай. Қызбел өзені шежірелі Ұлытау жерінен бастау шығатын Дәмді, Мойылды, Сарыөзендерден басталады. Бұл өлкенің табиғаты әсем. Қызбел ауылын бойлай Қызбелтау, Текетау орналасқан. Қызбел тауының орташа биіктігі -212м.
Қызбел өңірі Шолақ Қарасу мен Шамай түбектерінен бастау алатын Жота, Қойтас, Садық көңі, Мамыт деген жерден басталған. Сол жерлерден Қызбелге қарай шықсан жол орталығы 20шақырым жерде Қараша төбе, содан 15 шақырымда Жосалы, Аққұдық, Смайыл мешіті, Талдықұдық, Амантай бұлағы, Тоңқайма бұлақтарымен Қызбелдің үсті жалғаса береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz