Республикамыздың орман қоры мен оның жағдайына сипаттама
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
2.1Республикамыздың орман қоры мен оның жағдайына сипаттама
5
2.2Ақмола обысының мемлекеттік орман қоры 16
2.3Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық
жауапкершіліктің түрлері 21
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Адам баласы тіршілігінің алғашқы күнінен бастап-ақ өзін қоршаған
ортамен тікелей катынас орнатты. Ол кездегі адам әрекеті мен табиғатты
пайдалануы қазіргі жабайы хайуандардың табиғатпен қарым-қатынасынан
аспайтын.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Табиғат туындылары бір-бірімен тығыз
байланысты, тәуелді етіп жаралған. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді
байланыста жүргенде ғана табиғат заңы бұзылмайды. Табиғат тепе-теңдігі
дегеніміз осы. Адам мен табиғат бір-бірімен біте қайнасып жатыр, оларды
бөліп қарау мүмкін емес.
Адам - табиғаттың туындысы. Ол тіршілік процесінде табиғатқа ықпал
етіп, өзгеріс енгізеді. Ф. Энгельстің сөзімен айтсақ: жан-жануар табиғатты
сырттай, тіршілігі үшін ғана пайдаланады, ал адам баласы табиғатты өзгерту
арқылы өз мақсатына пайдаланады, оған билігін жүргізеді. Жан-жануарға
қарағанда адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті артық болғандықтан қимылы
биологиялық шеңберден шығып, табиғи байлыққа қажеттілігі артты. Адам табиғи
қорды тағам, құрылыс материалы, демалыс орны, шаруашылық үшін игеру
мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғатқа әсерін тигізіп, даму ырғағына
әсер етпей қоймайды.
Қоғамның дамуындағы әр формация табиғатқа әртүрлі деңгейде әсер етті.
Алғашқы қоғамдағы адамдар табиғатты тек қана физиологиялық қажеттерін өтеу
үшін ғана пайдаланды. Олар негізінен тіршілігін сақтау үшін өсімдік жемісін
жинау, балық және аң аулаумен ғана айналысты. Ол кездегі адамның табиғатқа
ықпалы онша байқалмайтын. Адамның азғантай әсері табиғатқа айтарлықтай
нұқсан келтірмейтін, табиғаттың даму ырғағы ауытқымай жалғаса беретін.
Бертін келе малды қолға үйрете бастады. Бұл енді табиғатқа әсерін тигізді.
Жайылымдарда мал табындарының топтасуы жабайы аңдарды қоныс аударуға мәжбүр
етті.
Жалпы адам баласының табиғатқа жасаған өзгерісінің луқымдылығы табиғат
тепе-теңдігінің кері ауытқуына және өндіріс күштерінің әрі қарай дамуына
кедергі жасау қаупін туғызып отыр.
Көп уақыт бойы адам табиғат байлықтарын таусылмайтын пайда көзі деп
түсініп келді. Алайда адам қимылының табиғатқа кері әсері байқалып, кейбір
пайдалы заттар таусыла бастаған соң, енді оны тиімді пайдалану қажеттілігі
туды.
Көп уақыт табиғат қорғау проблемасы практикалық шаралар арқылы
шешілетін мәселе ретінде қарастырылды. Алайда қазіргі қоғамның және
техникалық прогрестің дамуы, осыған байланысты табиғатты пайдалану
көлемінің кеңеюі практикалық шараға қосымша ауқымды, арнайы және терең
ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін көрсетті. Қазіргі кезде табиғат
қорғау мәселесін зерттеуге арналған ғылымдар жиынтығының (комплексті)
қалыптасу процесі жүріп жатыр. Мұны әзірше Табиғат қорғау ғылымы деп
атауға болады.
Қазіргі заманда табиғат қорғау әлеуметтік және экономикалық проблемаға
айналды. Адам тіршілігінің қауіпсіздігі осы проблемалардың дұрыс шешілуіне
байланысты. Күн сайын табиғи байлықтың азаюы, ауа райының ластануы бұл
проблеманың адам пайдасына шешілуін тежеп шиеленістіре түседі, өндіріс
күштерінің дамуына кедергі жасайды. Жер бетінде адам санының көбеюі де
алаңдатады. Атмосферада көмір қышқыл газының көбеюі, радиацияның артуы,
өсімдік жамылғысы көлемінің кемуі сияқты биосферадағы ауқымды өзгерістер
табиғат қорғаудың әлгі айтқандай проблемаларының адам пайдасына шешілуінің
мәнін арттыра түседі. Бұл проблема кері шешілген жағдайда адам баласының
жер бетіндегі тіртілігіне қауіп төнуі де мүмкін.
Қазіргі ғылым мен техниканың күшті дамыған кезінде адамдардың табиғатта
жүріп жатқан процестерге ықпалы арта түсті. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау
адам баласының алдында тұрған зор проблемаға айналып отыр. Енді бұл
проблеманы шешу жер шарындағы барлық халықтың жаппай атсалысуын талап
ететін жағдайға жетті.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы орман қорының экономикалық-
географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені
қалыптастыруды зерттеу.
Осы мақсатты жүзеге асыруда белгіленген міндеттер:
- Республикамыздың табиғат ресурстарын, оның ішінде орман қорларын,
экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды
анықтап, нақтылау;
- Қазақстан Республикасындағы орман қорларынның бүгінгі жағдайын талдау;
- Аудан бойынша орман қорларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан
Республикасының, Ақмола облысының орман қоры алынған.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімінен тұрады.
Негізгі бөлім
2.1 Республикамыздың орман қоры мен оның жағдайына сипаттама
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат
баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен
бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9%
осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп
шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан -
2030 стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті
орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан
болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды.
Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан,
Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500
іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен
оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін
әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су
ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман шаруашылығының мәліметі
бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды
күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі
өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық
бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман
қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман
аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды.
Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер
асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы
нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз
бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса
бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп
тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек
кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара
ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы
ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы
өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу
процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және
кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының
құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды
жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге
болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр.
Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған
орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық
ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік
қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек
күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана
жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді
пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары,
Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-
қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен
сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды
жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес
анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс
Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл
жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда
оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5
миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне
барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар
болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде,
Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты
ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады.
Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан
тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша
Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен
1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 %
жеткізу жобаланған.
Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс
облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.
Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман
белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға
арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі
табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын
шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан
негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық
шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.
Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық,
құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман
отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес –
жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология
заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды
өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық
зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық
тұрғыдан қарау керек.
Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір
көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды
ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге
өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он
адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір
автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын
оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын
әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп
шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып
отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры
адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.
Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру
жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары
қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы
барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем
алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының
ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен
жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.
Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі
жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып
жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан
жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап
отыр деген сұрақ туады.
Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты
ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл
адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан
орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі,
орманы қызыл тажалдың құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы
көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер
етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету
қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы
жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда
ең соңғы орындардың бірін алады.
Қазақстанда орман жердің 26,2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде
ағашты алқап – 12,4 млн. га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш
дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге
болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады.
Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары
негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
1 кесте. Республиканың орман алқабы туралы мәлімет.
Облыстар Облыс Орман Орман Орман
ауданы, мыңқорының жамылғысының жамылғысы
км2 ауданы, мыңауданы, млн м3 %
га
Ақмола 146,9 905,7 379,2 2,6
Ақтөбе 300,6 199,6 47,7 0,2
Алматы 224,2 4837,6 1835,8 8,2
Атырау 118,6 52,7 16,4 0,1
Шығыс Қазақстан 283,3 3631,0 1766,1 6,2
Жамбыл 144,3 4188,4 2305,6 16,0
Батыс Қазақстан 151,3 212,5 101,0 0,7
Қарағанды 428,0 275,5 103,9 0,2
Қызылорда 226,0 66,02 3069,7 13,6
Қостанай 196,0 539,0 227,8 1,2
Маңғыстау 165,6 465,7 112,7 0,7
Павлодар 124,8 500,4 312,4 2,5
Солтүстік Қазақстан 98,0 684,5 539,5 5,5
Оңтүстік Қазақстан 117,5 3120,7 1609,8 13,7
Республика 2724,9 26216,4 12427,8 4,6
бойынша
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан
қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл
шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей
міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын
толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор.
Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға
қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын
жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы,
үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры
ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру,
қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ
қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы
климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны
оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де
қалың орман.
Қазір жалпы республика аумағының 4,6 %-ын орман алқаптары алып жатыр.
Оларда 384 млн. м3 ағаш қоры шоғырланған. Орман шаруашылығын негізінен,
сапасы төмен ағаштар мен ағаш қалдықтары, тағамдық жабайы жеміс-жидектер
мен саңырауқұлақтарды жинау және ертеректе ағаш өнімдерін өндіру мақсатында
жаппай ұйымдастырылған шағын цехтар құраған. Төлем қабілеті төмендеген
кәсіпорындар көбейіп, көлікпен тасымалдау, электр қуаты және басқа да
шығындарды өтей алмай тығырыққа тірелген шаруашылық жаңа ғана нарық
талабына бейімделіп келеді.
2 кесте. Негізгі ормантүзуші ағаш түрлерінің орташа қоры.
Ағаш түрлері Ауданы, мың га Қоры, млн м3 Орташа қоры,
м3га
Қарағай 831,8 97,45 117,2
Шырша 185,0 33,47 180,9
Май қарағай 400,1 58,64 146,6
Бал қарағай 176,3 29,80 169,0
Самырсын 44,7 9,01 201,6
Ағаш тәріздес арша 12,9 0,22 17,1
Қайың 921,6 85,05 92,3
Ырғай 322,3 30,09 93,4
Қандыағаш 2,2 0,25 113,6
Терек 79,2 9,20 116,2
Емен 2,6 0,32 123,1
Шетен ағашы 6,4 0,36 56,3
Үйеңкі 9,3 0,26 28,0
Боз тал 82,0 2,19 26,7
Ақ сексеуіл 2007,6 4,85 2,4
Қара сексеуіл 4129,3 10,29 2,5
Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясында ғылымға да, адамға да, өндіріс
үшін де қажетті орман массивтері бар. Олар өзіне тән қасиеттерімен,
құндылықтарымен, қалыптасуымен, рекреациялық және басқа қызметтерімен
ерекшеленеді. Кейбір орман түрлері мен аңдар (эндемикалық) табиғи
қалыптасқан жерлерде ғана өсіп өнеді. Табиғаттың інжу-маржандарының ішінде
Нурызым, Аман-Қарағай, Бурабай, Қарқаралы, Баянауыл, Марқакөл, Шарын
шетені, Жабағылы т.б. ерекше сұлулығымен белгілі.
Қазақстан жерінде әртүрлі топырақ жамылғысына, жер бедеріне т.б.
ерекшеліктеріне қарай ағаштың 68 түрі, бұтаның 266 түрі, шөптің 2598 түрі
өседі екен. Ағаштың негізгі түрлері: қылқан жапырақты – қарағай, шырша,
самырсын, балқарағай; жұмсақ жапырақты – қайың, терек, тал, көк терек;
бұталар - арша, итмұрын, тобылғы және құмды жерде өсетін жүзгін, сексеуіл
т.б. Барлық бұта тәріздес өсімдіктер құм-топырақ ұстайтын, техникалық және
дәрілік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жалпы орман жамылғысының ішінде пайызға шаққанда қарағай – 9,4; самырсын
– 5,7; бал қарағай – 2,3; шырша – 1,8; сексеуіл – 52,2; қайың - 8,7; терек
– 3,4; бұталар – 12,2; қалғандары арша және басқа жеміс ағаштары. Сонымен
орман жамылғысының екіден үш бөлігін сексеуіл мен бұталар алып жатыр. Ал
ағаш қоры жағынан қылқан жапырақтылар 70 % құрайды.
Жазық жердегі ормандар
Қайыңды және көк теректі ормандар. Қайыңды және көк теректі ормандар
Қазақстанның орманды дала және дала зонасына тән. Олар Көкшетау-Моншақты
ұсақшоқысында немесе Көкшетау қыратында, Батыс Сібір ойпатының оңтүстігінде
кең тараған. Қайыңды және көк теректі ормандар Баян-Қарқаралы аласа
тауларында, сонымен қатар Торғай ойпатының әртүрлі аудандарында және Объ-
Ертіс өзенаралығы орман жалдарының төменгі жағында бар. Қайың және көк
терек орман алқаптарын Орталық және Солтүстік Қазақстанның әр жерінде
орналасқан көлдер маңынан, үлкен және кіші өзен аңғарларынан кездестіруге
болады.
Қазақстанда табиғи-климат жағдайларына байланысты және антропогендік
факторлардың әсеріне байланысты қайыңды ормандар әртүрлі орналасқан.
Қайыңды ормандар Солтүстік Қазақстанның негізгі жергілікті орман түрі болып
саналатын осы аумақтың едәуір көлемін алып жатыр. Қайыңдар үш топқа –
иілгіш қайыңдар, жұмсақ (мамық) қайыңдар және ұсақ жапырақты қайыңдар болып
бөлінеді.
ҚАЙЫҢДАР ӨЗДЕРІНЕ ТӘН ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘРТҮРЛІ ТОПЫРАҚТА ЖӘНЕ
ӘРТҮРЛІ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА КЕҢ АУҚЫМДА ӨСЕ БЕРЕДІ. ЖҰМСАҚ ҚАЙЫҢДАР
СОЛТҮСТІК ШЕКАРАЛАРДА БАТПАҚТЫ ЖӘНЕ ШЫМТЕЗЕКТІ (ТОРФТЫ) КӨЛДЕРДІҢ
ЖАҒАЛАУЛАРЫНДА ИІЛГІШ ҚАЙЫҢДАРМЕН АРАЛАСА КЕЗДЕСЕДІ. ИІЛГІШ ҚАЙЫҢДАР КҮЙ
ТАҢДАМАЙДЫ, КӨП ЖЕРЛЕРДЕ ТАРАҒАН.
Ақмола облысы Көкшетау өңірінің, Солтүстік Қазақстан облысындағы
қайыңдардың орташа жасы 45 жыл, ал Қостанай облысы қайыңдарының орташа жасы
35 жыл. Айта кететін жағдай осы айтылған аймақтардағы қайыңдар едәуір
мөлшерде ескіруде (қартаюда). Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында және
Көкшетауда қайыңдардың жасы соңғы жылдары 6 жылға өсті. Қайыңдардың ең көп
тараған облыстары – Қостанай және Солтүстік Қазақстан, ал аз тарағаны –
Көкшетау, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі.
ҚАЙЫҢДЫ ЖӘНЕ КӨК ТЕРЕКТІ ОРМАНДАР АУДАНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҮНЕМІ БІРҚАЛЫПТЫ
ӨСУДЕ. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙЫҢДЫ ОРМАНДАР 01.01.1956 Ж. 611,3 МЫҢ ГА ЖЕРДІ
ҚАМТЫСА, АЛ 1993 Ж. 208,3 МЫҢ ГА ӨСТІ. СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДА
ҚАЙЫҢДАР 01.01.1993 Ж. 684,1 МЫҢ ГА ЖЕРДІ ҚАМТЫДЫ НЕМЕСЕ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША
ҚАЙЫҢДЫ ОРМАНДАРДЫҢ 77,2 %-Ы, АЛ 2003 Ж. 921,6 МЫҢ ГА ӨСКЕН. КӨК ТЕРЕКТІ
ОРМАНДАР 322,3 МЫҢ ГА НЕМЕСЕ 40,7 %.
ОРМАН ҚОРЫН ЕСЕПТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША ПІСКЕН ЖӘНЕ ПІСІП ТҰРЫП ҚАЛҒАН
ҚАЙЫҢДАР 13,5 % ҚҰРАДЫ. ҚОСТАНАЙ ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫНДА 5 %-ҒА КЕМ,
ҚАРАҒАНДЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСТАРЫНДА 15 % КЕМ БОЛАДЫ.
ТЕК ҚАНА КӨКШЕТАУДА ПІСКЕН ЖӘНЕ ПІСІП ТҰРЫП ҚАЛҒАН ҚАЙЫҢДАР АЛҚАБЫ 22 %
ҚҰРАДЫ.
ОСЫ ЕСЕП БОЙЫНША ПІСКЕН ЖӘНЕ ПІСІП ТҰРЫП ҚАЛҒАН КӨК ТЕРЕКТЕР БАРЫ-ЖОҒЫ
15,2 МЫҢ ГА НЕМЕСЕ 12,6 %-Ы ҚҰРАДЫ. ОЛАРДЫҢ 20 %-ДАН АСТАМЫ ТЕК ҚАНА АҚМОЛА
ОБЛЫСЫ КӨКШЕТАУ ӨҢІРІНЕ ЖӘНЕ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТАРЫНА ТИЕСІЛІ БОЛДЫ.
1993 Ж. АЛТЫ ОБЛЫС БОЙЫНША ҚАЙЫҢНЫҢ КӨЛЕМІ 20,4 МЫҢ ГА ӨССЕ, ПІСКЕН
АЛҚАПТАРДЫҢ САНЫ 2 ЕСЕГЕ КЕМІДІ. КЕРІСІНШЕ, КӨК ТЕРЕКТІҢ КӨЛЕМІ 11,2 МЫҢ ГА
КЕМІДІ. СОНЫҢ ЕСЕБІНЕН ПІСКЕН ЖӘНЕ ПІСІП ТҰРЫП ҚАЛҒАН ОРМАН АЛҚАПТАРЫ 23,3
% ҚҰРАДЫ.
3 КЕСТЕ. СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК ОБЛЫСТАРЫ БОЙЫНША
ҚАЙЫҢДЫ ЖӘНЕ КӨК ТЕРЕКТЕР ОРМАН АУДАНДАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ (ЖЕРДІҢ ОРМАН
ЖАМЫЛҒЫСЫ, МЫҢ ГА)
Облыстар Қайыңдар Көк теректер Қайыңдар мен Көк
теректер
Бар-лыОның ішінде Бар-лыОның ішінде Бар-лығОның ішінде
ғы піскендері ғы піскендері ы піскендері
және пісіп және пісіп және пісіп
тұрып тұрып тұрып
қалғандары қалғандары қалғандары
Қарағанды 13,9 0,6 9,8 2,8 23,7 3,4
Ақмола 218,8 15,8 41,1 10,8 259,9 26,6
Қостанай 104,3 10,0 21,9 3,3 126,2 13,3
Павлодар 37,7 1,5 9,6 4,0 47,3 5,5
Солтүстік 329,6 23,4 27,0 4,6 356,6 28,0
Қазақстан
Барлығы 704,3 51,3 109,4 25,5 813,7 76,8
% 100 7,3 100 23,3 100 9,4
Жалпы қайыңды және көк теректер ормандар, әсіресе ауылшаруашылығы
мақсатындағы ормандар – орманды қорғау және күзету шараларын қажет етіп-ақ
тұр.
Қарағайлы орман. Еуразияның әртүрлі климаттық және топырақ жағдайларында
қарағайлар – орман түзуші бірден-бір тұқым (порода) ретінде маңызды рөл
атқарады.
Торғай және Ертісмаңы орман жалдарындағы Наурызым қорығындағы орман
түрлерінің топтары ылғалды, өте құрғақ, құрғақ және жас қарағайлы жалды
болуымен ерекшеленеді. Өте құрғақ қарағайлар биік дөңдердің шыңдарында орын
алған. Топырағы құмды. Қарағайлы ормандар Қазақстанның орман қорында 831,8
мың га құрады. Олардың 62 % жоғарысы Объ-Ертіс өзенаралық орман жалдарында,
30 %-ға жуығы Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында, 8 %-ға жуығы Қостанай
облысының орман жалдарында кездеседі. Ақтөбе, Алматы, Қарағанды Сотүстік
Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 1966-1993 жж. отырғызылған
қарағай егіндері бар. Республикада қарағайдың көлемі орман өсіру іс-
шараларының арқасында 327,8 мың га өсті.
Қарағайлы орман қорының өсу құрылымы да әртүрлі. Мысалы, Орталық
Қазақстан (Ақмола, Қарағанды облыстары) ұсақшоқысының қарағайлары 223,4 мың
га аумақты алып жатса, оның – 35 %-ы жас ағаштар, 40,5 %-ы – орта жастағы
қарағайлар, 18 %-ы – пісіп кеткендері, тек қана 6,5 %-ы ғана – піскен және
пісіп тұрып қалғандары. Көкшетауда піскен қарағайлардың 4,0 % ғана қалды,
ал Ақмолада бұл көрсеткіш сәл ғана жоғары – 6,1 %. Соңғы жылдары жаппай
құрғап, кеуіп жатқан Торғай жалдарының (Қостанай облысы) жасанды жолмен
пайда болған жас қарағайлары 77 %-ды құраса, піскен ағаш егістері 7,6 %.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірінің қарағайлы орман жалдары
508,1 мың га, оның 70 %-ы жас және орта жастағы ағаштар, оның 12 %-ы піскен
және пісіп тұрып қалған ағаш егістері.
4 кесте. Қарағай егістерінің өсу тобына қарай таралуы (орман жамылғысы
жерлері)
Облыстар Ауданы, мың га Қоры, млнм3
Жастары Орта Пісіп Піскен Жиын-тБар-лығОның
жаста- кеткен-джәне пісіпығы ы ішінде
ғылары ері тұрып пісіп
қалған-дар тұрып
ы қалғандар
ы
Ақмола 77,9 75,5 31,1 9,8 169,3 26,85 1,68
Қарағанды 1,1 13,5 7,7 4,8 5,6 3,12 0,40
Қостанай 56,3 6,1 4,8 5,5 72,7 6,87 1,11
Павлодар 72,0 83,5 26,6 14,3 196,4 21,75 2,00
Шығыс 148,9 121,2 83,4 59,4 412,9 41,36 6,83
Қазақстан
Барлығы 356,2 299,8 155,6 93,6 905,4 99,95 12,02
% 39,3 33,1 17,2 10,4 100 100 12,0
Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан және Ертіс
маңының пайдалануға жарамды қарағайлар қоры 745,5 мың га, піскен және пісіп
тұрып қалған ағаш егіндер үлесі 4,7 %, белгіленген мөлшерден 3 есе төмен.
Жалпы республикада жас ағаштардың жоғарғы үлесі – 39 % және орта жастағы
ағаш өскіндері –34 %, керісінше, піскен қарағай ағаштарының мөлшері 10 %.
Жайылмалы ормандар. Жайылмалы ормандар орманды қайта қалпына келтіру іс-
шараларын өткізгенде және өңдегенде күрделі нысан болып табылады. Бұл
жағдай өзен жайылмаларындағы тасыған су тасқындарының, судың химиялық
құрамына, топырақтың тұздануына әсер етуіне байланысты.
Орман шаруашылығын аудандастыру бойынша Қазақстан аумағында жайылмалы
ормандар үш ауданға бөлінеді: Орал өзені және оның салаларындағы (Ақтөбе
және Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөлігі) далалы және шөлейт
зоналарындағы жайылмалы ормандар Орал және Ахтуба дельтасының (Батыс
Қазақстан облысының оңтүстік бөлігі және Атырау облысы) шөлді зоналарындағы
жайылымды ормандар, Ертіс өзені (Павлодар облысы және Шығыс Қазақстан
облысының Семей өңірі) жайылымды ормандарын қосқанда.
Республиканың жайылымды ормандарының жартысынан көбі Орал аңғарында
созылып жатыр. Мұнда өсімдіктер Қазақстанның басқа өзендерінің
өсімдіктерінен ерекшеленіп тұрады. Ағаш тектес өсімдіктер мен бұталар өзен
арналарының орталық бөлігінде, ал төменгі бөлігінде талдардың әр түрі
–орыс, ақ және т.б. өседі.
Орал жайылмалары мен арналарының маңы едәуір орманды. Елек өзенінің
ортаңғы ағысы мен Орал қаласына дейін өсімдіктердің алуан түрі кездеседі.
Мұнда терек (ақ, қара және сұр), 2 мың га аса емен егіндері, тегіс шегіршін
бар. Жеке дара бөліктерінде ырғай, жөке ағашы, қандыағаштар, мойыл, қызыл
долана, әлсіз және сынғыш ит жүзім, қоңыр және тегіс жапырақты итмұрын,
қара қарақат, жидек және т.б. кең тараған.
Орал өзенінің төменгі ағысы, Оралдан бастап және төменірек Каспий маңы
ойпаты мен Каспий теңізіне қарай ағаштектес және бұталы өсімдіктер
біртіндеп азайып, кедейлене бастайды. Мұнда емендер тегіс шегіршіндерге
ауысады. Өзен ағысының төменгі жағында алдымен қара терек, сосын арна
жайылмасының жіңішке бөлігін боз талдар қамтиды. Қопаларда тамарикс,
жидектер өседі.
Орал жайылмасында негізгі орман құрушы және үлкен шаруашылықтық маңызға
ие, ол – ақ терек пен қара терек.
Қазақстанда боз талдарды, ақ және қара теректерді кесу 41-50 жылда,
Батыс Қазақстан облысының эрозияға қарсы ормандарында және жасыл орман
зонасында – 51-60 жылда, боз талдар Атырау облыстарында – 31-40 жылда жүріп
тұрады.
Ертіс жайылмалы орманы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының далалы
және жартылай шөлді зоналарында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылып
жатыр.
Ертіс маңы жайылмалы ормандарының жалпы ауданы 71 мың га-ға жуық, оның
орман жамылғысы – 37 %. Өзен арнасы жайылмаларының ормандарында – ақ тал,
ақ, қара терек және лавр жапырағы, иілгіш қайыңдар өседі. Орман
жамылғысының қалған дала зоналарында тал бұтақтарының әр түрі және
бұтақшалар кездеседі.
Сексеуіл ормандары. Сексеуіл ормандары (сексеуілдер) – ағаштар мен
бұталардан тұратын солтүстік жарты шардың аридті облыстарындағы сирек ағаш
егіндері (шөлді-ағашты, тоғай немесе қопа).
Бұл ормандардың негізгі түрлеріне – ақ сексеуіл, қара сексеуіл және
Зайсан өзені маңының – зайсандық сексеуілдері жатады.
Қазақстанда сексеуіл ормандары Солтүстік Арал маңынан республиканың
оңтүстік шекарасына дейін және батыста Каспий теңізінен шығыста Алтай
тауларына дейін тараған. Атап айтқанда, Балқаш маңы құмдары, Мойынқұм,
Қызылқұм, Арал маңы, Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық, Тауқұм және Жетісу
тау алды құмдары кіреді.
Қазақстанда сексеуіл ормандарының көлемі мемлекеттік орман қорын есепке
алу мәліметтері бойынша 4,995 млн. га немесе республикадағы барлық орман
жамылғысы жерінің 46 %-ы. Сексеуіл ормандары облыстар бойынша Алматы,
Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлді зоналарында барлық
орман жамылғысы жерлерінің 48,2 %-н құрайды. Осы ормандардың тек 16,2 мың
га ғана Арал маңы шөлінде (Маңғыстау) орналасқан.
Орман қорын есепке алу мәліметтері сексеуілді ормандардың көлемі жылдан
жылға өсіп келе жатқандығын көрсетеді, мысалы, 1966 ж. – 4,17 млн га болса,
бұл көрсеткіш 1993 ж. – 4,99 млн га өскен, ал 2002 ж. 15,14 млн га болды.
Оның ішінде қара сексеуілдер – 67 %, ал ақ сексеуілдер 33 %.
В.Н. Бирюков, В.П. Бобровниктің орманөсіру аудандары бойынша жер
бедерінің жағдайына қарай сексеуілдер түрін 12 топқа бөледі, оның ішінде 8
топ – қара сексеуілдер түрі, 3 топ – ақ сексеуілдер және 1-і аралас
сексеуілдер (зайсандық сексеуілдер бөлінбейді).
Қара сексеуілдер негізінен сазды жазықтағы жайылмалы террасаларда, тақыр
тәріздес топырақтардағы құмды жазықтарда, аласа дөңді құмдарда және құм
жоталарында кездеседі. Қара сексеуілдердің кейбір топтары Балқаш маңында
және Сарыесік-атырудың құмды жазықтарында кездеседі.
Қара сексеуілдер Мойынқұм құмдарының құмды еңісті дөңдерінің шыңдарында
және толық кескінделмеген қоңыр топырақты жазықтарында кездеседі. Аралас
сексеуілдер негізінен құмды еңісті дөңдердің төменгі бөліктерінде
кездеседі. Жусанды ақ сексеуілдер – құмды дөңдердің жоғарғы шыңдарында,
жүзгүнді ақ сексеуілдер – тау тізбектерінің жоғарғы және төменгі
бөліктерінде, шыңдарда, дөңдерде, барқандарда, шөптесінді ақ сексеуілдер
тау тізбектерінің және дөңдердің төменгі бөлігінде, сор және сотаңданған
топырақтарда, құмды шөлдерде кездеседі.
Сексеуілдер әдетте жүзгүн, жыңғыл, теріскен, кейде шеңгел,
астрогалдармен бірге кездеседі. Үстіртте және Солтүстік Арал маңының
солтүстік шекарасындағы қара сексеуілдер кез-келген экологиялық
жағдайларға, терең қабаттағы (20 м тереңдікте) грунт суларында да, қыстағы
өте қатты аяздарға да (-37оС) шыдайды.
Сексеуілдердің өсу қарқыны немесе көбеюі топырақтың әртүрлілігіне және
климат жағдайларына байланысты. Бастапқы (алғашқы) қалың отырғызылған ағаш
екпелеріне қарамастан жастарына қарай кесілген сексуілдер 1 га жерде 500-
700 түп ағаштан аспайды. Барлық жағдайда орман алқаптарындағы ағаш
егіндерінің жағдайлары нашарлағанда биік болып өсуі 26-28 жылда тоқтайды.
Тоғайлы ормандар. Тоғайлы ормандар немесе тоғай деп Орталық және Орта
Азия, сонымен қатар Қазақстанның шөлді аудандарының өзен жайылмаларындағы
орман өсімдіктерін айтады.
Қазақстанда тоғайлы ормандар республиканың оңтүстік бөлігіндегі
Сырдария, Іле, Шу, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері жайылмаларында
кездеседі. Бұл өзен жайылмаларындағы өсімдіктерді адамдар ерте кезден-ақ
жайылым сияқты егін шаруашылығында пайдаланған.
Бұрынғы тоғайлар шаруашылықта онша қажет емес, ну, қопалар болды. Ал
қазір олар мал жайылымдарынан кейін және кесіліп тасталғандықтан өте қатты
өзгерген. Өзен ағындарын реттеу салдарынан су жүйелері де кедейленген (Іле,
Сырдария).
Сырдария өзені жайылмасында туранга, жиде; шардара ауданында – тал;
қазалы ауданында – тал, жидек және т.б. өседі. Іле өзені жағалауын туранга,
шетен, жиде, тал; бақанас – жиде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz